Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы

Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа  ғылым салаларымен байланысы

Психология дегеніміз адамның  жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылымды айтады. Сонымен  қатар психологияға жануарлармен, адамдарды  салыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептемейді. Оның негізгі мсазмұны адамның психикалық процесінің қасиетінің, психикалық қалпының қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.және адамның психологиялық ерекшеліктерін, іс-әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді. Психология және оның ерте заманна келе жатқан ғылым. Дүниеге тұңғыш келген жері-* ертедегі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады. «псухе»- жан, «логос»- ілім деген сөз. Жан туралы ілім деген мағына береді. Бірақ біз психологияны жан туралы ілім демейміз, психика туралы ғылым дейміз. Өйткені психология адамның психологиялық процестерін, оның іс-әерекетінің даму заңдылықтары, іс-әрекеттің адамның психикасына тигізетін әсерін зертейді. Бұл ғылым белгілі бір принциптерге негізделе отырып бірнеше салаға тарамдалады. Сол принциптердің біреуі адамның іс-әрекеті. Екіншісі сол әрекеттің даму заңдылықтары, үшіншісі адамның өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы. Адамның нақты іс-әрекеттеріне негізделе отырып психология мынадай салаларға бөлінеді.

1. Еңбек психологиясы. Бұл салада  адамның еңбегі мен іс-әрекетінің  психологиялық ерекшелігін зерттейді.  Еңбек психологиясы өзіндік ерекшеліктерімен, сыр сипатына қарай бірнешще  тармақтарға бөлінеді. Бұлардың  әр қайсысы өз алдына инженерлік, авияциялық, космостық психология болып бөлінеді.

2. педагогикалық психология. Бұл   салада адамды оқытумен тәрбиелеу  мәселесі қарастырылады. Баланың  ойлау процесін дамытумен оқу  материалдарын тиянақты меңгеруін  жүйелі бақарып баланың ақыл-ойын  дағдыларын қалыптасу мәселллерііздестіріледі. Оқу тәрбие жұмысының жемісті болуына жол ашады. Педагогикалық психология оқыту және тәрбиелеу психологиясы деген тармақтардан тұрады. Оқыту психологиясы жалпы дидактиканың жеке пәндерді оқыту методикасының негізін басшылыққа алады. Тәрбие психологиясы жас ұрпаққа тәрбие беру негізін және ақыл ойы кем балаларды оқытып тәрбиелу мәселесімен шұғылданады. Тәрбие психологиясы тағы мұғалім псизологиясы деген тағы бір тармаққа бөлінеді. Педагогикалық психология оқытумен тәрбиелеу мәселесін қарастырады. Оқыту психологиясы баланың ойлау процесін дамыту мен оқу материалдарын тиянақты меңгеруін жүйелі түрде басқарып баланың ақыл-ойын джәне басқа дағдыларын қалыптастыру мәселесін іздестіреді. Оқу тәрбие жұмысының тиімді борлуына жол ашады. Оқыту психологися жалпы дидактиканың жеке пәндерді оқыту методикасының негізін басшылыққа алады.

3. Арнаулы психология мұның өзі  патопсихология,- олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология,  логопедия болып бөлінеді.

А) Патопсихология- адамның психикасының зақымдану салдарынан псиъхика әр түрлі күйзеліске ұшырайды. Соны бір жүйеге келтіріп оқытып тәрбиелеу мәселесімен шұғылданады.

Ә) олигофренопсихологиясы бала іштен  туған кезде психикасының ауытқуына  қарай өзгешеліктер болады. Осындай ауытқуларына қарай өзгешеліктеросындай ақыл ой тәрбиесімен шұғылданады.

Б) сурдопсихология есту мүшесі кеміс  балалардың саңыраулардың, мылқаулардың психологиясын бір жүйеге келтіріп оқыту тәрбиелу мәселесімен. Шұғылданады.

В) тифлопсихология- көзі нашар көретін, соқырлар, су қараңғылардың психологиясын зерттейді.

4. жас психологиясы. Бұл адамның  бүкіл тіршілігінің психикасымен  даралық, айырмашылығымен даму  заңдылықтарын зерттейді. Жас  психологиясының өзі мына салаларға  бөлінеді. Абалалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, геранто қарттар психологиясы.

Осы психологиялардың ішінде жалпы  психологияның алатын орны ерекше. Бұны сауда психологиясымен, медицина психологиясымен инженерлік психологиясымен  қатар қойып саластыруға болмайды. Жалпы психология кейде эксперименталды психология деп те аталады. Жалпы психология психикалық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын адамның дүние танымы мен практикалық іс-әреткін зертейді. Сол сияқты түсіну, қабылдау, ес, қиял, ойлау, мінез, қабілет, темпераментінің ерекшелітерін зерттейді. Және бұл барлық психологиялық салалармен бұтақтарының дамуының негзігі тірегі деп есептеледі. Сондай-ақ жалпы психология көптеген қоғамдық ғылымдармен саяси экономикамен, қоғамтану, тарих, өнер тану ғылымдарымен де байланысты Өйткені бұл ғылымдардың барлығына да адмның санасының қызмет психологияның айналысатын мәселелері зерттеледі. Сондай-ақ психология барлық жаратысылтану ғылымдары мен де байланысады. Психиканың материалдық негізі ми мен нерв жүйесінің негізін зерттейтін анатомия мен физиологиямен байланысады. Психологиямедицинамен, саяси эконимикамен де байланысады. Психологияның педагогика үшін де маңызы зор. Адамның жас мөлшеріне байланысты даму заңдалақтарын, жеке бас ерекшеліктерін білу, білім беру мен тәрбиелеудің әдістерін пайдалануға теориялық негіз болады.

  Негізінде психологияның зерттейтін  мәселелерін топтастырып біріктіріп  мынадай 3 түрін көреміз.

  1. психикалық процестер
  2. психикалық қалып немесе жағдай
  3. психикалық қасиеттер

психикалық процестерге түйсік, қабылдау жатады. Бұл процестер бойынша заттар мен құбылыстар сезім мүшесіне тікелей әсер етеді. Ал ес процесі арқылы тболмыстағы бейнелер адам санасында қайтадан жаңғырады. Қиял мен ойлау адам санасындағы тікелей танып білуге болмайтын заттар мен құбылыстарды мәнді және жанама түрде байланыстарады. Ал эмоциялық процестер арқылы адамда әртүрлі сезімдер пайда болып оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға қозғаушы себеп болады. Сонда біздің түйсігіміз ес, қабылдау, ойлау, сөйлеу психикалық процестер деп аталады. Ал психикалық жағдайға адамның сезім көріністері, көңіл-күйі, аффекттер, ашуланатын күйіп-пісуі жатады. Адамның еркі, сенімі, тартыншақтығы, ойлаудағы күмәндануы психикалық жағдайға жатады. Әр адамның өзіне тән жеке басның ерекшелігі психикалық қасиеті болады. Кейбір адам сурет салуға, техникаға, кітап оқуға ықыласы күшті болады. Екінші бір адамның әрекетінің басқа түріне қабілеті болады. Біреулер қызба, темпераментті болады. Ал екінші біреулер бір қалыпты,байсалды болады. Сонда ықылас, темперамент, мінез адамның психикалық қасиеттері деп есептеледі. Психикалық процесс, психикалық жағдай, психикалық қасиет бір-бірімен байланысты. Осы үшеуінің жиынтығы психика деген ұғымды береді.

 

Психологияның шығу тарихы.

Психологияның ең алғаш дүниеге келген жері Греция. 8 ғасырдан бастап психологиялық мәселелерді зерттеу саласында көптеген оқымысты ғалымдар жұмыс жасады. 18 ғасырда діншіл нанымды жақтаған кейбір бурзуазиялық көзқарасты насихаттап келген көптеген адамдар адамның тәніне тәуелсіз «жаны» болады деді. «Жан»- барлық психикалық тіршіліктің негізгі себепшісі деді. Осының өзі сол кездегі адамның табиғат сырын дұрыс түсіне алмауына байланысты. Олардың айтуынша табиғатқа табынбайтын ерекше бір күш бар деді. Адам жанының жеке бір саласы ретінде кез келген ғылымның зерттейтін ерекше бір пәні болады.

               Психолггияның зерттейтіні –  психика. Психиканың әр түрлі  құбылыстарын зертеп түсіндірумен  ғана емес, оның мәнін талдап  процестер мен құбылыстардың  себептерін болжап белгілі бір  заңдылықты ашумен шұғылданады. Сонда психология адамның санасының пайда болуы мен дамуын, жеке көрінісберу заңдылықтарывн зерттейді. Психолоия өз алдына дербес ғылым болып 1879 жылы есептеледі. 19 ғасырдан бастап бөлінуіне себепші болған Вингельм Вунндтың Лейпциг қаласындағы тұңғыш рет ұйымдастырылған лабораторияға байланысты. Өйткені, Германияда өндірістік күштердің даму салдарынан өндіріс күштерінің талап тілектеріне сай экспериментталдық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі тарихта 1 рет қолға алынды. Және ол 1 рет психологиялық тұрғыдан қарастырылады. Осының өзі психологияның дамуына септігін тигізеді. Сол кезден бастап кеңес психологиясы экономиканың қоғамның дамуына байланысты адамның психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін, қабілеті мен қорытындығын қарастырады. 20ғасырдан бастап экңсперименталдық психология лабораториялық жұмыстар жүргізеді. Мұндай жұмыстар Москвада, Харковта, Петербургте, Казанда болып өткен психологиялық съезддерде талқыланады. Мұндай съездер 1906,1909,1913,1916 жылдары борлды. Сол кезден бастап «Вопросы психологии», «Вестник психологии» деген журналдар шықты. Кеңес психологиясының өз алдына ғылым болып шығуына үлесін қосқан Лапатин, Лосский, ВВеденский болды. Сонымен қатар жаратылыстану ғылымының негізін салушы И.П.Павлов, Сеченов, Лазурский, Лефсгавттардың үлестері ерекше болды. Сонымен қатар Москвадағы психология институтының диреткторы Черепанов аты әлемге әйгілі лаботаториялық аппараттарымен жабдықталған кабинетте эксперименталдық тәжірибе жасауға ерекше жағдай туғызды.1909- 1910 жылдары психологияға арналған газеттер шыға бастады.

 

Биографиялық әдіс- өмір баянын анықтау. Бұл әдістің мәнің жеке адамның  психологиялық ерекшеліктерін бейнелеп көрстеуге болатын өмір баянынөзгешеліктеріне  талдау жасап, жинақтап, қорытынды жасаумен аяқталады. Биографиялық зерттеу адамның күнделік жазбаларының хаттарының өмір баянын анықтайтын мәліметтер, оны танитын адамның есінде қалған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Биографиялық әдістің ерекшелігі бақылау сияқты сыртынан бақылап жүрмейді. Шындықты тереңірек зертеп білу үшін іс-қағаздарға, өмірбаянына сын көзбен қарап, тереңірек ұқыптылықпен қадағалауды талап етеді. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп білу үшін сол адамның өзшығармаларын да пайдалануға болады.сонымен қатар бақылау мен эксперимент арқылыалынған мәліметтерге сүйкнуге болады.

 

Психологияының басқа  ғылымдармен байланысы.

Психология өзге ғылым пәндері  сияқты бірнеше пәндермен байланысты түрде дамиды. Сондай байланыстың  бір түрі

  1. анатомия мен физиология. Бұл пән жас дамуының физиология деп аталатын жас даму физиологиясы баланың ана құрсағынан өмірінің соңғы кезеңіне дейін жас даму ерекшеліктеріне сәйкес болып отыратын өзгерістерді, нерв жүйесінің даму ерекшеліктерін зерттейді. Баланың даму кезеңдеріне сәйкес оның бойында жаңаша психикалық сапалар пайда болып ондай сапалар баланың мінез-құлқын, дүние танымын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын күрделендіре түседі. Мұндай өзгерістер баланың 1 жасқа толған кезінде, 3 жасында, 7 жасында, 10-11 жасында және 13-14 жасқа толғанда айқын байқалады. Баланың бойында жаңа пайда болған психикалық сапалар оның мінез-құлқын, әр түрлі іс-әрекеттерін өзгертуге әсер етеіп, олардың елеулі өзгерістерге ұшырағанын көрсетеді. Мұндай өзгерістерді психологияда дағдарыс кезеңдері деп аталады. Мысалы, 3 жасар бала ересек адамдардың астқанын істемей қиқарлық көрсетеді. Ұнамсыз көріністері дағдарыс болып келеді. Дағдарыс – тоқырау немесе елеусіз өзгерістерге ұшырауы. Баланың бойында пайда болатын ондағы өзгерістердің, ақыл-есінің дамуының көрінісі. Егер ата-ана баланың дамуына көзқарасы дұрыс болмаса, оның келешегіне үлкен әсер етеді.
  2. Педагогика – балалардың азаматтық қасиеттерін қалыптастыруда оқу тәрбие арқылы тәрбиелеу. Онымен тығыз байланысты бола тұра дидактикалық принциптеріне байланысты.
  3. Жеке пәндерді оқыту методикасы. Тәрбиешеінің басты мақсаты белгілі бір жүйемен, әдіс-тәсілмен жүзеге асады. Француз  психологы Жере Бруно, Жан пиаже өз еңбектерінде баланы еш тәрбиесіз және оқусыз өсіп жетіледі.
  4. балалар психологиясы басқа азаматтық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Жалпы психологияның негізіг принциптерін негізге ала отырып басқа ғылымдармен байланысты. Балалар психологиясы жас даму психологиясының бір тармағы ретінде адамның тарихы даму процесін толық қамтитын және мінез-құлық ерекшеліктерін, заңдарын зерттейді.

Психология – табиғат, қоғамдық ғылым. Психологияның  салалары бар  ол адамдардың іс-әрекет түрлеріне  байланысты. (педагогикалық, еңбек, медицина, әскери). Педагогикалық психология – жалпы тәрбие мен оқыту проблемаларын  зерттей келе оқыту және тәрбие психологиясы болып бөлінеді. Психиканың дамуы (жас даму психологиясы анамальды (кеміс) психологиясы, салыстырмалы психология (зоопсихология, этология)

 Жас даму психологиясы. «Мектеп  жасына дейінгі балалар психологиясы 0-7 жасқа дейін, жеткіншектер 7-11, балаң жас психологясы 11-18. жастар психологиясы 18-25, ересектер 30-75, одан кейін қарттар психологиясы

 

Әлеуметтік орта – адамның өзіндік  тіршілік еткен ортаға байланысы, қатынасы (дара адам, кіші топтар, үлкен топтар) субъекті «S», объект «O» адамға әсет етіп одан адам сыртқы орта психикасы пайда болады.

 

ПСИХИКА МЕН САНА

1. психиканың пайда болуы және дамуы туралы түсінік

2. жануарлар психикасының дамуына  жалпы сипаттама

3. Адамда сананың даму жолына  сипаттама

А) сананың дамуындағы еңбектің ролі

Б) сананың идамуындағы сөзбен қарым-қатынастың ролі

4. адам мен жануарлардың арасындағы  айырмашылық

1. Психикалық процесс, психикалық қалып, психикалық қасиет үшеуі жинақталыпкеліп психика деген ұғым береді. Психиканың қарапайым түрі жануарларға тән қасиет. Ал адамның қоғамдық ортамен байланысының нәтижесінде психиканың ең жоғары формасы сана қалыптасқан. Психика туралы материалистер де, идеалистер де ұзақ жылдап бойы айтысып келе жатыр. Идеалистердің айтуы бойынша психика материядан бірінші пайда болады, яғни материяның ешқандай психикаға қатысы жоқ. Көптеген идеалистер психикалық қасиеттердің қабілетті, мінезді, темпераментті жеке адамның адамгершілік сапасын адамның туғаннан дайын күйінде беріледі дейді. Көптеген идеалистік ұғымды жинақтаушы психологтар адамның  психикасының даму заңдалақтарын оқыту мен тәрбиелеу ісі арқылы өзгеріп қалыптастыруға болады дегени ұғымды жоққа шығарады.

  Психиканы материалистік тұрғыдан  былай түсінуге болады. Психика  материядан шығатын екінші кезекті  құбылыс екенін, ал материя бірінші негі екенін дәлелдеуге болады. Өйткені психика материяның дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған. Осыдан млдтаған жылдар бұрын жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін ешқандай жанды организм болмаған. Алғашқы тіршілік иелері бұдан млн даған жылдар бұрын пайда болған.марериалистер жер бетінде ешқандай тіршілік болмаған кезде және болуы да мүмкін емес уақытта жердің осы қалпында болғанын жаратылыстану ғылымы дәлелдейді. Деп атап көрсеткен. Материя алғашқы нәрсе, ал ой, сана, түсінік өте жоғары дамудың жемісі. Материяның бірте-бірте дамуы эволюциялық жолдардан өтуі қандай болмасын тірі организмнің өмір сүруіне қасиетті ең жоғары қасиетінің психикасының дамуына әкеліп жеткізеді. Психикалық құбылыстардың табиғаты жайлы және оның материямен байланысы туралы әрбір ғылым өзінше түсінік береді. Диалектикалық материализмнің негізін қалаушылар Карл Марк пен Фридерх Энгельс болды. Материалистік ілімінің дәлелдеуі бойынша психика дегеніміз табиғаттан тыс ғажайып күш емес. Немесе ол жансыз зат емес, керісінше психика дегеніміз ерекше ұйымдастықан жоғары дәрежелі материя. Мидың қасиеті деп атап көрсетеді. Психиканың ми қызмтеінің нәрі екенін адам мен жануарларға жасалған көптеген тәжірибелерден адамға клиникалық жағдайда байқау жүргізумен дәлелдейді. М: мидың белгілі бір бөлігіне зақым келсе адамның психикасы міндетті түрде өзгеріске ұшырайды және сол өзгеріс мидың қай бөлігінің зақымданғанына байланыстыанықтауға болады. Егерде сол жақ шүйде бөлігінде қыртысы зақымданса адамның кеңістікті бағдарлауы бұзылады, ал мидың самай бөлігі зақымданса сөзді , музыкалық әуенді түсінуі бұзылады. Осы мысалдарға қарап психиканың ми қызметімен бірлікте екенін көруге болады.

2. Материалистік ілім адамның  психикасының бірден жасалмағандығын,бұның  өзі жануарлар психикасының талай ғасырдағы даму жолынан бірте-бірте даярланғандығын, адам психикасы мен жануарлар психиксының арасында сабақтастықтың бар екенін дәлелдейді. Бірақ психика органикалық материяның барлығында бірдей болатын қасиет емес. Психика өсімдіктер дүниесінде болмайды. Тіпті тірі организмдердің төменгі формаларынан психиканы табу қиын. Психика материяныңжоғары формаларының жанды материяның ғана қасеиті. Тірі материяның төменгі түрлеріне сырттан әсер ететін тірікендіргіштерге жауап бере алушылық, ал оның жоғары түрлерінде сезгіштік болады. Осы сезгіштікті түйсік «торфизм» дейді. М: 1 клеткалыларда, молюскаларда құрттарда, туфилкаларда психикалық қасиет болмайды. Олар тек ғана тітіркенеді. Бірақ та осы сезгештік психиканың бастапқы белгісі деп аталады. Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын жоғары сатыға көтеріледі. Ал адамда психиканың дамуы күшті жетілген. Көпшілігінде дамудың төменгі сатысында тұрған органикалық емес заттарда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы торфизм деп аталады. ҚҰазақша бұны «соқыр сезім» дейді, яғни төменгі сатылардағы организмдердің маңызды биологиялық тітіркендіргіштерге жауап беру кезіндегі еріксіз қозғалысы. М: көбелек түнде ұшып жүрген кезде отқа, жарыққа келіп соғылады. Ол өзінің күйіп өлетінін білмейді. Өйткені ол жарықты күннің көзі деп қабылдайды, яғни бұны инстинкт дейді, бұл латын тілінен «санасыз ұмтылу» деген мағына береді.

          Жануарларда  болатын инстинкт организмнің  белгілі бір тіршілік жағдайында  өскен ортасында әбден бейімделгенін  көрсететін мінез-құлықтың қалыптасқан түрі. Кейбір жануарлар мен жәндіктерді көріп олардың мінез-құлықтарын бақылай отырып, олардың ақылға сыймайтын әрекеттерді орындауға мүмкіндіктерінің бар екенін көруге болады. Олардың орындаған әрекеттеріне қарап, психикасы жоғары сатыда дамыған деп есептейсің. М.құмырсқалар ешқашанда өз илеуінен адампайды. Өйткені бұлар өздерінің қышқылдарының дәмімен ажыратады. Ал өрмекші өзінің өрмегімен тамақ арасындағы байланысты біледі. Ара өзінің тамағын түсімен, иісімен ажыраптады. Осы төменгі сатыдағы жәндіктерде болатын инстинкт іштен туа біткен және сыртқы әсердің арқасында ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, табиғи сұрыптау жолымен нығайып отырады. Бұл бір ұрпақтан екінші ұрпаққа сақталады.соның өзінде организмге жағымды әрекеттер сақталып, жағымсызы жойылып отырады. Ал зиянды болса тұқым қуалау арқылы қайталанбайды. Инстинкт тек ғана төменгі сатыларды емес, жоғары сатыларда да дамыған. М: біздің еліміздің орталық аймағында мекендеген тоқылдақтар өзінің жемін ағашты тоқылдатып, ойып тауып жейді. Осы тоқылдақтарды экспериментжасау үшін Оңтүстік Американың тропикалық аймағына алып барғанда ағашты ойып жей алмай әбден ашыққан әлсіреп ағаш бетіндегі құрт-құүмырсқаларды жеп күн көрген, кейін 3-4 ұрпақ өткеннен кейін өзіміздің елге бұларды алып келгенде, ағашты тесіп қоректенуді білмей, тағы да ашығып, біраз уақыттан сой қайтадан бұрынғы қалыпқа келеді. Осыған қарап ауа-райына байланысты болған өзгерістерлен тоқылдақтағы шартты байланыстың бұзылмағанын тек уақытша тежелгендігін көруге болады. Инстинкт адамда да болады. Бірақ ақылға негіздеген.

               Жоғары сатыдағы сүрқоректілерде  қарапайым түрде ойлау қасиеті  болады. Бұған маймылдар, дельдиндер, пілдерді жатқызуға болады. Маймыл  мидың құлылысы жағынан адамдарға  ұқсас. Басқа жануарлармен салыстырғанда психикасы күрделі жануарлардағы интеллект дейді.

Интеллект маймылға, пілдерге, дельдиндерге тән қасиет. М: маймылдар заттардың  белгілі бір қасиеттерін немесе өзін бейнелеп қоймайды. Сондай-ақ затар  мен құбылыстар арасындағы байланыстарды  бейнелейді.

М: маймылдың ең сүйікті тамағы бананды бой жетпейтін биіктікке  іліп тастаса, біраздан кейін маймылды сол бөлмеге кіргізсе, біраз жүргенне кейін бананды көріп, алуға әрекеттенеді. Бірнеше рет секіреді, бойы жетпеген соң жәшікке шығады. Оларды бірінің  үстіне бірін орнықсыз етіп қояды. Жәшікті орнықсыз қойғандықтан қайта-қайта құлай береді. Ал егер оларда сана дұрыс дамыған болса, жәшікті теіс жерге орнықты етіп, бірінің үстіне бірін дұрыс қойған болар еді. Шетел психологтары маймыл өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін еңбек етіп жатыр дейді, сондықтан да онда сана бар деуге болады дейді. Егер онда сана болған жағдайда олар біздің қалпымызға түскен болар еді. Біздің психологтар ойлауы сапасыз дамғңыан дейді. Өйткені олар адам сияқты саналы әрекет етіп, ой қорытындысын жасай алмайды.

 

Психика табиғи ортаның мида сәулеленуі. Дағды денегіміз өзгешелігі бар  физиологиялық негіздегі шартты рефлекс.

М.циркке барғанда арыстан, ит- күшіктер акробатикалық этюд жасайды. Бұл  дағды үйрету арқылы адам қатыс арқылы жасалады. Дельдин дағдыға тез қалыртасады. Дағдың физиологиялық негізі шартты рефлекс. Дағды дегеніміз- жануарлардың өз бетінше әдеттену және жаттығу арқылы қалыптасқан мінез-құлық тәсілдері

М: цирктегі жануарлардың дағдалары  оларды жаттықтыру, үйрету, оларды тамақтандыру арқылы жүргізіледі. Яғни белгілі бір сигналдарға шартты рефлексті қалыптастыру. Инстинкт пен интеллекттіге қарағанда дағды өзгермелі мінез-құлықтың икемді түр

 

 

МИ ЖӘНЕ ПСИХИКА

 

  1. Нерв жүйесі туралы түсінік
  2. Рефлекстер
  3. Жоғары нерв қызметінің заңдары
  4. Мидың анализдік және синтездік қызметі
  5. 1 және 2 сигнал жүйесі. Динамикалық стереотип

Нерв жүйесі организмнің сыртқы ортамен байлансыны жүзеге асырады. Айналадан келетін тітіркендіргештерге  жауап береді, сонымен бірге түрлі  дене мүшелерінің, ұлпалардың клеткалардың клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналымын басқарып, сыртқы ортаның өзгеруіне, олардың бейімделіп отырады.

Нерв жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Оның ұзын тармақты нейрит (аксон), қысқа тармақты дендрит деп аталатын тармағы бар. Олардың өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі), вегатативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан.

Орталық нерв жүйесі- жұлын мен  ми. Ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен  жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады.

Орталық нерв жүйесінің - төменгі бөлігі жұлын омыртқа қуысының ішіне  орналасқан, ұзындығы ересек адамда – 45 см-ге дейін жетеді. Жұлын сұр  зат көбелек тәрізді нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын – ақ затпен қоршалған. Жұлын 31 жұп нерв талшықтары тарайды. Олар ортаға тебетін, шетке тебетін нерв деп бөлінеді. Жұлын саналы әрекетініңорталығы ғана емес, тек қозғалысымзыдың жұмысын басқаратаын орталық.

Орталық нерв жүйесінің екінші бөлігі-  ми. Салмағы ересек адамдарда 1400 гр дай. Сопақша, ортаңғы, аралық ми- ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы омыртқалы жануар өмірінде ерекше атқарады.

Сопақша ми – жұлынмен жалғасады. (жүрек қызметі, қан айналымы, ас қорыту нерв орталығы бар, дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну- сопақша ми қызметі.

Сопақша мидың сырт жағында ағаш жапырағына ұқсас мишық бар. Мишық  организм қозғалысын, жүріс-тұрысын  басқарады, шартсыз рефлекс тек  қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Одан жоғары орта ми. Онда құлақ  пен көзден баратын, скелет еттерінің қалпын реттейтін нерв орталығы бар.

Аралық ми- көру төмпешіктері мен  төмпешік асты аймағы. Дененің барлық репцепторларын ми қабығымен байланыстырадымұнда  көру төмпешілігі талшықтар жиынтығы болып табылады. Мидың осы орталық  бөлігі жұлынға, төменгі бөліктеріне басшылық ету жұмысын реттейді. Ми қызметінің төмендеуі мен белсенділігінің артуы осы бөлімнің қызметі

Адам миының күрделілігі оның көлемі мен ішкі құрылымынан байқалады.

Ми сыңарлары

Ми сыңарлары екі бөліктен тұрады. оң жақ және сол жақ бөлігі. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80пайызына тең. Мұның ішінде ақ зат пен сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталады. Қалыңдығы- 3-4мм бірнеше қабаттан тұрады. олар қызметіне типіне қарай бұл қабаттардығ клеткалары бір-бірінен өзгеше болып келеді. Осы клеткалардан тарайтын нерв талшықтары оларды сезім мүшелерінен, денемен, барлық клеткалармен байланыстарды. Мұнда нерв клеткаларының саны 15миллиардқа жуық.

Ми қабығы 4 бөлімге бөлінеді: маңдай, төбе, самай, желке. Ми қабығы көптеген анализаторлар ядросынан тұрады. мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т.б анализаторлардың нерв орталықтары бар. М. Желке- көру зонасы, самай- есту, төбе- қозғалыс орталақтары. Оның саны- 200-ге жуық.

Мида әлсіз электр тогы- биотоктар  бар. Биотоктардың мидағы жүріс-тұрыс, өрісін осциллограф аспабы арқылы зерттеледі.

 

2 Нерв жүйесінің қызметі рефлекс  арқылы жүзеге асырылады. Рефлекс  туралы алғаш айтқан француз  ғалымы РЕНЭ ДЕКАРТ (1596-1650). Иржи  прохаске (1749-1820) АШҚАН. РЕФЛЕКС терминін  енгізген осы кісі. Рефлекс латын сөзі, аударғанда бейнелеу деген мағына береді. Рефлекс сырт және ішкі тітіркендіргіштердің жауап беру реакциясы.

1. Шартсыз рефлекс нерв жүйесі  арқылы жасалу жолын рефлекс  доғасы деп атайды. Рефлекс доғасы  бөліктері: рецептор (сезім мүшесі)өткізгіш нерв пен қозу процесі пайда болатын орталық нерв жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан келетін нервтер. Рефлекс туралы теорияның негізгі қағиадаларын орыс физиологы И.М.Сеченов ғылыми тұрғыдан қарады. «Ми рефлекстері»деген еңбегінде; И.П.Павлов шартты рефлекс туралы ілімінде осы идеяны жалғастырады. Рефлекстің жаңа түрін- шартты рефлексті ашты, зерттеді. Шартты рефлекс үнемі өзгерісте отырады, қайталамаса ол жойылып кетеді.

Шарты рефлекс жасалу жолын итке жасаған тәжірибесінде көрсетті. Сондағы организмге қажетті құбылыстарды білдіретін көптегенсыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болатын ми қабығының қызметін сигналдық қызмет деп атайды.

Тәжірибеде жарық тамақтың сигналы  И.М.Сеченов пен И.П. Павлов мидың  барлық рефлекстік қызметін екі нервтік процестен- қозу мен тежелуден тұрады.

Қозу- әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде нерв жүйесінің  қызмет жасап тұратын белсенді күші

Тежелу керісінше, нерв жүйесін  тыныштандыатын процесс болып табылады. Қозу мен тежелудің ішкі заңдылықтарының бірі- индукция заңы. Мидың бір алабында қозу тежелу процесімен қоршалатын болса, бұл теріс индукция деп аталады. М: Адам бір нәрсені ойласа айналасын ұмытып кетеді. Екіншщі жағдайда ми қабығының бір алабында пайда болған тежелу айналасындағы алаптарда қозу процесін тудырады. Бұл оң индукция деп аталады.

Егер екеуі бір мезгілде пайда  болса, бір мезгілдік, бірінен кейін  бірі болса, бір ізділік индукция деп аталады.

И.П.Павлов ми қабығының негізгі  жұмысы анализдік  (талдау) және синтездік (жинақтау) қызметтен тұратындығын көрсетті.

Анализдік қызметі түрлі тітіркендіргіштердің жеке бөліктерін айыру да, оларға шартты рефлекстерді жасауда көрініп тұрады. синтездік қызмет- тітіркендіргіштерді  біріктіруден көрінеді. Мидың анализдік, синтездік қызметі организмнің өмір сүруінің басты шарты болып табылады. М: жануар үшін әрбір сыбдыр сигнал. Анализ бен синтез мидың бір-бірімен тығыз байланысты, біртұтас қызметі.

1және 2 сигнал жүйесі. Адамның жануарлардан  айырмашылығы еңбекпен қоғам  өмірінде дыбыстық дамып жетілген. Сөз тек адамға тән жаңа сигнал жүйесі. 2 сигнал жүйесі жануарларда болмайды. 1 сигнал жүйесі- ортада көргенін, естігенін түсіну жануарларға да адамдарға тән.

Динамикалық стереотип. Егер белгілі  тітіркендіргіштерді бірқалыпты ұзақ уақыт қайталанса, ми қабығында қозу мен тежелу тұрақты жүйелері пайда болады. Үнемі қайталанатын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін қозу мен тежелу жүйесінің жасалуын И.П.Павлов динамикалық стереотип деп атаған. Адамның сан алуан дағдалары, әдеттері, жүріс-тұрыстық әдеттері, мінез бітістернің бір қалыпты көріністері.

 

ЖЕКЕ АДАМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ  ТҮСІНІК. ЖЕКЕ АДАМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

  1. Жеке адам туралы түсінік.
  2. жеке адам, топ, ұжым
  3. Түртіклер, қажеттер, қызығулар
  4. Дүниетаным, мұрат, сенім

Жеке адам деп белгілі қоғам мүшесін, азды көпті тәжірибелер бар, білімі, өзіне тән өзгешеліктері бар адамды айтады. Жаңа туған бала жеке адам емес. Өйткені онда жеке адамға қажетті компоненттері: тәжірибе, білім, іс-әрекет жоқ. Жеке адамның ерекшеліктері дүниетаным, сенмі, талғам, мұрат, бағыт, қабілет, қызығудан байқалады. Жеке адам қоғамда қалыптастады. Адамның психологиялық ерекшеліктері қоғамдық қатынастар әсерінен қалыптастып отырады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуына оқу-тәрбиенің ролі зор.

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені психика айналасындағылармен қарым-қатынас жасау, тәрбие арқылы қалыптастады. Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен – макро, кіші –микро, ресми, ресми емес, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, арналған, формалы, формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т.б бірнеше топқа бөлінеді. Контакттілі топ- сынып оқушылары, жұмыс бригадалары, ұйымдаспаған- футбол алаңы, театр, ресми- студент, ресми емес-  туыстар. Топ екі адамнан құралады. Ассосация,. Кооперация, корпорация деген топтар да бар. Реферетттік топ- бағыт, бағдар сылтеп отыратын топ. Реалды, контактыілі топ- ұйымдасқан ұжым деп аталады.

Ұжым (А.С.Макаренко) мақсат, мүдделері  ортақ, әрекетес, белгілі дәстүрлері бар, өзін-өзі басқара алатын адамдар тобы.

Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттері: мотивтер, қажет, бейімділік, қызғыулар, дүниетаным, сенім, мұрат, талғам.

Адамды бір әрекеттке бағыттайтын  талпындыратын түрткі болады. Оны  психологияда мотив деп атайды. Түрткі әсерінен адам психологиясы өзгереді. Мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгереді. Сыртқы ортамен байланыс жасау үшін материалдық қажеттер(тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары, т.б) материалдық қажеттен кейін рухани қажет туады. Рухани қажет дамуы- матераилдық қажет қанағаттандыруына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы- негізгі түрткілер.

Психология пәні және оның салалары. Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы