Пісіру трансформаторы
Тақырыбы:
Пісіру трансформаторы
Пісіру трансформаторы
Конструкциялық тұрғыдан алғанда, пісіру трансформаторының көптеген түрлерін кездестіруге болады. Айтарлықгай дәрежеде ол пісірудің түрлерімен анықталады (доғалық, түйіспелік,жіктік (шов), нүктелік). Доғалық пісіру кезінде электр доғасының вольт-амперлік сипаттамасы 7.20-суретінде көрсетілгендей (1- қисық) болады. Бұл суретте 1- қисықтың электр доғасының вольт-амперлік сипаттамасы, 2- қисықтың пісіру трансформаторының сыртқы сипаттамасы. Трансформатордың вольт-амперлік (немесе сыртқы) сипаттамасы, яғни доғаның қоректену көзі доға бірқалыпты тұрақты жану үшін, доғаның вольт-амперлік сипаттамасымен қиылысатын нүктесінің болуы керек. Демек, пісіру трансформаторының күрт темен түсетін (құлайтын) сыртқы сипаттамасы (2- қисықтың) болуы керек. Доғаның тұтануы Д нүктесінде 60...70 В кернеулер жүреді, ал доғаның тұрақгы жануы А2 нүктесінде 12... 30 В кернеулер және үлкен ток жағдайында жүреді. 7-2 Күрт төмендейтін сыртқы сипаттаманы алу үшін екінші орамға тізбектей үлкен индуктивтік кедергілі (реактор) индуктивтік катушка жалғау керек немесе трансформатордың өзінде шашырайтын (Хкүлкен) үлкен магниттік ағынмен қамтамасыз ету керек. 7.21-суретінде пісіру трансформаторының сыртқы сипаттамасын алудың қажетті тэсілін пайдаланудың принциптік схемасы көрсетілген. Ауа саңылауы d-ні өзгерткенде реактордың индуктивтік кедергісі немесе трансформатордың өзінің индуктивтік кедергісі өзгереді және сыртқы сипаттаманың тиісті көлбеулігі өзгереді. Суреттегі а) және э) варианттарында шумақгардың санын өзгерту арқылы сатылы реттеу жэне d саңылауын өзгерту жолымен бірқалыпты реттеудің түрлері көрсетілген.
1. Пісіру трансформаторлары, генераторлары.
- Лазермен, плазмалы ағысымен пісіру.
3 Түйіспелі дәнекерлеу үшін жабдықтау.
Пісіру – бұл пластикалық иілу кезіндегі дайындама қыздырудың жалғау бұйымын байланыстыратын атомдық-молекулярлық ажырамайтын технологиялық үрдіс.
Пісіру байланысын екі жолмен қарастыруға болады: пісіру балқытумен және пісіру қысымымен.
Доғалы пісіру үшін тұрақты және айнымалы тоғы қолданылады. Тұрақты тоғының көзі болып тұрақты тоқтың пісіру генераторлары және пісіру түзеткіштері табылады — селенді, германийлі және кремнийлі. Тұрақты тоғының генераторларын стационарлы және қозғалмалы жетекпен электр қозғалтқыштан және ішкі жану қозғалтқыштан жасайды.
Айнымалы тоғымен пісіру кезінде көбінесе пісіру трансформаторларын қолданады, олар тұрақты тоғының көзіне қарағанда жиірек қолданылады. Пісіру трансформаторлары дайындалуда және пайдалануда өте қарапайым, азғантай салмаққа және аз құнға ие, сонымен қатар өте жоғары п.ә.к. ие және ұзақ уақытты.
Доғалы пісіруге арналған тұрақты тоқтың көздерін бір пост сатылы және көп постылы қылдырып дайындайды, ал айнымалы тоқтың көздерін – тек қана бір постылы.
Пісіру трансформаторы жүйенің жоғары кернеуін (220 немесе 380 В) трансформатордың бос жүрісінің кернеуіне дейін төмендетеді (60 – 80 В). Бұдан басқа, трансформатор доғада құламалы сыртқы сипаттамасын құрайды. Бұл үшін доғамен және трансформатордың екінші орауымен тізбектеп дросселді, яғни реактивті атаулы орауды қосады немесе магнитті ағыны таралуы көбеюмен трансформаторларын қолданады. Пісіру тоғы дросселді байлауының орауында өткен кезде өздігінен индукция э.қ.к. (электр қозғауш күші) индуктенеді, ол трансформатордың негізгі э.қ.к. бағытына кері бағытына- ие. Сондықтан доғаға келтірілген кернеу бос жүрістің мәнінен 18-30 В дейін төмендетіледі доға жанған уақытта және нолге дейін қысқаша тұйықталу кезінде.
Трансформаторлы қосылу дросселді байлаудың екі нобайын қолданады. Бірінші нобайда бірінші I және екінші II төмендететін бір фазалы трансформатордың байлауы темір өзегінде орналасқан 1, ал дросселді байлау III — 2 өзекте және өзімен екі бөлек орындалған аппаратты ұсынады. Екінші қосылу нобайында трансформаторлы (I, II) және дросселді (III) байлаулар жалпы темір өзекте орналасқан және өзімен бір аппаратты ұсынады. I және II байлаулары орналасқан өзектің бөлігі ол трансформатор, ал III байлау орналасқан бөлігі дроссель. Трансформатордың екі түріндеде тоқ оның өзегінің жылжымалы және жылжымайтын бөліктердің арасындағы әуе санылауының азайған немесе көбейген кезде дросселдің өздігінен индукция шамасының өзгеруімен реттеледі. Санылауының көбеюімен өзектің магнитті ағынына байланысты дросселдің өздігінен индукция азаяды, ал доғадағы кернеу сонымен бірге пісіру тоғы көбейеді. Санылаудың азаюы кері құбылысты тұжырымдайды.
Трансформаторларда көбейтілген магнитті таралумен магнитті ағындар қасиеті қолданылады, олар ауа арқылы тұйықталады, өздігінен индукцияның э.қ.к. сәйкес байлауларында индукцияланады, ол трансформатордың алғашқы екі түріндегідей трансформатордың негізгі э.қ.к. кері бағытталған. Бұл үшін бірінші және екінші орауларды трансформатор өзегінің әртүрлі өзекшесінде немесе аралары кейбір қашықтығымен бір өзекте орналастырады. Осымен қоса магнитті күшті сызықтары таралады және тұйықталады ауа арқылы бір ораудың маңайында басқасына жоламай. Осындай трансформатор түрінде тоқ екінші орау катушкасы орналасқан кезде бірінші I және екінші II ораулардың арасындағы қашықтықтың өзгеруімен реттеледі. Олардың арасындағы қашықтығының көбеюімен таралу ағындары көбейеді, ал тоқ азаяды және керісінше.
Тұрақты тоғының бір постылы пісіру генераторлары құламалы сыртқы сипаттамасына ие, ол тікелей генератордың өзінде құрылады. Бұл генератордың негізгі ағынының қозудың жүйелі орауының магнитті ағысының немесе әкір (әкір реакциясымен) орауының магнитті ағысының магниттен ажыратумен жүзеге асады.
Қозу орауының параллель магниттелу әрекеті және жүйелі магниттен ажырату әрекеті принципі бойынша жұмыс істейтін бір постылы генератордың принципиалді электр нобайы келтірілген. Генератор негізгі щеткаға b және қосалқы щеткаға с қосылған орауға 1 ие, ол а және b негізгі щеткаларына қосылған. b және с щеткаларының арасындағы кернеу бос жүріс және жүктеменің барлық режимдері кезінде тұрақты болып қалады. Сондықтан тұрақты болып ораумен 3 құрылатын осы щеткаларға (өздігінен қозатын генератор) қосылған магнитті ағыны Фn да табылады. Генератордың э.қ.к. бос жүрісі кезінде, ендеше негізгі щеткалардағы а,b және доғадағы кернеу тек қана параллель ораудың ағынынан ғана байланысты болады. Доғаның жануы кезінде пісіру тоғы жүйелі орау 1 арқылы өтеді, оның қосылуы Фc магнитті ағыны Фn магнитті ағынына кері бағытталған. Сондықтан генератордың э.қ.к., генератор әкірінің орауында нәтижелі магнитті ағынымен индукцияланатын, сондай-ақ төменделеді және бұл доға кернеуінің төмендетілуін тудырады. Қысқаша тұйықталу кезінде Фс ағыны Фnағынына тен болады. Сондықтан нәтижелі магнитті ағын, ендеше, негізгі щеткалардағы а, b және доғадағы кернеу нолге дейін төмендетіледі.
Генератордың бұл түрінің пісіру тоғы реостат 2 көмегімен параллель орау қозу тоғының өзгеруімен немесе параллель және жүйелі байлаулардың орау санының өзгеруімен реттеледі.
Плазмалық пісіру
Плазмалық ағынша, бөлім ағыншасының бұрылуын және толық иондық газды пісіруге қолданылады, 10000…200000С температурасында. Плазманы плазмалық шілтер арқылы алады, газды іргетас сығылған доға бойынша жібереді. Плазмалық газ сапасына азот, аргон, су, гелий, ауа және олардың қоспалары қолданады.
Екі негізгі плазмалық қыздыру көзі қолданылады: плазмалық ағынша, бөлінген жанама доғалық іргетас және плазмалық доға, тік қозғалатын доға арқылы плазмалық ағынша қосылған.
Плазмалық ағынша тәуелсіз жылу көзі, оны кең дәрежеде қыздыру дәрежесін өзгерту және дайындаманың үстіңгі терең қорытылуы. Жылу плазмалық ағынша қуаты шектелген, оны пісіру және жіңішке металлдық беттікті кесу үшін және электр өткізбейтін материалдар, шаңдатылған тығыз материалдар үшін қолданады.
Плазмалық доға жоғарғы жылу қуатты иемденеді, кең жерде қолданады: пісірілген жоғары легірленген болаттар үшін, титан қорытпасы, никель, молибден, вольфрам үшін де. Плазмалық доғаны материалдарды кесу үшін (мыс, алюминий), жазықтық үстіндегі тығыз қорытылған материалдар үшін пайдаланады.
Плазмалық доғаны пісіру үшін металлдың қалыңдығы 10 мм-лік жиекті материал болуы тиіс. Плазмалық доға тұрақтылықты иемденеді, және өте сапалық пісірілген тігісті де. Бұл микроплазмалық пісіру металлдың қалыңдығы 0,025 …0,8 мм болатынын орындайды.
Плазмалық пісірудің жетіспеушілігі – жілтердің ұзақ болмауы.
Пісірудің сәулелік әдістері
Электронды-сәулелік пісіру.
Үрдістің негізгісі болып, пісіру бұйымы, жинақталған қуыссыз, вакуумдық бөлмешікке және оған электрондық сәуле жіберіледі – электрондық пучок, үлкен жылдамдықпен қозғалады. Соғылған кездегі бұйым электроны тоқтатылады, оның кинетикалық энергиясы жылу энергиясына ауысады және металлды ерітеді. Соғылған температура 5000…6000 0С дейін жетеді. Электрондық сәуле түйіс арқылы жақындатылады, пісірілген тігіс алынады.
Электрондар, электрондық пушка арқылы катодпен жіберілген 1, электрондық пучокта 2 пішінделеді, катодпен бірге орналасқан, катод пен анодтың 3 потенциалдары өзгереді, 20…150 кВ жоғары, содан соң сәуле сияқты фоксирланады сосын магниттік жүйеге беріледі 5 дайын болған бұйымға жіберіледі 6. Формирланған электродқа 2 жағымсыз және нөлдік катодтық потенциал береді. Фокустеумен үлкен қуатты сәулелікке жетеді.. Сәулелік электронды тоқ аса үлкен емес – бірнеше милиамперден бір амперге дейін жетеді.
Электронды-сәулелік пісіру үрдісі екі негізгі мінездеме беруге болады:
- пісіру вакуумда ағады, айнадай таза жазықтықта және еріген металлды алады;
- қыздыру қарқындылығы өте жоғары, сондықтан да тез еруді және металлды қатайтады. Тігіс ұсақдәнді және жоғары механикалық қасиеті жоғары, минималды кеністік арқылы қорытпаны пісіруге және қыздыруға сезгіш болады. Электронды-сәулелік пісіруді тығызерітілген бұйымнан дайындайды, химиялық белсенді металлды және олардың қорытпалары (вольфрамдық, танталдық, молибдендік, ниобендік, цирконилік), және де алюминий, титан қорытпалары және жоғары легірленген болат. Металлдарды және қорытпаларды біркелкі және әркелкі пісіруге болады, қалыңдығы әртүрлі болатын, еріту температурасы. Дайындаманың пісіру минималдық қалыңдығы 0,02 мм, ал максималдық – 100 мм-ге дейін.
Түйіспелік пісіру
Пісіру жалғауы бұйымды қыздыру арқылы тоқ өткізеді және келесі жерлік жалғау пластикалық иілу болып табылады.
Пісіру машинада орындалады, ол тоқ көзден тұрады, үзілген тоқ және қысым дайындамасын механизмін қысады.
Бұйымға электрод арқылы жоғары кернеулі тоқ (3…8 В) және үлкен күшті (ондыққа дейінгі кА) жүргізеді. Байланыс бұйым жерінде жылу бөлімі алынады.
Пісірілген дайындама 1 қозғалмайтынғып қатты қысады 2 және қозғалатын 3 тоқөткізгіштік, пісіру трансформатордың екінші орамаға қосылуы 4. Тығыз электрондық түйісу пісірудің жазықтығы жақындайды және қысады. Сосын тоқ қосылады. Дайындама түйісу жазықтығы міндетті температураға дейін көтеріледі, тоқ сөндіріледі, дайындаманы тығыздайды – шөктіру.
Түйісу пісіруді қыздыру түйісуін пластикалық күйде және келесі жүретін тұнбаны кедергі пісіруі деп атайды, ал кесіктерді жылыту кезіндегі еріту тұнбасын – пісіру ерітіндісі деп атайды. Пластикалық иіліс соңында және тез қайта кристаллдану жерінде екі материалдың бұйымын қайта криссталлдану дәні болады.
Пісіру сырық өзек түрлерінің жапсарды жалғау үшін қолданады, қалыңдатылған құбыр, рельстер және т.б.
Жонғыштық пісіру – сырық өзек және беттік конструкцияларды дайындау, бөлек нүктедегі сапалық жалғауды алу. Пісірілген дайындама , собранные внахлест, қозғалмайтын және қозғалатынның арасын электродтар қысады, оралмаға жалғанған трансформатор.
Электродтар ішінен сумен суытылады, Электроды изнутри охлаждаются водой, нагрев локализуется на участках соприкосновения деталей между электродами. Міндетті өлшемдегі линза ерітіндісі, тоқ сөндіріледі, ерітінді қатаяды, пісіру нүктесі пайда болады. Электродтар бұйымды сығады, пластика бойынша иіліс болады.
Пісіру жалғауы өте жоғарғы сапалықты және оларды кептірілмеген конструкцияларда қолдануға болады. Бұны авто- және вагонды құру, құрылыста, сонымен қатар электрлік сұлбаларды жинауға қолданады. Тігістік пісіру беттік материалдың қалыңдығы 5 мм-ге дейін сапасы жоғары және қымтау жалғауды қамтамасыз етеді.
Пісіру тәсілдерінің физикалық мәні және жіктелуі
Пісіру деп, металдардың ажырамайтын қосылыстарын пісірілетін бұйымдарды созылымдық немесе сұйық күйге дейін қыздырумен алу процесін айтады. Пісірудің мәні металдың кішкентай бөлшектерін пісіру орындарында қашықтарын молекулалардың аралық қашықтығына таяу жақындатудан тұрады.Қазіргі пісіру процестері екі негізгі белгімен жіктеледі. Пісіру кезіндегі металдың күйі бойынша және пісірілетін бөлімдерді қыздыру үшін пайдаланылатын энергия түріне қарай. Бірінші белгісі бойынша балқытумен пісіру және қысыммен пісіру деп ажыратады. Балқытумен пісіруде қосылатын бөлшектердің жиектерін балқытылған күйіне дейін қыздырады. Қыздыру көзінен алған соң металл суынады және пісіру жігін түзей қатаяды. Қысыммен пісіруде пісіру қосылысы пісірілетін беттерді созылымдық күйге дейін қыздырумен және сығу механикалық күштерін қосымша қолданумен пайда болады. Металды қыздыру үшін пайдаланылатын энергия түрі бойынша барлық пісіру тәсілдерін негізгі топтарға бөлуге болады: электрлік, химиялық, механикалық және сәулемен. Металды қыздыру үшін электр тоғы пайдаланылатын электрлік тәсілдер тобы ең маңызды болып саналады. Электрлі пісірудің мынадай негізгі түрлерін айырады: доғалы, электр-шлакты, плазмамен. Пісірудің химиялық тәсілдері тобына газдық және термиттік жатады. Бұндай пісіру тәсілдерінде металды қыздыру газ түріндегі немесе қатты күйіндегі әр турлі заттардың тотығуының экзотермиялық реакциялары жылуы есебінен жүзеге асады.
Электр доғалық пісіру
Доғалық пісірудің мынадай негізгі түрлерін ажыратады: балқымайтын көмірлі электродпен (15,а-сурет), немесе Бенардос тәсілі, балқитын металл электродпен (15,б-сурет), немесе Славянов тәсілі, үш фазалы доғаны пайдалану арқылы балқитын электродтармен пісіру тәсілі (15,в-сурет).
1-электрод; 2-электр доғасы; 3-бұйымдар; 4-қосымша металл
15-сурет-Доғалық пісірудің негізгі түрлерінің сұлбалары
Электр доғасы газдардағы күшті электрлік разряды болып саналады. Доғалық пісіруде, аралықтағы газдың иондануы негізінен ыстық катодтан бөлінген электрон эмиссиясының себебінен болады. Доға қасиетін сипаттайтын негізгі өлшемдерге кернеу, тоқ және доға ұзындығы жатады. Доғаның орныққан тұрақты күйіндегі кернеу мен тоқтың арасындағы байланыс оның статикалық вольт-амперлік сипаттамасымен көрсетіледі. Ол ылдиламалы І, тұрақты ІІ және өрлеуші ІІІ болып келуі мүмкін (16-сурет).
Тұрақты сипаттамасы болатын доғаның ұзындығы мен кернеуі арасындағы байланысты мынадай теңдеумен анықтайды.
Uд = α + β lд
мұндағы Uд-доғадағы кернеу, В; lд -доғаның ұзындығы, мм; α мен β -электродтың материалы сортына, газдық ортаның құрамына ж.т.б. байланысты болатын коэффициенттер.
Болат электродтармен пісіргенде ашық ауада:
α = 10В, lд = 2-3 мм; β = 2В - мм.
Доғалық пісіру үшін тұрақты да, айнымалы да тоқ қолданылады. Тұрақты тоқ көздері ретінде тұрақты тоқ генераторлары мен пісіру түзеткіштері қолданылады.
Айнымалы тоқпен пісіруде көбінесе пісіру трансформаторлары қолданылады, олар тұрақты тоқ көздеріне қарағанда өте жиі пайдаланылады.
Пісіру тоғы көздері доғаның жеңіл тұтануын және тұрақты жануын қамтамасыз етуі, қысқа тұйықтау тоғын шектеуі және жұмыста қауіпсіз болуы керек. Доғаны тұтату үшін қажет пісіру тоқ көзі бос жүрісінің кернеуі деп аталатын кернеу шамасы, тұрақты тоқ көздері үшін 30-35 В төмен емес, ал айнымалы тоқ көздері үшін 50-55 В кем емес болуы керек. Ашық доғаның тұрақты жануы үшін көп жағдайда 18-30 В кернеу жеткілікті.
16-сурет-Статикалық вольт-амперлік сипаттама
Қысқа тұйықталу тоғын шектеу үшін тоқ күшін көбейте отырып тоқ көзінің қысқыштарындағы кернеуді азайту қажет. Тоқ көздерінің құламалы сыртқы сипаттамасы (17-сурет) болуы кажет. Сыртқы сипаттамасы деп, тоқ көздерінің қысқыштарындағы кернеу мен тоқ күшінің арасын-дағы байланыстылықты сызықпен көрсетуді айтады. Ылдиламалы сыртқы сипаттама доға жануының тұрақты тәртібін қамтамасыз етеді.
1- құлама; 2-көлбеу құлама; 3-тұрақты; 4-өрлеуші; 5-идеалдандырылған; 6-доғаның вольт-амперлік сипаттамасы
17-сурет-Пісіру тоғы көздерінің сыртқы сипат-тамалары (а) және доға сипаттамасы мен пісіру кезіндегі тоқ көзінің құлама сипаттамасының ара қатысы (б)
Қолмен доғалық пісіру
Қолмен доғалық пісіру электродтармен орындала-ды. Бенардос тәсілімен пісіргенде диаметрі 6-30 мм, ұзындығы 200-300 мм көмір немесе графит электроды қолданылады. Славянов тәсілімен пісіру үшін диаметрі 1,6-12 мм және ұзындығы 150-400 мм болатын металл электродтар паядаланылады. Инертті газдарда пісіру диаметрі 1-6 мм вольфрам электродтарымен жүзеге асырылады. Болаттарды пісіру үшін электродтар болат пісіру сымдарынан жасалады. Доға жануының тұрақтылығын арттыру үшін электрод өзекшесіне жұқа деп аталатын, немесе тұрақтандыратын жабулар қондырады. Олардың құрамына сілтілі қосылыстары (калийдің, натрийдің) немесе доғада ауадағы оттегі мен азотқа қарағанда жеңіл ионданатын сілтілі (кальций) металдарды кіргізеді, сонымен доғаның жану тұрақтылығын жақсартады. Бірақ жұқа жабуы бар электродтар металл жігінің жоғары механикалық қасиеттерін қамтамасыз етпейді, өйткені оны ауадағы оттегі және азотпен қатты қанықтырады. Балқытылған металды ауамен әрекеттесуден қорғау үшін электрод өзекшелеріне қалың, яғни сапалы жабу қондырылады. Олардың құрастырушыларына тұрақтан-дырушылар мен желімдеуішлерден (сұйық шыны) басқа шлак және газ тұзушілер мен қышқылдандырушылар жатады. Арнайы құрамы мен қасиеттері бар ерітілген металды алу үшін оған сондай-ақ легірлеуші элементтер енгізіледі.
Қолмен доғалық пісіру тәртібінің негізгі өлшемде-ріне электродтың диаметрі мен пісіру тоқ күші жатады. Электродтың диаметрін пісірілетін металдың қалыңдығына, жік қабатына (бірінші немесе келесілерінің) және жіктің кеңістіктегі орынына байланысты таңдайды.
Пісіру тоқ күші негізінен электрод диаметріне тәуелді. Оны 3-6 мм диаметр үшін мына теңдеумен анықтайды
Іп.т = k*dэ,
мұндағы Іп.т - пісіру тоқ күші, А; dэ- электродтың диаметрі, мм; k-коэффициент, А/мм; аз көміртекті болат өзекшелі электродтар үшін 40-60-қа, ал жоғары легірленген болат өзекшелі электродтар үшін 30-40-қа тең.
Автоматты доғалық пісіру
Автоматты доғалық пісіруде процестің барлық не-гізгі операциялары (доғаны тұтату, пісіру сымын бұйымға беру, доғаның ұзындығын тұрақты ұстау және пісіру бағытымен доғаны жылжыту) механикаландырылған(18-сурет).
Автоматты доғалық пісіруде балқытылған металды пісіру аумағында атмосфералық ауадан қорғау флюс деп аталатын ұнтақ тәрізді заттың көмегімен, немесе қорғаушы газдардың көмегімен іске асырылады.
Флюстер астындағы
пісіруде пісірілетін бұйымға 8,
жалаңаш сым 3 және бөлек флюс
5 жіберіледі. Пісіру доғасы 10 флюс
қабатының астында пісіру сымы
үші мен бұйымның аралығында
айналасында қосымша және
18-сурет-Флюс қабатының астында автоматты доғалык пісіру
Металл мен қождың суынуынан кейін кейнгісі қабыршық 6 түрінде қаптама металдан 7 жеңіл бөлінеді. Флюстің пайдаланылмаған бөлігі бұйымнан шанапқа флюс сорғызатын құрылғымен кері сорғызылады. Электр тоғы электродтқа тоқ өткізгіш сым 1 арқылы келеді. Сымның жылжуы жіберу механизмінің 2 көмегімен жүзеге асырылады.
Флюс астында автоматты доғалық пісіруде қолмен пісірумен салыстырғанда өнімділік жоғары тоқтарды пайдаланғандықтан 10-20 есеге дейін өседі, біркелкілігі қамтамасыз етіледі және жік металының сапасы жоғарылайды, қалдық пен шашыраудың аз шығыны және угардың (кемудің) жоқтығы нәтижесінде пісіру сымдары үнемделеді.
Автоматты пісіруге қажет флюстер де, электрод жабулары сияқты доғаның тұрақты жануын, қаптама металдың қажетті химиялық құрамын және механикалық қасиеттерін, пісіру жігінің жақсы қалыптасуын және қаптама металдан қож қабыршығының жеңіл бөлінуін қамтамасыз етуі керек. Жасау тәсілдері бойынша флюстер балқыған және балқымаған немесе қыш тәрізді болып бөлінеді. Балқыған флюстер шихтаны жалынды немесе электр пештерінде қорытып, кезекті уақтаумен алынады. Бұл флюстердың құрамына тек шлак түзуші компоненттер кіреді.
Балқымаған немесе қыш флюстері қож түзуші компоненттерден басқа, тағы кышқылдандырғыштар мен легірлеуші элементтерден тұрады. Бұл флюстерді жасау технологиясы электродтық сынаушы қоспаларды алумен ұқсас.
Электр шлагімен пісіру
Электр шлагімен пісіруде негізгі және қосымша металл электр тоғын балкыған шлак арқылы жүргізгенде пайда болатын жылумен балқытылады (19-сурет).
19-сурет-Электр шлагімен пісіру сұлбасы
Пісірілетін бөлшектердің 1, 2 жиектерінің арасындағы кеңістікке флюс 4 және пісіру сымы беріледі. Пісіру флюс қабатының астында электродтық сымдар 6 мен қасына тақап қойылған жақтаушаның 3 аралығында доғаны қоздырумен басталады. Флюс балқығаннан және шлак ваннасы пайда болған соң пісіру сымдары балқыған шлак ішіне батырылады және доға жануы тоқтайды. Дегенмен тоқ балқыған шлак арқылы өтуін жалғас-тырады, ал одан бөлінетін жылу флюстың, бұйымдардың пісірілетін жиектерін, қосымша металды әрі қарай бал-қуына жұмсалады, суыну нәтижесінде пісіру жігі қалып-тасады. Пісірудің бұл тәсілі ауыр машина жасауда пісіріп-құю және пісіріп-соғу конструкцияларын жасағанда, жоғарғы қысымда істейтін қалың қабырғалы қазандар өндірісінде ж.б. кең қолданыс табады. Қорғағыш газ қабатының астында пісірудің мәні мынада, балқыған металды ауадағы оттегі мен азоттың зиянды әсерінен қорғау үшін доғаның аймағына шілтер каналы арқылы толассыз қорғағыш газ ағысы жіберіледі, ол тағу орынынан ауаны ығыстырады.
Қорғағыш газ қабаты астында пісіру
Қорғағыш газдар ретінде инертті (аргон мен гелий) және әрекетті газдар (көмір қышқыл газ, сутегі, азот, су буы); сол сияқты олардың қоспасы пайдаланылады. Көптен-көп аргон мен көмір қышқыл газдары қолданылады. Аргон доғалық пісіру балқымайтын (көбінесе вольфрамды) және балқитын электродтармен іске асырылады. Балқымайтын электродтармен пісіру тұрақты және айнымалы тоқпен қолмен, жартылай автоматпен және автоматты тәсілдермен жүзеге асырылады. Тұрақты тоқ-пен, әдетте оң полярлығымен, тот баспайтын және қызуға берік болаттар, никель мен оның қорытпалары, титан, цирконий, молибден және басқа металдар қалыңдығы 0,1-6 мм пісіріледі. Айнымалы тоқпен алюминий, магний және олардың қорытпалары пісіріледі. Балқитын электродпен пісіру тек автоматты және жартылай автоматты тәсілдермен іске асырылады. Көмір қышқыл газда пісіру жоғары өнімділігімен және құнының төмендігімен сипатталады, соның нәтижесінде бұл тәсіл көбіне көп аз көміртекті, азлегірленген және кейбір жоғары легірленген болаттарды пісіру үшін қолданылады.
Электр түйістіре пісіру
Түйіспелі электрлі пісіру пісірілетін металдардың түйіскен аумағының жылдам қызу құбылысына және қыздырылған бұйымдарды механикалық қысуға негізделген.
Пісіру тоғының күші түйістіре пісіруде оңдаған мың тіпті жүз мың амперге дейін жетеді. Мұндай тоқтарды төмендеткіш бір фазалық пісіру трансформаторларында алады, олардың екінші орамында көбінесе бір орам ғана жасалады. Екінші кернеудің шамасы 1-12 В болады. Жүйеге қосылған бірінші орамның орам санын көбейту немесе азайту арқылы екінші кернеуді өзгертеді, ал онымен бірге пісіру тоғы да өзгереді.
Пісіру орынындағы кедергі пісірілетін материал бетінің тазалығы мен күйіне, материалдың өзінің кедергісіне, пісірілетін бұйымдарға түсірілген қысымның шамасына байланысты, және осы жерде жылу көбірек мөлшерде бөлінеді. Пісіру уақыты пісірілетін материал-дың сорты мен қалыңдығына байланысты, секундтің жүз бөлігінен кейде, тіпті мың бөлігінен бірнеше минутқа дейін өзгереді. Бөлшектерді созылымдық күйге дейін немесе қорытылған күйге дейін қыздырып болған соң, оларға күш түсіреді, бөлшектер пісіріледі. Контактылы пісірудің түйістіріп, нүктелік және тегістік тәсілдері бар.
Түйістіріп пісіргенде (20-сурет) пісірілетін бөлшек-тер 1 (өзекшелер, тілімдер, рельстер, құбырлар) машина-ның мыстан жасалған қысқаштарына 3 бекітіледі. Қысқыш 3 станинаның бағыттаушысымен қозғалатын жыл-жымалы тақтаға 4 орнатылған, ал қысқыш 2 қозғалмайтын тақтаға бекітілген. Пісіру трансформаторының екінші орамы иілгіш мыс шиналар арқылы тақталарға қосылған. Трансформаторлардың бірінші орамы айнымалы тоқтың жүйесіне қосқыш құрылғы арқылы қосылады. Трансформатордың қуатын және пісіру тоғының өзгеруін реттеу үшін сатыларды ауыстыратын қосқыш арнайы қойылған. Жылжымалы тақтаны ауыстыру және пісірілетін бұйымдарды қысу механизмінің күшімен Р іске асырылады. Балқытумен түйістіріп пісіруді көлденең қимасы 4*104...6*104 мм2 дейінгі көміртектік және легірленген болаттар, түсті металдар және әр текті металдар үшін қолданады.
Нүктелік пісіруді табақтан жасалған конструкцияларды қосу үшін қолданады, олардың қажетті беріктігін қамтамасыз ету керек, ал тығыздығын қамтамасыз ету міндетті емес. Табақтардың қосынды қалыңдығы әдетте 10-22 мм-ден артпайды. Нүктелік пісіруде айқастырылған бөлшектерді 1 (21-сурет) біраз күшпен мыс электродтардың 2 арасында қысады, оларға электрлік ұстағыш арқылы пісіру трансформаторынан 3 тоқ жіберіледі.
20-сурет-Түйістіріп пісірудің сұлбасы
21-сурет. Нүктелік контактылы пісіру сұлбасы
Төменгі электрод қозғалмайтын болып орналастырылады, ал жоғарғысы электрлік ұстағышпен бірге қысу механизмінің көмегімен қозғалады және қажетті қысымды Р түсіреді. Бұйымды қысып, трансформаторды іске қосады, бұйымдардың аралығындағы жанасқан орын балқыған металдан ошақ пайда болғанша қыздырылады. Кезекті отырғызу күшін түсіргенде металдардың пісірілуі іске асады, қысымды алумен және тоқты ажыратумен пісіру аяқталады.
Нүктелік пісіру машиналарында көміртекті, легірленген, жоғары легірленген болаттар және түсті металдар пісіріледі.
Тігістік немесе шығыршықпен пісіруде (22-сурет) сұйықтарды, газдарды және басқадай өнімдерді сақтау мен тасымалдауға арналған жұқа қабырғалы ыдыстарды, осымен бірге жұқа қабырғалы құбырлар өндірісінде қолданады.
22-сурет-Тігістік пісірудің сұлбасы
Тігістік пісіруде (22-сурет) қалыңдығы 0,3-3 мм табақтарды 1 айқастыра беттестіріп, пісіру трансформаторынан электр тоғы келетін екі мыс шығыршықтың 2 арасына P күшімен қысады. Шығыршықтың біреуіне немесе екеуіне де арнайы жетекпен ықтиярсыз айналыс беріледі. Тоқты қосқанда және бір мезгілде шығыршықтар айналғанда пісірілетін бұйымдардың жылжуы мен жанасқан беттерінің балқығанға дейін қызуы жүреді, сонан соң қысушы күштердің әсерімен пісіріледі
Газбен пісіру
Газбен пісіруде пісірілген қосылысты алу үшін негізгі металдың жапсарлары мен қосымша металл арнайы пісіру шілтерлерінде оттегі қоспасымен жағылатын жанғыш газдар жалынымен балқыған күйіне дейін қыздырады.
Жанғыш газ есебінде көбіне көп ацетилен қолдану тапты, өйткені оттегінде жанғанда болаттарды және көптеген басқадай металдар мен олардың қорытпаларын пісіру үшін температурасы жеткілікті жалын береді. Балқу температурасы болаттың балқу температурасынан төмен металдарды (қорғасын, алюминий ж.б.) пісіру үшін басқадай газдар пайдаланылуы мүмкін, мысалы сутегі, табиғи газ және басқалар, олар температурасы әжептеуір төмен жалын береді.
Көбінесе жиірек газбен пісіруді қалыңдығы 3-5 мм-аз көміртекті және төмен легірленген болаттардан табақ пен құбыр тәріздес конструкциялар жасауда, шойын мен қоладан жасалған дайындамалардың ақауларын жөндегенде, сол сияқты түсті металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған бұйымдардың өндірісінде қолданады. Өнеркәсіптік көлемде оттегі ауадан алынады, онда оның көлемі 21%-ке жуық. Процесс ауаны - 104,50С температура мен қалыпты қысымда сұйылтуға және кезектегі тазартуға негізделген. Оттектік редуктор (23-сурет) баллондағы немесе құбырдағы оттегінің жоғарғы қысымын пісіргенде 0,2-0,4 МПа және кескенде 1,2-1,4 МПа-ге дейінгі жұмыстағы қысымына төмендету үшін, сондай-ақ оны тұрақты шамада ұстап тұру үшін арналған.
Ацетиленді алудың негізгі тәсілі кальций карбидін сумен ыдырату болып саналады. Ыдырау формуласы:
СаС2 + 2Н2О = С2Н2 + Са(ОН)2
1-тиектік серіппе; 2-қақпақ; 3-қозғағыш; 4-мембрана; 5-қысатын диск; 6-реттегіш серіппе
23-сурет-Оттектік редуктордың сұлбасы
Техникалық ацетилен алынатын аппарат ацетилен генераторы деп аталады. Кальций карбидінің сумен әрекеттесу принципіне байланысты генераторлардың мынадай жүйелерін айырады: "Карбид суға", "су карбидіне", сонымен бірге жанасып әрекеттесу "батырумен" және "ығыстырумен".

- Післядрукарський цех підприємства з виготовлення аркушевої сувенірної продукції
- "Пісня про Роланда" сюжетно-фабульна організація системи образів
- «Пісня про Роланда» як зразок народно-героїчного епосу
- Пісочно- фруктовий торт
- Пк «сайрам» дағы сүт өнімдерінің қауіпсіздігі
- П. Куліш – видатний український фольклорист
- ПК, як основа настільних видавничих систем
- Підхід до управління з позиції людських відносин
- Підходи до визначення терміну «глобалізація» в працях вітчизняних та зарубіжних науковців
- Підходи до класифікації факторів довкілля
- Під час вагітності та пологів у кардіологічних хворих може виникнути необхідність медикаментозного та хірургічного лікування
- Пільги та преференції при застосуванні імпортного мита: світовий та вітчизняний досвід
- Пільги, які надаються юридичним і фізичним особам щодо справляння земельного податку
- ”Піраміда Маслоу” та її трансформації. Практичне застосування теорії потреб