Ірі қара терісі
Ірі қара терісі
Ірі қара терісі жеңіл
өнеркәсіпте маңызды шикізат болып есептелінеді.Оның
көпшілігі былғарылық көңдік тері,ұлтандық
матиралдар жасауға,ботинка,етіктерге
кетеді.Күні жетпей туған,жүні өте қысқа
түсік төлдердің терісі мех өнеркәсібінде-манто,бешпент,
Терінің сапасын анықтайтын көрсеткіштерге оның салмағы,қалыңдығы және жалпы көлемі жатады.Бұл көрсеткіштер малдың тұқымына,жынысы мен жасыеа және де тірілей салмағына байланысты.
Терінің ауырлығы
малдың тірілей орташа есеппен
8-12 пайызындай болса,жаңа туған
бұзау терісінің салмағы10%,үш
айлығында 8%,бір жылдығында 6-7% болады.
Бұзау терісінің абсолютті
Жас мал терісі
жұқа, сақаларының терісі қалын,
Жаңа туған бүзау терісінің жалпы көлемі 0,78 м2,сақа малдыкі 4,27 м2 шамасындай болдады.
Тірілей салмағын,терінің қалыңдығын және жалпы аумағын біле отырып,ірі қараның тірі кездегі терісінің салмағын анықтауға болады.
Тері қалыңдығын штангенциркулмен соңғы сүбе қабырғаның тұсынан өлшейді.
Тері аумағын анықтау үшін малдың мүйіз аралығынан (шүйдесі) бастап ,шонданай төмпелерін қосатын сызыққа дейінгі дене ұзындығы және орта тұсынан өлшенетін дене орамы секілді екі өлшемі алынады. Осы екі өлшем бір-біріне көбейтіліп, шаршы дециметрге айналдырылады.
Тірі кезіндегі
анықталған тері аумағы мен
сойылғаннан кейінгі аумағының
айырмашылығы 2,5-4% болады. Жақсы азықтандырылған
малдың терісі көлемді келеді,
Түсік бұзау терілері жетілу мерзіміне қарай мынадай түрге бөлінеді:
1.Тықыр жүнді терілер-
құрсағында төлі 6-8 ай дамып,түсік
тастаған сиырлар бүзауларынан
алынады. Олардың орташа көлемі
46 шаршы дециметр, қалыңдығы 1-1,4мм
болады. Сондықтан бұлар былғарылық-
2.Түкті терілер-дамуының соңғы айында іш тастаған сиыр түсіктерінен алынады.Ал орта бөліктерінің қалыңдығы 1,4-1,6 мм, мойны 1,7-1,3мм, теек жағы 1,2-1,5мм болады.
Бұқашық терісі-тірілей салмағы 200-300 кг тартатын,1,5-2,5 жастағы тана бұқадан алынады. Бұл терінің жас күйіндегі салмағы 13-17 кг,көлемі 200-300 дм2, ал қалыңдығы әртүрлі:арқа, бел, құйрық, құйымшақ тұстары 3,5-4,5 мм,етек жағы 2-3мм болады. Терісінің қатпарлылығы күштірек дамыған. Тана бұқа терісі ұлтанға,ұлтатаққа және жұмсақ былғары жасауға қолданылады.
Сиыр терісімұны яловка деп атайды,салмағы 13 килограмнан жоғары болады. Тері өндірісінде салмағына қарай сиыр терісін үш топқа бөлінеді: жеңіл-13-17 кг, орташа-17-25 кг және ауыр-25 кг-нан жоғары. Сиыр терісінің көлемі 200-450 дм2, ал құйымшақ,жамбас тұстарының қалыңдығы 2,5-4 және 3,5-5 мм болып келеді. Жеңіл терілерінің мойын жағы 2-2,5 мм,етек жағы 1,5-2,5мм болса, ауыр терілердікі одан қалыңырақ-3,4 және 2,5-3,5 мм болады.
Жеңіл терілерден аяқ киімдердің басына,қонышына жарайтын көн,хромдар,ал орташасынан ұлтан,ұлтандық,техникалық және ер-тұрман бұйымдары жасалады.
Жылқы терісі. Қазіргі кезде тері өнеркесібінде жылқы терісінің алатын орны төмен. Өйткені жылқы саны әлі де аз.дегенмен жылқы етін, қазы,қазы –картасын,жалы мен жаясын, шұжық пен бал татыған сары қымызын кім ұнатпайды. Көпшілік жерде жылқының еті мен қымыз өнімін жоғары бағалай келіп, оның тері өніміне жеткілікті мән бермей, көбінесе тастай салады. Бұл дұрыс емес. Оның бағалы шикізат екенін ешуақытта естен шығаруға болмайды.
Жылқы терісінің
қалыңдығы тұқымына, жынысына,жасына
және жеке учаскелеріне
Жылқы жабындық, семіздік, қорғаныштық деп аталатын үш түрлі түк болады. Жабындық түк денесін қаптап жатады, ол жай қылшықтан және түбіт қылшықтардан тұрады. Қорғаныш түктерге жалы мен кекілі, құйрығы мен шашасы жатады. Жал өскен жері өте қалың-15-20 мм болады.
Сақа жылқы терісінің салмағы 25-27 кг, аумағы 420-450 дм2 ,жас жылқылардыкі 2,5-10 кг, аумағы 80-100 дм2 келеді. Жылқы терісінің қалыңдығы біркелкі емес. Мысалы сауыр терісінің қалыңдығы біркелкі емес. Мысалы сауыр терісінің қалыңдығы біркелкі емес. Мысалы сауыр терісінің қалыңдығы-3-5 мм,алдыңғы жағыныкі -1,5-3 мм, құрсағыныкі – 1,5-2,5мм. Осыған байланысты сойған кезде жылқы терісін екіге бөліп алады: алдыңғы жағы және артқы жағы (хаз).
Жылқы терісін
жасына қарай ұзақ жылқы
Ұзақ жылқы терісіне құлын,жабағы, тай терілері жатады.
- Өлі туған құлын терісі- өңі жұқа және жіңішке болады. Дермасы нашар дамыған, коллаген талшықтары жіңішке, жасауға элементтері көп. 7-8 айлық эмбриондарда түк болмайды,терісінің аумағы 30 шаршы дециметрден аспайды, салмағы-1-1,5 кг.Бұлар астарлық, галантериялық бұйымдар жасауға қолданылады.Ж.н өскен эмбриондар терісі құрсақ дамуының соңғы кезеңінде анылады.Оның салмағы- 2 кг, аумағы-30-50дм2, жүнінің ұзындығы-1 см.Бұдан мех бұйымдарын, оған жарамсыздарын аяқ киім, галантериялық, астарлық тері жасау үшін қолданылады.
- Құлын терісі- алты айға дейінгі, енесін еміп жүрген құлындардан алынады.Дермасы- тығызырақ, жүні- жаксы дамыған, ұзындығы-1-3 см.Бұдан быллғары бұйымдарын, сондай- ақ хромдық, қолғаптық терілер жасаған жақсы.Көлемі 40-70дм2, салмағы- 1,5-2,5 кг,қалыңдығы-0,5-1,5мм.
- Жабағы терісі- енесінен айырылған 7-8 айлық құлындардан алынады.Оның жүні түлей бастаған, салмағы-5 кг, көлемі-80-130 дм2 ,қалыңдығы-1,5-2 мм, хромдық терілер жасауға өте қолайлы.
- Тай-құлын терілері – 1-3 жаска толған жас жылқылардан алынады.Бұл терілердің салмағы- 5-10кг, көлемі-120-200дм2 болып келеді, артқы бөлігінің қалыңдығы -2-2,5 мм, алдыныкі -1,5-2 мм болып келеді.Бұлардан кәдимгі аяқ киім үшін хромдық терілер жасалады.
Ірі жылқы терісі – салмағы 10кг-нан жоғары.Ал жеңіл деп аталатын терілердің салмағы -10-17кг, ауыр терілердікі 17 кг-нан артық.Бұл терілерді алдыңғы және артқы бөліктерге ажыратып пайдалынады.Ірі терінің көлемі 400-450 дм2 болады.
Алдыңғы бөлігі салмағына қарай ауыр және жеңіл деп екіге бөлінеді.Желінінің салмағы 12 кг-ға дейін, көлемі 160-250 дм2, қалыңдығы -2,5-3,5 мм, ең ауырының салмағы -12 кг-нан көп, көлемі -170-300 дм2 , қалыңдығы -3-4 мм.Алдыңғы бөліктерінен аяқ киімдік көн, хром жасалынады.
Артқы бөлігі жеңіл, ауыр деп екіге бөлінеді.Желінінің салмағы 5 кг-ға дейін, көлемі 60-190 дм2, шпигелі тұсыың қалыңдығы 3-3,5 мм, ауырының салмағы 5-кг-нан жоғары, көлемі- 190 шаршы дм-ден көп, қалыңдығы3,5 мм-ден артық, артқы бөліктерден былғары, ұлтандық терілер жасалынады.
Түйе терісі.Тері өнеркәсібі үшін түйе терісінің алатын орны өте төмен.Өйткені түйе саны басқа ірі қара малмен салыстырғанда өте аз.Дегенмен малшы қауым түйені пайдаланып, оның қымыран және шұбатын ішіп, етін жеген.Көпшілік жерде түйенің қымыран- шұбатына және ет өніміне жоғары баға бере отырып, көбінесе мойнақ терісін пайдаланып, терісін тастаған.Ол дұрыс емес, өйткені түйе терісі бағалы шикізат.
Түйе терісінің қалыңдығы тұқымына, жасына және де жеке учаскілеріне байланысты.Әсірісе түйеде өркеш тұсының терісі өте қалың.Өркеш терісімен салыстырғанда мойнақ, бүйір терілері қалыңырақ, ал шат терісі жұқа.Түйе терісіне тән белгі- өркеш тұсындағы ақ сызықты үйегі.Ауыр түйе терісі аруана терісіне қарағанда тығыздау келеді.Жасына қарай түйе терілері мынадай топтарға бөлінеді: бота терісі, сақа терісі, ірі түйе терісі.
Өлі туған бота терісі жұқа, дермасы нашар дамыған, 6-8 айлық эмбриондарда түк болмайды.Жүні өскен эмбриондар терісі құрсақта дамуының соңғы кезеңдерінде алынады.Аруана, айыр, нар түйелерінен туылып, ауырып өлген немесе түсік бота терілері.Бұл терілер былғарылық терілер тобына жатады.Бота терісінің салмағы түйенің тұқымына, туылған күніне, құрсақтағы дамуына, іш тастау уақытына байланысты.
Сақа түйе терісі 4-5 жастағы түйеден алынады.Түйенің сыпырып алғандағы терісінің бір жартысының салмағы 13-18 кг, көлемі 272-300 дм2 , ал қалыңдығы әр түрлі: мойнағы-2,2, өркеші-2,9, бүйірі-2,1, шаты -1,1, мм.Бұл терілерден көн жасауға болады.Көнін сүргіліе-әрлеу арқылы жұқартуға болады.
Ірі түйе терісі.Бұлардың самағы 18 кг-нан жоғары.Жеңіл деп аталатын терінің самағы 10-13 кг, ауыр терілердікі 18 кг- нан артық.Түйе терілерін оң және сол бөліктерге бөліп, ажыратып пайдалынады.Ірі терінің көлемі 300-450дм2.
а) оң бөлігі салмағына қарай ауыр және жеңіл деп екіге бөлінеді.Желінінің самағы- 3-13 кг-ға дейін, көлемі- 100-272 дм2, қалыңдығы -2,5-3,1 мм, ауырының салмағы- 13 кг-нан асады, көлемі- 170-300 дм2 , қалыңдығы- 3-3,5мм.
б) сол бөлігі жеңіл-ауыр деп бөлінеді.Желінінің самағы 6 кг-ға дейін, көлемі -70-190 дм2, ауырының самағы 6 кг- нан жоғары, көлемі-190 шаршы дм-ден көп, қалыңдығы 3,1 мм-ден артық.
Уақ мал терісі
Қазақстанда
қой шаруашылығы мал
Басқа малға қарағанда қой терісі қалың болмайды, орташа қалыңдығы 1630-3700 микрон, эпидермисі жұқа, дермасының түкті қабаты күшті дамығын.Мұнда көптеген жүн түбірлері, май және тер бездері орналасқан.Өңделген теріде бұлардың орны қуыстанып қалады.Осыған байланысты түкті қабатбос келеді, оның қалыңдығы жалпы қалыңдығының 58(қаракөл, гиссар), 72,3(арқар- меринос) пайызындай болады.Бұл қабатта әсіресе эпидермис астында жасуша элементері көп, сирек орналасқан жіңішке эластин, коллаген талшықтары бар және түктері қозғалатын бұлшық еттері мен қан тамырлары орналасқан, коллаген талшықтары денені және түктерді бойлап орналасқан, ал эластин талшықтары түк қаптарының төңірегіне шоғырланған.Май бездері эпидермис астындағы қабатта, тер бездерінің тер түзетін бөлімі түк баданасының тұсында немесе оның астында орналасқан.Май бездерінің өзегі түк қабатына, тер бездерінің өзегі тері үстіне ашылады.
Торлы қабат- пилярлы(түкті ) қабатының астында жайғасқан.Бұл қабат басқа малға қарағанда қойда нашар дамыған, оның коллаген талшықтары жіңішке болады да негізінен көлбеу толқынға ұқсап сирек орналасады,кеуде тұзақ тәріздес өрнектер құрайды.Қылшық жүнді қойлардың (қаракөл, роман) коллаген талшықтары жуандау, тығызырақ орналасқан өрнектері күрделіре болып келеді.
Олардың торлы
қабатында тұзақ және ромба
тәрізді фигуралар көбірек
- Жеңіл тоқты терісі. Мұның көлемі-30-40 дм2, самағы- 1,5-2 кг-ға дейін.Мұндай терілер 3-5 айлық қозылардан алынады.
- Ауыр тоқты терісі 6-9 айлық марқа тоқтылардан алынады.Бұлардың аумағы 50 дм2 болса, құйрықты қойлардың 70 дм2, самағы 1,2-2 кг-нан 2-2,5 кг-ға дейін тартады.
- Сақа қой терісі. Мұның көлемі 50-80 шаршы дициметр.Ал құйрықты қой терілері 60-90 шаршы дициметрге жетеді.Біріншілерінің салмағы 2,5кг шамасында, екіншінікі- 3,0-3,5 кг.Сауыр терісінің қлыңдығы-0,8-1,3 мм.Тоқты терілеріне қарағанда дермасы едәуір тығыз , коллаген талшықтарының өріндісі күрделірек.Бұл теілер шеврет жасау үшін өте керекті шикізат.
- Ауыр қой терісі- кәміл жетілген сақа қойлар мен кәрі қойлардан, қошқарлардан алынады.Бұлар көлемі, самағы және тығызды,ы жағынан сақа қой терісінен басым келеді.
Негізінде терінің
сапасы сою мерзіміне
Ешкі терісі. Қой терісіне қарағанда майы аз.Май тек қана далалық түбітті және жүнді ешкілердің терісінен едәуір мөлшерде кездеседі.Көпшілік ешкі тұқымдарының жүні жіңішке түбіттен жуандау жай талшықтан тұрады.Жүндес бағыттағы ешкілердің жүні аралық қылшық пен жуан түбіттерден құралған.Жай қылшықтар теріде жалғыздан, түбіт 8-32 талшықтан топталып орналасқан.Құрылысының осындай ерекшеліктеріне қарай, қой терісінен гөрі ешкі терісінің тығыздығы мен беріктігі едәуір жоғары келеді.
Жас ерекшелігіне
байланысты ешкі терілері лақ
терісі, ерекше ұсақ, ұсақ орташа
және ірі терілер деп бөлінеді.
Мехтық лақ терісі.Бұған 1-1,5 айлық және шала туған, өлі туған лақ терісі жатады.Олардың көлемі-8-16 дм2, салмағы -200-800гр.Бұл терілер жұқа, майысқақ,жүні тығыз әрі жіңішке талшықтардан құралған.Түктері өте жылтыр, құлпырмалы өрнектерден тұрады.Бұл терілерден әйелдерге пальто, балаларға пальтолар мен жағалар жасалады.
Ерекше ұсақ терілер. 1 айдан 2-3 айға дейінгілақтардан түсді, көлемі-10-26 дм2, салмағы- 400-1,3 кг.Бұлардың жүндері ұзындау да жуандау келіп, құлпырмалы өрнектері болмайды.Жүні жақсыларынан былғарылық тауар, қолғап, аяқ киімдік шевро- көн жасалады.
Ұсақ терілер 3 айдан 5-6 айға дейінгі марқа лақтардан алынады.Олардың көлемі-25-46 дм2, салмағы -2,2 кг.Бұл тері өте тығыз, жұмсақ аяқ киімдік шевро үшін пайдаланылады.Иеленген өте берік, әрі жұмсақ, әдемі келеді.
Орташа терілер 6-10 айлық жас ешкілерден алынады.Терісінің көлемі-45-60дм2, салмағы -1-3,3 кг.Бұдан жақсы аяқ киімдік шевро алынады.Күзде, қыста сойылған далалық түбітті ешкі терілерінен мех тауары, муфлон жасалынады.
Ірі терілер негізінде сақа ешкілерден алынады, аумағы 60 шаршы дициметрден артық және қалың, тығыз қылшығы ірілеу келеді.Жаңа сойылған кездегі ірі ешкі терісінің салмағы 1,5-4 кг.Бұлардан аяқ киімдік шевро аз жасалады.
Ешкі терісінің
сапасы оның тұқымына және
өңдеу технологиясына
Аң терісі
- Қоян терісі негізінде асыранды қояндардың әртүрлі тұқымдарынан және жабайы түрлерінен алынады.Былғары өнеркәсібі және орташа-кіші кәсіпорындар үшін қоян терісі ең негізгі шикізат түрі болып саналады.Республиканың солтүстік және орталық облыстарына қарағанда оңтүстік өңірлерде қоян шаруашылығы біршама дамыған.Бұрынғы одақ кезінде оңтүстік өңірлерден қоян терісінің 82%, орталық өңірлерден 11-12%, ал солтүстік өңірлерден 15%-ға жуығы дайындалған.Оңтүстікте өсірілетін қоян терісіне қарағанда солтүстікте өсірілетін қоян терісінің сапасы едәуір жоғары.Өйткені түбіті өте қалың.Негізі қояннның жүні өте жұмсақ түбіт аралас, майсыз өте жұқа тері.Қоянның ұрғашы еркегінен үлкендеу болады.Ұрғашысының терісі жұқа, алеркегінің терісі ұрғашысынан қалыңдау.Ұрғашысының терісі еркегінің терісінен үлкендеу келеді.
- Түлкі терісі көбінесе жабайы өсетін түлкілер мен аңшылық шаруашылықтарында бағылатын түлкілерден алынады.Бұл терілер ұзын жүнділерге жатады.Түркілердің, әсіресе, бағыттаушы талшықтары ерекше ұзын (82 мм-ге дейін) келеді.Бағыттаушы қоңырқай, қара түсті.
Түлкінің қылшық талшықтарының ұшында ақшыл түсті сақиналы бұйрасы болады.Қызыл түлкіде ол жиірек, сары немесе ақшылдау түсті, ал жылтыр қара түстіде шымқай- ақ.
Жалпы, түлкі
терісін табиғи түсіне қарай
қызыл, қара- қоңыр және жылтыр
қара деп бөледі.Еркегі
- Қасқыр терісі.Қасқыр терісінің жұмсақтығы, үлпілдектігі, жүннің қоюлығы мен түсі, сондай-ақ терісінің аумағы көбінесе мекендеген жеріне байланысты.Негізінде қасқыр терілері бес түрге бөлінеді: полярлық қасқыр терісі өте үлкен.Жүні өте әдемі қою, әрі жұмсақ, бауыр жүні өскелең, жұмсақ қою, тері ұлпасы жұқа.Жүн талшықтары ақшыл немесе күңгірт-сұр, көгілдірлеу реңді.Құйрығы үлпілдек.Қасқыр терісі Қазақстанда ормандық және далалық болып бөлінеді.Бұлардың сібірлік қасқырдан айырмашылығы- денесі шағындау, әрі жүні қысқалау.Құйрығы онша үлкен емес.Орта Азияның таулы аудандарында мекендейтін қасқырлар терісінің жүні өскелең, жұмсақ, бірақ сирек, түсі ақшыл-сұр, жота жүні қоңырқай, бүйірі мен бауыр жүні ақшыл.Орта Азиядағы далалық қасқырлардың терісі ұсақ, жүні көріксіздеу, қатқылдау.Жотасы сұрғылттау сары, бауыры ақшыл- сұр түсті.Терісінің түсі талшық пен түбіт аралас, майлы.Жазда қоңыр- сұр, қыста жүні қалың, ақшыл- сұр түсті болады.Қыста түбіт саны артып, жазда түлеп азаяды.Сондықтан қасқырды қыста ұстаған жөн.Қыста ұстаса, терісінің сапасы жақсы болады.
- Шүйебөрі терісі. Оның аумағы аңның мекендейтін жеріне байланысты.Олар Орта Азия мен Қазақстанның жазық жерлерінде мекендейді.Шүйебөрінің сыртқы түрі қасқырға ұқсайды, бірақ одан кішілеу.Шүйебөрі терісінің жүні сарғыш, қылшықты келеді.Ұрғашысынан еркегінің терісі үлкендеу.Терісі майлы.Шүйебөрі терілері түрге бөлінбейді.Терісін көбінесе қызыл-қоңыр немесе қара түстерге бояйды.
- Борсық терісі. Бұл терінің аумағы оның үлкен-кішілігіне байланысты.Борсық терісінің жота жүні сұрғылттау- қара, қоңырқай- қара, ақшыл-қара болады.Терісі қылшықты болып келеді.Борсық терісі өте майлы топқа жатады.
- Ондатр терісі.Ондатр терісінің жүні жылтыр, ұзындығы орташа. Жотасындағы жабын талшығы біршама ірі, қою да жұмсақ түбіттен едәуір ерекшеленіп тұрады.Жота жүні сарғыш, қызыл-қоңыр.Бүйір жүні ақшылдау,бауыр жүні ақбоз түсті.Қара ондатрдың жота және бүйір жүндері қоңырқай немесе қара-қоңыр, түбіті- қара-сұр.Бауыры ақбоз түсті.Сақа ондатрдың бауыр жүні жотасынан гөрі өскелең.Жазда жүн талшыұтарындағы қылшық саны көбейіп, қыста жүн талшықтарындағы түбіт саны артады.Сондықтан оны қыста ұстаған жөн.Терісін машинада шелдеуге келмейтін өте майлы тері.
- Тау тышқан терісі. Бұл тышұандар көбінесе таулы жерледі мекендейді.Тау тышқанның ерекшелігі жүні едәуір өскелең, үлпілдек, түбітінен едәуір ұзарып өскен қылшығы жақсы жетілген.Терісінің түсі- сарғыштау,қара-қоңыр,жотасына қарағанда бүйір жүндері біршама ақшылдау, бауыр жүніақшыл- сары.Басы қоңырқай, жотасы, құйрығы сарғыштау.Жүн талшықтары қылшық пен түбіт аралас, терісі өте майлы.Тау тышқандарының түбіті жаз айларында түлеп азайып,ал қысқа қарай жүн талшықтарының түбіт саны артады.Өнімді көбінесе табиғи түрінде немесе бояп шығарады.Негізінде қара немесе қызыл-қоңыр түске боялады.

- Ірі су қоймаларын салудың негативті салдары
- Ірі су қоймаларының экологиялық зардаптары
- Ірпінський регіон
- Іс-әрекет мотивациясы
- Іс-әрекет мотивациясы
- Іс-әрекет мотивациясы
- Іс-әрекет мотивациясы
- Іонізуючі випромінювання
- Іпотека землі
- Іпотечне кредитування
- Іпотечні банки
- Ірак
- Ірі қара мал шаруашылығы
- Ірі қара малының, шошқаның, ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы