Рынок құрылымы және оның түрлерi
ЖОСПАР
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе тиiмдi экономикалық дамуды қолдайтын iс-шаралар керек.
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макро деңгейдегi нарықтық қатынастар күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана рыноктың элементтерi сұраныс пен ұсыныс, баға бәсеке деп төтесiнен айту қиын. Өйткенi бүгiнгi таңда фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында жеке белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз / 1, 318 бет /.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi нарықты қэкономикадағы монополияның орны, оның түлерi, соның iшiнде қоғамда мiндеттi түде орын алатын табиғи монополия жағдайының әлеуметтiк және экономикалық салаларға ықпалының оң және терiс әсерлерiн қарастыру.
Экономикалық шаруашылықтар өте күрделi және жан-жақты болғандықтан өмiрде табиғи монополиялық жағдайдың қызмет етуiн талдаудың орны ерекше. Мұндай табиғи монополияларға жалпы келесiдей мысалдар келтiруге болады. Мысалы, АҚШ-тың “Microsoft” компаниясы әлемдегi “Windows” жүйесiнiң бiрден-бiр монополист компаниясы болып отыр, яғни, осы компанияның компьютерлiк бағдармалары арқылы АҚШ-тың әлемге аты танылып, жоғары пайда табуда / 1, 316 бет /.
Бiздiң елiмiз экономикасына келетiн болсақ әлi күнге дейiн мұндай әлемдiк рынокта жетекшi өнiм шығаратын компанияларымыз жоқтын қасы, ал мұндай фирмалардың болуы әлемдiк рынокта елiмiздiң бәсеке қабiлетiн арттырып, өндiрiс факторларын тиiмдi қолдануға жол ашады. Сондай-ақ елiмiзде табиғи монополиялар электрлiк салаларда, халықты сумен және жылумен қамтамасыз ету тораптарында орын алуда.
Сонымен, табиғи монополия дегенiмiз рынокта қандай да бiр тауарлар мен қызметтердi өндiруде бiр фирманың аз ғана шығындармен өндiруi және оны халыққа ұсынуы болып табылады. Яғни, мұнда бiр фирма өзiнiң жекелеген ерекшелiктерiне байланысты өндiрiстiң тиiмдi технологиясы арқылы сол салаға жоғары дәрежеде мамандануын айтамыз.
1 РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ РЫНОК
1.1 Рынок құрылымы және оның түрлерi
Рынок құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны болып табылады.
Экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.
Рынок құрылымының негiзгi түрлерiн келесi суреттен көруге болады:
/ 1, 350 бет /.
Жалғыз Бiрнеше
фирма фирма Көптеген фирмалар
Сурет-1 – Рынок құрылымының төрт түрi
Бұл суреттегi жетiлген бәсеке
қалыптасу үшiн ондаған
Жетiлген бәсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
- Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
- Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз. Сондықтан, оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
- Баға, техология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
- Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ / 4, 253 бет /.
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол бағаны сырттан белгiленген баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген өнiмнiң кез келген мөлшерiн рыноктық бағамен сатады. Олардың сұраныс абсалюттi икемдi болып келедi / 3, 279 бет /.
Р
Р0 D = MR
Сурет- 2- Бәсекелес фирманың сұраныс қисығы
Суреттен көрiп отырғанымыздай өндiрiлген өнiм тұрақты (Q) тұрақты бағамен (Po) сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке жағдайында шектi түсiм (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес келедi /3, 283 бет /.
Фирманың жалпы не ортақ табысы
өндiрiс көлемiнен өндiрушi баға
көбейтiндiсiне тең , яғни TR = p * Q
Мұндағы: TR – жалпы түсiм;
р – баға;
Q - өнiм көлемi.
Бәсекелесу деген сөздiң өзi экономикалық пайданы бөлу және ұтынушының таңдауының бар екендiгiн көрсетедi. Дәл осы себептен де өндiрушiлер тұтынушының сұранысын арттыру үшiн әрекеттер жасайды.
Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерiн тигiзедi. Бұл 3-суретте бейнеленген / 4, 303 бет /.
Сурет-3 – Монополияның басқа рынок құрылымдарынан ерекшелiктерi
Рынок құрылымындағы жетiлген бәсеке мен таза монополия нарықтың қызмет етуiнiң қарама-қарсы түрлерi болса, ал ендiгi бiр рынок құрылымы монополиялық бәсеке нарығы осы екi рыноктың арасындағы рынок болып табылады, яғни, не толық бәсекелiк емес немесе таза монополиялы рынок емес.
Нарықтың осы құрылымы
нақты өмiрде жиi кездеседi. Мысалы,
аяқ киiм нарығы, жеңiл және тамақ
өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кино және көркем
әдебиет нарығында көрiнiс
Сонымен, сатушылар өз тауарының бағасына әсер ететiн, бiрақ басқа сатушылардың әрекетiн есепке алмайтын, нарыққа кiрiп шыға еркiн, ал сатып алушылар тауар бағасын берiлген деп есептейтiн нарықтық жүйенi монополиялық бәсеке деп атайды / 5, 175 бет /.
Бұл нарықта өндiрушiлер бәсекеге төтеп беру үшiн жарнама және қосымша шығындарға кезiгедi. Яғни, өз тауарына сұранысты көбейту үшiн шығарған өнiмдерiне ерекше қасиеттер енгiзуге тырысады.
Монополиялық бәсеке қалыптасуы үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiншiлiгi болмауы керек. Осындай монополист бәсеке жағдайында әр фирма өз тәуекелдiлiгiмен әрекет жасайды және баға саясатын өзi анықтайды. Бұл рынок жағдайында басқа фирмалардың iс-әрекетiн болжау мүмкiн емес, өйткенi әрбiр фирманың өнiмi сараланған. Аларманның ұнатымына қарай монополистiк бәсеке жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде дамыған / 5, 176 бет /.
Жетiлген бәсекелi және монополиялық рыногта өндiрушi фирма өз тауарының бағасын және тиiмдi өнiм көлемiн анықтаған кезде тек қана тұтынушының реакциясымен өзiнiң жеке өндiрiстiк мүмкiндiктерiн ғана ескерiп отырады. Сондықтан бұл нарықтардағы пайданың жоғары деңгейге жеткiзу, тек қана, орташа шығын, шектi шығын қисықтарын және сұраныс қисығын шектеу арқылы iске асырылады.
Ал олигополия дегенiмiз тауардың көпшiлiгi бiрнеше iрi фирма арқылы өндiрiледi. Ол фирмалардың рынокқа әр қайсысының әсерi айтарлықтай болып табылады. Кейбiр олигополия монополист сияқты бағаға әсер етуi мүмкiн. Мысалы, бiр класты автокөлiк нарығы / 1, 370 бет /.
Олигополия нарығы төмендегiдей ерекшелiктерiмен сипатталады:
- Нарықтағы көлемдi сату үлесi бар және бiр – бiрiмен бәсекелес бiрнеше фирмалар болады;
- Жоғарыда айтылған фирмаларды, көбiнесе басым (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемiнiң өзгеруiне едәуiр ықпал етедi;
- Олигополиялық фирманың өндiрiс шешiмдерi тек қана тұтынушы iс- әрекетiне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешiмдерiне де байланысты болады.
Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнiм шығару көлемi туралы шешiм қабылдағанда өзiмен бәсекелес фирмалардың барлық мүмкiндiктерiн ескерiп, талдап отырады / 1, 349 бет/.
Олигополияның бiрнеше моделi бар. Оларға: Курно дуаполиясы, қарама – қарсы мақсаттары бар екi жақтың ойыны, нарықта үстемдiк жүргiзiп тұрған фирманың моделi және картель.
1.2 Монополиялы рынок және оның түрлерi мен ерекшелiктерi
Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз / 4, 303 бет /.
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.
Бұл шектеулер төмендегiдей:
- Iрi өндiрiстiң басымдылығы;
- Легальды тосқауылдар ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
- Бәсекелесудi әдiлетсiз жүргiзу.
Iрi өндiрушiлердiң ұсақ
өндiрушiлермен салыстырғанда
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi – жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор, өйткенi Кеңес үкiметi кезiнде ойлап тапқан жаңалықтардың көбiнiң мемлекет аралық патентi жоқ болды, сондықтан да бұларды шет елдiң адамдары тегiн пайаланды.
Бәсекенi әдiлетсiз түрде жүргiзудiң негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады / 6, 26 бет /.
Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы рыноктық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе алады, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.
Кейбiр жағдайда әлемдiк тұрғыдан бәсекенiң күшеюi ұлттық экономикада белгiлi салаға ұлттық монополияны немесе табиғи және жоғары дамыған монополиялардың қажеттi екенiн дәлелдеп отыр.
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде iрi өндiрушi-монополистер бар.
2 ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ФИРМАЛАРДЫҢ IС-ӘРЕКЕТI
2.1 Табиғи монополия және оның қысқа және ұзақ мерзiмдегi iс-әрекетi
Жалпы монополияның қызмет етуiнiң негiзi бұл табиғи монополия болып табылады. Табиғи монополия дегенiмiз рынокта қандай да бiр тауарлар мен қызметтердi өндiруде бiр фирманың аз ғана шығындармен өндiруi және оны халыққа ұсынуы болып табылады. Яғни, мұнда бiр фирма өзiнiң жекелеген ерекшелiктерiне байланысты өндiрiстiң тиiмдi технологиясы арқылы сол салаға жоғары дәрежеде мамандануын айтамыз.
Рынокта монополиялы
рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi
шарты монополияда
1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен авторлық құқықтар жатады.
Бiрақ мұндай ерекше ресурстар рынокта болғанымен, бiрақ шын өмiрде мұндай ресурстық монополиялы рынок өте сирек кездеседi. Олардың әлем бойынша бiрнеше түрлерiн атап өтуге болады.
Мысалы, Оңтүстiк Африка республикасында әлемдегi алмаз өндiрiсiнiң 80-85% өндiрiледi және ол өндiрiс тек қана бiр компанияда, яғни “De Beers” компаниясы 100% өндiрiс көлемiн иемденген. Әрине мұндай ауқымды көлеммен монополист компания әлемдiк алмаз және брилиант бағаларына өзгерiс енгiзе алады. Сондықтан, бұл компания ұлттық экономика деңгейiнде қолдау тауып, оған мемлекет ерекше құқық беру арқылы өз елiнiң әлемдегi рыногының орнын сақтауға тырысады / 2, 318 бет /.
2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың сол салаға мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады. Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды.
Осы iрi өндiрiстiң басымдылығы болуы
рынок құрылымындағы
Шығындар
АС2
АС1 Орташа жиынтық
Q2 Q1 Өнiм көлемi
Сурет-4 – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi
Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар
қисығы терiс ылдилы көлбеулiк болып
келедi. Бұл жағдайда қандай өнiм
болмасын және оны қанша мөлшерде
өндiрмесiн оны бiр ғана фирмада
өндiру тиiмдi болып келедi. Егер бұл
рынокқа басқа бәсекелес
Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.
Бiрақ рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.
3. Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер шығару бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада шығарылады. Егер де шығарылған өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып, оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi / 3,257бет /.
Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi, оның негiзгi түрi – демпинг – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Бұл дегенiмiз рынокты экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсерiн тигiзедi, сондықтан мемлекет тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады
/ 3, 305 бет /.
Табиғи монополистiң өнiм
П = TR – TC = p(Q) * Q – TC(Q) (1)
Мұндағы, П – монополист пайдасы;
TR - өндiрушiнiң жалпы түсiмi;
TC – жалпы шығын;
Q - өнiм көлемi;
Р – баға деңгейi.
Яғни, пайданы барынша көбейту шарты “MR = MC” болып табылады.
Мұндағы, MR – шектi түсiм;
MC – шектi шығын / 7, 223 бет /.
Бұдан монополистiң пайдасы өндiрiстiң шектi шығындары шектi түсiмге тең болғанда ғана ең көп болатынын көремiз.
Табиғи монополист қысқа мерзiмдi жағдайда пайданы барынша көбейту шарты MR=MC болса, онда келесi жағдай орны алады:
Бұдан пайданы мейлiнше көбейту шартын келесi түрде көрсетуге болады:
Р (1/Е +1) = МС
Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi Е<0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң шектi шығынына қарағанда жоғары болады, яғни Р >МС. Пайданы барынша көбейту шартын 5-сурттен көре аламыз. / 1, 325 бет/.
Суреттен көретiнiмiз монополиялық нарық бағасы өндiрiс көлемi (Qm) мен сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесi арқылы анықталады. Яғни монополиялық баға Pm болып табылады.
Баға (Р) MC
Р1
Рm В АТС
Р2 А
MR AR
Q1 Q max Q2 Көлем (Q)
Сурет-5 – Табиғи монополистiң пайдасын барынша көбейту шарты
Монополиялық бағаны табу формуласы келесiдей болады / 5, 195 /.
Мұндағы, Р - монополиялық баға;
МС – шектi шығындар;
Ер – сұраныстың бағалық икемдiлiгi /4, 307бет /.
Сондай-ақ табиғи монополиялы рыноктағы фирма ылғида экономикалық пайда ала бермейдi. Себебi, егер де сұраныс қисығы AR мен орташа шығын қисығы ATC бiр-бiн жанау арқылы өтсе, онда фирманың пайдасы нольге тең болады. Егер, фирманың шығындары сұраныс қисығынан жоғары орналасса , онда фирма экономикалық зиян шегедi.
2.1 Табиғи монополияны реттеу шаралары
Бiзге белгiлi табиғи монополияның туындауы бұл бiр салаға iрi фирманың мамандануы және басқа фирмалардың кiруiнiң артық шығындарды алып келуi болып табылады. Бiрақ осы табиғи монополиялар өзiнiң ерекше қасиеттерiне сүйенiп бағаның жоғары деңгейiн белгiлеуi қоғамдық шығындарға алып келедi. Атап айтқанда осы монополистiң өнiмiн тұтынатын халық зиян шегедi.
Сондықтан монополияларды мемлекет немесе билiк органдары әр түрлi тәсiлдермен реттеу саясаттарын жүргiзiп отырады. Яғни, монополиялыны реттеу саясаттарының тәсiлдерi өздерiнiң қолданылуына, нарыққа әсер етуiне байланысты келесiдей төрт түрге бөлiнедi: / 1, 332 бет /.
- Монополиялы рынокты бәсекелестiк рынокқа алмастыру;
- Монополия жағдайын реттеу;
- Жеке меншiк монополияларды мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру;
- Оларға әсер етпеу.
Осы монополияны реттеу саясаттарының iшiнде мемлекеттiң табиғи монополияны реттеуi монополия жағдайын реттеу және жеке меншiк монополистердi мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру болып табылады.
“Монополия жағдайын реттеу” саясатын мемлекет монополистердiң тауарларына баға белгiлеу арқылы реттеп отырады. Мысалы, электрмен қамтамасыз ету, су тарату немесежылу беру салалары бағаларын белгiледе мемлекет жетекшiлiк етiп араласып отырады. Баға белгiлегенде мемлекет бағаның шектi шығындарға тен болатын көлемiн белгiлейдi.
Бағаны шектi шығындар арқылы реттеу жүйесi өзiнiң қызмет етуiнде келесiдей тәжiрибелiк мәселеге жолығады. Табиғи монополияның ауқымнан үнемдеу анықтамасы бойынша олардың сұранысының ылдилы болуы себебiнен орта жиынтық шығындардан шектi шығындардың төмен болуы табиғи монополист фирманы зиян шегуге алып келедi. Мұндай кезде монополист фирма өзiнiң қызметiн тоқтатуы да мүмкiн. Ал бұл болса қоғамдық игiлiктердi және монополиялық өнiмдердiң тапшылығын тудырады.
Сондықтан мемлекет бұл мәселенi шешу үшiн монополистiң шеккен шығындарын өз мойнына алу болып табылады. Оны келесi 6-шы суреттен көре аламыз / 1, 334 бет /.
Баға
Орта жиынтық шығындар
Реттелген Шектi шығындар
баға деңгейi
Сұраныс
Өнiм көлемi
Сурет-6 – Табиғи монополистiң өнiмiне шектеулi шығын қағидасы бойынша баға құруы
Суреттен көрiп отырғанымыздай
монополист фирма мемлкеттiң баға
белгiлеуде шектi шығындарға тең
деп алған кезде олардың
Келесi табиғи монополистi реттеу тәсiлi болып мемлекеттiң жеке меншiк монополист фирмаларды мемлекет иелiгiне өткiзуi болып табылады. Бұл саясат әсiресе Еуропа елдерiнде жиi кездеседi. Онда мемлекет табиғи монополияға жататын коммуналдық қызметтердi, яғни телефондар, электр жүйелерi және су құбырларын өз қолына алған. Ал АҚШ-та бұл саясат почталық байланыс саласында қолданылады.
Бiздiң мемлекетiмiзде
табиғи монополияларды реутеу саясаттары
елiмiз үшiн маңызды болып
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМҒА ТИГIЗЕР ОҢ ЖӘНЕ ТЕРIС ЖАҚТАРЫ
Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуне байланысты рынок құрылымдары күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық экономикамызда монополиялы нарықтың да орны ерекше. Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажеттi саясат ұлттық шаруашлық құрылымының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
Осы рыноктың елiмiз экономикасына тигiзетiн оң және терiс жақтарын атап кетсек. ҚР бойынша монополиялық жағдайын “Қазақтелеком” ААҚ мысалға алу арқылы зерттедiм. Табиғи монополия “Қазақтелеком” ААҚ ұлттық масштабтағы қалааралық және жергiлiк телефон байланысында қызмет етедi. Ал интернет және жанұялық телефондар, сымсыз байланыс салаларында бәсеке жағдайында iс-әрекетте болып табылады. Ендi осы ұлттық монополист компанияның қалыптасуының ұлттық экономика үшiн тиiмдi жақтарына тоқталатын болсақ: / 8, 10 бет /.
- Мысалға “Қазақтелеком” ААҚ ала отырып, ол компанияның
ұлттық деңгейiнде табиғи монополист болғандықтан ол өз орнын сақтап қалу және өндiрiс ауқымын кеңейту үшiн халықты қазiргi заманғы байланыс жүйесiмен қамтамасыз ететiн халықаралық стандартқа көшедi; - “Қазақтелеком” ААҚ монополист болғандықтан ауыл және қала халқының табысына қарай тиiмдi баға деңгейiн белгiлеу;
- Өз қызметiнде жоғары технологиялық, инновациялық байланыс жүйелерiн бүкiл ел аумағында қызмет көрсету;
- Табиғи монополияға кiрмейтiн интернет және сымыз байланыс жүйелерiне бәсекелiк ортаны дамыту;
- Капитал немесе инвистицияға жол ашу.
Екiншiден, осы рынок құрылымының терiс жағына келетiн болсақ :
- Табиғи монополияның қатаң болуы экономикада бәсекенi жоққа шығарады;
- Монополист бәсекеге төтеп беру үшiн, тарифтiк бағаларды орынсыз өзгертуi мүмкiн.
- Монополист әлеуметтiк шығындарға әкелуi мүмкiн / 10, 36 бет/
Мұндай монополиялық фирманың келеңсiз жақтарын реттеп отыратын антимонополиялық заңымыз бар. Қазақстан ТМД елдерi iшiнде алғашқы болып “Бәсекелестiктi дамыту және монополиялық қызметтi шектеу туралы” 1991 жылы шiлде де заң қабылдады. Осы заң негiзiнде елiмiздегi монополиялық қызметтер, бәсекелестiк ортада туындаған мәселелер реттелiп отырады. Сондай-ақ бұл елiмiз монополиялық қызметтiң кейбiр салаларда болуын да құптап отыр, өйткенi бiздiң елiмiзде маңызы ерекше болып табылатын сирек кездесетiн немесе ерекше ресурстардың көзi бар. Ондай салаларға мемлекет жалғыз компанияның қызмет етуiн қолдайды және оған әр түрлi қызметтер арқылы олардың тек қана iшкi рынокта емес, сонымен қатар әлемдiк рыноктағы бәсекеқабiлетiнiң артуына көмектеседi. Мысалы, елiмiз фосфор өнеркәсiбiнен және кейбiр химиялық элементтер бойынша ресурс көлемi баршылық, осы өндiрiс салаларына монополияның орнап, яғни ресурстардың тиiмдi пайдалануының және байлықтарымыздың шетел компанияларының қолдарына өтiп кетпеуiн қадағалап отыруы керек / 10, 37 бет /.

- Рынок лекарственных средств республики Мордовия
- Рынок лизинга в России
- Рынок лизинговых услуг в России
- Рынок лизинговых услуг России
- Рынок ликероводочных изделий
- Рынок магазинов игрушек и товаров для детей города Красноярска
- Рынок магазинов игрушек и товаров для детей города Красноярска
- Рынок корпоративных облигаций
- Рынок корпоративных ценных бумаг и его влияние на инвестиционный процесс
- Рынок косметических товаров
- Рынок косметических товаров в Беларуси
- Рынок кофе
- Рынок кредитования населения
- Рынок крепко алкогольной продукции