Сақ ескерткіштері
Жоспар
- Кіріспе. Мәдениет сипаттамасы.
- Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.
- Бесшатыр қорымы.
ә) Есік обасы.
- Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан.
а) Тасмола мәдениеті.
- Қорытынды.
Мәдениет сипаттамасы. Сақ мәдениеті— ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Сақтар көшпенділердің жоғары деңгейде дамыған өркениетін қалыптастырды. Сақтар адамзат қоғамы үшін аса маңызды мәдени құндылықтар қалдырды. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері – қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Сақ қорымдарының шоғыры Сырдария, Іле, Талас, Шу, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын өзендерінің аңғарларынан, Кеген мен Нарынқол алқаптарынан табылған. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді.
Темір дәуірінің кезіндегі ру-тайпалардан қалған басты ескерткіштердің бір түрі бүкіл Қазақстанның барлық жерінде кездесетін төбе- болып жатқан обалар. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.
Б. з. б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ «пирамидаларынан» бөренелерден тұрғызылған ірі жерлеу құрылыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері.
Іле Алатауының
солтүстік беткейіндегі үлкен
қорымға енетін «Есік»
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Б. з. б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан – болжамдардың бірі бойынша тиграхауда-сақтарға баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этномәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен басқаларының аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген төмпешіктері бар үлкен молалы жер болып табылады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар әр түрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында қалыптасқан. Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары дейтіндердің көп жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық ландшафт А. Н. Бернштамды «патша сақтары мен усундер» нақ Жетісуды мекендеген деген қорытындыға келтірген.
Бесшатыр қорымы
Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында, Шылбыр қойнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршықтас және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге, олардың биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетіп ауытқып отырады; орташаларында тиісінше – 25 – 38 м және 5 – 6 м; кішілерінде – 6 – 18 м және 0,8 – 2 м.
Сирек
кездесетіндері болмаса,
Бесшатырда
үш үлкен оба: Бірінші, Үшінші
және Алтыншы Бесшатыр обалары,
Бесшатыр
сағанасы сол кезде ағаштан
салынған күрделі құрылыс
Бөренелерде қашау мен пышақ іздері жақсы сақталған – олардың екі шеті мен ортасында кертік бар. Жерлеу бөлмесінің бөренелерден тұратын жалпақ төбесі шиден есілген арқандармен буылған қамыс төсеніш қабатымен жабылған. Сірә, жерлеу ғұрпынан кейін бөлмеге апаратын есікке ірі тастар қаланып, дәліз бекітіліп тасталған болуы ықтимал. Осыдан кейін ғана жерлеу құрылысының үстіне тас пен қиыршақтас аралас зор үйінді үйілген. Үлкен обалар тобының ең оңтүстігіндегі Алтыншы обадағы құрылыс та осындай. Оның үйіндісі таспен жабылған. Обаның диаметрі – 52 м, биіктігі – 8 м. Үйіндінің астында, ертедегі жер беті деңгейінен шамамен 2 м тереңдікте жерасты жолдарының жүйесі болған. Олар жерден қазылған және орталық бағыттағы есік пен бүйірдегі тарамдардан тұрады, негізгі жолдан түрлі бағыттарға бүйірге қарай жеті тармақ кетеді, олардың батыс жақтағы екеуі жарым-жартылай топырақпен, ал солтүстік-шығыс жақтағы біреуі ірі тастармен толтырылған. Жолдардың күмбезі жарты шеңбер тәрізді, жерасты жолдарының биіктігі 1,1 метрден 1,68 метрге дейін, ені 75 – 80 см. Қабырғалардың көптеген жерлерінде кішкене ойықтар жасалған, олардың айналасындағы ыс іздері оларда жер астында жұмыс істеген жер қазушыларға жарық беретін май шырағдандар тұрғанын дәлелдейді, бүйірдегі тарамдардан жануарлардың сүйектері – құрбандық шалудың қалдығы табылды. Бүйірдегі тармақтарымен қоса алғанда негізгі жолдың жалпы ұзындығы – 55 м.
14-обаны қазған кезде жерлеу құрылымының жаңа үлгісі ашылды. Обаның жерлеу құрылысының негізі – ұсақ қиыршықтастар араластырылып топырақтан тұрғызылған қабырғалар. Қабырғалар бөренелермен үш қатар етіп жабылған, бөренелердің төменгі екі қатары Тянь-Шань шыршасынан, ал жоғарғы қатары жиде бөренелер. Бөренемен жабылған төбесінде тас пен бұтадан және сексеуілдің шырпысынан он алты қатар етіп күмбез тәрізді жаппа жасалған. Мазардың негізі төртбұрышты, ал төбесы дөңгелек күмбез сияқты болған.
Қабірдің шығыс жағында есігі болып, есіктің екі жағында жерге тігінен көмілген қос-қостан екі бағана тұрған. Қос бағаналар бір-бірімен қазықтармен бекітілген, мейлінше берік болу үшін бөренелер шиден өрілген жуан арқандармен байланып тасталған. Кірер ауыздың төбесін бөренелердің үстінен ши арқандармен буылған екі қабат төсенішпен жапқан. Қабірдің лақатына кірер жердің жанына жуан бөрененің кесіндісі қойылған. Лақаттың еденінде адамның шашыраған сүйектері жатыр.
Бесшатырдың
хронологиясы кіші обалардың
бірінен табылған заттар
Архитектурасы және құрылыс техникасы.
Бесшатыр қорымының көлемі 2 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Алайда Бесшатыр обаларымен байланысты ескерткіштердің таралған жері қорымның өз ауқымынан әлдеқайда кең. Мәселен, қорымның солтүстік-шығыс жағындағы 5 шақырым жердегі төбеде алты қоршау орналасқан, олар келбеті мен салынуы жағынан Бесшатыр обаларына ұқсас. Обалардың батыс жағында үш шақырым жерде нақ осындай төрт қоршау бар. Одан да әріректе, батыс жағындағы 10 шақырым жерде де осындай, оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан 45 қоршау бар.
Қорымның
төңірегіндегі бұл
Сірә, Бесшатыр
кешені Іле өзенінің аңғарында
мекендеген Жетісу сақтарының
киелі орны болса керек.
Бесшатыр қорымының барлық обаларына – үлкендері мен орташаларына да, кішілеріне де біркелкілік тән, олар тастар мен ірі қиыршықтастардан үйілген, төбесі жалпақ (трапеция тәрізді), етегіне тас тығыз қиюластырылып қаланған болып келеді. Үлкен обалар құрылымының ерекшелігі – үйінділер етегіндегі ордың терең болуы, обалардың астына кіретін жер осы орлардан басталған. Тегінде, жерлеу және обаны тұрғызу жоралғылары жасалғаннан кейін жер астына кіретін есік бата қылу, құлшылық ету және құрбан шалу үшін белгілі бір уақытқа ашық қалдырылып, сонан соң обаның кірер ауыз үстіндегі топырағының бір бөлігі құлап басып қалған болса керек.
Сәулет өнерінің ескерткіші ретінде Бесшатырдың әрбір үлкен обасы құрылыстың екі түрінен: сыртқы және ішкі түрлерінен тұрады. Сыртқы құрылыс – тығыз қаланған тастардан, тас дуалдардан және үйінділер төңірегіндегі менгирлер мен қойтастар тізбегінен тұратын үйдің үстіңгі қабатында орнатылған сияқты жалпақ тебелі үшкіл үйінді. Үйінді архитектурасында жер астына түсетін ор және ішкі құрылыстары – ағаш қабір мен қуыстар маңызды ескерткіштер болып табылады.
Мұның
бәрі сақ тайпаларында
Бесшатырдың
ғұрыптық құрылыстары
Бесшатыр
обалары өздерінің
Оба үйінділерін
стратиграфиялық зерттеу бұл
үлкен қорғандардың әрқайсысы
тастар мен топырақты жөн-
Үйінділердің көлемі жағынан қорым обалары үлкен, орташа және кіші болып бөлінеді, үйінділердің осы үш тобына қабір құрылыстарының әр алуан түрі: үлкендері мен орташаларына – бөренелерден тұрғызылған қабір, киіз үй тәрізді бейіт, ал барлық кіші обаларға жерден қазылған шұңқыр (кейде оған салынған тас жәшік) сәйкес келеді. 4-ші обадағы киіз үй тәрізді шатырлы бейітке ешқайсысы ұқсамайды. Әзірше ол скиф-сармат мәдениетінің обаларынан табылған осы түрдегі бірден-бір құрылыс.
Бесшатыр
құрылыстарын салуға қажетті
бөренелер оба орналасқан
Ағаш кесу, бөренелерді қысқарту және басқа да ауыр жұмыстар жүзі тез мұқалатын ауыр қола балталармен орындалған. Бөренелерді өңдеу сан алуан шоттар, қашаулар, үскілер, қола шапашоттармен жүргізілген болса керек.
Бесшатыр
обаларын қазғандағы
Есік обасы
Есік обасы 40-тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Обаның диаметрі 60 м, биіктігі 6м. Үйілген топырақтың құрылымы айқын емес, бірақ көп қабатты (3-4 қабат), малтатас қабаты қиыршық-сазды қабатпен ауысып отырады, орталықтағы моланың айналасынан ірі қойтастар жиынтығы байқалады. Үйінді астында екі қабір: орталық және бүйірдегі (оңтүстік) қабірлер бар. Ортадағы қабір қарақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан әбден шөккен. Бүйірдегі қабір сол күйінде сақталған. Лақат Тянь-Шань шыршасының өңделген бөренелерінен салынған, оның көлемі: ішінен өлшегенде 2,9x1,5 м, сырты – 3,3x1,9 м, қабатымен қоса алғандағы биіктігі 1,3-1,5 м.
Лақаттың
оңтүстік және батыс
Есік
обасындағы қабір құрылысы, сірә,
былайша тұрғызылған болса
Лақаттың
қабырғаларына бөренелер бес
қатар етіп салынып, ол
Шамасы,
еденнің өлік жатқызылған
Оң жағында
бел тұсына ағаш қыны бар
темір семсер қойылған. Қару ілетін
аспалы белдікке алтын
Сол қолының
қарында алтын ұшты символды
жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ
алтын таспамен бунақтала
Лақаттың
еденіне өлік тамағы салынған
және ыдыстар қойылған. Жазуы
бар күміс тостаған мен
Ыдыстарды
орналастыруда белгілі бір
Жерлеу
ғұрпы жасалып, дене қойылған
соң лақат қысқа бөренелермен
жабылып, шұңқыр топырақпен
Антропологтардың
анықтауынша, Есік обасына
Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан. Бұл кезде Орталық Қазақстанда ең көп таралғаны – обалы қорымдар. Ең ірі обалар: Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл, Қызылтас, Кент, Арқарлы, Қу, Қызылтау, Ортау, Ақтау таулары мен сілемдері аудандарында шоғырланған. Олар Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр тауларының бөктерлерінде, Желдітауда, Тайатқанда, Шұнақта жақсы мәлім, Солтүстік Бетпақдалаға дейін жетіп жатыр.Балқаш өңірінің шөлді аймағында обалар Қотанемел, Тесіктас, Қайрақтас, Жалғызтау, Жорға, Көксеңгір тауларында шоғырланып, шығысында Шыңғыс жотасына дейін жетеді. Солтүстік-шығыста обалы қорымдар Шідерті, Өлеңті өзендері мен олардың салалары жағалауындағы жарқабақты тегіс аймақтарда, солтүстікте Ерейментау таулы жазығына және Сілеті өзенінің бас жағына орналасқан.
Тасмола мәдениеті. Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның ежелгі малшыларының мәдениеті неғұрлым көлемді археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген Тасмола қойнауының атына сәйкес Тасмола мәдениеті деп аталды. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі бар обалар – «мұртты» обалар деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп болды. Мұндай ескерткіштер қазақтың ұсақ шоқылы өңірінен тыс жерлерден, мысалы, Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарынан (Оба, Көктал, Ащысай және Еділ бойы («Үш ағайынды( аңғары) кездеседі, бірақ олардың кең тараған негізгі өңірі Орталық Қазақстан болып табылады.
«Мұртты»
обалардың түрлері көп, бірақ
олардың барлығы дерлік
«Мұртты»
обалардың архитектуралық
Бұрынғы
аттың терісі мен басын жерлеу
ғұрпынан айырмашылығы – тасты
тізбектері бар обалардан
Тасты
тізбектері бар обалар
Өлікке
жылқы малын арнау және Күн-
Тасты
тізбектері бар құрылыс
Ескерткіштердің бұл түрлерінде адамды жерлеу ғұрпының неғұрлым мәнді-мәнді сипаттары ұқсас. Бұлар – этникалық-тайпалық құрылымы бір, бірақ әр түрлі әлеуметтік топтардың ескерткіштері.
Тұрғындардың
антропологиялық үлгісі мен
Тас тізбекті обалар ішіне тастан жәшіктер мен дөңгелектер салуда, б. з. б. VII-V ғасырдың кейбір обаларында тақтатастарды жалпағынан қалап, тас лақаттар тұрғызу тәсілдерінде, қаруларда, өрнектерде (мысалы, Сыпыра-оба моласынан табылған қорамсақтың алтын қалақшасында) андроновтық құрылыс дәстүрі сақталған.
Археологиялық деректер және ішінара жазбаша деректерден алынған үзінді мәліметтер Тасмола мәдениеті тайпалары сақ тайпаларының қуатты одағы құрамына кіргенін көрсетеді. Қазақстан аусағының басқа аудандарының көпшілігіндегі сияқты, Арал-Ертіс суайрығы аумағын мекендеген тайпалардың да нақты этнонимін анықтау қиын. Дегенмен де ертедегі темір дәуірінлегі Орталық Қазақстан тайпаларын негізінен Аристей Проконесский жылқыға, қой мен өгіздер табынына бай сансыз көп және даңқты жауынгерлер деп сипаттаған исседондар деп жорамалдауға болады. Басқа авторлар, атап айтқанда, Гекатей Милетский олардың шығыс скифтеріне немесе сақтарға жататынын атап көрсетеді.
Обаларды
қазғандағы материалдар
Бірінші кезең б. з. б. VII-VI ғасырларды қамтиды. Бұл кезең туралы Тасмола -1-5, Қарамұрын-1,Нұрманбет-4 қорымдары неғұрлым мәліметтер береді.
Екібастұздан солтүстік-батысқа қарай, далалық Шідерті өзенінің оң жағасындағы әр түрлі кезде жерленген Тасмола-1 құрылыстар тобында 19-обаның бейіті мейлінше назар аударарлық болып шықты. Жерден қазылған қабір шұңқырында төселген қамыс үстінде қола айнасы, темір пышағы және қайрақ тасы бар әйел жатты.

- Сақ мәдениеті
- Сақ мәдениеті
- Сақ тайпалары
- Сақ тайпалары
- Сақ тайпаларының мәдениеті
- Сақ тайпалық одақтары. Сарматтар
- Сақ тайпасындағы аңдық стиль өнері.
- Сактандыру нарыгы
- Сактар
- Сактар онери мен мифологиясы
- Сактар тауелсиздикке курескен
- Сақ дәуіріндегі қоғамдық құрылыс
- Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері: Бесшатыр,Тасмола қорғандары
- Сақ дәуірінің көрнекті ескерткіштері: Есік, Бесшатыр, Тасмола қорғандары