Сақ тайпаларының мәдениеті

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

Тарих және халықаралық қатынастар кафедрасы

 

 

 

             Реферат

         Сақ тайпаларының мәдениеті

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Абдрахманова Д. Ағылшын тілінің l тобы

                                                    Қабылдаған:Профессор Молдабаева М.

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Алматы,2012

Жоспары:

  1. Кіріспе.................................................................3
  2. Негізгі бөлім:

а)Сақ мәдениеті......................................................5

ә) Сақтардың өнері.................................................7

б) Алтын адам........................................................12

  1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      2

Кіріспе 
   Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерінде Ассирия мен Мидия мемлекеті құрылады. VІ ғ. Мидия мемлекетінің орнын Ахеминидтер мемлекеті басады. Бір топ парсы тайпаларының көсемі ІІ-Кир оның негізін салады, б.з. дейінгі 550 жылы ол Мидияны талқандап, өзіне бағындырады да, тіпті Орта Азияның оңтүстік аудандарында қоластына қаратып орасан зор империя құрады. Б.з. дейінгі 530 және 522 жылдар арасында Ахаменид мемлекетінің құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен Соғдиана, Сақа енеді, ал Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген халықтарды Ахеминидтер не жаулап алады, не бағындырады.  
Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтар, соғдылар мен хорезмдіктердің теріскей жағын «желдей жүйрік атты көшпелі турлар» мекендеген. Парсы деректерінде турлар – сақтар деп аталады, бұл «еңіреген ерлер» деген сөз, ал грек авторларының туындыларында олар скифтер деген атпен кірген, бұл көшпелілердің екінші аты, бейнесі ретінде айтылып, әдетке айналып кеткен.  
Б.з. І ғ. Көне рим оқымыстысы Плинийдің Үлкені: «Яксараттың арғы бетінде скиф тайпалары тұрады. Парсылар жалпы оны сақтар деп атайды... Скиф халықтарының саны хисапсыз көп... Олардың ішіндегі ел-жұртқа әйгілі болғандары сақтар, массагеттер, даилар, исседондар... аримасптар» – деп жазады.  
Біздерге жеткен деректерге қарасақ, сақтар малшылар болған, олар жылқы, мүйізді ірі қараны, уақ малдарды өсірген, шеттерінен ат құлағында ойнайтын шабандоздар, құралайды көзінен ататын садақшы-мергендер екен.  
Дарийдің Бехустин жартасында сақтарға жорық кезінде жазған текстерінде сақ тайпаларының үш тобы аталады. Олар: хаомоварга сақтары (хаомо сусының дайындайтын сақтар), парадария сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар), және тиграхауд сақтары (шошақ тымақты сақтар) деп аталады. 
Зертеушілердің пікіріне сенсек, парадария сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Амударияның төменгі арасында немесе Қаратеңіздің теріскей бетінде өмір сүріп, тіршілік құрған, тиграхауд-сақтары Сырдарияның орта аймағы мен Тянь-Шаньді мекендеген; хаомоварга-сақтар Мұрғап алқабынан қоныс тепкен. К. А. Ақышевтің пікірі бойынша, Иран жазба деректеріндегі тиграхауд сақтарына ортокарибантия скифтері сәйкес келеді, өйткені жоғарғы екі атаудың екеуі де «шошақ бөрікті сақтар» деген сөз. Бұған қоса айтатын бір жәйт, персепольдегі Ксеркс сарайының барельефтерінде бейнеленген сақтардың бет пішіні моңғолоидті және олар биік шошақ бөрік киеді, ендеше бұлар, әсілі, тиграхауд-сақтар Жетісуда тұрып тіршілік еткен деп қорытынды шығарады ол. Есік обасына қойылған сақ патшасының басына биік шошақ бөрік кигендігі оның бұл болжамын дәлелдеп дәйектейді.

 Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан. Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.

                                                                 3

Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ  тайпалары егіншілікті де кеңінен  өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.

   Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.

Ғалымдар хайуанаттық нақыштың даму барысын үш кезеңге бөледі.

    • Ерте кезеңге (б.з.б. 8 — 7 ғ-лар) тән маңызды белгілерге жануарлардың қозғалыссыз немесе басын бұрып тұрған (түрегеп тұрған немесе жатқан) сәтте берілуі жатады.
    • Екінші кезеңде (б.з.б. 6 — 4 ғ-лар) хайуанаттық нақыш стилистик. қайта қалыптасуды бастан кешіреді. Статик., яғни қозғалыссыз, көбіне жалғыз тұрған бейнелердің орнына динамикаға толы бейнелер, олардың күрделі топтамалары келеді. Жануарлардың өзара айқасы немесе жырқыштардың шабуылы, әсіресе денесі бұралып берілген бейнелер осы кезеңге тән.
    • Үшінші кезеңде (б.з.б. 3 — 2 ғ-лар) өнердің дамуында саябырлау мен құлдырау байқалады. Хайуанаттық нақыш бірте-бірте ою-өрнекке айналған. Оның орнына атақты ғұн дәуірінің ескерткіштері келген.

Тарих, археология ғылымдарында сақтардың  хайуанаттық нақышының шығу тегіне байланысты екі түрлі пікір бар.С.Руденко, М.Артомонов сияқты ғалымдар бұл  өнер, ең алдымен, Алдыңғы Азиядан бастау алған, оның сақтар арасында қалыптасуына сақтардың б.з.б. 7 ғ-да Алдыңғы Азияға (Мидия) жорық жасауы әсер еткен десе, К.Ақышев, С.Киселев, С.Черников, т.б. зерттеушілер Алдыңғы Азия өнерінің сақтарға ықпалы болғанымен, бұл ықпал б.з.б. 6 ғ-дың соңына таман, ахемен әулеті дәуірі тұсында бой көрсеткенін айтады (дәл осы кезде сақтарға мүлдем тән емес арыстан, фантастикалық арыстан-грифон, ортада қасиетті ағаш немесе құдай бейнесі бар геральдик. композициялар, лотос түйіні немесе оның гүлі араласқан

                                                              4

 өсімдік  оюлар расында да пайда болады). Олар хайуанаттық нақыштың шығу  тегі жергілікті ортамен, далалық  тайпалардың соңғы қола дәуіріндегі мәдениетімен байланысты деп санайды.

   Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.

   Сақтардың мәдениеті мен өнері — Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.

Тұрғын үй және киімі

Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың — әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақтайпаларында әр түрлі болған.Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі — киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Кешпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б. з. б. I мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді.

   Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың кәші-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте — шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста — боренелерден салынған үйлер болғаны мәлім. Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер күмбез тәрізді кима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен деңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезендегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған бұл ағаш кұрылыстар киіз үйге ғажап ұқсайды. Көшелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес кұрылыстарының бастапқы түрі тебесі шошақ күрке, ал далалық аймакта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды.

 

                                                               5

 Діни нанымдары мен  ғұрыптары                                                  

   Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.Таулы Алтай мен Қазакстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамынын ерекше аксүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді.Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе, Сы- пыра-оба, Қараоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді-далалық аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Халықтың кеші-қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек.

   Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы уақыттың ғүрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тон болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті ортеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады.Жерлеу ғүрыптарының салттарында да бірсыпыра айырмашылықтар орын алып, олар шағын және уақытша сипатта болған. Мәселен, Оңтүстік Орал сырты мен Батыс Қазақстанның савроматтары тайпаластарың бетін ағашпен жапқан тар немесе кеңтік бұрышты шұнкырларға көмген. Осы аумақтағы кейбір тайпаларда шаршы және шеңбер түріндегі кабірлерге жерлейтін болды, ұзын қабырғаларының жақтауынан шығарылған кертпешелері немесе ойықтары бар қабірлер ұшырасады. Арал маңы сақтарында түбін айнала шамалап орлаған, жерден ойып нар жасаған және түбінің бұрыш-бұрышына не оны айналдыра орнатылған діңгектердің орны бар өзінше бір үлгідегі кабірлер кездеседі. Жетісуда және Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынган не жерді қазып орнатқан үлкен ағаш қималарға қойылатын болған. Бұл аудандарға қарапайым адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең казылмаған қабірлерге бірінен кейін бірін жерлеу ғұрпы да тон. Орталык Қазақстанда жалпақ тақтатастармен жабылып, жерден қазылатын сопақша жерлеу тұрақты дағдыға айналды, нақ осында тас кешенді обалар түріндегі мола құрылыстардың ерекше үлгісі де болған. Тайпалардың жерлеу ғұрпындағы айырмашылықтар оларда біртүтас жүйелі діни ұғымдардың болмағандығын көрсетеді.

 Бейнелеу өнері

  Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылыгының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты компоненті б. з. б. VII—VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Оңтүстік Еуропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды. Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы андарды,

                                                                   6

хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмүны  жағынан мифологиялық, түрі жағынан  реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің  көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсак, айбалта, жүген, айна секідді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды. Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың  пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен  жақсы үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде  олардың жасаған көптеген бүйымдары  дүние жүзіндегі ең тандаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің  шығармашылығы өздерінің айналасындағы  жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне  етене жақын болды. Сақ шеберлері  арқар мен таутекенің, жолбарыс пен  кабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, касқыр мен қоянның, жылқы мен бұланның өздеріне жақсы  таныс бейнелерін сомдай білген. Андарды  бейнелеуде әр түрлі материалдар  қолданылды. Бізге дейін жеткен бұйымдардың  көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалған андардың бейнелері де кездеседі.  Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады. Б. з. б. УШ—VII ғасырлар үшін андарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тэн болып келеді. Таутекенің, аркардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі. Қос шенберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұкырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр (Тасмола).  Жетісудан (Талдықорған) табылган екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда керсетілген; мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы қола құю өнерінің тағы бір үлгісі — Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары кетерген және мүйіздері бірнеше рет бүралган арқардың іші куыс мүсіні, ол соғыс қаруы — балғашотқа (Бурабай) салынған. Шілікті обасынан (Шыгыс Қазақстан) табылған заттардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасалған шагын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе түтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған.[1]

  Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. 
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді. 
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе

                                                                 7

бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді 
Алтын адамға тереңірек үңілсек… 
“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұражайын ашуға байланысты былтыр күзде Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Мәулен Әшімбаевтың арнайы келіп, Алтын адам табылған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайтқанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. “Мәдени мұра” бағдарламасына байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев: “Тарихи ескерткіштерді жаңғырту жұмысы ерекше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл – құрылыс емес, ғылыми жұмыс… Ол жұмыстардың біткеннен кейінгі тағдыры қандай болмақ? Отырар сияқты ашық аспан астында ашық-шашық тастап кетеміз бе?”, – деп, қынжыла ескерткен болатын. 
Президенттің бұл сөзінен, жасыратыны жоқ, бұған дейін жүргізілген археологиялық жұмыстарға көңілі толмайтыны айқын аңғарылады. Алайда Елбасының сол ескертпесін қатаң басшылыққа алған-алмағанымыз әлі белгісіз. Академик Досмұхамед Кішібеков: “1969 жылы Алматы облысының Есік қаласына жақын жерден бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген “Алтын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Египеттегі Тутанхамоннан кейінгі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді”, – дейді (“ЕҚ”. 31.10.07). Бірақ, өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін сол “екінші үлкен ғылыми жаңалыққа” лайық ұлттық шара жасай алған жоқ едік. Енді, міне, “Мәдени мұраның” шарапаты бұған да тиіп, ол шара екі жыл көлемінде жүзеге асатын болып жатса және газет: “Бұл істе әрбір ұсақ-түйекке дейін мән берілуі тиіс”, – деп, қамқор болып жатса, қалай қуанбассың! 
Бірақ, соның жақсы бітуін де осы бастан жан-жақты ойластырған жөн. Ол үшін ең әуелі, меніңше, Президент айтқандай, мұның “құрылыс емес, ғылыми жұмыс” екенін есте ұстау қажет. Сондықтан, қорық-мұражайды салу жұмысымен қабат оның ғылыми-зерттеу жағын да тереңдетуге тиіспіз. Сонда ғана әлемдік мәні бар тарихи мұражайымызды өзгелерге лайықты дәрежеде танытып, өз деңгейінде дәріптей аламыз. Сол іске азды-көпті көмегі тие ме деген ниетпен бірер пікір айтпақпыз. 
Президент “Мәдени мұраға” қатысты Отырарды мысалға келтірсе, мен Бесшатырды мысалға келтірмекпін. Алтын адам Іленің бір жағалауынан табылса, Бесшатыр келесі жағында жатыр. Қазір ғалымдар екеуін де сақ дәуірінің ескерткіші дейді. Бесшатырда ғалым К.Ақышевтың айтуынша, 26 шаршы километр жерді алып жатқан 31 оба бар. Соның он сегізін 1957-1961 жыл аралығында ғалым Кемал Ақышев қазып, зерттеген. “Бесшатыр қабірі өз заманында ағаштан салынған күрделі құрылыстардың бірінен саналған. Ол үш бөлімнен тұрады: дәліз, ауызғы бөлме, қабір”, – дей келіп ( “Ертедегі ескерткіштер елесі”. Алматы, 1976. 31-бет)., “Бесшатыр ескерткіші Іле аңғарын мекендеген сак-тиграхаудалар тобына жататын тайпалардың қасиетті герросы болғандығына (патшалары мен көсемдерін жерлейтін арнайы орын – Б.Н.) ешқандай дау жоқ”, – деп тұжырымдайды (Сонда, 38-бет). Алайда, ол обаларда зерттейтін қазір ешқандай кейіп те, зат та жоқ, тек ашық-шашық жатқан тастар мен топырақ қана қалған. К.Ақышев айтқан 6-обаның түбіндегі “жалпы жиынтығы 55 метр” жер асты жолын қазір ешкім көрсете де, түсіндіре де алмайды, өйткені ол арада обаның өңкиген сыртқы үйіндісінен өзге ештеңе де қалмаған. Ал студент кезінде сол Бесшатыр обаларын қазуға қатысқан, кейін Есік маңынан Алтын адамды тапқан Бекен Нұрмұханбетовтің диплом жұмысында сол 6-обаның ішкі жағын көрсететін фотосуреттер сақталған. 
Ал енді өзі көрмеген, білмеген адам обаның ішкі құрылысын дәл осындай етіп қазір қалпына келтіре ала ма? Келтірген күнде де, көне бөренелерді қайдан табады? К.Ақышев бұл обаларды б.д.д.VІІ-V ғасырдан ертеректе салынған деп ұйғарады (Сонда, 43-бет). “Сақтардың тастан, топырақтан тұрғызылған кішігірім обаларының Іле аңғарындағы толып жатқан үйсіндердің обаларынан айырмашылығы жоқ”, – деп тұжырымдайды.  
Осы тұжырым адамды терең ойға қалдырады. Біріншіден, бұл екі тайпаның обаларында неге айырмашылық болмайды? Оның себебі не? Екіншіден, сонда бұл обалардың қайсысы сақтікі, қайсысы үйсіндікі екенін қалай, қандай ғылыми жолмен ажыратамыз? 
Біріншіден, Қытайдың “Тарихи жазбалары” мен “Ханнамада” сақтар аз айтылады да, күндер мен үйсіндер жайы біраз баяндалады. “Ханнаманың” соңғы аудармасында:

                                                                8

“Үйсін елі ұлы күнбидің ордасы Чекүк ( бұған дейін “Шығу”, “Чигу” деп оқитын – Б.Н.) қаласында… Шығысы Ғұнмен, солтүстік батысы Қаңлы, батысы Дад-уан (бұған дейін “Даван”, “Дауан”  деп оқитын, қазіргі Перғана –  Б.Н.), оңтүстігі қала-мемлекеттермен іргелес. Бұл, тегінде, сақтардың ата  қонысы еді, кейін ұлы нүкістер (бұрын  “ұлы йуежы”, “ұлы йозы”, “ұлы йүзі”  деп оқитын – Б.Н.) сақтарды талқандап, олардың ханын қуып жіберді. Сақтардың  ханы оңтүстікке кетіп, Болор тауларынан әрі асып кеткен соң, бұл жерге  ұлы нүкістер орын теуіп алды. Кейін  кезек айналып, Үйсіннің күнбиі ұлы  нүкістерді талқандады. Ұлы нүкістер батыстағы Бактрия еліне қарай  жосып, Бактрия ханын бажағына айналдырды. Сонымен, Үйсін күнбиі ол жерлерді қайта  басып қалды. Үйсіндердің арасында сақтар мен ұлы нүкістердің нәсілі болатындығының себебі, міне, осы”, –  делініпті (“Қытай жылнамаларындағы қазақ  тарихының деректері”. “Ханнама. Батыс  өңір” (2) тарауы. “Өнер” баспасы, 2006. 158-бет). 
Осында тағы былай делінген: “Сақтар бытыраңқы қоныстанды да, бөлшектеніп, бірнеше мемлекет болып кетті” (сонда, 152, 153-бет). 
Бұл оқиғалардың орын алып отырған уақыты – біздің дәуірімізге дейінгі заман. Демек, б.д.д. екінші ғасырдан бері бұл араны үйсіндер, ал оған дейін сақтар мен йүзілер, яғни нүкістер мекендеген.  
Енді одан әрі тереңдеп көрелік. Қазақтың алты Арыстан тұратын халық екенін екінің бірі біледі десек, қателеспейміз. Тек, өкініштісі, сол Арыстың не қылған Арыс екенін екінің бірі біле бермейді. Білгісі келген кісіге ол соншалық қиын да емес. Себебі, кез келген шежіреші шалдан сұрасаң, Ақарыстан анау, Жанарыстан бәленше, Бекарыстан түгенше тарайды деп заулата жөнеледі. Ал оның дұрысы Ақ Арыс, Жан Арыс, Бек Арыс екеніне соны ата-бабасынан бері айтып келе жатқан шалдардың өзі де, оны естіген біз де мән бермей қайталап келеміз. Өйткені, қазақта ежелгі тарих та, деректі тарих та жоқ, бәрі аңыз деп, аузымызды қу шөппен сүртіп үйреніп кеткеміз. Және солай деп үйреткендер де молшылық. Ал енді Арыс жөнінде тарихи деректер не дейді? 
Тарихи деректер Арыстың шын мәнінде тарихи тұлға екенін толық және еш күмән қалдырмай дәлелдейді. Тек “сақ” дегенді еуропалықтардың “скиф” дейтінін, ал кей ғалымның сақ пен скифті екі басқа тайпа деп санайтынын санада ұстаған жөн. 
Түркі халықтарының түпкі тарихы жазылып қалған Қытайдан басқа тағы бір ел – Грекия. Олар негізінен сақ-скифтер туралы аса мол тарихи дерек қалдырған. Ондағы алдымен жүгінетініміз – “тарихтың атасы” деп әлем таныған Геродот. Ол былай дейді: “Скифтер де басқа халықтар тәрізді жатжерлік салт-дәстүрді қабылдамауға тырысады әрі олар өзге халықтардан гөрі эллиндер дәстүрінен барынша қашқақтайды. Бұл Анахарсис пен Скил тағдырынан анық байқалады. Анахарсис көптеген елді аралап, өзінің керемет ақылдылығымен көзге түсті. Қайтар жолда ол Геллеспонт арқылы жүзіп келе жатып, Кизикке тоқтайды. Нақ осы күні кизиктіктер Құдай-Ананың құрметіне салтанатты мереке өткізіп жатқан болатын. Анахарсис әйел құдайға, егер ол үйіне аман-есен жетсе, оның құрметіне кизиктіктерден көрген діни жоралардың бәрін жасап құрбандық беретіндігін және салтанатты мереке өткізетіндігін айтып ант береді. Скифияға келген соң Анахарсис құпия түрде Гилеяға барып (бұл жер Ахиллес ат ойнату алаңында орналасқан, әрқилы ағаш түрлеріне бай қалың орманды мекен), өзі Кизикте көрген діни жора салтанатын түгел жасайды… Мұны көріп қойған бір скиф дереу Савлий патшаға жеткізді. Осы жерге келіп, Анахарсистің не істеп жүргенін көзімен көрген патша оны садақпен атып өлтірді… Анахарсис скиф патшасы Иданфирстің немере ағасы, Гнурдың ұлы, Ликтің немересі, Спаргапифтің шөбересі болған. Егерде Анахарсис шынында осы патшаның әулетінен шыққан болса, оны туған ағасының өлтіргендігін бәрі біліп қойсын. Өйткені, Иданфирс Савлийдің ұлы, ал Анахарсисті Савлий өлтірген (“Қазақ тарихынан”. Геродот. Алматы, 2004.108-бет). 
“Скиф немесе жат жердегі дос” атты шығармасында Лукиан былай дейді: “Скифиядан Афиныға эллин мәдениетін аңсап келген алғашқы адам Анахарсис емес, одан бұрын келген Токсарид ақылды әрі әдемілікті ұнататын, ең жақсы мінез-құлық пен әдеп-ғұрыпты үйренуге құштар жан болатын. Өз отанында Токсарид киіз қалпақты “мұрақтылар” атты патша руынан емес, қарапайым халықтан, яғни екі өгізі мен киіз үйі ғана бар адамдар қатарынан шыққан. Бұл Токсарид аяғында Скифияға қайтып орала алмай, Афиныда өлді”

                                                                  9

(“Қазақ тарихынан”. Лукиан “Таңдамалы”  кітабынан. Алматы, 2004. 133-бет). Лукиан одан ары былай дейді: “Жат жерге келген әрі өзі варвар Анахарсис, әрине, алғашқы кезде ештеңеге түсінбегендіктен,.. не істерін білмеді: …өз тілін түсінетін ешкімді кездестіре алмай, енді тек Афиныны бір көріп шығып, кемеге қайта мініп, Боспорға кері жүзіп кетуге, одан әрі онша алыс емес Скифиясына, үйіне оралуға нық шешім қабылдаған болатын. Осындай жағдайда жүрген Анахарсис кенет қаланың “құмырашылар” бөлігінде, нақ бір қолтығынан демеуге келген құдайдай, осы Токсаридке тап келеді. Токсаридті ең алдымен өзінің отандық пішіміндегі киім елең еткізді; содан кейін әрине, ол Анахарсистің өзін таныды, өйткені ол текті әулеттен шыққан және атағы жер жарған скиф болатын” (сонда, 134-бет). “Токсарид Анахарсиске скифше былай деп тіл қатты: 
– Жаңылмасам, сен Даукет ұлы Анахарсис боларсың?.. 
– Ал сен, бейтаныс жан, мені қайдан білесің? 
– Мен де сол өңірден шыққанмын, – деп жауап берді ол, – менің атым Токсарид. Алайда сен танитындай текті тұқымнан емеспін. 
– Неге білмеймін, мен Токсарид туралы естігенмін, – деді Анахарсис… – Ендеше, біліп қой, – деді Анахарсис, – мен сені ұстаз тұтып, сенің Грекияға деген құштарлығыңнан от алып, оны көруге құмарттым” (сонда, 135-бет). 
Ал Диоген Лаэртский “Атақты философтардың өмірі, ілімдері мен нақыл сөздері туралы” кітабының “Анахарсис” деген тарауында былай депті: “Анахарсис – скиф, Гнурдың ұлы және скиф патшасы Кадуидің бауыры, анасы жағынан эллин, сондықтан екі тілді біледі. Ол скифтер мен эллиндердің қарапайым тұрмыстағы және соғыс кезіндегі салты туралы 800 жол өлең жазған. Жат жерді кезген Анахарсис скифтерге оралды, туғандарын эллинше өмір сүруге үйретпек боп,.. алайда дегеніне жете алмай, қауырсын жебеден ажал тауып, өзі өлсе де, сөзі қалды мәңгілік” (сонда,168-бет). “Кеме табанындағы тақтай қалыңдығы төрт-ақ елі екенін естігенде, ол: “Кемедегілер мен өлімнің арасы төрт-ақ елі”, – депті… Тірілер мен өлілердің қайсысы көп деген сұраққа ол: “Теңізде жүзіп жүргендерді қай жағына қосамыз?” – деп, қарсы сұрақпен жауап қайтарыпты” (сонда, 169-бет). 
Геродот б.д.д. 484 жылы, яғни Анахарсистен кейін бір жарым ғасырдан соң дүниеге келген, ал Лукиан біздің дәуіріміздің ІІ ғасырында, Диоген ғылымға VІІ ғасырда ғана белгілі болған адам, сондықтан олардың да жазуында азды-көпті ауытқулар болуы заңды. Мәселен, Геродот пен Диоген Анахарсисті Гнурдың ұлы десе, Лукиан Даукет ұлы дейді. Алайда, гректердің Анахарсисті соншама заман бойы бірінен кейін бірі жазып, айтып, үлгі етіп құрметтеп келгеніне таң қаласың. 
Геродот айтып отырған Геллеспонт қазіргі Дарданел бұғазы, Кизик сол теңіз жағасындағы қала, ал Гилея дегені қазіргі Полесие, Днестрдің бойы болса, онда Геродот өмір сүрген біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда скифтер Қара теңіз бойында өмір сүріп жатқан болып шығады. Олай болса, олар бұл араға одан да ертеректе, б.д.д. V ғасырдан бұрынырақ келуі де мүмкін.Сонда сақтар б.д.д. V ғасырдан бұрын Қара теңіз бойын да, Жетісуды да бірдей мекендеп келген бе? Қытай жылнамалары сақтардың бір кезде шығыстан батысқа және оңтүстік-батысқа қарай жылжығанын жазады да, сол жылжудың дәл қай кезден қай кезге дейін жүзеге асқанын анықтап айтпайды. Ал мына грек оқымыстыларының жазғаны сол олқылықтың орнын толтырып тұр ғой. Ендеше, Жетісудағы б.д.д. V ғасырға жататын обаны сақ көсемінің обасы деу күмәнді емес пе? 
Енді осы сақтар мен Анахарсис туралы өзіміздің қазақ шежіресінен де пікір қаузап көрелік. Алдымен Қазыбек бек Тауасарұлының атасы Матай жазып кеткен Ата шежіреге жүгінейік. 
“Арыстың өз аты Анарыс болған деседі. Шешесі еркелетіп Арыс атап кетіпті. Ол ілімді Еуропа елдерінде алып, көп ғұмырын өткізіп, өз еліне келгенде, он екі-ақ жыл тұрыпты. Ол артына пәлсафа қалдырған. Жазба Майқы заманына дейін келген екен. Сол замандағы бір жер сілкіністе ол топырақ астында қалған. Арыс ақын да, ахун да адам болған. Еуропада көрген өнегесінің жақсы жақтарын өздерінің патшалығына кіргізуге ұмтылған. Ол өзінің туған ағасымен осы жөнінде келісе алмай мерт болған… Оның көп өлеңі сақталған екен, ол да жер сілкінгенде құрыған. Арыс Еуропаны өз туысқаны Тоқсары диуанамен бірге аралаған. Патшаның қандай болуы керектігін айтамын деп, туысқанына жақпаған” ( “Түп-тұқианнан өзіме шейін”. Алматы, 1993. 36-бет). 
Осы салыстырулардың өзінен де гректердің Анахарсис деп отырғаны біздің Арыс

                                                                    10

бабамыз екені аңғарылады. Дегенмен, анықтай түсу үшін тағы бір қосымша  дерек келтіргеннің артықтығы болмас. 2004 жылы “Аруна” баспасы бір  топ автор жазған “Древний Казахстан” атты кітап шығарды, оның сараптамашысы  – тарихшы, академик Болат Көмеков. Сонда: “Сақтар – қазақ халқының бабасы”, – деп және Анахарсистің өмір сүрген уақыты б.д.д. 620-555 жыл деп  көрсеткен (30-31-бет). “Анахарсис (Анарыс)” деген тарауда: “Анахарсис, Анарыс-сакский ученый. Жил в V11-1V вв.н.э. В истории известен как “Скиф Анахарсис”, – деп көрсеткен (сонда, 46-47-бет). Осыдан кейін Геродот жазып кеткен Анахарсистің Қазыбек бек айтып отырған Арыс-Анарыс бабамыз екеніне қайтіп күмәндануға болады? Ал бұдан кейін сақтардың қазаққа баба тайпа екенін қалай мойындамассың? Тарих дегеннің өзі осындай-осындай дәлелдердің басын біріктіргеннен барып құралмай ма? 
Ата шежіре бойынша Жұманнан Арыс, Арыстан Ақ, Пан, Жан, Бол, Бек, Бал деген алты ұл туып, содан алты арыс қазақ тараған. “Алғаш аталған екі ұл жылқы кезегіне кетіп, Тәңір тауының түбінде мұздап дүние салыпты. Ақ алтаудың үлкені екен. Одан бала қалыпты. Пан үйленбеген, одан тұяқ болмапты. Жетісуда қаңтардан кейінгі айды қазақтар ақпан немесе екі ағайынды дейді. Ағайынды Ақ пен Пан өлген ай, әйтпесе, ағайынды екі жігіт өлген ай екі ағайынды атанған”, – дейді (“Түп-тұқианнан өзіме шейін”. Алматы, 1993. 36, 37-бет). Ал қазір бүкіл қазақ “екі ағайынды” дегенді ұмытып, бұл айды ақпан деп атап жүргеміз жоқ па? 
Сонда Анахарсис деп жүргеніміз өзіміздің Арыс бабамыз болса, ол біздің шамалауымызша, б.д.д. 612 жылы Тәңір таудың түбінде туып, 547 жылы Днестрдің бойында өлген болса, онда сақтар б.д.д. VІІ ғасырға дейін Жетісу жерін мекендеп, б.д.д. VІ ғасырда Қара теңіз бойына ауған болып шықпай ма? 
Оның үстіне Жетісуда тек сақ обалары ғана сақталғандай сөйлейміз, ал бұл араны он ғасырға жуық мекен еткен Үйсін мемлекетінен де бір белгілер қалуы тиіс емес пе? Қарап отырсақ, ғалым Әбдеш Төлеубаевтан өзге Үйсін обасын нақты зерттеген ешкім жоқ, барлық ғалым тек сақ обаларын ғана зерттеп келген болып шығады. Сөйте тұра сақ пен үйсіннің адам жерлеу әдісі ұқсас деген тұжырым жасай салады. Әрине, үйсін сақтың ұрпағы болса, екеуінің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі неге ұқсас болмасын?! Қазір жасы 80-нен асып отырған қарт ұстаз, бірнеше кітап жазған сауатты, Кеген өңіріндегі Жалаулы деген жерде туып-өскен Әділхан Зықаев деген ағамыз: “Біздің жас күнімізде осы қорған деп жүргендеріңді үлкен кісілер “Үйсін оба” немесе “Үйсін төбе” деуші еді”, – дейді. Осындай атадан балаға жалғасып келе жатқан сөзді елемей-ескермей, “үйсін обалардың ішінде жатқандар – сақтар” деуіміз қалай болады? 
Сөз орайы келіп тұрған соң, айта кетейік, біздің кейбіріміз: “Ғұн дегенді қазақ тарихшылары шығарып алып жүр, ондай халық жоқ, оның өз аты сиуңну”, – деп, ал әр елдің тарихшылары бірі “хун”, екіншісі “ғұн” немесе “гун”, үшіншісі “һұн” деп әрқайсысы әртүрлі атап жүрген халық та сақтың ұрпағы, оның дұрыс аты “құн” болуы мүмкін екенін де осы арада ескерте кеткеніміз жөн сияқты. Себебі, біріншіден, алғашқы дыбысы “ғ”-дан басталатын ежелгі атау сөз қазақ тілінде жоқ десе де болады, ал “ғашық”, “ғайбат”, “ғарыш”, “ғалам” секілді сөздер араб тілінің ықпалымен бертінде пайда болған, сондықтан бұл тайпаның өз аты “ғұн” емес, “құн” болу керек, себебі “қ” дыбысы ежелден айтылып келе жатқан ата дыбысымыз. Екіншіден, жоғарыда айтылған Ата шежіре: “Жан деген кісіден Ар, Құн деген екі бала болыпты… Қазіргі Арғын деп жүргеніміз – осы екі ұлы адамның алты баласынан тараған ұрпақ. Олардың бірігіп Арғын аталуы Алтайға ауған заманнан қалған”, – дейді”. (“Түп-тұқианнан өзіме шейін”,1993. 46-бет). Үшіншіден, “Арқұн” сөзін “Арғын” деп үндестік заңына сәйкес өзгертіп айту – ұлттық дағдымызға тән құбылыс. Төртіншіден, 1253-1255 жыл аралығында Моңғолияға келіп қайтқан Г.Рубрук: “Бұл жерде аргон деп аталатын халық бар, ол екі рудан тұрады: аргон тендук руынан және Мухаммедке табынатын, өзгелерден гөрі көрікті және ақылдырақ, көбіне саудамен айналысатын тендуктерден”, – дейді ( “Қазақ тарихынан”, Алматы, 2004. “Шығыс елдеріне саяхат”, 1993. 85-бет). Рубрук ол аймақтың атын Сендук (Тендук) деп көрсетеді. Ал ол атау Мәшһүр шежіресіндегі Сүйіндік, Бегендік, Шегендік дейтін аталарды еріксіз еске түсіреді. Бесіншіден, қытай тарихында үйсінге көмектескен гүн тайпасын Ата шежіре аргын деп атайды. Осыларды ескерсек, арғындар құн тайпасының тікелей ұрпағы екеніне

                                                                    11

күмән қалмайды. Алтыншыдан, Ата шежіренің  таратуы бойынша, Құн да, Арғын (Арқұн) да Арыс бабамыздың Жан деген баласынан  тараған, яғни Жан Арыс тұқымы болып  табылады. “Ежелгі Үйсін елі” кітабында  Шадыман Ахметұлының: “Ат үстінде  садақ тартуды ғұндар сақтардан  үйреніпті”, – деп дәлелдейді бірсыпыра  ғалымдар”, – деген пікірі де бұл  ойымызды дәлелдей түседі (4-бет). Соғыс  өнерін ағайын ағайыннан үйренбегенде, кімнен үйренеді? Жетіншіден, б.д.д. 530 жылы Кир патшаны жеңген сақ-массагет Томирис парсылармен Аракс өзенінің бойында соғысады. Өзеннің аты  Арыстан тараған Ар мен Ақтың  үрпағы мекендеген соң солай аталған  болар деп ойлауға да қақымыз  бар емес пе? Сегізіншіден, Геродот: “…скифы называют амазонок “эоропата”, что по-эллински означает мужеубийцы; “эор” ведь значит муж, а “пата” убивать”, – дейді (“История”. Ленинград, 1972.219-бет). “Эор” дегеніміз екі жарым мың жылдан кейін де әлі “ер” аталып, күйеу дегенді білдіреді, ал “пата” сөзі “опат” дегенді еске түсіреді. Ал оны арабтан енген сөз деп жүрміз. 2,5 мың жыл бұрын арабтар сақ тіліне қалай әсер етеді? Әлде Мұрат Аджи айтып жүргендей, о баста түріктерден араб тіліне, одан өзімізге қайта енген сөз бе? Әлде “қарасы батты”, “күні батты” дегендегі “батты” сөзінің арғы төркіні “пата” дегенге ұқсас айтылды ма екен? Қалай болғанда да, б.д.д. V ғасырда сақтар әйелдің күйеуін “ер” десе, қазақтар бүгін де “ер” дейді. Өстіп о заманда да, бұ заманда да бір тілде сөйлеген елді бір-бірінен бөлек ел деуге қайтіп тарихшылардың аузы барады? 
Осыншама сәйкесіп тұрған деректерді көзге ілмеу тарихқа мән бермеумен бірдей емес пе? Ал егер көзге ілсек, Арыс-Анахарсистің сақ екеніне, ал біздің тікелей сақтың ұрпағы екенімізге қандай күмән қалады? 
Сонымен, сақ, құн, үйсін – үшеуі де бір тұқымнан тараған ұрпақ болса, әрине, олардың әдет-ғұрпы да, салт-дәстүрі де, оның ішінде өлікті жерлеу рәсімі де бірдей болуы заңды. Ендеше, Есік обасынан табылған Алтын адамды сақ деп кесіп айта алмаймыз. Бұл күмәнімізді күрделендіре түсетін тағы мынандай жағдайлар бар. 
Алдымен, Есік маңындағы Алтын адам арнайы ғылыми жұмыс нәтижесінде емес, кездейсоқ табылды. Сондықтан ол үстірт зерттеліп, Бесшатырдағыдай ең құрымаса обаның ішкі құрылысын елестетуге көмектесетін қарапайым фотосуреттер де түсірілген жоқ. Бесшатыр обаларына, ішкі-сыртқы кейбір ұқсастықтарына бола сақ дәуіріне жатқыза салынды. Ешкім ол арадан табылған заттарды Тарбағатайдың теріскейіндегі ескерткіштерді зерттеген ғалым Әбдеш Төлеубаев құсап екі бірдей шет елдің ғылыми лабораториясына жіберіп, қай ғасыр, қай заманның ескерткіші екенін арнайы анықтап жатпады. 
Екіншіден, Есік обасынан екі адамның мәйіті шыққан. К.Ақышев ол жайында: “Бізге Есік қорғанындағы екі бейіт бір мезгілде пайда болған деген ой келді, себебі, екі бейіттің де үстіне үйілген топырақ бір, оған көмілген адамдар сүйегі де топырақтың астында жатыр, олай болса, олар не бір семьяның адамдары, не жақын қандастық қатынастары бар адамдар… Біздіңше, орталық бейіттегі жерленген адамның қырынан жерленген адамға қарағанда қоғамдық орны жағынан маңыздырақ екендігі даусыз”, – дейді (“Ертедегі ескерткіштер елесі”. Алматы. 1976. 13-бет). Ал мұны қазақтың қарапайым тілімен айтсақ, бірі хан да, екіншісі – ханзада. 
Үшіншіден, Қытай елінде шыққан “Ежелгі Үйсін елі” кітабы: “Күнбидің он неше ұлы бар. Басқа ұлдарына қарағанда ортаншы ұлы Датлұқ … Датлұқтың ағасы мұрагер ханзада болып тағайындалған еді… Оның Семзеу деген ұлы болған, дүниеден ерте қайтқан мұрагер ханзада көзі жұмыларда Күнбиге: “Үйсін тағының мұрагері Семзеу болсын”, – деп тілек қойған еді… Күнби дүниеден көшкен соң, оның тағына Семзеу отырды. Семзеу деген – лауазымы. Өз аты – Күнсүй би. Күнби – ханның атағы, өз аты Лапкөк еді”, – дейді (Үрімжі. 2005. 249, 250, 251-бет). Дәл осы кітаптағы “Үйсін туралы жалпы шолу” деген мақаласында Нығмет Мыңжанұлы: “Үйсін Елжау бидің он ұлы болған… Күнбидің тақ мұрагері ерте қайтыс болып кетіп, оның Жөнші (Күнсүй) би деген баласы жетім қалады… Жөнші биді… Елжау би тақ мұрагері етіп бекітеді”, – деп жазады (17-бет). Ал жоғарыда айтқан Ата шежіре: “Жалпы, Елсау атамыз бес әйелінен 23 бала көріп, соның оны тіреп тұра қалыпты… Нулы атамыз әкесі Елсаудан бұрын жастай жиырма екі жасында кетіпті… Нулыны қатты ардақтап, Үш Қарашқа қойыпты. Осыдан кейін-ақ Елсаудың да денсаулығы болмапты… Елсау би дүние салып, осыдан 1980 жыл бұрын (б.д.д. 104 жыл – Б.Н.)

Сақ тайпаларының мәдениеті