Салық түрлері

Көлік құралдарына салынатын салық.

 

  1. Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мәні,обьектілері , төлеушілері.
  2. Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары.
  3. Көлік салығын төлеуден босайтындар.Көлік салығын есептеу және төлеу.

1# Көлік құралдарына салынатын салық мемлекетпен көлік иелері

 арасындағы экономикалық  қатнастар  реттейтін салықтар жатады . Салық  салу обектісіне  және төлеуші  мен  мемлекеттің өзара қатынасына  қарай  көлік салығы тура салыққа жатады . Пайдалану белгісіне қарай арнайы салыққа жатады, ал салық алатын орынға байланысты жергілікті бюджетке түседі . салық салу обектісін бағалау дәрежесіне қарай нақты салыққа жатады.Өйткені бұл салық көлік құрамының сыртқы белгілеріне қарай нақты  табыстың түсуі есептерін алады.

Меншік құқығында салық салу обектісі бар.Жеке тұлғалар шаруашылық жүргізу және оперативті басқару правасында обьектілері бар заңды тұлғалар.Олардың құрылымдық бөлімшесі көлік салығын төлеушілер болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары салық салу обьектісі болып табылады.Келесідей  көлік құқығы салық салу обьектісі болып табылады .      

-Жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карерлік автосамосвалдар.

         -Мамандандырылған медициналық көлік құралдары.

2# Көлік құралдарына салынатын салық көлік құралдарына байланысты

 айлық есептік көрсеткіштерін  белгілеген ставкалар бойынша  есептеледі.

 

Жеңіл автомобильдер двигатель  көлемі 1500-ден жоғары 4000 см³ көлемде болған кезде салық сомасы двигателінің аталған көлемінен асқан әрбір бірлік үшін жеті теңгеге ұлғайтылады.

Салық төлеудің белгіленген мерзімі  аяқталғанға дейін пайдалану  мерзімі 6 жылдан асқан жеңіл автокөлік  құралдарын бойынша келесідей түзету коэфиценті қолданылады.

ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдарына 6 жылдан 15 жылға дейін қоса алғанда-0,3 ;15 жылдан 25 жылға дейін қоса алғанда-0,2 ; 25 жылдан жоғары-0,1;

Басқа автокөлік құралдары үшін:

- двигатель көлемі 3000см³ дейін-0,5

- 3000 см³ жоғары 4000 қоса-0,7

- 4000 см³ жоғары-1

Пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан ТМД елдерінде шығарылған автокөліктермен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін 0 түзету коэфиценті қолданылады.

Белгіленген салық төлеу мерзімі  аяталғанға дейін пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан ТМД елдерінде шығарылған  жүк таситын автокөліктерге келесідей түзету коэфиценті қолданылады.

- 7 – 14 жылды қоса алғанда-0,5

- 14 – 20 жылды қоса алғанда-0,3

- 20 жылдан жоғары -0,1

3# Көлік құралдарына салынатын салық келесідей тұлғалар босатылады;

• Біріңғай жер салығын төлеушілер

• Мемлекттік мекемелер

• Салық салу обьектісі болып табылады. Ұлы Отан Соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар

• Меншігінде 1 автокөлік құралдары бойынша Кеңес Одағының батырлары, социалистік еңбек ерлері, халық қаһарманы атағын алған 3 дәрежелі даңқ орденімен және Отан орденімен марапатталған адамдар, ардақты ана аталған, алтын алқа, күміс алқамен марапатталған қөп балалары аналар.

• Салық салу обьектісі болып табылатын меншігінде 1 автокөлік құралдары бойынша меншігінде автокөлігі бар мүгедектер.

• Ауылшаруашылығы құралдарының шығару нәтижесінде пай ретінде алынған пайданың мерзімі 7 жылдан асқан жүк автокөліктері бойынша жеке тұлғалар

Салық төлеушілер салық салу обьектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық  ставкасын және түзету коэфицентін  негізге ала отырып, салық сомасын дербес есептейді.Көлік құралы меншік правосында шаруашылық жүргізу немесе оперативті басқару правосында салық кезендерін аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында болған кезең үшін салықтың сомасын 12-ге бөліп, меншігінде іс жүзінде болған айлар санына көбейту арқылы есептеледі.

Бюджетке салықты төлеу, салық  салу обьектісінің тіркелген жері бойынша  ағымдағы төлемді енгізу арқылы салық  кезеңінің 5-шілдесінен кешіктірілмей  жүргізіледі.Заңды тұлғалар декларацияны есептік жылдан кейінгі жылдың 31-наурызынан кешіктірілмей тіркелген жердегі салық органдарына табыс етіледі.

 

 

Жер салығы.

 

1) Жер салығының салық салу обьектілері, төлеушілері.

2) Ауылшаруашылық маңызындағы және елдімекен жерлеріне салық салу.

3) Жер салығын төлеуден босайтындар.Жер салығын есептеу және төлеу.

 

1# Жер салығының салық салу обьектілері болып жер учаскісі табылады. Жер учаскісінің алаңы салық базасы ретінде қарастырады. Салық салу маңызындағы жерлер келесідей кариторияларға бөлінген:

• Ауылшаруашылық маңызындағы жерлер

• Елдімекен жерлері

• Өнеркәсіп,көлік, байланыс,қорғаныс және т.б. ауылшаруашылық маңызындағы  емес жерлер

• Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жері

• Орман қорлары

• Су қорының жері

• Запастағы жерлер

Жердің белгілі бір ктигорияға жататыны Қ.Р. жер туралы заң актілерінде белгіленеді. Жер салығын төлеушілер-жеке меншік құқықтарда және тұрақты пайдалануда салық салу обьектілері бар жеке , заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жеріндегі орман қоры, су қоры, запастағы жерлер салық салуға жатпайды.

Жер салығының салық салудың келесідей принциптері бар:

• Жер салығының мөлшері. Жер  учаскісінің сапасына, орналасқан орнына және сумен қамтамасыз етілуіне қарай  анықталады. Жер салығының мөлшері жерді иеленуші мен пайдаланушының қызметінің нәтижесіне байланысты болмайды. 

• Жер салығын жер алаңының бірлігі  үшін жыл сайын тіркелген төлем  ретінде белгіленеді.

• Басқа мемлекеттерге берілген жер учаскілеріне салық салудың  тәртібі мен шарттары Қ.Р. мемлекетімен жасаған келісім негізінде анықталады.

2# Ауылшаруашылық маңызындағы жерлеріне салынатын жер салығының базалық ставкасы 1га есебімен белгіленіп бонитет болуына сай өзгеріп отырады. Ауылшаруашылық маңызындағы жерлер 2-ге бөлінеді:

• далалық, қуаң далалық аймақтық жерлер.

• шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтық жерлер.

Жеке тұлғаға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу саяжай салу үшін берілген жерлерге келелесідей базалық ставкалар бойынша көлемі 0,50 га жер алаңына әрбір 0,01 га үшін 20 теңге, көлемі 0,50га асатын жер алаңын   0,01 га үшін 100 теңге.

Елдімекен жерлері салық салу мақсаты  үшін келесідей  2 топқа  бөлінетін

• Тұрғын үй қоры және олардың жанындағы  құрлыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағандағы елдімекен жері .

• Тұрғын үй қоры және олардың жанындағы  құрлыстар мен ғимараттар жері. 

 

Елдімекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған жер учаскісінің  бір бөлігі  үй іргемсіндегі жер  учаскісі деп есептейді . Үй іргесіндегі  жер 

 

учаскісіне келесідей біздің стильдер  бойынша салық салу тиіс .

• Астана , Алматы  және облыстың маңызы бар қалалар үшін , көлемі 

100 м ²  қоса алғанда 1 м  ² үшін 0,20 тг , көлемі  100 м астам жердің 1м ² жері үшін 0, 6 тг.

 

Елді мекеннің авто тұрақтар мен  автономиялай құю станциялары орындалатын жерлерде тұрғын үй қоры және олардың жанындағы курорттар мен ғимараттар алып жатқан жерлержді қоспағандағы елді мекен жерлеріне бөлінетін  ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс . Жергілікті атқарушы орган белгіленген сауда орындары тікелей орындарын елді мекендердің базаларын аумағына бөлінетін жерлеріне және елді меншігіндей казино орындарын жерлерге  10 есе ұлғайтылған мөлшерінде салық салынуы тиіс .

Елді мекен жерлеріне салықты  есептеу кездерінде қолданылатын базалық ставкларды жергілікті окруктік органдар белгілейді .

 

3#  Жер салығын төлеуден келесілер босатылады :

  1. Бірынғай жер салығын төлеушілер
  2. Мемлекеттік мекемелер
  3. Өкілетті органдардың қылмыстық жазаларды атқаратын саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіп орын
  4. Салық режимінің ΙΙ үлгісі бойынша қызметін еске асыратын жер қойнауын пайдаланады .
  5. Тұрғын режимінің үй қоры және олардың жанындағы тұрғындар мен ғимараттар алып жатқан жеручаскісі, үй маңындағы жер учаскісі , жеке үй шараларын жүргізу , саяжай құрамына арналатын жер учаскісі, гаражға арналатын жер учаскісі, бойынша ҰОС қатнастар және оларға теңесетін адамдар , мүгедектер , сондайяақ бала кезінен мүгедек адамдардың ата анасының біреуі .
  6. Тұрғын үй қоры және олардың жанындағы құрлыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскісі ,және үй маңындағы жер учаскісі бойынша ардақты ата ана атағын алғагн, алтын алқамен награтталған көп балалы аналар .
  7. Діни бірлестіктер .

 

Аталған салық төлеушілер жер учаскісін  жалға берген кезде салық төлеуден босатылмайды.

 

Арнаулы салық режимі және оны қолданатын ерекшеліктер .

 

  1. Арнаулы салық режимінің эканомикалқ мәні және түрлері.
  2. Бір жолғы талон және патент негізіндегі арасындағы салық режимің.
  3. Оңай латылған декларация негізіндегі салық режимі .
  4. Шаруа , фермер қожалығына арналатын салық режимі .
  5. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналатын салық режимі .

 

1# Қазақстан  Республикасында шағын бизнесті және кәсіпкерлік қызметі қолдау мақсатында қойылатын салық кодексіне сәйкес шағын бизнес субьектісіне салық салу процесін қысқарту мақсатына бағытталған бірқатар шаралар қарастыратын жаңадан қызметін бастайтын қызметтер кәсіптік қызметін айналдыру үшін ең алдымен мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет . Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді  Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің  42 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әдлет министірлігінде  жүзеге асыркады .

Тіркеуден өтуүшін заңды тұлғалар өтініш , құрылтай құжаттарын және мемлекеттік  тірекеуден өткені үшін алым төлеміне тұрақты құжаттарды тапсырады .

Мемлекеттіктіркеу құжаттары тапсырысын кейін 3 күн ішінде іске асыруы тиіс.

Жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу органдарының тұрғылықты жерлеріндегі салық органдарында іске асырылады.Заңды  тұлғалар мемлекеттік тіркеуден  өткен соң, 10 жұмыс күні ішінде салық органдарына есепке тұруға және салық төлеушінің тіркеу номерін алуға міндетті.Салық төлеуші куәлігін және салық органдарында есепке тұра отырып, кәсіпкер бюджетінен есеп айырысудың тәртібін таңдайды. Салық кодексіне сай шағын бизнес субьектілеріне бюджеттен есеп айырысудың жалпы белгіленген тәртібі және арнайы салық режимін таңдау правосы беріледі.

Арнаулы салық режимі әлеуметтік салық, жеке табыс салығы немесе корпоративтік  табыс салығы бойынша есептеу, төлеу  және салықтық есеп тапсырудың қысқартылған тәртібі қарастырылады.

Арнаулы салық режимі шағын бизнес субьектілерінің шаруа қожалықтарына, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші заңды және кәсіпкерлік қызметтердің жекеменшік түрлеріне қолданады.

Салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға белгіленген тәртібіне ауысқан кезде, ол 2 жыл қолданылуға арналған салық режимі.Қайта ауысуға болады. Арнаулы салық режимінің филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың еншілес ұйымдары және өзге де құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушінің қолдану правосы жоқ.

 

2#    Арнаулы салық режимі келесідей түрлерінде қолданады .

  1. Біржолғы талон негізіндегі салық режимі .
  2. Патент негіздерінің салық режимі .
  3. Оңайлатылған декларация негіздерінің салық режимі .

Біржолғы талон арнасындағы  салық режимінің қолдану правасын куәләндіратын және жеке табыс салығы бойынша бюджетпен сипатталған қызметті жүзеге  жөндеуден жеке тұлғаларға жылына  90

күннен  аспайтын мерзімге беріледі .

Қызмет түрінің тізімін біржолғы талонның формасымен берілу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеоінің . Біржолғы талонның құны табыс алынатын обьектінің орнының әсерін қызметті жүзеге асыру жағдайын сапасы мен көлемін , сондай ақ басқа  да факторларды  да ескере отырып , салық органдарының  жүргізген орташа кндік тронаметраждық зерттеу мәліметтері негізінде жергілікті өкілді органдарының   шешімімен бекітіледі . Осы режимдер қолданылады жеке тұлғалар әлеументтік салықты төлеушілер табылмайды  және жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден босатылады .

   Біржолғы талонның құны қызметті жүзеге асыруға дейін төленуі қажет. Егер кәсіпкердің табысы жоғарылап және өзінің қызметін жеке кәсіпкер тетінде атаса бюджетпен патент негізінде есеп айрысуға правалы .

Патент  арнайы салық режимін  қолдану правасын куәләрін құжат  права ашуының негізінде шарттары келесідей .

 

  1. Жалдамалы қызметтердің еңбегін  пайдаланбау қажет .
  2. Патент негізінде салық режимін қолданудың әрбір 12 ай мерзімі ішіндегі табысы 2 млн теңгеден аспауы қажет .
  3. Жеке кәісіпкер ретінде тіркелуі қажет .

Патент дара кәсіпкерге 1 ай мерзімінде және 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі .

Патенттің құнын есептеуді жеке кәсіпкер болжанатын кірісіне  2% ставканы қолдану арқылы жүргізеді 

Осы режимде жеке кәсіпкер қолдану  үшін келесідей  шарттар орындалуы қажет:

  1. Жеке  кәсіпкердің өзін қоса алғанда қызметтерінің орташа тізімінің саны 25 адам болуы қажет
  2. Салық кезеңі ішіндегі шекті табысы  4,5 млн  тенге болуы қажет.

 

Жер салығын есептеу .

 

Семей қаласында тұратын жеке тұлғаның  меншігіндегі жер учаскісі  V=16 соток , оның 5соток жерін тұрғын үй құрлысы алып жаратар

      5соток = 500 м²                      1соток =  100м ²

      1600 м ² - 500 м ²  = 1100 м ² 

      500 * 0, 39 = 196

       1000 * 0,20 = 200

       100  * 6 = 600

        195 + 200 + 600 = 995 ( 1 қазанға дейін төлеу керек)

 

3# Салықты есептеумен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібімен оңайтылған декларация негізінде арнайы салық режиміне көшкен кезде әлеуметтік, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша салық есептерін топтастыру жалпыға бірдей тәртіппен.

Оңайтылған декларация негізіндегі  салықтыесептеудегі шағын бизнес субьектісі салық салу обьектісіне 3 % ставканы қолдану арқылы жүргізеді.Егер есептік кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалы қызметтің орташа айлық жалақысы ҚР заң актісінде бекітілген ең төменгі айлық жалақының жеке кәсіпкерлер үшін 2 еселенген, заңды тұлғалар үшін 2,5 еселенген мөлшерден болса, салық кезңі ішінде есептелетін салық сапасы әрбір қызметкер үшін салық санының 1,5% мөлшерінде азайтылады. Табыс мөлшерінен асып кеткен жағдайда жүргізіледі.

 

4# Шаруа қожалықтарына арналған салық режимі біріңғай жер салығын төлеу кезінде бюджетпен салық алу тәртібін білдіреді және ауылшаруашылық өнімдерін ұқсату, өткізу жөніндегі шаруа қожалықтарының қызметтеріне қолданылады.Жеке меншік құқықтарда және жерді пайдалану құқықтарында жер учаскесі болған кезде шаруа қожалықтары осы режимді қолдана алады.

Салық төлеушінің аталған мерзімде өтініш бермеуі, оның бюджеттен салық алымының жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі. Бірыңғай жер салығын төлеу негізіндегі арнайы салық режимі қолдану шаруа, фермер қожалықтары салықтар мен міндетті төлемнің түрлерін келесілер төлеуші болып табылады.

• Арнаулы салық режимін қолдану қызметтен түскен шаруа қожалықтарының табысына жеке табыс салығы. 

• ҚҚС

• Арнаулы салық режимін қолдану қызметте пайдаланған жер учаскесі бойынша жер салығы және жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы

• Көлік құралдарына салынатын салықтар

• Мүлік салығы

Жер учаскесін бағалау құны салық  салу обьектісі болып табылады. Бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскесін бағалау құнына 0,1% ставканы қолдану арқылы жүргізеді. Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкерлер, сондай-ақ шаруа қожалықтарының кәмелетке толған мүшелері үшін  айлық есептік көрсеткіштерінің 20% ставкасы  бойынша салық сомасы ай сайын есептеледі.

Бірыңғай жер салығы жер учаскесі орналасқан жеріндегі бюджетке келесідей  мерзімде төленеді:

• Алғашқы төлем салықтық кезеңнің 20-шы қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде.

• Түпкілікті есеп айырысу есептік кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20-наурызынан кешіктірілмей.

 

Қосымша құн салығы.

1) ҚҚС ұғымы, төлеушілер және  салық салу обьектісі

2) Салық салу айналымы және  салық салу импорт мөлшері

3) ҚҚС босатылатын айналымдар  және импорт 

4) ҚҚС ставкалары, салықты есептеу және төлеу тәртібі.

 

1# ҚҚС салық жүйесіндегі негізгі жанама салықтың қатарына жатады. Бұл салық біздің еліміздің салық жүйесіне 1992 жылы 1 қаңтардан бастап енгізілген.

ҚҚС-тауар өңдеу, жұмыс орындау, қызмет көрсету және олардың айналысы процесінде қосылған өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды және ҚР аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударымдарды білдіреді.

ҚҚС төлеушілер мыналар:

• Жеке кәсіпкерлер

• мемлекеттік мекемелерді қоспағандағы заңды тұлғалар

• қызметтерін ҚР тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.

• заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері

Кез келген кезеңнің қорытындысы бойынша  тауарды өткізу бойынша айналым  мөлшері 15ың еселенген айлық есептік  көрсеткіштен асатын болса, осы кезең аяқталған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешікпей.Өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап ҚҚС төлеушіге айналады.

ҚҚС салық салу обьектісі болып  салық салынатын айналым және импорт табылады. Егер ҚҚС төлеушінің салық салу айналым мөлшері ең төменгі айналым мөлшерінен аспай тіркелген жердегі салық органдарына есептер шығару туралы өтініш беруге праволы.Мұндай құқықты ҚҚС төлеуші өзін есепке қойған кезден бастап, кеш дегенге 2 жыл өткеннен кейін ғана пайдалана алады.Салық салу базасы ҚҚС есептеудің келесідей аумақтарын қарастырады:

• Тура-мұнда,ҚҚС алдын ала есептелген ҚҚСсаласынанүлес түрінде есептеледі.Бұл әдіс кезінде ҚҚС жалпы есептің екі врианты бар:

 1) тауарлық өндірістің өндірілуіне жұмсалған материалдық бағаларды    шегеру

 2) ҚҚ жекелеген элементін қосу

• Обьективті әдіс,бұл әдіс кезінде ең алдымен ҚҚ жекеленген элементтері бойынша салық мөлшері анықталады.Одан кейін алынған шамалар қосылады.Есептеу қиындығын бұл әдіс практикада қолданбайды.

2# ҚҚС төлеушілердің тауарлармен жұмыстарда қызмет көрсетеді.Өткізу бойынша жасалатын айналым салық салынатын айналым болып табылады. Салық салу айналым мөлшері оған ҚҚС енгізбей жасаған тараптардың бағалар тарифтерін негізге ала отырып өткізілетін тауардың құны негізінде анықталады.

Тауарлар тегін берілген уақытта  салық салу айналысын мөлшермен  өткізу бойынша айналым жасау  күні қалыптасқан бағалар деңгейі  негізге ала отырып анықталады.Бірақ  олардың баланстық құнынан кем  болмауы тиіс. Өткізілген күні бухгалтерлік есепте көрсетілген құн баланстық болып табылады.Салық салу импорты импорт тауарының кедендік құны, сонымен қатар ҚҚС қоспағандағы тауарлар импорты кезіндегі салықтар мен басқа да міндетті тауарлар сомаллары. Өткізілген тауарлар құны қандайда бір өзгеріске ұшыраған жағдайда келесідей салық салу айналымымен түзеледі:

• тауар толық немесе бөлшектеп  қайтарылған жағдайда

• мәміленің шарттары өзгерген жағдайда

• өткізілген тауарларды бағалау кезінде

Тауарларды алу үшін бюджетке енгізуге жататын салық салуды анықтау  кезінде және алынған тауарларға салық салу мақсатында пайданы ҚҚС сомасын есепке жатқызу үшін келесідей шарт орындалуы тиіс:

• Тауарды алушы ҚҚС төлеуші  болып табылады

• Тауар беруші ҚР шот фактурасын немесе құжатта көрсетілген болса, егер тауар беруші ҚҚС төлеуші болып табылатын шот фактурасы ҚҚС жоқ деген белгі. 

• Тауар импорты жағдайында ҚҚС бюджнтке төлейтін болса

Шот фактура барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті құжат.

 

3# ҚҚС мынадай импортты тауарлар босатылады:

 

• Ұлттық валюта, шетел валютасы, бағалы қағаздар

• Жеке тұлғалардың ҚР үкіметі  бекіткен тауарды бажсыз әкелу нормалары  бойынша тауар импорты

• Акцизделінген тауарларды қоспағандағы ҚР ның үкіметі бекіткен  тәртіппен  көмек ретінде әкелінген тауар  импорты.

• Акцизделінген тауарларды қоспағандағы мемлекеттің үкімдері

• шетелдің дипломатиялық өкілдерінің ресми пайда үшін, ҚР обьектілерін халықаралық шарттарға сай салықтан босатылатын тауар импорты

• Салық төлеуден босауды белгілеген кеден режимінде ҚР кеден заңына сай декларацияға тиісті тауар импорты

• Дәрі дәрмек заттарының оның ішінде субстанция дәрілер, протездік ортопедиялық бұйымдар мен медициналық диабет заттарын өндіруге арналған материалдар мен жиналған заттар ҚР үкіметі

• почта маркаларының импорпты

• қағаз ақша белгілерінің өндірісі үлесін ҚР ұлттық банк және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикізат импорты.

• Мемлекеттің мемлекеттік үкіметі мен халықтық ұйымдарының желісі тауарлар бойынша берілген гранттар қаражаты жүзеге асырылатын тауар мен қызметтер

• Қаржы лизинг шарты бойынша қаржы лизингін беру мақсатында лизинг беруші әкелген негізгі құралдар

 

ҚҚС босатылатын айналымдар:

• Почталық ақы төлеудің мемлекеттік  белгілері 

• Акциздік маркалар

• уәкілетті органдар жүзеге асыратын салаларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтер

• Адвокаттық қызметтер

• ҚР ұлттық банк өткізетін  тауарлар

• Мемлекет меншігіндегі жекешелендіру тәртібін өткізетін мүлік

• ҚР заңына сай мемлекеттік мекемелердің пайдасын өтеусіз негіздерде негізгі құралдарды беру, мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік кәсіпорындар пайдасын өтеусіз негіздерде құралдарды беру, 

• Жарғылық қорға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алу

 

4# Салық төлеушілерге салық салу айналымы және салық салу айналымы болған кезде ҚҚС төлеудің таңбалары бойынша барабарлық әдіс немесе банкесептеу әдісінен ҚҚС сомасы есепке жатқызылады.Таңдап алынған әдістер күнтізбелік жыл ішінде өзгертілмеуі тиіс . Барабарлық әдіс бойынша есепке жататын ҚҚС салуының сомасы. ҚҚС негізгі ставкасы 14% және 0 ставка қолданылады. 0-дік ставка бойынша келесідей айналым салық салынады:

• Тауар экспорты

• Халықаралық тасымалдар

• Арнайы экспорттық айналымның территориясынан  өткен тауарға салық салу

ҚҚС төлеуші әрбір салық кезеңі үшін декларацияны салық кезеңінен  кейінгі айдың 15 нен кешіктірмей  табыс етеді.

 

                             Акциздер.

  1. Акциздің экономикалық мәні.
  2. Акциздер ставкалары.Акциздер төлеуден босайтындар
  3. Акциздер есептеу және төлеу.

 

1# Акциздер- жанама салықтың бірі және бағаға немесе тарифке үстеме рктінде бекітіледі. Акциздер универсалды және индивидуалды болып бөлінеді.

Универсалды акциздер тауарлар мен  қызметтердің құнына % белгілеу және жалпы  айналымнан алынады.

Индивидуалды акциздер тізімі бекітілген белгілі бір жеке тауар .

Акциздер ҚР аумағында өндірілетін  және республика аумағына импортталатын  және ойын бизнесін , лоторея ұйымдастыру және өткізу саналады.

Акциздерді төлеушілер: акцизделінген  тауар шығарушылар, импорттаушылар, бензин және дизель отынын көтерме-бөлшек саудада жүзеге асырушылар, сонымен қатар акцизделінген қызмет түрлерін іске асыратын жеке және заңды тұлға.

Құнына акциз салынатын тауарлар акцизделінген тауар болып табылады.Оларға келесілер жатады:

• Спирттің барлық түрлері

• Алкаголь өнімдері

• Темекі бұйымдары

• Бензин және дизель отыны

• Жеңіл автомобильдер

• шикі мұнай

Акцизделінген қызмет түрлері

• Ойын бизнесі

• Лотореяны ұйымдастыру және өткізу

 

Акциз салығы бойынша салық салу обьектісі болып: акциз төлеушінің өзі жасап шығарған және өндірген, ыдысқа құйылған  акцизделінген тауар мен жүзеге асыратын операциялар,бензин және дизель отынын көтерме-бөлшек саудада жүзеге асырушылар, мұрагерлік правосы бойынша мемлекетке өткен  акцизделінген тауарды өткізу, ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері, лотореяны ұйымдастыру және өткізуден алынатын обьект табылады.

 

2# Акциздер ставкалары екіге бөлінеді:

•Адволарлық тауар құнына % белгілеу.

• Тұрлаулы заттай формадағы өлшем  бірлігіне абсолюттік сома белгілеу.

Акциздер ставкаларын ҚР үкіметі  бекітеді.

Акциздер ставкаларына мыналар  негіз:

• Спирттің барлық түрлері- 1л=300тг

• Алкаголь өнімдері-1л=30тг

• Шарап сусындары- 1л=30тг

• Сыра- 1л=7 тг

• Темекі бұйымдары- 1000шт = 180тг

• Темекі бұйымдары- 1000шт = 100тг