Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
«Экономика және құқық»факультеті
Реферат
Пәні:Қаржы
Тақырыбы: «Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру»
Орындаған: Экономика мамандығының
206-топ студенті Мажитова Б.Р.
экономика магистрі Қанатова А.Ж.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Салықтар туралы түсінік және олардың экономикалық мәні.
2. Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру.
3. Салықтың түрлеріне сипаттама.
Қорытынды
Пайдаланылған әдғбиеттер тізімі
Кіріспе
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.
Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді:
• Корпоративтік табыс салығы;
• Жеке табыс салығы;
• Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
• Әлеуметтік салық;
• Жер салығы;
• Көлік құралдарына салынатын салық;
• Мүліктерге салынатын салық;
• ҚҚС;
• Акциздер.
1.Салықтар туралы түсінік және олардың экономикалық мәні.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидасы қалыптасқан:
- пайда (алынған игіліктер) қағидасы
- “қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидасы
Бұл дегеніміз алынған
игіліктерге және төлем қабілеттілігіне
салық салудың қағидаларын
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидасын бұрын А.Смит ұсынған еді. Олар мыналар:
- салық салу төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс. Бұл деген әділеттік қағидаты болып табылады.
- Салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек. Бұл анықтылық қағидасы.
- әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуға тиіс. Бұл да қолайлылық қағидасын білдіреді.
- Салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс. Бұл үнемділік қағидасы.
Бұл қағидаларды пайдалану салық салуда зорлық зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізеді және А.Смитке “салықтар- оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны” деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Салық салудың қазіргі қағидасы мынадай:
1)Салық салудағы әділдік қағидасы
2)Қарапайым қағидасы
3)Салықтардың анықтығы
4)Жеңілдіктердің ең аз саны
5)Салық салудың экономикалық бейтараптығы
6)Салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.
Елімізде салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірынғай болып келеді.Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлуші болып үшке бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функциясы- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін салыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Реттеуші функциясы- мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады.
Қайта бөлу функциясы- бұл арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қармағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардан алатын үлесі арқылы анықталады.
Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
2.Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру.
“Салық” ұғымымен “салық жүйесі” ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызмет органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесі деп атайды. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты. 1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұнғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол “Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы” заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаларын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат болатын. Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Салықтардың оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әртүрлі қағидалар бойынша жіктеледі.
- салық салу обьектілері бойынша
- салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасатын органға қарай
- пайдалану тәртібіне бойынша
- обьектінің экономикалық белгісі бойынша
Салықтарды салу обьектісі бойынша тура және жанама болып бөлінеді.
Тура салықтар- салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Ал жанама салықтар – бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтар қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті болып бөледі.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты(арнаулы) болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті денгейлердің бюджеттеріне шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы: зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланатын әлеуметтік салық) сияқты.
Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар дегеніміз- төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар дегеніміз- кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Мағлұмдама деген
салық төлеушілер табыстың
Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салықтық есептің екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдістері.
Кассалық әдісі – табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынатын ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады. Ал есептеу әдісі- табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық қызмет органдарын кіріктіреді.
3.Салықтың түрлеріне сипаттама.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды кіріктіреді.
I.Салықтар
Корпарациялық табыс салығы.
Жеке табыс салығы
Қосылған құнға салынатын салық
Акциздер
Жер қойнауын
Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.
Әлеуметтік салық
Жер салығы.
Көлік құралдарына салынатын салық
Мүлікке салынатын салық
Қазақстан Республикасының
жасалған келісім шарттары
II. Алымдар
- Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6. Теңіз, өзен, кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
8. Дәрігерлік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
9. Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Консулдық алым.
12. Жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға бергені үшін алым.
III. Төлемақылар
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемақы
IV. Мемлекеттік баж (пошлина)
V. Кеден төлемдері
1. Кеден бажы
2. Кеден алымдары
3. Алдын-ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы
4. Алымдар.
Салықтан басқа Қазақстан Респуликасында Салық Кодексінде белгіленген және белгілі мөлшерде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдаы – алымдар, төлемақылар, төлемдер және т.б) іс-әрекет етеді.
Алымдар,баждар және төлемдер деп-әдетте заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін міндетті төлемдерін айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірісіне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу, қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағына түседі.
Корпарациялық табыс салығы- бюджет түсімдерінде едәуір орын алады (27,2%). Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда ҚР-сы резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадығы көздерден табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейді. Арнаулы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар –шағын бизнестің субъектілері, шаруа кожалықтары, заңды тұлға ауыл шаруашылығындағы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекеленген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді. Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Жеке табыс салығы- Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі (2001ж. Дейін жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 0,9% алады.Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу обьектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады. Салық мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құн салынатын салық(ҚҚС) болып табылады. Салық салу обьектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы: жарнамаға жұмсалынатын және басқа бірқатар шығындар кіріктіріледі.
Бұл салықтың ерекшелігі- оның салық салынатын обьектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17-елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада:
- ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады
- төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді
- бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфлияция денгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.
ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 27,1% құрайды.
Жанама салықтардың үшінші тобына акциздер кіреді Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдерінде олар 2,7% құрайды. Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздер көрсетілген қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.
Акциз мөлшерлемелерін Үкімет бекітеді және тауар құнына пайызбен және заттық нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. Алкоголь өніміне акциз мөлшерлемелері жоғарыдағыға сәйкес не одан су араластырылмаған (жүз пайыздық) таза спирттің бөлу көлеміне қарай бекітеді. Қазақстанда өндірілетін тауарларға, қызметтерге акциз салығын салу обьектілері респулика аумағында акцизделінетін тауарларды өзкізу немес оларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беру, көрсетілген қызметтерді, акцизделінетін қызметті жүзеге асыру операциялары болып табылады, импорт кезінде импорталатын акциз тауарларының көлемі немесе тауардың кедендік құны болып табылады.
Қазақстан Респуликасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады.Олар: үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлемдері және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланатын матералды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері мыналарды кіргізеді:
-үстеме пайдаға салынатын салық
-жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері
-бонустар
-роялти
-өнімді бөлу бойынша ҚР-сының үлесі.
Бонустар- жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім шартта белгіленген мөлшерлерде және тәртіппен ақша нысанында төленеді.
Роялти- пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құрылымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін төленетін төлем. Ақша немесе заттай нысанда төленеді.
Әлеуметтік салық- мемлекетте алынатын салықтын бірі. Әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізіледі. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 15-16 пайызын құрайды.
Әлеуметтік салықты төлеушілер: ҚР-сының резидент-заңды тұлғалары; бюджетпен есеп айырысуды біржолғы талон негізінде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер; шетелдік заңды тұлғалардың филалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ Қазақстанда қызметтерін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке натариустар, адвокаттар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.
Жер салығы- 1992 жылы енгізілді. Жерге салынатын салықты енгізу мынадай мақсаттарды көздейді: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану және орналастыру, жердің құнарлығын аттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтық әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болады.
Мүлікке салынатын салық- тура нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Мүлікке салынатын салықты төлеудің көзі табыстың мүлікті пайдаланудың нәтижесі болып табылатындығында немесе өзге де әдістермен алынатындығына қарамастан олардың табысы болып есептеледі.
Көлік құралдарына салынатын салық- меншік құқығында салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері төлеушілер болып табылады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық
саласындағы кәсіпорындардың
Айтып өткендей салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу мүмкіндіктері пайда болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы;
2. ҚР Президентінің жарлығы, заңды күшке ие «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру», 26.12.95 №309;
3. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец,
О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы
4. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Алматы 2003, Экономикс;
5. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы 2001, Экономикс;
6. 13.11.96 ж. ҚР бухгалтерлік есеп
бойынша Ұлттық комиссиясының
«Бухгалтерлік есеп
7. www.google.kz

- Салықтар - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының факторы ретінде
- Салық төлеушінің
- Салық туралы түсінік
- Салық түрлері
- Салық түрлері жəне оны өндірү жолдары
- Салық түсінігі
- Салық түсінігі, мәні және белгілері
- Салықтардың экономикалық мазмұнына, түрлеріне сипаттама
- Салықтардың экономикалық мазмұнына, түрлеріне сипаттама
- Салықтардың экономикалық мәні
- Салықтардың экономикалық мәні
- Салықтардың экономикалық мәні және маңызы
- Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі
- Салықтарды экономикалық ынталандыру мақсатында қолданылуы