Салық түсінігі
Жоспары
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Алымдар және оның түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2. Салықтың белгілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Алымдардың салықтан айырмашылығы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ
Кіріспе
Алым (заң) — мемлекеттік органдар көрсететін қызметтер үшін заңды және жеке тұлғалар төлейтін міндетті төлемдер,олардан алынатын ақша (алымдар).
Салықтардан басқа Қазақстан Республикасында Салықтық кодексте белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдары - алымдар, төлемақылар, төлемдер және т.б.) жұмыс істейді.
Алымдар, баждар және
төлемдер деп әдетте заңи және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін
қызметтері үшін төленетін біржолғы міндетті
төлемдерді айтады. Бұл төлемдердің сомасы
жергілікті бюджеттердің кірістеріне
не белгіленген үлестерде бюджеттер мен
тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер
көрсететін ұйымдардың, мекемелердің
шығындарын ішінара немесе толық өтеу
қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей
олардың қарамағына түседі.
Жергілікті бюджеттерге еептелетін алымдарды төлеу
көбінесе каржылық аспектілерді де, сондай-ақ
мүліктік құқықтарды, техникалық рәсімдерді
және тіркеулерді, объектінің, қызметтің
және т.б. белгілі бір халін белгілеуді
ресімдеумен байланыстыларды да қоса,
қызметтің айтарлықтай кең аясы бойынша
жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар
мен төлемдердің салық салу объектілері
де сан алуан болып келеді, алымдар мен
төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі
де әр түрлі болады. Алымдардың сомасы Үкімет белгілеген мөлшерлемелер
бойынша есептеледі және тіркеуші органдарға
тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
Тіркеу алымдары
- уәкілетті мемлекеттік органдар салық заңнамасында белгіленген
тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде,
сондай-ақ осындай тіркеу іс- әрекеттерінің
жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын
берген кезде өздері алатын біржолғы міндетті
төлемдері. Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген
тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (тіркеу органдары) жүзеге асырады.
Олар тоқсан сайын есептік тоқсаннан кейінгі
айдын 20 сынан кешіктірмей өзінің орналасқан
орны бойынша салық органына уәкілетті
орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер
және салық салу объектілері туралы ақпарат
береді.
Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркеу
іс- әрекеттерін олардың мүдделеріне жүргізетін
жеке және заңи тұлғалар алым төлеушілері
болып табылады.
Тіркеу алымдары мынадай іс-әрекетерді:
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені
және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені,
сондай-ак қайта тіркегені; дара кәсіпкерлерді;
жылжымайтын мүлікке және олармен жасалған
мәмілелерге құқықтарды; жылжымалы мүлік кепілін және
кеменін немесе жасалып жатқан кеменің
ипотекасын; радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі
құрылғыларды; көлік құралдарын, сондай-ак оларды
қайта тіркегені; дәрілік заттарды,сондай-ақ
оларды қайта тіркегені; туындылар мен
сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды,
туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін
пайдалануға арналған лицензиялық келісімшарттарды,
сондай-ак оларды қайта тіркегені; мерзімді
баспа басылымын және акпарат агенттігін
мемлекеттік тіркегені және тіркеу іс-эрекеттерінің
жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын
бергені үшін алынады.
Алымдарды төлеудің қажеттігін
тудыратын қызмет түрлерінің сан алуандығы
олардың көбісін тиісті қызмет көрсетулерге
көбінесе аралық сипат бере отырып, таза
қаржы шеңберінен шығарып жібереді. Тіпті
мемлекеттік органдардың көбінесе ақылы
қызмет көрсетуге көшіп отырған және қаралып
отырған операциялар каржылық қатынастардан
кәдуілгі тауар-ақшалай қатынастарға
түрленіп отырған рыноктық қатынастар
жағдайында бұл төлеушілердің фискалдық
және тарифтік-бағалық сипатының үйлесуі
өте-мөте өрістеді. Мұндай ақылы қызметтердің
шеңбері, мысалы Жол полициясының
алымдарын, өлшем мен өлшеуіш приборларды
тексергені және таңбалағаны үшін алымдарды,
баска бірқатарларын кіріктіреді.
Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет
туралы заңда белгіленген айлық есептік
көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып
есептеледі. Қаралып отырған төлемдердің
катарында ресурстар үшін төлем ақылар
бөлініп көрсетіледі: жер учаскелерін пайдаланғаны; қоршаған ортаға эмиссия; жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны; орманды пайдаланғаны; жануарлар дүниесін пайдаланғаны; ерекше
қорғалатын табиғат аумақтарын пайданганы
үшін төлемақылар.
Мысалы, жер учаскелерін
пайдаланғаны үшін төлемақы (жер салығына
қарағанда) мемлекеттің жер учаскелерін
өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға
(жалға) бергені үшін алынады (жер учаскелерін
бастапқы өтеусіз уақытша пайдалануға
беруді шығарып тастағанда). Міндетті
төлемдердің арасында ерекше орынды мемлекеттік баж алады. Мемлекеттік баж - уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың
заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны
үшін не (немесе) құжаттарды бергені үшін
алынатын міндетті төлем. Заңдық мәні бар іс-әрекеттер
жасау және(немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға
өтініш жасайтын жеке және заңи тұлғалар
мемлекеттік бажды төлеушілер болып табылады.
Мемлекеттік баж төленетін кызметтердің
тізбесі тым кең және ол Салықтық кодексте белгіленген мөлшерлемелер
бойынша мыналардан: сотка берілетін талап
арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу
арыздарынан (шағымдардан), сот бұйрғын
шығару туралы және бірқатар басқа арыздардан,
сондай-ақ сот құжаттарының көшірмелерін
(дубликаттарын) қайтадан беру туралы арыздардан;
азаматтық хал актілерін тіркегені үшін,
азаматтарға оларды тіркеу туралы анықтамалар
мен куәліктер бергені және азаматтық
хал актілерінің жазбаларын өзгертуге,
толықтыруга және калпына келтіруге байланысты
куәліктер бергені үшін; Қазақстан Республикаеының
азаматтығын алуга, азаматтықты қалпына
келтіруге немесе оны тоқтату туралы құжаттарды
ресімдегені үшін; нотариаттық іс-эрекеттер
жасағаны үшін, сондай-ак нотариат куәландырған
құжаттар көшірмелерін (телнұсқаларын)
бергені үшін; тұрғылықты жерін тіркегені
үшін; жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін; Қазақстан
Республикасына келүге немесе шетелге
шығуга байланысты іс-эрекеттер жасағаны
үшін; зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті
органның заңдық мәні бар іс-әрекеттер
және басқа іс-әрекеттер жасағаны үшін
алынады. Мемлекеттік баждың тіркелген
пайыздық мөлшерлемелері қолданылады,олар
айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге
алына отырып есептеледі.
Мысалы, «Азаматтық хал актілерін тіркеу
туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар
беру» үшін Қазақстан Республикасының
«Салық және бюджетке төленетін баска
міндетті төлемдер туралы» кодексіне
сәйкес мемлекеттік баж белгіленді, ол:
азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан бергені үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін;
азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,3 мөлшерін құрайды.
Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасы банк мекемелері арқылы тиісті
жергілікті бірліктің салық комитетінің есеп айырысу шотына төленеді,
онда төлемдік құжаттар беріледі (төлем мөлшері мен уақытын растайтын түбіртек
немесе «электрондық үкімет
төлем шлюз» арқылы берілген төлем
туралы чек).
Мемлекеттік баж банктер немесе банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша
аудару жолымен төленеді және уәкілетті
мемлекеттік органдардың немесе лауазымды
адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер
жасаған және (немесе) қркаттарды берген
жері бойынша есепке жазылады. Төленген
мемлекеттік баж салық заңнамасында белгіленген
жағдайларда ішінара немесе толық қайтарылуға
жатады. Қазақстан Республикасының шеқарасынан
тысқары жерде және оның аумағында атқарылған консулдық іс-әрекеттер жасағаны және
заңдық маңызы бар құжаттар бергені үшін
мемлекеттік баж түрі консулдыц алым алынады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейтін консулдық алымның
ең төменгі және барынша жоғары базалық
мөлшерлерін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық
есептік көрсеткіш негізге алына отырып
белгіленеді.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер Министрлігі консулдық алымдардың базалық
мөлшерлемелері шегінде шетелдік мекемелер
үшін нақты мөлшерлеменін. мөлшерін белгілеуге
құқылы.
Консулдық алым консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді
Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгіленген консулдық
алымдарды Қазақстан Республикасы аумағында
төлеу Ұлттық банк алымды төлеу сәтіне белгілеген
ресми бағам бойынша теңгемен жүргізіледі. Заңи және жеке тұлғалардың алымдары,баждары
және өзге төлемдері бойынша төлеушілердің
жеке санаттарына да,сонымен бірге белгілі
бір іс-әрекет жасалған кезде де әр алуан
жеңілдіктер белгіленген. Жеңілдіктер
бұл төлемдерді төлеуден ішінара немесе
толық босату түрінде белгіленеді.[1]
Салық кодексімен белгіленген алымдар
Тіркеу алымдары
Тіркеу алымдары (бұдан әрі – алымдар) – уәкілетті мемлекеттік органдармен келесі тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде алатын бір жолғы міндетті төлемдер:
1) мыналарды:
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;
дара кәсіпкерлерді;
жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды;
жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;
көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
дәрілік құралдарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;
мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);
2) жоғарыда аталған тіркеу
іс-әрекеттерінің жасалғанын
Алым төлеушілер болып тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар табылады.
Алым ставкалары салық
кодексінің 456 бабымен белгіленіп, тиісті
қаржы жылына арналған
Алымдарды төлеуден босату салық кодексінің 457 бабымен белгіленген.
Алымдардың сомалары
белгiленген ставкалар бойынша
есептеледi және салық салу объектісінің
тіркелген жері бойынша
Алымдарды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымдардың сомалары қайтарылмайды.
Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша олардың төленген жері бойынша аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиiстi тiркеу органы берген құжаттарды олар табыс еткеннен кейiн салық органдары жүргізеді.
АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫМЕН
ЖҮРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ
Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым):
1) халықаралық қатынастарда
жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды
жүзеге асыратын отандық
2) халықаралық қатынастарда
жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды
жүзеге асыратын шетелдік
3) iрi көлемді және (немесе)
салмағы ауыр отандық және
шетелдiк автокөлiк
4) концессияға берілген ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын қоспағанда, ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүруi үшiн өндiрiп алынады.
Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4. Көлік саласындағы уәкілетті
мемлекеттік органдар ай сайын
есепті айдан кейінгі айдың 20-нан
кешіктірмей өзінің орналасқан
жері бойынша салық
Алым ставкалары тиісті
қаржы жылына арналған
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.
Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және (немесе) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.
АУКЦИОНДАРДАН АЛЫНАТЫН АЛЫМ
Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi – алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.
Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды)
сатудың аукцион өткiзу
Салық кодексінің 465 бабының 2 тармағында көрсетілген сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды.
Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткізу құнының 3 проценті мөлшерiнде белгiленедi.
Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.
Алым төлеу алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрілмей жүзеге асырылады.
Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерiн жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды салық органы олардың төленген жері бойынша алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүргізеді.
Алым төлеушiлер аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей, өзі орналасқан жердегi салық органдарына алым жөнiндегi декларацияны табыс етеді.
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым
Жекелеген қызмет түрлерiмен
айналысу құқығы үшiн
Лицензиялар берудi Қазақстан
Республикасының заңнамасында
Лицензия алатын жеке
және заңды тұлғалар алым
Алым ставкалары тиісті
қаржы жылына арналған
472-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
Алым сомасы белгіленген
ставкалар бойынша есептеледі
және лицензиарға тиісті
Алым төлеген тұлғалар
лицензиарға тиісті құжаттарды
бергенге дейін лицензия
Бұл ретте төленген
алым сомаларын қайтаруды алым
төлеушінің салықтық өтініші
бойынша лицензия алуға
ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ
ҰЙЫМДАРЫНА РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН
ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ
Бұл алым байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат телнұсқасын) (бұдан әрi – рұқсат) берген кезде алынады.
Рұқсат беру тәртiбiн
Қазақстан Республикасының
Салық кодекстiң 473-бабының
1-тармағында аталған
Өздерiне жүктелген
функционалдық мiндеттерiн
Алым ставкалары салық
кодексінің 475 бабымен белгіленген
және тиісті қаржы жылына
Алым сомасы белгiленген
ставкалар бойынша есептеледi және
байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік
органнан рұқсат алғанға дейiн
телевизия және радио
Пайдаланылған әдебиет
Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет ISBN 978-601-225-169-2
Салық түсінігі, мәні және белгілері
Салықтар-тауарлы өндіріспен
бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және
мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер,
сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың
қажет болуынан пайда болады.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы
ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы
жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралдық салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылады.
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырады.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар-мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.
Салық- заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық- белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз- белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджнтіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайыздан құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан алғанда- бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық наруралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).
Салықтың материалдық белгісі- салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтың қатынастар- ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық- салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қрзғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.
Салық құқығы- мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Салық материалдық тұрғыдан белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда) немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
- Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
- Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.
- Салықтың экономикалық
белгілері ретінде келесі
- Салық – мемлекетке
тиесілі қоғамдық жиынтық
- Салық – ақшалай нысанды төленеді;
- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:
- Салық – баламасыз сипатта болады;
- Салық – салықты төленген
кезде меншік нысандары
- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.
1.Салық – мемлекетке
тиесілі қоғамдық жиынтық
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
2. Салық – ақшалай нысанды төленеді.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
3. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
Біріншіден,ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;
Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады (қайтарылады).
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз- ақшаның мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.
4. Салық –баламасыз сипатта болады.
Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын айқындайды, төленген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.
5. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
Салық төленген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады,ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
6. Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Салық қатынастарының тұрақталығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығы жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).
Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан айырылғанға дейін жалғасы таба береді.
Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
- Салықты –мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
- Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;
- Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
- Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
- Салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
- Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырады.
Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік.
1.Салықты тек мемлекет қана белгілейді.
Мемлекеттік органның ешбір салықты бекітуге және енгізуге құқық жоқ.
Салық- бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады.
Салық- осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді.
Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:
Біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте алады;
Екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-құқықтық актілермен қатаң түрде жүзеге асырылады;
Үшіншіден, осы қабылданғанқұқықтық акт белгілі бір тәтіпке сәйкес жүргізіледі.
2. Салық құқықтық нысанда жүзеге асады.
Мемлекет салықты бекіту және енгізу үшін құқықтық акт қабылдайды.
Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі әдісі болып норативті актілерді шығару табылады.
Салықтың құқықтық негізі ретінде – мемлекет шығарған номативті акт қабылданады.
Салық элементтері және салық салудың шарттары осы құқықтық актіге сәйкес белгіленеді, өзгертіледі және жүзеге асырылады.
3. Салық мемлекеттің бір
жақты белгіленімі болып
Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін түрде келісілген келісімнен кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтарымен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық сувернитет жүзеге асырылады.
Салықтық суверенитет (егемендік)-мемлекеттің өзінің аймағындағы кейбір салық түрлерін кез-келген мөлшерде өзгертуге және салық салу объектілерін белгілеуге, салық саясатын жүзеге асыруға құқы бар.
4. Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды.
Қабылданған құқықтық акт негізінде белгіленген салық жеке және заңды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді.
Салық төлеуші тұлғалар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесіне былайша түсініктеме берілген: «Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұрұға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгілеген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті»
5. Салық мәжбүрлеме сипатта болады.
Салықтың мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:
- Бірінші кезең, мемлекет салықты салық төлеушілердің еркінен тыс белгілейді және енгізеді, яғни мәжбүр түрде;
- Екінші кезең, салықты
төленген кезде салық төлеуші
өзінің меншігінің бір

- Салық түсінігі, мәні және белгілері
- Салық түсінігі, мәні және белгілері
- Салықтық құқық бұзушылықтар, ұғымы, топтастырылуы
- Салықтық құқықтық бұзушылық: ұғымы, топтастырылуы
- Салықтық құқықтық нормалар
- Салықтық құқықтық нормалар және қатынас
- Салықтық қызмет мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыты ретінде: түсінігі, маңызы, құқықтық негіздері
- Салықтарды экономикалық ынталандыру мақсатында қолданылуы
- Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
- Салықтар - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының факторы ретінде
- Салық төлеушінің
- Салық туралы түсінік
- Салық түрлері
- Салық түрлері жəне оны өндірү жолдары