Шарт туралы жалпы түсінік

  1.  Шарт түсінігі және оның азаматтық құқықтағы орны.

1.1 Шарт туралы  жалпы түсінік.

Шартты қолдану осыдан бірнеше мың жылдықтан бері әр түрлі қоғамдық қатынастарға жүгінетін  құқықтың бір жұқа нысаны ретінде  түсіндіріледі.

Өз уақытында шарт пен заңға байланысты « үш көзкарас » болды. Жігерлі теория жақтаушыларының тұжырымы бойынша шарт котрагентті актінің жігері – бірінші қайнар көзі, ал заң олардың еріктерін толықтырады немесе шектейді. Ал заңның « приоритет теориясын » жақтаушылар шарт тек заңнан туындаған құқықтың күшті әсеріне ие деген тұжырымнан шықты. Ақырында « эмпиризмдік теория » жақтарының тұжырымы бойынша үшінші жақтардың еркіндіктері тек анықталған экономикалық күшті әсерге бағытталады деп есептеді, сонымен шарттың салдары қатысушы жақтардың  нақты көрсетілімдерінің жүзеге асыру құралы ретінде болып табылады.

Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген.

Тәжірибе көрсеткендей отандық  кәсіпкерлер өзара міндеттемелерді  реттеуде көбіне көп Қазақстанда  әлі жақсы өріс ала қоймаған нарық  механизміне, сондай-ақ вербалды (ауызша) келісімдерге сүйенеді. Ал, кәсіпкерлікте  шарттық құқықты білмеу, серіктестіктерді, абырой-атақты жоғалтуға әкеліп соғады. Ал бизнестің қатысушылары кәсіпкерлікте  нақтылы әріптестік қарым-қатынаста  барлық шарттарды егжей-тегжейлі реттеуге дағдыланған.

Шарттың құқықтық институт ретінде қалыптасуы және шарттық  құқық нормаларының дамуы сауда  айналымының дамуымен етене байланысып жатыр. Шарт зат алмасудың негізгі  құқықтық нысаны болып табылады, яғни тауар бір меншік иесінен екіншісіне ауысып отырады.

        Қолтаңбалар  мен мөрлері бар қағазды шарт  деп түсіну, аңғалдық болар еді.  Ол дұрыс емес.

      Шарт дегеніміз  – тараптардың арасында туындайтын  өзара міндеттемелер жүйесі екенін  түсінбеушілік көпшілікті тығырыққа  тіреп жүр. Шарт талаптары тең қарастырылмаған қандай шаралар қолданса да қиындық туып, орындалмаған күйде қалуы мүмкін. Ойластырылмаған, ретсіз міндеттемелер жиынтығы пайдалы істерден гөрі көп қиындықтарға душар етеді, әрі әр тарап өзін қысым көруші ретінде қабылдап, екінші тарап айыпты деп санайтын дау-шаралардың көзі болады. Ал бұл жағдайдың шындығына келгенде, шарт жасау кезінде оның талаптарын дайындауға шама-шарпы, үстірт қарағандықтан болған нәтиже деп қарау керек.

     Сонымен шарт  дегеніміз не? Алдымен ұғымның  өзін қарастырайық. « Шарт »  термині азаматтық құқықта әр  түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден - бұл заңды факт, екіншіден - бұл  құжат. Шарттың реттеу қызметі  оны заңдармен және нормативтік  актілермен жақындастырады. Шарт  жағдайы құқықтық нормадан басты  екі негізгі ұстанымды ерекшеленеді. Бірінші – тәртіп ережесінің шығуымен байланысты; шарт тараптардың еріктерін білдірсе, құқықтық акт – оны құрған органның еркін білдіреді. Екіншісі – оның әрекетін және басқаның тәртіп ережесінің шегін айырады: шарт тек өзінің тараптарының тәртібін реттейді, кімде кім тарап ретінде саналмаса ол міндет емес құқық құра алады.

      Осы айтылған  екі ерекшелігі, атап айтқанда  азаматтық құқықтық шарттың айырмашылығын  білдіреді.

      Шарт азаматты  айналымға қатысушылардың белсенді  қажетті нысаны ретінде қызмет  атқарады. Уақыт өткен сайын қоғамдық  қатынас жүйесінің өсуімен бірге  шартқа қатысушылардың құрамы кеңейеді, олардың қатарында жеке тұлғалар (азаматтар) және де азаматтық құқықта еріктеріндегі субъектілер ретінде танылады, яғни заңды тұлғалар. Көбінесе алуан түрлі болып шарттың құқықтық қатынаста қолданылатын заңда көрсетілген шарттың түрлері болды. Ал шарт – шарт болып қала берді.

      Шарттың  құрылымы әр түрлі құқықтық  салада қолданылады. Мысалы: халықаралық,  бұқаралық, әкімшілік және тағы  басқа салаларда кеңінен көрініс табуда. Оның ішінде ең коп азаматтық құқықта кеңінен қолданылады.

      Қазақ дәстүрінің  кәдімгі құқығында шарттар ауызша  жасалды, оның негізгі объектісі  мал болды. Ең көп тарағаны  айырбас, жолдау және несие  шарттары болды. 

      Айырбас  шарты ақшалай жүйенің ақырын  дамыған жағдайларында қолөнерлік  өндіріс өнімдерін тұтынудың  айрықша көзі ретінде болды және ол саудагер, қолөнерші және айырбас арқылы жүргізіліп отырды. Айырбас кезінде негізгі бірлік мал болды.

      Жолдау  шарты бір жыл және одан  аз мерзімде жасалды, әдетте  бұнда несие беруші жолдаушыдан  кепіл бола алатын адамды көрсетуді  талап етті. Тұл пайда болған  кезде ол несие берушіге мал  мен алынған қарызбен бірге  қайтарылады.

     Несие шарттары  малмен уақытша пайдалануға сауылатын  малды несие берушіге беру  негізінде жасалады. Осыған сәйкес  қарыз алушы сүтті пайдаланды және малды қарауға міндеттенеді.

      Ал Рим  құқығында туындаған шартқа көзқарасқа  келетін болсақ, ол үш түрлі  мағынада: құқық қатынастардың туындауы  ретінде, құқықтық қатынастың  өзі ретінде ең соңында тиісті  құқықтық қатынастың нысаны ретінде  қарастырылады.

     Шарт туралы  мұндай көзқарастар нақты іс  жүзінде Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінде және басқа  да елдердің азаматтық кодекстерінде  тәртіптелген.

    Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің 378 бабына сәйкес екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылды.

      Шарт түсінігі туралы әр түрлі тұжырымдар болды. Соның бірі О.С.Иоференнің көзқарасы бойынша  «Кейде шарт арқылы келісімнен туындаған міндеттің өзі түсіндіріледі, ал кей жағдайда бұл термин оған қатысушылардың еркі арқылы міндеттердің пайда болуын бекітетін акт құжатын көрсетеді.» дейді.

      Н.Д.Егоровтың осы ұстанымға ұқсас көзқарасы бойынша «Шарт арқылы міндеттің негізіне жататын заңдық факт түсіндіріледі және шарттық міндеттеменің өзі, сондай-ақ міндетті құқықтық қатынас туралы факт тіркелген құжат» болып табылады дейді.

        Шарт  – бұл кең тараған келісімнің  бір түрі. Тек көп емес біржақты  келісім шарттар ғана шарт  түсінігіне жатпайды. Азаматтық  құқықта негізгі кездесетін келісім  – шарттар болып табылады. Бірақ  бұл ерікті акт оның ерекше  негіздерін көрсетеді.

        Шарт  әрбір жақтың қызығушылығын сол жақтың қанағат етуінің мүмкіндігін тудыратын құқықтық жағдайын анықтайды.

       Бұл  жақтардың шарт жасасқандығы  жалпы мақсаттарын және оның  орындалу мүмкіндігін аша түседі. Сондықтан шарт жақтардың өзара  қызығушылықтарына негізделген,ол  әкімшілік құқықтық ортада қол  жеткізу мүмкін емес экономикалық  айналыста тұрақтылықты және  реттілікті қамтамасыз етеді.

      Шарт бұл  өндіріс пен қажеттілік арасындағы  байланысты тудыратын, өндіріске қажеттілікпен тез арада бейімді және жылдам асер етуші құрал. Осының күшіне байланысты шарттық құқықтық нысан тұтынушы қажет ететін тауарларды нарықта керекті сұранысты қамтамасыз етуге бағыттылған. Шарттың  көмегімен азаматтар өзінің алынған еңбек ақысы  түрінде жұмсап, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қаржылық кірістен мәдениеттік қажеттілік пен жеке материалдық әрекет етеді. Шарт арқылы азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің  кәсіпкерлік қызметтерін барлық керекті материалдық алғышартпен қамтамасыз ететініне, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде тұтынушылар көбейіп, жүзеге асырылатынына сенімділікті аз кезегінде өндірістік  ортаның дамуына жағдай жасайды.

        Шарт  экономикалық айналымда қатысушылардың  қажеттілігіне, материалдық құндылықтарды  өндіру мен таратуға эффекттік  айырбасты қамтамасыз етеді. Сонымен  бірге шарт қоғамда әрекет  ететін материалдық құндылықтарды  иеленушілермен ғана емес, басқа  да экономикалық айналыстағы сол материалдық құндылықтарды керек етіп сезінетін қатысушыларға да мүмкіндік туғызады. Осы және басқа да көптеген сапалар шарттың экономикалық нарықта өз шегінде қолданылып, кеңеюіне жол ашады.

 

    1. Шарт мазмұны  мен нысаны

        Жақтардың  келісім бойынша алынған жағдайлары  шарт мазмұнын құрайды. Барлық  жағдайлар өздерінің заңдық негізіне қарай маңызды, кәдімгі және кездейсоқ деп бөлінеді. Маңызды жағдайлар шарт жасасқанда қажетті және жеткілікті болады. Шарт жасалды деп есептелуі үшін оның барлық маңызды жағдайлары бір-бірімен келісуі қажет. Шарттың кем дегенде бір маңызды жағдайы келіспесе, шарт жасалмайды.

       Сондықтан  да берілген шартқа маңызды  қандай жағдайлар екенін нақтырақ  анықтап алу керек. Жер участкесінің, ғимараттың, құрылыстың, пәтердің немесе  басқа да  қозғалмайтын мүліктің  бағасы қозғалмайтын мүліктерді  сату – сатып алу шартының  маңызды жағдайлары болып табылады, бірақ жай сату – сатып алу  шартындағы сатылатын тауар бағасы  маңызды жағдай болып саналмайды. Айтылған жағдайлар шарт тәртібіне сәйкес келе ма деген сұраққа заңдылық төмендегідей бағдарларды тұрақтандырады.

       Біріншіден, маңызды болып шарт затының  жағдайы табылады. Себебі, шарттың  заты не болып табылатындығын  анықтамай, ешқандай шарт жасалуы  мүмкін емес. Сондықтан сату –  сатып алу шартын, егер сатып  алушы мен сатушының арасындағы  келісімде шартқа сәйкес қандай зат сатылатындығы көрсетілмесе бұл шарт жасала алмайды.

    Екіншіден, маңызды  жағдайлар қатарына заңда және  басқа да нормативтік құқықтық  актілерде көрсетілетін жағдайлар  жатады. Мысалы, кепіл шартында кепіл  заты және оның бағасы, мөлшері,кепілмен  қамтамасыз етілетін міндеттеменің  орындалу мерзімі көрсетілуі  тиіс, сонымен қатар, онда кепілге  салынған мүлік қай жақта екені  мазмұндалуы керек.

     Үшіншіден,  маңызды жағдайлар болып шарттың  берілген түріне қажетті жағдайлар  табылады. Нақты шартқа қажетті  жағдайлар берілген шарт түрі  ретінде әрекет ете алмайтын  оның табиғи сипатын көрсететін  болып саналады. Мысалы, жай серіктестік шартында жақтардың жалпы шаруашылық немесебасқа мақсаттарынсыз шарт жасаса алмайды. Сақтандыру шарты сақтандыру жағдайын анықтамай мүмкін емес.

      Төртіншіден,  маңызды болып арыз бойынша жақтардың келісімі болуы керек. Бұл жақтардың біреуінің еркі бойынша егер заңда немесе басқа да құқықтық актілерде шарттың сипаты көрсетімесе шарттың маңыздылығын білдіреді. Мысалы, сатылатын затты орайтын деген талап әрекет ететін заңдылықтарды сату – сатып алу шартының маңызды жағдайларының қатарына кірмейді. Бірақ сатып алушы үшін алынған зат сыйлық ретінде болса, онда орауыш маңызды жағдай табылуы мүмкін. Сондықтан егер сатып алушы алынатын тауарды орау туралы келіссе, ол сату – сатып алу шартының маңызды жағдайы болып табылады, онсыз сату – сатып алу шарты жасалуы мүмкін емес.

        Маңыздыға  қарағанда кәдімгі жағдайлар  жақтардың келісімін қажет етпейді.  Кәдімгі жағдайлар сәйкесінше  нормативтік актіге қаралған  және шарт жасасқан сәттен  жылдам іске қосылады. Бұл шартта  қатысушы жақтардың еркіне қарамастан  кәдімгі жағдайлардың әрекет  ететінін көрсетеді. Шарттың басқа  да жағдайлары секілді кәдімгі  жағдайлар жақтардың келісіміне негізделеді. Тек осы жағдайда ғана жақтардың келісімі шарт жасасқан айғақтарда көрінетін, нормативтік актіде мазмұндалатын кәдімгі жағдайлардағы шартқа бағынады. Егер қатысушы жақтар нақты шарт жасау келісімін берсе, олар осы шарт туралы заңдылықтарда мазмұндалатын жағдайлармен де келіседі деп есептеледі. Егер жақтар кәдімгі жағдайларда шарт жасасқылары келмесе, олар диспозитивтік нормаларда көрсетілген шарт мазмұнына кәдімгі жағдайларды өзгертетін немесе  тоқтататын бөлімдерді қосуы мүмкін.

        Құн  шарттың кәдімгі жағдайлары қатарына  қазіргі уақытта егер заңда  немесе басқа құқықтық актіде  көрсетілсе шарттың бағасы да  кіреді. Егер шартта орындалуына  қолданылатын баға көрсетілмесе, көзделген заңдағы жағдайларда  мемлекеттік немесе уәкілеттік  реттелетін немесе тұрақтандырылатын  бағалар (тарифтер, ставкалар) тартылады. 

      Кәдімгі  жағдайлар қатарына шарттың сәйкес  түріне өңделген және басылымда  жарияланған үлгілік жағдайлар  да жатады. Егер шартта үлгілік  жағдайларға деп жіберлмесе, ондай  жағдайлар қызметтік айналымдағы  дәстүр сапасында жақтардың қатынасына  тартылады. Үлгілік жағдайлар  осы жағдайлар мазмұндалатын үлгілік шарт нысанында немесе басқа құжаттарда көрсетілуі мүмкін.

      Кәдімгі  жағдайлар қатарына сонымен қатар  қызметтік айналымның дәстүрі  де жатады, яғни қатысушы жақтардың  қатынасына тартылмаса және ол  шартта жақтармен немесе диспозитивтік  нормалармен жағдайы анықталмаса.

      Кездейсоқ  жағдайлар деп – кәдімгі жағдайларды  толықтыратын немесе өзгертетін  жағдайлар аталады. Олар қатысушы жақтардың қарауындағы шарт мәтініне қосылады. Олардың да жағдайлар сияқты болмауы шарттың нақтылығына әсерін тигізбейді. Бірақ кәдімгіге қарағанда оларды шарт мәтініне ғана заңды күшіне енетіндігімен ажыратылады. Маңызды жағдайларға қарағанда кездейсоқ жағдайлардың болмауы берілген шарттың жасалмағандығын көрсетеді., егер бір жақ берілген жағдайларға келісуді талап еткендігін дәлелдесе, басқаша жағдайларда шарт кездейсоқ жағдайларсыз да жасалды деп есептеледі. Егер сату-сатып алу шартына жақтар сатып алушыға тауардың қандай көліктің түрімен жеткізілгендігі жөніндегі сұрақты шешпесе де, шарт кездейсоқ жағдайларсыз жасалды деп есептеледі. Бірақ сатып алушы тауарды әуе көлігімен әкелуіне талап қойғанын дәлелдесе, сату-сатып алу шарты жасалмаған болып саналады.

     Кейде шарт  мазмұнына жақтардың құқықтары  мен міндеттері де қосылады. Жақтардың  құқықтары мен міндеттері құқықтық  қатынастардың мазмұнын құрайды.  Кейбір авторлар маңызды жағдайлар  қатарына заңның императивтік нормасында белгіленген жағдайларды қосады. Бірақ маңызды жағдайлардың ерекше белгілері болып олар міндетті түрде жақтардың келісімімен болуы керектігі табылады. Онысымен олар басқа жағдайлардан ажыратылады. Императивті немесе диспозитивті нормада мазмұндалатын жағдайлар тез арада шарт жасасқан сәттен күшіне енеді. Сондықтан оларды шарттың кәдімгі жағдайларына жатқызуға болады. Шарттың маңызды жағдайы баға болып табылады деген көзқараспен келісу қиынырақ. Егер шарт мәтінінде баға көрсетілмесе, оның жасалғандығына әкелмейді.

      Шарттың  мазмұны – жасалған шарт жағдайларының  жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны заңдармен жазылған жағдайлардан басқасын да, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді.

      Шарттың  ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын  нормамен көзделген реттерде, егер  тараптардың келісімімен өзгеше  белгіленбесе, тараптар өздерінің  келісімдерімен норманың қолданылуын  жоя алады немесе сол нормада  көзделгеннен өзгеше жағдайды  белгілей алады.

      Шарт жасалмас  бұрын оның барлық маңызды  жағдайларын талап етілген нысанда  келістіріп алу қажет. Шарт  мәміленің бір түрі болғандықтан; оның нысанына мәміле нысаны  туралы жалпы ереже қолданылады. Шарт, егер шарттың берілген түріне заңда нақты нысан көрсетілмесе, кез-келген нысанда жасала беруі мүмкін.

     Егер қатысушы  жақтар шартты белгілі бір  нысанда жасауға келіссе, оған  тұрақтандырылған нысанмен келіскеннен  кейін жасалды деп есептеледі. Мысалы, жолдау шарты азаматтар  арасында бір жыл мерзімге  ауызша нысанда жасалды деп  келіссе, онда жазбаша нысанда  жазылмайынша шарт жасалған жоқ  деп есептелуі мүмкін нақты  шартты жасау үшін қатысушы  жақтардың келісімімен талап  етілген нысан ғана емес, сонымен  қатар мүлікке сәйкес тапсырыс  та болады. Сондықтан да мүлікті  тапсыру бір үлгіде дайындалуы  керек. Мысалы, заем шартын азаматтар арасында жасасқанда еңбек ақының заңмен тұрақтандырылған мөлшерін 10 реттен артық көтеру сомасы көрсетілген ақшалай соманы беру заңдық қолхат арқылы жүргізіледі. Егер заңдылықты немесе жақтардың келісіміне сәйкес шарт жазбаша нысанда жасалуы тиіс болса, ол қатысушы жақтардың қол қоюы арқылы құжаттарды жасау жолымен жасалуы мүмкін, сонымен қатар жақтардан шартқа өтетіндігіне мүмкіндік беретін электрондық, телефондық, телеграфтық, почталықжәне басқа байланыстарға сәйкес құжаттарды ауыстыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңдармен, басқа да құқықтық актілермен және жақтардың келісімімен шарт нысанына сәйкес және талқылаудың орындалуын қамтамасыз етілетін талаптар бекітілуі мүмкін. Егер бұндай қосымша талаптар бекітілмесе, қатысушы жақтар шарт жасасарда жазбаша құжаттардағы оның реквизиттері мен орналасқан жағдайын анықтап алуға құқылы. Сондықтан жазбаша құжаттарда шарт пунктерінің жеке орналасу тәртібі оның қажеттілігіне ықпал етпейді.

      Азаматтар  мен заңды тұлғалар арасындағы  қатынастарда жазбаша шарт толтыратын  арнайы типтік бланкілер қолданылар. Бұндай типтік бланкілер жазбаша  шартты дұрыс әрі жедел толтыруға  мүмкіндік береді. Егер жақтармен  типтік бланкінің бір кестесі  толтырылмаса, бірақ бұл кесте  шарт жағдайын немесе оған  өзгерістер мен толықтырулар  еңгізуге әкелмейтін болса, шарттың  жасалғандығына немесе жарамсыздығына  әкелмейді.

      Типтік бланкілерден жазбаша шарттың толтыру порцесін жеңілдетуде қолданылатын типтік шарттардан ажырата білу керек. Бұндай типтік шарттардың жағдайлары жақтарға міндетті және оларды бұзғаны үшін шартқа еңгізілген өзгерістен мен толықтырулардың немесе толық шарттың жойылуына әкеледі.

      Шарт нысаны  оның қатысушы жақтарының келісімімен  еркіндігіне сәйкес дұрыстығын  көрсетеді және бекітілуі жатады. Кейде шарт мазмұны оны талқылауды  қажет етеді және оның қатысушы  жақтарының арасында дау тудырады. Бұл мынаны көрсетеді: шарт  мәніні және оның ішкі реквизиттері  азаматтық құқықтық және оның  толық термонологиясын иелене  алмайтын шарт қатынастарымен  анықталады. Аталған дауларды шешу мақсатында шартты түсіндіру ережесі анықталған. Шартты соттық жағдайда түсіндіру ондағы мазмұндалатын сөздер мен кескіндердің сөзбе-сөз, дәлме-дәл белгілерінің назарына қолданылады. Шарттың дәлме-дәл негізгі түсініксіз болған жағдайда басқа жағдайлармен салыстыру жолымен немесе түсініксіз толық түсінігімен тұрақтандырылады. Сондықтан щарт мазмұны түсінуде шешімді негіз оның дәлме-дәл мәтініне және одан шығатын ойға беріледі. Бұл азаматтық айналымның қатысушыларының шарт мәтінімен толық және бөлшектеп жұмыс істеудің қажеттілігін көрсетеді. Егер жоғарыда көрсетілген ереже шарт мазмұнын анықтауға мүмкіндік бермесе, онда шарт мақсатында жақтардың жалпы еркімен түсіндірілуі тиіс. Сондықтан шартты зерттеуге ғана емес, Сонымен қатар оны салыстыру негізінде толтыру қажет. Бұндай жағдайлар қатарына жақтардың өзара қатынасымен тұрақтандырылған тәжірибе, сөйлеулер мен жазбалар, қызметтік айналым салалары, жақтардың тәртібін көрсететін жағдайлар жатады.

       

    1. Азаматтық Кодекстегі шарттың алатын орны

Азаматтық Кодексте келтірілген  зиянның орнын толтыру мақсатында міндеттемелер шартпен бірге реттеледі.

   Шартты тағайындау  мідеттеменің туындауының зөіндік  негізінде әрекет етуінен тұрады. Сонымен қоса шарттық міндеттемелер  кейде шарттық емес міндеттеменің  мақсатын қорғау мен қамтамасыз  етуде қарсы әрекет етеді.

   Мысал ретінде  меншік иесінің міндеттемелері  бола алады, яғни затын жоғалтқан  немесе басқа тұлға табылған  затты қайтарып алуға талап  етуге құқығы бар, соның ішінде жоғалған затпен байланысты келтірілген шығынның орнын толтыру мен оған сыйақы төлеуге жергілікті өзін-өзі басқару органдары да жатады. Егер табылған заттың нақты құны мен тек меншік бағалануға жатпаса, онда сәйкесінше міндеттемелер тек табылған затты кім жоғалтқанына немесе зат төлем саласының мөлшеріне келісімге жеткенде ғана туындалған деп танылып, тұрақтандырылады.

  Ұқсас жағдайлар, уйде  қадағалаусыз жануарды ұстағанда,  оның бұрынғы иесіде кодексте  белгіленген міндеттемелерде қайтарып  беруге тиісті тұлғалардың міндеттемелеріне  қосыладыжәне тартылады.

  Қайтарып беру жағдайы  жаңа меншік иесінен келісімге  келгеннен кейін анықталады.Жаңа  және бұрынғы меншік иелерін  байланыстырылатын осы жағдайлар  мен нәтижелерде міндеттемелік  құқықтық қатынастар олармен  жасалған шарт негізінде жүзеге  асырылады.

   Егер шарт мәміле  өз сипаты бойынша басқа міндеттеменің  туындауының конституциялық белгісімен  ерекшеленсе, ол әр түрлі шарт  негізінде туындаған құқықтық  қатынастар өзінің барлық әрекетімен  сәйкес келуі мүмкін, оның ішінде  заңдылық негізінде туындаған  жақтардың құқығы мен міндеттері.

   Соңғы кезеғде  шарттың бір жағдайында туындауды  жеткізіп тұрушылық, ал басқа жағдайда тараптардың еркіне тәуелсіз, жоспарлық акт немесе басқа әкімшілік актінің туралығы болады. Бірақ қазіргі кезде де құқықтық қатынастың сипатына қарай екі әр түрлі негізде туындаған бұндай бәсекелестік болуы мүмкін. Бұзылған шарт пен деликттен әрекет шығынның орнын толтыру міндеттемесі туындайды.

   Шарттар мен келісілмеген  қатынастардан туатын міндеттеменің  жақындығын айтқанда анықталған  түсіндірулер мен міндеттемелерді  қамтамасыз етудің тәсілдерін  көрсетуге болады. Азаматтық Кодексте  міндеттеменің қамтамасыз етілуінің  төрт жолы – айып, кепіл, кепілдік, зардап ереже бойынша шарттан  туындайды. Бұл міндеттемені қамтамасыз  етудің қалған әдістеріне жатпайды. Заң мен ереже бойынша туындаған  шектеулер де, сонымен бірге біржақты  мәміле негізінде қарсы банктік  кепілдік те есепке алынады.  Біоақ бұл екі тәсіл де кез-келген  шарттан болған тараптардың міндеттемелерін  қамтамасыз ету мақсатында ьолуы  мүмкін.

  Шарттың ерекше сипаты  оның ішінде түсінікке сәйкес  келетін жоғары аталған жағдайлар  да Кодекстің құрылысында көрініс  беоеді. Бұл мағынадағы негіз  ертеректігі дәл қазіргі уақытқа  дейін қолданылған 1804 жылы француздың  Азаматтық Кодексінде беріледі. Бұнда барлық шарт туралы нормативтік материалдар «менщікті алудың әр түрлі әдістері» атты кітапта мазмұндалады.

  Осы кодекстің баптары  келісім жағдайының нақтылығына  байланысты төрт негізді атайды, тараптарға міндеттемемен қатар,  щарт жасауда оның тәсілі, анықталған  зат және міндеттеменін мазмұнын  құрайтын жағдалар жатады.

  Француздың Кодексінде  қарағанда германдық азаматтық  жинақта құрылымдық келісімдер  қозғалған. Олардың басында шарт  мәміле бөлімінде, одан кейін міндеттеменің жеке түрі ретінде қарастырылады.

   Осы бағытта қазіргі  Нидерланды Азаматтық Кодексінде құрылған оның негізгі болып үш кітаптың екі бөлімінде көрсетілгендер танылады. Бір мезгілде кодексте III томдық арнайы кітапты мазмұндайды, яғни «Шарт туралы» және «Шарттың негізгі түрлері» бөлімдерін бөлетін міндеттемелік құқықтық жалпы ережелеріне арналған.

   Біздің көзқарасымыз  бойынша германдық азаматтық  жинақ пен Нидерланды Кодексіндегі  жүйелердің басымдылығы шарттарды,  режимді қоса алғанда барлық мәмілелердің бірыңғайлылығына тұрақтандырудан тұрады. Берілген жағдайда кез-келген кодификацияға міндетті ереже бар; әр түрлі құқықтық конструкцияның тамырының белгілері жалпы нормаларда мақсаттылықты бекітуі тиіс. Бұнымен тек «экономиканы құқықтық реттеу» ғана емес, сонымен бірге сол реттіліктің қажетті бірлігі де жетеді.

   Азаматтық Кодекс  белгілі жүйеде құрыгған басқа  да кодекстермен щартқа міндеттемеге арналған тарауда немесе өзінің жалпы бөлімдегі анықталған орын бөледі.

   Шарт жасасқанда  тараптар мен мімілелер туралы  басшылықпен міндеттемелер туралы  жалпы ережелерге арналған бөлімдермен,олар  шарттың қалай орындауы керектігін,орындауды  қалай қамтамасыз етуге болады  және бұзғанда қандай жауаптылық  туындайтынын анықтайды. Шарт  жағдайларына және олардың жасасу  тәртіптеріне арналған нормалармен  (бұл нормалардың бір бөлігі  шарт – мәмілерге,ал қалғандары  – шарт құқық қатынастарға арналады) бірігуі керек. Шарттың жеке түрлерін реттеуді мазмұндайтын тарауда шарттық құқық қатынастар туралы бірақ жеке нормалар сәйкес келетін шартқа, яғни мәмле ретінде жататындықтан сөз болады. Барлық осы нормалар арнайы сипатта болады.

   Азаматтық құқықтық  шарттар мен қатар көрсетілген  саланың шегінде пайдаланылатын  шарттар да бар. Олардың барлығы келісімнен туындаған құқықтық қатынастың жиынтығын құрайтын, құқықтар мен міндеттердің жинағынан туындап, бағытталатын келісімдер болып табылады.

    Азаматық заңдылық негізгі тауарлық ақшалай және басқа да мүліктік құбылыстарда қатысушылық тендігінен негізделген, сонымен қатар мүліктік емес қатынасардың мүліктік қатынастармен байланыстылығын көрсететін отбасылық, еңбектік қатынастар мен табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау да, егер бұл қатынастар сәйкесінше салаларда реттемеген жағдайларда қолданылады. Сонымен бірге көрсетілген қатынастарға азаматтық құқықтық нормаларды қолданудың субсидиарлық қағидасы әрекет етеді.

  Әкімшілік және басқа  да билікке соның ішінде салықтық  және басқа да бюджеттік қатынастарына  басқа жағдайда заңдылықпен көрсетілмесе  азаматтық заңдылық қолданылмайды.

   Жаңа Азаматтық  Кодекс азаматтық құқықтың сыртында  болатын тек бір ғана мүліктік  қатынастардың ерекшелігін көрсетті. Бірақ көрсетілген норма әр  түрлі саладағы шарттардың түрлеріне  шек қояды, егер тараптар арасындағы  билік пен бағынушылық қатынастары  тек азаматтық заңдылықтардағы  мүмкіндікті қолдану қағидасына  ғана емес, сонымен қатар шарттың  үйлесімділігіне де тартылмайды.

   Шарт (келісім) тек  нақты жағдайда теңдік негізде  болатын субъектілердің арасында  болуы мүмкін. Мысалы: мүлікті басқа  мемлекеттің кәсіпкеріне жалға  беру, сол мемлекет субъектісі  қатысуымен немесе муниципалдық  білімдер, олардың атынан әрекет  ететін билік және басқару  органдары немесе мемлекеттің қатысуымен өнімдер – әр түрлі шарт нысандары болуы мүмкін. Бәрібір шарттар өздерінің сипатына қарай жай азаматтық құқықтық шарттар болып табылады.

    Бұл мағынада  су кодексінің маңызы зор. Кодекстің өзінде шарттың үш түрі көрсетілген:су объектілерінің ұзақ мерзімге пайдалану; су объектілерінқысқа мерзімгепайдаланужәне жеке су сервитутын тұрақтандыру. Бұл жерде егер айтылған бірінші шартта атқарушы билік органдарының қатысуы міндетті болатын болса, ал соңғысында –жеке су сервититы шарты су объектілерін пайдалануда құқығына шек қойылатын су пайдаланушы тұлғамен жасалады.

   Соңғы уақытқа  дейін отбасылық және азаматтық  құқықтық байланыстарда шарттар  туралы заңдылық негізінде сұрақтар  пайда болды. Бірақ отбасылық  кодексте кейін шарт институтына  еңгізді. Бұл шарт некеге тұрған  тұлғалардың келісімін немесе  ерлі-зайыптылардың некедегі мүліктік  құқығы мен міндетін және некені  бұзу жағдайын анықтайтын келісімдермен  көрсетіледі. 

   Азаматтық заңдылықтың  отбасылық қатынастарға қолданылатын  жалпы нормалары субсидиярлық қағиданы бекітеді. Бұл заңдылық көрсетілген қатынастарды екі жағдайда жүзеге асырады: отбасылық заңдылықтармен реттелетін отбасылық қатынастар, сонымен қатар азаматтық заңдылықты тарту отбасылық қатынастың мәнін өзгертпейді.

   Азаматтық Кодекс  «еңбектік келісім» сұрақтарына өзінің көзқарас білдіреді. Азаматтық Кодекс және коммерциялық құпияны сақтау тәртібін тарататын, сонымен қатар «еңбектік шарт, соның ішінде келісім» құпияларын жариялаған тұлғаларға жауаптылық белгілдейді. Заңды тұлғаға оның қызметкері арқылы зиян келтірілсін, « еңбек шарты негізінде» жұмысты орындайтын азаматтарға нормаларға сәйкес жауапкершілік бкітіледі.

Шарт туралы жалпы түсінік