Шаруашылығы және өнеркәсібі
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:Ресей
Жоспары
IКіріспе
1.1 Экономикалық- географиялық жағдайы……..……………………………...3
1.2Мемлекеттік құрылымы………………………………………………………4
II.Негізгі бөлімі
2.1 Мемлекеттің қалыптасу тарихы……………………………………...………4
2.2Мәдениеті..................
2.3Табиғат жағдайы...............……………………
2.4Демографиялық көрсеткішті.……………………………………….……
2.5Геосаяси жағдайы………………………………………………….………
2.6Ресей-Қазақстан байланысы………………...………………………………
2.7Қаржы жүйесі және оның
буындар....……………….……………….……..
2.8Білім жүйесі………………...………………………………………
2.9Негізгі экономикалық –әлеуметтік көрсеткіштері………………………....16
3. Салық жүйесі және сыртқы сауда…………………………………………..17
III.Қорытынды
3.1Экономикалық аудандары……….………………………………………….
3.2Еңбек ресурс...………………………………………………………
3.3Шаруашылығы және өнеркәсібі……………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………...21
Экономикалық-географиялық жағдайы
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста
Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:
- Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
- Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
- Қиыр Шығыс Ресейі
Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды.
Ресей аумағының 1/4-іЕуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.
Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен темір жол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропада, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің тынық мұхиттық жағалауы Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс отнатуға мүмкіндік береді.
Ресей федеративті республика болып
табылады.Мемлекет басшысы президент.Атқарушы
үкіметті премьер-министр басқарады.Заң
шығарушы орган-парламент.Әкімшілік-
Ресей — сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV—XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.
Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік-батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды. Келесі ғасырда Украина мен Белоруссия жерін басып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.
XVIII ғасырда шведтермен болған
соғыс нәтижесінде Ресейдің гео
1721жылдан бастап империя деп атала бастады. 1722 жылы елдің оңтүстік шекараларын нығайту мақсатында I Петр Кавказ бен Иранға жорығын бастады. Нәтижесінде Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауы Ресей құрамына енгізілді. XIX ғасырдың басында өзінің құрамына Балтық теңізінің шығыс жағалауын, Польша мен Бессарабияны, Кавказ сыртын қосу арқылы өз аумағын одан әрі кеңейте түсті. Бірақ 1853—1856 жылдары болған Қырым соғысынан соң Ресейдің геосаяси жағдайы күрт нашарлап кетті. Осы кезеңде Ресей Бессарабияның оңтүстігінен айрылып қалды және АҚШ-қа Алясканы сатуға мәжбүр болды. Ендігі жерде Ресейдің назары Орта Азияға ауды. Ресей империясының басқыншылық саясаты нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстан жері толығымен дерлік тәуелді аумақтарға айналды.
Ресейдің XX ғасырдағы жаңа тарихы 1917 жылы Қазан революциясынан бастау алды. Құлаған империя орнында пайдаболған Кеңестер Одағы тарихи қалыптасқан геосаяси кеңістікті қалпынакелтіумен бірге, оны көршілес аумақтар есебінен кеңейте түсті. Жаңа үлгідегі аса күшті алып мемлекет әлемдік экономика мен саясатта өзіндік орын алы.Өзінің аумақтық тұтастығын сақтаумен қатар, көршілес мемлекеттердегі саяси жүйенің өзгеруін қамтамасыз еткен бұл мемлекет одақтастары есебінен Еуразиядағы ғана емес, әлемдегі саяси күштердің арасалмағын анықтаушы факторға айналды.
1991 жылы ішкіқайшылықтар мен сыртқы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагеріретінде Ресей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелістібасынан кешірді. Біртұтастығы бұзылған кеңістікте экономикалық, байланыстар әлсіреумен қатар, Ресей мемлекетіне онша қолайлы емес геосаяси жағдай қалыптасты
Ресей мәдениеті адамзат баласына
баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған
дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас
бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік
ерекшеліктері бар
Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері
негізінен төмендегі
- көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру;
- уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу;
- жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.
Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет- бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты.
Ресейдің табиғат жағдайы
Сонымен қатар Ресей жерінің
жазық бөлігінің, негізінен, жоғары
және орта ендіктерде орналасуы да
табиғат жағдайына өзіндік
Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар(тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөлзоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына , халықтыңорналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.
Демографиялық көрсеткіштер
Ресей аумағында XX ғасырдың 90-жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты-Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.
Демографиялық керсеткіштерге
халықтың жас және жыныстық кұрылымы,
көші-қон сипаты да әсер етеді. Қазіргі
кезде Ресей халқының 17%-ы 14 жасқа
толмаған балалар болса, 19%-ын жасы 60-тан
асқан егде адамдар құрайды. Ел халқының
53%-дан астамын әйелдер
Халқының ұлттық құрамы
Ресей көп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы — орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең басым ауданы — Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігінде байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.
Тілдік құрамы жағынан
Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық
(халықтың 89%-ы), алтай (7%), кавказ (2%) және
орал (2%) 4 тіл семьяларына жатады.
Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі
мен мәдениетінің ғана емес, басқа
халықтардың, соның ішінде шағын
ұлыстардың тілі мен салт-дәстүрлерінің
сақталуына айрықша көңіл бөлінген.
Орасан зор аумақты алып жатқан Саха
республикасының байырғы
Экономикалық аудандар бойынша да халықтың тығыздығы әртүрлі. Халық Орталық аудан мен Калининград облысында тығыз орналасқан, ал Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібірде, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған
Халық тығыздығы табиғат
Солтүстікке және шығысқа қарай халық тығыздығы азая береді. Ел аумағының 2/3 бөлігін қамтитын Солтүстік ауданда бүкіл халықтың 6%-ы ғана тұрады. Бұл аудандарда қала халқының үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы минералдық ресурстарды өндірумен тығыз байланысты болады. Сібірдің оңтүстігінде (Алтай, Тува республикалары) де халық сирек қоныстанған, мұнда ел халқының 1 %-ы ғана тұрады, бірақ ауыл халқының үлесі жоғары. Халықтың әркелкі орналасуы және көптілік аумақта өте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі болып табылады.
Ресейде, негізінен, қоныстанудың екі түрі (қалалық және ауылдық) басым. Жалпы алғанда, Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар. Олардың саны, әдетте, ауыл шаруашылығы өркендеген аудандарда көбірек. Көлік қатынасы және рекреациямен (емдеу-сауықтыру және демалыс орындары), сондай-ақ орман шаруашылығымен байланысты ауылдың елді мекендер де бар. Қазіргі кезде ауылды жерде тұратындардың тек 55%-ы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.
Қазіргі кезде Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады. Қала халқының үлесі, әсіресе Солтүстік-Батыс 87%) және Орталық (80%) аудандарда жоғары. Алтай, Тува, Қалмақ республикаларында, солтүстіктегі ұлттық автономиялық округтерде урбандалу деңгейі 50%-дан төмен. Ал ауыл шаруашылығы дамыған Солтүстік Кавказ бен Краснодар өлкесінде қала халқының үлесі 54%-ды құрайды.
Ресейдің Еуропа мен Азия ортасындағы
аралық орны екі дүние бөлігін
байланыстырып тұратын өзіндік
көпір қызметін атқаруына себепші
болады. Бұл елдің әлеуметтік-
НАТО елдерімен, оның ішінде АҚШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, "қырғиқабақ соғыс" саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатында бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресей белгілі бір елдер тобына бағдарланған саясат жүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенмен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, ел аумағына жақын келуі Ресей мүдделері тұрғысынан алғанда онша қолайлы құбылыс ретінде бағаланбайды.
Қазіргі заманғы әлемдегі геосаяси жағдай, ұлттар мен діндер араздығы, халықаралық терроризммен күрес шаралары Еуразияның көптеген аудандарында саяси тұрақсыздықтың орын алуына себепші болды. Бұл жағдайда аймақтағы, әлемдегі саяси жағдайға ықпал ететін ірі мемлекет ретінде Ресейдің рөлі күшейіп келеді. Шекараға жақын аудандарда саяси жағдайдың шиеленісуі Ресейдің мемлекеттік шекараларын нығайтуына ықпал етуде. Ресей Федерациясының бұрынғы одақтас республикалармен шекаралары арнайы келісімдер арқылы толық бекітіліп біткен жоқ. Қазақстанмен шекаралары 2005 жылғы мемлекетаралық келісімдер негізінде толығымен бекітілді.
Ресей Геосаяси тұрғыда ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістанмен қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайта түспекші
Ресей-Қазақстан байланыстары
Сыртқы саясатта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы әскери –саяси ынтымақтасық ерекше орын алалы.
1990жылдары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы геосаяси жақындық,тарихи байланыс,саяси,экономикалық және әскери аспектілерге қатысты көптеген мәселелерде көзқарастары сәйкес болу себептері қарым-қатынастардың мүлдем жаңа түрін қалыптастырды.Әсіресе,екі мемлекет қатынасын анықтау мақсатында геосаяси фактор басты роль атқарады.Ресеймен шекарасы көбірек шектесетін Қазақстанның сол ресей арқылы әлемдік коммуникацияларға қол жеткізімділігі бар.Тарихи қалыптасқан себептерге байланысты біздің республика экономика жағынан Ресейге тәуелді болып тұр.Ресейде 750мың қазақтар тұрғанда,Қазақстанда 4млн.адам орыс диаспорасы тұрады.Осы барлық себептер екі мемлекетті байланыстырып,Ресейді Қазақстанның басты страгетиялық серіктесі және одақтасы ретінде анықтайды.
Қазақстан үшін Ресей ең алдымен басты стратегиялық серіктес және одақтас.ТМД-ға кіретін мемлекетер ішінен Ресей Федерациясы бүгінгі таңда Қазақстан Республикасымен өзара қатынастарын тығыз дамытуда.
Өз кезегінде Қазақстан және Ресейдің әскер –саяси ынтымақтастығының қазіргі заманда 3 кезеңнен тұратын өз тарихы бар:
1-этап- әскери –саяси ынтымақтастықтың маңыздылығын анықтау(1990-1991жылдар)
2-этап-қарым-қатынастың құқықтық базасының қалыптасуы(1992-1993)
3-этап-әскери ықпалдасудың кеңеюі(1994-2007)
Қазақстан және Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізі Кеңес Одағының ыдырауына дейін қаланған.
Қазақстан және Ресей арасындағы Достық,ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім шарт екі мемлекет арасында әскери-саяси жақындасудың бастамасын қалыптастырған негізгі мемлекетаралық құжат болды.1992жылы 16 шілдеде Қазақстан және Ресей арасындағы Достық,ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім шарт Ресей парламентімен бекітілді.
Тағы екі маңызды құжаттар
1992 жылы шілде мен тамызда Қазақстан мен
Ресейдің Қорғаныс министрліктері арасында
қабылданды.Бұл әскери оқу орындарында
офицерлік кадрлер дайындау және офицерлік
құрам,прапорщиктердің,
Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасындағы әскери-
саяси қарым –қатынастың құқықтық
базасының қалыптасуына 1995жылдың 20 қаңтарындағы
Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей
Федерациясының Президенті Б.Н
Ресей басшысының 1996 жылғы
сәуірдегі Қазақстанға сапары Қазақстан-Ресей
қарым-қатынастарында қол жеткізілген
сапалы жаңа деңгейдің жарқын айғағына
айналды. Н.Назарбаев пен Б. Ельцин Каспий
проблемаларына айрықша мән берді. Кездесудің
қорытындылары бойынша Мемлекеттер басшылары
Каспий теңізін пайдалану жөніндегі ынтымақтастық
туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Ол құжатта жаңа саяси жағдайларда Каспий
проблемаларын әділетті түрде шешудің
аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты
қамтамасыз етуде шешуші маңызы болатындығы
атап көрсетілді. Тараптар Каспийдің құқықтық
мәртебесі туралы мәселені шешуде және
теңіздің минерелдық, биологиялық ресурстарын
пайдалануда тығыз ынтымақтасуға уағдаласты.
Сөз болып отырған уақытта Теңіз кен орнынан
Новороссийскіге дейін мұнай құбырының
құрылысын салу туралы (Каспий құбыр желісі
концорциумының жобасы) түпкілікті шешім
қабылданды.
Содан кейін екі жыл бойы Қазақстан және
Ресей тараптары жоғары саяси деңгейде
қарқынды келіссөздер жүргізді Келіссөздерде
Қазақстан мен Ресейдің өзара іс-қимылына
үздіксізсипат беруге , екі жақты ынтымақтастықтың
қарқыны мен көлемін ұлғайтуға айрықша
назар аударылды.
Осы бағыттағы күш-жігер табысты аяқталды.
ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық
пен одақтастық туралы декларацияға қол
қойылды. Бұл құжаттың үлкен саяси мәні
бар. Екі жақты қарым-қатынастардың тарихында
бұрын-соңды болмаған осы құжатқа 1998 жылғы
6 шілдеде қол қойылып, Қазақстан мен Ресейдің
басшылары екі мемлекет те мәңгілік достық
байланыстарымен сипатталатын әріптестер
және одақтастар болып табылатынын қуаттады.
Н.Назарбаетың туған күнінде өткізілген
жоғары деңгейдегі кездесудің айрықша
жемісті болғанын атап өту керек. Осы 6
шілде күні Каспий жөніндегі келіссөздер
процесінде жаңа тұрпатты жаңалық болды.
Президенттер жер қойнауын пайдалануға
арналған егеменді құқықтарын жүзеге
асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік
бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге
қол қойды. Тараптар теңіздің түбі бойынша
жетілдірілген орта сызықты жүргізу туралы
принципті уағдалысқа қол жеткізді.
Қазақстан Ресей қарым-қатынастарының
тағы бір жемісіретінде РФ Президенті
Б.Ельциннің 1998 жылғы 12 қазанда Алматыға
жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын
айтуғаболады, оның нәтижесінде 1998-2007
жылдарға арналған экононмикалық ынтымастық
туралы кең ауқымды шартқа қол қойылды,
осы құжатты іске асыру жөнінде нақты
іс-шаралардың бағдарламасы жасалады.Бұл
құжат экономиканың нақты секторының
негізгі салаларындағы өндірістік инвестициялық,
ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытудың
нақты бағыттары мен үйлестіруші тетіктерін
белгілейді.Шаруашылық жүргізуші субьектілердің
арасында яғни тікелей экономикалық деңгейде
байланыстарды кеңейтуді көздейді.

- Шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері
- Шаруашылық жүргізуші субъетілер қаржысының жұмыс істеу негіздері
- Шарп, Абрахам
- Шарт туралы жалпы түсінік
- Шартты рефлекс
- Шартты силлогизм
- Шарт ұғымы
- Шарт ұғымы
- Шарт ұғымы және оның түрлері