Шаруашылық туралы жалпы мағұлмат

Өндірістік  тәжірибеден өту барысындағы  тәжірибеші – студенттің міндеттері:

- Өндірістік тәжірибе өтетін  ұйымның,  кәсіпорынның   құрылымдық  жүйесімен және жұмыс бағытымен танысу;

- Өндірістік  тәжірибе өтетін  аймақтың,  шаруашылықтың   топырақ-климат жағдайымен  танысу;

- Жұмыс   бағытына байланысты  арнайы  әдебиеттермен  жұмыс  істеу;

- Теориялық   білімін  өндірістік  тәжірибедепайдалану   және  дамыту;

- Ғылыми  - зерттеу  және  эксперименттік  жұмыстарды  жүргізу әдістемелерін   меңгеру  және  игеру;

- Ауыл  шаруашылығы  дақылдарының егісіне  бақылау  жүргізуге және  күтім   жасауға   дағдылану;

- Өндірістік  тәжірибе  барысында жиналған  материалдарды, эксперименттік  деректерді және  экономикалық мәліметтерді жүйелеу   және  талдау;

- Еңбек   қорғау  және  әртүрлі техникамен,  улы химикаттармен,  реактивтермен және  тағы  басқа   жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасы бойынша нормативтік   талаптарды  игеру;

- Өндірістік  тәжірибе   жөнінде талапқа   сай және  белгіленген   мерзімдерде   есеп  дайындау  және  қорғау;

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе

  1. Шаруашылық  туралы  жалпы  мағұлмат
  2. Топырақ, ауа-райы, табиғат   жағдайы
  3. Жоңышқаның халық шаруашылығындағы маңызы
  4. Жоңышқаның ботаникалық сипаттамасы және  биологиялық ерекшеліктері. Сорттары
  5. Жоңышқаның өсіру технологиясы, себу мерзімі, тәсілі мен  мөлшері
  6. Топырақты  өңдеу, тыңайтқыштарды қолдану және  арамшөптермен  күресудің жүйесі
  7. Еңбекті қорғау          

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, әрі сапалы өнім алып қана қоймай, топырақ құнарлығын жоғарылату болып табылады.

Елбасы халыққа  2010 жылғы  Жолдауында ауыл шаруашылығы  саласына қатысты осылай деп мәлімдеді: Біріншіден, негізгі күш еңбек өнімділігінің өсуіне салынуы қажет. Біздің ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төменгі - 1 жұмысшыға 3 мың долларды ғана құрайды. Ал дамыған елдерде ол 50 мыңнан 70 мың долларға дейін жетеді. Әрине, қолайлы ауа райы жағдайында мол астық алып, сол үшін мақтануға болар. Диқандардың еңбегі бар. Алайда, біздің ауыл қазір қандай деңгейде екенін қарасақ, орасан зор жұмыс күтіп тұр, деген Елбасы Ауыл шаруашығы министрлігі мен агроөнеркәсіп кешені мамандарының бәріне де осы мәселелермен айналысу керектігін қадап айтты. Сондықтан, 2014 жылға қарай ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін кемінде екі есеге көтеру керек. Осынау күрделі мәселені шешу тек индустриялық әртараптандыру арқылы, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу өсімі, жаңа технология, жаңа жабдықтар мен жаңаша қадамдар есебінен ғана мүмкін. Өзгелерде бар тәжірибені тезірек қолға алу керек. Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды мәселе.  2014 жылға қарай азық-түлік тауарларының ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұған толық мүмкіндіктер бар. Үшіншіден, экспорттық мүмкіндіктерді бірінші кезекте Кеден одағы елдері аясында, Орталық Азия және Кавказ, Таяу Шығыс бағытында дамыту, деді Мемлекет басшысы.

Алдыңғы дақыл  сапалы астық өндіруде үлкен рөл атқарып отыр. Масақтық астық өндіруде егістіктерге сапалы дән егілсе гектарына 3-4 центнерден артық өнім алынатындығы ғылыми зерттеулердің нәтижелері, алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың деректерімен дәлелденген мәселе.

Бір сортты ұзақ жылдар бойы егу тұқымның сапасын төмендетуге әкеліп соғады, себебі ол механикалық зақымданады және биологиялық ластануы мүмкін. Агротехникалық шаралардың толық орындалмауы да дәннің сапасын төмендетеді. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу мекемелерінің шығарған жоғары өнімді және сапалы сорттары өндіріске қарқынды енгізілуде.

Қазақстан бойынша  күздік бидайдың егіс көлемі 1,2 млн. га. шамасында, оның көбі (80 шамасы) республикамыздың оңтүстік және оңтүстік шығысында орналасқан Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тәлімі және суармалы жерлерінде егіледі.

Тәжірибе жүргізілген Агроуниверситет  оқу тәжірибе шаруашылығы туралы қысқаша мағұлыматтар және топырақ  климат жағдайлары

Қазақ ұлттық аграрлық университеттің оқу тәжірибе шаруашылығы  Алматы облысының солтүстік – батыс бөлігінде Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылында орналасқан.  Алматы қаласынан 37 км, ал Есік қаласынан 18 км қашықтықта орналасқан.  Шаруашылық жері таулы аймақ жазығында, ондағы грунттық жер асты сулары 1,2-1,6 м тереңдікте жатыр. Шаруашылықта арнайы болашақ мамандарға арналған екі қабатты бір жатақхана бар. Шынтуайтында келгенде қазір ОТШ  агроуниверситеті  ескірген, техника жетіспейді, жағдайы мүшкіл.

    кесте 1  

   Шаруашылықтың жер көлемі және оның түрлері

 

Пайдаланылатын жер түрлері

Көлем, га

Көлеміне қатынасы

Барлығы,%

Оның ішінде суармалысы,

%

Барлығы

оның ішінде суармалысы

   

Жыртылатын  жер

500

300

45,4

60

Табиғи шабындық

300

-----

27,3

----

Табиғи жайылымдар

300

-----

27,3

----

Барлық пайдаланылатын жерлер

1100

300

100

27,27


 

Жоғарыда 1 кестеде  келтірілген деректер бойынша бұл  шаруашылықтың барлық пайдалануға  келетін жер көлемі 1100 га, оның ішінде жыртылған жер 500 га, табиғи шалғындар  мен табиғи жайылымдар 600 га.

 

Кесте 2

Егіс көлемінің құрылымы

 

Дақыл

2010 жылдың қортындысы

2011 жылдың қорытындысы

2012 жылыдың қорытындысы

( алдағы)

егіс көлемі

егіс көлемі

егіс көлемі

 

Күздік бидай

га

%

га

%

га

%

260

23,6

274

24,9

273

24,8

Майбұршақ

10

0,9

11

1

12

1,09

Жүгері

100

9,05

90

8,4

95

8,6

Көп жылдық шөп

130

11,6

135

12,4

130

11,8

Табиғи шабындық

300

27,4

320

29,1

310

28,2

Табиғи жайылым

300

27,4

270

24,2

280

25,5

Барлық жер  көлемі

1100

100

1100

100

1100

100


 

Жоғардағы көрсетілген  кестедегі деректер бойынша, барлық пайдаланылатын жер көлемінің 55% табиғи жайылым мен шабындықтың үлесінде ,12 % көп жылдық шөптердің үлесіне,33 % дәнді дақылдардың  үлесіне тиеді.

       

 

Кесте 3

Шаруашылықтың материалдық техникалық бағасы

Ауыл  шаруашылық машниалары,техникалары

Маркасы

Саны

Автомашиналар

ГАЗ – 53

Газель - 5105

ЗИЛ – 130

2

1

1

Тракторлар

МТЗ – 82

МТЗ – 80

ЮМЗ – 3,6

2

3

1

Соқалар

ПН  – 3 – 35

2

Тырмалар

ЗИГ – ЗАГ

2

Сеялкалар

СЗ  – 3,6

2

Дискілер

ЛДГ– 5

2




  

Бұл шаруашылықтың  автомашиналары, тракторлары, агрегаттары  толық жабдықталған.

Кесте 4       

 Ауыспалы егістер  үлгісі

Ауыспалы егістер 

Ауыспалы егістің  жалпы көлемі.га

Әрбір танаптың орташа көлемі, га

Дақылдардың орналасу үлгісі

Егіс көлемі

Егіс көлемі

Күздік бидай 

      250

      40

  1.көп жылдық  шөп

2.көп жылдық шөп

3. күздік бидай

4. күздік бидай 

Жүгері 

      100

      40

Көп жылдық шөп

       130

      50

Майбұршақ

       10

     5

5. арпа 

 

5 танапты ауыспалы  егіс

 

4 танапты ауыспалы  егіс

 

3 танапты ауыспалы  егіс 

  1. Көп.ж шөп
  2. Көп.ж шөп
  3. Күздік бидай
  4. Темекі
  5. жүгері

1.көп.ж шөп

2.көп.ж шөп 

3.темекі

4.жүгері

5.темекі

1.көп.ж шөп

2.көп.ж шөп

3. күздік бидай

4. темекі

1.жүгері дәнге

2.майбұршақ

3.рапс

4.майбұршақ

1. жүгері дәнге

2. майбұршақ

3.рапс


 

3- кестеде «Агроуниверситет» ОТШ ауыспалы егістердің  орналасу  үлгілері берілген.  Кең  түрде  қолданылып  жүрген  ауыспалы  егістің  түрі  5  танапты  дәнді  көпжылдық  шөпті   ауыспалы  егістігі.

 

 

 

 

 

кесте 5 Ауыл шаруашылық  дақылдарының  өнімдері

Дақылдар 

2010  жыл

2011  жыл

2012  жыл

 

жоспары

орындалуы

Жоспары

орындалуы

Жоспарлы өнім

Күздік бидай  арпа               жүгері            майбұршақ      рапс                 көп жылдық шөп

  18          16           36           30            23            420

  17              15                32               28               20                380

20           17          38           29          24           380

  17              16                36                28                22               410   

18                            17                                                          45                             36                              26                            440


 

Кесте 6 өндірілетін негізгі өнімдер  тиімділігі (2013 жылдың қортындысы бойынша)

Вариант

Түсімділік, ц/га

Шығындар,

1га,тыс.га 

Түскен қаржы  мың.тенге

Өнімдердің  толық өзіндік құны, мың тенге

Түскен пайда  мың тенге

Тиімділік

деңгейі

%

1

2

3

4

К.ж.ш

Жүгері

Рапс

Майбұршақ

24,7

31,4

29,7

28,6

48000

50300

48100

43600

Күздік б.  61750  

78500

76750       78400

1943

1347

1351

2760

13750

28200

28650

34800

28,6

 

56,1

 

59,6

 

79,82

1

2

3

4

К.ж.ш

Күздік б.

Рапс 

Майбұршақ

31,1

39,6

40,5

43,5

64100

65800

60300

58400

Жүгері

79305       93300        86800       95700 

2264

1987

2300

2640

15205

35180

26500

37300

23,7

 

53,5

 

43,95

 

63,87

1

2

3

4

К.ж.ш

Күздік б.

Жүгері

Рапс 

23,0

28,3

26,1

21,3

65000

69700

68500

64700

Майбұр.  80000     113200     104400

86400

3000

2286

2432

2360

15000

43500

35900

21700

21,3

 

62,4

 

52,4

 

33,54

 

1

2

3

4

Майбұршақ

К.ж.ш

Күздік б.

Жүгері 

13,0

19,0

18,4

15,7

56,700

62900

60800

65200

Рапс        75400

80500

84900     87000

2450

2130

1590

2280

18700

17600

24100

21800

32,98

 

27,98

 

39,64

 

33,44

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

Кесте 7 Алғы дақылдардың  өнімділікке  әсері

Алғы дақылдар

  Дақылдар 

 Түсімділіг,  ц/га

1        2       3       4

Көп жылдық шөп   жүгері                    рапс                         майбұршақ

  

Күздік бидай 

24,7                          31,4                          29,7                         28,6                                        

1

2

3

4

Көп жылдық шөп

Күздік бидай     

Рапс 

Майбұршақ

Жүгері

 

Жүгері

31,1

39,6

40,5

43,5

1

2

3

4

Көп жылдық шөп

Күздік бидай

Жүгері

Рапс 

 

     Майбұршақ 

23,0

28,3

26,1

21,3

1

2

3

4

Майбұршақ

Көп жылдық шөп

Күздік   бидай

Жүгері 

 

 

              Рапс 

13,0

19,0

18,4

15,7


 

 

 

 

Кесте 8   Мал  шаруашылығы  және  мал  азығын  өндіру

  Мал түрі 

     Мал   саны

  Сиыр 

      38

  Қой

      39

  Ешкі 

      25

  Жылқы 

      10


 

Шаруашылықта мал  өсіру нашар  дамыған.  Мал  басы аз. Бірақ  мал  азықтық шөптер жақсы  дамыған. Олар:эспарцет, жыйматарғақ, беде, жоңышқа т.б Топырақ климат жағдайы. Агроуниверситет ОТШ аймақтың климат жағдайлары "Есiк" метеостансасы көрсеткiштерi бойынша баяндалады  Агроуниверситет ОТШ орналасқан аймақтағы климаты өте континентальды, яғни, қысы өте суық, ал жазы өте ыстық болады. Көктемде ауаның 0оС-тен жоғары тұрақты температура наурыз айының II-шi онкүндiктiң соңы мен III-шi онкүндiктiң басында, ал күзде қарашаның 1-шi онкүндiгiнiң соңымен 2-шi онкүндiктiң басында түседi Активтi температураның қосындысы –3460-3450 оС, ал 10 оС-тен жоғары температура 3100-3400 оС аралығында болып келедi.  Көктем айларындағы соңғы үсiк сәуiрдiң III-шi онкүндiгiнде тоқтамай, ал күз айларында алғашқы үсiк қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында түседi."Есiк" метеостанциясының мәлiметтерi бойынша бұл аймақта күндердiң ұзақтығы кестеде көрсетiлгендей жылдық жауын-шашын мөлшерi 500-600мм аралығында өзгерiп тұрады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында түседi, 85-100 күндей жатады.

Қар жамылғысының қалыңдығы 25-30 см аралығында. Түскен жауын-шашын  мөлшерi бөлiнуi бiрдей емес. Жылдық жауын-шашын мөлшерiнiң жартысына жуығы көктемде наурыз-мамыр айларында түседi. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы бұл аймақта температураның жоғарылауына байланысты, маусым айынан бастап 46-48%-ке төмендейдi, ал жылдық салыстырмалы ылғалдылық 50-60 % аралығында болады.

Тәжiрибе жүргiзген аймақтың ауа-райы жағдайын талдай келе, бұл аймақта күн радиациясының жоғары, ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығы  төмен  және  жауын-шашын  мөлшері  аз  болғандығын  байқауға  болады. Сондықтан, бұл  аймақта өсірілетін  ауыл шаруашылық   дақылдарынан  мол сапалы  өнім  алу үшін  міндетті  түрде суғару  қажет.Ауаның жылдық орташа температурасы +7,7 оC, қаңтарда –10,8 оС, ал маусымда +21,2 оС. Көп жылдық жауын-шашын мөлшерi  414,6  мм, ал зерттеу жүргiзген 2013 жылы – 730,5 мм және 2012 жылы  625,7 мм құрап, көп жылдық мөлшермен салыстырғанда бiршама жоғары болады.  Жылы күндердiң ұзақтығы 149 күн, кей жылдары 101 және 163 күн аралығында ауытқып отырады. 4 кесте мәлiметтерiне қарағанда, жаздың екiншi жартысы құрғақ әрi ыстық болғандығын байқауға болады.

Суық кезеңдердегi орташа суық температура -6,7 оС, ал жылы кездерде +14,9 оС аралығында ауытқиды. Ауа температурасының абсолюттiк минимумы -31 оС, ал абсолюттiк максимумы +45 оС құрады, бұл көрсеткiштер аймақтың климатының өте континентальды екендiгiн көрсетедi. Жылдық жауын-шашынның түсуi бiркелкi емес, көп жылдық мәлiметтер бойынша жауын-шашынның 53-64 % көктемде, яғни, сәуiр-мамыр айларында түседi, ал 2013 жылы жауын-шашынның максимум мөлшерi мамыр-маусым айларына түседi.

Ауаның салыстырмалы ылғалды түскен жауын-шашын мөлшерi мен ауаның температурасына тiкелей тәуелдi болады. Ауаның ең төменгi 49-50 % салыстырмалы ылғалдығы шiлде-тамыз айларында байқалады (кесте 6). 

Топырағы. Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң "Агроуниверситет" ОТШ тау етегiнiң 550-700 м биiктiгiнде орналасқан.

Аталған аймақтың топырақтарының түзiлуiне жер асты суларының  әсерi зор, себебi олардың орналасу тереңдiгi 1,2-1,6м. Бұл жағдайлар осы аймақта шабынды қара-қоңыр топырақтардың пайда болуына әкелiп соқтырады. Топырақ түзушi жыныстар болып лас тәрiздi құмбалшықтар есептеледi.

Iле Алатауы  тау етегiнiң шабынды қара-қоңыр  топырақтарының қарашiрiндi қабатының  қалыңдығы 30-40см және қабаттың  түсi күңгiрт қара-қоңыр болып  келедi. Топырақ иллювиальдi-карбонатты  қабаттың болмауымен ерекшеленедi.

Кейбiр жағдайларда жер  асты суының өте жақын жатқан төменгi қабаттарында батпақтану белгiлерi бар.

Шабынды қара-қоңыр  топырақтардың морфологиялық белгiлерi төмендегi кескiн жазбасында келтiрiлген. Топырақ беткi қабатынан бастап қатпайды.

Кескiннiң морфологиялық  жазбасынан шабынды қара-қоңыр топырақтың кескiнiнiң созылыңқы екендiгiн  көрсетедi, қабат төмендеген сайын ылғалдылық жоғарылайды, қарашiрiктi қабатының құрылымы жақсы, аздап тығыздалған.

 

0-35см

күңгiрт-қоңыр, ылғалды, бос, кесектi-ұнтақты ауырқұмбалшық, тамырлар кездеседi, төменгi жағы тығыздалған, келесi қабатқа өтуi күрт

35-58см

ашық-қоңыр, ылғалды, қаттылау, кесектi, ауырқұмбалшық, тамырлар кездеседi, келесi қабатқа түсуi бойынша бiрқалыпты өтедi

58-87см

алдыңғыға  қарағанда күңгiрттеу, ылғалды, тығыз, кесектi құмбалшық

87-130см

ашық-қоңыр, ылғалды, тығыз, кесектi-сеңдi, ауыр құмбалшық, келесi қабатқа өтуi түсi бойынша анық

130-160см

сарғыш-боз, ылғалды,  орташа құмбалшық, келесi қабатқа бiртiндеп өтедi

160-200см

ашық-сары, ылғалды, тығыз, сеңдi, ауырбалшықты




 

 

Кесте 9. Зерттеу жүргізілген жылдардағы метеорология  көрсеткіштері.

Зерттеу жүргiзiлген жылдардағы жауын шашын мөлшері, мм

 

 

 

Көрсеткі-штері

 

 

I

 

 

II

 

 

III

 

 

IV

 

 

V

 

 

VI

 

 

VII

 

 

VIII

 

 

IX

 

 

X

 

 

XI

 

 

XII

 

Жылдық

 

2011

 

32,2

 

16,1

 

88,5

 

55,3

 

21,2

 

22,5

 

59

 

38,5

 

15,8

 

50,0

 

45,5

 

60,0

 

502,0

 

2012

 

32,2

 

16,1

 

88,5

 

55,3

 

21,2

 

22,6

 

58,5

 

37,6

 

14,9

 

49,0

 

49,5

 

65,1

 

510,5

 

2013

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орташа көпжылдық

 

19,8

 

21,9

 

48,8

 

56,5

 

61,6

 

53,9

 

26,6

 

21,3

 

15,9

 

29,1

 

30,1

 

29,1

 

517,4




 

 

Зерттеу жүргiзiлген жылдардағы ауа температурасы, 0С

 

Көрсеткіш

тері 

 

I

 

II

 

III

 

IV

 

V

 

VI

 

VII

 

VIII

 

IX

 

X

 

XI

 

XII

Жылдық 

2011

-10,8

-3,3

1,4

13,9

16,0

20,0

22,0

22,2

20,3

9,0

4,2

-6,5

10,1

2012

-12,8

-5,5

2,4

15,9

18,2

22,4

25,0

23,0

18,5

7,5

4,3

5,4

10,4

2013

                 

 

     

Орташа көпжылдық

-10,8

-8,5

+0,7

10,4

16,4

21,2

24,1

22,1

16,0

8,3

-0,9

-7,6

7,7


                     

                    

 

 

 

 

 

 

                   Зерттеу жүргiзiлген жылдардағы ауаның салыстырмалы ылғалдығы, %

 

Көрсеткіш

тері 

 

I

 

II

 

III

 

IV

 

V

 

VI

 

VII

 

VIII

 

IX

 

X

 

XI

 

XII

Жылдық 

2011

14,0

12,0

48,8

76

65,0

57,0

58,0

49,0

43,0

70

58

71

51,8

2012

25

46

52

58

60

59

57

52

49,0

65

70

75

55,6

2012

                       

 

Орташа көпжылдық

73,0

69,0

60,0

43,0

42,0

39,5

36,5

32,5

35,0

42,0

60,0

71,5

50,0


 

Гранулометриялық  құрамы бойынша шабынды қара-қоңыр  топырақтар iрi- шаңды ауыр құмбалшықты  топырақтарға жатады (кесте 10 ).

Топырақтың  механикалық құрамының ауыр болуы  топыраққа қолайсыз физикалық қажеттер туғызады: ылғал кезiнде жабысқақтық, тығыздық және құрғаған жағдайда қаттылық, осы жағдайлардың барлығы топырақты өңдеуде қиыншылықтар әкеледi. Топырақтың гранулометриялық қасиеттер жөнiндегi мәлiметтер 10 кестеде келтiрiлген.

    кесте 10

    Шабынды қара-қоңыр топырақтың гранулометриялық құрамы

 

Тереңдігі,  см

Фракциялар  мөлшері, мм

>3

3-1

1-0,25

0,25-0,05

0,05-0,01

0,01-0,005

0,005-0,001

<0,001

<0,01

0-10

-

0,99

4,78

10,35

37,17

14,72

12,34

19,65

46,71

10-20

-

0,50

4,48

9,07

39,00

14,72

12,04

20,19

46,95

40-50

-

0,55

7,90

4,16

38,01

12,24

21,71

15,43

49,38

70-80

-

0,45

2,99

9,68

31,61

13,89

15,15

26,23

55,27


 

Шабынды қара-қоңыр  топырақтардың маңызды физикалық  қасиеттерi  8 кестеде келтiрiлiп  отыр. Топырақтың меншiктi салмағы 2,61-2,73 г/м3 шамасында және қабат тереңдеген сайын ұлғая бередi.

  кесте 11

    Шабынды қара-қоңыр топырақтың физикалық және су-физикалық қасиеттері

Тереңдігі, см

Көлемдік салмағы, г/см3

Меншікті салмағы, г/см3

Құыстылығы, %

Долалық шекті  су сиымдылығы, %

Максималді  гигроскопиялық ылғалдылығы, %

0-10

1,20

2,61

54

27,1

5,02

20-30

1,24

2,61

53

26,3

4,28

40-50

1,30

2,68

52

26,2

4,43

70-80

1,33

2,70

51

22,0

4,41

Шаруашылық туралы жалпы мағұлмат