Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

«Қаржы  нарығы және банктік  бизнес» кафедрасы 
 
 

              
 
 

                                   РЕФЕРАТ 
 
 
 
 

Тақырыбы: Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары 
 
 
 
 
 

                                                                                 

                                                                                                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   
 
 

                                              Алматы 2010ж. 
 

    Мазмұны 

Кіріспе............................................................................................................

 

1.тарау.  Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................

1.1 Шағын және  орта бизнес түсінігі........................................

1.2 Қазақстан  экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................

1.3 Шағын және  орта бизнесті дамытудағы нарықтық  экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................  

2. тарау. ҚР  шағын   және  орта  бизнесті несиелендіру және даму  тенденциялары..............................................................................................

2.1.ҚР – дағы  шағын  және  орта  бизнестің   жағдайы.............

2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі  жағдайы (сандық талдау)............................................................................................

2.3.  БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау. 

3.тарау.  ҚР – дағы шағын   және орта  кәсіпкерлікті   несиелендіру және дамыту  проблемалары................................................................................

3.1. «Сұлтан»  ЖШС мысалдағы  дағдарысқа  қарсы басқару...........................................................................................

3.2. ҚР – дағы  шағын  және  орта кәсіпкерлікті  несиелендіру және дамыту  проблемалары  мен  оларды  шешу  жолдары............................ 

Қорытынды....................................................................................

Қолданылған әдебиеттер.............................................................

Қосымша........................................................................................ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                           К і р і с п е 

        Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

       Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазiргi несиелiк операциялар мәселелер тұрғысында банк жүйесiнiң алдыңғы уақыттағы дамуы мен жетiлдiрiлуi үлкен тәжiрибелiк мәндiлiкке ие.

       2005 жылдың 18 ақпанынан Қазақстан халқына Жолдауында  Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық өнім өдіру мәселесін қозғау, «Ендігі бір өзекті міндет – шағын және орта бизнесті мәселесін шешу. Баспанаң болмайынша, түтін түтетіп, бала өсіру қиын...» деп баяндайды /3, 22б./. Сондай-ақ 2006 жылдың 1 наурызында «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында  Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтардың ішінде өндірісті және жылжымайтын мүлік нарығын дамыту мәселелері де қарастырылады. Осыған байланысты Президенттің Жолдауында «өнім өндіру салада табыстар мен кемшіліктерді тыңғылықты зерделеп және шағын және орта бизнес үшін жан-жақты жеңілдіктер жасалу керек» деп баяндалады.

      Біздің міндет- Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының  осы заманғы, тиімді жүйесін жасау, басым мақсаттары іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

      Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеті негізгі стратегия принциптері мынаған саяды:

1. Неғұрлым  маңызды бірнеше функцияларды  ғана орындауға жұмылған ықшам  әрі кәсіпқой Үкімет.

2. Стратегиялар  негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары  бойынша атқарылатын жұмыс.

3. Нақтылы  жолға қойылған ведомство арқылы үйлестіру.

4. Министрлердің  өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың  қызметіне стратегиялық бақылауды  арттыру.

5. Министліктердің  ішінде, орталықтан аймақтарға және  мемлекеттен жекеше секторға  қарай орталыққа тәуелділікті жою.

6. Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы батыл да  ымырасыз күрес.

      Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа ғасыр табалдырықтан аттайды, басқа дәуір туып келеді, әр дәуірдің өз міндеттері бар дері, Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу» мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді. Осыған байланысты саналы салық төлеушілер  мен кәсіпорындардың адал иелері, сондай-ақ халықтың аз қорғалған жүктері үнемі зиян шегіп отырады. Ал кәсіпорындардың басшылары мен салық төлемейтіндер алшаң басуда.

        Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқталады. Енді оны, ең алдымен аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялардың  айналымы процесін дәл реттеу керек. Стратегиялық сипаттағы кәсіпорындардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болады.

       Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кіріуіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Бірақ тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай, жекеше секторды қызықтырмайтын кейбір қоғамдық мұқтаждарды қамтамасыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына алады.

       Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология  мен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын құлашты бір сермеп түзетуге болмайды.

 Бірақ  әзірге тек рыноктың күшіне  ғана сенуге болмайды. Үкімет  диверсификацияның пәрменді индустриялық саясатына кірісіп, назарды макродеңгейден микродеңгейге аударуға тиіс. 2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері  мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ – ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе.

       Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарлату жүйелерін жақсарту.

Қазiргi банктер клиенттерге қызметтердiң  кең, ауқымды, тиiстi жолдарын ұсынып, банкте несиелiк операцияларында жаңа технологиянын қолданып, қызмет көрсетудiң жоғарғы деңгейiмен қамтамасыз етiп отыр. Банктердiң ең басты қызметi – несиелiк операциялар болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың және кәсiпкерлiк фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшiн iске асырылады. Банктер өздерiнiң несиелік операцияларын қаншалықты тиiмдi жүзеге асырса, соншалықты клиенттердiң экономикалық жағдайына әсерiн тигiзедi. Себебi банктiк қарыз жаңа кәсiпорындардың пайда болуына, жұмыс орын санының өсуiне мүмкiндiк туғызады және олардың экономикалық өмiр икемдiлiгiн қамтамасыз етедi. Соның iшiнде әсiресе жеке және заңды тұлғалардың, яғни кәсiпорындардың экономикалық тәуекелдiлiгiн басшылыққа ала алады.

       Банктiк несиелеу жүйесi нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негiзсiз ақша массасының өсуiн шектеуге, инфляциялық процестердiң алдын алуға және Ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.

       Кейiнгi жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығаюы бұрын болған несие ресурстарының тапшылығын қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнiң құрылымдық саясаты, қоғамдық сенiмдi арттырып, мемлекеттiң банк секторының динамикалық дамуына мүмкiншiлiк туғызды. Несие ресурстары мен несие операцияларының тиiмдiлiгi бәсеке жағдайында өсуiнiң нәтижесiнде Қазақстан банктерi пайыздық мөлшерлеме және мерзiмге байланысты банктiк қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылыс жасауда.

      Бәрімізге мәлім  кәсіпкерлік  секторы  экономиканың  диверсификациялауға, тұрақты  қарқындармен  дамытуға  мүмкіндік  береді. Осы  тенденция біздің  елімізде  қалыптаса  қойған  жоқ.  Сондай – ақ жоғарыдағы  үлестік  көрсеткіштер дамыған  мемлекеттердің  экономикасымен салыстырғанда   мардымсыз  болып  табылады. Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  мемлекеттік  реттеу  мен қолдауға  және  шағын  бизнес  пен  орта  кәсіпкерліктің  ішкі  және  сыртқы  орталарына  қатысты  әралуан  аспектілі   қиындықтары  мен  проблемаларына  байланысты.

    Сонымен  қатар  шағын  жәнеи орта  бизнес  секторының  бүкіл  әлемдік  сауда  ұйымына (БСҰ) кіруіне  байланысты проблемаларды осы   жұмыстың  өзектілігін  анықтайды.

    Халықаралық  сыртқы  ортаға  қатысты  бүкіл  потенциялды қиындық  қазіргі  кезде  өте  белсенді  талқылануының  себебі, шағын  және  орта  бизнестің  тек  қана ішкі  рынокқа  бағдарлануына   байланысты  бәсекелік  қабілеттің  төмендігінде.  Сондықтан егер  біздің  еліміз БСҰ – ына кірсе, онда  осы  сектордың  елімізде  экономикамызды  әртараптандыруға  мүмкіндігі  болмай  қалады. Осыған орай осы әлемдік  ұйымға  кірер  алдында  осы сектордың  бәсекелік  қабілеттерін  жоғарлатуға  бағытталған.

    Бұл реферат міндеттері:

  1. Шағын  және орта  бизнестің  экономикалық  жүйедегі  дамытудың  варианттарын  зерттеу  арқылы рөлін  қарастыру;
  2. Шағын және  орта  бизнес  субъектілерінің  түрлі  аспектідегі  қиындықтары  мен  проблемаларын  терең  талдау  мен  сипаттамаларын  бітіріп  кету;
  3. Терең  талдау  негізіндегі  проблемаларды  шешу  жолдарын  зертеу  арқылы  ҚР –дағы  шағын  және  орта  бизнес субъектілерін  дамыту  жолдарын  әзірлеу.

    Сонымен  бірге  2.2. сұрағындағы «Сұлтан» серіктестігінің  қаржылық – экономикалық  жағдайын  талдауды  несиелік  ресурстарды  тартуға  қолданудың  мүмкіндігі де осы  жұмыстың маңыздылығын анықтайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Тарау. Өтпелі  кезең жағдайында  шағын және орта  бизнсті дамытудың  объективті қажеттілігі.

    1.1 Шағын және орта  бизнес түсінігі. 

          Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

          Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл  істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеф Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.

          Сонымен, қазіргі  ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.

          Кәсіпкерліктің анықтамасынан  тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті  қандай категорияға жатқызу керек  екендігін нақтылап алайық.

          Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық  шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын  жан-жақты танып білуге мүмкіндік  береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

    Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде  кәсіпорындар келесідей айрықша  ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

    Сонымен кәсіпорындардың  үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

    Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі  өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика  «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың  базисі.

    Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нольдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

    Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

    Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше  инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

    Нарықтық  экономиканың шаруашылық жүргізуші  субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты.  Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра  отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға  бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.

    Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес»  түсініктері  экономикалық тұрғыдан қарастырғанда  синонимдер болып табылады. « Бизнес » түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана  жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім): « кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды  шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады ».

    Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік  » пен « бизнес » терминдері бірін – бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, « кәсіпкерлік  » және « шағын бизнес » бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың  мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.  

    Шағын және орта бизнестің  артықшылықтары мен  ерекшеліктері. 

    Көптеген  адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал,  егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 – 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 – 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, және де әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

    Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын  қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет.  Әсіресе,  бұл  елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс ( 1987 ) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.

    Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп  отыр. Бұл, шағын және орта бизестің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндігі.

    Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу – шағын және орта бизнес қызметі.

    Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке  ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды6. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2 ҚР экономикасындағы  шағын және орта  бизнестің рөлі. 

    Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

    -қоғамның  және халықтың қажеттіліктерін  жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

    -ассортименттің  кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің  сапасының артуы. Тұтынушылардың  қажеттілігін қанағаттандыруға  ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет  көрсету мен өнім сапасының  артуына мүмкіндік туғызады;

    -тауарлар  мен қызметтердің нақты бір  тұтынушыларға жақындауы;

    -экономиканың  құрылымдық өзгеруіне әсер ету.  Шағын кәсіпкерлік экономикаға  өтімділік, икемділік береді;

    -өндірісті  дамытуға халықтың өз ақшаларын  тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

    -қосымша  жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық  деңгейінің қысқаруы;

    -адамдардың  шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді  пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына  ықпал етеді;

    -еңбек  қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі  – бір шектеу қоятын халықтың  жекелеген топтарын (үй жұмысымен  айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

    -меншік  иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың  әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

    -ғылыми-техникалық  дамуды жандандыру;

    -жергілікті  шикізат қайнары ірі кәсіпорындар  қалдықтары қолдану және игеру;

    - ірі кәсіпорындарға комплетелетін  бұйымдарды дайындау және жеткізу  жолымен, көмекші және қызмет  көрсету өндірісін құру арқылы  әсер ету;

    - арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

    осы барлық аталған және басқа да шағын  және орта  бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы  ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

    Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі  экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары