Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны

КІРІСПЕ 
 
 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәсіпкерлік кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Кәсіпкерлік қызмет – еліміздің экономикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті буын. Бірақ мемлекет тарапынан бөлінген қаржылық қолдаудың жетіспеушілігі, өнеркәсіп пен шағын кәсіпорын өнімдеріне қойылған бағаның теңсіздігі және нарық инфрақұрылымының нашарлауы, өзара төлемдердің орындалмауы, бағаның өсуі, шетелден сапасыз өнімдердің ағылып келуі, жергілікті кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және тағы басқа себептер өз кезегінде әрбір саладағы кәсіпкерлік қызметке теріс ықпалын тигізіп отыр. Ел экономикасының тұрақталуы кәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған шағын құрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен кәсіпорынның экономикасын жақсаруына, әрбір саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді.  
 
Қазіргі кезде елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Шағын кәсіпкерліктің дамуы әлі де болса төмен деңгейде екендігі жасырын емес. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын халыққа арнаған Жолдауында «Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан да қазіргі кезде кәсіпкерлікті, соның ішінде ШОК-ті дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Осы аталғандарды ескере отырып, шағын кәсіпкерлікті дамыту және оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, қызмет тиімділігін арттыру объективті қажеттілік болып отыр.  
 
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қою керек. Алайда, мұндай стратегиялық міндетті шешу үшін экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, шикізаттық бағыттан бас тарту және өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру, әлемдік стандарттарға сай өнімдер өндіру, салалық кластерлер құру, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру сияқты көптеген маңызды шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл бағытта, ең алдымен, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданып іске асырылуда және өңдеуші саланың мүмкіндігі мол басым бағыттары анықталып, кластерлер құру арқылы дамытуға баса назар аударылып отыр. Мұның барлығы жоғары деңгейде орындалып, оң нәтижесін беру үшін еліміздегі шағын кәсіпкерлік қызметті ұтымды ұйымдастыру, дамыту және қызмет тиімділігін арттыруға ерекше мән беру қажет.  
 
Бәрімізге мәлім шағын кәсіпкерлік секторы (ШКС) экономиканы әртараптандыруға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға, шағын кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әр алуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.  
 
Яғни, еліміздің экономикасының әрбір саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру негізінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, қаржы тапшылығы, материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігі, өнеркәсіптегі дағдарыстың бетін қайтару, экономика саласын тұрақтандыру мүмкіндіктері әлі де болса жойылмауы себепті қазіргі кезде күрделі мәселелердің бірі болып отыр.  
 
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әр түрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.  
 
Мәселенің зерттелу дәрежесі. Басқаруды дамыту, ШОК-ті жүргізудің экономикалық және ұйымдастырушылық механизмдерін жетілдіру мәселелері көптеген отандық ғалымдардың: Н.Қ. Мамыровтың, А.Қ. Қошановтың,  
К.Ә. Сағадиевтің, Қ.О. Оқаевтың, Қ.Қ. Құрманалиевтің, Б.З. Зиябековтың,  
Ә.Н. Дәуренбекованың, Р.Қ.Андарованың, Ө.Қ.Шеденовтың, А.Н.Саханованың, О.С. Сабденнің, Ә.Ж. Сапарбаевтың, Б. Исабековтың, А. Тоқсанованың,  
А.Д. Омаровтың, И. Даурановтың, Е. Әмірбекұлының, Н. Райханның және т.б. еңбектерінде жарық көрген. 
 
Шағын кәсіпкерлікті басқару саласында ұйымдастырушылық-басқарушылық және экономикалық мәселелеріне шетел ғалымдарының:  
В. Блюменфельдтің, С.Н. Рагимовтың, М.Г. Лапустаның, М.И. Бакановтың, А.Ю. Чепуренконың, Джон Ф. Берджестің, Николас К. Сирополистің,  
Б.Я. Горфинкельдің, Э.М. Гайнутдиновтың, П. Ершовтың, А.Д. Иоффенің, Н.Довганьның, Т.А. Красеваның, С.Г. Светуньковтың, Е.К. Смирницкийдің, А.А.Вороновтың және т.б. жұмыстары арналған. 
 
Жоғарыда көрсетілген авторлардың ғылыми еңбектерінде экономикалық тиімділіктің мәні, мазмұны және ұстанымдары жүйеленген, нарықтық механизмінің құрылуының теориясы мен тәжірибесі қорытындыланған. 
 
Алайда, Қазақстан жағдайында нарықтық экономика талаптарын есепке ала отырып, шағын кәсіпкерлікті басқару мәселелері әлі де жеткілікті түрде зерттелмей отыр. Осыған орай, қазіргі кезде қалыптасқан еліміздегі кәсіпкерліктің жағдайын ескере отырып, алда зерттеулерді тереңдету қажеттілігі тұр. 
 
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты шағын кәсіпкерліктің қызметін басқаруды жетілдірудің бағыттарын анықтау және оларды басқаруда тиімді ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін анықтай отырып, олардың тәжірибеде іске асырылуын нарықтық экономика заңдарына негіздеу болып табылады. 
 
Зерттеудің мақсаты келесі негізгі міндеттердің жүзеге асырылуын қарастырады: 

  •  
    нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерлікті басқарудың ғылыми-әдістемелік негізін тереңдету, шағын кәсіпкерліктің басқару бағыттарын анықтау және оның ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерінің жетілдіру жолдарын қарастыру;
  •  
    шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуын басқаруда отандық және шетел тәжірибесін зерттей отырып, оның даму тенденциялары мен артықшылықтарын айқындау;
  •  
    шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын макроэкономикалық талдау, басқарудың тұрақтылығын экономикалық бағалау;
  •  
    экономиканың негізгі өзегі болып табылатын шағын кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін инновациялық даму негізінде арттыру үрдістерін анықтау;
  •  
    шағын кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің экономикалық-математикалық моделін жасау. 

 
Зерттеу пәні шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі және жетілдіру шаралары болып табылады. 
 
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанның шағын кәсіпкерлік нысандары және «Sunreis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметін басқарудың тиімділігі мәселелері алынып отыр. 
 
Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін шағын кәсіпкерліктің қызметін басқару механизмінің теориясы мен тәжірибесі бойынша отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, ҚР үкіметінің заңдық және бағдарламалық құжаттары, ғылыми-зерттеу, жобалау мекемелерінің зерттемелері, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның мәліметтері, «Sunreis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылдық есептері құрады. Диссертациялық жұмыста әр түрлі зерттеу әдістері: экономикалық-статистикалық, монографиялық, экономи-калық-математикалық модельдеу әдістері және т.б. қолданылды. 
 
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жетілдіру және шағын кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің экономикалық-математикалық моделін құрастыру. 
 
Қорғауға шығарылатын ғылыми жаңалығы бар зерттеу келесідей маңызды нәтижелерді қамтиды: 

  •  
    нарық жағдайындағы шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың теориялық-әдістемелік аспектілері ғылыми тұрғыдан зерттелінген;
  •  
    шетелдік және отандық тәжірибесін зерттей отырып, шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың жүйелерін дамытудың негізгі тенденциялары айқындалып, даму бағыттары мен мүмкіндіктері бағаланған;
  •  
    Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті басқарудың тұрақтылығы бағаланған және «Sunreis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігініңэкономикалық жағдайына талдау жүргізілген;
  •  
    шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін инновациялық даму негізінде арттыру үшін инновацияны топтау, жаңалық пен жаңа ережелердің дәрежесі, инновациялық нысандар, пайдалану аумақтары мен коммерциялық мүмкіндіктерінің критерийлері арқылы ұсынылған; 
  •  
    шағын кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің эконо-микалық-математикалық моделі жасалған.

 
Іс-тәжірибедегі маңызы. Диссертациялық еңбектен алынған маңызды нәтижелерді іс-тәжірибеде қолдануға болады. 
 
Диссертациялық жұмыста тұжырымдалған ғылыми пайымдаулар мен ұсыныстар шағын кәсіпкерлік мекемелерін басқару механизмін нарықтық қатынастар қағидаларына сәйкестендіруге; шағын бизнес ресурстарын тиімді пайдалануын арттыруға және шығындарды тұрақты қаржыландыруға мүмкіндік береді. 
 
Жасалған экономикалық-математикалық модель мен ұсынылған әдіс-темелік тәсілдер «Sunreis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуын басқаруда ұсыныстарды дайындауда қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ШКС-да табысты пайдаланылуы мүмкін. 
 
Диссертациялық материалдар әдіснамалық және әдістемелік құралдар дайындау мен экономика мамандықтарында «Кәсіпкерлік негіздері», «Менеджмент», «Кәсіпорын экономикасы» пәндерін оқыту процесінде пайдаланылып келеді. 
 
Зерттеу нәтижелерінің апробациясы: Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен мәселелері «Инновациялық экономика жағдайында Каспий өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті проблемалары» (Атырау, 2009), «ТМД мемлекеттерінің аграрлық нарығы: даму және қарым-қатынас мәселелері» (Алматы, 2010) және «Агроөнеркәсіп кешенінің индустриялы-инновациялық дамуы: қазіргі жағдайы және келешегі» (Алматы, 2010) халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларында баяндалып, талқыланды. 
 
Зерттеу нәтижелерін баспаларда жариялау: Диссертациялық жұмыс бойынша 8 ғылыми жұмыс, оның ішінде 4-і ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, 4-і халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жарияланды, жалпы көлемі 2,1 б.т. 
 
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Диссертацияның құрылымы зерттеудің мақсатымен, міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайда-ланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.  
 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
 
Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Қазіргі кезде қалыптасқан ұдайы өндіріс процесі тұрақсыздығымен сипатталады. Өтпелі экономика жағдайында экономикалық қатынастардың субъектісі және шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, сондықтан да шағын кәсіпкерлікті басқару процестерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудың және оны басқарудың ғылыми негіздерін құруда шетел және отандық ғалымдарының еңбектері едәуір ықпалын тигізді.  
 
«Шаруашылық механизмі» терминін көптеген экономистер эконо-миканың үздіксіз және келісілген функцияларын қамтамасыз ететін шаруашылық әдістері мен нысандарының жиынтығы ретінде түсіндіреді. Шаруашылық механизм – бұл мекемелердің тұрақты қызметін қамтамасыз ететін экономикалық тұтқалар мен стимулдардың, шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық құрылымдары мен нысандарының жиынтығы. Оның құрамындағы келесі элементтерді құрылымдық түрде бөліп көрсетуге болады: өндірісті жоспарлау, экономикалық ынталандыру, баға белгілеу, қаржыландыру және несиелеу. Өндірісті жоспарлау және экономикалық ынталандыру әдістерінің жиынтығын басқарудың экономикалық механизмі деп те атайды, ол шаруашылық жүргізу процесінде басқару құралы ретінде қолданылады. Өндірісті жоспарлау, оны экономикалық ынталандыру және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы – бұл шаруашылық механизмінің элементтері. Олар мазмұны мен міндеттері жағынан ерекшеленеді. 
 
Басқару механизмі дегеніміз басқарудың ұйымдастырушылық құры-лымдарының, функцияларының, қағидалары мен әдістерінің, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және құқықтық нормаларының жиынтығы, бұлар кешенді түрде саланың тұрақты қызмет етуін және дамуын қамтамасыз етеді. Басқару механизмін анықтауда басқарушылық әсердің мақсаттарын көрсету маңызды. Себебі, басқару механизмі мекеменің нақты мақсаттарына қол жеткізуді білдіреді.  
 
Басқару – бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің және қызметтің сапасын жоғарылату мақсатында өндіріс процесін сапалы түрде реттеу. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны 1-суретте келтірілген. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың мақсаты – оны дамытуды жетілдіре отырып, еліміздің экономикасының өсуіне серпін беру.  
 
Басқару жүйесінің тиімділігі ұйымдастыру деңгейімен анықталады және ол келесідей негізгі элементтерді үйлестіруді қажет етеді: басқару техникасын, ақпарат пен кадрларды элемент бойынша бөлу; басқару шешімдерін негіздеу мен жүзеге асыруды процестік бөлу; функционалдық иерархиялық еңбек бөлінісін құрылымдық бөлу.  
 
Кәсіпкерлікті басқару жетекші қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Басқару қағидалары – бұл қызметті жүзеге асыратын басқару органдары мен адамдардың өз қызметінде жетекшілік ететін негізгі ережелері. 
 
Басқару, біздің ойымызша – бұл қоғамның экономикалық зандарының өзгеруі және іске асырылуын ұйымдастыратын, ұйымдастырушылық-экономикалық, әлеуметтік қатынастардың нысандары, халық шаруашылығы экономикасының және оның жеке салаларының даму пропорциялары анықталатын буын. Тиісті түрлендірулердің табыстылығы шешімдердің қаншалықты дұрыс жасалып қабылдануына және осы шешімдерді қабылдау кезінде қандай қағидалардың орнатылуына байланысты болады. 

 
 
Шағын кәсіпкерлікті басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдері 
 
Басқару әдістері 
 
 
Басқару органдарының құрылымы 
 
 
Басқару процестері 
 
 
Ақпарат 
 
Техника 
 
Кадрлар 
 
Басқару элементтері 
 
Басқару теориясы 
 
 
 
 


 
1-сурет. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 
 
Шағын кәсіпкерлікте басқару процесі бір-бірімен байланысып жатқан өндірісті жобалау, жоспарлау және ұйымдастыру кезеңдерін қамтиды. Сонымен бірге, жобалау кезеңі кәсіпкерлікті басқаруда маңызды, әрі міндетті болып табылады және әр кезеңде бірыңғай мақсатқа жету үшін кәсіпкерліктің өнімділігі мен құндылығын, оларды пайдалану тиімділігін сақтау, жоғарылату міндеттері шешіледі. Басқару процесіндегі аталған кезеңдердің айқындылығын мойындай отырып, қазіргі уақытта басқарудың экономикалық әдістерін ұстанумен ғана түбегейлі табыстарға жетуге болады. 
 
Шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқарудың негізгі жағдайлары мен алғышарттарына мемлекет экономикасында өтіп жатқан үрдістермен тығыз байланысты жағдайларды және алғышарттарды енгізуге болады (2-сурет). Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті басқару үрдісі кәсіпкерлік саясатын жүргізудің жүйелі бағыттарын қалыптастыруды талап етеді.  
 
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік басқарудың функциялары: барлық кәсіпкерлік иеленушілері үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің орындалуын қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін процедураларды жасау.  
 
Мемлекеттік басқару – бұл әлеуметтік басқарудың ерекше түрі. Кез келген деңгейдегі әкімшілік-мемлекеттік шешімдер қандай да бір саяси 
 
2-сурет. Шағын кәсіпкерлік секторының дамуын басқарудың  
алғышарттары мен жағдайлары 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 
 
шешімдердің шеңберінде жасалады, қабылданады және жүзеге асырылады. ШКС-ның тұрақты дамуын анықтайтын фактор – кәсіпкерлік саясаты (институционалдық аспект) болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті басқарудың ұйымдастырушылық-бақылау механизмі мемлекеттік тұрғыда қолдау жүйесімен, әдістерімен, шешім қабылдау процедураларымен, басқару органдарының құрылымымен, тиімділігімен сипатталады (3-сурет). 
 
Шағын кәсіпорын өндірісі тұтастай және кез келген жағдайда қалыпты кәсіпкерлік жұмыс істеуі үшін ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпкерліктің тиімді қызмет ету шарты еркін шаруашылық жүргізуде (ішкі орта) және оны мемлекеттік қолдаудың (сыртқы орта) ұтымды үйлесуін көрсетеді.  
 
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу, экономикалық қызметтің тіпті қоғам үшін қажетсіз түрлерін басуға немесе шектеуге, мысалы, есірткі, қару-жарақ өндіру және сату сияқты, сонымен қатар кәсіпкерліктің кейбір түрлерін 
 
(шағын кәсіпкерліктің фермерлік шаруашылығын, қайырымдылық қызмет-терін) қолдауға бағытталуы мүмкін. Экономиканы мемлекеттік реттеу, соның 
 
 
 
 
 
3-сурет. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау жүйесі 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 
ішінде кәсіпкерлік қызмет, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын ескере отырып, халықтың әлеуметтік қорғалмаған қабаттарын, мемлекеттің, қоғамның мүддесін толығымен бақылауды басты мақсат етіп қояды. 
 
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау. Дамыған индустриялы мемлекеттерде шағын кәсіпкерліктің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 60%-дан астамын алады. Яғни, дамыған елдердің бәсекеге лайық және экономика құрудағы табысты тәжірибесі шағын кәсіпкерліктің осы процесс барысында шешуші элементтердің бipi болып табылатындығының нақты көрiніci екендігінде сөз жоқ. ШКС-ның хал-ахуалы мен даму деңгейі елдің тұрақты түрдегі экономикалық өрлеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара отырып, жұмыссыздық, кедейшілік, дамымаған бәсеке, материалдық және материалдық емес қорларды тиімсіз пайдалану, ішкі жиынтық сұраныстың импортқа тәуелділігі сияқты және т.б. бірсыпыра мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Осының нәтижесінде шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы көптеген елдерде аса маңызды категория болып есептелінеді де, мемлекеттік жоғары деңгейде қарастырылады. 
 
Белсенді ШКС-ның саны анық 2009 жылда 95 мың бірлікке,  
2008 жылғы 621 мыңнан 2009 жылға дейін 716 мыңға жеткен. Тіркелген ШКС-ның, ішіндегі белсенді әрекет ететін ШКС-ныңүлeci алдындағы  
4 жылдың барысында үздіксіз төмендеп отырған болса, 2009 жылы 67%-ғa өскен (4-сурет). 
 
  
 
4-сурет. ШКС-ның шаруашылық әрекет үстіндегі субъектілердің жалпы санындағы үлесі 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 
 
ШКС-ның белсенді құрылымында ұйымдастырушылық құқықтық тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлға түріндегі қызметті атқаратын субъектілер басым: жеке кәсіпкерлер (ЖК) (2009 жылы олардың саны 484 мың субъект болды немесе белсенді ШКС-ның жалпы санының 68%) және шаруа қожалықтары (ШҚ) (171 мың немесе 24%) (5-сурет). Заңды тұлғалардың саны ШКС-ның 31 мың субъектілерін құрайды немесе 8%. 
 
Белсенді ШКС-ның әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалары соңғы төрт жыл барысындағы дамуы төмендегідей қарқынды байқатады: 

  1.  
    Шағын бизнес кәсіпорындары ШКС-ы санының қарастырылып отырған кезеңінің барлық уақытында өсіп отырғандығы байқалады.
  2.  
    Шағын бизнес кәсіпорындары ШКС-ы санының қарастырылып отырған кезеңінің барлық уақытында өсіп отырғандығы байқалады.
  3.  
    Жеке кәсіпкерлер санының өсуі 2007 жылдың соңына дейін орын алды. 2008 жылы белсенді ЖК-нің саны 2007 жылмен салыстырғанда 20 мыңнан астам субъектілерге қысқарды, бірақ 2009 жыл бойынша өсу жалғасып, 90 мыңнан астам субъектіні құрады (6-сурет).

 
 
 
 
 
5-сурет. ШКС-ның ұйымдастырушылық құқықтық түрлері бойынша құрылымы 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 

  1.  
    Шаруа (фермерлік) қожалықтары 2006 жылдан бастап олардың жалпы белсенді саны тұрақты түрде өсіп отырды.

 
 
 
6-сурет. Белсенді ШКС-ның қарқыны 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 
Қазақстанның шағын кәсіпкерлігін дамыған елдермен салыстырғанда байқалатыны жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіштеріне қосар үлес пен халықтық жұмыспен камтамасыз етілуі сияқты көрсеткіштер бойынша артта қалушылық бар, сонымен қатар дамыған елдердегі сияқты Қазақстандағы ШКС барлық шаруашылық субъектілерінің 90%-ына иелік етеді. Мысалы, дамыған елдерде ШОК субъектілерінің шығаратын өнімдері көлемінің жылдық үлесі жалпы ішкі өнім көрсеткіштері бойынша 43%-дан (Канада) 57%-79%-ғa дейін құраса, Қазақстандағы оның үлесі 3 еседен кем, яғни 15%-ға тең. ШОК секторынан орын алатын халықтың үлeci бойынша біздің еліміздің көрсеткіштері дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен (1-кесте). Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстандағы бұл көрсеткіш 23% деңгейінде тұрса, дамыған елдерде 47%-дан (Канада) 75%-ға (Жапония) дейін. 
 
Қазақстанның ШОК секторы сапалық құрылыс бойынша өзінің шетелдік ұқсас секторлары бойынша едәуір өзгеше. 
 
Қазақстанның 40%-ға жуық ШКС көтерме және жеке сауда саласын қамтиды да, ШКС-ның 20%-дан астамы ауыл шаруашылығына тән. 
 
АҚШ-та шағын бизнестің құрылымы басқаша қызмет саласының шынайы көрінісі 58%, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 20%-дан астамы құрылыс пен сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асырады. 
 
 
1-кесте. Дамыған елдер мен Қазақстанның шағын кәсіпкерліктегі макрокөрсеткіштерін салыстыру

 
 
 
Мемлекеттер

 
Елдің жалпы ішкі көрсеткішіндегі ШК/ШОК-тің үлесі, %

 
Жалпы жұмыспен қамтылудағы ШК/ШОК-тің үлесі, %

 
Шаруашылық секторындағы ШК/ШОК-тің үлесі, %

 
АҚШ

 
97,60

 
54

 
52

 
Канада

 
99,80

 
47

 
43

 
Жапония

 
99,20

 
75

 
52

 
Ұлыбритания

 
99,10

 
56

 
52

 
Франция 

 
97,60

 
57

 
50

 
Германия

 
99,30

 
69

 
57

 
Италия

 
99,20

 
73

 
55

 
Қазақстан

 
92

 
23

 
15

 
Ескерту: статистикалық мәліметтер бойынша автор құрастырған


 
 
Шағын кәсіпкерліктің белсенді түрде  әрекет ететін субъектілердің жалпы  санынан 2009 жылдың корытындысы бойынша 718 мың бірлік болған болса, жекелеген  аймақ бойынша алғанда ең көбі Оңтүстік Қазақстанда істейтін болып шықты – 106 мың бірлік, Алматы облысында – 96 мың бірлік және Алматы қаласында – 68 мың бірлік. Ең төменгі көрсеткіштер – Маңғыстау (19 мың бірлік), Қызылорда – (19 мың бірлік) және Солтүстік Қазақстан (24 мың бірлік) облыстарының еншісінде (7-сурет). 
 
Сонымен, Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің макроэкономикалық көрсеткіштердің негізінде жасалған шолуға байланысты төмендегідей қорытындылар шығаруға болады: 

  •  
    жалпы алғанда, секторда қайта қалпына келтіру процестерінің басталғаны байқалады, ШКС-ның аса ауқымды көрсеткіштерініңі өcyi орын алады (тіркелгендердің әрекет үстіндегі ШКС-ның нақты саны, өнім көлемдері);
  •  
    алайда, біршама көрсеткіштердің керісінше үрдісі барлығы байқалады (жалпы ішкі өнім көрсеткіштері деп ШКС өнімдерінің үлeci, салалық дамудың құрылымы); 
  •  
    кәсіпкерлікке көмек көрсететін мемлекеттік бағдарламаларға кереғар, өзінің ресурстары мен табыс көздерінен кәсіпкерлікке банктердің беретін несиесінің көлемі айтарлықтай қысқарды.

 
Жоғарыда жасалынған шолуға сәйкес шағын кәсіпкерлікті ретке келтіріп және сол шағын кәсіпкерліктегі кереғар үрдістерді қаржылық, сондай-ақ қаржылық емес кұралдар арқылы жақсартып отыру үшін мемлекеттің тікелей араласуының онан әpi қажет екендігі көрінеді. 
 
Қазіргі уақытта жинақталған тәжірибені ескере отырып, салиқалы диалог пен нақты әріптестікке негізделген өзара ықпалдасудың жаңа алгоритмі әзірленуде. Бүгінгі таңда кәсіпкерліктің мүддесін қозғайтын бірде-бір нормативтік акт аккредитацияланған үкіметтік емес ұйымдардың тиісті сараптауынсыз қабылдануы мүмкін емес.  
 

 

 

 

 
 
7-сурет. Аймақтар бойынша шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 
 
Ағымдағы жылдың басында Министрлікте жеке меншік кәсіпкерліктің мүддесін қорғайтын 62 нормативтік құқықтық акті сараптаудан өтті, басқа да мемлекеттік органдарда да іс осылай жалғасын табуда.  
 
Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша әзірленген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын ерекше атап өту қажет. Аталмыш бағдарламада өңірлерде кәсіпкерліктің жаңа тобын, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын құру мақсаты қойылған. Осы бағдарламаның қаражаты: кредиттердің пайыздық ставкасын субсидиялау; шағын кәсіпкерлікке берілетін кредиттерді ішінара кепілдендіру; бизнес жүргізуді қызмет көрсетумен қолдау; кадрларды даярлау мен қайта даярлау, жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындары сияқты бағыттар бойынша пайдаланылады. 
 
«Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлер үшін де, сонымен бірге банктер мен инвесторлар үшін шикізаттық емес жобаларды қаржыландыруға қатысты жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Үкімет әкімдермен бірлесіп үш-жылдық бюджет ауқымында әрбір өңірдің экономикалық әлеуетін есептеуге негізделген, жылдарға бөлінген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуге тиіс. Осы қаражат өңірлерге беріледі, ал әкімдер бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын шағын кәсіпкерлік жобалары үшін толық жауап береді.  
 
Отандық тауарлар – 2020 жоспарының ойдағыдай іске асырылуының айғағы болып табылады, ал біздің шикізат емес басқа өнім мен тауарларды экспорттаушыларды қолдау индустрияландырудың негізгі бағытына айналып, Қазақстанның өнеркәсібі экспорттық рыноктарда отандық бірегей өнім мен тауарларды бүкіл әлемге кеңінен танымал етуге тиіс. Осыған орай Үкімет негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру, экспортқа қызмет көрсетуді қолдау, экспорттаушыларға грант беру мен экспорттық сауданы қаржыландыру қарастырылған экспорттаушыларды қолдаудың бірыңғай жүйесін құру міндетін қойып отыр. Салық жүйесі ұзақ мерзім бойы қолданылатын құрал, сондықтан аталмыш жүйе экономиканың дамуының келешектегі үрдістерін ескере отырып қалыптастырылуы тиіс. Жалпы салық жүйесі сияқты, оның жекелеген агрегаттары да өндірістік және іскерлік белсенділікті көтермелеуге, нарықтық реттеуіштерді барынша босатып, өнім өндірушілерге сол немесе басқа шаруашылық шешімін қабылдау мүмкіндігін беруге бетбұрыс жасауға тиіс.  
 
Бәсекелестердің болуы нарықтық экономиканың ойдағыдай дамуының қажетті факторы болып табылады. Шағын кәсіпорын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін оңтайландыру үшін нақты өнімді зерттеу процесінде оны алмастыратын экономикалық-математикалық модель қарастырамыз.  
 
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеудегі мақсат – рынокты бәсекелес кәсіпорындардың өнімдері арасында бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келтіру.  
 
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеу келесі бірнеше сатыда жүзеге асырылады:  
 
1. Жеке бәсекелік артықшылықтар (баға, сапа, тұтынушылардың қалауы) модельденеді. Мысалы, 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің 2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне қатысты баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі олардың бағасына кері тәуелді:   (1) 
 
мұндағы  – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің 2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне қатысты баға бойынша бәсекеге қабілеттілігі;  –2-ші кәсіпорынның j-ші өнімінің бағасы;   – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің бағасы.  
 
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес кәсіпорын өнімінің сапасына тікелей тәуелді:   (2) 
 
мұндағы  – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің 2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне таңдалған сапаның сан өлшемі бойынша бәсекеге қабілеттілігі; Кi1 – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің сапа көрсеткішінің нақты деңгейі; Кj2 – 2-ші кәсіпорынның j-ші өнімінің сол деңгейі.  
 
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің χ12…ξ12 деп белгіленетін басқа да жеке көрсеткіштерін (тұтынушылардың қалауын, ең маңызды сапа параметрлерін, пайдалану шығындары мен т.б.) осылай модельдеуге болады. Модельде пайдаланылатын көрсеткіштердің саны тұтынушылар үшін маңызды өнімнің бәсекеге қабілеттілік параметрлерінің санына байланысты.  
 
2. Кәсіпорын өнімінің жеке бәсекелік артықшылықтары бәсекелестік моделіне біріктіріледі:  
 
 (3) 
 
мұндағы Ji1/j2 – 1-ші кәсіпорынның i-ші өнімінің 2-ші кәсіпорынның j-ші өніміне қатысты бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші.  
 
Егер рынокта өнімнің түрі екіден көп болса, онда кез келген өнімнің сандық деңгейін салыстыру базасы ретінде қабылданып, қалған үлгілердің бәсекеге қабілеттілігі осы өнім түріне қатысты есептелетін болады.  
 
Кәсіпорын өнімінің бәсекелік артықшылықтары мен сату коэффициенттерінің өзара байланысының нақты мағыналарын қолданбалы маркетингтік және статистикалық зерттеулер арқылы алуға болады.  
 
Мұның іс жүзіндегі маңызы кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне жақындастырылған модель алу мүмкіндігімен байланысты. Қолданбалы зерттеулерде нақты өнімнің аса маңызды параметрлері мен сату коэффициенттерінің негізінде кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеу мен болжаудың негізделген мүмкіндігі пайда болады.  
 
«Sunreis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық-қаржылық жағдайын зерттеу барысында тауарлық-материалдық қорларын құрайтын, көбінесе егін шаруашылығы бойынша өнімдерінің көптеп өткізілмей қалғандығын көреміз. Мұндай жағдайдың қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ең алдымен бұл серіктестіктің өнімді дұрыс өткізбеуіне байланысты. Яғни, өнімді өткізуді дұрыс ұйымдастырылмағандығынан, «Sunreis» серіктестігінде 2008 жылы тауарлық-материалдық қорлары активтердің 48%-ын, ал 2009 жылы 25,9%-ды құраған. 
 
Осыған орай «Sunreis» серіктестігінің басқару құрылымына өнімді өткізу бойынша жаңа менеджер енгізілімі болса, онда ол келесі түрде трансформацияланады (8-сурет). 
 
Басқару құрылымына осы жаңа енгізілімді кіргізу «Sunreis» серіктестігіндегі мәселелерді шешу үшін төмендегі шаралар мен функцияларды жүзеге асыру керек: қорларды басқару; өнімді өткізу каналдарын әртараптандыру; несиеге өткізілген тауарлар мен өнімдер бойынша қарызды өтеу бойынша жұмыс істеу және кешіктірілген өтеулер бойынша шараларды әзірлеу мен оларды іске асыру; өнімді өткізу бойынша кәсіпкерлік үрдістерді оңтайландыру. 

 
 
Құрылтайшылар кеңесі 
 
 
 
Директор 
 
 
 
 
 
 
 
Бухгалтер 
 
Өнімді өткізу бойынша менеджер- логист 
 
Бас агроном 
 
 
Бас механик


 
8-сурет. «Sunreis» серіктестігінің  модификацияланған басқару құрылымы 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған

Қазақстандағы шағын  кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі  бағытты жетілдіру. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қуатты экономикалық серпілісті жүзеге асыруға, жаңа жетістіктерге жетуге жұмылдырады. Қойылған стратегиялық мақсаттарға сәйкес экономикалық қатынастарды трансфор-мациялау мәселесін шешу қажет. 
 
Шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау. Өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру; кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін, дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту – бұл индустриялық-инновациялық дамудың белгіленген негізгі мақсаты мен міндеттері.  
 
Стратегияны іске асыру ЖІӨ құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағын 2015 жылы 46,5%-дан 50-52%-ға дейінгі мөлшерде ұлғайтуға; ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9%-дан 2015 жылы 1,5-1,7%-ға арттыруға; ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3%-дан 2015 жылы 12-12,6%-ға төмендеуін бәсеңдетуге, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 38,1%-дан 45-46%-ға дейін өседі деп қарастырылған. 
 
Қазіргі кезеңде Қазақстанда инновацияларды құру және енгізу аясында кәсіпорындардың белсенділігінің төмендеуін көреміз. ҚР Статистика агенттілігінің бағалауы бойынша, 01.01.2010 ж. мерзіміне сәйкес республикада кәсіпорындардың инновациялық белсендігінің меншікті салмағы жалпы респонденттік санының 3,9% құрайды (10096 бірлік) (9-сурет).  
 
 9-сурет. 2003-2009 жж. ҚР кәсіпорындарының инновациялық- белсенділігінің меншікті салмағы 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 
 
Салыстырма бойынша Ресей кәсіпорындарының инновациялық белсендігі 13% (2008 ж.), ал Шығыс Еуропада – 40%-ға дейін (Румыния – 28%, Словения – 32%, Польша – 38%). 
 
Аймақтық кескін бойынша инновациялық дамуда көш басында: инновациялық белсенділік Алматы қаласы – 6,7%, Қарағанды облысы – 6,2%, Шығыс Қазақстан облысы – 5,9%. Соңғы тізгін бойынша: Ақмола облысы – 1,2%, Маңғыстау – 1,4%, Қостанай – 1,5%, Қызылорда – 1,5%. 
 
Егер 2008 ж. инновациялық қызметпен айналысушы кәсіпорындар ара-сында өнім өндіруде басты көлемі металлургия саласы болса (ҚР бойынша барлық инновациялық өнім өндірудің 84,4%), ал 2009 ж. мерзімінде өңдеу өнер-кәсібі алда болды – 68,95% (2-кесте). 
 
 
2-кесте. ҚР экономика салалары бойынша инновациялық өнім өндіру көлемі, млн. теңге 

 
 
ҚР экономика салалары

 
Өнім өндіру көлемі (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)

 
Салалар өнімдерін өндірудегі меншікті салмақ, %

 
Негізгі капиталдағы инвестициялар  көлемі

 
Өнім таралымындағы табыс (тауарлар, жұмыстар, қызметтер)

 
Барлығы

 
1006169,6

 
100

 
170320,2

 
1493127,3

 
Ауыл шаруашылығы

 
2664,6

 
0,26

 
399,3

 
3262,5

 
Тау-кен өнеркәсібі 

 
292194,5

 
29,04

 
60885,7

 
576784,5

 
Өңдеу өнеркәсібі

 
693754,8

 
68,95

 
105306,9

 
897705,7

 
Құрылыс

 
17555,7

 
1,75

 
3728,3

 
15374,5

 
Ескерту: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша автордың есептеуі. http://www.stat.kz


 
 
Экономиканың кез келген секторында инновациялар қаржы салымдарын қажет  етеді. Қосымша пайда табу, шағын  кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық нәтижені алу үшін де қаржы салымдары керек. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде келесідей байланыс анықталды: шағын кәсіпорын болашақта неғұрлым үлкен табысқа жетуді көздейтін болса, ол солғұрлым көп шығын жұмсауға дайын болуы керек.  
 
Инновациялық қызметті дамыған қаржыландыру жүйесі негізінде ғана дамытуға болады. Нарықтық экономикада шағын кәсіпорындар, өнеркәсіптік компаниялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар, шағын инновациялық кәсіпкерлік, инвестициялық және инновациялық қорлар, жергілікті басқару органдары, жеке тұлғалар және т.с.с. қаржыландыру субъектілері болып табылады. 
 
Ұсынылған инновациялық-бағдарлы стратегияның негізі – оның өндірістік-техникалық, ақпараттық-технологиялық сияқты шағын иннова-циялық құрылымдарды дамыту мен құруды алдын ала қарастыратын болып табылады. Аталмыш стратегияның аясында инновациялық құрылымды құру үлгісі 10-суретте бейнеленген. 
 
 
 
 
10-сурет. ШКС-дағы инновациялық құрылымның принципті үлгісі 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 
 
Қазақстанның ШКС-да көптеген кәсіпорындарының басшылары стратегиялық ынтымақтастықтың тиімді стратегиясын жасады. Бұл стратегиялар экономикалық тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ететін бірнеше шағын кәсіпорындардың біріккен қызметіне бағытталған, белгілі қоғамдық ұйымдасқан, олардың қызметі өзара ынтымақтастықпен анықталады. 
 
Осы базада өнеркәсібі дамыған және дамушы елдерде корпорациялар және кластерлер қалыптасуда. Кластер ұғымы кәсіпорындар кешені (өнеркәсіп компаниялары, зерттеу орталықтары, ғылыми мекемелер), мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар және басқалары территориялық шоғырландыру базасында арнайы жеткізіп берушілер, негізгі өнім өндірушілер және тұтынушылар технологиялық тізбекпен байланысқан.  
 
Дамыған елдердің техникалық тәжірибесі көрсеткендей, кластердің аясын табысты кеңейту мен тереңдетуде әлемдік экономиканың даму бөлігінің ажырамас құрамы болып табылады. Көптеген елдер бәсеке принциптерін дамыта отырып, ынтымақтастық мәселесіне көп көңіл бөледі. Егер соңғы уақытқа дейін осы ынтымақтастық салалық мүдделермен шектелмесе, онда осы саладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейде – кластер деңгейінде кеңейту байқалады. 
 
Кластерлердің артықшылықтары төмендегідей бағыттар бойынша алынуы мүмкін: ресурстарға мүмкіндігі бар; ақпараттарға қолжетімділігі; өзара толықтырушылық; қоғамдық игіліктер мен кәсіпорынға қолжетімділігі; ынталандыру; жаңа енгізулерде артықшылықтары. 
 
Кластерлік ұйымдастыру бір жағынан стратегияның дамуы, екінші жағынан аудандар мен территорияның дамуы, мекеменің дұрыс дамуы жобасының жасалуы мен билікке байланысты құжаттардың жасалуы. 
 
Шағын кәсіпкерлік секторында кластерлік модельдер мен кластерлік технологиялардың икемделуі келесі механизмдер ретінде болады (11-сурет): 

  1.  
    Еліміздің экономиканың әрбір саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру негізінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, тұрмыстық жағдайын жақсарту, олардың мәдени, ағарту және денсаулық деңгейін жақсарту болып табылады.

 
 
Шағын кәсіпкерліктің дамуы 
 
Кәсіпкерлік субъектілері менталитетінің өзгеруі 
 
 
Ғылым мен білімнің дамуы 
 
 
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау 
 
Басымдылық салалар бойынша аймақтық экономиканың дамуы 
 
Ақпараттық жүйенің дамуы 
 
 
Өндірістік кластерлер 
 
Ақпараттық-интеграциялық кластерлер 
 
Шағын кәсіпкерлікті басқаруды мемлекеттік тұрғыда жетілдіру 
 
 
 
11-сурет. Шағын кәсіпкерлікке кластерлік тұжырымдамасын икемдеу механизмдері 
 
Ескерту: Зерттеу негізінде автор құрастырған 
 

  1.  
    Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік субъектілерінің менталитетін «алдымен әрбір адамның мүддесін – сосын мемлекеттің мүддесін» қағидасында өзгерту, сондай-ақ халықтың жеке және қоғамдық меншікке деген түсініктерін, жеке меншік пен мемлекеттік секторларының байланысын экономикалық өзара пайдаға бағыттау болып келеді.
  2.  
    Аймақтық және жергілікті деңгейде салалық пен территориялық – салалық кластерді құру мен қалыптастыру тиімділігі арқылы, билік органдарының ақпараттар мен байланыстың алмасу басымдылығы бойынша, бизнес құрылымдарының, институционалдық құрылымдар мен нарықтық инфрақұрылымдарды еңбек, қаржы және материалдық ресурстары бойынша ұлттық және аймақтық экономиканы дамыту.
  3.  
    Билік органдарының, қоғамдық ұжымдар мен нақты секторлар кәсіпорындары қызметкерлерінің ағарту және мәдени деңгейін арттыру арқылы ұлттық және аймақтық деңгейде білім мен ғылымды дамыту көзделеді.
  4.  
    Өнімнің сапасы, дизайны және қызметін арттыруда, өнім өндіру мен басқаруда жаңа технологияларды енгізу бойынша, өнімді өндіру, сақтау және тұтыну аясында маркетингті дамыту мен «ноу-хау» енгізу арқылы кәсіпкерлік құрылымының тиімділігін арттыру қажет.
  5.  
    Кәсіпкерлік құрылымдарда, сондай-ақ кластерлерді ұйымдастыруда тауар өндірушілер мен кластерлік бірлестіктердің мүшелерін, салық салу жүйесін, кедендік құқықтар, несиелеу жүйесі мен отандық тауар өндірушілерге, жеңілдіктер мен артықшылықтар беру тұрғысында инвестициялау арқылы кәсіпкерлік ұйымдастыруларды мемлекеттік тұрғыда қолдауды қажет етеді.

 
Кластерлік модельдер мен технологияларды  енгізуде күтілетін нәтижелер: экономикадағы кластерді енгізудегі басты нәтиже – экономикалық өсуді көтеру мен ұлттық және аймақтық экономиканың бәсекелестігінің артуы; аймақтық және жергілікті деңгейде кластерлік бірлестіктер санының өсуі; кәсіпкерлік құрылымдарының еңбекке құштарлықтарының артуы; аймақтарға инвестициялық климаттары мен тартымдылығының артуы; инвестицияларды тарту, аймақтық және жергілікті экономиканы көтеру, кәсіпкерлікте бәсекелестікті көтеру мен сыртқы нарыққа жаппай шығару арқылы жалпы шағын кәсіпкерлікті дамыту. 
 
Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Үкіметі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік стратегиялық басымдық ретінде жариялаған болатын. Әpбip 2-3 жылда шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оған қолдау көрсетудің арнайы мемлекеттік бағдарламалары қабылданып отырды. Оларды өткенге шолу ретінде шағын кәсіпкерліктің рөлінің экономика мен қоғамда артып келе жатқандығын жиынтық ретінде кұрастырып, дамыған елдерде сандық, құрылымдық және сапалық деңгейге дейін жеткізу заңды түрдегі шешуші міндеттер ретінде алға тартылып отырды.  
 
Мұндай түпкілікті мақсаттарға қол жеткізу үшін тәжірибе жүзінде барша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларда мына төмендегідей бaғыттарда қамтылып отырған міндеттер жоспарланды: шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық және моральдық жағдайлар тудыру; кәсіпкерлік қызметпен айналысу жолындағы кедергілерді азайту; шағын кәсіпкерлікті қаржылық pecypcтapғa қол жеткізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету; қаржылық және қаржылық емес компоненттерден тұратын шағын кәсіпкерлікке деген жан-жақты мемлекеттік қолдаулар көрсету мақсатында арнайы мемелекеттік құрылымдар құру; кәсіпкерлік қызметке тарту үшін халықтың қалың ортасында ынталылықты арттыру. 
 
Бұл бағытта мейлінше маңызды көп салалы жұмыстар жүзеге асырылды, оның басты нәтижесі ретінде кәсіпкерліктің бүкіл Қазақстан бойынша кең етек жайып отырғандығын айтуға болады. 
 
Әлемдік экономикалық дағдарыстың кең өpic алып отырған жағдайында Қазақстан Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау көрсетуді дағдарысқа қарсы бағдарламаның нeгiзгi бағытына айналдыруда. Мұның өзі біздің елімізге дағдарыстың апаттарынан айналып өтудің факторларының біріне айналды. 
 
Дегенмен, шағын кәсіпкерліктің құрылымдық және сапалық бағыттарда дамытудың мемлекеттік бағдарламалардан туындайтын міндеттері бүгінгі күнге дейін толығымен орындала қойды деп айту қиын. 
 
Шағын кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған факторлар: шағын кәсіпкерліктің қаржылық pecypcтapғa қол жеткізуінің жеткіліксіздігі; бәсекелестік ортаның әлсіздігі; кәсіпкерлікті жүргізудің мәдениетінің төмендігі, ол, ең алдымен ШОК-тің басым бөлігінің бүгінгі таңдағы ақпараттық-зерттеушілікпен қамтамасыз етушілікті көтере алмай отырғандығымен байланысты. 
 
Қaзipгi кезде жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қабылдануда және салық туралы заңды, өмір сүрудің басқа да нормативтік негіздерін, кәсіпкерлікті реттеп және қолдау керсетудің объективті куәсі ретінде ТМД-ның барлық елдерімен салыстырғанда «Doing Business» халықаралық рейтингісі бойынша Қазақстан жетекшілік рөлге ие болып отырғандығы. Бұл жетістіктер жайында тәуелсіздігіміздің 18 жылдығына арналған салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айрықша атап өтті. 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
 
Шағын кәсіпкерлік қызметін басқарудағы ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жетілдіру мәселелерін зерттеу нәтижесінде келесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға болады: 

Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны