Ішек дисбактериозы, асқазан және ішек ауруларына пайдасы
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
1224000- «Сүт өнімдерінің өндірісі» мамандығының
технологиялық практикасының
Есебі
Орындаған: ТМ-21 тобының оқушысы
Себепқалиева Ұ.Н.
Тексерген: арнайы пән жетекшісі Дюсенгалиева Х.С.
Орал – 2014 ж
Жоспар
I. Кіріспе. «Розметов» шаруа
қожалығы......................
II. Негізгі бөлім.
2.1. Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы
2.2. Ешкі сүтінің емдік қасиеттері
2.3. Ешкі сүті туралы халық аузындағы аңыздар
III. Ішек дисбактериозы, асқазан және ішек ауруларына пайдасы.
3.1. Жүкті аналарға, емізулі аналарға пайдасы
3.2. Артық салмақтан арылу
IV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
«Розметов» қожалығы Атырау облысында 2014 жылы сәуір айында ешкі сүт өнімдерінің алғашқы партиясын шығарды. Республикада теңдесі жоқ мұндай жобаның жүзеге асырылуы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауы арқасында мүмкін болып отыр.
Ешкі
түлігін өсіріп, сүтін өңдеуге
кепілдік беретін бұл кешен
облыс әкімдігінің
Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық
құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады.
Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері
мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе
басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының
сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.
Ешкі сүті де сиыр сүтіндей казеиндік топқа жатады. Бірақ ешкі сүтінде сиыр сүтіндегі аллергиялық серпіндердің көзі саналатын — альфа-ls-казеин жоқ. Сондықтан ол сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдар үшін ұсынылады. Құрамында бета-казеин мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын. Ешкі сүті нәруыздарының көпшілігінің құрамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты, құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қорытылмаған күйінде сіңбей, ұсақ үлпектер түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына жол бермейді. Құрамында лактозаның төмен мөлшері (сиыр сүтінен 13% кем, әйелдердің емшек сүтінен — 41% кем) болуы — бұл өнімді лактоза жеткіліксіздігі бар адамдар үшін қолдануға мүмкін етеді. Ешкі сүтіндегі май ағзаға жақсы сіңіріледі және 4,0-4,4% майлылықта ешкі сүті 100 пайыз сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағзасының тіндерінде холестерин жиналуына қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар және ағзаның қорғаныс қызметін арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67 пайызы бар.
Жоғарыда келтірілген
Бірақ ешкі сүті сиыр сүтіндей
темірге бай емес. Темір қандағы гемоглобиннің
түзілісіне ғана емес, төтемелік жүйенің
қалыпты жұмысы мен мінез-құлық сипатының
сәйкестігін қамтамасыз ету үшін де қажет.
Дегенмен ешкі сүтіндегі темір сиыр сүтіндегіден
гөрі жақсы сіңеді. Бірақ әйелдердің емшек
сүтінің сіңу дәрежесіне жете бермейді.
Осылайша, ешкі сүті минералдық заттектерге,
дәрумендер мен микроэлементтерге сиыр
сүтінен гөрі байырақ, ешкі сүтінің нәруыздары
асқазанда тығыздалмауына байланысты
сіңімдірек келеді.
Ешкі сүтінің майы
адам ағзасында 100 пайыз дерлік сіңіріледі,
құрамында лактоза аз болуына сай, лактоза
жеткіліксіздігі бар адамдарға ұсынылады.
Құрамында аллергия
тудырушы альфа-ls-казеин болмауына байланысты
азықтық аллергиясы бар адамдарға қолдануға
болады.
Ешкі сүтінің химиялық
құрамы басқа да жануарлардың сүтіндей
тұрақты емес және көптеген ықпалдарға:
жануардың тұқымына, жасы мен саулығына,
лактация кезеңіне, қоректену мен күтім
жағдайларына байланысты.
Ешкі сүтінің көптеген
емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан
ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде,
диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды
қоректендіру үшін аса қолайлы. Швейцарияның
таулық шипажайларында туберкулез, анемия
мен рахит ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ
ешкі сүтімен емдеген.
Халық аузындағы аңыздар ешкі
сүтінің керемет сиқырлық
Ежелгі аңызға сенсек, найзағаймен алысқан Зевстің өзі Амалтея — тәңірлік керемет ешкісінің сүтін мүйізінен ішкен. Әл-Фараби ешкі сүті туралы: «ең тұрақты» деп жазған. Емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен қайнатқан: көз бұршағының бұлыңғыр тартуына қарсы — күнжітпен, іш өтуге қарсы — теңіз тастарымен, арпа жармасымен.
XIX ғасырдың аяғынан бастап ешкі
сүті үшін өрлеу кезеңі
Негізгі азықтық
Осы айырмашылық адам
Ешкі сүтінің майлық құрамбөліктерінің сипаты да сиыр сүтіне қарағанда оңтайлы. Мысалы, ешкі сүтінің май домалақтарының көлемі кішірек келеді. Бұл майлардың жақсы сіңірілуі үшін ешкі сүтінде ортатізбектік үшглицеридтердің болуы ықпал етеді. Олар — лимфалық қылтамырларды айналып өтіп, бірден веналық жүйеге енетін, ішекте өтсіз сіңетін ерекше қабілеті бар майлар. Ешкі мен сиыр сүті минералдық тұздардың, микроэлементтер мен дәрумендердің үйлесімі жағынан әйелдердің емшек сүтіне жете бермейді. Бірақ ғалымдардың дәйектері бойынша, ешкі сүтінің құрамында темір аз болуына қарамастан, ол баланың ішегінде сиыр сүтіндегі темірге қарағанда тиімдірек сіңеді. Ал ешкі сүтіндегі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі бұл сүтпен қоректендендірілген сәбиде мегалобласты анемия туындауының себебі болуы мүмкін. Бұл дімкәстің себебі — азықта В12 дәрумені мен фолий қышқылының тапшылығы болуынан, соңғысының мөлшері ешкі сүтінде де аз болады.
АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі
сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық
қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады.
Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне
аллергиясы бар адамдардың көпшілігі
ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді
итальяндық медицина қызметкерлері жоққа
шығаруда. Олардың зерттеулері керісінше
нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын
балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен
қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің
айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына
шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы
әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде,
фибромиома мен балалар эпилепсиясын
емдеуде аса пайдалы.
Жалпы, педиатрлар
ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде.
Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне
қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине,
бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ.
Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде
ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты
және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша
қорек ретінде пайдалануға болады. Жалпы,
ешкі сүтінің ерекше және сиқырлық қасиеттері
жайлы пікірлерді салмақтай отырып, мамандар
оның бойында бірқатар пайдалы ерекшеліктері
бар екенін және сиыр сүтін көтере алмайтын
және оның нәруыздарына аллергиясы бар
балаларды тамақтандыруда тиімді колдануға
болатынын айтады. Жақында Ресей нарығында
ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін
алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда
болды. Сондықтан ата-аналардың өздерінің
сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің
жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап
көруіне мүмкіндіктері бар.
Төрт айға дейінгі сәбилердің тағам үлесі емшек сүтінің алмастырғыштарымен шектелуіне сай аллергия тудыратын өнімді алып тастау қиынға түседі. Сиыр сүтінің нәруыздарына немесе соя нәруыздарына аллергия болған жағдайда, ешкі сүті негізіндегі бейімделген қоспалар пайдаланылады. Оларды сәбилерге туғаннан бастап қолдануға болады.
Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден
сақтайды. Аллергологтар оны сиыр
сүтінен жасалған өнімдерді
Ешкі сүтінен немесе
оны қосып ашытқан өнімдердің пайдасы
да мол. Швейцарлық сырлардың атағының
құпиясы — сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып
жасауында болса керек. Йогурт секілді
танымал өнім ешкі сүтінен шыққан. Профессор
Мечников ешкі сүтінен жасалған болгар
йогуртынан емдік лактобациллинді бөліп
шығарды.
Ежелден мал баққан халқымыз ешкіні төрт түліктің қатарына қоспаса да қадірін жақсы білген. Себебі ешкі ерекше күй талғамайды, әрі қойға қарағанда тез көбейеді. Бұған қоса ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Жалпы, ешкінің сүті мен етінің қасиетін түсінген дамыған елдер бұл істі бір ізге қойған. Швейцарияда туберкулез, қан аздық, рахит, буын, тері ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген. АҚШ секілді дамыған мемлекеттер ешкі сүтін жас нәрестелерге беру үшін арнайы дайындайды. Сондай-ақ ешкі өсіріп, одан тәуір табыс тауып отырған елдердің де қатары көп. Мәселен, әлемде бір милиардқа жуық ешкі бар болса, оның көбі, яғни 180 миллионы Қытайда екен. Үндістанда — 130, Пәкістанда — 50, Иранда — 30 миллион ешкі бар. Ал Қазақстандағы ешкінің 155 мың 600-і — біздің облыстың еншісінде. Ақтөбелік Мұхамбетәли Қойшыбаев қазақ ешкі өсіруді қолға алса, біріншіден, халық денсаулығына шипасы тиетінін, екіншіден, тиімді табыс көзі. Деректерге сүйенсек, жер бетінде Сексек ата тұқымының оннан аса түрі бар. Оның етті, етті-сүтті, түбітті-жүнді түрлері әлемде кеңінен таралған. Мәселен, ангор ешкісінің түбіті ұзын жібектей болса, заанин ешкісі сүтті келеді. Ешкінің етті тұқымы Қытай мен Үндістанда, сүттісі — араб елдері мен Еуропада, түбіттісі — АҚШ, Түркияда көп өсіріледі екен. Мүйізді жануардың басты ерекшелігі — күй талғамайды. Көктем мен жаз айларында көкке жайылған ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер молайып, әрі дәмі де өзгереді. Бұл кезде жаңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын, бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті — оның қуаты 4-5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады. Мәселен, ешкі мен сиыр сүтінен жасалған айранның дәмі екі бөлек екен. Әрі адам ағзасына ешкі сүті анағұрлым пайдалы келеді. Мұндағы май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте ұсақ болғандықтан ағзаға тез сіңеді. Ешкінің сүтінде кальций көп. Бұл, әсіресе, балаларға өте пайдалы. Ешкі сүтінің дәмі сиыр сүтіне қарағанда өзгеше болғандықтан, көп адам бірден іше алмайды. Сондықтан білмейтін адамдар сүттің тазалығына күмәнданып жатады екен. Бұндай кезде Зәуре ешкі сүтінің дәмі шөпке байланысты екенін айтып түсіндіреді. Әрі отбасы мүшелерінің барлығы бес уақыт намазды үзбей оқитын болғандықтан, бұл жұмыстардың барлығы халал жолмен атқарылады. Дәрет алмай мал саумайтын Зәуре тазалыққа ерекше мән береді. Ешкінің желінін жуып сауады. Кейде балалар сабынымен жуып, тазалап қояды.
Кавказ жағалауы елдерінде, Орталық Азияда және кейбір шет елдерде ешкі сүті көп қолданылады. Ешкінің сүті қойдың сүтіне қарағанда аппақ болады. Өзінің құрамы мен жұғымдылығы жөнінен сиыр сүтіне ұқсас келгенімен, ақуыз бен дәрумендерге бай болғандықтан, анағұрлым пайдалырақ. Сүзбе мен ірімшік жасағанда, қой сүтіне ешкі сүті қосылады.
Ешкі сүті
әсіресе жас сәбилерге өте
пайдалы. Ана сүтін жарытпайтын
бөбекке сиыр немесе қой
Ешкі сүті балаларды іш өтуден, Боткин ауруынан сауықтырады. Сондай-ақ, өкпе дертінен тез сауығуға септігін тигізеді. Оған қоса, сүтте сілті реакциясы болады, сондықтан оны асқазанның қышқылдығы жоғары адамдардың ішкені дұрыс. Сондай-ақ ешкі сүтінің түрлі аллергиялық ауруларға қарсы тұра алатын қасиеті бар, сол себепті теміреткісі, демікпесі және безгегі бар адамдар үшін де шипасы зор.
Қадым замандарда
адам баласы алғаш қолға
АЛЛЕРГИЯНЫ ЖОЯДЫ
Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайды. Олар, әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Бірақ, адам ағзасына сүт қажет. Мұндай жағдайда ешкі сүтін тұтынған жөн. Себебі, ешкі сүті аллергияны қоздырмайды, әрі түбімен жояды.
АҒЗАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ
Ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамындағы калий әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін реттейді.
СҮЙЕККЕ ПАЙДАЛЫ
Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.
ІШЕК ДИСБАКТЕРИОЗЫНДА
Ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіреді. Ол үшін әр 10 кг салмаққа 100 гр. сүт өнімін пайдалану қажет. 3 күн ешкі сүтін және одан жасалған өнімдерді тұтынып, содан кейін 2 күн үзіліс жасайды. Сосын 5 күн үзбей пайдаланып, 1 күн үзіліс жасайды. Содан соң 1 апта пайдалану керек. Ем соңында міндетті түрде дисбактериозға анализ тапсырып, емнің нәтижесіне көз жеткізген дұрыс.
АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫНДА
Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасының зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.
ДИАТЕЗ ДЕРТІНДЕ
Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.
ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЫНА
Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 0,5 стакан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.
ҚАНТ ДИАБЕТІ
Күн сайын әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішкен науқас қант диабетінен айыға алады. Бірақ, мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет.
ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕРТІНЕ
Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар. Сон-дай-ақ, ол иммунды жүйені қатайтады. Оның емдік тәсілі мынадай: шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10 кг дене салмағына 50 г-нан өлшеп, науқасқа беру керек. Бірақ, бұл емді жасамас бұрын дәрігермен алдын ала кеңесіп алған дұрыс.
ЖҮКТІ АНАЛАРҒА
Ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер, микро және макроэлементтер ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ал сүт құрамындағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізеді және болашақ ананың тістерінің түсуін және тырнақтарының сынуын болдырмайды.
ЕМІЗУЛІ АНАҒА
Емізулі ана күнделікті ешкі сүтін пайдаланса, өзінің ағзасымен қоса баланың ағзасын дәрумендер қорына байытып, жаңадан қалыптасып, дамып жатқан сүйектерін қатайтады. Сондай-ақ, ешкі сүтін үзбей ішетін емізулі анада қаназдық дерті мен дәруменнің жеткіліксіздігі болмайды.
АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛУ ҮШІН
Ешкі сүті майлы болғанымен, ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы дәрумендерге өте бай бұл сусын емдәм ұстап жүрген адамның ағзасын түрлі дәрумендермен қоректендіреді.
КОСМЕТОЛОГИЯДА
Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде ешкі сүтімен шайып тұру қажет.
Ешкі сүтінің
емдік ерекшелігін, һәм құрамы
ана сүтінің құрамымен бірдей
екендігін қазақ баяғыда
Қазір дәрігерлер ешкі сүтінің асқазанға аса салмақ түсірмейтіндігін, әсіресе, сәбилер мен қарттар үнемі тұтынса жалпы ағзаға пайдалы екенін айтып та, жазып жүр. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, тау-тасқа секіріп, қойдың алдында жүріп шөптің басын шалып, таңдап жейтін ешкі барлығы 500 түрден аса шөпті пайдаланатыны анықталған. Емнің бәрі сол шөп басында жатса керек!
Қорыта айтқанда, ешкі сүтін ерекше химиялық құрамына сай пайдалы тағам өнімдеріне жатқызуға болады.Ешкі сүті— аса бағалы тағамдық өнім. Организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 %-ы сіңеді. Ешкі сүтінің құрамында 13,4 % құрғақ зат тектер, 4,4% май, 3,6% белок, 4,9% лактоза бар. Ешкі сүті химиялық құрамы жағынан сиыр сүтіне жақын. Ерте кездерде асқазаны, бүйрегі ауыратын адамдарға ешкі сүтін беріп емдеген. Ешкіден күніне 4 литрге дейін сүт сауылады. Ешкі сүті көбінесе ірімшік, айран және т.б. тағамдар дайындауға пайдаланылады. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар, ешкі сүтінің түрлі аурулардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.
Бағалай білгенге, Сексек ата
тұқымының да сан түрлі
Күй мен күтім талғамайтын
мүйізді жануар қыстың қақаған суығы мен
жаздың аптап ыстығына да төзімді. Сүтті
түрлерінен бір маусымда 350 литрге дейін
өнім алынады және кем дегенде жеті ай
сауылады. Тез жерсінетіні, өсімтал келетіні
тағы бар. Қазір дамыған шет мемлекеттер
холестерині көп майлы еттен гөрі диеталық
тағамдарға мән беріп келеді. Осы тұста
ешкі етінен бренд жасауымызға да болар
еді. Алайда әзірге қазақ қадіріне жетпей
отырған ешкі шаруашылығын Голландия
мен Франция елдері шыр айналдырып отыр.
Ал біздің облысымызда ол қалай игеріліп
отыр?
Қолда бардың қадірі жоқ Ешкі сүтінің ерекше қасиеттері жөнінде зерттеген ғалым, медицина ғылымдарының докторы, диетолог Роза Шакиеваның сөзіне сүйенсек, бұл өнім әсіресе балалар үшін өте пайдалы екен. – Ешкі сүті жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады, – дейді ол, – Физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да жануарлардың сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол. АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы. Жалпы педиатрлар балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті жарамды екенін айтады. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ, бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде қолданылады. Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Сондықтан, ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері бар. Бұл сүт сәбилерді іш өтуден сақтайды, аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады. Ешкі сүтін қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық ірімшіктердің сапалылығының бір құпиясы – сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар ешкі сүтінің түрлі аурулардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.«Ақбастаудың» алғашқы қадамы Ойда жоқта асқазаны сыр беріп, ақ халаттылардың «отасыз болмайды» деген «үкімінен» кейін бір дәрігер досының кеңесімен ешкі сүтімен емделуді бастап, нәтижесінде құлан-таза айыққан Әділ Омар бүгінде елімізде ешкі сүтінің өндірісін қолға алған алғашқы кәсіпкер. Осы сусынды екі жыл бойы үзбестен ішіп, дертіне дауа тапқан Әділ мырза бірде супермаркеттен Ресейде өндірілген ешкі сүтін сатып алады. Қағаз қораптың сыртындағы көрсетілген мекен-жайдың ресейлік екенін оқып, намысы оянған кәсіпкер «Сексек атаның тұқымы өзімізде де бар, қазақстандық өнімді неге шығармасқа?» деген ойға келеді. Осы кәсіпті меңгергендердің тәжірибелерін жинақтап, ешкі сүтінің емдік қасиеті туралы жазған ғалымдардың зерттеу еңбектерімен жете танысқаннан кейін барып, өткен жылдың қыркүйек айында ешкі сүтін Голландия мен Швеция технологиялары бойынша өңделген күйде тетрапакетке құйып сатумен айналысуды қолға алады. «Бұл ретте Қазақ Тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шармановтың айтқан ақыл-кеңесіне көп мән бердім. Ол кісінің айтуынша, ешкі сүтінде 12 түрлі дәрумен бар екен. Ол әсіресе өкпе құрты, қант диабеті, асқазан, ішек жолдары, аллергия, қан аздық секілді ауруларға бірден-бір ем. Ешкі сүтінің майы ағзаға жақсы сіңеді, ал оның құрамындағы қанықпаған қан қышқылдарының жоғары мөлшері холестериннің қан тамырларына жинақталуына қарсы тұрып, иммунитетті арттыруға ықпал етеді, – дейді бүгінде «Ақ бастау» компаниясын басқарып отырған кәсіпкер Әділ Омар. «Ақ бастау» компаниясы о баста Қазақстанға Қытай елінен қоршаған ортаға бейімделгіш сүтті ешкінің мың басын әкеліп, арнайы шаруашылық құруды жоспарлаған. Қазіргі уақытта голландиялық өндірушілермен жасасқан серіктестік арқасында ультрапастерленген ешкі сүтін шығарып жатыр. «Тамақтану академиясы берген нұсқау бойынша майлылығы 2,5 процент болатын сүт дайындаймыз, – дейді кәсіпкер. – Сүттеріміз Қазақстанның барлық аймағына тарайды. Бір литр сүттің бағасы 670 теңге». Ешкі сүтін өңдейтін тағы бір зауытты көршілес Батыс Қазақстан облысы да іске қосуды көздеп отыр. Оралдағы «Бисекеш» шаруа қожалығына тиесілі шағын зауыттың өндірістік қуаты күніне үш мың литр сүт өңдеуге жетеді, – дейді. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Қайролла Базарбаевтың берген мәліметі бойынша, өңірімізде 618 845 бас қой-ешкі бар екен. Өкінішке орай, ешкі малының еті мен сүтін ерек бағалап, осы өндіріске бел буған азаматтар біздің аймақтан әзірге шықпай отыр. Қызылқоға ауданында мыңға жуық ешкі малын өсіріп отырған шаруашылық бар дегенді естіп, «Құрман» шаруа қожалығына хабарласқанымызда білгеніміз, о баста бұл малдың басы көбейгенімен, қазір төрт жүз шақты ешкі ғана қалған екен. «Ешкінің сүті мен етінің пайдалы тұстары көп екенін білеміз, бірақ бұл ретте өндіріс ашып, пайда табуды әзір жоспарлай қойғанымыз жоқ» – дейді аталған шаруа қожалығының басшысы Құрман Жаңабаев. Мал шаруашылығына қанша жерден мән беріп жатқанымызбен, көбіне-көп бесінші түлік ретінде сипатталар ешкі малы елеусіздеу қалатыны шындық. Азық-түлік қауіпсіздігі мен кәсіпкерлікке қарқын беру мәселелері талқыға түсіп отырған сәтте бұл тақырыпты көтеріп отырғанымыз да сондықтан. Ешкі шаруашылығын естен шығармай, керісінше, осы саланың бойына қан жүгіртуді қолға алатын кез келді. Шопандарға Үкімет тарапынан қайтарымсыз немесе пайызы аз несие берілсе, сауыншылар, технологтарға мемлекет тарапынан арнайы тегін курстар ұйымдастырылса, «алынбайтын қамал жоқ». Қалай болғанда да ешкі шаруашылығын ұйымдастыру мәселесіне біздің аймақта әлі кенже қалып отырғаны қынжылтады. Бірақ ештен кеш жақсы деген, бұл саланың болашағы әлі де алда екенін ескергеніміз жөн.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Барақбаев Б. Сүт және сүт тағамдары. Алматы, «Қайнар»,1989ж. 6
2.Елеуов Б., Жамалов Б., Мендебаев Х., Нурушев М. Сағындықов Қ. Зоотехниктің анықтамалығы. Алматы, «Қайнар», 1970ж. 242 б.
3.Ивашура А.И. Сүт тіршілік тірегі. Алматы, «Қайнар», 1979ж. 115б.
4.Ысқақбаев Б. Сүт және сүт өнімдері. «Қайнар», 1977ж. 85б.
5.Тілемісов Х. Қазақтың ұлттық тағамдары. Алматы, «Қайнар», 1995ж. 211б.
6.Шильниковой. Москва, 2004г. 54б.
7.Ивашура А.И. Молоко и жизнь. Москва, 1976г. 23б.
8.Аникиев В.В., Лукомская К.А. Руководства к практическим занятиям по микробиологии. Москва, «Просвещение», 1983г. 32б.Садықов Б. және басқалары. Ақ дастархан 1987ж. 65б.9.Бренц М.Я., Козлов В.Н. Сүт және сүт тағамдары 1983ж. 76б.10.Теппер Е.З. и др. Практикум по микробиологии. Под редакцией

- Ішекқуыстылар типі
- Ішек өңдеу цехының санитариясы
- Ішектік инфекциялар
- Ішектік инфекциялар: жалпы түсінік, нозология, этиологиясы мен эпидемиологиясының жалпы ерекшеліктері, негізгі клиникалық көріністері, з
- Ішемічна хвороба серця
- Ішкі айырмашылықтар мен сыртқы экономикалық байланыс
- Ішкі аудит қызметі
- Історія юридичної освіти в Україні
- Істотні особливості та критерії науковості знання
- Ісус Христос- міф чи реальність?
- Італійська література
- Італія
- Італія економіко-географічна характеристика країни
- Їх долі опалені війною