Солтүстік Қазақтан Мұражайлары

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ  Экономикалық Университеті

 

 

                                       Факультет «Әлеуметтік қызмет  және бизнес»

 

Кафедра «Туризм»

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: «Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары»

                                                                

 

                                                                 Тексерген: Бейсекей Е.

         Орындаған: Ногайбаева И.

                                                   Мамандық:Туризм

                                  Топ: 303

 

 

 

Алматы, 2012ж.

   

Бет.

 

Кіріспе

3

     

1

Солтүстік Қазақстан  облысы

5

2

Солтүстік Қазақстан  облысының мұражайлары 

14

     
 

Қорытынды

22

     
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

23

     




Мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Солтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның солтүстігінде орналасып, (Сары-Арқа) Қазақтың ұсақ үстүртінің бір  бөлігін және Батыс Сібір ойпатының  қиыр оңтүстігін алып жатыр. Жер бедерінде  ойлы көл қазандықтары, дала ойпаттары, аласа таулар мен ауысып келген жалдар көп кездеседі. Оңтүстік-шығысы мен  оңтүстік-батысында биіктігі 115 - 120 м биіктер солтүстік-шығысында, оңтүстігі  мен оңтүстік-шығысында 200 м жетеді. Облыстың оңтүстік-батыс бөлігі(Сары-Арқа) Қазақтың ұсақ үстүртіне жатады және Көкшетау қыратының солтүстік-батыс  бөлігінде орналасқан. Сары-Арқа –  ежелгі таулы ел, жер қыртыстарының  құрылымы палеозойда пайда болған. Уақыттың өтуімен табиғи факторларының  әсері таулы бедерге таңғажайып түр береді. Қалың ормандармен  қаптаған қыраттар әсем, құмды жағажайлармен  тұщы және тұзды көлдердің қазандықтарында  орналасқан. Орманды-далалы зоналарда  қалың қайың шоқтарын тамашалауға  болатын «Ақ қайыңдар аймағы»  ақындық атауы осыдан. Петропавл (қазақ БАҚ-тарында Қызылжар деп те аталады - Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.

Облыс мұражайлары:

    1. Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы
    2. Бейнелеу өнерінің мұражайы
    3. «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені
    4. Мағжан Жұмабаевтың мұражай
    5. Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы
    6. «Қарасай мен Ағынтай» мемориалдық кешені
    7. И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі
    8. Жазушы Ғ.Мүсіреповтың үй-мұражайы
    9. С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі
    10. Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайы
    11. Явленка тарихи-өлкетану мұражайы

Өткен кезеңде мұражайлар 2 514 экскурсия, 568 лекция, 283 көрме ұйымдастырды, 157692 адамға қызмет көрсетті.      Наурыз айында тарихи-өткетану мұражайында Халықаралық «Әдет-ғұрыпты сақтайық" мұражайлар фестивалі өтті. Фестивальға Ямало-ненецк автономиялық округінің делегациясы және «Сёётэй Ямал» фольклорлық ансамблі қатысты.           2011 жылдың 20 қыкүйегінен 2 қарашасына дейін Астана қаласындағы Бірінші Президенттің мұражайында Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайлары қорынан «Тарих беттері» көрмесі жұмыс істеді. Көрмеде 18 ғасырдың құжаттары ұсынылды. АшылуынаҮндістан, Польша, Германия елшіліктерінің өкілдері, Н. Гумилёв атындағы Евразиялық университетінің ғалым-тарихшылары, ҚР мәжілісінің депутаттары Г. Дмитриенко, Е.Рамазанов және елорданың тұрғындары қатысты.   Облыстық бейнелеу өнерінің мұражайында 2011 жылдың 12 қыркүйек күні «Қазақстан халықтары рухани даму қоры» АҚ және ҚР Мәдениет минстрлігімен бірлесіп, «Әлем қауымдастығы мойындаған Қазақстан» фото көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікті, өмірде белсенді орын алуға және Қазақстанның тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде жеткен жетістіктерін мақтаныш етуге тәрбиелеу.      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қолданбалы өнердің суретшілері мен шеберлерінің есепті көрмесі өткізілді. Көрмеге 20 жыл ішінде жасалған жұмыстарын ұсынған 40-тан астам автор қатысты. Экспозицияға живопись, графика, мүсін өнері енді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

  1. Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы. Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды. Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирнов, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл. Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады.   Петропавловск -  Солтүстік Қазақстан облысының орталығы (1936 жылдан), автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзененнің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 204,8 мың адам (2011 жылғы 1 мамырға).             Қазіргі кезде Петропавловск Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ірі кәсіпорындарға “Еуразия”, “Вита”, “Молочный союз” АІ-тары, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, “Сұлтан”, “Тонус” т.б. жатады. Қала бюджеті қаржысының 10%-н шағын бизнес береді. Саудада еңбекпен қамтылғандардың үлесі 47,8%, өндірістік салада 17,4%, оның ішінде құрылыста 6,6% болды, 35 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Қалада 110 шағын құрылыс кәсіпорны, 49 көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 муз., 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнайы оқу орны мен колледждер, одан басқа 2 мемлекеттік (Солтүстік Қазақстан университеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери мектебі) жоғарғы оқу орны тіркелген. 12 аурухана, 10 емхана, 199 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді. Петропавловскте 3 театр, филармония, 3 музей, кинотеатр, 4 мемлекеттік кітапхана, 5 мәдениет сарайы, т.б. жұмыс істейді. Қалада 4 стадион, 34 әр түрлі спорт ғимараттары бар. Облыстық және қалалық газеттер, жарнамалық басылымдар шығып тұрады. Сонымен бірге 3-телерадиокомпания жұмыс істейді.           Солтүстiк Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласы 1752 жылы құрылды. Облыс орталығындағы халық саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 195,2 мың адам болып, барлық облыс халқының 30,3%-ын құрады.

Әкімшілік бөлінісі:

  1. Айыртау ауданы
  2. Ақжар ауданы
  3. Аққайың ауданы
  4. Мағжан Жұмабаев ауданы
  5. Есiл ауданы
  6. Жамбыл ауданы
  7. Қызылжар ауданы
  8. Мамлют ауданы
  9. Ғабит Мүсiрепов ауданы
  10. Тайынша ауданы
  11. Тимирязев ауданы
  12. Уәлиханов ауданы
  13. Шал ақын ауданы
  14. Петропавл қ.

Айыртау ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған.    Ауданның аумағы 9,6 мың шаршы километр. Аудан орталығы - Саумалкөл ауылы. Облыс орталығы мен Саумалкөл ауылының ара қашықтығы 250 километр; ең жақын темiр жол станциясына дейiн 0,4 километр. Ауданда 15 ауылдық округ, 88 ауылдық елдi мекен бар. Аудан батысында Мүсiрепов және Шал ақын аудандарымен, солтүстiгiнде - Есiл ауданымен және шығысында Ақмола облысымен шектесiп жатыр.       Аудан тұрғындары негізінен егіншілікпен, мал өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі 735,5 мың га, оның ішінде егістік жері 437,1 мың, шабындығы 13,4 мың, жайылымы 285,0 мың. Орманды алқап 142,0 мың га, 29,9 мың га жерді өзен-көл алып жатыр. Аудан әкімшілігі орталықтар мен Саумалкөл село арқылы Қостанай — Көкшетау — Қарасу темір жолы өтеді. Автомобиль жолы Саумалкөл селосын ішкі елді мекендер арқылы Көкшетау, Новоишим, Тайынша темір жол бекеттерімен, шалғайдағы селолармен байланыстырады.

Ақжар ауданы - Солтүстік Қазақстан облысындағы аудан. Аудан орталығы Талшық кенті.         Аудан 1997 жылы құрылды. Ақжар ауданы Ленин және Ленинград аудандарының қосылу нәтижесiнен құрылды.  Аудан аймағы - 8,04 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 21,4 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 2,7 адам.  Әкiмшiлiк орталығы - Талшық селосы, облыс орталығынан 285 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданда - 12 ауылдық округ, 25 ауылдық елдi мекен бар.             Солтүстiгiнде Ресей Федерациясымен, батысында Тайынша ауданымен, оңтүстiгiнде Ақмола облысымен, оңтүстiк-шығысында Уәлиханов ауданымен шектесiп жатыр.             Аудан өсiмдiк жамылғысынан дала зонасында орналасқан, бетең, бiркелкi бетең және құрғақ дала зонасында. Аудан аумағының негiзгi топырақ түрлерi: қара топырақ, оңтүстiк қара топырақ, шалғынды, шалғынды қара топырақты, шалғынды-батпақ, сортаң болып келедi. Аудан аумағымен бастауын тыс жерден алатын аудан арқылы өтетiн ұзындығы 80 километр Ащысу өзенi ағып жатыр. Сонымен қатар бiрнеше кiшкене көлдер бар, олар жаңбыр, қар және жер асты суларымен толықтырылады.        Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 221 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 12 - орта, 208 - шағын кәсiпорындар. Олардан 93 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 126 жеке меншiк , 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,8%-ы өндiрiлген (13 876,4 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 262,7 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлдi, облыстағы үлесi 0,4%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 121,1% құрайды.

Аққайың ауданы — Солтүстік Қазақстан облысы. Аққайың ауданы 1928 жылы құрылды. Аудан аумағы 4,71 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 26,9 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (1 шаршы километрга) 5,7 адам.       Ауданның орталығы - Смирново кентi, ол аудан-ның оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде, темiр жол бойында орналасқан. Петропавл қаласы мен Смирново кентiнiң ара қашықтығы 60 шақырым. Ауданда 12 ауылдық округ, 33 ауылдық елдi мекен бар.           Аудан орманды дала зонасында орналасқан. Негiзiнен жер көңдi қара топырақтан тұрады. Аудан аумағының 13 516 га жер көлемiн көлдер алып жатыр, өзен жоқ.           Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 216 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 3 - iрi, 31 - орта, 182 - шағын кәсiпорын. Олардан 97 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 118 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,7%-ы өндiрiлген (13 520,0 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 568,4 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,8%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 103,2% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 229,1 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 68,0% құрады.

Мағжан Жұмабаев ауданы — Солтүстiк Қазақстан облысының солтүстiк-шығысында орналасқан, 1928 құрылды. 1997 жылы Возвышен ауданымен бiрiккен. 2000 жылы Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып қайта аталды.         Ауданның аумағы 7,81 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға аудан халқының саны 41,8 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 5,4 адам. Аудан орталығы Булаев қаласы 1893 жылы құрылған, 1969 жылы қалалық статус алды. Булаевтан облыс орталығына дейiнгi қашықтық 106 километр. Ауданда 24 ауылдық округ, 69 ауылдық елдi мекен бар. Солтүстiгiнен және шығысынан Ресей Федерациясының Омбы және Түмөн облыстарымен, батысынан - Аққайың және Қызылжар, оңтүстiгiнен - Тайынша және Ақжар аудандарымен шектесiп жатыр.    Топырағы қара топырақ және сортаң топырақ болып таралған. Өсiмдiктер негiзiнен орманды далалы.         Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 313 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 25 - орта, 286 - шағын кәсiпорындар. Олардан 176 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 133 - жеке меншiк, 4 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады.

Есiл ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан. 1997 жылдың 17 сәуіріне дейін әуелі Ленин, содан кейін Мәскеу аудандары аталып келді. Жерінің аумағы 5,14 мың км2. Тұрғыны 38,3 мың адам (1999). Құрамындағы 60 елді мекен 15 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Орталығы — Явленка ауылы. Есіл ауданының жері түгелдей жазық және оңтүстіктен солтүстікке қарай еңістеу келеді, теңіз деңгейінен 150 — 200 м жоғары жатыр. Климаты тым континенттік: қаңтарда ауаның орташа температурасы –19ºС, шілдеде 20ºС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 350 мм. Жер беті суларын аудан жерінің оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай ағып өтетін Есіл өзенінің орта бөлігі мен сирек кездесетін көлдер құрайды. Ірі көлдері: Есілдің сол жағындағы Алба, Кіндікті, Қамысты, оң жағындағы Жалтыркөл, Таранкөл, Сарыкөл, Жыланды, Балықты. Есіл жайылмасында көптеген ескі арналар да кездеседі. Ауданның жері орманды-дала белдеуінде орналасқандықтан, жері, негізінен, қара топырақты болып келеді. Көларалық жазықтарда карбонатты қара топырақ, далалық өңірде сортаң қара топырақ, орманды жерлерде күлгін қара топырақ тараған. Есілдің жағалауында, негізінен, әр түрлі шөп аралас боз, бетеге, жағалаудан алшақтау жерінде терек пен қарағай аралас қайың шоқтары, көл жағалай шалғынды-батпақты өсімдіктер, өзен жайылымында дәнді-дақылды өсімдіктер өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, дала тышқандары, көлдер мен өзендерде ондатра, құстардан: бүркіт, кезқұйрық, тұрымтай, қырғи, қаз, үйрек, аққу, балықшы, қызғыш, тауқұдірет, бөдене, тырна, балықтардан: шортан, шабақ, алабұға, табан, т.б. бар. Аудан жері сирек қоныстанған. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 7,5 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Явленка, Амангелді, Петровка, Николаевка, Покровка, Ильинка, Бесқұдық, Бұлақ, т.б. Есіл ауданы, негізінен, ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерінің аумағы 454,9 мың га. Егіс аумағының 70%-ке жуығын дәнді дақылдар құрайды. Мал шаруашылығы сиыр, жылқы, қой және шошқа өсіруге маманданған. Ауданда өндірістік және тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, 2 май зауыты, ет-сүйек зауыты, нан комбинаты, баспахана, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 ауыл шаруашылық колледжі, 54 орта мектеп, 56 дәрігерлік пункт, 3 аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 43 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді.

Жамбыл ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының солт.-батысындағы әкімш. бөлініс. Бұрынғы Преснов және Жамбыл аудандарының қосылуынан (1997) пайда болды. Жер аум. 7,46 мың км2. Тұрғыны 32 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 4,2 адамнан келеді (2009). Аудандағы 63 елді мекен 16 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Ж. а. Батыс Сібір ойпатының оңт-ндегі Есіл мен Обаған өзендерінің суайрығы болып табылатын жазықты алып жатыр. Жер бедеріне көл қазаншұңқырларымен кезектесіп жатқан дөңді белестер тән. Климаты тым континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы біршама ыстық. Қаңтарда ауаның орташа темп-расы –18 – 19°С, шілдеде 20°С. Кей жылдары қыста –40°С аяз, ал шілдеде 40°С-тан астам ыстық болып тұрады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 мм-ден 350 мм-ге дейін барады. Оның басым бөлігі жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз күндер аз. Жазда солт. және батыс желдер, қыста оңт.-батыс желдер басым келеді. Олардың орташа жылд. 4 – 4,5 м/с, ал жазда ыстық күндері соғатын аңызақ желдің жылд. 6 – 10 м/с, қысқы бұрқасын күндері 15 м/с-қа дейін барады. Ж. а-ндағы көлдердің жалпы саны 150-ден астам және басым бөлігінің суы тұщы. Қуаңшылық жылдары кейбір көлдерде тұз байланады, олардың кейбірінің емдік қасиеттері бар. Ж. а. орманды және орманды-дала белдемдерінде орналасқан. Топырағы қызғылт қоңыр, карбонатты қара топырақты және шала күлгін топырақты. Мұнда қайың мен терек аралас ормандар, кейде қарағай аралас қайың шоқтарына және әр түрлі шөп аралас өскен селеулі-бетегелі далаға ауысады. Жануарлар дүниесінен орманды алқапта бұлан мен елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, далалы өңірде суыр, сарышұнақ, көлдерде ондатр, сан алуан су құстары (шағала, қаз, үйрек, аққу), жыртқыш құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, тұрымтай, жағалтай, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы мекендейді. А. ш. жерінің аум. 600 мың га, оның ішінде жыртылған жері 228,1 мың га, 69 мың га шабындық, 278,1 мың га жайылым. Негізінен егіншілік және мал ш-мен айналысады. Аудан жерімен батыстан шығысқа қарай мемл. маңызы бар Қостанай – Петропавловск автомоб. жолы, солт-тен оңт-ке қарай Қорған – Новоишим т. ж. өтеді.

Қызылжар ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде орналасқан аудан. Қызылжар ауданы 1997 жылы Бескөл және Соколов аудандарының қосылу нәтижесiнде құрылған.    Ауданның аумағы 6,15 мың км2. Аудан орталығы – Бескөл ауылы. Облыс орталығымен аралығы 12 километр. Ауданда 20 ауылдық округ, 72 ауылдық елдi мекен бар.           Қызылжар ауданы қалаға жақын, негiзiнен Есiл өзенiнiң бойында орналасқан. Оңтүстiгiнде Есiл және М. Жұмабаев, шығысында Аққайың, батысында Мамлют аудандарымен және солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Түмен облысымен шектеседi.          Аудан негiзiнен орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Жер бедері жота-жонды, бел-бұйратты, тоғайлы-ойпаңды, жазық жерлер мен Есіл-Тобыл және Есіл-Ертіс өзендері аралықтарындағы Батыс Сібір жазығының көл шұңқырлары да жатады. Аудан аумағының бүкіл меридиандық бағытымен жайылмасында ескі арналары мен шығанақ-қойнауы мол Есіл өзені ағып жатыр. Оның аудан аумағындағы ұзындығы 166 км. Өзеннің кең аңғары шөптесінге бай, мұнда бетеге, боз, бидайық, сұлыбас, қалуен, жусан және басқа да азықтық, емдік шөп өседі. Ауданның аумағының 18%-ын орман қамтыған. Кейбір жер телімдерінде «Қазақстан Қызыл кітабына» енгізілген байырғы геологиялық дәуірдің реликті өсімдіктері сақталған. Ағаштан қайың, көктерек, сібір үйеңкісі, терек өседі. Бұталары: тал, итмұрын, шие, т.б. Жеуге жарамды саңырауқұлақ, жидектер бар. Хайуанаттар әлемі – бұлан, елік, қабан, қасқыр, түлкі, қоян, ондатра, т.б. Құстары: аққу, қаз, үйрек, бүркіт, тектестер, т.б. Өзен-көлдерінде шабақ, табан, алабұға, шортан, лақа, шаян өседі. «Қызыл кітапқа» ақ тышқан, елік, борсық, өсімдіктен – Шолпанкебіс, бұйра лалагүл, саз қазанағы, көктем жанаргүлі, ақ-тұңғиық, кәдімгі арша енгізілген. Ауданда Долматов ауылдық округінде Согров табиғи қорықшасы, Березовте – «Серебряный бор» орманы, т.б. республикалық деңгейдегі мемлекеттік табиғат ескерткіштері орналасқан.    2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 49,3 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 8,0 адам. Қызылжар ауданының халқы көпұлтты, басым бөлігін қазақстар мен орыстар құрайды. Олардан басқа немістер, украиндар, беларустер, татарлар, т.б. ұлт өкілдері бар. Ірі елді мекендері: Бескөл, Соколов, Архангел, Новокамен, Новоникол, Рассвет, Якорь, Боголюбов, Петерфельд, т.б.

Мамлют ауданы - Солтүстiк Қазақстан облысының солтүстiк-батысында орналасқан, 1932 құрылды.         Аудан аймағы 4,10 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 25,1 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 6,1 адам. Батысында Жамбыл ауданымен, солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығысында және оңтүстiк-шығысында Қызылжар ауданымен, оңтүстiгiнде Есiл ауданымен шектесiп жатыр. Аудан орталығы Мамлютка қаласы, облыс орталығына дейiнгi қашықтық 41 километр. Ауданда - 11 ауылдық округ, 43 ауылдық елдi мекен бар. Мамлют ауданы Батыс Сібір ойпатының оңт-ндегі Есіл жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда жер бедері негізінен жазық. Тек оңт.-батыс жағы көл қазаншұңқырларының көптігіне байланысты ойлы-қырлы болып келеді. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың орташа ауа темп-расы — 18°С, аса суық күндері –50°С-қа дейін төмендейді. Жазы қоңыржай, ыстық, шілдедегі орташа ауа темп-расы 19°С, кейде 40 — 41°С-қа дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 300 мм. Мұнда 500-ге жуық көл бар, олардың 14-і ғана тұзды, қалғандары тұщы сулы. Жер қыртысы қара топырақты. Ауданның солт. жағын ормандар, оңт.-батысын астық тұқымдас шөптер жиі өсетін шоқ орманды дала белдемі алып жатыр. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, бұлғын, күзен, ақтышқан, ондатр, дала тышқандары, тұяқтылардан бұлан және елік, көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, көл жағалай қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, ормандарда бүркіт, ителгі, кезқұйрық, қаршыға, т.б. мекендейді. Аудан өсiмдiктерi бiркелкi емес: дала, дала-шалғынды, орманды болып келедi. Топырақтың негiзгi түр қара топырақты.       Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 219 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 3 - iрi, 17 - орта, 199 - шағын кәсiпорындар. Олардан 93 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 125 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Аудан облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 3,9%-ын өндiрген (9 338,7 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 1 370,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 2,0%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 108,0% құрайды.

Ғабит Мүсiрепов ауданы - Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстік-батысында Есiл жазығында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1969 жылы құрылды.             Аудан аймағы 11,1 мың км2. 2010 жылғы 1 қаңтарға ауданның халқының саны 48,2 мың адамды құрады. Ха-лықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 4,3 адам. 1997 жылы Целинный ауданына үш аудан қосылды, ал 2002 жылы ол 1170абит Мүсiрепов ауданы болып қайта аталды. Аудан орталығы - Новоишимка кентi, облыс орталығынан қашықтығы 270 километр. Ауданда 19 ауылдық округ, 68 ауылдық елдi мекен бар.       Аудан дала және орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты. Аудан аумағында (Есіл (ұзындығы 130 километр), Шырақ, Ақан-Бұрлық, Битүк, Шанақсай) өзендер және екi үлкен (Қалмакөл - 1258 га, Ұлыкөл - 1640 га) көл бар.        Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 383 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 9 - iрi, 48 - орта, 326 - шағын кәсiпорын. Олардан 150 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 231 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 13,7%-ы өндiрiлген (32 742,1 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 5 918,1 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 8,6%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 110,7% құрайды.

Тайынша ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының ауданы. Ауданның аумағы 11,43 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 56,6 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 5,0 адам. Аудан орталығы - Тайынша қаласы. Облыс орталығымен аралығы 150 километр.             Аудан орталығында 20 ауылдық округ, 90 ауылдық елдi мекен бар. Аудан негiзiнен дала зонасында орналасқан, ал оңтүстiгi және оңтүстiк-шығысы орманды дала зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты.             Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 475 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 8 - iрi, 60 - орта, 407 - шағын кәсiпорындар. Олардан 171 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 302 - жеке меншiк, 2 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 13,5%-ы (32 237,5 млн.теңге) өндiрiлген. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 6 355,0 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 9,3%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 123,0% құрайды.

Тимирязев ауданы- Солтүстік Қазақстан облысының ауданы. Облыстың оңтүстiк-батыс бөлігінде орналасқан, 1963 жылы құрылды.   Аудан аймағы 4,51 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 17,1 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 3,8 адам.           Климаты тым континенттік. Қаңтардағы аураның орташа температурасы –18°С, шілдеде 20°С. Аудан орталығы - Тимирязев селосы, облыс орталығымен аралығы 236 километр. Ауданда - 16 ауылдық округ, 25 ауылдық елдi мекен бар.             Аудан орман зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақ. Аудан аумағында 10 көл бар, олардың көлемi 85,5 м2. Москворецкий селолық округiнiң аумағында аудандағы ең үлкен көл "Как" көлi (37,5 м2) орналасқан. Жалпы білім беретін 26 мектеп, 1 кәсіптік-тех. мектеп, 9 клуб, 22 кітапхана бар. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 190 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 10 - орта, 179 - шағын кәсiпорындар. Олардан 97 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 93 - жеке меншiк нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,2%-ы өндiрiлген (12 499,1 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 512,8 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,7%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 101,9% құрайды.

Уәлиханов ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының ауданы. Уәлиханов ауданы 1928 жылы Қызылту ауданының негiзiнде құрылған. Аудан аймағы 12,88 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 23,2 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 1,8 адам. Әкiмшiлiк орталығы Кiшкенекөл кентi, облыс орталығы Петропавл қаласына дейiнгi қашықтық 340 километр.         Ауданда - 11 ауылдық округ, 33 ауылдық елдi мекен бар. Аудан Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк-шығысында орналасқан. Солтүстiгi мен солтүстiк-шығысында Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығысында Павлодар облысымен, оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығысында Ақмола облысымен, батысында Ақжар ауданымен шектесiп жатыр.       Аудан аумағы орманды дала зонасында орналасқан. Аудан аумағының топырағының бедерi негiзiнен әдеттегi оңтүстiктiң қара топырағы болып келедi. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 192 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 2 - iрi, 12 - орта, 178 - шағын кәсiпорындар. Олардан 89 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 103 - жеке меншiк нысанына жатады.  Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,3%-ы өндiрiлген (12 612,2 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 139,7 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,2%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 135,3% құрайды.

Шал ақын ауданы - Солтүстік Қазақстан облысының ауданы. 1928 жылы Шал ақын ауданының қазiргi аумағында Рыков және Төңкерiс аудандары құрылды. 1930 жылы Төңкерiс ауданына жартылай таратылған Рыков ауданы қосылды. 1940 жылы аудан аты Октябрьский болып ауыстырылды, ал 1963 жылы Сергеев және 1999 жылғы 15 желтоқсанда Шал ақын ауданы болып қайта аталды. Ауданның әкiмшiлiк орталығы Сергеевка қаласы.    Аудан аймағы 4,84 мың шаршы километр. 2010 жылғы 1 қаңтарға халқының саны 26,3 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы (бiр шаршы километрге) 5,4 адам. Ауданда - 12 ауылдық округ, 43 ауылдық елдi мекен бар. Облыс орталығы Петропавл қаласынан аудан шекарасына дейiн 138 километр, ал Сергеевка қаласына дейiн 174 километр. Солтүстiк аумағы - Жамбыл, батысы - Есiл, шығысы - Тимирязев, ал оңтүстiгiнен Айыртау және 1170.Мүсiрепов аудандарымен шектесiп жатыр. Ауданның аумағы арқылы Есiл өзенi ағып өтедi, оның бойында Сергеев су қоймасы орналасқан. Аудан аумағы орманды дала зонасында орналасқан, ол өзiнiң әр түрлi шөптерiмен және шала құрғатылған тегiс жазығымен әйгiлi.        Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақты болып келедi және шалғынды қара топырақты қабат та кеңiнен орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлары

 

Солтүстік Қазақстан  облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

 

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды. Ол кезде ол Керуенді көшесіндегі кішігірім үйде болды. 1968 жылы қазіргі атауы Конституция көшесінде орналасты. А.М. Чудовтың басшылығымен Қарағанды мен Целиноград суретшілерінің тобымен, өз кезінде Туби Лейбович Аркель көпестікі болған, 2 этажды оңаша үйге қайта жоспарлау және реканструкциялау жүргізілді. Жұмысқа әйгілі ғалымдар тартылды. 1949-50 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының 1-ші археологиялық картасын құрастырған көрнекті тарихшы - Евгения Тарленің шәкірті Александр Семеновтың СССР ғылым Академиясының археология ғылымының ғылыми сектор меңгерушісі, мұражайдың аға ғылыми қызметкері болды. Ол көптеген тарихшы-өлкетанушылар пайдаланған Петропавл туралы кітабының авторы. 1949-1951 жылдары Антонас Пошка есімді литва антропологы жұмыс істеді. Ол аймақтың табиғатын тануға үлкен үлес қосты. Қазіргі уақытта кешен Қазақстанның ең жақсы мұражайларының бірі болып табылады. Оның қорында 135 мыңнан астам экспонат сақталған. Солтүстік Қазақстан облысының табиғатымен, археологтардың тапқандарымен, переселендердің тұрмысымен танысуға болады және әр түрлі тарихи дәуірлеріне жататын залдарды тамашалауға болады

Мұражай 19 ғасырдың соңында  салынған сәулет өнерінің ескерткіштері  болып есептелетін бірнеше ғимараттарда орналасқан. Мұражайдың негізгі ғимараты бұрынғы саудагер Т. Л. Аркельдің  үйінде орналасқан, мұражайдың әкімшілігі, қор сақтау жері және кітапханасы  Стрелов көпестің бұрынғы дүкендері  мен қоймаларында орналасқан.

Мұражайда 2004–2005 жылдары  қазіргі дизайнға сәйкес қайта құру жұмыстары жүргізілді. Мұражайдың көлемі — 2400 шаршы метр, оның ішінде экспозициялығы — 2000 шаршы метр. Экспозиция 13 залда  орналасқан және жалпы тарихтық кезеңдер ескеріліп, көне кезден қазіргі кезге  дейін көрсетілген.

Мұражай кешенінің жөндеу жұмыстары Алматы қ. «Казреставрация» РМК, бастығы Тұяқбаев Қанат Қымызұлы жүргізді. Көркемдеу жұмыстарын Астана қ. «Дара» ЖШС, бастығы Жансүгіров Алмас  Дүзелханұлы жүргізді. Мұражай қайта  жасаудан кейін 2005 жылдың 27 қарашасында  ашылды.

Мұражайға келушілер Солтүстік  Қазақстанның археологиялық зерттеулерінің материалдарымен, өлкеміздің көне тарихы бойынша тамаша жәдігерлерімен таныса алады. Қазақ халқының этнографиясы және қазақ мемлекеттілігінің құрылу тарихы кеңінен көрсетілген. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары кезіндегі  дамуын көрсететін экспозиция біраз  жерді алған. Ол 3 залдан тұрады: «Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында», «Солтүстік Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында», «Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары». Құжаттардың, фотоматериалдардың негізінде  дамып келе жатқан экономика, қоғамды  демократияландыру, халықаралық қарым-қатынасы көрсетілген.

Мұражай қорында 350 мың жәдігер  бар. Мұражай өзінің топтамаларын экспедициялар  арқылы, басқа мұражайлармен айырбастау арқылы, қалалықтардың көмегі арқылы толықтырды. Мұражай мұражайлық топтамаларды өндеу бойынша әдіснаманы жетілдіру  үшін «Музеолог» бағдарламасын алды.

2006 жылдың 6 қыркүйегінде  мұражайға Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев келді,  ол Қазақстан облыстары мұражайларының  ішінде ең жақсы мұражай екенін  айтып жоғары баға берді. Ашылғаннан  кейін мұражайға Қазақстанның, Ресейден, Үндістаннан, Польшадан, Германиядан  мәртебелі қонақтар келді.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде шолу және тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі. Мектеп оқушыларына, студенттерге арналған бағдарламалар дайындалған, оның құрамында  әр түрлі іс-шаралар бар:

  • «Өткенге жолдар» жобасы бай археологиялық топтамалардың негізінде өлкеміздің көне тарихын насихаттау міндеттерін шешеді.
  • «Туған табиғаттың тазалығы үшін» жобасы туған табиғат туралы тереңдете білу, оған сақтықпен қарауды шешеді.
  • «Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті» жобасы қазақ мәдениетінің бай мұрасын зерттеуді шешеді.
  • «Мәңгілікке қадам басқан» жобасы Ұлы Отан соғысы туралы әңгімелейді және патриоттық сезімге баулиды, 20 ғасырдың соғыстарын, ядерлік қару сынақтары туралы айтады.
  • «Халық күнтізбесінің мерекелері» жобасы әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен таныстырады, әр түрлі этностардың мәдениетіне құрметпен қарауға баулиды.
Солтүстік Қазақтан Мұражайлары