Сот әділдігі
Сот әділдігі – ел дамуының тұғыры
19.11.2009 09:18 Сот халықтың ар-ожданы, олардың құқықтары мен бостандықтарының әділ түрде қорғалуының кепілі. Соттарқызметінің тиімділігі мен олар шығаратын шешімдердің заңдылықтарға сай болуы және мүлтіксіз орындалуы кезкелген мемлекеттің демократиялық негізі. Кеше Астанада ашылған Қазақстан судьяларының бесінші съезі осытұрғыдағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Ел көлеміндегі бұл алқалы жиынға республиканың түкпір-түкпірінен 640 делегат жиналды. Шетелден келген қонақтар да аз емес. Олардың арасында Судьялардыңхалықаралық ассоциациясының президенті Хосе Мария Бенто Компани, сот орындаушыларының халықаралықодағының бірінші хатшысы Матье Шардон, Ресей федерациясы Жоғарғы сотының төрағасы Вячеслав Лебедев жәнеҚырғыз, Әзірбайжан, Грузиядан келген өкілдер бар. Съезд жұмысына, сонымен қатар, республикамыздыңмемлекеттік орталық пен құқық қорғау органдарының басшылары, заңгерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты.
Съезді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ашты.
Жыл сайын өзінің халыққа арнайтын жолдауында айтып жүргендей ол, бұл жиында да елдегі әділ сот төрелігіне қол жеткізудің Қазақстандағы жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалардың жемісті болуының бірден бір кепілі екенін атап көрсетті. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күндерден бастап, құқықтық жүйенің кәсіби, әрі адал қызметін жолға қоюда аз жұмыс істелген жоқ. Ең бастысы, соттар мен судьялар қағаз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл оларды тікелей Мемлекет басшысының өзі тағайындауына орай орнықты. «Бұл өз кезегінде сот қызметкерлеріне атқарушы органдар мен депутаттарға алаңдамай, жұмыс істеулеріне негіз қалап отыр. Соттардың тәуелсіздігіне біздің Конституциямыз да кепіл. Ол судьяларды жауапқа тартудың күрделі де жан-жақты мүмкіндіктерін қарастырады», – деді Президент.
Сот жүйесіне бөлінген қаражат көлемі де артты. 2002 жылы оның көлемі 4,8 млрд. болса, биыл 20 млрд. 500 мың теңгеге көбейіп отыр. Соттар мен судьялардың қатары екі есеге көбейді. 2002 жылы жергілікті соттар 185, ал, судьялар 1028 болса, бүгінде соттар саны 340, судьялар саны 2433-ке жетті. Судьялар мемлекеттегі жалақысы ең жоғары мемлекеттік қызметкерлердің бірі. Биылғы жылы жергілікті соттардың жалақылары бірден 60 пайызға өсті. «Мұның не үшін жасалып отырғанын судьялар жақсы түсінеді деген ойдамын», деді Елбасы. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге де айрықша көңіл бөлінуде. «Мемлекет олардың зейнеткерлік жасын ұлғайту бойынша да тиісті шараларды жүзеге асыруына орай, судьялар 65 жасқа дейін жұмыс істей алады. Ал, қызметіне адал судья 70 жасқа дейін жұмыс істей алады. Бұл судьялар үшін өте көп мүмкіндіктер. Демек, біздің судьялар заңның үстемдігін дәлелдейтін істерді жүзеге асыруы керек», – деді Мемлекет басшысы.
Дегенмен сот жүйесінде де кемшіліктер аз емес. Елбасы өз сөзінде бүгінде әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің түйінді мәселесі ретінде сот органдарында ары таза емес азаматтар кездесіп қалатынын атап көрсетті. Сот кадрларын іріктеу талабы қатал бола тұра еліміздің сот жүйесі өзін кездейсоқ адамдардан толық қорғай алмай отыр. Жекелеген судьялардың кәсіби біліктілігі, моральдық-этикалық келбеті талап деңгейінен төмен. Шешімін күткен мәселелердің бірі – сот шараларын жеңілдету. Қадағалау құзіреті тек Жоғарғы соттың еншісінде қалып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев «Алдағы уақытта сотта қадағалау институты кеңестік кезеңнің қалдығы ретінде елдің сот өндірісінен шығып, халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес сот актілерін апелляциялық және кассациялық тәртіппен қарау жүйесіне орын беру керек», – деді. Бұл мәселе Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбековтың баяндамасында да орын алды. Ол бүгінде осы мәселе жөнінде процессуалдық заңнамаларға өзгеріс енгізілгендігін атап көрсетті.
Соттардың шешімдеріне қарап, қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады. Президент осы орайда соттардың шешімдері негізінде заңның үстемдігі орнығып, соттың азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғаудағы қабілеті көрінетінін айтты.
Мемлекет басшысы сот жүйесінің қызметі еліміздің заңдарын тұрақты түрде жетілдіріп отыру шараларымен қатар жүруі керектігін атап көрсетті. «Бұл екіжақты үдеріс болғаны дұрыс. Бір жағынан сот тәжірибесінің қорытындысы заңнамалық бастамалардың қайнар көзі болса, екінші жағынан заңда бекітілген талаптар мен процедуралар соттағы дау-дамайлардың жедел, әрі әділ шешілуін қатамасыз етуі тиіс».
Нарықтық экономиканың қатынастарына орай сот жүйесінің қамтитын қызмет ауқымы да кеңейіп, жұмыстарының мәні өзгерді. Рейдерлік пен жекеменшікке қол сұғудың және корпоративті дауларды шешу мәселелері, оның құқықтық тетіктерін жасауды қажет етіп отыр. Сондай-ақ қазір елімізде жалған кәсіпкерлік те үлкен проблемаға айналды.Оған қатысты қозғалатын сот істерінің көбеюі бизнеске де, мемлекетке де салмақ салғаны бүгінгі күннің шындығы. Сондықтан, соттарды қылмыстық, салықтық басқа да істерді қарайтын салалық соттарды кезең-кезеңімен әкімшіліктік жүйеге енгізу қажет. Мұның әлемдік тәжірибеде бар, уақыттың өзі қажет етіп отырған талап екенін атап көрсетті Елбасы.
Жаһандану жағдайында Қазақстан соттары халықаралық құқықтық кеңістікке
кірігу үстінде.
Бұл өз кезегінде өзіміздің ішкі қажеттіліктерімізді
мұқият
түрде
есепке ала отырып, әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет
етеді. Елбасы осы орайда және сот мәртебесін көтеріп, сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуде, еліміздің 2010
-2020 жылға
арналған құқықтық саясат
тұжырымдамасының бағдарламалық маңызды құжат
болатынын атап көрсетті.
Тәуелсіз сот - адам құқығының сақталуының кепілі.Жетпіс жылдан астам уақыт дәурен еткен кеңес өкіметі кезінде сот мемлекетті, қоғамды және азаматтарды түрлі қол сұғушылықтан қорғайтын және соларға қарсы күресетін орган ретінде танылып келді. Адам құқығын қорғауды бірінші орынға қоятын Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясына керісінше кеңестік заң мемлекет мүддесін алға шығаруымен бүкіл билік органдарының, оның ішінде соттың да қызметін саясиландырып ұстап тұрды. Ол кезеңде сот мемлекеттік биліктің санатына ене алған жоқ. Қазіргі ата заңымызда «Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл принципіне сәйкес жүзеге асырылады» деп бекітілген, ол кезде бұл тұжырым еліміз үшін арман ғана еді. Сондықтан, 1924 жылғы «Сот құрылысы негіздерінің» 1-ші бабында соттардың міндеттері белгіленгенде саясат иісі аңқып түрды, онда төңкеріс арқасында орныққан тәртіпті нығайту, еңбекшілер мен олардың бірлестіктерінің мүдделерін қорғау, құқықтық тәрбие беру, қоғамдық еңбек тәртібін нығайту және басқалары атап көрсетілді.
Сот құрылымы туралы 1938 жылғы Заң да, 1958 және 1980 жылдарда қабылданған «Сот құрылысының негіздері» де осынау коммунистік мұраттардан алыстап кеткен жоқ. 1989 жылғы «Сот құрылымы туралы заңдылық негіздерінде» де сот төрелігі жүзеге асырылғанда конституциялық құрылыстан бастап кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мүдделеріне дейінгі құндылықтар әртүрлі қол сұғушылықтан қорғалуы тиіс екені нақтыланды. Осы келтірілген заңдардың бірде-бірінде сот билігі, сот тәуелсіздігі туралы сөз болған жоқ. Дегенмен, тарихқа көз жүгіртсек сот тәуелсіздігін тек осы заман еншісі етіп, соңғы жылдарға шегелеуге болмайды. Айталық, ежелгі грек ойшылы, биліктің бөлінуі теориясының басшысы Ш.Монтескье құқықтық мемлекеттегі басқару құрылымын айқындаған. Ойшылдың пікірінше, заң шығарушы билік пен атқарушы биліктен жоғары тұрған сот оларға бақылау жасайтын, іс-әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығын тексеретін оқшау билік иесі болуы, ал соңғыларға оның үстінен қарау құқығы берілмеуі тиіс. Демократиялық құқықтық мемлекеттердің даму тарихы соттың биліктік міндетті құрамдас үш тармағының бірі болып қалмағанын, қайта адам құқығы мен бостандығын, ізгілік, әлеуметтік әдептілік пен заңдылық қағидаларын, демократияның өзін де қорғауда ерекше орны болғанын және бар екенін көрсетеді. Жалпыадамзаттық игі және озық мұраттарды мемлекет іргетасына негіз еткен еліміз Қазақстан Республикасында жоғары биліктің бөлінуі, тепе-теңдік жүйесінің қалыптасуы, сот саласының реформаланып, тәуелсізденуі және күшейуі 1995 жылы қабылданған Конституциядан бастау алады десек қателеспейміз. Одан бұрынғы барлық негізгі заңдарда соттың мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі екені ешбір мойындалмағандықтан, Қазақстандық Конституция мен конституциялық заңдардағыдай, сот төрелігін тек қана сот жүзеге асыратыны, судья мәртебесі нақтыланбағандықтан, соттың тәуелсіздігі мен дербестігіне кепіл беретін басқа да заң кесімдері қабылданбағандықтан, кеңестік соттың жеке адамдар арасындағы дау-дамайларды өздері шеше беретін партия мен атқарушы биліктің ықпалынан тыс тұрғандығы тек сөз жүзінде ғана болғаны жақсы мәлім. Республикамызда тоқсаныншы жылдардың ортасынан бастап сындарлы түрде жүзеге асырылып келе жатқан құқықтық реформалардың нәтижесінде сот беделі анағұрлым көтеріліп, билігі нығая түсті. Бұрын атқарушы биліктің кеңселерінің алдарын бермейтін, сонда отырғандардан мәселелерінің шешімін күтетін шағымшылар өз құқықтарын заң жолымен, сот арқылы қорғауға белсене кірісті. Құқықтардың қалпына келтірілу деңгейінің артуы соттың биліктің басқа тармақтарынан процессуалдық және материалдық жағынан тәуелсіздігінің, дербестігінің арқасында мүмкін болып отыр. 1995 жылғы Конституциядан кейін қабылданған «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Қазақстан Президентінің Жарлығы соттардың құрылымын ғана емес, әлеуметтік маңызын да түбегейлі өзгертті. Осы заңмен алғаш рет «сот билігі» термині енгізіліп, атқарушы биліктің соттарға ықпалын жою сот реформасының басты мақсаттарының бірі болып саналды.
25 желтоқсан 2000 жылы Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануымен сот жүйесін реформалаудың үшінші кезеңі басталды. Мамандандырылған соттардың ашылулары сот жүйесін жетілдірудің басты бағыты болып алынды. Соңғы жылдары елімізде мамандандырылған экономикалық, әкімшілік істер қарайтын, ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер қарайтын, ювеналдық, әскери соттар жұмыс жасауды. 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап алқа билер институты енгізілді, осы жылғы тағы да бір жаңалық бұрын прокуратура органдарының құзырында болған тұлғаларды қамауға алу, үйде қамап ұстау бұлтартпау шараларына сотпен санкция беру болды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты туралы Концепциясына сәйкес алдымызда сот өндірісінің барлық сатысын жетілдіру, судья мәртебесін көтеру, сот процестерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуді жетілдірудің күрделі жұмыстары тұр. Шетел сыншылары Қазақстан сот жүйесін жетілдіруде бұрынғы Кеңес дәуірі елдері ішінде көш ілгері алда келе жатқанын мойындап отыр. Бүгінгі күні елімізде құқықтық мемлекетке қойылатын талаптарға сай, Конституцияны бұлжытпай орындап, азаматтардың құқықтарын, еркіндіктерін, заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүктелген міндеттерді атқара алатын толық қанды сот жүйесі бар. Ал тәуелсіз сот - адам құқығының сақталуының кепілі.

- Сот биологиялық сараптама
- Сотворение Богом мира и человека
- Сот жүйесінің түсінігі мен негізгі қызметі
- Сот ісіндегі сөйлеу мәдениеті
- Сот мәжілісінің хаттамасы
- Сотовая связь
- Сотовая связь
- Состязательность в уголовном процессе
- Сосудистая недостаточность
- Сосудистая оболочка глазного яблока
- Сосудистые заболевания головного мозга
- Сосудистые заболевания ЦНС
- Сосуды и трахеиды их характеристика, особенности строения
- Сосущие инфузории