Социал-демократия. 3

Кіріспе

 

Социал-демократия – көптеген елдердiң жұмысшы және демократиялық қозғалысытарындағы үлкен әсерін тигізетін күш. Қазіргі кезде, дүние жүзінің 17 миллион халқы социал-демократиялық ұстанымдағы 80 партияда тіркелген. Бір ғасырлық тәжірибесі бар социал-демократизм идеологиясы, әлемнің түпкілікті өзгеруіне қарамастан әлеуметтік жағынан тиімді болып шықты. Осы уақыттағы басқа, көптеген саяси идеолагиялар қоғамдағы өз беделдерінен айырылып жатса, социал-демократизм идеологиясы өз ықпалын одан арман күшейткен. Бүгінгі күні социал-демократиялық идеология, орталықшы күштердің доктринасы болып табылады, бірақ бұл идеология марксизімнің ішіндегі солшыл идеология ретінде бастауын алған. Айта кететін болсақ, ешқашан бұл теорияның ортодоксалді сипаты болмағандықтан, оған әлеуметтік өзгерістермен бірге органикалық өзгеруге мүмкіндік берді. Ол теория, әртүрлі бағыттардағы саяси ойларды біріктіріп, жұмысшылардың, интеллигенцияның, кәсіпкерлердің мүддесін көрсететін идеологияны құрды. Бұл жағдай, социал-демократизм идеологиясына қызығушылықты тартады.

Көптеген адамдар үшін социал-демократия – идеологияларда, саясатта, партия ішілік құрылымдарда бірмәнді түсінік болып табылады. Бірақ социал-демократиялық партиялар 1951 жылы құрылған Социалистік интернационалдың мүшелері болып табылады. Онда, партиялар географиялық белгілер бойынша да ерекшеленеді,  өйткені қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері әртүрлі мемлекеттердің мүдделерін ұсынады.

Әрине, социал-демократиялық  қозғалыстың арқа сүйер біртұтас құндылықтарын атап кетуге болады: бостандық, әлеуметтік әділеттілік  және ынтымақтастық. Партиялардың социал-демократиялық  белгілерін бөлуге болады. Біріншіден, олардың идейялық жиынтығы – демократиялық социализмге бағытталған, және оны тек идеал ретінде ғана түсінбей, қоғам өзгерісінің ұсақ процессі ретінде түсіну керек. Екіншіден, кәсіподақ қозғалысындағы әртүрлі жалдамалы жұмысшылармен тұрақты байланыстың болуы.Үшіншіден, әртүрлі мәселелерді шешу үшін, саяси консенсусті іздестіруі.

Әйтеуiр, төртiншiден, әлеуметтiк-экономикалық мәселелердiң шешiмiнде, басымдылықты жұмысшылардың әлеуметтік қорғанысы алады.

Тек социал-демократияның  мойнына ілінетін көптеген сұрақтар( нарық сұрақтары, бағаның құрылуы, салықтық саясат, экономиканы мемлекттік қадағалауы, экологиялық саясат және т.б) тек белгілі бір партияның  бағытымен ғана қарастырылады.Әрине, ол партия Социнтердің мүшесі. Қазіргі кезде мұндай жағдайларда да кездеседі, кейбір мемлекеттерде реформаларды социал-демократтар өткізсе, басқа бір елдерде олардың саяси қарсыластары өткізеді.

Жоғарыда айтылғаннан, мынадай  қорытынды шығаруға болады: социал-демократияның  үлгісі – қарапайымдалған түсінік болып табылады. Социал-демократиялық партиялардың саясаты қандай да бір өнегеге бағытталмаған, осы жерде оның күшін де байқауға болады, өйткені олардың саясты нақты мемлекеттердің әлеуметтік-саяси ерекшеліктері мен экономикалық дамуына бағытталған. Конгрессте социал-демократтар өздерінің негізгі біртұтас қозғалыс идеологиясынан бас тартты және Социнтернде соғысқа дейнгі кейбір шарттарды орындамауға бас бұрды. Өйтекені, әр партия жеке-дара шешім қабылдай алады және тек өз мүшелері мен сайлаушыларының алдында ғана жауапты болады, ол Социнтернді ұйымдық тұрақтылықпен қамтамасыз етеді. Енді « демократиялық социализм» тұжырымдамасы бостандыққа, әлеуметтік әділеттікке және ынтымақтастыққа негізделетін болса, ал социал-демократтар коммунисттер сияқты әлеуметтік мақсатқа экономикалық детерминизм жақтан қарамай, олар кезкелген теорияның қабілеттілік мүмкіндіктері шектеулі болады деп жорамалдайды, осыдан нақты жағдайларда кезкелген теория әрдайым түзетуді, нақтылауды қажет етеді. Осыған байланысты қазір де социал-демократтар әртүрлі елдерде көптеген қолдаушылары бар үлкен күш ретінде танылады. Қазіргі тарих, жаңа демократияның саяси және идеологиялық таңдауында, социал-демократиялық тәжірибеге сүйенетінін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социнтерн партиялары

 

Социалистік-демократиялық  қозғалыстың пайда болғанына  бір ғасыр болды. Бұл қозғалыс ХІХ ғасырдың соңында Батыс Еуропада ең алғашқы бастауын алды. Социал-демократияның орнығуына ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы батыс еуропа елдерінің қуатты индустриялды дамулары себепкер болды, осыған орай жалдамалы жұмысшылардың қатарлары күрт өсті. Қажеттілік, жұмысшылардың алдында өзінің шартын қойды, ол кәсіпкерлердің алдында өз кұқықтарын қорғау еді. Негізінен кәсіподақ арқылы, саяси ортада олардың құқықтары үшін парламентте күресетін саяси партиялар арқылы жүзеге асады. Әдетте, партияларды құруға кәсіподақтар ынталанатын. Осыған орай, олар осы партиялардың ұжымдық мүшелері ретінде қалыптасты. Осыдан, пайда болған өзіндік лейбористік модель – партия басшылары мен депутаттарын кәсіподақ қызметімен тікелей араластырып, байланыстыратын модель. Осындай модель 1900 жылы Ұлыбританияда бастауын алды, британ кәсіподақтары мен біршама социалистік ұйымдардың ынталануымен, осы жұмысшылардың атынан шығатын жұмысшының, парламентке сайлануын жүзеге асыру үшін, Ұлыбритания Лейбористтік Партиясы құрылды. Бір жылдай уақытта, партия құрамында 1 миллионнан астам адам тіркелді, олардың көбісі кәсіподақ мүшелері. 1906 жылы сайлауда, бірлестік палатасына, 54 лейборист сайланды. Осыдан кейін бұл модель ағылшын доминиондарына да тарап кетті. Олар Австралия, Жаңа Зеландия және Канада. Қазір де осы елдерде лейбористтік партиялар өз жұмыстарын атқарып жатыр: олар не үкіметті басқарады – Австралияның Лейбористтік Партиясы, Лейбористтік Партия ( Жаңа Зеландия),немесе өздерінің ұжымдық принциптарын емес тек атауларын өзгертіп, оппозициялық ықпалы бар күш ретінде қалады, мысалы Канадада ( Жаңа Демократиялық Партия).

Германияда жұмысшылардың  мүддесін қорғайтын партия, Англияға қарағанда еретерек пайда болды, яғни 1863 жылы. Германиядада кәсіподақ  пен партия басшыларының арасында тығыз байланыс орналасты, бірақ екі жақ та өз күштерін толығымен сақтап қалды. Осындай модель еуропалық социал-демократилықтарда кеңінен таралған, әсіресе солтүстік еуропада, яғни Скандинавияда. Бұл партиялар өздерін социал-демократиялық деп атайды, кейбір кезде, мысалы Швецияда партияға анықтама ретінде « жұмыстық » деп ,яғни кімнің құқықтарын қорғап жатқандығын білдіру үшін қойылады.

Бірқатар социал-демократиялық  бағыттағы партиялар өздерін  социалисттік деп атайды,  оны  өздерінің демократиялық социализм  идеалдарына адал екедігін көзге  көрсету үшін жасады. Оған мысал  ретінде – француз социалисттерінің партисын келтіруге болады. 1905 жылы құрылып, партияның бастақы атауы Социалистік интернационалдығы Француздық секция. Партия өзінің радикалды саяси бағдарламасымен көзге түсетін, бір аралықта коммунисттермен жақындасты, тек 1971 жылы құлдыраудың алдында тұрған партия, қайта құрылу мүмкіндігін іске асырып, атауын Француз Социалисттік Партиясына ауыстырып, өзінің бағдарламалық нұсқауларын қайтадан қарастырды. Екі рет үкімет басында болды (1981 жылы және 1988жылы). Бұл жерде айтып кететін жайт, бүгін де нақты мәселелерді шешуге бағытталған прагматиктер ( өздерін социал-демократтар деп атайды ) мен күнделікті қызметтің әсерінен демократиялық социализмнен ауытқымауды қадағалайтын теоретиктердің ( өздерін социалисттер деп атайды ) арасында айтыс-тартысты байқауға болады.

Социал-демократиялық бағыттағы  партиялардың керемет белсенділігін  Латын Америкасында байқауға болады. Оның нақты себептерін атап өтейік: біріншіден, әскери-репрессивті режим құлады ( 70-80 жж ) және саяси демократияны игеруге көшті; екіншіден, бірқатар мемлекеттердің экономикаларының қарқынды дамуы, әлеуметтік қорғауды қажет ететін жалдамалы жұмысшылар санының өсуіне әкеліп соқтырды. Латиноамерикандық социал-демократтардың еуропалықтардан айырмашылығы: ұлт-азаттық күрес кезеңіндегі үстемдік еткен радикалды көңіл олардың теорияларында, сөздерінде, партия атауларында әлі де болса бар, мысалы: солшыл революциондық қозғалыс ( Боливия), Доминикандық революциялық партия, Чилидің Радикалды партиясы және т.б.

Ал Азияттық континентте, социал-демократия тек Жапонияда  нық орнай алды. Бұл жерде социал-демократия бағытындағы тек екі партия бар: Жапонияның Социалисттік партиясы( 1945 жылы құрылды ) және демократиялық социализм  Партиясы ( 1960 жылы құрылды ). Олар мықты  оппазициялық партиялар ретінде  танылады. Олар өкімет басында болмағанымен, мемлекет өміріне тигізетін ықпалы өте зор.

Үндістан, Индонезия, оларға қоса ислам әлемінің мемлекеттері де Социнтерннің ықпалынан тыс қалды. Қиыр және Орта Шығыстың тек санаулы  мемлекеттерінде ғана ( Израиль, Ливан, Мысыр, Түркия ) социал-демократиялық  партиялардың белсенділігі байқалады. 1989 жылдың маусымында Стокгольмде өткен Социнтерн конгрессінде, бұл ұйымға консультативті мүшелер ретінде Пәкстан мен Непал социал-демократиялық партиялары қабылданды. Қазіргі тарихта, жаңа демократия, саяси және идеологиялық таңдау мүмкіндігіне ие болғандықтан, социал-демократия тәжірибесіне сүйенеді. Осыған орай бұрынғы социал-демократиялық дәстүрлері бар партиялар мен социал-демократиялық таңдауды жасаған партиялар жайлы айтып кетуге болады. Оны Африканың тәжірибесінде айқын көруге болады, себебі онда үш қана партия социал-демократиялық бағытта қызмет атқарады: Сенегалда, Маврикияда және Буркино-Фасода. Көптеген жылдар бойы Африка, жергілікті шарттарға бейімделмеген идеологиялардың сынақ полигоны ретінде болды. 1981 жылы бірқатар африкалық партиялар, Африкалық социалисттік және демократиялық интернационалға бірікті. Африкалық социалисттер, мазмұнында « негритюд » элементтері бар, африкалықтардың ортақтығын жариялайтын « үшінші жол » бағдарламасында, капитализм мен коммнунизмге қарсы альтернативаны көріп тұр. Олар социализмінің негізі ретінде ежелгі африка қауымына тән қоғамдық қатынастар, моралдық және этикалық дәстүрлер, т.б қарастырады. Африкалық социалисттердің, Батыс социал-демократтармен жақындасулары баяу жүріп жатыр ( тек ОАР-дан басқалары ).

АҚШ-тағы социал-демократияның  жағдайы қызық, ол онда мүлдем таралмаған деп айтуға болады. АҚШ-та Социнтернге  кіретін екі партия бар: Демократиялық  социалисттердің АҚШ-тағы халықтық-республикалық  партиясы ( 7 мың адам ) және АҚШ-тың  социал-демократтары ( 1 мың адаға  жуық ). Оның себебі: өз уақытында АҚШ-тың жалдамалы жұмысшылары көбінесе, мұхиттың арғы жағына өткен, кәсіпкерлік қызметте жеке жетістікке үміттенген белсенді адамдармен толықтырылатын. Американдық қоғамның индивидуализмге бағытталғандығы, ұжымдық психологияның, социалисттік қайта құрумен байланысқан қоғамдық идеалдардың қалыптасуына жағымсыз әсерін тигізді. Ал енді, 20-жылдардан кейін американдық жұмысшылардың Ресейдегі социалисттік эксперименттердің қайда апаратындығына көздері жетті ( революциядан кейінгі бірінші жылдары энтузиасттар – Кеңестік Ресейге көмек көрсету үшін жұмысшылар мен инженерлер келген ), социал-демократиялық түсіндіруде де, социалисттік идея, аз ғана қолдау тапты. Қазіргі кезде, АҚШ-тың социал-демократиялық топтарына, тек солшыл бағыттағы интеллигенцияның бір бөлігі кіреді.

Шығыс Еуропа елдерінде өкімет басында коммунисттер болғандықтан, социал-демократия болмаған сияқты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін  социал-демократиялық партияларға  не тыйым салынды немесе коммунисттік партиялармен бірігтті. Мысалы, осыған орай Германияның Социалисттік біртұтас партиясы құрылды. Шығыс Еуропа елдеріндегі, соңғы жылдары болған процесстер, әсіресе көппартиялық жүйенің құрылуы, социал-демократияның қайта өркендеуіне қабіллетті екендігін көрсетті. Айтып кетсек, күтпеген жайт ретінде постсоциалисттік Монғолияда, социалисттік-демократиялық партия құрылуын көрсетуге болады. Бұрынғы КСРО республикалары мен қазіргі Ресейде социал-демократиялық партилар құрылды. Пайда болған көппартиялы жүйеде, Ресейде социал-демократтар өз орнын алды, бірақ мемлекеттің саяси және қоғамдық өміріне одан арман ықпал ете алмады.

Көріп отырғандай, социал-демократия жүз жылға жуық таңқаларлық өміршеңдігін көрсетті. Одан бөлек, оның идеяларына, саяси тәжірибеде жаңа күштердің назар аударуы жалғасып келе жатыр. Оның себептері: жұмысшылардың мүддесін қорғайтын социал-демократтар өз тәжірибелерінде бәрінен бөлек дұрыс ойларды қолданды және теориялық қағидаларды ауыстырудан қорықпады, егер нақты жағдайларға қарсы келмесе, олардың басты қызметі қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социал-демократтардың экономикалық көзқарастары

 

 

Социал-демократтардың өздері үшін шығарған басты қорытындылардың  бірі: кәсіпкерлердің жұмыскерлерге жол беру мүмкіндігіне ие болуы,бірақ жұмыскерлердің талаптары шектен тыс шықпау керек, өйткені кәсіпкерлердің болашақ қызметке деген ынталары жоғалып, кәсіпорынның ұйымдасу қабілеті төмендеп кетуі мүмкін. Осының мәні ретінде нақты әлеуметтік әріптестікті айтуға болады. Неге кәсіпкерлер осындай жол беруге барады? Қаржыны қайдан алады ?

Социал-демократтар, пайда – тек жұмысшының төленбеген еңбек ақысының иемденуінен ғана емес, біртұтас факторлар қызметтерінің нәтижелерінен, яғни кәсіпкердің, менеджердің қызметінен қалыптасады; нарықтың конъюнктурасы ретінде өсу масштабында еңбекті сақтайтын техника мен технологияларды қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады. Әрине оны кәсіподақтар да түсініп, пайдалана бастады. Өкімет басында тұрған социал-демократтардың саяси ерекшеліктері ретінде, олардың тек салалық пен аймақтық кәсіподақтардың  мүдделерін ғана емес, бүкіл қоғамның, әлеуметтік топтардың, соның ішінде әлеуметтік қысым көрген топтардың мүдделерін және қажеттіліктерін қорғайтынын айтуға болады. Осыдан, олар көптеген жылдарын, мемлекет тарапынан реттелетін, дамыған әлеуметтік қорғалуды қалыптастыруға кетіреді. Осыған байланысты социал-демократтардың ойлары бойынша, еңбек ақының өсу қарқындылығын төмендеткенімен, салықтардың есебінен мемлекеттің әлеуметтік қорына көбірек қаржат түсіру қажет. Бұл саясат келесі салыстырулардан байқалады: Швецияда өңдеуші өнеркәсіптерде сағаттық еңбек ақы ( өкіметті социал-демократтар жарты ғасырға жуық басқарып отыр) 1987 жылы 8,83 долларды, АҚШ-та 9,94 долларды құрады. Бірақ сол жылы мемлекеттің әлеуметтік қажеттіліктері жалпы ұлттық өнімінің  Швецияда 55,8% , ал АҚШ-та 28,9% құрады. Бұл шығындар әр түрлі тармақтарға бөлінгендіктен, олар қосылған кезде біртұтас « әлеуметтік мемлекет » жүйесін құрайды. Ол жүйенің құрылуы – әлемдік өркениеттің дамуына қосқан зор үлесі болып табылады. Ең қызығы, өкімет басына социал-демократтардың орнына консервативті немесе либерал бағыттағы партиялар келгенімен, айтылып кеткен жүйе бәрібір жұмысын тоқтатпайды. « Әлеуметтік мемлекеттің » дамуы экономикалық процесстердің жанама реттеу механизмымен тығыз байланысты болады. Бұл механизмді екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, ағылшын ғалымы Дж.Кейнстің ( бұл саясат «кейнсиан» деген атауға ие болды ) тұжырымдамасына сүйеніп тұңғыш рет социал-демократтар меңгерді. Кейнсиандық реттеу әдістері 70-жылдардың ортасына дейін жақсы жұмыс істеді, бірақ мұндай реттеу саясатының мемлекеттің өсіп жатқан көлемдік шығындарымен ( әсіресе әлеуметтік қажеттіліктерге) әсерлесуі, кәсіпкерлік бастаманы баяулатады. Кейбір мемлекеттерде социал-демократтардың орнына келген консерваторлар жаңа монетаристтік нұсқаудағы экономикалық саясатты ұсынды. Дегенмен, консерваторлар жанама реттеу механизмынан біртұтас бас тарталмады, тек қолдану бағыттары мен ауқымдарын қайта қарастырды.

Айтылып кеткеннің барлығы  өткен жүзжылдықта социал-демократтар  саяси демократия жұмысшыларының әлеуметтік қорғалуы мен нарықпен қатынасу ғылымын меңгергенін растайды. Бұл социал-демократияның ерекше және басты белгісі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саяси теория және оның эволюциясы

 

 

Социал-демократтардың тағы бір ерекше белгісі: олар күнделікті жұмысшылардың мүддесін қорғағанымен, рухани игіліктерін ешқашан жоғалтпай, тек демократиялық социализм қоғамына қарай жылжыған. Социал-демократияда, қоғам дамуына байланысты түрлі қиыншылықтар пайда болып, олардың шешілуі әртүрлі жолдармен табылған теория ретінде қарастырылады. Егер социал-демократтардың теориялық платформасы шыдыққа сай келмейтініне көздері жетсе, оны дереу қайтадан қарастырады. Бұл ерекше белігіні Еуропадағы социал-демократиялық қозғалыстың тарихи даму кезеңдерінің үлгісінде қарастырып, оның ішінде қалыптасуының бірінші кезеңінде ортодоксалді болған неміс социал-демократтарының қызметін ерекше қарастырсақ болады.

Германиядағы социал-демократияның  қалыптасуына ХІХ ғасырыдың 90 жылдарында ( 1891 ж )  қабылданған Эрфурт бағдарламасы мен марксизм үлкен әсерін тигізді. Ол кезде неміс социал-демократтарының сана-сезімінде маркзимнің тамыр жайғанын тұжырымдауға болады. Марксизмнің негізін қалайтын ақиқаттар: таптық күрес қоғам дамуының  қоғаушы күші ретінде, революция буржуазиялық үстемдіктің жою әдісі ретінде, пролетариат қоғамдағы өзгерістердің авангарды ретінде, пролитариат диктатурасы жұмысшылардың билік ету формасы ретінде меңгеріп, неміс социал-демократтары оларға өткен ғасырдың аяғына дейін адал болды. Уақыт өте келе марксизм болжауының дұрыстығына партия ішінде күмәндана бастада. Оны Эдуард Бернштейн « Социализм мәселелері мен социал-демократияның міндеттері » кітабында мазмұндады (1899 жылы). Оның қорытындылары: пролетариаттың кедейленуі болмайды, демек революциялық жарылыстың болуы мүмкін емес,  орта таптағылар жоғалмайды, басқару аппараты өсіп жатады, бағаны қосу теориясы дұрыс емес, - осыдан басты қорытындыны шығарамыз, демек капитализмнің амалсыз күйреуіне әкелмейді. Осыдан, саяси демократиялық базада капиталисттік қоғамның біртіндеп рефомалануына жағдай жасалғандықтан, социал-демократтардың саяси стратегиясын қайтадан қарастыру керек. Бернштейнді ревизионист деп атап, партияның бірнеше отырысында оның пікірін айыптады. Неміс социал-демократиясының саяси бағдарындағы теориялық көзқарастары өте баяу жүзеге асады: алдымен 1918 жылғы Қараша революциясынан кейін, одан кейін фашизмның үстемдік еткен кезеңінде, әйтеуір 1951 жылы Франкфурттегі Социнтерннің бірінші конгрессінде, социализмнің тек демократиялық болу мүмкіндігі,толық айқындалып мәлімделген. Демократияның – саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік және халық-аралық қатынастар идеясы, конгрессте қабылданған барлық документтер арқылы өтеді. Франкфурт декларациясында Бернштейн социализмді тек қатып қалған модель сияқты ғана емес, саяси тәсілдердің көмегімен толықтырылып, нақты мазмұны бар және басты құндылықтары – бостандық, әділдік, ынтымақтастық болып келетін процесс ретінде қарастыруға мүмкіндік алды. Социализм таза экономикалық санаттан болмыстық санатқа айнала бастады. Егер барлық алдыңғы утопияларда, марксизмнің ғылыми зерттеулерінде бүкіл тіреу қоғамдастырылған экономика шарттарын әділ үлестірілуге бағытталса, Франкфурт деклорациясында бостандық орталық идея ретінде болды. Бірақ, бұл социал-демократияның қоғамдастырудан бас тартатынын білдірмейді. Ол қоғамның тек қажет ауқымында ғана жасалуы керек. Және қоғамдастырылған экономиканы, мемлекеттің бюрократиялық басқынушылығынан қорғап, демократиялық бақылауда болу керек.

Неміс социал-демократтарының  келесі теориялық жетістігі ретінде, 1959 жылы Бад-Годесбергте қабылданған жаңа ұстанымдар бағдарламасын қарастыруға болады. Годесберг бағдарламасында социализмнің процесс ретінде көрінісі нақтыланады: « Социализм – ол ешқашан бітпейтін міндет ». Осындада социализмнің негізгі құндылықтарның ішінде бостандық бірінші орынға қойылады. Бірақ, бұл ұстанымды басқа да саяси қозғалыстар ұстанатындықтан, социал-демократтар бостандықты әділдік пен ынтымақтастықпен тығыз байланыстырады.

Годесберг бағдарламасында  енді жеке меншік сөзсіз мойындалды. Социал-демократтар оны нарықтық бәсекелестікпен, аралас экономикамен тығыз байланыстырады және онда меншіктің басқа түрлері бірдей құқықта бола алады: қоғамдық, ұжымдық, жеке және т.б. Нарыққа қатынас мына формуламен анықталады: бәсекелестік – мүмкіндігі қанша болса, жоспарлау – мүмкіндігі сонша болу керек. Ақырында, Годесберг бағдарламасында, неміс қоғамының әлеуметтік құрылымында жылжуларды ескере отырып, социал-демократтар мынадай қорытынды жасады: біз, тек жұмысшы таптың ғана емес, бүкіл халықтың мүддесін қорғағанымен, авангардтық рөлге талаптанбаймыз.

Осындай қайта бағалау  көзқарастары басқа елдердің социал-демократиялық  партияларына да тән, әсіресе қиын кезеңдерде, яғни 50-ші, 60-шы, одан кейін 70-ші жылдары. Қабылдағыштық, өзгермелі шындықта әртүрлі мәселелерді шешуге ықпал етті: тіленген болашақтан айырмашылығы бар шынайы дүниеде қызмет ету. Ол пайда болған қиыншылықтарды азды-көпті ойдағыдай шешуге мүмкіндік беретін. Ал пайда болған қиыншылықтар аз болмады. 50-ші мен 60-шы жылдар Батыс пен Шығыстың арасындағы талас-тартыспен өтті. Социнтерннің «қырғиқабақ соғысқа» тартылуы,  өз қатарында шиеленісушілікке әкелді. Бәсеңдік рухыдағы акцияларды қарсы тұрумен қарсалды. Тек 60-шы жылдардың соңында және 70 жылдардың басында Социнтерн саяси бәсеңдікке тұжырымдама ретінде қолдау берді, келешекте де ол бейілділкті сақтады. Үйкелістердің басқа көзі ретінде, колониалды және тәуелсіз елдер халықтарының азаттық күресі болды. Сол кезде, Англияның лейбористтік үкіметі британ империясының көптеген халықтарына бостандығын берсе, француз және бельгия социалисттері колониалдық соғысқа араласып кетті. Партиялардың арасында қатты қарама-қайшылық болғандықтан, Социнтерн өзінің айқын ұстанымын алуға ие болған жоқ. Тағыда 60 жылдардың ортасында, АҚШ-тың Вьетнамға әскери шара қолдануында да Социнтерн өзінің ұстанымын бірден анықтай алмады.

60-жылдардың соңы мен  70-жылдардың ортасында, Социнтерндегі  келіспеушіліктер қарқын арта  бастады. Бұл тағы Батыс елдерінің әлеуметтік шиеленісушілктің асқынуымен қатты байланысты ( 1968 жылғы Франциядағы « Қызыл мамыр », 1969 жылғы Италиядағы « Ыстық күз » және т.б ). 1973-1974 жылдардағы экономикалық дағдарыстың болу мүмкіндігіне ешкім сенбегендіктен, ол ауыр сілкінс ретінде әсер етті. Дағдарыс социал-демократияны қапыға ұшыратып, өз қатарында бірталай келіспеушіліктерді тудырды. Социнтерің басшыларының әрекетсіздігі, белгілі топ көшбасшыларын - В. Брандты, Б. Крайскийді және У. Пальмені жұмысты өз қолдарына алуға ынталандырды. Олар өз бастамаларымен әрекет етіп, Социнтернді жаңарту үшін жолдарын іздеді.

Осындай импульстар әржақтан келе жатты. Маңызды оқиғалар Оңтүстік Еуропада орын алды.  Францияда Миттеранның жетекшілігімен Социалисттік партия қайта ұйымдастырылып коммунисттермен « Бірлескен үкіметтік бағдарламаны » (1927 ж) қабылдады. Португалияда, Испанияда, Грецияда диктаторлық режимдерге қарсы әрекеттер күшейіп, оған бұл елдердің социалисттері де қосылды. Социнтерннің кейбір партиялары оларға көмек көрсетті. Социнтеріннің қолдауына ие болған Чилидегі Халықтық бірлестік үкіметінің құлатылу оқиғасы, көп ойластыруға мәжбүрледі.

Құрылғанынан бері Социнтерн  алғаш рет өз конгресттерін үш рет өткізілу уақытынан алыстатты. 1976 жылдың қарашасында Женевадағы 13 конгресс Социнтернді қайта ұйымдастыру  мақсатымен өткізілді. Саяси жағдайлардың өзгеруі, Солтүстік-Оңтүстік келіспеушілктер сияқты ғаламдық мәселелер( Солтүстік – индустриялды дамыған елдердің қатары; Оңтүстік – үш « тропикалық континент » мемлекеттері), қаруландыру жарысы күшейіп, әсіресе ядролық қаруландыру, адам құқығынын бұзылуы әлем жұртшылығынын асқын назарын аударуы – осының барлығы Социнтерннің маңызын түсінуі үшін, одан жаңа идеялар мен бастамаларды қажет етті. Социал-демократтар өздерінің теориясы мен практикасын тек ішкі бағытында ғана емес, сыртқы саяси бағытында да қайта қарастыруға мүмкіндік алды. Бұл 70-жылдардың ортасындағы Социнтерн беделінің өсуін көрсетеді. Жаппай базасының артуы да байқалады. Осылай 1975 жылы мекеменің құрамына сайлау құқығы бар 35 партия кірді, ал 1989 жылы ол 52 партияға дейін өсті, егер консультативті мүшелерімен есептесек 77 партияға жетті. Шамамен үштен бірі басқарушы партиялар.  Социнтерн партияларына дауыс беретін сайлаушылар саны осы уақытқа дейін екі есе өсті, яғни 80 миллионнан 150 миллионға дейін.

80-ші жылдар социал-демократиялық  қоғалыс теориясы мен практикасына  көптеген жаңалықтар әкелді. 1989 жылы  социал-демократтар Берлинде жаңа  бағдарламаны қабылдады; Годесбергтегі  қабылданған барлық негізгі қағидалар  өз күшін сақтағанын атап өтті  және жаңа сұрақтардың жауабын  ұсынжы. Олардың ойынша, барлығынан  бұрын, ұстамсыз өнеркәсіптік  өсу бағытынан бас тарту керек,  себебі прогресс мағынасы қайта  қарастыруды қажет етеді. Басқа маңызды қорытынды ретінде – адамның өмір сүру ортасы сындық күйде тұрғанын қарастыруға болады. Сондықтан, осыдан кезкелген шаруашылық қызметінің экологияға тигізетін әсері қадағалануы керек. Ақпараттық-компьютерлік фазаның қоғамға енуі мен зардабы бағдарламада қарастырылады. Ол еңбектің сипатын, өмірдің бейнесін, адамдар психологиясын өзнгертетіні анық. Бұл байланыста еңбек мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Бұл жерде, тек бескүндіктегі 6 сағаттық жұмыс күні ғана емес, ең алдымен еңбек қызметіне шығармашылық сипатты енгізу керек, әртүрлі еңбектердің бірдей құндылығын мойындау керек – мысалы, өндірістік, қоғамдық және т.б. Тағы әйелдердің, қоғамда тең құқықты болуына көп көңіл бөлінеді.

Берлиндік бағдарламады ынтымақтастық  қоғам түсінігі пайда болды. Байқап кетейік, бұл тек неміс социал демократтарына ғана емес. Француз  социалисттері 1988 жылы өз үкіметінің бағдарламасында  басты назарды осы идеяға жұмылдырды. Ынтымақтастық қоғам – бұл  тармақты және сенімді жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі,  денсаулық сақтау және білім жүйесінің  жақсартылуы, жұмыссыздықпен күресуі, қоршаған ортаны қорғауы, тұрғын үй құрылысы, қызмет көрсету саласының кеңейтілуі, балаларға, жастарға, әйелдерге қамқорлық көрсетілуі, жеке және ұжымдық құқықтардың, бостандықтың және т.б дамытылуы, осының барлығы адамның өмір сүру дейгейінің жоғарлауын қамтамасыз етеді. Француз социалисттері тек материалдық деңгейді ғана айтпай, әрбір адамның және бүкіл қоғамның рухани және мәдени өмірінің дамуын айтады. Ынтымақтастық, адамға тек бір қоғамға тиісті екенін түсіндіреді, ал бұл оның интеграциясының мықты факторы болып табылады.

Француз социалисттері мен  неміс социал-демократтарының келешектегі  теориялық негізделуі осындай болып  шықты. Осындай бағыттағы Австрия  социалисттері мен шведция социал-демократтары мен билік басындағы барлық социал-демократтардың  теориялық ой дамыйды. Яғни, саяси қызмет болашақта адам қатынастарының гуманизациялануына және демократиялық социализмнің негізгі құндылықтарына, не ынтымақтастық қоғамға, не олардың өзара тығыс байланысуына сүйеніп,  әрдайым дамып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қорытындыда мынаған назар  аудару керек, социал-демократиялық  қозғалыстың даму кезеңдерінде ерекше саяси мәдениет қалыптасты. Ол реалисттікпен, дұрыс мағынамен, басқа партия өкілдерінің  қозқарастарына сабырлық танытумен, ымыраларға әуестенумен, парламенттік қызметтегі қағидалардың адал орындалуымен сипатталады. Бірақ, социал-демократия тоталитарлық режиммен ымыраны мойындамайды, өйткені ондай ымыраға бару, демократиялық идеяға қарсы келеді. Коммунисттердің тоталитарлы тұйықтанудан шығуға талпынысын және демократиялық бағытқа қарай дамуын байған социал-демократтар олармен байланысты жаңарта бастады. Мысалы, КОКП-мен жақындасу әрекеті ХХ съездден кейін басталып, бірақ 70-80 жылдары қайтадан межеленді. Екінші әрекет 1985 жылдың сәуірінен кейінгі кезеңіне жатқызылады. Социал-демократия КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінде таралады және социал-демократиялық бағыттағы партиялар жаңа саяси құрылымдарда үн береді  деген үміттер ақталмады.

Социал-демократия – ол ең алдымен адамгершілік қозғалыс.  Бүкіл өмірде, яғни саяси, әлеуметтік, экономикалық кеңістікте ең алдымен адам қатынастарының гуманизациялануын қалайтындар, біртұтас социал-демократтармен бірігеді. Сондықтан социал-демократтардың қатарында тек жұмысшылар ғана емес, басқа мамандықтар мен басқа таптың да адамдары бар. Егер де басында социал-демократия адамның ұжымдық қызығушылығына назарын аударса, ал енді қазір жеке адамның қызығушылықтары мен ниеттеріненазар аударады.

Социал-демократтар қазіргі әлемде ықпал ете алатын күш ретінде қала алама, жоқ па, оны болашақта көрерміз. Социал-демократия тарихында тек жеңістер ғана емес, адасушылық, жаңсақтық, қателіктер де болды. Социал-демократия өзінің рәмізі ретінде раушан гүлін алғанымен, бұл қозғалыстың жолы оның жапырақтарымен безендірілмегені анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Антрушин Ю.Н. Социал-демократиялық қозғалыстың қазіргі замандағы кезеңі. Журналдың атауы: Преподавание истории в школе.№2,1990
  2. Вебер А.Если без шор посмотреть...Правда № 219,1990
  3. Социал-демократияның қазіргі замандағы көшбасшылары, жалпы В.С.Рывкин редакциясымен, Халықаралық қатынастар, Мәскеу – 1991
  4. Орлов Б. Батыс социал-демократиясы: бағыттары мен құндылықтары. Диалог, 1990
  5. Швейцер В. Социал-демократия: аңыздылығы мен шындылығы. Правда № 134,1990
  6. Жамбылов Д.Ә.Социал-демократия туралы.Саясаттану кітабы,2003
  7. Ястржембский С.В. Қазіргі замандағы социал-демократия.Жаңа заманның өзекті мәселелері кітабында.Просвещение, Мәскеу – 1991

Социал-демократия. 3