Су қоймалары

                                           ЖОСПАР

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

    1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ

 

    1. Қазақстан көлдерге өте бай

 

    1. Сел және су тасқындары

 

    1. Тасқын, су басып қалу кезінде қирап бұзылуы және шайылып кетуі

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

"Қазақстан-2030" даму  стратегиясына  сәйкес ұлттық қауiпсiздік нөмiрi бiрiншi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады. Қазақстан Республикасында ТЖ заңнамаға сәйкес ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатерге жатқызылады. Соңғы онжылдық әлемде қауiптi өндiрiстердi кеңiнен пайдаланатын iрi өнеркәсiптiк аймақтардың индустриялық жедел өсуiмен, табиғи ресурстардың қарқынды игерілуiмен, урбанизациялануымен, халықтың едәуiр өсуiмен және олардың шек қойылған аумақтарға, көбiнесе қауiптi аймақтарға көп шоғырлануымен сипатталады. Мұның бәрi қоршаған ортаға түсетiн антропогендiк күштiң күрт өсуiне, экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық зардаптарға әкеп соғатын авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың туындау ықтималдылығын арттырады.

  1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ– Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылы 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен ағындысының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көл. 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.

 

  1. Қазақстан көлдерге өте бай. Мұнда Каспий , Арал теңіздері және дүние жүзі бойынша көлемі жағынан он жетінші орынды алатын Балхаш көлі сияқты ірі көлдер бар.Ауданы 1-2 мың шаршы км-ге жететін көлдерде аз емес.

Ұсақ көлдердің саны бірнеше мыңға жетеді.

Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік сипаты, әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің шұғыл ауытқып тұруы, типологиялық жағынан сан алуан түрлі болуы, және олардың көпшілігінің ағынсыз болып келуі жатады.

Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында бір қатар ерекшелктер бар.Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азайады.Мұнымен қатар олар белгілі бір аудандарда топ-топ болып орналасады. Көлдер Каспий бойы, Тұран және Батыс Сібір ойпаттарында, сондай-ақ аласа таулы орталық Қазақстан және оңтүстік шығыстағы биік таулы аймақтарда көп.Құмды және сазды шөлдерде көлдер аз.

Көл су қоймаларының пайда болуы жеке аудандарының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.Каспий бойы ойпатының көлдері теңіз түбінен таяу уақыттарда ғана босаған, көпшілігі реликт көлдер.Теңізден ертеректе босаған Тұран ойпатында реликт көлдерге неғұрлым ірі көлдер жатады.Бұл ауданның орташа және кішігірім көлдері шөлге тән су аяғы құрдымда аяқталатын өзендерден пайда болады. Үштік дәуірдің шөгінді қабаттарынан тұратын Батыс сібір ойпатының көлдері көбінк суффозиялық көлдер типіне жатады. Ұсақ шоқылы орталық Қазақстаннның көлдері шығу жағынан көбінесе тектоникалық және тектоникалық-эрозиялық болып келеді .Биік таулы аймақтарда көлдердің қазан шұңқырының пайда болуы тектоникалық процестермен және мұзықтардың әрекетімен байланысты .Сазды шөлдердің көлдері дефляциялық жолмен пайда болған.

Қазақстан көлдерінің әр жаста (әр кезеңде болуы) оның териториясының жеке аудандарының әр түрлі жаста болып келумен байланысты. Жазық аласа таулы бөліктің көлдерінің көпшілігі өзінің эвалюциялық дамуының соңғы стадиасына жеткен.Мұнымен қатар шөлдің көлдері тез тұзданып тұз байлайтын көлдерге айналады. Жергілікті халықтар оларды тұз деп атайды.Мұнан әрі бұл көлдер сорға айналады.

Орманды және дала зоналарының көлдері біртіндеп борпылдақ жыныстарымен толып, оларды өсімдік қамтауда. Олардың көпшілігі «құрудың» әр түрлі стадиасына жеткен.

Биік таулы аймақтардың көлдері даму кезеңі жөнінен жас көлдерге жатады.

Қазақстан көлдерінің су деңгейі  өте ауытқып тұрады. Деңгейінің шұғыл  өзгеретіні соншалық тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады. Көлдердің деңгейі жыл маусымдарына байланысты сондай-ақ көп жыл бойы ауытқып отырады. Деңгейінің үлкен мөлшерде ауытқуы жағалау сызықтары конфигурафиясының күшті өзгеруіне, көл аудандарының кішіреуіне, кейде көлдердің біржолата құрып кетуіне әкеліп соғады.

 Осымен байланысты өткен таяу жылдары орта Азия мен Қазақстанның зерттеушілерінің алдында Орта Азияның құрғауы жайында мәселе қойылды. Кейінгі жылдардағы зерттеулер, әсіресе Л.С.Бергтың көптеген еңбектері көл деңгейлерінің төмендеуі олардың жаппай құрып кетуге әкеліп соғатын бір беткей, төмендеуге ұшыратпайтындығын көрсетті. Кейбір көл су қоймаларын ұзақ жылдар бойы үздіксіз бақылаудың нәтижетсінде, олардың деңгейінің мезгілдік ауытқуы негізінен климаттық жағдайларының өзгеруіне әсіресе қыста түсетін атмосфералық жауын – шашынның өзгеруіне, мөлшеріне байланысты екені анықталды.

Қазан шұңқырларының пайда болуына қарай бөлінетін, қазақстандағы көл су қоймаларының типтері барынша әр-түрлі. Мынадай типтерді ажыратуға болады:

1.Риликт, немесе қалдық көлдер – алғашқы пайда болған жазықтықтарға соның ішінде Каспий бойы опатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының, Торғай қақпасының және Балқаш, Алакөл ойысының кейбір көлдері жатады. Каспий, Арал теңіздері және Балқаш, Алакөл көлдерінің тобыда кәдімгі реликт көлдері болып есептеледі.

2.Тектоникалық көлдер  – таулы аудандарға, әсіресе Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы аймағына және қазақстанның Оңтүстік шығысындағы биік-таулы аймақтарға тән.Бұл типке Зайсан, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын көлдердің тобын, Көкшетау көлдерін, атап айтқанда Бурабай тобындағы көлдерді жатқызуға болады.Орталық Қазақстанның кейбір көлдері пайда болу жағынан тектоникалық-эрозилық болып келеді.Биік таулы аймақтардың кейбір көлдері тектоникалық тоған көлдерге жатады.

3.Мұздық көлдер – биік таулы аймақтарға тән.Және ертедегі мұз басу аудандарында шоғырланған.Олар мынадай түрлерге бөлінеді:

 а) Мореналық - тоған  көлдер. Бұлар үлкен Алматы өзенінің бас жағындағы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар алатаының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзенінің басталатын жеріндегі жоғары және төменгі Жасылкөлдер т.б

 ә) Қар көлдері- өте  көп, бірақ көлемі кіші;

 б) Мұздық ткетоникалық көлдер, яғни пайда болуы жағынан аралас көлдер. Бұған Алтайдағы Марқакөлді жатқызуға болады.

4. Суффозиялық немесе жердің беткі қабатының шөгінуінен пайда болған көлдер, бұған Батыс Сібір ойпатының кішігірім көлдерінің біразы кіреді.

5. Дефляциялық көлдер- олар дефляциялық Қазан шұңқырларда болады. Оларға Үстірт дөңінің көлдері: Сам, Асмантай-Мата, және Бетпақ дала үстіртінің көлдері- Дабысынтұз т.б. жатады.

6.Аңғар – арна көлдері- олардың ішінде мыналарды бөлуге болады:

 а) Ескі арна көлдері - олар тікелей өзен жайылмаларында орналасқан;

ә) Аңғар соңы көлдері- олар сағасыз аяқталатын өзендерден пайда болады;

7. Карст көлдері- көлемі  жағынан шағын орталық Қазақстанның  кейбір аудандарында және Тянь-Шаньнің оңтүстік батысында кездеседі.

 

3. Сел және су тасқындары

Сырдария, Келес, Бадам, Арыс, Бөген, Сайрамсу өзендері облыс аумағындағы негізгі жер үсті су көздері болып табылады.  Облыста ұзындығы 10-нан 200 км құрайтын барлығы 118 кіші өзендер, 28 су қоймасы және 25 көл бар. Олар елді мекендерді сумен жабдықтау көздерінің қызметін атқарады, жер суару үшін пайдаланылады. Қарқынды шаруашылық қызметтің әсерінен су ресурстары белгілі бір дәрежеде сапалық және сандық өзгерістерге ұшырады, елді мекендер мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар маңындағы өзен сулары жайылған жерлердің санитарлық ахуалы нашарлап кетті, ал күзгі-көктемгі тасқын кезінде бұл өзендер бейбіт тұрғындар үшін қатер тудырады.  Өйткені, барлық өзендер таулы жерден бастау алады және олардың жылдамдығы жаңбыр немесе еріген қар суы ағынымен толасқан кезде күшейе түсіп, жылдан жылға жол-жөнекей өзен жағаларын шайып, үйлер мен өзге де нысандарды зақымдауда. 

Толассыз жауған жаңбыр, тауда еріген мұз суларынан болатын көктемгі тасқын нәтижесінде Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Арыс, Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласының аумағында 143,7 мың тұрғыны бар, көлемі 16,7 ш. км. құрайтын су басып қалатын аймақтар пайда болуы мүмкін. Тасқын және су басып қалудың ең ықтимал кезені 20 наурыздан 20 маусымға дейінгі аралықты қамтиды.

Көктемгі тасқын ғимараттардың, жолдар мен көпірлердің қиратылып зақымдануына, бірқатар аудандарды энергия қуатымен жабдықтаудың бұзылуына, басқару байланысы мен хабарлау жүйелерінің ішінара істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Тасқын, су тасқындары мен  су басып қалуға әкеп соқтыруға бейім өзендер мен су қоймалары:

- Арыс өзені, Ақсу өзені, Келес өзені, Бадам өзені, Боралдай өзені, Сайрамсу өзені, Сырдария өзені;

- Шардара су қоймасы, Бөген су қоймасы, Бадам су қоймасы, Косқорған су қоймасы, Қапшағай су қоймасы.

Облыс аумағында 5 ірі сі қоймасы салынған:

Шардара су қоймасы. Су басып қалуы ықтимал көлемі 16000 ш. км. құрайды. Бөгеттен су тасыған жағдайда облыстың үш ауданы Шардара, Арыс және Отырар аудандарының 70973 тұрғыны бар елді мекендері апатты су басып қалу аймағында қалып қояды.

Бөген су қоймасы. Су басып қалуы ықтимал көлемі 400 ш. км. құрайды. Су басып қалу ықтимал аймақта 3,2 мың тұрғыны бар 5 елді мекен қалып қояды, оның ішінде: Сайрам аудандарының Жұлдыз, Маятас, Бадам-2, Қарабастау аудандары мен Шымкент қаласының бір бөлігі – Чапаевка поселкесі, «ПК ЮПМ» АҚ, МЖК аумағының бөлігін су басады.

Қапшағай су қоймасы. Су басып қалуы ықтимал көлемі 400 ш. км. құрайды. Су басып қалу ықтимал аймаққа Бәйдібек ауданының 1610 тұрғыны бар Қазата елді мекені кіреді.

Косқорған су қоймасы. Су басып қалуы ықтимал көлемі 180 ш. км. құрайды.  Су басып қалу ықтимал аймаққа Түркістан қаласының 2,2 мың тұрғыны бар Оранғай елді мекені кіреді.

Сырдария өзенінің тасу себебі – қыс мезгілінде температураның минус 20-30 градусқа дейін кенет төмендеп кетуінен өзен айдыны қалыңдығы 20-30 см дейін мұз басып, қатып қалады. Су қоймасынан 800-900 м3/сек. дейін су жіберу қарқыны ұлғайтылған кезде су мұз үстінен ағып, жағалардың төмен жерлерінде жаға бөгеттерінен асып кетеді. Сондай-ақ мұздың кептелуінің тағы бір себебі – мұз басқан айдынның біркелкі емес күйде жарылып, соңынан қабыршақ мұздардың пайда болуы. Олар өзен арнасының бағыты өзгерген кезде шиырланып, көпір аралығында мұздың кептеліп қалуына әкеп соқтырады.

Мұндай жағдайларды жою үшін:

- қордаланған мұзды жару  жұмыстарын жүргізу қажет, сондай-ақ  соның көмегімен уақытша пайда болған арнаның бұзылған жері арқылы жақын маңайдағы екі іргелес жатқан мұздақтар бірігеді. Нәтижесінде кептелісте жинақталған су ағыны бұрып жіберіледі;

- Сырдария өзені арнасының бойында орналасқан қорғау бөгеттерін қалпына келтіру жұмысын жүргізу, су басып қалу қаупін жою үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажет етіледі;

 Арнаны түзеу және жағаны күшейту жұмыстарын кезекті күзгі-көктемгі су тасқыны кезінде жүргізбестен, тасқын болатын кезеңге жыл сайын дайындалу қажет. Өйткені, тасқын сулар жағаны шайып, автожолдарды басып, көпірлерді зақымдап, жақын маңайда орналасқан тұрғын үйлерді басып қалу қаупін төндіреді, сондай-ақ қомақты материалдық залалға әкеп соқтырады.

4. Тасқын, су басып қалу кезінде қирап бұзылуы және шайылып кетуі ықтимал автомобиль және темір жолдар мен көпірлер:

Ұзындығы 20 км республикалық  маңызы бар автожолдар, олар – М-39 Алматы – Ташкент – Термез автожолы, 612-632 км, көпірлер – 5 бірлік.

Ұзындығы 33 км жергілікті маңызы бар автожолдар:

Түркістан ауданы -  Р-310 Кентау-Түркістан-Төрткүл 123-128 км, ОК-84;

Отырар ауданы  -    Ок-10 Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм 11-13 км, Ок-12

Шәуілдір-Ақдән 15-16 км;

Төлеби ауданы – ОК-82 «Біркөлік» санаторийіне кірер жол 4-6 км, Блинков-Төнкеріс 22-25 км, «Южная» турбазасына кірер жол 10-12 км;

Созақ ауданы -    ОК-2 Бірлік-Екпінді 412-416 км,560-567 км,Тараз-Ақкөл-Кентау 206-210 км. Көпірлер - 23 бірлік.

Ұзындығы 6,2 км темір жолдар: Парк жол айрығы 3216 км. (500 м.)

Арыс ауданы - стансаның Түлкібас солтүстік қылтасы (300 м); Түлкібас ауданы – Күншағыр – Отрабат  стансаларының екі аралығы (перегоны), 5 км; Түркістан қаласы, Тағансай-Шағыр (400 м.) аралық тармағы, Арыс-Ташкент. Көпірлер - 5 бірлік.

Облыста сейсмикалық қауіпті 47 учаске анықтаталған.

Облыс аумағында сел тасқындары негізінен Бадам, Дөнқұзтау, Сайрамсу, Машатсу, Ақсу, Балдыбрек, Өгем және Жабағлысу өзендерінде байқалуда.

Көшкін қаупі бар қозғалыстар  түрлі сипатта – қатты нәрселердің жылжуынан бастап тұтқыр сұйық заттардың ағысына дейін болуы мүмкін. Көшкін қозғалысының нәтижелік түрі көшкін немесе көшкінді ағын болып табылады.

Көшкіннің дамуы геологиялық (жер бедерінің қуаты, оның  шағы мен генезисі), гидрометеорологиялық жағдайларға (атмосфералық жауын-шашын, жердің қатты ылғалдылығы, судың жер үстінен ағуы) тікелей байланысты.

Таулы аудандарды көп мақсатты қарқынмен игеру барысында беткейлердің табиғи жағдайының бұзылуы, ең әуелі, олардың іргесінің суландыру каналдарын, суармалы жерлер мен өзге де тораптық тұрпаттағы құрылыстарды пайдалану кезінде шайылып бұзылуымен байланысты. Сайып келгенде, мұның барлығы көптеген беткейлердің беріктігін төмендетіп, олардың опырылып бұзылу ықтималын арттырады.

Қазығұрт, Төлеби және Түлкібас аудандарының аумағында көшкін қауіпті 13 телім, онда 850 адам тұрады, 150 үй, 1 мектеп, 1 демалыс үйі орналасқан.

 

Қорытынды

Облыс аумағында 5 ірі сі қоймасы салынған:

Шардара су қоймасы. Су басып  қалуы ықтимал көлемі 16000 ш. км. құрайды. Бөгеттен су тасыған жағдайда облыстың үш ауданы Шардара, Арыс және Отырар аудандарының 70973 тұрғыны бар елді мекендері  апатты су басып қалу аймағында қалып  қояды.

Бөген су қоймасы. Су басып  қалуы ықтимал көлемі 400 ш. км. құрайды. Су басып қалу ықтимал аймақта 3,2 мың тұрғыны бар 5 елді мекен қалып  қояды, оның ішінде: Сайрам аудандарының Жұлдыз, Маятас, Бадам-2, Қарабастау аудандары  мен Шымкент қаласының бір  бөлігі – Чапаевка поселкесі, «ПК  ЮПМ» АҚ, МЖК аумағының бөлігін  су басады.

Қапшағай су қоймасы. Су басып  қалуы ықтимал көлемі 400 ш. км. құрайды. Су басып қалу ықтимал аймаққа  Бәйдібек ауданының 1610 тұрғыны бар  Қазата елді мекені кіреді.

Косқорған су қоймасы. Су басып қалуы ықтимал көлемі 180 ш. км. құрайды.  Су басып қалу ықтимал аймаққа Түркістан қаласының 2,2 мың тұрғыны бар Оранғай елді мекені кіреді.


Су қоймалары