Сумен қамтамасыз ету көзінің жіктелуі

 

Бағалау шарттары:

 

Орындау шарттары

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Безендіру

     

2

Жоспар

     

3

Иллюстрациялық материал

     

4

Маңыздылығы

     

5

Мазмұны

     

6

Ұйғарым\қорытынды

     

7

Әдебиеттер

     

8

СӨЖ уақытына сәйкес мерзімінде тапсыру

     
 

Барлығы

 

 

0-0,1           шарты орындалмаған

0,2-0,3        шарты ескертулермен орындалды

0,4-0,5        шарты орындалды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 [13:28:03]  Bi Найдено 1% совпадений по адресу: http://www.kk.encyclopedia.kz/index.php?title=%D0%A2%D0%B0%D0%B1%D0%B8%D2%93%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D1%81%D1%83_%D0%B0%D0%B9%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%BC%D1%8B

[13:28:08]  Ra Найдено 1% совпадений по адресу: http://magister.kz/referat/show/15617/65/4

[13:29:17]  Qi Найдено 9% совпадений по адресу: http://mapyourinfo.com/wiki/kk.wikipedia.org/%D0%A1%D1%83%D0%B4%D1%8B%D2%A3%20%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%96%D0%B3%D1%96/(Сохраненная копия)

[13:30:15]  Qi Найдено 1% совпадений по адресу: http://turboreferat.ru/chemistry/lekcii-po-himii/175670-879672-page1.html

[13:30:15]  Bi Найдено 1% совпадений по адресу: http://kaz.docdat.com/docs/index-68852.html

[13:32:26]  Go Найдено 1% совпадений по адресу: http://malimetter.kz/sudy-korgau-zhane-pajdalanuga-kojylatyn-talap/

[13:32:38]       Возникла ошибка при загрузке страницы из запроса №30-2 (21031 миллисек.):

[13:33:23] Уникальность текста 86%  (Проигнорировано подстановок: 0%)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РКМК «МАРАТ ОСПАНОВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»

 

 

                       СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

 

 

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау

Пәні: Қоршаған орта және халық денсаулығының өзара байланысын бағалау және зерттеу әдістері 

Кафедра: Жалпы гигиена

Тақырыбы: Сумен қамтамасыз ету көзінің жіктелуі.

Орындау тәртібі:  Мәнжазба

 

 

 

 

                                                                                    

 

 

Орындаған:

Тексерген:_________________

Тобы: 401 топ

Бағасы:_________

Қолы:__________

                          

 

 

                       

Ақтөбе  2014 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1) Сумен қамтамасыз ету

2) Сумен жабдықтау 

3) Су құбыры немесе сумен қамтамасыз ету жүйесі 

 

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Пайдаланылған әдибиеттер

         Негізгі әдебиеттер:

1. С.А.Бродский Экология. – А., 1992

2. Молдахметов З.М. Экология  негіздері. -  Қарағанды, - 2002.

3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экологиядан оқу-әдістемелік құрал. – А

4.Экология негіздері 2003ж

        Қосымша әдебиеттер:

1. Бейсенова Ә.С. Шілдебаев Ж.Б. Экология Алматы -2001

2.  Баешов А. Экология  негіздері Түркістан "Яссауи университеті" 2000

3.Б.Б. Прохоров. Экология  человека. Социально-демографические  аспекты. М., 1991.

4. Ю.Н. Спичек, В.А. Ткачев, А.Э.Кипно  «Охрана окружающей среды использование  месторождений полезно ископаемых  «Изд» «Недр» 1993.

5. Г.В.Станницкий, А.И.Родионов. Экология. Учебные пособия для ВУЗов. Санкт-Петербург, 1995

6. Эйхлер В. Яды в нашей  пище.М. 1993Одум Ю. Основы экологии  т. 12 М. 1986

7.  Сағымбаева Ғ.К. Экология  негіздері Алматы 1995

8. Сихымбаев Ә.Е. Тастанов  Е.А. Сихымбаев С.М. Кемелбекова Г.Ә. Экология негіздері және табиғатты - қорғаудың қысқаша курсы Шымкент -2003

9.Чернова Н.М. Былова А.Н. Экология. М-1988

10. Оспанова Г.С. Бозшатаева  Г.Т. Экологиядан оқу - әдістемелік құрал . А 2000

 

 

 

Кіріспе

Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.

Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.

Сумен қамтамасыз ету,сумен жабдықтау— елді мекендерді, өнеркәсіп кәсіпорындарын, көлікті және т.б. сумен қамтамасыз ету жөнінде атқарылатын әртүрлі жұмыстардың жиынтығы. Сумен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыратын инженерлік құрылыстар кешені сумен қамтамасыз ету жүйесі, немесе су кұбыры деп аталады. Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі жүйесі талықтандырылған. Олардың әрқайсысы тұтынушылардың үлкен тобын сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету мақсаты үшін жер үсті (өзен, көл, бөген, теңіз) және жер асты сулары пайдаланылады.

Сумен жабдықтау - судың әртүрлі тұтынушыларын сумен қамтамасыз ету шараларының жиынтығы.

Сумен жабдықтау жүйелері деген суды табиғи көздерінен қабылдап, оның сапасын жақсартып пайдаланатын жерлерге жеткізуге арналған инженерлік ғимараттар мен шаралардың комплексі.

Елді мекенді немесе өнеркәсіп кәсіпорынды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жер бетіндегі немесе жерасты көздерінен суды алып, оны тазалап және өңдеп тұтынушыларға уақытысында қажетті мөлшерімен жеткізуді қамтамасыз ету керек. Осы мақсатпен сумен жабдықтау жүйесіне су қабылдайтын ғимараттар, суды арынмен тазарту ғимараттарға, жинағыш резервуарлар мен тұтынушыларға жеткізетін сорғыш станциялар, тазарту ғимараттар, сақтау мен реттеуге арналған резервуарлар мен арынды су мұнаралар, суды үлестіру мен тұтыну жеріне жеткізуге арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді.

Сумен жабдықтау жүйелерін төменгі бірқатар белгілермен жіктейді.

1. Кызмет ететін объектінің  түріне байланысты айыру:

тұрғын жерді (қалаларды, поселкелерді, ауылды) сумен қамтамасыз ету жүйесі;

өндірісті сумен қамтамасыз ету жүйесі; . ауылшаруашылықты сумен қамтамасыз ету жүйесі.

2. Белгілеу бойынша айыруы:

шаруашылық және ауыз суының жүйесі; өндірістік жүйе;

өрттен сақтық жүйе.

3. Бір жүйемен бірқатар  объектілерді қамтамасыз ететін  болсақ топталған немесе аудандық  жүйелер құрады.

4. Пайдаланатын табиғи  көздерінің түріне байланысты  айыру:

жер бетіндегі көздерден су қабылдайтын жүйелер;

жер астындағы суға бейімделетін жүйелер; аралас коректену жүйелері.

Су құбыры немесе сумен қамтамасыз ету жүйесі - тұтынушыларға суды тасымалдауды, тазартуды қамтамасыз ететін инженерлік құрылыстар және шаралар комплексі.

Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардыңжарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді. Қалқымасу – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, Жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады. Грунт суы – табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын кеуекті, жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз жер асты суы. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып, кеңінен пайдаланғандықтан «құдық суы» деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 – 5 м-ден 50 – 70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі; өзен, көл, теңіз маңында, сайларда, тау-төбе, қырат бөктерлерінде тұма-бұлақ болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады. Жер бетіне біршама таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының өзгешеліктері мен табиғи өзгерістерге тәуелді болып отырады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пенжаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады. Артезиан суы – тереңде (75 – 100 м-ден астам) жатқан шөгінді (құм, құмтас, әктас) тау жыныстарында шоғырланған арынды жер асты суы. Ол өткізбейтін жыныс қабаттарының арасында жатқандықтан, арын күші едәуір болады, бұрғыланған ұңғылар арқылы жоғары көтеріліп (кейде шапшып), Жер бетіне шығады. Артезиан суының қоры, минералдылығы, химиялық құрамы, температурасы ұзақ жылдар бойы пайдалану нәтижесінде ғана өзгерістерге ұшырайды. Жер асты суының негізгі қоры өзен, көл, теңіз суларының және қар мен жауын суларының Жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады. Құрамындағы тұздардың, минералдың мөлшеріне сәйкес жер асты суы тұщы (минералдығы 1 г/л-ге дейін), ашқылтым (1 – 10 г/л), ащы (10 – 50 г/л) және тұзды (50 г/л-ден астам) сулар болып бөлінеді. Қазақстан бойынша жер асты суының (артезиан және грунт суларының) жалпы қоры 7500 млрд. м3, ол жылма-жыл 35 – 40 млрд. м3 сіңбе сумен толығып отырады. Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, мал жайылымдарын суландыру, Жер суғару бағыттарында пайдаланып жүрген жер асты суының мөлшері 3,5 – 4 млрд. м3.

Қорытынды«Ғылымды көп қажетсінетін жоғары технологиялы сумен қамтамасыз ету жүйелері Алматы және Астана қалаларында бар. Бұдан басқа, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды қалаларында заманауи тәсілдерге сүйене отырып сумен қамтамасыз ету жүйелері жаңартылуда», - деді В.Торубар.

Сондай-ақ, қазіргі таңда су ресурстарын басқару бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Мәселен, «Ақ бұлақ - 2020» бағдарламасы арқылы ауыз сумен 100%, оның ішінде шалғайда орналасқан елді- мекендердің 80% қамтамасыз ету қарастырылған. 

«Бүгінде бұл көрсеткіш 47% құрады. Міндеттелген межеге 2020 жылға  дейін жету үшін біз әлі қанша жұмыс істеуіміз керек. Мәселен, елді-мекендердегі ауыз су тапшылығы проблемаларының бүгінде тек 9% шешілген. Ал бұл көрсеткішті біз кем дегенде 20%-ға жеткізуге тиіспіз», - деп ол өз ойын қорытындылады. 


Сумен қамтамасыз ету көзінің жіктелуі