Сыртқы экономикалық қызмет

Жоспар

  1. Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі
  2. Сыртқы экономикалық көрсеткіштер статистикасы
  3. Сыртқы экономикалық қызмет субъектісі: Шетел инвесторы түсінігі және оның құқықтық жағдайы
  4. Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері.

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі

Сыртқы  экономикалық саясат (СЭС) — бұл  сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің  халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен  оның органдарының нысаналы түрде бағытталған  іс-әрекеттері.Дербестік шетелдік әріптесті, экспорттық-импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді. Сыртқы экономикалық қатынастардың түрлеріне сыртқы сауда, халықаралық инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық өндірістік кооперация, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және несиелік операциялар жатады.

Сыртқы  экономикалық қызметтің әрбірі белгілі  бір түрде іске асырылады. Сыртқы сауданың түрлері:

  • экспорт;
  • импорт;
  • тауарлар мен қызметтің кері экспорты мен кері импорты.

Сыртқы  экономикалық қызмет барлық елдерде  бірнеше функциялар атқарады:

  • ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді;
  • ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді;
  • халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады және соның негізінде ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.

Бұл функциялар ҚР-ң сыртқы экономикалық қызметіне  де тән. Сонымен бірге олардың  Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері  бар. Олар, бір жағынан, ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың  дамуымен, екінші жағынан- Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялау  үдерісінің тереңдеуімен анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар халықаралық өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастыққа кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметке кең түрде қатысуы тән.

Сыртқы  экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына мына жолдар арқылы әсер етеді:

  1. экспорттан валюталық түсім алу жолымен;
  2. инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолымен шетел инвестициясын тартуға жағдай жасайды;
  3. осы заманғы техника мен технологияны импорттау жолымен өндірістің техникалық базасын жақсартуға жағдай жасайды;
  4. ұзақ мерзімді өндірістік ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен қызмет жасау жолымен.

Сыртқы экономикалық қызмет елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді және маңызды құрылымды  қалыптастырушы, халықтың өмір сүру деңгейі  мен сапасын жақсартуға әсер етуші  фактор ролін атқарады.

 

Сыртқы экономикалық көрсеткіштер статистикасы

1995-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының экспорты және импорты

 

 

Казақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы

 

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2002

Сыртқы сауда айналымы

               

мың АҚШ доллары

9 056,9

10 152,1

10 797,8

9 648,0

9 526,7

13 852,2

15 085,1

16 254,3

өткен жылға %-бен

-

112,1

106,4

89,4

98,7

145,4

108,9

107,8

экспорт

               

мың АҚШ доллары

5 250,2

5 911,0

6 497,0

5 334,1

5 871,6

8 812,2

8 639,1

9 670,3

өткен жылға %-бен

-

112,6

109,9

82,1

110,1

150,1

98,0

111,9

импорт

               

мың АҚШ доллары

3 806,7

4 241,1

4 300,8

4 313,9

3 655,1

5 040,0

6 446,0

6 584,0

өткен жылға %-бен

-

111,4

101,4

100,3

84,7

137,9

127,9

102,1




 

 

 

 

 

 

 

 

 

Казақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы

 

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Сыртқы сауда айналымы

                 

мың АҚШ доллары

21 335,4

32 877,4

45 201,5

61 927,2

80 511,7

109 072,5

71 604,4

91 397,5

126 212,7

өткен жылға %-бен

131,3

154,1

137,5

137,0

130,0

135,5

65,6

127,6

138,1

экспорт

                 

мың АҚШ доллары

12 926,7

20 096,2

27 849,1

38 250,3

47 755,3

71 183,5

43 195,8

60 270,8

88 272,6

өткен жылға %-бен

133,7

155,5

138,6

137,3

124,8

149,1

60,7

139,5

146,5

импорт

                 

мың АҚШ доллары

8 408,7

12 781,2

17 352,4

23 676,9

32 756,4

37 889,0

28 408,6

31 126,7

37 940,1

өткен жылға %-бен

127,7

152,0

135,8

136,4

138,3

115,7

75,0

109,6

121,9




 

 

ҚР  елдер бойынша сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері

Елдер және топтық елдер, континент атауы

Тауар айналымы

Экспорт

Импорт

барлығы

тауар айналымының жалпы көлеміндегі үлес салмағы,%

барлығы

экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы,%

барлығы

импорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы,%

 

Барлығы  соның ішінде:

21 231 530,0

100,0

15 745 364,6

100,0

5 486 165,3

100,0

ТМД елдері

4 455 056,5

21,0

1 806 109,3

11,5

2 648 947,1

48,3

ЕурАзЭО елдері

3 593 363,6

16,9

1 348 538,0

8,6

2 244 825,5

40,9

ЕурАзЭо елдеріне жатпайтын

861 692,9

4,1

457 571,3

2,9

404 121,6

7,4

         Әлемнің басқа елдері

16 776 473,5

79,0

13 939 255,3

88,5

2 837 218,2

51,7

Еуропа

10 079 150,3

47,5

9 150 536,7

58,1

928 613,6

16,9

     Азия

5 423 968,4

25,6

3 949 080,2

25,1

1 474 888,2

26,9

    Америка

1 184 793,0

5,6

803 626,3

5,1

381 166,7

7,0

    Африка

73 167,4

0,3

32 474,4

0,2

40 693,0

0,7

Австралия және Океания

15 394,4

0,1

3 537,7

0,0

11 856,7

0,2


 

 

2012 жылғы қаңтар-ақпандағы  экспорттың тауарлық құрылымы (пайызбен)

2012 жылғы қаңтар-ақпандағы  импорттың тауарлық құрылымы

пайызбен

 

 

 

ҚР сыртқы сауда айналымы (млн. АҚШ доллар)

 

2012 жылғы  
қаңтар-ақпан

2011 жылғы  
қаңтар-ақпан

Өрлеу қарқыны %

Сыртқы сауда товар айналымы

21 231,5

14 047,2

151,1

ТМД елдері

4 455,0

3 651,4

122,0

басқа елдер

16 776,5

10 395,8

161,4

КО елдерімен бірге

3 106,0

2 887,4

107,6

экспорт

15 745,4

10 356,4

152,0

ТМД елдері, 
оның ішінде:

1 806,1

1 672,2

108,0

Ресей

942,4

1 222,2

77,1

Беларусь

34,7

18,8

184,6

КО елдерімен бірге

977,1

1 241,0

78,7

басқа елдер

13 939,3

8 684,2

160,5

импорт

5 486,1

3 690,8

148,6

ТМД елдері, 
оның ішінде:

2 648,9

1 979,2

133,8

Ресей

2 046,8

1 600,2

127,9

Беларусь

82,1

46,2

177,7

КО елдерімен бірге

2 128,9

1 646,4

129,3

басқа елдер

2 837,2

1 711,6

165,8


 

Сыртқы  экономикалық қызмет субъектісі: Шетел инвесторы түсінігі және оның құқықтық жағдайы

Сыртқы экономикалық қызмет субъектісі- ол шетел инвесторы. Шетел инвесторы- ол:

  • шетел заңды тұлғалары;
  • шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шекарадан тыс жерлерде тұрғылықты мекен-жайы бар, сол елдерде шаруашылық қызметті жүргізу үшін тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • шетел мемлекеттері;
  • халықаралық ұйымдар;
  • заңды тұлғаларға қатысты шешім қабылдауын анықтайтын ҚР заңды тұлғалары.

Шетел инвестициялары- Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу формасындағы инвестициялар, сонымен қатар заңды тұлғаларға несие (займдар) ұсыну формасындағы инвестициялар.Шетел инвестициялары кез келген, ҚР заңнамасына қайшы келмейтін, объектілері мен қызмет түрлеріне салына алады. Шетел инвестицияларына қатысты мәселелер ҚР "Шетел инвестициялары туралы" Заңымен және басқа да оған қатысты заңдармен реттеледі.

Инвестор:

а) өзінің қызметінен түскен, барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі табысты өзінің қалауы бойынша қолдануға;

б) ҚР аумағындағы банктерде есеп айырысу шоттарын ұлттық немесе шетел  валютасында ҚР банктік және валюталық  заңнамасына сәйкес ашуға құқылы.

ҚР заңнамасымен экономика мен  әлеуметтік сфераларының маңызды салаларындағы  шетел инвестициялары үшін арнайы қосымша  жеңілдіктер бекітілген. Экономика  мен әлеуметтік сфералардың маңызды  салалары:

    • өндірістік инфрақұрылым;
    • өңдеуші өнеркәсіп;
    • Астана қаласының объектілері;
    • тұрғын-үй, туризм мен әлеуметтік сфера объектілері;
    • ауыл шаруашылығы.

Экономиканың  маңызды салаларында қызмет ететін инвесторларға жеңілдіктер мен  преференциялар ұсыну шарттары:

  1. егер инвестициялық жоба экономиканың маңызды салаларына қатысты болса;
  2. инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында қазақстандық заңды тұлғалардың негізгі құралдарына тікелей инвестицияларды салса;
  3. инвестормен оның қаржылық, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіншіліктерімен өздерінің міндеттемелері мен жобаны жүзеге асыру жауапкершілігін сақтауын куәландыратын тиісті құжаттар ұсынылса.

Шетел инвесторларының  ҚР-ң заңды тұлғалар қызметіне  қатысуы шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындар нысанында жүргізіледі.Шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындар  ҚР заңнамасына қайшы келмейтін заңды тұлғаның шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және тағы басқа да нысанында құрыла алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындар ҚР-ң заңды тұлғаларды құру тәртібімен құрылады.

 

Сыртқы  экономикалық саясаттың негізгі принциптері.

Тиімді сыртқы экономикалық саясатты кұру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын — сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық реттеуге берілген, оның себебі — бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.

Енді сол төрт принципті жеке-жеке атап өтейік:

1) мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа   сәйкес   елдің   сыртқы   экономикалық   саясаты   да кедендік құралдары және шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;

2)  ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметі тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;

1) үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және оның субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;

4) сыртқы  экономикалық саясат — кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.

Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді, сондықтан әлемдік нарықта ресейлік экспортерлар үшін қолайлы жағдайлар жасау — ресейдің сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.

Сыртқы  экономикалық саясат — сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдык, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.

Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: сыртқы сауда саясаты, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы саясат, несиелік саясат, шетел швестициялары саласындағы саясат, технологиялармен айырбас жасау саласындағы саясат, жұмысшы күші миграциясы саласындағы саясат және тағы басқалар жатады.

Сыртқы    сауда    саласындағы    саясатты    жүзеге    асыруі құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы;  валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастармен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және  экспорттық несиелерді  сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен процентерінің деңгейлері реттеледі.

Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына  жататындар:   шетелдік  капиталдарды   енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың бір салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым  салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б. Технологияларды айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы үшін импорттауға шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерде бекітіледі.

Сыртқы  экономикалық саясат құралдарының қазіргі кезде кең арналы мемлекеттерге өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасын белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.Өзіміз  білетіндей,   кез  келген   мемлекеттің  қызмет  ету ұлттық және  мемлекеттік  мүдде  категорияларына  сүйенеді. Бірақ та, кез келген қоғамда оның элитасының негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең мәнін әр түрі қөзқарастарда түсінеді.

Бұл түсініктің  мазмұндылығы -ұзақ мерзімдік мақсатта жүйесімен   түсіндіріледі.   Оларды   үкімет   өзінің   ішкі   және сыртқы саясаттарында жүзеге асыруға ұмтылады.

Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы оншақты жылдар ішінде бұл нормалар статусына жалпы адамзаттық құндылықтар кірді. Бірақ ұлттық деңгейде біркелкі емес мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі жеткіліксіз болып есептеледі.

Егер «ұлттық» және «мүдде» деген терминдерге терең талдау жасалса, онда ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шартты сипатта екендігі анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердің басымдылығы анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы саясаттарында шешу қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның субъективті де, объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Аман қалу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету — абстрактылы нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты сапалы жағдай.

Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс.

Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір бағыт-бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа «ұлттық мүдде» сипатын береді. «Ұлттық мүдде» ең алдымен мемлекеттік мүддені айқындайды, ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы әрекет ету сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде көп қырлы түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында оның бірқатар құраушылары «ұлттық мүдде» түріне айналады.

Оны өлшеу  үшін екі әдіс қажет: құндылық және ұтымдылық.

Кез келген мемлекеттің қоғамы — мемлекеттік саясаттың территориялық бағыттылығын мойындауда ортақ, біртұтас. Қазақстан мен Ресей экономикаларының тығыз байланысуы Ресейдің империялық мүддесін айқын көрсетті.

Қазіргі кездегі дуниеде «үлттық мүдде» саясаты бір түр^ рөлдерді атқарады, олардың бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел баспасөзі НАТО-ны Шыгыск карай кеңейту шараларын, бір жагынан, текті өкілеттілп ретінде, яғни Еуропага бейбітшілікті ныгайтатын үлі өкілетгілігі ретінде, екінші жагынан — Шығыс Еуропага әскері саяси және экономикалық бақылау қою ретінде түсіндіреді.

Кез келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі елдердің ұлттық мүдделері ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың ұйымдасқан мүдделерге қол жеткізуі үшін мемлскеттердің күш-әрекеттер біріктіруге ұмтылуынан көрінеді.Демек, республиканың халықаралық арнаға табысты түрі енуіне сәйкес, оның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны  анықталады.

Бұл кезде  ұлттық мүдделердің сәйкес түрде  жүзеге асуына ұлттық рухани және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметті  экономикалық және саяси фактор құрушыларының  жүйеле де ықпал етеді. Әлемнің саяси картасында, әсіресе ТМД кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын формада белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарын қоғамдық қатынастардың гуманистік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған державасы ретіндегі Ресейді құруға ұмтылады.

Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттар  да нақты түр; белгіленген, олардың  құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберіндегі тұрақты өзара байланыстар, жалпы еуропалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі бір жергілікті аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда ресейлік кәсіпорындарға жағдайлар жасау. Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады яғни сыртқы экономикалық саясат белгілі бір міндеттер жүзеге асырудың формаларын, әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір технологиялар қолдануды талап етеді.Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің сыртқы эконимикалық саясатымен салыстырғанда Ресейдің сыртқы экономикалық саясаты халықаралық  ынтымақтастықтың  балама бағыттарымен қаныққан.

Дегенмен осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді Олар төмендегілерден тұрады:

• ұлттық мүдделердің басылымдылығынан;

• негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;

• екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;

• қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық мүдделер шебінен;

• ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;

• ХЭҚ (халықаралық-экономикалық қатынастар) субъектілерінің шынайы теңдігінен;

•  дамудың белгілі бір жолын таңдағандағы ел кұқығын құрметтеуінен;

•  халықаралық келіспеушіліктерді шешуде ымыраға келуден;

• сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асырудың жүйелік жолы т.б

Техникалық  революцияның жаңа толқыны кейбір елдерді айналып өтті яғни өз дамуында алдыңғы қатарлы елдерден артта қалып бара жатқан осы елдердің мүдделері мынада-қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті ұйымдастыру әдістерінің жетілдіру қажеттілігі.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. ҚР " Шетел инвестициялары туралы" Заңы  27.12.1994
  2. ҚР " Инвестициялар туралы" Заңы  08.01.2003
  3. Абденов А.Н.  "Халықаралық экономикалық қатынастар" Алматы.Экономика. 2004ж.
  4. К. З. Хамитова “Экономика және кәсіпкерлік негіздері” - Астана 2007.
  5. Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі “ www.kaz.stat.kz”

Сыртқы экономикалық қызмет