Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы сауда түсінігі

Кіріспе.

1.Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы

сауда түсінігі

2. Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі

Қазақстан

3. Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті

Қорытынды

 

Кіріспе.

ХХ ғасырдың 90 жылдары  әлемдік сахнада болған үлкен  өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық  мемлекет екенін танытты. Қазақстан  мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған  мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД  бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан  өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр  сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек.

Сыртқы сауда операцияларын  кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада  маңызды орынға ие, өйткені түрлі  елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына  да, өсуге де нақты әсер етуге  болады.

Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.

Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірибесіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір – бірімен өзара байланысты қалыптасқан екі түрлі реттеуден тұрады. Халықаралық немесе көп жақты жеке ұлттық реттеулер. 

1. Сыртқы сауда қызметінің түсінігі.

Сыртқы сауда – тауарлармен  қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын  елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін  болсақ – белгілі бір елдің  немесе елдер тобының сыртқы сауда  қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін  анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда  айналымы – сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс  арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы сауда саясаты бұл  – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден  қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды  іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.

Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды  реттеу тәртібін анықтау және елдің  халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен  оның органдарының нысаналы түрде бағытталған  іс-әрекеті.

Сыртқы экономиканың негізін  құраушыларға жататындар:

- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)

- шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.

- Валюталық саясат.

Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,

аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне  мыналар жатады:

- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.

- Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

Сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясатытабылады.

Ал сыртқы сауда саласындағы  саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік  шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласын: валюталарды  сатып алу – сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы  валюталық операйияларға шектеулік  белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу  мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.

Көптеген мемлекеттерде  сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа  елдермен сыртқы экономикалық байланысы  мен сыртқы экономикалық саясатына  да белсенді түрде ықпал етуге  мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын  саудалық саяси механизм ретінде  қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.

Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан  экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық  мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын  сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет  етеді.

Мемлекеттік жоғарғы билік  органдарының кеден саясаты мен  сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік  реттеу саласында дұрыс шешім  қабылдауы үшін оның макроэкономикалық  жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда  динамикасына, құрылымына, деңгейіне  негізделген нақты талдаудың  маңызы зор.

Кеден статистикасын құруға кіретін мемлекеттерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған  кеден декларациясындағы жүк  жөнінде белгіленген ақпарат  жатады.

Сыртқы саудадағы кеден  статистикасы ережелерін жүйелеу мақсатында Қазақстан Үкіметімен (1995 жылғы 6 шілдедегі  Примьер Министрдің №238 қаулысы  бойынша) барлық министрліктер мен  ведомстваларға, облыс басшыларына  өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын қоса алғанда, ТМД мемлекет қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статистикасының бірыңғай әдістемелерін басшылыққа ала отырып, қолдануға тапсырма берілді.

2. Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі

сыртқы сауда  саясаты.

Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дис Сакстың  пікірнше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланың, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда – еңбек  бөлінісі негізіңде әр түрлі елдердің тауар өңдірушілер арасында пайда  болатын байланыстардың нысаны және ола

экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми – техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өңдірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым - қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Сыртқы саудада «фритретерствоны» /еркін сауда/ немесе «протекционизмді» /өз тауар өңдірушілерін қолдау/ талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

«Фритретерство» саясатың ең алғаш А.Смит өзінің «Салыстырмалы артылықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады» - деп жазған.

ХХ ғ. екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен  жедел дами бастады. Халықаралық  сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар  әсер етті.

1 халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың дамуы;

2 экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми – техникалық революция;

3 дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

4 тарифтер мен сауда туралы. Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

5 көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кедең бағасы төмеңдеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

6 сауда – экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтың қалыптасуы;

7 сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.

Соңғы онжылдықтарға сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі  біліне бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа  белсенді қатысушы елдердің өзара сауда  – экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы  басымдығынан айырыла бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне  дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ  деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы жылдары  Батыс Еуропа халықаралық сауда  – саттықта Испания едәуір жетістіктерге  жетті. Бұл жылдары машина мен  жабдықтарды экспорттауда Испания  дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелік  мүмкіндіктері бойынша Жапонияға  Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге қабілеттіліктің  дүниежүзілік классифкациясы төрт жүзге  жуық критерийлерден тұрады. Олардың  негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал –  жабдықтар т.б. факторлар ескеріледі.

Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында, бәсекелікті нақты мемлекеттің  дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

Мамандардын болжауы бойынша  ХХІ ғ. алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер сипатына АҚШ  пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030-шы жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің  мүмкіндіктері мол.

Дамушы елдердің өз экспортын  диверцификациялауға /шаруашылық қызметіне  жаңа өріс табуға/ ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарабынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер ең алдымен «жаңа индустриалды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1994 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді:

ХХ ғ. соңғы ширегінде  халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының  ролі күшейді. Дүниежүзілік банктің  есептеуі бойынша 2000 жылы дүниежүзілік сауда көлемінің 40%-і Тынық мұхит  бассейнінде шоғырланады.

Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, олардың өзара қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.

Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік»: АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

3. Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті.

Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік шаралар дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік  органдармен заңға көрсетілген  реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы. «Кеден тарифтері және баж» туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді.

Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең – «Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізінде тарифтік шаралар жатады.

Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі  мақсаттарда шешілені: реттеуші, сауда-саяси, фиксальды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің  нормативтік тәртібіне және ережелеріне  байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 ж. 20 шілдедегі Қазақстан  Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Кедендік іс туралы» 
Қаулысы жатады.

— Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:

1. Кедендік баж

2. Кедендік алымдар

3. Алымдар

4. Алдын ала шешім үшін төлемақы.

— Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер ҚР-ның кеден кодексімен айқындалады.

— Қазақстан Республикасының кеден органдары демпинге қарсы, қорғау және өтемдік баждарды ҚР-ның заңдарында бекітілген тәртіппен алуы шарт.

— Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі ҚР-ның салық заңына сәйкес айқындалады.

— Жеке тұлғалар тауарларды оңаңтылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.

Кедендік төлемдер ставкаларының  мынадай түрлері бар:

1. Салық салынатын тауарлардың құнына процентпен есадваларлық ;

2. Салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелінетін – ерекшелікті;

3. Кедендік төлемдер ставкаларының аталған екі түрін де ұштастыратын – құрамдас болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының кедендік төлемдеріне толықтай тоқталып өтетін болсаң:

1. Кедендік баждар.

Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау  кезінде төленеді, бұларға орналастыру  жағдайы Қазақстан Республикасының  кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді. Кедендік баждардың  ставкаларын Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейлі және оларресми  жарияланғаннан кейін күнтізбеліп  отыз күн өткен соң күшіне енеді.

2. Кедендік алымдар.

Кедендік алымдарға:

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым; кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым; тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.

Көрсетілген іс-әрекеттерді  орындағаны үшін кеден органдары  шығындарының құны кеден алымдарының  мөлшерін айқындау үшін негіз болып  табылады.

3. Алымдар Кеден органдары алатын алымдарға: лицензия бергені үшін алым; кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым жатады.

Осы белгіленген алымдардың бірінші тармағын алымдар мөлшерін ҚР-сы Үкіметі айқындайды.

4. Алдын ала шешім үшін төлемақы.

Тауарлардың жіктемесіне, шығарылған елін және құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны  үшін ҚР-ның үкіметі белгіленген  мөлшерде алдын-ала шешім үшін төлемақы алынады.

Күрделі кеден тарифі –  айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық экономикалық одақ қалыптасқан  нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған дамушы елдер де кіреді. Жеңілдіктер  мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі  нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл  салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі  кеден тарифі қосымша демпипке қарсы  және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді  қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз көтереді. Конго, Венесуэлла, Мали елдерінде күрделі тариф  қолданылады.

Кедендік тариф – тариф  ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда  процесі нарықтық реттеуге жатады. Кеден салығы – ақша жинағы ретінде  не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің  шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан  салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді.

Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым.

Тауарлармен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде  кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.

Тауарларды сақтай үшін кедендік алым.

Иелері кеден органдары  болып табылатын кеден қоймалары  мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін ҚР-ның үкіметі  белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар  алынады.

Кеден тарифтері – тауарлардың  жүйеленген тізіміне төленетін ақының мөлшерін айқындайтын мөлшерлеме жүйесі.

Тариф – түрлі қызметтер  ресми түрде белгілейтін ақы  төлеу жүйесі. Мысалы: көлік тарифі, комуналды қызмет тарифі, кеден тарифтері.

Қорытынды.

Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.

Кедендік тарифтер қазіргі  кездегі сыртқы сауданы реттеудің  негізгі элементі болып табылады. Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.

Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.

1991 жылғы 16-желтоқсаннан бастап тәуелсіз мемлекет деп жарияланған Қазақстан Республикасы жөнінде сөз қозғалып отырғандықтан, заңды және тұлғалар да, жалпы алғанда, бүкіл республика оның өзі халықаралық саудаға белсенді түрде қатыса алады.

Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің  кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі  шарттарды ұсынатын көптеген елдер  қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде  серіктесті анықтау қажеттілігі  туындайды.

Сондықтан тауар өндіріген  елді анықтаудағы мақсат – Қазақстан  Республикасы территориясына әкелінген  және оның шекарасынан әкетілу процесінде тарифтік және бейтарифтік реттеуді жүзеге асыру қажет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Тест

1.Сыртқы сауда қалай жүзеге асырылады?

А)алыс беріс арқылы жүзеге асады

Б)ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден  қорғау

В)елде жұмыс орынды құру

Г)сыртқы экономикалық байланыстарды  реттеу тәртібін анықтау

2.Сыртқы экономиканың негізін құрушыларға не жатады?

А)сыртқы сауда саясаты

Б)шетел инвесторларын тарату және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат

В)вальюталық саясат

Г)барлық жауап дұрыс

3.Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына не жатады?

А)жалпы өнім

Б)шет елдің өнімдері

В)мемлекеттік жағдайлар

Г)сыртқы сауда

4.Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылдың  дүниежүзілік сауда көлемі неше пайызы Тынық мұхит бассейінде шоғырланды?

А)20%

Б)40%

В)60%

Г)80%

5.Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны улкен уштек шеңберде ағып жатыр,ол қай елдер?

А)Германия,Жапония,Қытай

Б)Корея,Ресей,Германия

В)АҚШ,Батыс Еуропа,Жапония

Г)АҚШ,Қытай,Жапония

6.Сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағытталған және мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушының,экономикалық,құқықтық шаралардың  жиынтығы не деп аталады?

А)кедендік тарифтік шаралар

Б)мемлекеттік сауда

В)сыртқы сауда

Г)сыртқы экономикалық реттеу қызметі

7.Кеден  тарифтері және баж туралы Қазақстан Республикасының заңы қай жылы белгіленді?

А)1992 жылы 1 қазан

Б)1991 жылы 29 қараша

В)1993 жылы 22 желтоқсан 

Г)1991 жылы 24 желтоқсан

8.Қазақстан Республикасында кандай кедендік төлемдер қолданылады?

А)кедендік баж

Б)кедендік алымдар

В)алдын ала шешім үшін төлемақы

Г)барлық жауап дұрыс

9.Кедендік алымға не жатады?

А)кедендік ресімдеу үшін кедендік алым

Б)кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым

В)тауарларды сақтау үшін кедендік алым

Г)барлық жауап дұрыс

10.Күрделі тариф кай елдерде колданылады?

А)АҚШ,Германия

Б)Конго,Вене-Суэлла,Мали

В)Жапония,Қытай

Г)Қазақстан,Ресей

11.Тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда порцесі нарықтық реттеуге не жатады?

А)кеден салығы

Б)кедендік алым

В)кедендік тариф

Г)барлық жауап дұрыс

12.Түрлі қызметтер ресми түрде белгілейтін ақы төлеу жүйесі не деп аталады?

А)салық

Б)алым

В)ақша

Г)тариф

13.Кеден тарифтік реттеудің неше түрі бар?

А)2

Б)3

В)4

Г)5

14.Тауарлар мен қызметті импорттан және экспорттан тұратын елдер арасындағы сауда не деп аталады?

А)кедендік тариф

Б)кедендік сауда

В)сыртқы сауда

Г)сыртқы экономика

15.Қай жылы Қ.Р Призидентінің  `Қ Р Кедендік іс туралы` қаулысы жарияланды?

А)1995 жылы 20 шілде

Б)1991 жылы 10 желтоқсан

В)1994 жылы 21 шілде

Г)1995 жылы 29 шілде 

 

Жауаптары

1.А                         

2.Г

3.Г

4.Б

5.В

6.А

7.Г

8.Г

9.Г

10.В

11.В

12.Г

13.А

14.В

15А

 

 

 

                                 Анаграмма

С

Ы 

К 

О 

Х 

А 

Л 

Ы 

Қ 

Б 

А

Қ

А 

З 

О

Р

К

В

О 

Т 

А 

Ж

А

А

Е

О 

З

Т

Л

Т

Й

А

Ж

Б

Д 

Д

Р

Ж

А 

Л

А

Қ

Т

Қ

О

Л 

Д 

Я

И

А

А

А

Ш

Ы

Г

С

У

Ы

С 

А 

У 

М

М

У

Л

З

О

М

У

Т

К

М 

Е 

Н

Д

Т

П

Р

Ы

И

Э 

О

Л

А

К

Е 

Д 

Д

А

Д

О

С

Қ

Р

К

С 

Ж

Н

Д

Е 

Е

Б

Е 

П

Р

А

 

А

М

П

А

Д

Т

Д

Н

А

Й

Й

Т

Л 

И 

Ц 

О

О

З

А

А

Ы

А 

Ш 

Т

С

А

Е

А

Е

Н

Р

И

У

Р

И 

Ф 

Қ

А

Р 

И 

Ф 

Й

Н

И

Т

Р

Р

С

А 

Л 

Ы 

Қ 

У 

Е

Б

Ж

З

И

Я 

А

Е


 

 

                             

 

 

 

 

 

 

                                         Сөзжұмбақ

               

 С 

               
               

 Ы

               
               

Р

               
               

Т

               
               

Қ

               
               

Ы

               
                                 
               

С

               
               

А

               
               

У

               
               

Д

               
               

А

               

 

Сұрақтары

1.15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды,солардың бірі? (Қазақстан)

2.2030 жылы бәсекеге ең қабілетті 3 мемлкеттің қатарында АҚШ,Жапония және біреуін ата? (Қытай)

3.А Смит ең алғаш нені анықтады? (Фритретерство)

4.Түрлі қызметтер ресми түрде белгілейтін ақы төлеу жүйесі не деп аталады? (Тариф)

5.Әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын сауда? (Халықаралық)

6.ХХ ғасырдың соңғы ширегінде Халықаралық экономикалық қатынастар  жүйесінде қай мұхиттың  рөлі күшейді? (Азия-Тынық)

7.Қандай бір ел болмсын ,оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты деп айтқан американ ғалымы кім? (Дис Сакс)

Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы сауда түсінігі