Табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар

Жоспар:

  1. Табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар.
  2. Қазақстан қорықтары. Олардың табиғатты қорғау маңыздылығы.
  3. Қызыл кітап және оның биологиялық алуантүрлікті сақтаудағы рөлі.

 

 

      Қоршаған  ортаны қорғау мәселелерін шешуге  БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.

      Негізгі  бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

   ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

  • Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.
  • Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.
  • Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.

   ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.

    Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.

       Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.

       Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.

    Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:

  • Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.
  • Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.
  • Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.
  • Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.
  • Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.

    Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады.

        Табиғат – қоғам байлығы. Ол  қашан да жер бетіндегі тіршіліктің  қайнар көзі. Қай елде болмасын  өзі мекендеген жерінің табиғатын  қорғау басты парыз. Еліміздегі  табиғат қорғаудың ең басты  саласы – мемлекеттік қорықтар. Қорық – барлық табиғат байлықтары  қатаң қорғалатын арнайы белгіленген  аймақ.

      Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазакстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Қорықтар:

1) Ақсу-Жабағылы қорығы

     1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорык төрт биіктік белдеуді камтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, карақұйрык, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі.

2000-2300 метр биіктікте  субальпілі шалғыны жатыр. Бұл  белдеуде төселіп өсетін түркістан  аршасынан басқа ағаш өсімдіктері  жок. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан ұлар, кезеген торғай, шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорыктың аумағында өсімдіктердін 1404 түрі бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғарғы белдеу - биік таулы қарлы және мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық филиалы бар. Бұл өңір 120 млн жыл бұрын теңіз түбі болған. Қазір оның орнында әр түрлі сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ денелілердің, юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сакталған. Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы бар.

2) Наурызым қорығы

 

   1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191,4 мың гектар жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала корғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ карағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең оңтүстіктегі cop топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы cop топырақта алуан түрлі кайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі. Табиғат жағдайының әртүрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқта жерсініп кеткен. Онда түяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақкіс кездеседі. Қорықта сүткоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппак қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді

 

3) Алматы қорығы

 

    1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі кар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм тобе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда корықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғактақшар мекендейді.

 

 

4)Барсакелмес қорығы

        Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды. Бүрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялык жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорыктың біраз жануарларын көшіруге тура келді (мысалы, құланды).

 5) Қорғалжың қорығы

   1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Құстың 120 түрі үя салады. Көл жиегінің кара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ол балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады. Содан кейін балапандарды ұзақ уақыт аркасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді. Теңіз-Қорғалжың көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының аркасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше корғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мұражайлар, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.

    6) Марқакөл қорығы

   1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Маркакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы 14°-17°С, ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі.Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.

 

    7)Үстірт

 

 

     Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстын 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын- шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм). Қорыкты ұйым дастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды корғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы койдың ерекше түрі - устірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан үялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ жемістік (қалдық және монотип бұталар), иіссіз катрана, үстірт таспасы. Ғалымдар шөлдің қатаң климат жағдайына бейім жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.

    8) Батыс Алтай қорығы

      1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар, борша және т.б. сирек аңдар кездеседі.

 

   9) Алакөл қорығы

      1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау.

   10) Қаратау қорығы

 

     2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсім дік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омырткалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь- шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. 114 құстың 80-і ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

        Экологиялық мәселелерді және  биологиялық алуантүрлілікті   сақтаудың бір жолы – Қызыл   кітап. Табиғи ресурстары мен  табиғатты қорғаудың халықаралық  одағы (МСОП) бүкіл планетаның  Қызыл кітабын құрастырған. 

         Қызыл кітапқа сирек және жойылу  қаупі  төніп отырған ағзалар  енгізілген. Қызыл кітапқа енген  түрдің шамамен  санының кемуі  себебі, таралу террториясы  қорғау  үшін орындалатын іс-шаралар және  т.б. мәліметтер көрсетіледі. Қызыл  кітапқа енген барлық түрлерді  бірнеше категорияға бөледі: жойылу  қаупі төніп тұрған түрлер (арнайы  қатал қорғау шаралары қажет), кеміп келе жатқан (тіршілігін  сақтау үшін саны жеткілікті, бірақ жылдам кеміп келе жатқан), сирек (жойылу қаупі жоқ, бірақ  саны аз немесе шектелген территорияларда  ғана кездеседі), анықталмаған (қамқорлыққа  алуға негіз бар, бірақ олар  туралы мәліметтер аз).

       Қызыл кітаптағы түрлердің тізімі  үнемі  өзгеріп отырады. Қалпына  келтірілген түрлер тізімнен  шығарылады. Ал тізім басқа тіршілік  көзі нашарланған түрлермен толықтырылады.  Қазақстанның  Қызыл кітабын шығаруы,  республикамыздын өте сирек жануарларын  сақтап қалу және оны қорғаудағы  рөлі өте  зор. Экономикалық  проблемаларды шеше отырып, біз  өзімізді қоршаған ортаның қал-жағдайын  естен шығармауымыз керек. Ғылым  мен техниканың алға басуы  адам мен табиғат арасында  үндестіктің болу қажеттілігіне  еріксіз ой тоқтаттырады.     Қазақстанның Қызыл кітабының  жарыққа шығуы біздің әрқайсымыздың  соншалықты көркем, әрі тамаша  табиғат әлемін сақтаудағы жеке-жеке  жауапкер екенімізді саналы түрде  ұғынуымызға түрткі болады.

      Қызыл  кітаптың беттерін аша отырып, бізге жойылып бара жатқан  немесе жойылып кету қауіпі  бар жануарлар мен өсімдіктер  түрлері тізімінің өсуіне себепші  болатын жағдайлар мен себептер  туралы терең ойлануымыз керек.    Биологиялық әртүрлілікті сақтау  мәселесі бірнеше ондаған жылдардан  бері тек мамандар мен табиғат  қорғаудың жекелеген ынталы адамдарының міндеті болудан қалды, себебі әр бір биологиялық түрді жоғалту тек адамгершілік пен жалпы теориялық пікірлерге ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық мүддесіне де нұқсан келтіретініне адамзат баласының толықтай көзі жетті. Бұған 1992 жылы Рио – де – Жанейрода өткен конференцияда дүние жүзінің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстанда қол қойған, биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияның қабылдануы дәлел.

      Қазақстанда  Қызыл кітап Үкімет шешімімен  1978 жылдың қаңтарында бекітіліп,  осы жылдың аяғында оның омыртқалы  жануарларға арналған бірінші  бөлімі жарық көрді. Оған 87, оның  ішінде: балықтардың 4, қосмекенділердің 1, бауырмен жорғалаушылардың 8, құстардың  43, сүтқоректілердің 31 түрлері енгізілді;  олардың барлығы сирек және  жойылып бара жатқан деп екі  категорияға бөлінді. Бұл кітап  бұрынғы Кеңестер Одағы бойынша  бірінші басылым болғандықтан  тек түрдің аты – жөні және  түрге байланысты міндетті мақала  ғана емес сонымен қатар қосымша  мәліметтер – жануардың сыртқы  пішінінің сипаттамасы мен оның  жыныстық белгілері де берілді.  Басылымның жеделдігіне байланысты  көптеген түрлердің таралуы мен  саны жайында бұдан 10 – 20 жыл  бұрынғы мәліметтер пайдаланылды.

 

          Қазақ ССР Қызыл кітабының  екінші басылымына (1991) омыртқалы  жануарлардың 129 түрлері  мен түршелері  (балықтардың – 16, қосмекенділердің  – 3, бауырымен жорғалаушылардың  – 10, құстардың – 58, сүтқоректілердің - 42 ) және бірінші рет омыртқасыз  жануарлардың 105 түрі (насекомдар –  96, шаянтәрізділер – 1, моллюскалар  – 6, құрттар - 2) енгізілген еді.  Қызыл кітапта «тіршілік етушілердің»  санының біршама өсуі республикамызда  жануарлар дүниесінің қалжағдайының  тек қана төмендеуінен деп  есептеуге болмайтынын айта кеткен  жөн, себебі бұл Қазақстан жануарлар  дүниесі жайындағы біздің біліміміздің  біршама артқандығын көрсетеді.  Қызыл кітап алдын – ала  сақтауда үлкен рөл атқаратын  және тұрақты қызмет ететін  документ болып саналады. Сирек  және жойылып кету қаупі бар  түрлердің жаңарған тізімін және  олардың статусын өзгертуді авторлар  ұжымы талқылап, ол Қызыл кітап  жайындағы Зоологиялық комиссияның  отырысында қаралып, белгіленген  тәртіп бойынша оны 1995жылдың  тамызында Қазақстан Республикасы  Министрлер Кабинеті бекітті. 

       Қазақстанда «Қызыл кітап »  Республика Үкіметінің 1978 жылдың  16-қаңтарындағы қаулысы  бойынша  бекітіледі(Қазақ ССР  Министрлігі  Советінің № 20 қаулысы).Оның омыртқалы  жануарларға арналған бірінші  бөлімі 1979 жылы қаңтар айында  жарық көрді(1978 жылдың аяғында  басылып шыққан еді).Бұл кітапқа  омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен  түршелері, оның ішінде:сүтқоректілері–  37, құстар – 43,бауырымен жорғалаушылар  - 8, қосмекенділер  -1 және балықтардың  4 түрі тіркеледі. 1981 жылы Республика  Қызыл кітабының  екінші бөлімі  жарық көрді.Оған  өсімдіктердің  – 307 түрі, оның  ішінде: жоғары  сатыдағы гүлді  өсімдіктер(288), жалаңаш тұқымдылар(2),  қырықұлақақ  тәрізділер (3), қыналар (3), саңырауқұлақтар  (10), мүктер (1) сияқты өсімдіктер бар.  Қазақстан Республикасының Қызыл  кітабы «Жануарлар»  мен «Өсімдіктер»  деп аталатын 2 томнан тұрады. Әрбір  том бір кітап  немесе бірнеше  бөлім болып басылып шығуы  мүмкін. Жануарларға арналған том  3 мәрте (1978,1991,1996) басылып шықты. Бірақ омыртқасыз жәндіктер тек екінші басылымға ғана енді, ал олар туралы үшінші басылым дайындалып жатыр.

          Адам баласы жануарлар мен   өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми – фактілерді саралап  келіп, ендігі жерде оларды  қорғау қажеттігі туралы тоқтамға  келді. Кейбір өркениетті елдерде  жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен – көлдерді қорғау туралы  мемлекет деңгейінде құжаттар  қабылдана бастады. Орыс патшасы  I Петр Мәскеу маңындағы ормандар  мен оның қойынауындағы табиғат  байлықтарының бәрін '' патша қазынасы'' деп жариялап, жарлық шығарған. Тіптен, өзен бойынан 3км жерге дейін  ағаш кескендерді қатаң жазалаған. 

    Мұндай  көзқарастар кейіннен басқа да  елдерде қолдау тауып, Еуропа,Ресей,Қытай,Үндістан,Жапон  елдері табиғат қорғауға көп  көңіл бөлген.Кейбір мемлекеттерде  қорықтар,ұлттық саябақтар құрылған. Осындай шаралардың  бірі Халықаралық  табиғат қорғау ұйымы (ХТҚҰ) еді.Ол 1948 жылы құрылды.Ұйымның мақсаты  - дүние жүзіндегі сиреп немесе  құрып бара жатқан аң мен  құстарды және өсімдіктердің  «Қызыл кітабын» ұйымдастыру  болатын. Оған дейін халықаралық  «Қара кітаптың »тізімі жасалды.Оған  жер бетінен біржола құрып  кеткен аңдар мен құстар енгізілді.

      «Қызыл  кітап» туралы пікірді ағылшын  табиғат зерттеушісі Питер Скотт  айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық  «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966 – 1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО  – ның «Қызыл кітабы» шықты.  Қазақ КСР – ның алғашқы  «Қызыл кітабының» жануарларға  арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы  өсімдіктерге арналған бөлігі  жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл  кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары  өңделіп, қайта басылып, көпшілікке  ұсынылды.

     «Қызыл  кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан  Республикасының Ұлттық Ғылым  академиясының бірнеше ғылыми  – зерттеу институттарының ғалымдары  ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ғылыми – практикалық конфересиялар  ұйымдастырды. «Қызыл кітапқа» енетін  әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама  беріліп, талқыға салынды.Одан  соң жануарлар туралы қарар  қабылданып отырды. Мұндай шараларды  ұйымдастыруда бұрынғы Зоология, қазіргі Генеқорлар институтының  қызметкерлерінің де еңбегі зор.  «Қызыл кітапқа» белгілі бір  түрде енгізу үшін ғалымдар  әр жануарлардың не өсімдіктің 5 санатын анықтаған. Осы санатқа  сәйкес келген жағдай да ғана  ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар төмендегідей:  1 санат  – жойылып бара жатқандар.  Олар туралы соңғы 50 жылда ешқандай  деректер жоқ. Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қаблан, қызыл құм  арқары т.б. 2 санат – саны азайып  бара жатқандар. Мысалы, балқаш  ала бұғасы, сары құтан, жұпар,  құлан т.б. 3 санат – серек түрлері  (қазір жойылып кету қауіпі  жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер). Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарқанат  – қара ләйлек т.б.  4 санат  – белгісіздер (толық зерттелмеген  түрлер). Мысалы, шұбар кесіртке, қара  шұбар жылан т.б.    5 санат – Қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер). Мысалы, кіші аққу, көк құс т.б.

      «Қызыл  кітапқа» енгізілген жануарларды  аулауға, өсімдіктерді жоюға тиым  салынған. «Қызыл кітап» - мемлекеттік  құжат. Сондықтан оған енген  жан – жануарларды оқып үйрену, білу баршаның міндеті болып  табылады.

   «Қызыл кітапқа»  енген аң мен құстарды, өсімдіктерді  біле отырып, біз оны зерттеуші  ғалымдарға көмектесеміз. «Қызыл  кітап» әрбір отбасы мектептің  кітап сөресінде тұруға тиісті. Сол арқылы біз оларды қорғауға  үлес қосатын боламыз. Қазақстан  Республикасының Қазал кітабына  жануарлар мен өсімдіктердің   сол немесе өзге түрін енгізуге  және онын мартебесін айқындауға  санының қисапсыз азаюы, таралу  аймақтарының қысқаруы, тіршілік  ету жағдайының қолайсыз өзгеруі  туралы деректер немесе оны  қорғау мен өсімін молайту  жөнінде шығу шаралар қолданудың  қажеттігі туралы дәлел келтіретін  кез келген басқа да деректер  негіз болады. Халықаралық табиғатты  және табиғи ресурыстарды қорғау  одағының тізіміне енген сирек  кездесетін және жойылып кету  қаупі бар жануарлардың түрлері  Қазақстан Республикасының Қызыл  кітабына бірінші кезекте енгізіледі. Жануарлар мен өсімдіктердің  кез келген түрін Қазақстан  Республикасының Қызыл кітабына  енгізу немесе Қызыл кітаптан  шығару туралы ұсыныстар Қазақстан  Республикасының Қызыл кітабы  жөніндегі зоологиялық және ботаникалық  комиссияларға ұсынылады. Жануарлар  мен өсімдіктер түрлерін Қазақстан  Республикасының Қызыл кітабына , одан шығару және кез келген  түрінің мәртебесі туралы мәселелерді  қарау үшін ведомствоаралық, зоологиялық  және ботаникалық, комиссиялар  құрылады, олардың құрамына қарамастан  осы салалардың жетекші мамандары  (Қазақстан Республикасы Ұлттық  Ғылым академиясының, Қазақстан  Республикасының Экология және  биоресурстар министірлігінің, табиғатты  қорғау жөніндегі жоғары оқу  орындары мен ғылыми – зерттеу  мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың  және басқаларының) кіреді.   

Табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар