Табиғатты пайдалануды басқару

Табиғатты пайдалануды  болжау және басқару қоршаған ортаны қорғау [7 бет]  
Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамдық әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Басқарудың мақсаты - экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау. 
Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны басқаратын органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Министірлер Кабинеті, Ораталық атқарушы органдар және жергілікті өкілді органдар жатады. Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқаратын қызметіне жататындар: 
• мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді; 
• табиғат пайдаланудың әр түрлі бағыттары бойынша ұлттық (мемлекеттік) экологиялық бағдарламалар әзірлейді, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады; 
• қоршаған ортаның сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді; 
• міндетті экологиялық сақтандыруды жүргізу тәртібі мен ережесін белгілейді; 
• табиғат пайдаланушыларға рұқсат алу қажет болатын табиғат пайдалану түрлерінің тізбесін және осы рұқсатты беру тәртібін белгілейді; 
• қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мотарингінің құрылымын, мазмұнын және оны жүргізу тәртібін белгілейді; 
• қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салада мемлекеттік бақылау жасау міндеттерін жүзеге асыратын арнаулы уәкілетті органдардың тізбесін айқындайды; 
• халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады т.б. 
Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстарды министірлігінің, сондай-ақ оны жергілікті органдардың (облыстық, қалалық және аудандар) атқаратын қызметтеріне мына төмендегілер жатады: 
• қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғитты пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін іске асыру; 
• қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында біртұтас мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу; 
• мемлекеттік экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу; 
қоршаған табиғи ортаны пайдалану мен қорғауға және табиғи ...  

3.3.  Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері 

 

 

       Табиғатты пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалану да ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғи ресурстарды пайдалану  – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық  қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.  
         Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде  "Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады" деген анықтама берілген.

Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың  құқықтары мен міндеттерін реттейтін  құқықтық нормалардың жиынтығы.

Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл нақты табиғи ресурстарды  пайдаланушының табиғи ресурстарды  иелену және пайдалану құқығын реттейтін  экологияның заңдылықтар жиынтығы.   

 Табиғат пайдалану  жалпы және арнайы болып бөлінеді.   

 Жалпы табиғат пайдалану  тұрақты болып табылады және  халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын  қанағаттандыру үшін және табиғи  ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.  

 Егер Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделсе, табиғатты  жалпы пайдалануды шектеуге жол  беріледі. 

 Арнайы табиғат пайдалану  - Экологиялық Кодексте және Қазақстан  Республикасының өзге де заңдарында  белгіленген тәртіппен табиғи  ресурстарды ақылы негізде пайдалануды  және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды  жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.

Табиғат пайдалану түрлеріне:

1) жерді пайдалану;

2) суды пайдалану;

3) орманды пайдалану;

4) жер қойнауын пайдалану;

5) жануарлар дүниесін  пайдалану;

6) өсімдіктер дүниесін  пайдалану;

7) қоршаған ортаға эмиссиялар;

8) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленетін өзге  де табиғат пайдалану түрлері  жатады. 

 Табиғат пайдалану  түрлері бойынша арнайы табиғат  пайдалану құқығының туындау  ерекшеліктері Қазақстан Республикасының  заңдарында айқындалады. 

Арнайы табиғат пайдалану  табиғат пайдаланудың бір түрін  не олардың бірнеше түрінің жиынтығын  қамтуы мүмкін. 

Табиғат пайдаланушылар -Қазақстан  Республикасының аумағында тұрақты  немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкін.

Табиғат пайдаланушылар:

1) тұрақты (табиғат пайдалану  құқығы мерзімі шектелмейтін  сипатта болады) және уақытша  (табиғат пайдалану құқығы белгілі  бір мерзіммен шектелген);

2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы  мемлекеттен не басқа да бастапқы  табиғат пайдаланушылардан сол  құқықтан айыру немесе әмбебап  құқық мирасқорлығы тәртібімен  алынған) және кейінгі (табиғатты  уақытша пайдалану құқығы бұл  мәртебені өзінде сақтап қалатын  бастапқы табиғат пайдаланушыдан  шарт негізінде алынған) болуы  мүмкін. 

 Табиғат пайдалану  құқығының принциптері деп табиғи  ресрутарды пайдалану жөніндегі  құқық қатынастарын реттеудің  негізгі бастаулары мен негізгі  қағидалары ұғынылады. Табиғат  пайдалану құқығының негізгі  принциптеріне мыналар жатады:

- Адамның өмірі мен денсаулығын  қорғаудың басымдығы.

- Табиғи ресурстарды ұтымды  пайдалану мен ұдайы молайту.

- Табиғатты арнайы пайдаланғаны  үшін кезең-кезеңменақы төлеуді  енгізу және қоршаған ортаны  қорғауды экономикалық ынталандыруды  енгізу.

- Табиғи ресурстарды пайдаланудың  мақсатты сипаты.

- Қолайсыз экологиялық ахуалы  бар аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету және бұзылған  табиғи экологиялық жүйелерді  қалпына келтіру.

-Ерекше экологиялық, ғылыми  және мәдени маңызы бар биологиялық  алуан түрлілікті және қоршаған  ортаның объектілерін сақтауды  қамтамасыз ету.

- Мемлекеттік реттеу және мемлекеттік  бақылау.

- Қоршаған ортаға нұсқан келтіруді  болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал  ықпалды бағалау. 

3.4.Табиғат ресурстарын пайдалануға  берілу және тоқтатылу негіздері 

 

 

  Арнайы  табиғат пайдалану құқығының  туындау негіздері және оны  жүзеге асыру шарттары. Арнайы  табиғат пайдалану құқығы:

1) табиғи ресурстарды пайдалану  мен алуға және қоршаған ортаны  қорғау саласында жекелеген қызмет  түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар  және (немесе) рұқсаттар;

2) табиғи ресурстарды Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген  тәртіппен табиғат пайдалануға  беру туралы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің немесе жергілікті  атқарушы органдардың шешімдері;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілерінде белгіленген тәртіппен  жасалатын табиғат пайдалануға  арналған шарттар (келісімшарттар) негізінде туындайды. 

 Арнайы табиғат пайдалану  құқығы Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде көзделген  тәртіппен, осы баптың 1-тармағында  көрсетілген бір, екі не барлық  актілер негізінде туындауы мүмкін.   

Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың  арнайы табиғат пайдалану құқығын  жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар  болған кезде жол беріледі. 

 Табиғи ресурстарды  пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілеріне сәйкес  беріледі.  

Арнайы табиғат пайдалану  құқығын алған жеке және заңды  тұлғалар, Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жағдайларды  қоспағанда, оларға билік ете алмайды.   

Арнайы табиғат пайдалану  құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.  

Қолданыстағы заңда жекелеген  табиғи ресрутарға қатысты табиғат  пайдалану құқығының қосымша  негіздері көзделуі мүмкін:

1. Экологиялық сараптаманың оң  қорытындысының болуы;

2. Табиғат ресурстары лицензиясын  алу;

3. Табиғи ресурстарға лимиттер  мен квоталар белгілеу;

4. Табиғат пайдалануға шарт жасау  немесе табиғат пайдалануға рұқсат  алу;    

Табиғат пайдалануға рұқсат дегеніміз  мүдделі адамның барлық қажетті  сатылардан және шарттардан өтуінің  нәтижесі.

Табиғат пайдалануға рұқсат алудың сатылары:

1. Тиісті мемлекеттік органға  өтініш беру;

2. Ұсынылатын құжаттарды алдын  ала қарау;

3. Құжаттарды қарау;

4. Табиғи ресурстарды беру туралы  шешім шығару;

5. Заттай түріндегі табиғи ресурсқа  қарсылық білдіру;

6. Табиғат пайдалану құқығы әр  түрлі негіздер бойынша және  өзінің ерекшелігіне қарай тоқтатылады.  

 Табиғат пайдалану  құқығын тоқтатудың жалпы негіздері  болады:

1. Табиғат пайдалану құқығынан  ерікті түрде бас тартуы;

2. Заңды тұлғаны тарату немесе  жеке тұлғаның қайтыс болуы;

3. Табиғат пайдалану шарты мерзімінің  өтіп кетуі;

4. Табиғат пайдалану шарты бойынша  төлем жасамау;

5. Табиғи ресурсты мақсатына  қарай пайдаланбау;

6. Табиғат қорғау заңының бұзылуы;

7. Мемлекеттің немесе қоғамның  мұқтаждары үшін табиғи ресурсты  алып қою.

Қоршаған  ортаның экологиялық жай-күйі туралы, табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу туралы талдамалық ақпарат

Қоршаған  ортаның экологиялық жай-күйі туралы, табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу туралы талдамалық ақпарат

Кіріспе

Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі  уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып  келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып  табылады.

Осы мақсатта қалалар  мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды  мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.

Елдің қоршаған ортасының  жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің  бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша  қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету бойынша негізгі  тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 2009-2010 жылдары бөлінген бюджет қаражатының  пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген  бақылау аясында Қазақстан Республикасының  бюджет және өзге де заңнамасы талаптарының 7,6 млрд. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік  сатып алу туралы заңнама талаптарының 27,4 млн. теңгеге бұзылғаны анықталды.

Экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар  кешенін іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-шараларын  орындауға бөлінген бюджет қаражатын  пайдалануға қатысты Министрліктің  қызметі тиімсіз жүргізілген  деп танылды.

Қоршаған ортаның  сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық  тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер  Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241  Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды.

Қазіргі кезеңде  экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында  көзделген.

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық  қауіпсіздігі тұжырымдамасында:

төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін  дамыту;

2015 жылға дейiн  Қазақстан Республикасында қызған  газдардың шығарындыларын төмендету;

cу үнемдеу;

шөлейттенумен күрес  жөнiндегi iс-қимылдар;

халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының жерлерің шаруашылық мақсатқа пайдалану;

байырғы ластануларды жою;

өнеркәсiп және тұрмыстық  қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;

әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының  экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру  жоспарланғанын айта кету керек.

Алайда, тек екі  бағдарлама ғана, атап айтқанда, «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың   2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» және ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1224 қаулысымен күші жойылған «Халықтың көшi-қоны мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу туралы» дайындалған.

Байырғы ластануларды жою жөнiндегi, сондай-ақ өнеркәсiп  және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды  жетiлдiру жөнiндегi арнайы бағдарламалар  әзірленбеген.

Ал әзірленеді деп  жоспарланған қалған бағдарламалар  жекелеген мәселелер түрінде  «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму»  салалық бағдарламасында (бұдан  әрі – Бағдарлама) көрініс тапты.

Бағдарламаның мақсаты  мен міндеттерін іске асыру саларалық  өзара іс-қимылдарда көптеген мәселелерді  шешу үшін көзделген, соның ішінде:  қызған газдардың шығарындылары, атомосфералық ауаның ластануы, экологиялық апат аймақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өнеркәсіп және тұтыну қалдықтары, су ресурстары, жасылдандыру және басқалар.

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.

Бірінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар) табиғи ортаның ластану  деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды және ұйымдастыру іс-шараларын оның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру, экологиялық орнықты даму тетіктерін құру, қоршаған ортаны ластайтын ірі  өнеркәсіп кәсіпорындары үшін ең үздік қол жетімді технологиялар  негізіндегі нормаландыруға көшу жөнінде  басшылыққа алатын құжат пен жоспар әзірлеу және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану, ормандарды қорғау және өсімін молықтыру жолымен жүргізу  көзделген.

Екінші кезеңде (2013 - 2014 жылдар) табиғи ортаны басқару сапасын  жақсарту, орнықты даму тетіктерін іске асыру және жетілдіру жөніндегі  жұмыстарды жүргізу, қолда бар үздік  технологияларды енгізу, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштеріне  және қоғамның экологиялық орнықты  дамуын қолайлы деңгейге қол жеткізу  көзделген.

Министрліктің стратегиялық жоспарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар нормативтер  әзірлеп бекіту қарастырылған. Алайда, 2009 жылы қоршаған ортаны қорғау саласында  әзірленіп бекітілуге тиісті 34 экологиялық  норматив пен ереженің тек 1-уі ғана бекітілгені бақылау барысында  анықталды. Дәл осындай жағдай 2010 жылы да қайталанған, яғни жоспарланған 38 нормативтің тек тоғызы ғана бекітілген.

***

Кәсіпорындар мен  ұйымдар қоршаған ортаны қорғауға және негізгі қорларды күрделі жөндеуге үлкен көлемде қаржы (соның ішінде, республикалық және жергілікті бюджеттен) жұмсап отырғанына қарамастан (1-диаграмманы  қараңыз), қоршаған ортаны ластаудың  экологиялық жүйелерге және халықтың денсаулығына келеңсіз әсері әлі  де сақталып отыр және Қазақстанда:

- ластағыш заттардың  атмосфераға шығарындыларының жоғары  деңгейіне;

- ластағыш заттардың  су көздеріне төгінділерінің  жоғары деңгейіне;

- қалдықтарды қайта  өңдеу мен кәдеге жаратудың  көлемінің төмендігіне (бұл өңірлерде  қалдықтардың үлкен көлемдегі  үйінділерінің пайда болуына  алып келеді);

- халықтың (әсіресе,  қолайсыз экологиялық өңірлерде  тұратын халықтың) денсаулығының  нашарлауына әкеп соғатын белгілі  бір проблемалар туындатуда.

1-диаграмма

Қоршаған  ортаны қорғауға арналған шығындар (нақты  қолданыстағы бағалармен), млн.теңге

 

Ақпарат дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

Атмосфералық ауаның ластануы 

Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс  әсер ететін қоршаған ортаға келеңсіз әсер етудің жетекші факторларының  бірі болып қалуда.

Атмосфералық ауаға  жылу энергетикасы және мұнай-газ секторы, кен өндіру және тау-кен өндісі, қара және түсті металлургия неғұрлым теріс әсер етеді.

USAID-тің бағалауынша,  Қазақстан аумағының 75%-ы экологиялық  тұрақсыздық қатеріне аса бейім  аймақтарға жатады.

Республикада  атмосфераға таралған шығарындылар 2005 жылдан бері бір деңгейде қалып отыр (2,9 млн.тонн), әлемдік дағдарыс орын алып, жекелеген өнім түрлеріне деген сұраныс азайған тұста, яғни 2008 жылдан бастап өндіріс көлемі қысқарды, бұл шығарындылардың төмендеуіне себеп болды.

2010 жылы стационарлық  көздерден атмосфералық ауаға  таралған зиянды заттардың мөлшері  2,2 млн. тоннаны құрады, сонымен  2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  олардың деңгейі 4%-ға кеміді (2-диаграмманы  қараңыз).

2-диаграмма

2005-2010 жылдар  аралығында стационарлық көздерден  атмосфералық ауаға таралған  зиянды заттардың мөлшері

мың тонна 

Ақпарат дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

Ластағыш заттардың  негізгі көлемі Қарағанды (661,2 мың  тонна), Павлодар (572,5 мың тонна), Шығыс  Қазақстан (146,9 мың тонна), Ақтөбе (125,3 мың тонна), Қостанай (114,4 мың тонна) және Атырау (114,4 мың тонна) облыстарының аумақтарында қалыптасқан.

Атмосфералық ауаға  таралған ластағыш заттардың жалпы  көлемінің (2226,6 мың т.) 71,3%-ын газ тектес және сұйық заттар және 28,7%-ын қатты  заттар құрайды.

Ауаның ластану  жай-күйін бағалау кезінде елді мекендердегі ауаға таралған ластағыш заттардың шекті мөлшерінің көрсеткіштері (ШМК) негізгі сапа өлшемдері болып  табылады (1-қосымша).

Атмосфераның ластану  деңгейі атмосфера ластануының  кешенді индексінің (ИЗА5) шамасы бойынша бағаланады, ол қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ШМК-ның ең көп нормаланған көрсеткіштері бар бес зат бойынша, сондай-ақ ШМК-ның асып кетуі бойынша есептеледі.

Егер ИЗАкөрсеткіші 5-тен аз немесе оған тең болса, онда атмосфераның ластану деңгейі – «төмен», диапазоны 5-тен көп және 7-ге тең болған жағдайда – «көтеріңкі», ал 7-ден көп және 14-тен аз болғанда – «жоғары», 14-тен көп болған жағдайда «аса жоғары» деп саналады.

Қазақстан қалаларының  атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың  мөлшері жоғары деңгейде қалып отыр.

Мәселен, республиканың  ластанған қалаларына (ИЗА≥ 5) – 12 қала, соның ішінде жоғары деңгейде ластанған қалаларға (ИЗА5 ≥ 13) 8 қала (Алматы, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған) жатқызылған (3-диаграмманы қараңыз).

3-диаграмма

2009-2010 жылдары  Қазақстан Республикасының қалалары  бойынша атмосфераның ластану  индексі (ИЗА)

 

Динамика көрсетіп  отырғандай, атмосфералық ауаның ластану деңгейі іс жүзінде төмендемеген (1-кестеге қараңыз). Өнеркәсіп пен көлік саласы дамыған, ИЗА5  жоғары болып келетін қалалардағы атмосфераның жай-күйі айтарлықтай алаңдаушылық туғызады.

Зиянды заттардың  көп мөлшерде таралуына ластау көздерінің ауаны тазартатын құрылғылармен  жеткілікті дәрежеде жарақталмағаны себеп  болып отыр, сонымен бірге статистикалық  деректер соңғы үш жылдың ішінде осындай  құрылғылармен жарақталған көздердің  үлес салмағының төмендегенің көрсетеді. Мысалы, 2008 жылы олардың үлес салмағы  – 7,5% болса, ал 2010 жылы 6,4% құрады.

Атмосфера құрамында  шекті мөлшерден асатын ластағыш заттардың аса жоғары деңгейі - 17 қалада, орташа деңгейі 7 қалада тіркелген.

1-кесте

ҚР ірі  қалалары мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейінің өзгеру динамикасы 

Қала

ИЗА5

Ауаның ластануына әсер ететін өнеркәсіп салалары

2007 ж

2008 ж

2009 ж

2010 ж

1

Алматы

13,3

12,9

12,6

11,7

автокөлік, энергетика

2

Шымкент

11,9

9,9

11,2

11,4

түсті металлургия, химия, мұнай  өңдеу

3

Өскемен

7,9

9,6

7,2

7,2

түсті металлургия, энергетика

4

Ақтөбе

8,5

8,6

9,5

7,6

қара металлургия, химия

5

Теміртау

9,6

7,7

8,6

9,3

қара металлургия, химия

6

Қарағанды

7,6

7,7

7,5

7,2

энергетика, көмір өндірісі, автокөлік

7

Тараз

7,2

7,5

7,5

7,6

химия

8

Риддер

7,5

6,6

7,4

6,3

түсті металлургия, энергетика

9

Жезқазған

6,8

6,4

5,2

7

түсті металлургия, энергетика

10

Глубокое кенті

3,4

5,4

3,0

4,9

түсті металлургия

11

Атырау

3,3

5,3

2,4

5

мұнай өңдеу

12

Астана

8,1

4,7

4,5

5,5

энергетика, автокөлік

13

Семей

4,2

4,4

4,6

4,5

энергетика, құрылыс материалдары

14

Қызылорда

4,5

3,9

5,5

5,1

энергетика

15

Петропавл

4,3

3,9

4,3

4,1

энергетика, аспап жасау

16

Ақтау

4,5

3,5

4,3

3,0

химия

17

Қостанай

3,2

3,5

3,1

3,1

энергетика

18

Павлодар

1,9

2,4

1,9

2,5

мұнай өңдеу, энергетика

19

Балқаш

3,0

2,3

3,8

2,1

түсті металлургия, энергетика

20

Талдықорған

 

1,6

 

1,4

энергетика

21

Екібастұз

1,2

1,0

1,2

1,2

энергетика, көмір өндірісі

22

Көкшетау

 

0,8

 

0,8

энергетика, көмір өндірісі

Орташа ИЗА

5,77

6,10

5,44

5,24

 

Ақпарат дереккөзі: «Қазгидромет» РМК

Автокөлікпен ауаны  ластаудың көлемі аса үлкен қатер  төндіруде, бұған республика аумағында  автокөлік құралдары санының  шапшаң өсіп келе жатқаны себеп болуда.

2011 жылғы 1 маусым  бойынша тіркелген жеңіл автокөліктер  саны 2010 жылмен салыстырғанда 21,5%-ға  өсіп,  3 264,4 мың бірлікті құрады.

Экологиялық ахуалға  қазіргі ескі (10 жыл бұрын шығарылған) жеңіл автомашиналар паркінің техникалық жай-күйі де келеңсіз әсер етуде, олардың  саны 2 637 мың бірлікті немесе тіркелген жеңіл автокөліктер санының 80,8%-ын құрап отыр. Бұл ретте барлық тіркелген жеңіл автокөліктердің 99%-ы «бензин» отының пайдалануда.

Мұндай проблема республикамыздың ірі қалаларына тән  болып келеді, ондағы автокөлік құралдарының ауаны ластауға қосатын «үлесі»  жоғары деңгейде қалып отыр. Егер 2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың  мөлшері 2 226,6 мың тонна болған болса, ал жылжымалы көздерден таралған ластағыш заттардың мөлшері 1728,5 мың тоннаны құрады немесе 77,6% болды. Жылжымалы көздердің негізгі шығарындылары Қарағанды қаласында (230,0 мың тонна), Қостанай қаласында (196,7 мың тонна), Алматы қаласында (190,0 мың тонна) және Алматы облысында (192,0 мың тонна) байқалады.

Қазақстан Республикасындағы  оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер  паркіне біртіндеп көшу арқылы автокөлік  құралдарының экологиялық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында Үкімет кезең-кезеңімен, атап айтқанда:

2 - экологиялық кезең  2009 жылғы 15 шілдеден;

3 - экологиялық кезең  2012 жылғы 1 қаңтардан;

4 - экологиялық кезең  2014 жылғы 1 қаңтардан бастап шығарындылардың  үлесі бойынша Евро стандарттарды  енгізуді қарастырған.

Автокөлік құралдарына  арналған отынның сипаттамаларына  қойылатын техникалық талаптар мынадай  мерзімдерде:

2 - экологиялық кезең  2010 жылғы 1 қаңтардан;

3 - экологиялық кезең  2014 жылғы 1 қаңтардан;

4 - экологиялық кезең  2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгізіледі.

Бұл ретте 10 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда  жүрген автомашиналарға жаңа экологиялық  талаптар қолданылмайды және олар толық  ескіріп тозғанға дейін жұмыс  істей алады, яғни атмосфераны ластауды одан ары қарай да жалғастыратын  болады.

Тиісінше уәкілетті  орган Қазақстан Республикасының  аумағындағы ескі автомашиналарды (10 жылдан асқан) одан әрі пайдалануға  қатысты автокөлік құралдарының зиянды (ластағыш) заттар шығарындыларына  техникалық регламент қарастырмаған  және әзірлемеген.

Табиғатты пайдалануды басқару