Табиғатты қорғау және Тұрақты даму
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Абылай атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері
Халықаралык қатынастар кафедрасы
Халықаралық қатынастар
СӨЖ
Тақырыбы: Табиғатты қорғау және Тұрақты даму
Мазмұны:
- Кіріспе
1.1 Әлемдегі қоршаған табиғи орта
жағдайының сипатамасы………………………
- Табиғат
қорғаудың экологиялық негіздері.....................
...........................2-4
2.Негізгі бөлім
2.1 Табиғатты тиімді пайдаланудың
ұстанымдары...................
2.2 Адамның салауатты және
2.3 Экологиялық құқықтың негізгі
қайтар көздері................
- Қорытынды:....................
.............................. .............................. .............................. .10 - Қолданылған
адебиеттер....................
.............................. .............................. .........11
Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты
даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік
самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық
әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып
бара жатқандығы атап айтылды. Адамның
әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық
коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы
жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен
бірге адамзат та тозып барады, қоршаған
ортаның ластануы нәтижесінде халықтың
денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның
соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады,
тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде,
ең алдымен, психикалық және туа біткен
аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлы
Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың — мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.
Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:
- 1) барлығы барлығымен байланысты;
- 2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;
- 3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";
- 4) еш нәрсе тегін берілмейді.
Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.
Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:
- қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
- мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
- әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
- қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
- табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
- кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;
- қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;
- коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;
- қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.
Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері
Табиғат - адам баласыньщ тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы.
Адам баласының саны
артқан сайын табиғат
Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Табиғат қорғаудағы негізгі
мақсат – оның байлығын тиімді пайдалана
отырып, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында
Табиғат қорлары сарқылмайтын
және сарқылатын болып екіге бөлінеді.Сарқылмайтын
қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді.
Соның бірі-су. Жер шарындағы судыңүлесі
Сарқылатын қорлар өз
кезегінде қалпына келетін және қалпына
келмейтін деп жіктеледі.Мысалы,қазба
болашақ ұрпақтың қамын ойлағаны.
Соңғы жылдары жер шарындағы
барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған
антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр.
Олардың ең бастысы -әлімдік климаттағы
Күн мен жел энергиясы
Өркениетті елдер сияқты
біздің республикамызда да табиғат қорғауға
көп көңіл бөлініп отыр. 1997 жылы "Қоршаған
ортаны қорғау туралы заң” қабылданды. Заңның негізгі
Адам баласы табиғатты қорғау
1.Биосфера шегінде барлық
2. Табиғатта ешбір зат жоғалып
кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты
дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы
керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс.
Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты.
Полиэтилен табиғатта
3.Заттардағы барлық өзгерістер
энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни,
энергияның сақталу заңы
табиғатты пайдаланған кезде оны өндіру мен қайта түлетуді үйлестіре отырып, адам мен табиғаттың қауіпсіздігін сақтауы керек.
4.Табиғаттағы экожүйелер мен
Сондықтан адам баласы оны
а)өндірісті,өнеркәсіпті және агрокешендерді игеру кезінде табиғатқа түсетін салмақ ең аз мөлшерде болуы керек;
ә) өндіріспен өнеркәсіп салаларын ұйымдастыру кезінде адам баласы мен табиғат арасында экологиялық қауіпсіздік сақталуы тиіс;
б) табиғат, ресурстарын игеру кезінде оның қоршаған ортаға пайдалы әсеріне көңіл бөлінуі керек;
в) табиғат ресурстарын сол қалпында сақтау үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар мен басқа да ерекше қорғалатын объектілерді көбейту қажет
г) қоршаған орта мен адам баласының денсалығын сақтау үшін экологиялық қауіпсіздік шаралары қадағаланып отырады.
Табиғатты қорғаудың тағы бір
экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ
ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін
Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы
және табиғат қорғау заңдары.
Табиғат қорғау заңын орындау негізгі ұстанымдары мен ережелеріне негізделген.
Табиғат қорғаудың
бірінші ұстанамы. Табиғат байлықтарын пайдалануды
тұтынушылардың мақсатын ескере отырып
жүзеге асыру. Мысалы, орман тек құрылыс
материалы емес, ол ауа райын реттеуші,
ылғал көзі, дәрі-дәрмек, аң мен құстың
Табиғат қорғаудың
екінші ұстанамы. Табиғат байлықтарын пайдалану
барысында оның жергілікті жер үшін маңызы
мен қорын қатаң есепке алу. Бұл әсіресе орман,су қоры
Табиғат қорғаудың
үшінші ұстанамы. Табиғат қорларын пайдаланғанда
олардың бір-бірімен
Қорыта айтқанда, адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан табиғат қорларын ғылыми негізде қайта отырып пайдалану және қорғау мақсат етіліп қойылуы тиіс. Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау азаматтың міндетті борышы.
Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми-фактілерді саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Орыс патшасы I Петр Мәскеу маңындағы ормандар мен оның қойнауындағы табиғат байлықтарының бәрін "патша қазынасы” деп жариялап, жарлық шығарған. Тіптен, өзен бойынан 3 км жерге дейін ағаш кескендерді қатаң жазалаған.
Мұндай көзқарастар кейінен басқа да елдерде қолдау тауып, Еуропа, Ресей, Қытай, Үндістан, Жапон елдері табиғат қорғауға көп көңіл бөлген. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Осындай шаралардың бірі Халықаралық табиғат қорғау ұйымы (ХТҚҰ) еді. Ол 1948 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты – дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің "Қызыл кітабын” ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық "Қара кітаптың” тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.
"Қызыл кітап” туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық "Қызыл кітаптың” алғашқы басылымы, одан соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО-ның "Қызыл кітабы” шықты. Қазақ КСР-ның алғашқы "Қызыл кітабының” жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның "Қызыл кітабы” содан бері 1991 және 1996 жылдары өнделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.
"Қызыл кітапты” ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырды. "Қызыл кітапқа” енетін әрбір түрге ғылыми сипаттама беріліп, талқыға салынды.
Одан соң жануарлар туралы
қарар қабылданып отырды. Мұндай шараларды ұйымдастыруда
"Қызыл кітапқа” белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың
не өсімдіктің 5санатын(
I санат –жойылып бара
I санат – саны азайып бара жатқандар ( жақын арада жойылып кетуі мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғасы, сары құтан, жұпар, құлан, т.б.
Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі заңдарда бекітілген. Бүгінгі күні адамның қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы мынадай мәселелерді қамтиды:
- халықаралық және ұлттық стандарттарға сай келетін салауатты қоршаған табиғи ортада өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері;
- экологиялық қауіпсіздікке байланысты шешімді дайындауға, талқылауға және қабылдауға қатысу, қоршаған табиғи ортаның жай-күйі туралы тиісті ақпараттар алу;
- қоршаған ортаның ластануы нәтижесінен адам денсаулығына келтірілген зиянды мемлекеттің өтеуі құқығы.
Осы орайда адам құқықтарының оның міндеттерінен бөлінбейтіндігін атап кеткен жөн. Бұл дегеніміз: адам қолайлы қоршаған табиғи ортаға деген құқыққа ие бола отырып, оның сақталуы үшін қажетті, тиісті нәрсенің бәрін жасауға міндетті дегенді білдіреді.
Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) атынан Әлемдік қауымдастық қоршаған ортаға және болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей
қазіргі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін
қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Тұрақты
(орнықты) даму тұжырымдамасын әзірледі.
Бұл тұжырымдама — қоғам мен та
- 1996 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік "қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың, өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі" ретінде қарастырылады.
- 1997 жылы 15 шілдеде қабылданған: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, сонымен қатар ол экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
- 1997 жылы 15 шілдеде "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасынын Заңы қабылданды. Қазақстанда қорықтар мен қорық
шаларды сақтау бұл заңды қабылдаудың мақсаты болып табылды. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын аумақтардың мынадай түрлері белгіленді: мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік қорықтық аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т.б. - 1997 жылы 18 наурызда "Экологиялық сараптама туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бүгінгі күнде экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша қандай да бір шаруашылық қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
- 1993 жылы 21 қазанда қабылданған "Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы" ҚР Заңының маңызы зор. Жануарлар әлемі мемлекеттің меншігіне жатады. Елді мекендердің құрылыстарын салғанда, өсімдіктерді қорғау үшін химиялық дәрілерді қолданған кезде, өндірістік процесстерді жүзеге асырған кезде, табиғат апаттары кезінде, жабайы андардың қоныс аудару және олардың тіршілік ету ортасын өзгерту кезінде осы заң бойынша белгілі бір талаптар қойылады. Мұның бәрі орындалуы керек. Аң, балық аулау үшін арнайы тәртіппен пайдалану квотасы мен шектері белгіленеді.
Қазақстанда табиғатты қорғау қызметін реттейтін арнайы кодекстер бар. Олар: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған "Жер кодексі", 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған "Су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған "Орман кодексі",
- 2002 жылы 11 наурызда "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік береді.
Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қазақстан 1992 жылғы Рио-де-Жанейро Декларациясында 6-қағидасымен бөліп көрсетілген экологиясы неғұрлым нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған.
Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен
адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай
туғызу — демократиялық мемлекеттің басты
мақсаты болып табылады. Осыған байланысты
мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық,
техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық
шараларды жүзеге асыруға міндеттейді.
Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға
құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты
аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы
қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қо
Қорыта айтқанда,
адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай
өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан табиғат
қорларын ғылыми негізде қайта отырып
пайдалану және қорғау мақсат етіліп
"Қызыл кітап”
туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі
Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық
"Қызыл кітаптың” алғашқы басылымы,
одан соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы
жарық көрді. 1978 жылы КСРО-ның "Қызыл кітабы” шықты.
"Қызыл кітапты”
ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының
Ұлттық Ғылым академиясының
Одан соң жануарлар
туралы қарар қабылданып отырды. Мұндай
шараларды ұйымдастыруда
рытынды:
Қолдалынған адебиеттер
- Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М.: 2003.
- Пехов А.П. Биология с основами экологии. Санкт-петербург, 2000.
- Пономарева И.Н., Соломин В.П., Корнилова О.А. Общая экология. М.: 2005.
- Тупкин Е.И. Общая биология с основами экологии и природоохранной деятельности: М.: ПрофОбрИздат, 2001. – 384 с.
- Коробкин В.И., Предельский Л.В. Экология. Ростов н/Д: 2003. – 576 с.

- Табиғатты қорғау оның принциптері мен әдістері
- Табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар
- Табиғатты қорғау шараларының негізгі бағыттары
- Табиғатты қорғаушыларға құрал
- Табиғаттың ластануы
- Табиғаттың ластануы
- Табиғатты пайдалануды басқару
- Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс
- Табиғат ресурстарына меншік құқығы
- Табиғат ресурстарына меншік құқығы
- Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
- Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау
- Табиғаттағы су айналымы
- Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану