Табыстар

                                        Кіріспе

Кәсіпорынның  нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы.  Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:

"Табыстар  дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі".

Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" .Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен    алынатын    табыс;    төтенше    жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады.

                             КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ

КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ

ТАЛДАУДЫҢ МШДЕТТЕРІ

 

Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек. Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бүл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Нарықтық экономика  жағдайында табыстың ролі ол атқаратын  қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі  арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:

  1. мемлекеттік бюджет табысының көзі;
  2. кәсіпорын   мен   бірлестіктердің   өндірістік   және әлеуметтік даму көзі.

Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Табыс өз қызметтерін  тиімді орындай алуы үшін келесідей  негізгі шарттар қажет болады:

1. Жуықтаудың белгілі  бір дәрежесінде, өнім бағасы  еңбектің  қоғамдық  қажетті   шығындарын   керсетуі   тиіс  және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің  үздіксіз өсуі мен өзіндік  құнның төмендеуін ескеруі қажет.

  1. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
  2. Табысты  бөлу  (тарату)  механизмі  белсенді  рольатқаруы  керек және  өндірістің дамуы  мен  оның  тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

4. Табысты   тиімді   пайдалану   тек   қалған   барлық қаржы тұтқаларының  жүйесінде  (амортизациялық аударымдар,   қаржылық   санкциялар,   салық   салу,   акциздер, 
жал   төлемі,    дивидендтер,    пайыздық    мөлшерлемелер,арнайы    қорлар,    салымдар,    пай    (жарна)    төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, 
валюта   және   бағалы   қағаздар   курсы   және   т.б.)   ғана мүмкін.

Бірақ табыстың абсолютті  мөлшері кәсіпорынның қаржышаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.

Кәсіпорынның   табыстылық   көрсеткіштерінің   өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінін өзі др те мүдделі.  Сондықтан  әр V-абсолютті   және  салыстырмалы  түрде талдау жасайды.

Табыстылық  көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:

  • табыстылықтың  абсолютті  көрсеткіштерінің  жоспарының орындалуын бағалау;
  • таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
  • табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
  • табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
  • табыстың өсу резервтерін анықтау;
  • кәсіпорынның  даму  перспективасын   ескере  отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
  • табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін   және   олардың   деңгейлеріне   әсер етуші факторларды зерттеу.

 

 

 

 

ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ АБСОЛЮТТІ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады  Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында  ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады

Әнім өткізуден түсетін  табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-мате-риалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.

   Кәсіпорында  өнімді өікізуден түскен табыс  жоспарланған тауар өндірісінен және бұйьшдардың (дайын әнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы гауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс өлемі    жоспарының    төмендеуі,    ауыспалы    тауарлы-материалдық   қорлардын, < тым   артуы   есебінен   болатын жағдайлар да кездеседі.

Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қол-данылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген   өнімдер   үшін   есеп   айырысудың  бұл   нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:

  • біріншіден   бұл    нысан    жабдықтаушылар    үшін тиімді;
  • екіншіден,   белгілі  бір  дәрежеде   өндірілген   өнім сапасын   бақылау   темендейді,   әсіресе   егер   жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер   нарығында    монополиялық    орын    алатын болса;
  • үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен  кейін,тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар    мен    материалдар    сатып    алу    жүргізілген уақытта).

  Табыстыльщтың  абсолютті көрсеткіші -жалпы табыс. Ол  өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа  әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді

Көптеген  кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жол-дарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.Шаруашылық жүргізудің түрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды  шығындар  бөлігінде  өзіндік  құнды  төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Шығарушы салаларда  табиғи себептерге байланысты табыс есімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.

Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.

Заттай түрде  өнімді өткізу көлемінің есуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорын-дардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан  тыс  әкетеді.  Төлем  жүргізбеудің  себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.

 шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы табыс көлемін маржи-налды табыс көлемімен теңестіруге және оны талдау-дың прогрессивті әдісін қолдануға болады.

 

 

 

 

 

МАРЖИНАЛДЫ ТАБЫСТЫ ТАЛДАУ

Нарықтық  экономикаға өту өндіріс шығындарын есепке алуды ұйымдастыруды қайта қарауды және оның прогрессивті әдістерін ендіруді талап етеді. Осы мақсатта ҚР бухгалтерлік есеп теориясы мен прак-тикасы үшін нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шығындарды есепке алуда "директ-костинг" жүйесі бойынша ұйымдастыру тәжірибесі көңіл аудартады. Бұл жүйе АҚШ-та пайда болған. Оның негізгі идеялары "Өндірістік есептің Ұлттық қауымдастығының бюлле-тенінде 1996 жылдың қаңтарында жарияланған амери-кандық зерттеуші И. Н. Гарристің мақаласында айтылған. Директ-костингті нақты енгізу АҚШ-та 1953 жылы іске асты, сол кезде бухгалтерлердің Үлттық қауымдастығы осы әдістің сипатамасын жариялады. "Үлыбританияда бұл әдіс "маржиналь-кост", ал Францияда -"маржиналдық бухгалтерия" деп аталады", - деп жазған В. И. Ткач және М.В. Ткач . Директ-костинг жүйе-сінің негізінде "Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу - директ-костинг жүйесінің бірінші ерекше белгісі", - деп біздің ғалым, профессор С.С. Сатыбалдин тұжырымдайды .

Айнымалы  шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін тікелей шығындар жатады: шикізат және негізгі материалдар, технологиялық мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндірістік персоналдың жалақысы, тиісті төлемдерімен бірге жабдықтарды күту және пайдалану шығындары және бірқатар басқа да үстеме шығындар.

Тұрақты шығындарға әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындары жатады. "Тұрақты шығындар кезеңдік шығындар болып есептеледі және бұйымдар арасында бөлінбейді, олар тура нәтижелерге жатқызылады"

Айнымалы шығындар тұрақты  шығындармен салыстырғанда күшейтілген бақылауды талап етеді. Тұрақты шығындардың мөлшері тұрақты болып қалады және өндіріс көлеміне пропорционалды өзгермейді, мысалы, жал төлемі, несиені пайдаланғаны үшін пайыз-дар, негізгі құралдарға есептелген амортизация, кәсіпо-рын басшысының жалақыларының кейбір түрлері және басқа да шығындар.

Тұрақты шығындар бірдей уақыт аралығында бірдей сомамен есептеледі. Оларға кәсіпорын және оның бөлім-шелері бойынша смета есептеледі. Ескерілген ауытқулар (үнемдеу немесе артық шығындалу) негізінде кәсіпорынның шаруашылық нәтижесіне әр бөлімшенің салы-мын анықтауға болады. Айнымалы шығындарға қара-ғанда, тұрақты шығындар, жоғарыда аталғандай өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді емес. Сондықтан оларды азайтудың басты резерві өндіріс көлемінің өсуінде жатыр. Шығарылған өнім көлемі қаншалықты көп болса, өнім бірлігіне тұрақты шығындар соншалықты аз келеді.

Шығындарды  тұрақты және өзгермелі деп жіктеу біршама шартты сипатта екенін айта кеткен жөн, себебі шығындардың бір бабы әр түрлі жағдайда өндіріс көлеміне тәуелді немесе тәуелсіз болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын қызметінің саласын кеңейту, тиісті қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерінің жұмыс көлемін ұлғайтады (бухгалтериялар, маркетинг бөлімі, жоспар-лау-өндірістік бөлімі және т.б.)- Бұл жағдайда белгілі бір кезеңде басқару аппаратын ұстау шығындарының өсуі пайда болады, ол шығындар белгілі бір кезеңде тұрақты ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, тұрақты шығындар қатарына жатқызылған жеке баптар бойынша өнім шығару көле-мінің тұрақсыздығына тәуелсіз бір кезеңнен екіншіге өзгеру байқалуы мүмкін (мысалы, жал төлемінің өсуі, материалдар   мен  тауарларды   сақтау   бойынша  шығындардың көбеюі және т.б.)- Басқа бір жағынан алғанда, айнымалы шығындар, өндірісті ұйымдастыру және технологияның жаңаруы сияқты факторлардың салдары-нан өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде өзгеріссіз қалмай-ды. Шығындарды түрақты және айнымалы деп бөлу қысқартылған (толық емес, шектеулі) өзіндік қүнды есептеу мақсатында жүргізіледі. Оны есепке алу және жоспарлауға тек айнымалы шығындар ғана қосылады, яғни "директ-костинг" жүйесі кезінде өнімнің толық өзіндік қүнын калькуляциялау әдісі қолданылмайды. Біздің елімізде бухгалтерлік есептің қазақстандық стан-дартына көшпес бүрын, толық өзіндік құнды есептеу және калькуляциялау жүйесі кеңінен тарады, ал "директ-костинг" жүйесі іс жүзінде қолданылмады.

Бухгалтерлік есептің  №3 "Қаржы-шаруашылық қыз-метінің нәтижесі туралы есеп" стандартының мазмұны ҚР-да шығындарды есептеуді ұйымдастыру "директ-костинг" жүйесі бойынша жүргізілуі керек екендігін куәландырады. Бұл есепте тұрақты шығындар, ендірістік өзіндік құнға жатқызылмайтын және кәсіпорынның жалпы табысынан алынып тасталатын кезең шығын-дарына жатқызылған. Жыл бойы бұл шығындар субъек-тінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі-нің шоттарының Бас жоспарындағы 821 "Жалпы және әкімшілік шығындары", 831 "Пайыздар бойынша шығындар" және 811 "Тауарларды өткізу бойынша шы-ғындар" шоттарында жинақталады.

 Бұл жүйенің  мәні туралы арнайы әдебиетте  (37, 38) біржақты көзқарас жоқ екенін атап өту керек. Бұл авторлар "директ-костинг" - бұл өндіріс шығындарының есебінің жүйесі деп есептейді. С.С. Стуков оны "өн-дірістік шығындардың қысқартылған номенклатурасы бойынша тек айнымалы шығындар бөлігінде есепті жүргізу деп атайды (39). Басқа авторлар "директ-костинг" жүйесін калькуляциялау әдісіне жатқызады. С.С. Сатыбалдин былай деп жазады: "Біздің көзқарасымыз бойынша, осы жүйенің мазмұнын әлдеқайда дүры-сырақ сипаттайтын термин айнымалы шығындардың өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады" (36), дегенмен осы сілтеме алынған оның монографиясының тарауы "Директ-костинг" жүйесі бойынша өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік қүнын каль-куляциялау" деп аталады. Осы жүйені калькуляция-лаудың бір әдісі деп тани отырып, В.И. Ткач және М.В. Ткач "директ-костинг" терминінің орыс тіліндегі дұрыс аудармасы "қиылған өзіндік қүн" емес, "пропор-ционалды өзіндік құн" деп есептейді (35). В.Ф. Палий (40) өз еңбегінде "директ-костинг" жүйесін "тікелей шығындар бойьшша калькуляциялау" деп, ал С.А. Стуков "шектелген өзіндік құнды есепке алу әдісі (41)" деп атайды.

Соңғы сілтеменің тұжырымы мынадай, яғни автор "директ-костинг" жүйесі өндіріс шығындарын есептеудің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың біртекті әдісі деп санайды, ал Н.Г. Чумаченко бұл жүйе кезінде өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құ-нын калькуляциялау жеке қолданылады деп есептейді (37).

Біз қарастырып отырған мәселе бойынша бірнеше авторлардың көзқарастарын келтірдік. Біздің көзқарасы-мыз бойынша "директ-костинг" жүйесі, өндіріс шығын-дарының есебін және өнімнің өзіндік құнын калькуля-циялауды бірге байланыстырады.

"Директ-костинг"  жүйесін қолдану белгілі бір қиындықтармен байланысты. Шығындарды тұрақты жә-не айнымалы деп жіктеу, тіпті нақты кәсіпорын бойынша да мүлдем анықталуы мүмкін емес, ол қызметтің өзгермелі жағдайларына байланысты қарастырылуы тиіс. "Директ-костинг" жүйесін қолдану барысында калькуляциялау және баға белгілеу үшін өнімнің толық өзіндік құнын жүйеден тыс жолмен анықтауға тура келеді. Сонымен қатар, салық органдарымен де өзара қатынастар қиындайды,  себебі өндіріс шығындары мен салық салуға жататын табыс есептік жолмен анықтала-ды. "Сонымен қатар, - деп жазады проф. В.К. Радосговец -шығындарды түрақты және өзгермелі деп бөлу есептің бақылау және талдау мүмкіндіктерін күшейтеді, ұтымды шешім қабылдауға ықпал етеді" (42). Басқаша айтқанда, шығындарды бөлу шарттылығының кемшіліктері "директ-костинг" жүйесінің аналитикалық артықшылық-тарымен жабылады, олардың негізгілері:

  • шығарылған өнімдердің сүрыпталымы мен табысын үйлестіру;
  • жаңа  өнім   бағасын   анықтау,   кәсіпорынның   өндірістік қуатының өзгеру нұсқаларын есептеу;
  • өндіріс    тиімділігін    бағалау    (жартылай    фабрикаттарды алу);
  • қосымша тапсырыс қабылдау, жабдықтарды ауыстыру   тиімділігін   бағалау   және   тағы   басқалар болып табылады.

"Директ-костинг"  жүйесі - бүл шығындарды олар-дың түрлері, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабыл-даудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесі. С. С. Сатыбалдиннің ойынша бұл жүйе кезінде "өнді-рістік және қаржылық есеп интеграциясы" орын алады, бүл "директ-костинг" жүйесінің екінші ерекшелігі болып табылады (36). Бұл көзқараспен С.А. Николаева келіс-пейді, ол "бүл жүйе бойынша ендірістік есеп қаржылық есептен бөлек және онымен бірлесе ұйымдастырылады" -деп санайды С.С. Сатыбалдин бұл жүйе қаржы жүйесінен жеке ұйымдастырылуы мүмкін екенін мойын-даған және олардың интеграциясына негізделген "директ-костингтің" харрисовтық жүйесін дұрыс көр-сетеді. Американдық оқулықта оны "есеп жүргізудің монистикалық жүйесі" деп те атайды. "Оның мәні -деп жазады С.С. Сатыбалдин өндірістік және қаржылық есептің жазулары жалпы жүйеге келесі жолмен біріктіріледі, өндірістік есептің ішкі операциялары бас кітапта көрсетіледі. Өндірістік шығындар және пайда мен шығындар туралы есеп басшылыққа "құн-көлем-пайда" мәліметтерінің тәуелділігі түрінде беріледі... Бірақ бұл жүйенің американ ғалымының кезқарасы бойынша белгілі бір кемшіліктері бар. Олар мыналар: біріншіден, өндірістік және қаржылық есептің сипаты мен мақсаты әр түрлі, сондықтан оларды біріктіру дұрыс емес. Есепті өндірістік және қаржылық деп бөлу негізінде коммерциялық құпияны сақтауда жатыр" Тұрақты     шығыкдар     өзгерісінің     бағыты     қарастырылған айнымалы шығындарға ұқсас болып келеді.

Осы формуладан көріп отырғанымыздай, тұрақты шығындардың сомасының кез келген өсімі қауіпті көлемінің өсуіне әкеледі және керісінше. Басқаша айт-қанда, өткізуден түскен табыс жаңа, өскен шығындарды өтеуі ұшін өнімнің белгілі бір көлемін қосымша сату қажеттілігі туады, яғни белгілі бір көлемде қосымша өнім сатылуы керек.

Осы мысалды одан әрі қарастыра отырып, мысалы жал төлемінің өсуіне байланысты тұрақты шығын-дардың 10%-ға өсуі қауіпті көлемге қалай әсер ететінін анықтайық. Мәліметтерді жоғарыда келтірілген форму-лаға қойып, жаңа, өскен тұракты шығындар жағдайында тек зиянсыз жұмыс істеу үшін ғана, қосымша 3000 өнім бірлігін сату қажет екендігін анықтаймыз. Кері тұжырымдама да дұрыс болады, *^цц гұрақты шығындардың азаюы зиянсыздық нүктесін төмендетудің және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірден-бір әдісі болып табылады. Осылайша, 30000 өнім өткізіп, кәсіпорын шығянсыз жұмыс істейді. Бір өнімге шаққандағы тұрақты шығын мөлшері 15 теңгені (450000:3000)) қүрайды. Өндірістік қуаттар толық жұмыспен қамтылмаған. Сатып алушы 20 теңгеден 6000 бұйымды сатып алғысы келеді.Табыстылықты талдауды логикалық түрде жалғастыра отырып, біріншіден, өткізуден түскен табыстың қандай көлемінде кәсіпорын үшін қажет негізгі қызметтен түсетін табысты алуға болатынын, екіншіден, тұрақты шығындардың деңгейінің өзгеруі қаржы нәти-желеріне қалай әсер ететінін анықтайық. Біздің мысалы-мызда 30 000 өнімді өткізу барлық шығындарды өтеген болатын. Яғни, осы мөлшерден ең болмаса бір өнімді артық сату ең аз табысты алуға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 40000 өнім сатылды делік. Негізгі қызметтен түскен табыс 150 мың теңгені құрайды. (40000 • 24 - 40000 • 9 - 450000 = 960000 - 360000 -450000).

Кәсіпорын басшылары  табыс а) 5%-ға, ә) 10 %-ға өсуіүшін өткізу көлемін қаншаға өсіру керек екендігі туралы мәселе қояды.



Берілген  формула маржиналды табысты тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен жоспарлы табыстың сомасы ретінде анықтаудан шығады.

Ол үшін формуланың оң және сол жағын өнім бірлігіне есептелген маржиналды табыс өлшеміне көбейту керек:

Келтірілген формулаға белгілі мәліметтерді орнына қоя отырып, негізгі қызметтен  түскен табыс сәйкес 5% және 10%-ға өскендігін жоспарлы сату көлемімен анықтаймыз:

Негізгі қызметтен  алынатын табысты 5%-ға көтеру үшін жалпы сомасы 12 мың теңгеге тең 500 өнім (500-24), ал 10%-ға - жалпы сомасы 24 мың теңгеге тең 1000 өнім өткізу керек (1000-24).

Яғни өнім көлемінің 1,25%-ға    ■ I өсуі негізгі

(   4000    )

қызметтен   табыстың   5-ке   өсуін   қамтамасыз   етеді,   ал 
өткізуді   2,5%-ға өсуі   непзп   қызметтен

түскен табысты 10%-ға арттырады.

Егер кәсіпорын  өнімнің бір емес, бірнеше түрін өткізетін болса, онда кәсіпорын үшін зиянсыздық нүк-тесі құндық түрінде келесі формула бойынша анықталады:

"Шығындар - шығару (өткізу) - табыс" арақатынасын талдау әдісі маркетингтік талдауда өнімнің аз көлемін жоғары бағамен немесе көп өнімді төмен бағамен сату керек пе деген сұраққа жауап беру барысында пайдаланылуы мүмкін.Кәсіпорын үшін тиімді вариантты тавдау осы арақатынасты талдау процесінде жүргізілетін есептеу-лерді қажет етеді. Шығындарды өнім көлемімен және табыспен өзара байланыссыз қарастыру мүмкін емес, себебі бұл жағдайда қойылған сұраққа жауап алын-байды. Сондықган, "шығындар - шығару (өткізу) - табыс" арақатынасын талдау басқа салалармен қатар маркетингтік талдауда да қолданылады.

Жоғарыда  айтылған "директ-костинг" жүйесі және оның негізінде іске асырылатын маржиналды табыстың талдауы нарықтық экономиканың белгілері болып та-былады. Оларды пайдалану есеп, аудит және басқару шешімдерін қабылдаудың интеграциясының жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүл жүйеде басты көңіл ресурстар шығындарының өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді жағдайды зерттеуге бөлінеді, бұл кәсіпорынньщ қаржы жағдайын түрақтандыру бойынша тез және икемді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Оньщ  ең маңызды жағы - өнімнің өзіндік  құнын тек айнымалы шығындармен шектеу, күрт төмендеген шығындар баптарының санын нормалау, жоспарлау, калькуляциялау жүмысын, есеп және бақылауды жеңіл-детуге мүмкіндік береді: өзіндік құн "әлдеқайда анығырақ" болады, ал жеке шығындар - жақсырақ бақыланатын болады.

Бұл жүйе, тұрақты шығындардың көлемін  жоспар-лау мен нормалаудың негізделу мәселесін шешуге мүмкіндік береді, себебі осы шығындардың сомасы табыс туралы есепте жеке қатарда көрсетіледі.

Бұдан басқа "директ-костинг" жүйесінде түрақты шығындарды жедел бақылау жүзеге асырылады, себебі езіндік құнды бақылау кезінде стандартты шығындар немесе икемді бюджеттер жиі қолданылады. "Директ-костинг" жүйесінде "стандарт-кост" жүйесін пайдалану барысында, тұрақты шығындарға стандарттар қойылады, ал икемді бюджеттер негізінде өндірістік қуаттың жұмысқа жүктелуінің әр түрлі деңгейлері үшін тұрақты шығындардың әр түрлі деңгейлерінің қойьшуы жатыр.

"Директ-костинг"  жүйесі кезінде келесі басқарушы-лық шешімдерді қабылдауға болады: ең жоғары маржи-налды табыс белгісі бойынша өндірістік бағдарламаны ұтымды етуге байланысты; бәсекелес белгілі бір баға-мен сататын жаңа өнімге баға белгілеу мәселесі бойын-ша; жабдықтарды таңдау және ауыстыру бойынша; өзінде өндіру немесе шеттен сатып алу бойынша; қо-сымша тапсырыс қабылдаудың дұрыстығы туралы және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржы-лық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топ-тастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық  көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;

ә) өнімдер;

б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды бел-гілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтер-дің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық  коэффициентіне талдау жүргізушілер:

•   басқару  тиімділігінің көрсеткіштері;

  • кәсшорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде  ала  алу  қабілетін  көрсететін өлшеуіш;табысты болжау әдісі;
  • шешім   қабылдау   және   бақылау   құралы   ретінде пайдаланады.

Басқару тиімділігінің  көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының  индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялау-ға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капи-талдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Бұл көрсеткішті  табысты (пайданы) болжау мақса-тында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кэсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл бол-жаудың нақтылығын жоғарылатады.

Табыстар