Тарих - шындық, ал, оның дәмі удай ащы
Сөз басы
Адам баласы дүниеге келгеннен бастап жер еміп, тіршілік нәрін алатыны дәлелдеуді қажет етпейтін шығар. Сондықтан ғой, «жер ана» деп оған бас иіп табынатынымыз. Алайда, жер емудің амал-айласы мен әдіс-тәсілдері әр елде сан алуан түрмен қалыптасқан екен. Табиғаты мен ауа- райы тіршілікке қолайлы өңірде қоныс тепкен, өндірістері қарыштап дамыған елдер әу баста-ақ жермен тікелей қатынасқа көшіп, жайқалып өсіп, көзге көрініп тұрғанын ғана емес, қойнауындағы байлыққа да қолдарын малып үлгерулерінің арқасында қарыштап дамудың шыңына жетсе керек. Ал, көшпенділер біз жер астын айтпағанның өзінде оның үстіндегі өсімдік, шөп атаулыға да ол тұста қол ұшын тигізбедік. Көз алдымызда мөлдіріп, пісіп тұрған жеміс-жидекті үзіп жегенімізді есепке алмай-ақ қоялықшы. Жердің игілігін біз негізінен мал арқылы, одан шығатын өнім арқылы ғана көріп, дәмін таттық. Онымыздың өзі шын мәнінде, делдал арқылы жететін пайдалы коэффициенті шамалы тауар ретінде тұтынылды.
Тарих - шындық, ал, оның дәмі удай ащы
Тарихи деректерге көз салсақ, көшпенділер ұрпағының пешенесіне әу баста-ақ, артта қалушылықты жазып қойғандай көрінеді де тұрады. Ежелгі көшпенділер Орта және Орталық Азияда қазіргі қытайлар мен орыстардың арғы ата-бабаларының түсіне кірмей тұрғанда-ақ, алғашқы мемлекетті құрғанын тарихшылар дәлелдеп қойған. Расында, жыл санауымыздан бұрынғы 209 жылы шаңырақ көтерген Ғұн мемлекетінен бастасақ, көшпенділер ел билеудің, өкімет құрудың 2200 жылдан астам тарихы бар ежелгі халықтардың бірі. Бірақ, оның несімен мақтанамыз, қалай масайраймыз деген ой тағы келеді. Тарихи дерекке жүгінейік. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы II ғасырда Ғұндар қала салған жоқ. Мал шаруашылығымен шұғылданды, судың тұнығын, шөптің шүйгінін іздеп жылдың төрт мезгілін көші-қонмен өткізді. Ал, VI-IX ғасырларда ежелгі монғол жерімен қоса Орта Азияның көп бөлігін түркі тайпалары биледі. Түркі қағанаты (555-745 жж) тұсында да көшпенділер отырықшылыққа айнала алмады. Әр тайпаға тиесілі жерлері болды, бір көшпенді қайтыс болса, зиратының үстіне оның көзі тірісінде өлтірген адамының санымен тас үйеді екен. X ғасырдан бастап түркі тайпаларының билігі әлсіреп, ақ қорғаннан бері қарайғы кең далада шашырай қоныстанған көшпенділердің сан жүздеген тайпалары нағыз «күндіз отырмаудың, түнде ұйықтамаудың» кебін киіп өзара қан төгісіп, қырқысумен XIII ғасырдың соңы яғни, орта ғасырдың жартысын еңсергені тарихтан мәлім. «Не шын, тарих ғана шын, қалғанның бәрі жалған» деген афоризмнің жаны бар. Қалай десек те, көшпенділердің өткен тарихы соғыс пен қайғы-қасіретке толы болғаны ақиқат. Оның ішінде өзгелерден қорғанудан бұрын өздері соғыс ашып, жаулап алғаны басым түсіп жатқандығында да гәп болса керек. Жалпы кез-келген мемлекеттің тарихы қоғамдық байлықты өсіру үшін жасалатын мәңгілік күрестен тұратыны еш шүбәсіз шындық. Алайда, бұл күрестің міндетті түрде жаулап алу, жорық жасау немесе тонаудан тұруы шарт емес шығар. Амал не, тарих дөңгелегін кері бұра алмайсың.
Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері
Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері
Біздің заманымызға дейінгі
бір мыңыншы жылдары бүкіл
Евразия даласында скиф-сақ
Сонымен бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен көшпелі тайпа “тұрларды” да атап өтеді. Ал осы “турларды” ежелгі гректер массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан түрік тектес халықтардың, дәлірек негіздесек қазақ халқының арғы ата-бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағын танып білеміз. Массагеттер мен турлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Геродот та жазып кеткен.
Ежелгі дәуірде Орта Азия мен
Қазақстан жерінде тайпа
Соның бірі, әйгілі әйел патша –Томирис. Массагеттер патшасы Томирис өз кезегінде ешкім тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп, әскерін талқандап, өзін қолға түсіріп басын алады. Уақиға туралы Геродот өзінің әйгілі “Тарих” шығармасында (б.э.д. 440-430ж.ж.) мынандай дәйекті келтіреді: “Парсыларды женгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтырып қан құйғызып: “Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!”- деп, оған Кирдің басын салдырған.
Әлемнің жартысын жаулап алып, төрткүл дүниеге қаталдығымен, жойқын жаугершілігімен Мәшһүр болған Кир және одан кейінгі “жеңілмес” патшалар: Дари, Ескендір Зұлқайнар массагеттер даласына келгенде таулары шағылып, кері қайтып отырған. Қайсар-батырлықтың арқасында сақ-скиф, массагеттер кең байтақ Евразия даласын ешкімге бермей жайлап жатты. Көшпенділер мәдениеті мен өнері өзінің жаулары мен жақтастарын таңдандырып, құндылығымен жарты әлемге мәшһүр болды. Сақ-скифтер қолынан туындаған өнердің ықпалы ежелгі шығысқа да, батысқа да үлкен әсер етті. Әсіресе “аң бейнелі” әдіспен әсемделіп соғылған нәзік те нақышты дүниелері басқа елдердің құрметпен қарауына мойын ұсынылды. Ертедегі эллиндік және қытай шеберлері көшпенділер өнеріне тәнті болып, оны өз байларына сіңіруге тырысты.
Көшпенділер өнерінде
Бүкіл Евразияның байтақ даласын күн шуақты – алтынды “аң тәсілді” өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, біртума ескерткіш Есік қорғанынан табылған “Алтын адам” кейіпі жерленген мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған киім киісіне қарағанда, оның анау-мынау адам емес, патша сарайы қызметшісі немесе бір тайпа елдің көсемі екеніне шүбә келтірмейсіз. Алтын адам киімі – сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы. Бұл тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата-бабамыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры. Төрт мыңнан астам алтын пластинкалардан құрылған қапсағай сауыт, қанатты тұлпар (пырақ) мен архар бейнесі қондырылып, алтын жебелермен көмкерілген шошақ бөрік және басқа да әшекейлер – озық ойлы, талантты шебердің қолынан шыққан құдіретті туынды емес пе?
Әлем мәдениетіне қайталанбас,
Көшпенділер өнерінің шуағы бір шеті Қытайға, екінші шеті ертедегі Иберияға (Испания) дейін жетті. Сол дәуірде скиф-сақ тайпалар бірлестіктерінің ішіндегі аландар, совраматтар, сарматтар ежелгі грек, Римге дейінгі жерді жайлап, тіпті кейде сол өңірге өз үстемдіктерін жүргізіп те отырған.
Кейіннен сақтарды безендіру ағымының ықпалынан полихромдық өнер ағымы пайда болды. Полихромдық ағымда негізінен екі бағыт қатты дамыды; оның біріншісі – дәнекерлеп жасаған ұяларға түрлі–түсті тастар орнатылады, сонымен бірге әсем түйіршіктер мен жылтырлаған сымнан өрнектер жасалды, екініш бағыттағыларда фон (түс-қабыршық) болмайды дәнекерленіп жасалған қоршауларға асыл тастар орнатылады. Осы екі бағытта жасалған әшекей заттар Қазақстанның кең байтақ даласында көптеп табылуда. Көбінесе, солардың ішінде; сәукеле, шекелік, жүзік, сырға белдік, қын, қылыштың сабы т.б. заттар кездеседі.
Әр халықтың
ғасырлар бойы жинақтап
Жалпы
адамзат тарихына көз жіберсек,
“көшпенділер” деген атпен
Орта ғасырлардағы қазақ мәдениетінің орталығы
болған негізгі қалалар
Отырар
– Қазақстанның орта
Осындай есеңгіреткен қырғыннан кейін де Отырар қайтадан ес жиып, бұрынғы қалпына келіп отырды. Бір жағынан тоғыз жолдың торабында – Жібек жолының бойында орналасқандықтан, қала экономикалық жағынан тез өркендеп өсті. 1248 жылы қалада алғаш рет Отырар белгісімен ақша соғылды.
Ұлы ғұлама, данышпан бабамыз Әбу-Нәсір әл Фарабидің туған қаласы көптеген ғасырлар бойы батыс пен шығысты байланыстырып тұрған күретамыр орталығы болған. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері көрсеткендей, бұл қала сол кездің өзінде–ақ озық ойлы жобалармен тұрғызылғаны анықталды. Қаланың бір елең еткізетін, мамандарға ой салатын жері - оның су жүйелерінің қазіргі қалалардағы жүйелерге тән ұқсастығы. Онда үйлердің әр бөлмесіне су құбырлары жүргізілген. Құбырлардың жасалуы да әрі ықшам, әрі әдемі, ернеулеріне нақышты өрнектер салынған. Үй мен үйдің арасын жалғайтын құбырлар бұлардан едәуір жуандау болып келеді. Сонымен қатар кейбір бөлмелерде жуынып шайынатын бұрыштар, тіпті ванналар кездеседі – деді 1975 жылы археологиялық қазба жұмысына қатысқан зерттеуші, өнер танушы Әбдуәли Төлебиев.
Отырарда сонымен қоса ғажайып үлкен қыш ыдыстар – хумдар көптеп кездеседі. Олардың кейбірінің үлкендігі адам бойындай зор болып келеді. Ол ғажайып ыдыстарда, құмыраларды астық, жем сақталатын болған. Қазір Отырар қазынасының аса бір көзге елеулі көрінетіні – оның керамикалық ыдыстары, күміс, қола құмғандары және түрлі қыш қақпақ дастархандары. Әсіресе Отырар керемикалары өзінің комозициялық құрылымы жағынан, Ою-өрнектерінің күрделігі, ерекшелігі жағынан назар аударады. Қаншама ғасыр өтсе де табақтардағы бояулар өз сапасын жоймаған. Бояу түрлерінің бір-бірімен жымдасуы, әдемі нақышты өрнегі, жасалу сапасы берік.
Кейінгі
қазба жұмыстарының
Тараз. Қазақ халқының көне тарихының көзіндей өмір сүрген қаланың бірі-ежелгі Тараз. Қала жазба деректерде сонау Ү ғасырдан белгілі. Көне жылнамалар түрік 568 жылы Юстинианың (Юстиниан –Византия империятр)
Земарх Киликийски басқарған елшілігі келгенін баяндайды. Елшілік сол кезеңдегі қаған Дизабулмен кездескен. Сонау көне заманнан бері қарай Тараз қаласы Шығыстағы елге мәлім ірі қаланың бірі болған. Ірі керуен жолының бойында тұруы, жанындағы Талас Алатауының қойнауынан күміс кенішінің жұмыс істеуі қаланың тез өркендеуіне әсер етті. Х ғасырда қалада болған араб жиһангері Макдиси былай деп жазады. “Тараз – ірі қорғанды, көптеген бау-бақшалары бар, халық жиі қоныстанған қала. Оның төрт қақпасы бар, қала ортасынан өтетін өзен оны екіге бөлген, оларды байланыстыратын көпір бар. Орталық базарда жиналмалы мешіт орналасқан”. Қала Х-ХІІ ғасырларда өзінің өркендеуін басынан өткерді. Ал монғол шапқыншылығы кезінде Хорезмшах Мухаметтің бұйрығымен қала қиратқызылады. Көз жауын алатын әсем қаланы жау қолына бергенше, билеуші амалсыздан осылай істеген еді. Содан қала ХІІІ ғасырда өмір сүруін тоқтатады.
Таразда
Х-ХІІІ ғасырларда тұрғызылған
әсем сәулет сарайлары,
Тараздың
керамикалық ыдыстарының басқа
қалалардан табылған
Х-ХІІ
ғасырларда қала маңында
Айша-бибі
кесенесі ХІІ ғасырда
Орта
Азия мен Қазақстанда
Екі жасқа арналған той қамы дайын болады, бірақ уәделескен күні әскери жорықта жүріп, жас батыр жете алмайды. Бір жағынан сағыныштан, екіншіден махаббаттың нәзік сезімі тағат таптырмай, қалыңдық сүйіктісін қарсы алу үшін жолға өзі шығады. Тағдырдың жазғаны солай шығар, жолдың ауыртпалығын көтере алмай ауырып, жас ару қайтыс болады. Сүйікті жарының адал да кіршіксіз махаббатына тәнті болған батыр өз махаббатын мәңгілік есте қалдыру үшін оның басына осы кесенені тұрғызуға әмір еткен. Ақылды сәулетші мен шебер қолды құрылысшылар махабаттың символы болған ескерткішті өзіндік шеберлікпен өре білген.
Тараз
қаласы аймағында “Айша-
Түркістан. Орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларының бірі – Түркістан. Оның бұрынғы ежелгі аты Шабғар. Шабғар кезінде мықты қорғанысы бар сол аймақтың орталығы болған. Тұрған жері қазіргі Түркістанның жанында Сырдария сағасының маңайы. ХІІ-ХІІІ ғасырларда қала өзінің бұрынғы маңызды атақ-даңқынан айырылып, ел кетіп, елеусіз қалады. Аймақтың орталығы Яссы- Түркістанға көшіріліп, бұрынғы кішігірім елді мекен өсе келе ірі сауда-саттығы өркендеген қалаға айналады. Кейіннен осы Түркістан қаласы Қазақ мемлекетінің орталығы, қазақ хандарының ордасы – резинденциясы ролін атқарады. Қазақ тарихының негізгі уақиғалары, игі жақсыларының өмірі осы шаһармен нығыз байланыста болып келді. ХІІ ғасырда Түркістанда Орта Азия мен Қазақстанда мұсылман дінін уағыздаушы, Мұхамбет Пайғамбардан кейінгі екінші адам атанған Қожа Ахмет Иассауиге кесене орнатылады. Бірақ ескерткіш Тоқтамыс ханның жаугершілігі тұсында бүлініп, кейіннен Ақсақ Темір билік құрған дәуірде құрылыс қарқыны қайтадан қолға алынады. Заманында Қожа Ахмет Иассауи әулиелігімен, пайғамбарлығымен қарапайым халық арасында үлкен беделге ие болған адам. Әсіресе оның данышпандық қағида өлеңдері халық арасында “Диуани хикмет” (Даналық кітабы) атты еңбегі арқылы кеңінен тараған. Ахмет Иассауи адамдарды ізгілікті, кішіпейіл болуға, үлкенді сыйлап, құрметтеуге, пайдакүнемдік пен нысапсыздықтан жиіркенуге уағыздайды. Мұсылман дінінің қағида, шарттарын ұстануға шақырады. Осындай әулие адамның қадір-қасиетін көтеру үшіун, бытырап жүрген көшпенді халықты бір дінге, бір орталыққа бағындыру үшін және де өзінің билік, беделін нығайту мақсатында Ақсақ Темір оның басына зәулім де айбынды мемориалдық кешен салдырады. Бұл құрылысты мемориалдық кешен дейтініміз- мұнда бірнеше қызметтерге, мақсаттарға арналған бөлме-сарайлар бар. Онда мешітпен қатар медресе, кітапхана, хан сарайлары, тағы да басқа бөлмелер болған. Түрлі мақсаттағы бөлмелердің бір кешенде біріктіріле салыну сол заман үшін үлкен жаңалық, прогресс еді. Оған дейінгі тұрғызылған мұндай кешен Орта Азия мен Қазақстан аясында жоқтың қасы, әдетте олар жеке-жеке салынатын. Сонымен қатар Иассауи сәулет ғимараты өзінің көлемділігімен, сәулетті айшықтарымен де көзге түседі. Оның ұзындығы 65 метр де, ені-46,5 метр. Қасиетті қола қазан тұрған Қазандық күмбезінің үшар басына дейінгі биіктігі –38 метр. Қазандық күмбезі Орта Азиядағы ең үлкені, оның диаметрі 18,3 метрге жетіп жығылады. Сәулет ғимараттарын салу барысында сол кезеңдегі сәулеттік тәжірбиенің қалыптасқан озық үлгерімінің бәрі қолданылған. Ғимараттың іші-сырты керегінше беті жылтыр түрлі-түсті мадайкалы өрнектермен, жазулармен көмкерілген. Жалпы алғанда Иассауи сәулет ғимараты – қазақ сәулетінің классикалық көне ескерткіші. Қазіргі кезде әлемдік маңызы бар ескерткіштер қатарына Қазақстаннан тіркелген бірден – бір ғимарат. Бұл туралы көптеген еңбектер жазылған, әсіресе қазақтың белгілі суретшісі Нағым Нұрмұханбетов көп зерттеген. Ол кісінің еңбектерін оқыған адам Қожа Ахмет Иассауи сәулет ғимаратынан толық мәлімет алады.
Дерекөзі: Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.
