Тарихи деректер
Жоспар:
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім:
2.1 Тарихи деректер
2.2 Қоздырушысы
2.3 Індеттік ерекшеліктері
2.4 Дерттенуі
2.5 Өтуі мен симптомдары
2.6 Патологиялық өзгерістер
2.7 Балау
2.8 Емі
2.9 Дауалау және күресу шаралары
3 Қорытынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Маңқа ( Mаlleus,can ) – созылмалы өтетін, өкпеде, танау қуысының кілегейлі қабығында және терінің әр жерінде бірте – бірте жараға айналатын түйіндер пайда болуымен ерекшеленетін негізінен жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.Маңқамен жылқы, есек, қашыр, сирегірек түйе,кейде мысық ауырады, лабораториялық хайуандардан маңқаға теңіз шошқасы ғана шалдығады. Маңқа адамға да жұғады.
Тарихи деректер. Маңқаның клиникалық белгілерін алғаш рет б.д.д. ІҮ ғасырда Аристотель жазды. 1882 жылы ауру қоздырушысының өсінін Леффлер мен Шютц жасанды қоректік ортада бөліп алды. Ал 1907 жылы неміс ғалымдары Шютц пен Шуберт ауруды балау үшін комплемент байланыстыру реакциясын ұсынды. Х.И.Гельман мен О.И.Кальнинг 1891 жылы жасап шығарған маллеин әлі күнге дейін аллергиялық диагноз қоюға пайдаланылады.
Өткен уақыттарда
маңқа жер шарының көптеген
елдерінде кең таралған болса,
қазіргі кезде ауру тек Азия
және Африка континенттерінің
кейбір елдерінде ғана
Қоздырушысы – Burkholderia mallei, бұрынғы атауы Pseudomonas mallei – түзу немесе имек екі ұшы дөңгеленген, ұзындығы 1 – 5 мкм, ені 0,3 – 0,8 мкм, қозғалуға қабілетсіз бактерия. Патологиялық материалдан және жасанды қорек ортадан алынған жағындыда микробтар көбінесе моншақ немесе таспа тәрізді жатады. Маңқаның қоздырушысы спора және қауашақ түзбейді, анилин бояуларымен жақсы боялады, грамтеріс. Микробтың іш құрылысының алашұбарлығы Леффлердің көк бояуы және Гимза бояуымен боялғанда жақсы көрінеді.
Ауасыбағалы жағдайда
1 – 5 % глицерин қосылған қарапайым
қоректік ортада өсе береді. Картоп
қосылған қоректік орта бұл
микроб үшін ажыратушы орта
деп есептеледі, себебі мұнда
қоздырушы өсіндері өзіне тән
түсі бал тәрізді мөлдір
Төзімділігі. Ауру қоздырушысы суда, шіріген материалдарда 30 күндей, тұмсықтан аққан кепкен іріңді 15 күн өлмейді, 80 °C – та қыздырса 5 минутта өледі, 5 % белсенді хлоры бар хлорлы әкте, карбол қышқылы ( 2 %), күйдіргіш натрий ( 1 %), лизол, креолин ( 3 %) ерітінділерінде тез өледі.
Індеттік ерекшеліктері.
Табиғи жағдайда маңқамен
Ауру қоздырушысының
бастауы – маңқаға шалдыққан
жануарлар. Олар зардапты
Маңқаға бейім жануарлар
арасында ауру тез таралмайды,
себебі, індет баяу және жасырын
өршігенде қоздырушысы сыртқы
ортаға сирек бөлінеді. Керісінше
мал тар қорада ұсталса немесе
қансорушы жәндіктері көп
Маңқа тұрақты тараған
аймақта ауру көпшілік малда
сырт белгілерінсіз жасырын
Дерттенуі. Маңқа қоздырушысы организмге енгеннен соң сөл жолдарымен қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды. Дегенмен қоздырушы көбіне өкпеде, кеңсерік қуысында және теріде іркіліп, онда өсіп – өнеді. Қоздырушы өскен орында өзіне тән қабыну басталып, сарысу жиналады. Зақымданған мүшелерде маңқа түйіндері пайда болып, олар өліеттеніп, ыдырауға ұшырайды да, сыртынан дәнекер ұлпалы қауашақпен қоршалады. Ауруға төзімділігі жоғары жануарларда маңқа түйіндері қауашақпен тезірек қоршалып, көбінесе тұз жиналып, қатаяды. Мұндайда инфекциялық процесс созылмалы күйге ауысып, кейде тіпті жасырын түрге көшіп, сырт көзге мал жазылып кеткендей болады. Ал төзімділігі төмен малдарда маңқа түйіндерінің қоршалуы әлсіз болып, айналасында инфильтрат, сарысу жиналып, көптеген жаңа түйіндер пайда болады.Өкпені процесс кеңінен қамтып, лобулярлы пневмония түрінде де өтеді. Ал кеңсірік қуысында түйіндер өліеттеніп, жазылмайтын ойылым жараға, тіпті шеміршектің ыдырауына әкеліп соғады. Зақымданған теріде, көбінесе малдың басында, мойынында, сирақтарында, көптеген түйіндер ыдырап, іріңді ойылымдар пайда болады.
Организмге енген
маңқа таяқшаларының мөлшері
тым мол болса алғашқы
Маңқа түйіншегінің
қалыптасуы қылтамырларда
Маңқа түйіншегі домалақ
пішінді, нығыз, көлемі
Микроскоппен кемелденген
маңқа түйіншегінің орта
Төзімділігі жоғары
жылқылардың кейбіреуінде
Төзімділігі әлсіреген
жылқыда маңқалық процесс
Ауру малдың жалпы
жайы оның қанына түскен
Өтуі және симптомдары.Аурудың 3 түрі кездеседі өкпе маңқасы, тері маңқасы, мұрын маңқасы. Жіті түрдегі маңқа (бірнеше аптаға), ал созылмалы маңқа (бірнеше жылға) созылуы (ауруы) мүмкін өкпе маңқасы өте жай дамиды, білінбей ауырады, бірнеше ай немесе жыл бойы ауруы мүмкін, оның белгісі температурасы көтершіді, әсіресе кешке қарай көтеріледі жұмыс істеу қаблеті төмендейді ентігеді, арықтайды жөтеледі, өкпені тыңдағанда қырыл (хрип) естіледі. Осының бәрі малды нашарлатып, өлуге әкеледі.Аурудың бастапқы кезінде патологиялық процесс тек ішкі мүшелерде ғана дамып, сыртқы клиникалық белгілерінсіз өтеді де, 4 – 5 жұмадай уақыттан соң біртіндеп көріне бастайды. Жалпы маңқа жіті немесе созылмалы түрінде өтеді. Ал патологиялық процестің қайсы мүшені көбірек зақымдануына байланысты клиникалық айқындалған өкпе, кеңсірік және тері маңқасы деп бөлінеді. Сонымен қатар, ауру жасырын түрде белгілері білінбей де өтеді.
Ауру жіті дамығанда
дене қызуы 41 – 42°С – қа
дейін көтеріліп, қызынып –
суынып, бұлшық еттері дірілдейді.
Көрінетін кілегейлі қабықтар, коньюнктива
қызарып, тамыр соғысы әлсіз,
минутына 60 – 80 ге жетеді. Дем
алысы жиілеп, жемшөпке тәбеті
төмендеп, ауру мал жекеленіп,
күйзелісі біліне бастайды.
Маңқа кезінде өкпенің зақымдануы тұрақты болғанымен ол сыртқы клиникалық көп байқалмайды және созылмалы дамиды. Сондықтан жөтелу, ентігу, қырылдау сирек байқалады. Ал кеңсірік маңқасы кезінде кеңсіріктің зақымдануы өкпе жарақатынан кейін пайда болады да, танау қуысының кілегейлі қабығында дөңгелек қызыл дақтар пайда болып, 2 – 3 күннен кейін сарғыш түсті түйінге айналады. Ұзамай бұл түйіндер өліеттеніп, орындарында дөңгелек ойылымдар қалады. Олардан сарғыш түсті шірік сарысу – экссудат, кейде қан араласқан сора ағып тұрады. Егер патологиялық процесс өрши түссе, онда ұсақ ойылымдар ұлғайып, бір – бірімен қосыла келе, үлкен жараға айналады. Кеңсірік пердесі ыдырап, шеміршек шіріп зақымданады. Мұрынынан ірің тәрізді сора ағып тұрады. Инфекциялық процесс созылмалы түрге ауысса, ойылымдар жазылып, олардың орынында жұлдыз тәрізді тыртықтар қалады.
Маңқа ұзаққа созылса, өкпедегі зақымдану белгілері білінбейді, оларды мал өлгеннен кейін ғана көруге болады. Терінің сөл тамырлары сәл ғана зақымданады. Ауру бірнеше айға, тіпті талай жылға созылады, әлсін-әлсін асқынып отырады. Ұзақ уақыт бойы улану салдарынан мал әбден арықтап өледі.
Ауырған малдың кеңсірігі жарақаттанғанда, дерт әлбетте жұтқыншақ астындағы сөл түйіндері де қамтиды. Сөл түйіндері қабынып, сипағанда ауырсынып, ыссы болады, ал кейін тығызданып, ауырмай қозғалысы шектеліп, қатая түседі.
Ауру негізінен теріні
зақымдаса, онда ойылымдар
Маңқаның жіті өтуі 8 – 30 күнге созылады. Ақыры мал өледі немесе ауру созылмалы түрге ауысады.
Жылқыда маңқаның созылмалы түрі жиі кездеседі және бірнеше айдан жылдарға созылып, кейде тіпті белгісіз өтеді.Ауру малдар кейде жөтеліп, өкпеде эмфизема пайда болады. Кеңсіріктің кілегейлі қабығында жазылған жара орынында жұлдыз тәрізді тырықтар көрініп тұрады. Жақ асты сөл түйіндері кейде ұлғайып, тығызданғанымен ауырсынбайды. Тері маңқасы кезінде жылқының артқы сирақтары шектен тыс жуандайды ( шор аяқ). Созылмалы маңқа кезінде оқтын – оқтын ауру шиелінісіп, рецидив байқалып тұрады.
Маңқаның жасырын –
лантентті түрі ауру тұрақты
таралған аймақтарда кездеседі.
Ауру жыртқыш жануарларда
жіті түрінде өтеді. Алдымен
олар ақсайды, кейінірек
Патологиялық – анатомиялық өзгерістері әр түрлі, аурудың қозу қарқыны, патологиялық процестердің даму ерекшеліктеріне байланысты. Өлексенің кеңсірігінде, терісінде маңқа түйіндері, ойылым, ірің, тыртық болуы мүмкін. Ауру жіті өткенде өкпеде, бауырда, көкбауырда, сөл түйіндерінде жылтыр, әйнек тәрізді маңқа түйіндері сырт жағында қызарған белдеумен қоршаулы болады да ортасынды өліеттенген ошақтар кездеседі. Ал созылмалы өткен жағдайда қауашақтанған, тұз сіңіріп қатая бастаған түйіндер ұшырасады. Егер диагноз малдың тірі кезінде қойылған болса, онда өлексені союға қоспайды.
Өкпе маңқасы милиарлық
маңқа, ірі ошақтар және
Милиарлық маңқа өкпеде
көптеген тары түйіріндей
Ірі ошақты маңқа
түйіндерінің көлемі грек
Маңқалық бронхопневмония
дерттік процестің бронтармен
таралуына байланысты
Ациноздық пневмония
өкпенің ең майда бірлігі –
ацинустардың қабынуымен
Ілкәде қызғылт түсті,
уақыт өте келе ақшылданатын
бұл лобулярлық пневмония
Маңқалық лобарлық
пневмония екі түрде байқалады
– жіті өтетін «желатинге
Лимфалық түйіндер (жақастылық,
жұтқыншақтық, бронхтық, шымылдықтық,
т.б.) қабынады. Үлкейген, кедір –
бұдырланған түйіндерде маңқа
түйіншіктері байқалады.
Танау қуысы кілегейлі
қабығының маңқасы өкпе
Танау қуысының зақымдануы
кілегейлі қабықтың жайылма
Маңқа ұзаққа созылғанда
танау қуысы кілегейлі
Көмейдің , кеңірдектің
және ірі бронхтардың маңқамен
зақымдануы танау қуысы
Терінің маңқасы сырқаттық
процесс организмге жайыла
Маңқалық заққымданулар
бауырда, талақта, т.б.
Желбезектің бір не екі жағынан маңқаға тән көптеген түйнекшелері мен ойық жаралар табылады. Алқым бездерінің көлемі ұлғайған, олар қабынған, олардың кей жерлерінде маңқа түйнекшелері байқалады.
Тері маңқасы болса, қабынған сөл тамырларын бойлай құрылысы өзгерген сөл түйіншелері орналасады. Оларды терең түп жағы ұшық жара басып кеткен. Ішкі органдардан және сөл бездерінен маңқа түйіндері мен одан да үлкен ошақтары табылады.
Ескі түйіндердің ортасынан әк шөгіндісі табылуы мүмкін. Өкпеден жалқаяқ жиналып қабыну, бронхоэктазия, каверна (қуыс), сондай-ақ көптеген маңқа түйіндері сияқты зақымдарды байқауға болады.
Осындай зақымдар бауырда, талақта, тіпті жүрек еттерінде де кездеседі, маңқа түйіндері мен паразит түйіндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Соңғылар әдетте қос қабықты болып келеді, көбінесе олардың ішінен паразиттер табылады.
Диагноз. Кешенді жойылады. Қазірде жылқыларды маллеинмен тексеру міндетті жүргізілетіндіктен, клиникалық нышандармен білінетін маңқа сирек кездесетін құбылыс. Жақастылық лимфалық түйіндерді сипап көріп, олардың ісінгенін, қозғалмайтынын, танау қуысын қарап серозды – іріңді ринитті, түйіншекті – ойылымды зақымдануларды байқауға болады. Малды сойып – зерттегенде негізінен өкпенің , бауырдың, талақтың, оларға өңірлік лимфалық түйіндердің қабынып, зақымдануларына көңіл аударылады. Бұл мүшелердің жай - күйі ауруға күдік туғызған жағдайда гистологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша қорытынды диагноз тұжырымдалады.
Балау. Маңқа түйіншектерін туберкулез түйіншіктерінен ажырату керек. Бұл мәселеде ескерілетін жайт : жұмыр тұяқтылар туберкулезге, аша тұяқтылар маңқаға өте сирек шалдығады. Жұмыр тұяқтыларда туберкулездік процесс продуктивтік қабыну сипатында болады, оргшанизмде жайыла таралмайды. Туберкулдардан маңқа түйіншектері кариопикноз және кариорексис күйіндегі лейкоциттердің молдығымен ерекшеленеді.
Маңқа түйіншектерін
халикоздардан, яғни бауырда,
өкпеде аскаридалар мен
Індетті лимфангитті (мандам) маңқадан ажыратудың қиындығы жоқ. Теріде туындайтын мандам ойылымдары жайпақ болады, ойылым түбі қара – қызыл болады. Ойылымдардан, түйіндерден дайындалған ірің жағындыларында ауру қоздырушысы – криптококтар көрінеді. Олар барлық анилин бояуларымен жақсы боялады, көбінесе макрофагтардың цитоплазмасында болады.
Ауру жіті дамыған клиникалық белгілері айқын байқалса, онда диагноз қою аса қиын емес. Балау клиникалық талдау, індеттанулық деректер негізінде іске асады. Егер ауру созылмалы немесе жасырын түрде өтсе, онда аллергиялық зерттеу жүргізеді. Оны маллеин қолдану арқылы іске асырады. Аллергиялық зерттеу үшін маллеинді көзге тамызып, теріге және тері астына жібереді. Жіті маңқа клиникалық белгілері бойынша анықталады да, бактериологиялық зерттеу, сондай-ақ қан сары суын КБР (комплемент байлаланыстыру реакциясы) әдісімен зерттеу нәтижелеріне қарай тұжырымдалады. Маңқаның жасырын түрін анықтау үшін зерттеудің аллергиялық әдісі қолданылады, яғни маллеин көзге тамызылады немесе тері ішіне енгізіледі.
Маңқаның жіті түрін комплемент
байланыстыру реакциясы бойынша
анықтайды. Күдікті жағдайда Штраус
реакциясын пайдалана отырып, теңіз
шошқасының еркегін биологиялық
сынаудан өткізеді; осы хайуанның
құрсағын көмкерген көк шандырға
маңқа бактериясын енгізгенде оның
ені қабынып ісіп кетеді (орхит).
Көзге тамызу ( көз
байқауы) жылқы және басқа
Егер реакция теріс
болса, онда конъюктивада
Маллеинді тері астына
көз байқауын жүргізуге
Күмәнді реакция кезінде тері сәл ғана ісініп, дененің температурасы 39° С – 39,6°С аралығында болады. Кейде дене қызуы көтерілгенімен (40°С) тері реакциясы болмауы мүмкін.
Егер, маллеин жіберген
жерде терінің қабынуы
Жалпы тері астына жіберілген маллеин 95% ауру малды анықтайды, бірақ, жұмысы көп, орындауы қиын.
Маллеинді тері ішіне
жіберу тәсілімен асау, табындағы
жылқыларды тексереді. Олар
Комплемент байланыстыру
реакциясымен маллеинге оң
Ажыратып балау. Маңқа негізінен кеңсірікті зақымдаса, оны сақаудан айыра білу керек, ал негізінен тері зақымданса, онда бұл ауруды мандаммен шатастырмау қажет. Дүдәмәл жағдайда маллеинмен « көз байқауы» жүргізіледі.
Емі.Маңқамен ауырған жануарларды емдеуге тиым салынған, оларды жояды.Маңқа шыққан шаруашылықтағы жылқылар тиісті ережеге сәйкес 4 топқа бөлінеді.
Бірінші топқа маңқаның клиникалық сипаты анық білінген жылқы жатқызылады. Оларды өлтіреді де, ішін жармастан өртеп жібереді.
Екінші топ—ауру белгілері көмескі, маллеинге реакция берген жылқы; олардың қаны КБР әдісімен тексеріледі. Анық реакция берген жылқыны өлтіреді де, реакция бермеген жылқыларды «маллеиншілер» деп табады.
Үшінші топ — ауру белгілері жоқ, бірақ маллеинге реакция берген жылқылар. Олардың қаны 1,6 және 15-ші күндері КБР әдісімен екінші рет тексеріледі. Айқын реакция берген мал маңқа деп табылады да, құртып жіберіледі.
Төртінші топ — күдікті жылқылар. Оларды мезгіл-мезгіл клиникалық бақылаудан өткізіп тұрады, барлық зерттеуден теріс нәтиже шыққанша осы топтағы жылқыларды көздеріне маллеин тамызып тексеріп отырады, басқа жылқылармен жанастырмай, бөлек бағады, сол ауру шыққан шаруашылықта ғана жұмысқа пайдаланылады.
Ат қора құрамында 3 процент
белсенді хлоры бар тұндырылған
(мөлдір) хлор ерітіндісімен, күйдіргіш
натрдың 4 проценттік ыстық ерітіндісімен
немесе. күкірт-карбол қосындысының 5 проценттік
ерітіндісімен
Маңқадан сақтану үшін барлық жылқы клиникалық бақылаудан өткізіліп, көзге маллеин тамызу әдісімен зерттеліп отырады. Мұрын маңқасы. Мұрын кілегей қабықтары қызарады, мұрын тесіктерінен ақшыл, ақшыл-сары сұйық ағады, кейде қан араласып ағуы мүмкін, мұрын айналасы қатпаршықтап кетеді, жұтқыншақ қабынуы (ісік пайда) болады, тыныс алуды қиындатады мұрын пердесінде майда маңқа түйіндері (төмпешіктер пайда болады, оның түсті ақшыл сары. Маңқа түйіндері, жарага айналады, жара айналысы, жайылған емес, ортасы саргыш май түсті болып түрады.

- Тарихи тұлға
- Тарих пәні және міндеттері
- Тарих пәні және міндеттері
- Тарих Тараз
- Тарих - шындық, ал, оның дәмі удай ащы
- Тарихымызға жиырма жыл
- Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережелері
- Тарифы железнодорожного транспорта
- Тарифы на водный транспорт
- Тарифы на тепловую энергию
- Тарифы на транспортные перевозки
- Тарифы на транспортные перевозки
- Тарих дін
- Тарихи аспект