Тарихи аспект

нази 1

 

 

 

 

«ТАРИХИ РАШИДИ» – «Рашидтің  Тарихы» – 1499 – 1551 жж. өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері. Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі. «Тарихи  Рашиди» 1541 – 46 жж. аралығында Кашмир өлкесінде  жазылған. Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар. «Тарихи Рашиди» парсы тілінде жазылған шығарма. Ол екі бөліктен (дафтар) тұрады және 1541/42 жылы екінші бөлік, ал 1546 ж. бірінші бөлік жазылған. Бірінші дәптер хронологиялық жағынан алғанда Моғолстан мен Қашқариядағы Тоғылық Темір ханнан (1347/48 – 1362/63 жж. билік құрған) Рашид ханға (1533 билікке келген) дейінгі кезеңді қамтиды. 70 тараудан тұратын бірінші дәптер тарихи баяндау түрінде жазылған. Екінші дәптер мемуарлық сипатта жазылып, автордың дүниеге келген кезінен 1541/42 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл дәптер 117 тараудан тұрады, көлемі жағынан бірінші дәптерге қарағанда 4 есе көп. Кітаптың «Тарихи Рашиди» деп аталуының үш себебі болған: 1) Тоғылық Темір ханды ислам дініне енгізген Аршададдин шейхтың құрметіне; 2) Тоғылық Темір ханның өз халқын дұрыс жолмен (Рушд) бастап жүргенінің құрметіне; 3) Сол кездерде Қашқарда билік құрып отырған Абдрашид ханның құрметіне арналған. «Тарихи Рашидидің» тарихи және мемуарлық бөліктерінде Моғолстандағы Шағатай әулеті билеушілерінің тарихы жүйелі түрде баяндалады, дулат тайпасы әмірлерінің өміріне қатысты тарихи жәйттер суреттеледі. Сондай-ақ, Орта Азияда Темір әулетінің құлап, Шайбанилық әулеттің орнығуы, Сұлтан Сайд ханның Қашқарға баруы мен онда билікке келуі, моғол хандарының көрші аймақтарға жорықтары, моғол хандарының Қазақ хандығымен, Шайбанилар әулетімен қарым-қатынастары және т.б. көптеген мәселелер қарастырылады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің ортағасырлық Қазақстан тарихы үшін маңызы өте жоғары. Алғаш рет бұл еңбекте 15 ғ. ортасында Қазақ хандығының Шу өзені бойымен Қозыбасы тауы аралығында құрылғандығы, 15 ғ. ортасынан 15 ғ. 30-шы ж. аяғына дейінші Қазақ хандығының қысқаша саяси тарихы баяндалады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің деректеріне моғолдар арасында Шағатайлық хандарға, дулат әмірлеріне қатысты кең таралған тарихи аңыз-әңгімелер, автордың өзі көріп, қатынасқан оқиғаларды баяндауы, сондай-ақ, тарихшылар: Йаздидің, Рашид ад-Диннің, Қаршидің, Йақуттың, Жувейнидің, Абдразақ Самаркандидың еңбектеріндегі мәліметтер негіз болған. «Тарихи Рашиди» Шығыста кең тараған және танымал болған шығарма. Көптеген ортағасырлық авторлар: Амин бен Ахмед Рази, Хайдар бен Али Рази, Махмуд бен Уәли, Шах Махмуд Уорас, Мұхаммад Қасим Фиришта және т.б. Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Үнді, Ауғанстан тарихына қатысты тарихи, географ. мәліметтерді «Тарихи Рашидиден» алған. «Тарихи Рашидидің» нұсқалары әлемнің көптеген қалаларының қолжазбалар қорында, ТМД елдері ішінде Санкт-Петербург, Ташкент, Душанбе қалаларында сақтаулы. Еуропа ғалымдары ішінде «Тарихи Рашидидің» деректерін В.Эрскин 19 ғ. ортасында пайдаланса, Денисон Росс 1895 ж. алғаш рет еңбекті ағылшын тіліне аударып, баспадан шығарады. Орыс тілінде «Тарихи Рашидидің» деректерін бірінші рет ХІХ ғ. ортасында В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде қолданады. «Тарихи Рашидидің» орыс тіліндегі толық ғыл. аудармасы 1996 ж. Ташкентте, 1999 ж. Алматыда жарыққа шықты.

 

 

 

 

 

Ташкентте дүниеге  келіп, Үндістандағы Кашмир уалаятында қайтыс болған. Атақты тарихшы, әдебиетші.

 

Мұхаммед  Хайдар Дулатидің "Джаханнама" атты дастаны Моғолстан мен оған шекаралас облыстар бойынша жасалған әйгілі "Тарихи Рашиди" кітабына енген. Ата-бабалары оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағында, Моғолстан мемлекетінің құрамындағы Қырғызстан мен Шығыс Түркістан жерінде беделді саяси қайраткерлер болған. Олар ұлұсбектер, тархандар бола отырып, өздерінің мұрагерлік иелігі Маңғлай-Сүбенге билік жүргізген. Әмір Болатшы (Пуладчи) XV ғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекетінің күйреу кезеңінде Тұғылық Темірді осы мемлекеттің шығыс бөлігінің ханы етіп тағайындады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің тағы бір атасы - Әмір Хұдайдат ұлұсбек болған кезде Моғолстан тағында алты ханды ауыстырған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы Мұхаммед Хайдар мырза 1480 жылға дейін Қашғарияда билік жүргізді. Оның әкесі Мұхаммед Хұсайын XV ғасырдың соңы, XVI ғасырдың басындағы Моғолстанның шығыс бөлігінің басшысы Сұлтан Махмұд ханның үзеңгілестерінің бірі болған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы Хұбниғар ханым Жүніс хан қызы екен, ал ол өзі шешесі жағынан Сұлтан Саид пен Үндістанды билеген Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захир-ад-дин Мұхаммед Бабырдың немере ағасы көрінеді.

 

Мұхаммед  Хайдардың балалық шағы Мұхаммед Шайбанидың өзбек көшпенділері қысымшылығымен Орта Азиядағы Темір әулетінің мемлекеті өмір сүруін тоқтата бастаған кезеңінде, Моғолстанның күйреуі мен Қазақ хандығының өрлеген тұсында өтті. Сұлтан Махмұд хан мен Мұхаммед Шайбани арасындағы соғыс кезінде әкесі қаза болған соң, туыстары Мұхаммед Хайдар Дулатиді Қабылдағы Бабырға жөнелтті. Мұхаммед Хайдар Дулати Мауреннахрға жасаған Бабырдың жорығына қатысты. 1512 жылдан Қашғардағы Сұлтан Саид қол астында жүрген Мұхаммед Хайдар Дулати жоғары әскери және сарай ішіндегі қызметтерді атқарды. Ол 1514 жылы Жаркент пен Қашғар үшін Әбу Бәкірмен болған соғысқа, сонымен бірге Тибет пен Оңтүстік Шығыс Қазақстанға, Қырғызстанға жасалған жорықтарға қатысты. Мұхаммед Хайдар Дулати хан тағының мұрагері Әбу ар-Рашид сұлтанға тәлім-тәрбие берді.

 

Бабырдың  сөздері бойынша, Мұхаммед Хайдар Дулатидің  бойында энциклопедиялық білім  болған. Ол барлық саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді, саяси қайраткерлерді де білетін. Мұхаммед Хайдар Дулати Моғолстан, Орта Азия мен Қазақстанның, әсіресе, дулат тайпасының феодалдық бөлігінің тарихын жетік білген. 1541-1546 жылдары Кашмирде ол "Тарихи Рашиди" атты еңбегін жазды. Бұл еңбекті Мұхаммед Хайдар Дулати ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырған дулаттардың өткені туралы әңгімелерге, моғолдардың аңызына, моғол хандарының сарайларында сақталып қалған құпия құжаттарға, куәгерлердің мәліметіне және өз бақылауларына сүйене отырып, парсы тілінде жазды. Сонымен бірге, автор бұрындары өмір сүрген Жувейни, Жамал Қараши, Рашид-ад-дин, Әли Иазди, Әбдіразақ Самарқанди сынды атақты ғалымдардың тарихи туындыларын қолданды. Бұл туындыны архив мәліметтеріне сүйене отырып жазылған тарихи анықтама деуге толық негіз бар. Мұхаммед Хайдар Дулати қазақтардың орта ғасырлық тарихы туралы көптеген құнды мәліметтер қалдырды. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте XV-XVI ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар.

 

1533 жылы хандық  таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид,  өз тайпаларынан қауіп төне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Саид Мұхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мұхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.

 

Мұхаммед  Хайдар Дулати 1551 жылы жергілікті тұрғындардың көтерілісі кезінде қаза болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Сіз Мырза  Мұхаммед Хайдардың «Тарихи-Рашиди»  кітабын тұңғыш рет парсы тілінен  қазақ тіліне аудардыңыз. Шығарманы  дүние жүзінде нақты мұрағат  мәліметтеріне сүйенген тарихи анықтамалық  ретінде дәріптейді…

 – Бұл өзі төрт кітаптан тұрады. XIII ғасырда жазылған алғашқысында Шыңғысханның өмірге келуінен бастап, төрт баласының әлемді билегендігі жайлы айтылады. Шыңғысхан ұрпақтарының тарихын одан әрі XIV ғасырда Рашиддин деген тарихшы жалғастырады. Үшінші кітап Шыңғысханның ұрпақтары әлсіреп, саяси сахнаға Әмір Темір шыққан тұста дүниеге келген. «Зафарнаме», қазақша айтқанда «Жеңіс» кітабының авторы Шарафаддин Әлиязди. Бұл – XV ғасырдың туындысы.

 Әмір Темір Шыңғысхан ұрпақтарының тоз-тозын шығарды, Мауреннахрды құрды. Бұларды енді біреу жазуы керек қой. Сонда тарихшы Мырза Хайдар отырып: «Е-е, әлемді билеген хан мен қаған ұрпақтарының тоз-тозы шықты-ау. Енді оларды мен жазбасам, кім жазады?» дегенді айтады. Оны не үшін ойлады? Ойландырғаны – алдыңғы жазылған үш кітап. 1533 жылы Саид хан қайтыс болғаннан кейін Мырза Хайдар Кашмирге барады. Сол жердің бай кітапханасынан мына үш кітапты оқиды. Рас, Шыңғысхан, оның балалары туралы көптеген кітаптар жазылған. Бірақ мына тоз-тозы шыққан ұрпағы туралы ешқандай кітап жоқ. Хатқа түсіріп, ұрпаққа қалдырайын деген оймен өзінің атақты «Тарихи Рашиди» еңбегін жазады.

– Неге кітаптың аты осылай қойылған?

 – Атын  олай деп қоюға түрлі себеп бар. Автор ислам үшін болған ғазауат соғыстарына көп қатысқан. «Рашид» – тура жолда жүрушілер, яғни тура жолда жүрушілердің тарихы. Тағы бір себебі ислам дінін қабылдауға мұрындық болған Әршададин деген бір тәжікті құрмет тұтқандықтан. Үшінші себебі, «мен жетім қалғанда 24 жыл бойы мені өз баласынан артық көріп, өнердің бәрін үйретті» деп Саид ханға риза болғандықтан, баласы Рашиддиннің есімін қойған.

– Ал сіздің аударма жасауыңызға не түрткі болды?

 – Көп жылдан бері осы төрт үлкен тарихшының кітабын қазақ тіліне аударып, ғылыми айналымға салуды ойлаумен болдым. Оған іштей дайындалдым әрі білімімді жан-жақты жетілдіру қажеттігін түсіндім. 90-жылдары шеттен келген қазақты қатты құрметтеуші еді. Әбсаттар қажы Дербісәлі ғылыми атақ алу жөнінде ақыл қосқанда, мен «қазақ зиялыларымен бір қазанда қайнайын, әдебиет-мәдениетімен танысайын, сосын еңбегіммен алайын» деп бас тарттым. Мекемтас Мырзахметов: «Біздің мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, тарихымыздың шығыспен байланысы бар. Бірақ тікелей зерттей алмадық, тісіміз батпады, солардың бірі менмін. Ислам, сен жаныма кел, қолға бірге алайық», деді.

 

– Парсы, араб, ағылшын, түрік, өзбек, ұйғыр, түркімен, әзірбайжан тілін білесіз. Көне парсы тілінде оқуда қиындықтар болды ма?

 – «Тарихи  Рашидидің» қолжазба нұсқаларын, соған қатысты зерттеулерді сегіз мемлекеттен бес жыл бойы жинадым. Одан кейін барып, ішіне ендім. Ерекшелігі барлық жұмысымды түпнұсқадан жасадым, парсы тілінде болса парсы тілінде, шағатай тіліндегісін шағатай тілінде, өзбекшесін өзбек тілінде. Әуелі сөздіктер дайындап алдым. «Парсыша-қазақша сөздік» осы тұста жазылды. Сөздік бар, бірақ қазақшасы жоқ, тек парсыша-орысша ғана. Сөйтіп, 30 мыңға жуық сөзді қамтыған парсыша-қазақша, қазақша-парсыша сөздік жаздым. Әрі парсы тілін үйренушіге тілашар есепті бұл. Абай, Шәкәрім, Бекет ата жайлы парсыша мәтін берем, соны қазақшаға аудару керек. Құндылығы сонда. Бұл – тәуелсіздіктің жемісі. Әрбір ғалым өз саласында мемлекетшілдік, ұлтшылдық міндетін адал атқаруы керек деп ойлаймын.

 

Маман ретінде  өзімді тағы бір сынап алмақ ниетпен әуелі Хафиздің өмірін жаздым. Оның әлемдік әдебиетте алатын орны мен ғазал жанры туралы білгісі келген адам оқысын. Шәкәрім түпнұсқадан он ғазалын аударған. Осыған ғылыми-текстологиялық жұмыс жаздым. Хафиздің парсы тіліндегі ғазалын, парсы тіліндегі транскрипциясын, одан кейін жолма-жол мәтіндік, мазмұндық аудармасын бердім. Содан кейін Шәкәрімнің аудармасын, әрбір жолды қалай аударғанын талдадым. Егер бір маман осыған мүдделі болса, оған ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашылды.

– Еңбектеріңізге байланысты сізге қарсы шыққандар  да көп болды…

 – «Тарихи  Рашидиді» ағылшын тіліне аударған  ғалымдар бір-бірінің кітабына алғысөз жазады. Бұлардың мықтылығы, бірінің еңбегін бірі бағалайды. Өте үлкен жұмыс жасады деп бірін-бірі мойындайды. «Ағылшын тіліне аудару, ағылшын әлеміне таныстырудың өзі үлкен жұмыс» деп, мақтап-мақтап келеді де ақырында аздаған сын айтады. Осыны білгендіктен де «Тарихи Рашидиге» ғылыми текстологиясын арнайы бердім. Сондықтан сын айтқысы келген адам маған емес, кітапқа берсін бағасын.

– Жалпы етектен  тарту, мойындамау, әркім өзін ғана асқақ көрсетуі біліміміз бен сауаттылығымыздың кемшіндігінен бе, әлде бұл қазақтың өзіне тән ауруы ма?

 – Тәуелсіздіктің  мәні – тәуелсіз ойлана білуде. Бір-бірімізді сыйлауға, мойындауға күш салуымыз керек. Мәселен, жақсы бір еңбекті оқысам, ғылыми атағына емес, жазғанына қараймын. Ол орыс па, қазақ па, ұйғыр ма, бәрібір, отан-дасым жазып жатса, мен неге шетелдік ғалымға сілтеме беруім керек? Біз тарихымызды да, әдебиетімізді де тәуелсіздікке жетелеуіміз керек қой. Шығыстың бір ғұламасынан «сіз қаншалықты білімдісіз?» деп сұрағанда, «надан екенімді, түк білмейтінімді білемін, білімім соған жетеді» деп жауап қайтарыпты. Ол тұрғыдан алғанда біздің еңбегіміз тамшыдай ғана.

 Ал енді  логикаға келсек, ғылыми еңбекте  бір жаңалық болады, екі жаңалық болады, одан көп болмайды. Мен еңбегімде рубаидың түркілік жанр екенін айттым. «Рубаи» – арабша төрт жол деген сөз. Ал «ұдайы төрттік» деп түркі ғалымдары айтқан. Ол Махмұт Қашқарида бар, Баласағұнда бар. Сол заманғы жоқтаулардың өзі төрттіктер, қазіргіше айтқанда төрт тағандар. Төрт тағанның қасиеті туралы монографиямда зерттеп, дәлелдеп жаздым. Осының өзі жеткілікті емес пе, егер қазағыңды сыйлағың келсе. Түркілік жанр қалай парсыға жетті, парсыдан қалай араб алды, соны жазып бердім.

 Иранда  жүргенде Абайды оқығанда көп өлеңінің мағынасын түсінбедім. Біз қалтқысыз сүйетін қазақты Абай жамандай береді, жамандай береді. Оқығымыз келмейді, жүрегіміз шыдамайды. Қазақстанға келсек, бәрі Абайдан сөйлейді. Амал жоқ, тағы оқимын. Тағы жүрегім шыдамайды. Өйткені жұрт алақанына салып тұр. «Шеттен келген бауырымыз» деп ет-жүрегі елжіреп тұр. Жамандыққа қалай қиясың? Білген адамға бұл да жүк. Ертең сый-сияпатқа лайық қызмет жасауым керек қой, сонша бауырмал қазақтың қарызын қалай қайтарамын деп толғанамын.

1995-96 жылдары  коммерциялық мақсаттарда Иран  мен Түркияның арасын жол қылдым. «Заман-Қазақстан» басылымын, қазақ-түрік лицейін, Ирандағы бірінші қазақ фирмасын ашуға қолымнан келгенше, дәнекерлік жасадым. Таза ғылымға бет бұра бастаған уақытта маған жігіттер тұрып: «Ислам, Қазақстанның азаматы болдың, енді ықылас азаятын болды-ау» дегенді айтты. Сол-ақ екен, расында алакөздік басталды. Сонда барып, «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» деген өмірі түсінбеген сөздің мағынасын жүрегім ауырып барып, жан-дүниеммен сезіндім ғой. Бірімізді қазақ деп сүймесек, дос деп сүймесек, істің бәрі бос екен. Адамдық қасиет, ұлттық құндылықтан айырылған заманда халықпен бірге Абай да өшеді. Егер адам болып өмір сүрем десең, адамша ойланамын десең, онда Абай өлмейді.

– «Тарихи  Рашидидің» әлемдік деңгейдегі маңызын және оның қазіргі қазақ қоғамына берер жақсылығын түйіндеп айта кетсеңіз…

 – Шыңғысхан  мен оның балалары әлемді билеп,  Әмір Темір күйреп, моңғолдар да, түркілер де ұлт-ұлысқа бөлініп, XIV-XV ғасырларда қазақ, өзбек, қырғыз дүниеге келді ғой. Сол кезеңнің тарихын, XIII-XIV-XV-XVI – төрт ғасырда жазылған төрт үлкен кітапты қазақ тіліне аудармасақ, зерттедік деп жүргеніміз түкке тұрғысыз болмақ. Біреудің шайнап тастағанын қайталай береміз, өз көзқарасымызды жаза алмаймыз. Біз «Тарихи Рашидиді» түпнұсқасынан тікелей аударып, қазақ тілінде тұңғыш рет сөйлеттік. Бұл – бір. Тағы бір маңыздылығы – «Тарихи Рашиди» қазаққа шет емес. Қазақтардың орта ғасырлық тарихына қатысты өте құнды мәліметтер көп. Кітаптың ішінде қазақ сөздерінің кездесуі ғажап. «Олжа» деген сөз XIII ғасырда қолданылған. XV ғасырда «қоналқы» мен «сауын» деген Әмір Темір пайдаланатын сөз бар. Самарқаннан шығатын кезде «қоналқы мен сауын дайындаңыз» дейді. Бұл қазақтың төл сөзі. Екі сөздің ар жағында үлкен тарих жатыр. Қазсаң, түрлі құпиялар шыға береді. Оның бәріне де немқұрайлы қарамауымыз, бәрін қазақ тілінде сөйлетуіміз керек. Әрбір сөзден көп нәрсені ұтып, өзіміздің тарихымызды түгендей аламыз.

 «Тарихи  Рашиди» жазылмағанда, сол кезең  беймәлім болып қалар еді. Себебі  оны тарихта басқа ешкім жазған жоқ. Ал қазаққа берері қазақ хандығының құрылғанын жазғаны үшін құнды. Түркі тілін білгені үшін құнды. Сосын Мырза Хайдардың өзінің қыпшақ акценті бар. Түркілерді жалпы алғанда қарлұқ, қыпшақ, оғыз тобы десек, мына Мырза Хайдар – қыпшақ. Кітапта 100-ден аса қазақ сөзі бар. Әрбір сөздің құндылығын ғалымдардың көзімен зерттесек, берісі тарихи, фольклорлық, тіл білімі туралы, әрі тереңдесек, исламдық дүниетанымды қалыптастырудағы қызметі зор болмақ.

– Дулати есімінің қате жазылғандығы туралы ғылыми ортаны иландыруға тырысудасыз. Оны қаншалықты қабылдап жатыр?

 – «Дулати  мансап» деген, яғни мемлекеттік  дәреже деген мағынаны білдіретін  сөз бар өзбекте. Сонымен шатастырып, қазақ Дулати деп жүр. «Қазақ  әдебиетінде» жаздым, Дулати емес, Дулат деп. Мекемтас ағам «мұны қалпына келтірмей тынбаймын» деп уәде берген. Дулати деген еш жерде жоқ. Ағылшын, парсы, француз, орыс бәрі Мырза Хайдар Дулат деп жазады. Ал енді Мырза Хайдардың өзі еш жерде айтпаған «мен Дулатпын» деп. Мұны қайдан алып отырмыз? Тарихшы кітапта Құдайдат деген атасының дулат тайпасынан екендігін айтады. «Ол менің бесінші атам» дейді. Дулат тайпасынан шыққандығы содан белгілі.

 Мыңжылдық  тарих кітабында «Мырза Хайдар  қай тайпадан?» деген сауал  қойылып, оған «Дулаттан» деген  жауап қайтарылады. Сонда бірінші рет жазады Мырза Хайдар Дулат деп. Содан бастап бүкіл әлем оны Мырза Хайдар Дулат деп атады. Өзі есімін еңбегінде Мырза Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Хусейн Көреген деп анық жазады. Дулат деген сөз жоқ. Дулати дегеннен гөрі түркі халқының бір үлкен тайпасы дулат деген әлдеқайда мағыналы емес пе! Шындықтан біз неге қашамыз, түсінбеймін.

– Сізге шығарманың қай нұсқасы ұнады?

 – Ең  толық нұсқасы – Тәжікстан  мен Өзбекстанның біріккен нұсқасы. Ағылшындық нұсқасы Тегеранда бірінші рет шыққанда менің еңбегім әлі жарық көрмеген-ді. «Кеш қалып қойдым-ау» деп қынжылдым. Тегеран нұсқасы қолыма тигесін, қарасам, «бұл нұсқаларда түсініксіз сөздер көп, соның бірі – «сауын» мен «қоналқы» сөзі. Ағылшын нұсқасында мұны алып тастаған, мен де мұны алып тастадым» дейді Тегерандағы ғалым. Сөйтіп, жұмысымды жалғастыруға тура келді. Неге? Себебі басқалар жоққа шығарып отырған дәл осы екі сөз бізге құнды. Бұл ғана емес, «біз сапарларда кілең қымыз бен талқан алып жүреміз» дейді бір сөйлемінде. Біз айтпасақ, мұны ана ағылшын айтпайтыны белгілі болды. Тездетіп жарыққа шығарып, әлем алдында мүдделілігімізді танытуымыз керек деген ой туды.

 Бір нәрсеге көзім анық жетеді. Қазақтың тіл мен фольклор саласы көп ұтады. Түркілер туралы айтқанын қазақ тіліне неге аудармасқа! Төрт кітапта да қазақтың көптеген тайпаларының аттары аталады. Дулат әмірлері он екі артықшылық алған хандардан. Барлық нұсқаларды қарап шықтым, түрік, өзбек, ешқайсысы оны санамалап бере алмайды. Үш-төрт жыл еңбектеніп, он екісін де тауып, жазып, «Жалын» журналына бердім. Бұл жаңалық па, жоқ па? Күні бүгінге дейін әлемдік деңгейде ағылшыны да, өзбегі де, басқасы да оқи алмаған он екі артықшылықты қазақтың перзенті жазды.

– Таралымы қалай  болып жатыр?

 – Біз  бастысы, тәуелсіздік кезеңінде  шығыстанудың ғылыми іргесін  қаладық. Енді оны айналымға салуды мемлекет қолдаса, менің келесі еңбегім мына салада өрбиді: «Мырза Хайдар Дулат және тарих», «Мырза Хайдар Дулат және әдебиет». 18 жыл еңбек еттім, өз еңбегімнің іргесін қаладым. Көпшілікке таралуы енді басталады деп ойлаймын.

 Дулатты  аудардым деп бір жерде жарнама да жасаған емеспін. Біреуден-біреуге айтылып, танылып кеткен жұмыс қой. Басқа да аудармалармен айналыстым. Мысалы, Иранның тарихын аудардым. Жақсы қабылдады. Басқа да бірнеше аударма бар.

– Шығыстану  көбіне дінтанумен қатарласа жүретіндігі  айқын. Қазақ халқы үшін діннің маңыздылығы  турасында екіұдай пікір айтылад

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

 

Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, зерттеу әдістері, практикалық маңызы, сарапталуы және қорғауға ұсынылатан тұжырымдар айқындалып көрсетілді.

Бірінші бөлім «Тарих-и Рашиди» - мәдени мұра» деп аталады.

1.1 «М.Х.Дулаттың өмірі мен шығармашылық ортасы» деп аталатын тарауда Мырза Хайдардың шығу тегі мен «Тарих-и Рашиди» шығармасының жазылу тарихы, ғұламаның әдеби ортасы жан-жақты талданады.

Әкесі өлгеннен кейін, Мырза Хайдар Кабулға 1509-1512 жылдар аралығында келіп, Бабыр сарайында  тұрақтайды. 1512 жылы Мырза Хайдардың  нағашы ағасы, Моғолстан ханы Сұлтан Саидхан Бабыр патшадан Мырза Хайдарды өз қолына алады.

Сұлтан  Саид хан 1533 жылы қайтыс болды. Оның ұлы  Әбдірашид хан таққа отырғанда, дулат әмірлерін мемлекеттік істерден шеттете бастады. Бұл кезде Тибетте соғыс жорығында болған Мырза Хайдар бұдан хабардар болып, Моғолстанға қайтып оралуға батылы бармай, біраз уақыт Бадахшанда жүрді. Содан ол жерден Лаһурға, Бабырдың ұлы Камран Мырза хұзырына, 1539 жылында Аграға, Һомаюн қызметіне кірді. Оның Ширханмен жүргізген шайқасына кездейсоқ тап болып, қатысуына тура келді. Содан кейін Камран мырзаның құптауымен Кашмирді жаулап алып, сонда билік құрды. Ақырында  1551 жылы беймәлім кісілер тарапынан ұйымдастырылған қастандық нәтижесінде  мерт болды.

Шығарманың  бірінші бөлігін жазғанда Мырза  Хайдар Әлиаддин Атамәлек Жовайнидің «Тарих-е-жаһангошай», Шәрәфеддин Әли Иәздидің «Зафарнама» еңбектеріне сүйенген. Сондай-ақ Саһиб Қыран Әмір Темірдің Мауароннәһрде дербес мемлекет құруын, оны сыртқы жаулардан қорғап, Моғолстан ханы Тоғлық Темір (1360 жылдар), тіпті кейінірек те тегі Дулат Әмірлерінен шығып билікті қолға алған Қамареддинге қарсы жорықтары түгелдей «Зафарнамадан» алынған. Мұндай жағдайларда автор «Зафарнамадан әңгіме» деп оқырманды хабардар етеді. Жовейнидің «Тарих-е-жаһангошай» еңбегінен алынған кейбір үзінділердің алдында да осындай ескерту береді. Зәһиреддин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама» еңбегі де Мырза Хайдар үшін дерек көз қызметін атқарған.

Бұлардан  тыс, Мырза Хайдар жастары жүзге талған қариялардан, әкесінен, немере ағаларынан, нағашыларынан және басқа сенімді замандастарынан естіген хикаяларды да мәлімет ретінде пайдаланады. Өз дәуірінің сопылық ағым өкілдерінің Рисалелерінен (трактат), әдеби шығармаларынан да үзінділер келтіреді. Бірақ, «Тарих-и Рашидидің» екінші дәптерін жазуда автор негізінен өзінің естеліктеріне арқа сүйейді.   

 «Тарих-и  Рашидиді» оқығанда, автордың өмірлік,  философиялық көзқарасын, өз дәуірінің рухани-мәдени дүниетанымын да сезіну, ұғу қиын емес. Ол  оқып, еңбектерінде пайдаланған алпыстан аса шығармаларды назарға алсақ, тарихшының білім деңгейі өз дәуірі үшін жоғары дәрежедегі ғұлама, білімді кісілер қатарында болғанын көрсетеді.

Мырза Хайдар өз еңбегінде Моғолстан хандары  мен сұлтандарының билік үшін тынымсыз таласын баяндап берді.

Мырза Хайдар «моғолдар» деп атап кеткен халықтар қазіргі кезде басқаға сіңісіп, солардың атымен аталып жойылып кеткен, не бірінің арасына бірі сіңіп  кеткен. Моғолстан және оған тәуелді  аумақтар қазіргі кезде Қазақстан, Қырғызстан, Қытайдың Шыңжаң ауданы және Батыс Моңғолияның жерінде орналасқан» [13,7-9] деп жазған. Моңғол және моғол  сөздері туралы Шоқан Уәлихановтың да «Моғол Четені: (Жетені) моңғолдармен шатастыруға болмайды, олар мұсылман дініндегі түркі тілдес тайпалар» [14,273] деп нақтылай түскен жазбаларын мойындамаудан басқа амал қалмайды.

«Тарих-и  Рашидидің» қолжазба нұсқалары Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Пәкістан, Иран, Қытай, Ұлыбритания, Франция елдерінің  қолжазба қорларында сақтаулы тұр.  

 1.2 «Тарих-и Рашидидің» зерттелу тарихы» деп аталатын тарауда Мырза Хайдар Дулат шығармасының дүние жүзі ғалымдары тарапынан зерттеліп, еңбектің тарихи-мәдени тұрғыдан бағалануы сөз болады. 

Екінші бөлім «Мырза Хайдар және Моғолдар дәуірінің саяси-мәдени ахуалы» деп аталады. 

  «Дулат әмірлігі» деген тарауда М.Х.Дулаттың әулеттері мен олардың Моғол билеушілерімен арадағы қоғамдық-саяси қатынастары  сарапталған.

«Қазақ хандығы – Мырза Хайдар шығармасында» атты тарауда «Тарих-и Рашидидегі» Қазақстан тарихына қатысты деректердің саяси-әлеуметтік және әдеби қырлары сөз болады.         

 Үшінші бөлім  «Тарих-и Рашидидің» әдеби сипаты» деп аталады.        

   «Шығарманың мемуарлық сипаты» атты бөлімде М.Х.Дулат еңбегінің әдеби тұрғыдан құндылықтары, оның жанрлық ерекшеліктері талданады.  

 “Тарих-и Рашиди” –  тарихи  шығарма, ғылыми  тұрпатта  жазылған  ғұмырнамалық  баян  екендігі даусыз  әңгіме.  Дегенмен,  аталған  еңбектің  жанрлық  ерекшеліктері  туралы   біраз  ойланып, ізденетін   жақтары   да жоқ   емес. Өйткені, бүгінге дейін   қазақ   ғалымдарының көпшілігі   шығарманың   тарихи   мән-мағынасына   баса   назар   аударып   келеді. Солардың  бірі    әдебиеттанушы Ш.Елеукенов: «Қазақстан тарихына қатысты жайларды солтүстікте Қадырғали Жалаири баяндап берсе, оңтүстікте тарихымыздың және бір маңызды беттерін Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарих-и Рашиди” атты еңбегінде төгілтіп жазып берді» [19, 45 б.] деп жазған-ды.

“Тарих-и Рашиди” шығармасының жанры туралы сөз болғанда ежелгі әдебиет тарихының маманы профессор  Н.Келімбетовтың: “Жанрлық тұрғыдан келгенде, “Тарих-и Рашидиді” ғылыми еңбек әрі түркі тілдес халықтардың шынайы шежіресі, сондай-ақ, тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды” [20, 310 б.], – деген пікірлерінің жаны бар.

Бұл орайда Ә.Дербісәлі бастаған шығыстанушылар да осындай пікірде. Ал қазақ әдебиетіндегі  шежірелік шығармалардың тарихилығы және жанрлық, стильдік ерекшеліктері  жөнінен диссертация қорғаған А.Оразбаева: «М.Х.Дулатидың “Тарих-и Рашидиі”–  қазақ әдебиетінің әуезе текті  жанрлары (шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарих, тарихи әңгіме) тұтастана, бірін-бірі толықтыра жазылған шығарма», – дей келе, оны әлем халықтарының әдебиеттеріндегі күнделік, эссе, мемуар, өмірбаян, сынды көркем тарихнама  жанрларымен поэтикалық үндестігімен танылатын туынды ретінде санайды [21, 11 б.]. Алайда, зерттеушілердің көбі Мырза Хайдар еңбегінің парсы  тілінде жазылғанын, сондықтан негізінен  оның Иран әдебиетіне жақындығын ұмытып кетіп жатады. Былайша айтқанда, Мырза Хайдарды түрік тілді ұлт  мәдениеті мен тарихы  туралы  жазған парсы тілді қаламгер екені белгілі. Сондай-ақ, оның “Жаһаннама” атты дастаны түркі тілінде жазылғанын ескерсек, Мырза Хайдар екі жаққа да ортақ талант  иесі  болып шығары анық.

Жалпы, жазушы өткен заманның, болмаса  өзі өмір сүрген дәуірдің тарихи шындығын бейнелейтіндіктен, соған сәйкес шығарманың да жанры  мен  стиліне біраз өзгерістер енері даусыз.

Қазақтың көркем прозасының жанрлық  даму құбылысы туралы зерттеуші профессор А.Ісмақова  сахара көшпелілерінің ерте замандардан-ақ аңыз, қисса, эпикалық жанрдың басқа түрлерінің жоғары деңгейде    дамығанын айта келе: «Орта ғасырлар кезеңі бұл әдебиеттің ұзақ уақытқа созылған ең жемісті заманы болды» [23,18] деп пайымдайды. Расында, ХІV– ХVІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихында көркем проза үлгісі саналатын бір ғана “Тарих-и Рашиди” болмаса керек.

Шығарманың басты идеясы туралы біршама  тұжырымдар жасауға болады. Жалпы ИДЕЯ дегеннің өзі орыс ғалымы Л.Тимофеев жазғандай, автордың мақсатты ойы мен шығармашылық жұмысының барысында тууы мүмкін. Бұл идеяны жазушы өз оқырмандарына “жеткізуге” тырысады. Алайда, автордың идеясы оның шығармадағы материалдарын толық саралаған соң барып, сыншының салыстырмалы түрдегі бағасымен белгіленеді. Яғни, бұл – объективті идея [24, Б.151-152]. Осы пікірге сүйенсек, “Тарих-и Рашиди” авторының идеясы – өзі айтқандай, Сұлтан Саид хан мен оның ізбасары Әбдірашид ханды ұлықтап, есімдерін мәңгілікке қалдыру, сондай-ақ, Исламды тұңғыш қабылдаған моғол ханы Тоғлық Темірді мадақтау һәм тоқтаусыз соғыстардан саны азайып кеткен моғол халқына да, ескерткіш ретінде «сөзден сарай тұрғызу» болған. Дегенмен, бұл айтылғандар бар болғаны – “тақырыптық идея”. Шығарманы тұтастай оқып қарағанда, Мырза Хайдардың бұл кітабының ішкі мазмұндық, сюжеттік, қала берді дидактикалық, философиялық, т.б. көптеген мәнді идеялары бар екендігіне көз жеткіземіз.

Мырза Хайдар шығармасы негізінен  Орта ғасыр әдебиетінде, әсіресе, ақсүйектер мен хан сарайы жанында ғұмыр  кешкен оқыған, зиялы  қаламгерлерге  тән. Біздіңше, хандық билік, мемлекеттік идея, ұлттық және діни бірлік, моғол-түрік әскерінің жеңімпаз рухымен қоса әміршілер сарайының салтанатын  ұлықтай отырып, Мырза Хайдар өз дәуірінде белең алған классикалық үрдістің ықпалында болғаны даусыз. Сонау Алып Тоңға (Афрасияб), одан берідегі Шыңғыс ханнан тараған Барша хан әулетінің белгілі өкілдерін, олардың мұрагерлері мен түркі әмірлерінің билеген хандықтарын және Әмір Темір, Хорезм шаһ, Жәнібек, Қасымхан, Ахмет хан, Сұлтан Саид хан, Шейбани хан, Ұлықбек, Бабыр шаһ сияқты жаһангер  ақсүйектердің   жеңімпаздық   жорықтарын       сұлу   да     сырлы   сөзбен   көркемдей   отырып,   автор   әміршілер   әлеміндегі “билік   интригасын” – тақталастар мен бақталастар арасындағы бітіспес қайшылықтарды  шынайы бейнелейді. 

 Кең   құлашты, эпикалық   сарыны   мол көркемді   туындының   бойынан   реалистік   және   романтикалық   стильдің   де   айқын   белгілерін   табамыз.  

Мырза   Хайдар   өз   шығармасының      негізгі   кейіпкерлеріне   әдеби     және     тарихи   тұлға   ретінде   мінездеулер     мен     жеке   портреттер   жасай   отырып,   оларды      даралап,   мінез-құлықтарын   ерекшелеп   көрсетуге   ұмтылған.   Әсіресе,   автордың   өзіне,   Әбдірашид   хан   мен   оның   әкесі   Саид   ханға,   Әбу   Бәкір   мен   Әмір   Құдайдатқа,   Бабыр   сұлтан мен     Шейбани   ханды     сипаттайтын   портреттер   сәтті   бейнелеуге   толы.

Ол           автор   ретінде   ғана   емес,   тарихи   процестердің   тікелей   қатысушысы   болғандықтан, әрдайым   “ат   үстінде”   шытырман   ситуациялар   жағдайында   жиі   оқырманмен   ұшырасады.   Сол   себепті,   жазушының      автопортреті,      шығармада   айрықша   әсерлі,   барынша   жарқырай   ашылған.

Автордың   бейнесі    – әдеби   шығармадағы   жазушының   өз   тұлғасының      көріну   қалпы.   Автордың   идеялық   нысанасы,   көзқарасы,   ұғым-түсініктері  ,   наным-сенімдері, көркемдік   принциптері,   суреткерлік   шеберлігі   бәрі   кең,   толық   мағынасында, әрине,   шығарманың   өн   бойынан,   бүкіл   құрылыстар   бітімінен,   идеялық-көркемдік   сипатынан   танылады [22,30]. 

 Бұл   жөнінен   келгенде,   Мырза     Хайдардың   лирикалық   бәйіт-өлеңдері   автор   бейнесін   сомдауға, оның   ішкі   жан   дүниесін   тереңірек   сезінуге   мол   мүмкіндік   береді,   қаламгердің   суреткерлік   шеберлігін   тануға   көмектеседі.       

 Әрине,  ғұмырнамалық   шығармада   автордың   жеке   тұлғасына   мейлінше   көңіл   бөлінетіні   мәлім,   ал  егер   бұл   эпикалық   сарындағы   көлемді   эпопея   болса,   онда   қаламгердің   өзі   туралы   “ештеңе   бүкпестен”,   өмір   тарихының   әр   кезеңін   тәптіштей   әңгімелеп   беруіне   жағдай   бар.  А.  Байтұрсынұлы: “Өмірбаян   жазудағы   мақсат – белгілі   болған  адамның   өмірі   қалай   басталып,  қандай   күйде  өткенін   көрсету» [25,399] деген   болатын.   Осыған  орай,   Мырза   Хайдардың   да   жеке   басына   қатысты   жақсылы – жаманды   оқиғалар   мен   мінез-құлқындағы  артық-кем  қасиеттерін   жасырмай   жазып  отырғанын   көреміз.   Мәселен, “Тарих-и   Рашидидің”  41-42  беттерінде  автордың  ата-тегі,   өскен   ортасы,   моғол  ханының   өз   отбасыларына   деген   көзқарасы   және    Мырза   Хайдардың   жеке  кісілік,   кәсіби  һәм   жауынгерлік   қасиеттері   сипатталады.           

Тарихи аспект