Тақырыбы: Жаңа білім беру жүйесі
Тақырыбы: Жаңа білім беру жүйесі
Өткізген:
2012-2013 оқу жылы
Тақырыбы: Жаңа білім беру жүйесі
Жоспар:
- 12 жылдық білім беру
- Кредиттік оқу жүйесі
- Қашықтықтан оқыту
Пайдаланған әдебиеттер:
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана.
Жаңа білім беру жүйесі
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.К.Д.Ушинский.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік
арттыру жүйесінде
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың
латын тілінен аудармасы «
Латын тіліндегі
« компетенс»сөзін ғалым К.
Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.
12 жылдық білім беру
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік
дегеніміздің өзін қазіргі заман
талабына сай педагог қауымының
өзін -өзі өзгерте алу
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
мәдениеттанымдылық
құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді
тани білу, өз халқының мәдениеті
мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін
салыстыру, саралай білу
оқу-танымдық құзіреттілік(
коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
тұлғалық өзін-өзі
дамыту құзіреттілігі (
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.
Кредиттік оқу жүйесі
Қазіргі таңдағы ғылыми техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі қоғамның алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан, қандайда бір мелекеттің білім жүйесінің халықаралық дейгейдегі кредиттік жүйеге өтуінің маңызы ерекше.
Кредиттік жүйе
алғаш рет Америка Құрама Штатында
пайда болды. Оның негізін 1870 жылдары
Гарвард университетінің
Европалық елдердің сынақ бірлігіне көшу мақсаты бұл, алдымен халықаралық «тұнықтық» жетістігі, қазіргі кездегі білім жүйесінің дауы мен дербес елдердің біліктілігін сақтау, көтеру арқылы білім беру саясатында оқу орындарының білім беру облысында да сақталды.
1999 жылы 19 маусымда
жоғары білімнің бірыңғай
Осы заманғы болып жатқан интеграциалық құбылыстар қоғам тіршілігінің барлық жағына өз әсерін тигізді. Халықаралық процестермен қатар жүруге ниеттелген мемлекет казіргі кезде қалыптасқан барлық ғылымдандырудың көріністеріне тікелей назар аударды деуге болады. Соңғы 10-15 жылда шетел мемлекеттерінің білім жүйесінде жоғары деңгейдегі қарыштық даму жағдайы жүзеге асып жатқаны бәрімізге белгілі. Әрбір мемлекеттің қоғам өмірінде ғылыми, мәдени, экономикалық, саяси жүйелеріндегі қалыптасқан ескі көзқарастар түбегейлі өзгеріске ұшырады
Кеңес Одағының ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы жаңа білім жүйесінің дамуындағы ізденістерге әкелді. Әлемде танылған батыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік прогрестері Қазақстан үшін үлкен бағдар болды. Әрине, оқу бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңестігінің таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей казіргі білім талаптарына кредиттік оқыту технологиясы сай келді.
Кредиттік оқыту технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі–оқу процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін оқушыларға белгіленген шегінің (құрауыш қалауы және оқытудың қосымша түрлері бойынша) білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Қатаң жүйеде, белгіленген көлемде, оқыту логикасына сәйкес, белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін оқушыларға оқытатындығын бағытты оқыту жүйесі жобалайды.
Біздің республикамыздың жоғары оқу орындарында кредиттік жүйені енгізуде шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен халықаралық тәжіриебенің маңызы өте зор. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету қажет
Қазақстан Республикасында кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында №66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген. Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу болып табылады
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа) немесе студиялық оқыту 1, байланыс сағатқа (75 минутқа) немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.
Оқуды аяқтау үшін
студент құрауыш бойынша
міндетті түрде;
таңдау бойынша;
Оқушы (студент) өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер — кеңесші (эдвайзер) — көп тәжіребесі бар оқытушы арқылы жасайды. Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьюторлар (оқытушылар) ұсынылады. Тьютордың міндеті — оқушының (студенттің) оқу әрекетінің барысын қадағалау және оқушыға (студентке) өтілген оқудың барынша толық көлемде оқытушыға кері қайтарылуы. Яғни, 15 апта бойы өтілген сабақты меңгеріп, оқытушыға айтып беру, сондай-ақ кредитін өтеп беру болып табылады. Топтық консультациялар өткізу (оқу процесінің ішінде). Оқу процесін іске асыру үшін оқытушының және оқушының әр пән бойынша формалар мен құралдары, баспа және электрондық түрде курсты бейнелейтін, оқушылардың (СӨЖ) өз бетімен игеру деңгейін бақылайтын, олардың өткізу мерзімі мен мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік кешені болуы қажет. Студенттің өздік жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін, мазмұны мен оларды өткізу мерзімі көрсетілген оқушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын қабылдайды
Анықтамалық — жолсілтемеге келесі міндеттер енгізіледі:
Студенттің құқығы мен міндеті;
Оқу кезеңіндегі жұмыс жоспары;
GРА орта балынан есеп айырысу әдістемесі;
Қорытынды
мемлекеттік аттестаттауға
Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік кешені мыналардан тұрады:
Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды оқытудан;
Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарынан;
Студенттің
өзіндік жұмысы бойынша
Студенттің
оқытушы басшылығымен
Және тағы басқалардан тұрады.
Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс -сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек. Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы – емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланады. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады [8, 13-14 б.];
Оқу процесінің
негізгі кезеңін жоспарлауда
техникалық және кәсіби білімді кредиттік
оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда,
осы бағытта кемшіліктерді
Кредиттік технология
бойынша оқу процесін жоспарлау
кезеңдерін талдай отырып, біз оның
жағымды жағдайы мен
Кредиттік оқыту жүйесін іске асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру болады. Кредиттік оқыту технологиясының келесі позитивтік жағы – оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын белсенді енгізуге болады. Білім – бұл қоғамдық дамудың маңызды көрсеткіші, сондықтан барлық елдің міндеті оны сапалы, бәсекелестік ету болып табылады.
Қашықтықтан оқыту
Бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі күннен-күнге артып келеді. Осы орайда әлемдік тәжірибеде қашықтықтан білім берудің орны ерекшеленіп тұр.
АҚШ-та 1 миллионнан астам адам қашықтықтан оқыту арқылы білім алса, Францияның ұлттық қашықтықтан оқыту орталығы жыл сайын әлемнің 120 мемлекетінен 35 мыңнан астам қолданушыларды қамтамасыз етеді. Ал Түркияда алыс аймақтағы тұрғындарға мамандық алуға көмектесу мақсатында 1974 жылдан ашық университет жұмыс істейді екен. Қосымша сабақ ретіне теле-радио арқылы курстар өткізеді. Осылай 12 000-нан астам қолданушыларды игереді.
Қазір дәстүрлі қашықтықтан оқыту, электронды қашықтықтан оқыту, аудиториялық сабаққа түрлі электронды құралдарды пайдалану сияқты қашықтықтан оқыту үлгісінің 2000-ға жуық түрі бар екен. Соның ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында кейс, желілі және телевидение сынды ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының көмегімен қашықтықтан оқыту түрі таңдалған-ды.
Бүгінгі таңда шетелдік компаниялар өздерінің электронды оқыту платформаларын ұсынып және оларды отандық оқу орындарына сатып та үлгергендері бар. Мәселен, қазіргі таңда Алматы техникалық университеті Tamos University Suite деген қазақстандық өнімді пайдаланса, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті – Сlіх, Германиялық ІМС фирмасының жасап шығарған өнімін ендіруде. Сондай-ақ Platonus Прометей сынды Ресейдің қашықтықтан оқытуға арналған оқу бағдарламасын қолданып жатқан жоғары оқу орындары да кездесуде. Қолдарынан келген университеттердің басшылықтары өз өнімдерін жасап, қашықтан оқыту, электронды оқыту жүйесін оңтайлы жүргізуге тырысуда. Шетелдің өнімдерін сатып алған университет сол елдің жоғары оқу орындарымен байланыс жасап, әлемдік білім беру, ақпарат кеңістігіне жол ашуды көздейді. Бұл орынды да. Десек те, қыруар қаржыға сатып алған шетелдің өнімін ертеңгі күні тілін тауып дұрыс қолдана аламыз ба? Ол шын мәнінде, бізге қажет пе, жоғарыдағы талаптарға сай ма? Оны игеру үшін алдымен оның тілін білетін мамандар қажет. Оған университеттің электронды материалдық оқыту базасы қаншалықты дайын? Жоғары оқу орындарының өздері өндірген өнімдерінің соңғы үлгідегі әлемдік стандартты білім жүйесіне сәйкестіктері қанша? Профессор-оқытушыларды дайындау қалай жүргізілуде? Осы сынды шешімін таппай жататын сан алуан сұрақтар қашықтықтан оқытуды оңтайлы жүргізілуін тежеуде. Сонымен, еліміздің жоғары оқу орындары арасында бірізді қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптаспағанын аңғарамыз.
Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, қашықтықтан оқытудың тиімділігі – студенттің университетке бармай-ақ, өзіне ыңғайлы жерде отырып, берілген тапсырманы орындай беретіндігі, яғни уақыттың ұтымдылығы, екіншіден, оқу ақысының арзан болатындығы, шалғайдағы шетел жоғары оқу орнын елде жүріп-ақ оқып, диплом алу мүмкіндігінің болуы.
Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ.
Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал университет мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары (ҚОТ) арқылы оқыту.
Қашықтықтан оқу – жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу. Университетте ҚОТ сырттай оқыту орнына, ең алдымен, білім сапасын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.
Университетте қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланады:
1 - желілік технология – Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.
2 - кейстік технология,
студентке оқу-әдістемелік
Сонымен, ҚОТ студенттердің тьютор (оқытушы-кеңесші) басқаруымен дербес оқуына негізделген. Семестр бойы кесте бойынша он-лайн режимінде кеңестер беріледі. Сонымен қоса, студенттер бетпе-бет кеңестер немесе электрондық пошта арқылы кеңестер алуына болады. Емтихандар алдында студенттермен аудиториялық сабақтар да жүргізіледі.
Қала студенттері, үйлеріне Интернет қосылмаса, университеттің компьютерлік сыныптарында ақысыз оқи алады. Электрондық қорларды құру және оларды дискілерге көбейтуге арналған арнайы компьютерлік сынып – ҚОТ зертханасы - ашылған.
Нормативті құжаттарға сәйкес орта білім негізінде (яғни, мектептен кейін) қашықтықтан оқуға болмайды, қозғалыстағы мүгедектерден басқа. Біздің университетте 2010 жылдан бастап колледж және жоғары білім негізінде қысқыртылған білім бағдарламасымен экономикалық мамандықтар студенттері қашықтықтан оқиды. Тек біздің аймақтың ғана емес, Алматы, Астана, Талдықорғанда тұратын студенттер де оқиды.
ҚОТ артықшылықтары:
Заман талабына
сай ақпараттық-
Интерактивті әрекеттесу формалары
Сапалы білім алу
Уақытты үнемдеу
Ыңғайлы уақытта оқу
Территориялық шектеулер жоқ
Ден-саулық күйі бойынша шектеулер жоқ

- Тақырыбы: Жедел іздестіру қызметі
- Тақырыбы: «Жылу процестерін автоматтандыру»
- Тақырыбы: Иранда феодалдық қарым-қатынастардың пайда болуы мен дамуы
- Тақырыбы:Ісікке қарсы вакцина
- Тақырыбы: Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы, бухгалтерлік баланстың шарттылығы
- Тақырыбы:ҚР заңды құжаттарында топырақты санитарлық қорғау
- Тақырыбы:ҚР құқық қорғау органдары
- Тактический финансовый менеджмент на российских предприятиях
- Тактическое и оперативное планирование
- Тактичне і оперативне планування діяльності підприємства
- Тақыртыптың өзектілігі
- Тақырыбы:1837—1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы
- Тақырыбы: Бұқар жырау
- Тақырыбы: Бұқар жырау