Тақырыбы: Жедел іздестіру қызметі

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

 

 

 

 

 

 

Көлік және энергетика факультеті

«Стандарттау  және сертификаттау» кафедрасы

       

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:  Жедел  іздестіру қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ:   СИС-21

Орындаған: Жексенбаев Ы

Тексерген: Айтлесов Қ

 

 

 

 

 

 

Астана 2012

 

 

Жоспар

 

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
  1. 2.1 Жедел іздестіру қызметі

  • 2.1.1 Жалпы ережелер
  • 2.1.2 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
  • 2.1.3 Жедел iздестiру шараларын жүргiзу
  • 2.1.4 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылдары
  • 2.1.5 Жедел iздестiру қызметiн қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
  • 2.1.6 Жедел iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
  • 2.1.7 Жедел iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
  •      ІІІ.     Қорытынды

    ІV.     Пайдаланған әдебиеттер

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

      1. Кіріспе

     

    Адамзат тарихында  мемлекеттің пайда болуы мемлекетаралық бәсекелестіктің, талас-тартыстың негізін қалыптастырды. Мәселен, ежелгі Қытай мемлекетіндегі әскери трактаттарда білімді құдайдан немесе шайтаннан әлде ой тұжырымдарынан алу мүмкін емес, қарсылас туралы ақпаратты тек адамдардан алуға болатыны айтылған екен.

    Біздің э. ІІІ  ғ. Ежелгі Үндістанның мемлекетті басқару туралы жәдігер «Артхашастрада», ежелгі Үндістан қоғамында арнайы жасырын қызметтердің болғаны туралы мәлімдейді. Байырғы Үндістанда арнайы қызметтер сыртқы және ішкі бөлінісінде көрініс таппағанымен, арнайы тыңшылар арқылы қамтамасыз етілген. Олардың құзыретіне лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сот атқару қызметкерлерінің және басқа да лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы ақпараттар жинау, соттарға пара беру арқылы бұрыс шешім шығарту және тағы да басқа заңсыз іс-әрекеттерді анықтау жатады. Сонымен қатар, аталған агенттер қоғамдағы қарақшылыққа қарсы күресе отырып және қылмыскерлерге қандай да бір күштеу арқылы өз айтқандарына көндіріп отыру жүктелген. Агенттер қарақшылық топтың құрамына кіріп, топтың ішінен іріткі салу арқылы қарақшылықтың алдын алу және жалған куәгерлерді қандай да бір дау-дамайларға тарту құзыретін именденген. Ал, Жапонияның «Бусидо» моральдық кодексінің негізінде император мүддесіне қатысты шпиондық әрекет жасау борыш пен арға негізделген деп танылған.  

    Еліміз өз тәуелсіздігін алғалы бері қоғамдағы қылмыстардың алдын алу, ашу, тергеу барысында мемлекетіміздің ең басты құндылығы – адам құқықтарына деген көзқарас қайта қалыптасты. Бұған дәлел – 1994 жылғы «Жедел іздестіру қызметі туралы» заңның қабылданып, жедел-іздестіру шараларын жүргізудің заңмен реттелгені. Бұл орайда, жедел іздестіру шараларының қағидаттары мен міндеттері Конституцияға негізделгендіктен, жедел іздестіру қызметіндегі қатысушылардың, яғни, құзыретті құқық қорғау органдары және азаматтардың және тағы да басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.   

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

      1. Жедел іздестіру қызметі

     

        1. Жалпы ережелер

     

        1-бап. Жедел iздестiру қызметi      

     Жедел iздестiру қызметi - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел iздестiру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негiзделген жүйесi.     

     

     

          2-бап. Жедел iздестiру қызметiнiң мiндеттерi     

     Жедел iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:  
          - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн және меншiктi (нысандарына қарамастан) заңға қарсы қол сұғулардан қорғау;  
          - қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;  
          - қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау және ашу;  
          - жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жазадан жалтарған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;  
          - шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекетiн анықтау, алдын алу және болдырмау;  
          - Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа күзетiлуге тиiс адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;  
          - мемлекеттiк шекараны күзетудi қамтамасыз ету;  
          - мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия мағлұматтардың сақталуын қамтамасыз ету; коммерциялық құпияны қорғауда кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға (меншiк нысандарына қарамастан) жәрдемдесу;  
          - бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген режимдi қолдау;  
          - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.      

     3-бап. Жедел iздестiру қызметiнiң қағидаттары     

     Жедел iздестiру қызметi заңдылық, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қадiр-қасиетiн құрметтеу, азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидаттарына сәйкес, астыртын әрекет ету, жария және жария емес әдiстердi ұштастыру, кәсiби әдеп негiзiнде жүзеге асырылады.

     

     

          4-бап. Жедел iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзi     

     1. Жедел iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттары құрайды.  
          2. Республика Бас Прокурорының келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде осы Заң негiзiнде жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын реттейтiн қалыптық құжаттар шығарады.

     

     

          5-бап. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде 
                 жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау 
           1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi.  
          2. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның iс-әрекетi жөнiнде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.  
          3. Қылмысты әзiрледi немесе жасады деген кiнәсi заңмен белгiленген тәртiпте дәлелденбеген адам жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органнан мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтiн шекте өзiн тексеру үшiн негiз болған және өзiне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы.  
          Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның арызданушыға қажеттi мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешiмiн негiзсiз деп таныған ретте, судья өзiнiң дәлелдi ұйғарымымен, ал прокурор - ескертуiмен аталған органды осы баптың 3-тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге мiндеттей алады.  
          4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың немесе судьяның талап ету бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет атқарушы немесе қызмет атқарған азаматтардың жеке басы туралы мағлұматтардан басқа барлық жедел-қызметтiк құжаттар берiледi. 
          5. Жедел iздестiру қызметiнiң нәтижесiнде алынған адамның жеке өмiрiне, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар, егер оларда заңмен тыйым салынған iс-әрекеттер жасағаны туралы хабарлама болмаса, сақталмайды және жойылуға тиiс.

     

  • 2.1.2 Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар, олардың міндеттері мен құқықтары
  •  

    6-бап.  Жедел iздестiру қызметiн жүзеге 
                асырушы органдар      

     Қазақстан Республикасы аумағында жедел iздестiру қызметiн: 
          а) Iшкi iстер органдары; 
          б) Ұлттық қауiпсiздiк органдары; 
          в) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары; 
          г) қаржы полициясының органдары; 
          д) Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi; 
          е) Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдары; 
          ж) кеден органдары жүзеге асырады. 
          Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi тек қана заңмен өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.

     
               7-бап. Жедел  iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
                 органдардың мiндеттерi       

     Жедел iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;  
          а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлеуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;  
          б) жедел iздестiру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшiн олардың нәтижелерiн орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу жөнiнде тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындауға;  
          в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;  
          г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;  
          д) жедел iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшiн жүргiзiлген жедел-iздестiру шараларының нәтижелерiн бейнелейтiн материалдарды беру кезiнде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

     

     
          8-бап. Жедел  iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
                 органдардың құқықтары      

    1. Жедел iздестiру қызметi мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар:  
          а) өз құзыретi шегiнде осы заңның 11-бабында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жария және жасырын жүргiзуге;  
          б) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға құпия көмек көрсетуге келiсiм берген адамдармен тегiн немесе ақылы негiзде ынтымақтастық қатынас орнатуға;  
          в) жедел iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн жедел есептер және хабарлама жүйелерiн құруға және пайдалануға;  
          г) жедел iздестiру шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, әскер бөлiмдерiнiң қызмет жайларын, көлiк және өзге техникалық құралдарын, мүлiктерiн, сондай-ақ залал келтiрiлген жағдайда, осы залалды, шығындарын да жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар есебiнен иелерiне өтей отырып, азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктерiн пайдалануға;  
          д) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құруға, осы мақсатпен лауазымды адамдарды, бөлiмшелердiң, ұйымдардың ведомстволық бағыныстылығын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың үй-жайлары мен көлiк құралдарын, сондай-ақ осы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн азаматтардың жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға;  
          е) қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы таным-бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегiн пайдалануға;  
          ж) меншiк нысандарына қарамастан басқа министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн мәнi бар хабарламаларын, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде  белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып тегiн алуға және пайдалануға;  
          з) Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар басқа органдармен келiсе отырып жекелеген шараларды жүргiзу үшiн осы органдардың күшi мен қаражатын тартуға;  
          и) осы заңның 11-бабында көзделген жедел-iздестiру шараларын жүргiзу мақсатымен ғана тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына (меншiк нысандарына қарамастан), ал әскер бөлiмшелерiнiң және басқа режимдiк объектiлердiң аумақтарына олардың басшыларының келiсiмi бойынша кедергiсiз кiруге;  
          к) қылмысты топқа жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қызметкерiн немесе, жеке өздерiне қатысты шынайы деректердi құпия сақтай отырып онымен ынтымақтастық жасап жүрген адамды енгiзуге;  
          л) қылмысы iс-әрекетке елiктей мiнез-құлық үлгiсiн қолдануға;  
          м) қылмыстарды, сондай-ақ оған қатысты адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында қылмысты әрекеттерде қолданылатын және Қазақстан Республикасы аумағында тасуға, шетке тасуға немесе шеттен тасып әкелуге арналған тауарлардың, заттардың және өзге де материалдық құндылықтардың жеткiзiлуiне жедел бақылау жасауға;  
          н) қылмыстық процесте пайдалану үшiн жедел-iздестiру шараларын жүргiзудiң нәтижелерiн бейнелейтiн материалдарды беруге құқылы. 
          2. Ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмдерi мен құрамалары лауазымды адамдарының осы Заңда көрсетiлген органдарға өздерiнiң құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруына кедергi  жасауға құқығы жоқ.

     

     

          9-бап. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
                органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi     

    1. Жедел iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады. 
          2. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды өздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.

     

        1. Жедел іздестіру шараларын жүргізу

     

     

          10-бап. Жедел iздестiру шараларын жүргiзу негiздерi     

    1. Жедел iздестiру шараларын жүргiзу үшiн: 
          а) қозғалған қылмысты iстiң болуы; 
          б) жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға келiп түскен: 
          - әзiрленiп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық 
          - жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар; 
          - азаматтардың хабарсыз кетуi және танылмаған мәйiттердiң 
    табылуы;  
          - шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекеттерi туралы хабарламалар;  
          в) өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, сондай-ақ соттың ұйғарымдары;  
          в-1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қаулылары;  
          г) құқықтық көмек туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының сауал салулары;  
          д) қоғам, мемлекет мүддесi мен оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту мүддесiне орай барлау ақпараттарын алу қажеттiгi жөнiндегi хабарламалар негiз болады.  
          2. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде өзiнiң не өзге мемлекеттiк органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi:  
          - iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi, ұлттық қауiпсiздiк, әскери барлау, қаржы полициясы, кеден органдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жұмысқа және қызметке қабылдау туралы; 
          - жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде;  
          - мемлекеттiк құпия болып табылатын мағлұматтарға немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн апат немесе экологиялық қаупi аса жоғары объектiлер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру туралы;  
          - жедел iздестiру қызметiне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесiнде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы; 
          - күзет қызметiмен айналысуға лицензиялар берiлгенi туралы деректер жинауға құқылы. 
          3. Көрсетiлген негiздер түпкiлiктi болып табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.

     

     

          11-бап. Жедел iздестiру шаралары     

    1. Жедел iздестiру шаралары - бұл жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өз құзыретi шегiнде осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуге бағытталған iс-әрекеттерi. 
          2. Жалпы жедел-iздестiру шаралары мыналар: 
          - азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; 
          - азаматтар жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-iздестiру қызметiне пайдалану; 
          - қызметкерлердi қылмысты ортаға енгiзу; 
          - қылмысты iс-әрекетке елiктеу мiнез-құлық үлгiсiн қолдану; 
          - астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құру; 
          - берiлетiн өнiмдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; 
          - арнаулы техникалық құралдарды қолдану; 
          - мекемелердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың (олардың 
    бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан) есептерi бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргiзу; 
          - зерттеу үшiн сынамалар мен үлгiлер iрiктеп алу; 
          - бақылау үшiн сатып алу; 
          - iздеу-қызмет иттерiн пайдалану; 
          - белгiлерi бойынша жеке адамды iздеу және ұқсастыру; 
          - ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын iздеу;  
          - құқыққа қарсы әрекеттер iздерiн табу, жасырын анықтау және 
    алу, оларды алдын ала зерттеу; 
          - қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның iзiне түсу және оны ұстау;  
          - ұсталған адамдарды жеке тексерудi, қылмысты iс-әрекетке қатысты болуы мүмкiн заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексерудi, көлiк құралдарын тексерудi жүзеге асыру;  
          - қарулы қылмыскерлердi қолға түсiру жөнiнде операциялар жүргiзу;  
          - жедел, қылмыстар есептерi және қылмыстық тiркеу жүйелерi бойынша тексеру болып табылады.  
          3. Арнаулы жедел-iздестiру шаралары мыналар:  
          - сотталғандардың хат-хабарын цензуралау;  
          - почта жөнелтiлiмдерiн бақылау;  
          - байланыс желiлерiндегi жедел iздеу; 
          - бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу;  
          - байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау;  
          - соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өмiрiне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигiзбейтiн заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау;  
          - тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру.  
         

    12-бап.  Жедел iздестiру шараларын жүргiзу шарттары     

    1. Адамдардың  азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты  жерi, әлеуметтiк, лауазымдық және  мүлiктiк жағдайы, қандай қоғамдық  бiрлестiктерге жататындығы, дiнге  қатынасы мен саяси сенiмi, егер заңмен өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге кедергi бола алмайды.  
          2. Осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар жүргiзедi және бұл шаралар олардың құзыретi шегiнде шектеледi. Iшкi iстер органдары осы Заңның 11-бабының 2-тармағында тiзiп көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде қылмыстық-атқару жүйесi уәкiлеттi органының немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi бойынша жүзеге асыруға құқылы.  
          Осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын:  
          а) iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi,  қаржы полициясы және кеден органдары - сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрiнде почта жөнелтiлiмдерiне бақылау жасау; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу; компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды алып-тастау; байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру;  
          б) ұлттық қауiпсiздiк органдары - почта жөнелтiлiмдерiн бақылау; байланыс желiлерiндегi жедел iздестiру; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютерлiк жүйелерден және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау, байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және жайларға, үйлерге, ғимараттарға жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру;  
          в) жедел қамтамасыз ету объектiлерiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлауы мен Президентiнiң Күзет қызметi - байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютерлiк жүйелерден және басқа да техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау iсiн жүзеге асырады.  
          Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi, Ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау, қаржы полициясы, кеден органдары мен Президентiнiң Күзет қызметi қажет болған жағдайда осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көрсетiлген арнаулы шараларды ұйымдастыру мен жүргiзуде өзара жәрдемдесуге мiндеттi.  
          6-бапта көрсетiлген барлық органдардың мiндеттерi шешу мүддесiне орай телекоммуникациялар желiлерi мен байланыстың почта арналарын пайдалануына орай арнаулы жедел-iздестiру шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары жүзеге асырады, бұл үшiн оларға қажеттi күштер мен қаржы бөлiнедi.  
          3. Жедел iздестiру шараларын жүргiзуге құқығы бар қызметтердiң, бөлiмшелердiң және қызметкерлер санаттарының тiзбесiн жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың басшылары белгiлейдi.  
          4. Заңмен қорғалатын жеке өмiрге тиiспеушiлiк, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтiлiмдерi құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйдi қол сұғудан қорғау құқығын қозғайтын арнайы жедел-iздестiру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмысты топтар әзiрлеп жатқан және жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшiн прокурордың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.  
          Мұндай шараларды жүргiзуге рұқсатты жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының бас прокуроры, оның орынбасарлары, республиканың әскери прокуроры, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар бередi.  
          5. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, шет мемлекеттер мен шетел ұйымдарының арнаулы қызметтерiнiң, сондай-ақ терроризмнiң барлау-бүлдiру мақсатында қол сұғушылықтарын анықтау, алдын алу және болдырмау мақсатында тек қана барлау хабарламасын алу үшiн осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шаралары Қазақстан Республикасының бас прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.  
          6. Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың өтiнiшi немесе жазбаша келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi орган басшысы бекiткен қаулы негiзiнде, 24 сағаттың iшiнде мiндеттi түрде прокурорды хабардар ете отырып, олардың телефондарынан немесе басқа да сөйлесу құрылғыларынан жүргiзiлген сөйлесулердi тыңдауға және жазып алуға рұқсат етiледi.  
          7. Кейiнге қалдыруға болмайтын және террористiк әрекет бiлдiру және басқа да ауыр қылмыстар жасауға әкелiп соғуы мүмкiн жағдайларда жедел iздестiру қызметiн жүргiзушi тиiстi орган басшылары бiрiнiң дәлелдi қаулысы негiзiнде прокурорды хабардар ету және соңынан 24 сағаттың iшiнде рұқсат алу арқылы осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге жол берiледi.  
          8. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге рұқсат алу кезiнде прокурорға жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет жасаушы немесе қызмет жасаған азаматтардың жеке басы туралы мағлұматтар құпиясын ашуға мүмкiндiк бермейтiн нысанда және мазмұнда оларды жүргiзуге негiздеме материалдар тапсырылады.  
          9. Жасырын жедел iздестiру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргiзу тактикасы "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Құпияландыруға жататын мағлұматтар тiзбесiне сәйкес қызметтiк, әскери және мемлекеттiк құпияны құрауы мүмкiн.

     

     

          13-бап. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
                  органдарға жәрдемдесу 
           1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ведомстволарының, кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң (бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмшелерiнiң, құрамаларының және қоғамдық бiрлестiктерiнiң лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерi осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуде жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдарға жәрдемдесуге мiндеттi.  
          2. Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келiсiмiмен жедел iздестiру шараларын әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша) тартылуы мүмкiн. Бұл адамдар жедел-iздестiру шараларын әзiрлеу немесе жүргiзу барысында өздерiне мәлiм болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрiнеу жалған хабарлама бермеуге мiндеттi. Осындай мағлұматтарды жария еткенi және көрнеу жалған хабарлама бергенi үшiн олар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапқа тартылады.  
          3. Жедел iздестiру қызметiн жүргiзушi органдар кәмелетке толған әрекет қабiлетi бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, бiлiмiне, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататынына, саяси және дiни сенiмiне қарамастан ынтымақтасу туралы келiсiм-шарт жасай алады. Келiсiм-шарттың түрi, оның қолданылу шарты мен мерзiмi ведомстволық қалыптық құжаттармен белгiленедi.

     

     

          14-бап. Жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн 
                  пайдалану     

     1. Жедел iздестiру қызметi үрдiсiнде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзiрлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөнiндегi жедел iздестiру шараларын жүргiзу үшiн, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес олар тексерiлгеннен кейiн қылмыстық iс бойынша айғақтар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.  
          2. Жедел iздестiру шараларын жүргiзу нәтижесiнде алынған материалдар оларға қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген сипат бергенге дейiн, не оларды қылмыс процесiне енгiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда ешқандай құқықтық зардаптарға әкелiп соқпайды және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектеу үшiн негiз бола алмайды.  
          3. Жедел iздестiру қызметiн ұйымдастыру, нақты жедел-iздестiру шаралары, хабарламаларды алу көздерi мен тәсiлдерi туралы мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мағлұматтар заңдарда көзделген реттерден басқа жағдайда, сондай-ақ азаматтардың жеке өмiрiне, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар, жария етiлмейдi.  
          4. Кәсiби мiндеттерiн орындау нәтижесiнде жедел iздестiру қызметi туралы өзiне мәлiм болған мағлұматтарды жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапты болады.

     

     

          15-бап. Жедел iздестiру қызметiндегi шектеулер     

     Жедел iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде:  
          - аса қажет және қорғаныс қажет болған жағдайда басқа реттерде азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне нақты қатер төндiретiн iс-әрекеттер жасауға;  
          - қандай да бiр саяси партияның, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң мүддесi үшiн әрекет етуге;  
          - азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға;  
          - азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектейтiн зорлық-зомбылық жасауға, қатер төндiруге, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттер жасауға;  
          - жедел iздестiру материалдарын бұрмалауға, сол сияқты көрiнеу күмәндi не жалған мағлұматтарды пайдалануға тыйым салынады.

     

     

          16-бап. Жедел iздестiру шараларын тоқтату негiздерi     

     Жедел iздестiру шаралары: 
          - жедел iздестiру қызметiн жүргiзу арқылы шешу көзделген 
    мiндеттер орындалған ретте; 
          - алға қойылған мiндеттердiң шешiлуi объективтi түрде мүмкiн еместiгiн растайтын жағдайлар анықталған ретте; 
          - тексерiлетiн адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар анықталған кезде тоқтатылады. 
          Жедел iздестiру шаралары жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қалыптық құжаттарында көзделген мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келiсiмiмен жүзеге асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады.

     

     

     

  • 2.1.4 Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өзара iс-қимылдары
  •  

     

          17-бап. Қазақстан Республикасының жедел iздестiру 
                  қызметiн жүзеге асырушы органдарының өзара 
                  iс-қимылы

     

     

          Қазақстан Республикасының жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары:  
          - өздерiнiң алдарында тұрған мiндеттердi дербес, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасап, мемлекеттiк, қоғамдық және өзге ұйымдардың мүмкiндiгiн, сондай-ақ азаматтардың жәрдемiн пайдалана отырып шешедi;  
          - осы органдардың құзыретiне қатысты қылмыстық әрекеттердiң мәлiм болған деректерi туралы бiрiн-бiрi хабардар етiп отыруды қамтамасыз етедi және өзара қажеттi көмектi көрсетедi.

     

     

          18-бап. Басқа  мемлекеттердiң органдарымен өзара 
                 iс-қимыл     

    1. Басқа мемлекеттердiң  жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқық берiлген органдары Қазақстан Республикасы аумағында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы заңда және тиiстi шарттар мен келiсiмдерде белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.  
          2. Қазақстан Республикасының жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары басқа мемлекеттердiң аумақтарында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы Заңда, сондай-ақ тиiстi шарттар мен келiсiмдер негiзiнде сол мемлекеттердiң заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.

     

     

          19-бап. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы 
                 органдардың халықаралық құқық қорғау 
                 ұйымдарымен өзара iс-қимылы     

     Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы құқықтық көмек туралы шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес және осы Заңда белгiленген қалыптар шегiнде жүзеге асырылады.

     

  • 2.1.5 Жедел iздестiру қызметiн қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 
  •  

  •      
  • 20-бап.  Жедел iздестiру қызметiн қаржылай 
                  қамтамасыз ету     

     Жедел iздестiру қызметiн қаржыландыру жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарды ұстауға ұлттық валюта түрiнде де, шетел валютасы түрiнде де бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.  
         

    21-бап.  Жедел iздестiру қызметiн материалдық-техникалық 
                   қамтамасыз ету     

     Жедел iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

     

  • 2.1.6 Жедел iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
  •  

     

          22-бап. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар 
                  қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау     

     1. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып саналады және мемлекет қорғауында болады. Оларға өздерi штатына кiретiн министрлiктер мен ведомстволар қызметкерлерiнiң құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi қолданылады. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiктерi ескерiле отырып оларға қосымша жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.  
          2. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерi өздерiнiң қызмет бабында заң талаптарын басшылыққа алады әрi саяси партиялардың және саяси мақсаттарды көздейтiн бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың шешiмдерiне байланысты болмайды.  
          3. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы қызметкерлер мен органдардың заңды iс-қимылына заңмен тiкелей уәкiлдiк берiлген адамнан басқа ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде олар заңды басшылыққа алуға мiндеттi.  
          4. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары өз қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының жеке басының қауiпсiздiгiн, мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.  
          5. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерiне қызмет мiндеттерiн лайықты орындау мақсатында арнаулы кәсiби даярлықтан өтуiне, бiлiктiлiгiн көтеруге және медициналық қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.

    Тақырыбы: Жедел іздестіру қызметі