Техногендік авариалар

Жоспар:

  1. Атомдық электростанциялар.
  2. Пайдалы қазбалар өндірісі.
  3. Машина жасау.
  4. Ауыл шаруашылық өндірісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атомдық электростанциялар.

Д. И. Менделеев жасап шығарған элементтердің периодтық жүйесі материяны оқып-білудегі бірінші  кезеңді аяқтайды. Оның вегізіне түрлі  материя түрлерінен түратын жай  бөлшектер мен «гомдар» жайындағы  түсінік кіреді.

Атом гректің бөлінбейтін  деген созінен шыққан деп болжаған. Казіргі физика атом жөніндегі бүрынғы  түсінікке түбірлі өзгерістер енгізді, теориялық және эксперименттік зерттеулер атомның қүрамында ондаған жай болшектердің бар екенін дәлелдеді. Оған мывалар жатады: оң зарядты атом ядросын құрайтын біршама ауыр протондар және электр зарядтары мүлде жоқ нейтрондар.

Жеңіл бөлшектерге мыналар  жатады: теріс зарядты электрондар, позитрондар, нейтрино және басқалары. Аралық типті бөлшектер де орын алады. Атомдағы барлық бөлшектер ішкі аралық күш аркылы үсталынып түрады. Мұндай күштердің болуына қарамастан, кейбір радиоактивті элементтерде (уран, торий, плутоний) ядроның өздігінен баяу ыдырауы жүреді, ол бөлшек ядросынан  шығатын сәулелерге ұласады, оларды шартты түрде а, b және ү- сәулеленулері  деп атайды. Басқа атомдардың ядролары олардың сыртқы бөлшектерін атқылау  нәтижесінде ыдырайды, мысалға белгілі  жылдамдықтағы нейтрондар немесе протондарды  алуға болады.

Ядро ыдыраған кезде, ішкі ядролық күштер босайды, мұның өзі  көп мөлшерде жылу шығаруға ұласады. Атомдық салмағы 235, 1 кг уран атомдары ыдырағанда жылу энергиясының электр энергиясына айналуы нәтижесінде 25 млн. кВт сағ электр энергиясын алуға болатындығы бөлінеді. Сөйтіп, атом ішіндегі энергия, энергияның сарқылмас  қоры болып саналады. Дүниежүзіндегі алғашқы қуаты 5000 кВт атом электр станциясы бұрынғы Кеңес Одағында 1954 жылы іске қосылды.

Уран қазаны немесе реактор  атом электр станциясының негізгі агрегаты болып саналады.

Қазіргі кезде реакторлардың  көптеген құралымдары зерттеліп  жасалынды. Алғашқы атом электр станциясында графитті су реакторы қондырылды.

Отын ретінде 1 радиоактивті заттардың стерженьдері, мысалы, уран U255 қолданылады. Радиоактивті ыдырау кезінде  орасан зор жылдамдықпен нейтрондар бөлініп шығады да, олар уранның  көршілес атомдарын атқылап, жаңа нейтрондардың  бөлініп шығуына ықпал жасайды. Міне осының нөтижесінде басқарылатын тізбекті реакция пайда болады. Алғашқы  жағдайда электрондардың қозғалу жолына баяулатқыштар қойылады.

Ауыр судың құрамына сутектің екі атомының орнына сутектің екі  изотопы кіреді. Элементтерде ядроларының  құрамьшдағы протондар саны бірдей болып, ал нейтрондар саны әр түрлі  болса, бұл элементтер изотоптар  деп аталады. Мысалы, сутек ядросы (Н) бір протоннан тұрады.

Сутектің бірінші изотопының ядросы (протий) бір протоннан және электроннан тұрса, сутектің екінші изотопының ядросы (дейтерий) бір протоннан  және бір нейтроннан тұрады, дейтерий ауыр судың химиялық формуласына кіреді. Үшінші изотоп - тритий, ол бір протон және нейтроннан тұрады.

Бұл ретте баяулатқыш ретінде 2 графит, көдімгі су, ауыр су және басқа  заттар қолданылады.

Қазіргі кезде ауыр су баяулатқыш ретінде сирек қолданылады, өйткені  оны алуға көп шығын жұмсалады. Ауыр судың 1 тоннасын электролиз немесе химиялық әдіспен алу ұшін 30-40 т. су жұмсалады.

Баяулатқышта нейтрондар жылдамдығы кемиді, бұл ретте, энергетикалық  атом қондырғыларында қолданылатын жылудың орасан зор мөлшері бөлініп  шығатынын айта кеткен орынды. Жылу тасушы ретінде су немесе сұйық металл алынады. Электрондардың бөліну процесін реттеу ұшін бордан, кадмийден және нейтрондарды қарқынды түрде сіңіретін  басқа да материалдардан жасалынатын  реттеуші стержень 3 қолданылады.

Бүл стержень арқылы ядролық  процесті бәсеңдетіп немесе күшейтуге  болады. Нейтрондар қазаннан шығып  кетпес үшін қазанның ішкі жақтары  шағылдырғышпен 4 қапталады.

Шағылдырғыштар баяулатқыш қасиеттері бар материалдардан мысалы, графитген, берилий тотығынан және т.б. жасалады.

Жүмыскерлерді адам өміріне  қауіпті сәуледен сақтау үшін реактор  барлық жағынан қорғасын табағы түріндегі  биологиялық қорғаныспен, қалың  бетон плиталарымен 5, сонымен қатар  су жейдесімен қапталады. Жылу тасушы 6 ретінде су алынады.

Атом энергетикалық қондырғысының  негізгі сүлбасы суретте берілген.

1 санымен реактор белгіленген,  онда отын ретінде уранның  изотоптары, сонымен қатар, плутоний  қолданылады. Бастапқы элементтермен  салыстырғанда изотоптардың радиоактивтігі  анағүрлым жоғары.

Реакторда жылытылған су сорғы 3 арқылы жылу алмастырғышқа 2 құйылады. Бүл биологиялық түрғыдан қауіпті  радиоактивті су, ол қондырғының бірінші  контурына жатады. Қазіргі қондырғылардың бірінші контурындағы су 250°С-та, 100 ат. қысымында болады. Бүл ретте  судың қайнап кетпеуін қадағалау  қажет. Жылу алмастырғыштағы бастапқы су екінші контурлы радиоактивтігі жоқ  суды жылытып, буға айналдырады, ол 30-35 ат қысымды электр генераторын 5 айналдыратын турбинаға 4 келіп түседі. Пайдаланылған  бу конденсаторға 6 қарай жылжиды. Конденсат  сорғы 7 арқылы қайтадан жылу алмастырғышқа  жіберіледі. Бірінші радиоактивті контурдың  барлық агрегаттары адамдардан оқшауландырылып, дистанциялық және автоматты түрде  басқарылады.

Қазіргі ірі электр станцияларында графитті су реакторларының орнына біршама  қуаттылығы аз су реакторлары қолданылады, мұнда кәдімгі су шапшаң нейтрондардың  баяулатқышы болып саналады.

Атом элетр станциясының ұстанымдық сұлбасы I. Реактор. 2. Жылу алмастырғыш. 3. Негізгі айналма насос. 4. Турбина. 5. Электр генераторы. 6. Салқындатқыш (конденсатор). 7. Қоректендіру сорғысы.

Суретте қуаты 210 МВт атом электр станциясының негізгі технологиялық  схемасы бейнеленген. Бірінші кезекті  қондырғы қуаты 210 МВт блоктан тұрады, оған бір реактор, әрқайсысы 70 МВт  алты генератор кіреді. Сөйтіп, әр екі  бу генераторы бір турбинаны жабдықгайды. Турбиналар - бір білікті, екі цилиндрлі; төменгі қысымның бір бөлігі - екі  конденсаторлы, екі тасқынды болып  келеді.

Бірінші контурға реактор 1 және бассейн 2 жатады, бассейнде жарты  жыл бойында ядролық жанғыш заттардың  пайдаланылған стерженьдері сақталады. Осы мақсатта бұл стерженьдер  арнайы кассеталарға 3 бекітіліп, мұнан  соң оларды өңдеу үшін арнайы зауыттарға жібереді. Бірінші контурға мыналар  жатады: бу генераторлары 4, негізгі  айналма насостар 5, жылытқыш насостар 6, арнаулы химиялық су әдісімен тазалау  және көрсетілген құрылғыларды байланыстырып  тұратын құбырлар. Реактордың биологиялық  қорғаны оларды қоршаған бетон плиталардан, болат табақтар мен су жейдесінен түрады.

Бірінші контурдағы су түйықталған  циклде реактор мен бу генераторы (қазан) арасында айналады, қазаннан шығатын  бу турбинаға 7 келіп түседі. Пайдаланылған  бу айналма насос 11 арқылы айналмалы  сумен салқындатылған екі конденсаторға  келіп түседі. Екінші контурға насоспен 12 берілетін конденсат кіреді, ол төменгі қысымдағы 13 қайта қыздырғыш (жылтқыш) арқылы деаэраторға 14 беріледі. Мұнан соң екінші контурлы су пайдалану  насосы 15 арқылы жоғары қысымды жылытқыштардан 16 өтіп, бу генераторына келіп іүседі.

Сүлбада турбинаның екі бөлігінен  шығатын будың сүрыпталу қатары көрсетілген, ол төменгі және жоғары қысымды жылытқыштар мен жылыту жүйесі бойлеріндегі пайдаланатын суды жылытуға арналған.

Қуаты 210МВт блокты атом электр станциясында энергияны өндірудің  технологиялық сұлбасы 1. Реактор. 2. Пайдаланылган стерженьдерді сақтайтын  бассейн. 3. Арнайы кассеталар. 4. Бу генераторы. 5. Негізгі айналма сорғысы. 6. Бірінші  контурды қоректендіру сорғысы 7. Турбинаның жогары қысымды бөлігі. 9. Электр генераторы. 10. Салқындатқыш. 11. Салқындатқыш судың  айналма сорғысы. 12. Турбинаның салқындатқыш сорғысы. 13. Төменгі қысымды су жылытқышы. 14. Деаэратор. 15. Қоректендіру сорғысы. 16. Жоғары қысымды су жылытқышы. 17. Жылу жүйесіндегі сорғы. 18. Бойлер. 19. Химиялық тәсілмен суды тазалау құрылғысы. 20. Конденсат суы. 21. Салқындатқыш айналма  су. 22. Жылу желісі (торабы).

Жылытқыштар мен бойлер конденсаты әуелі анағүрлым төмем температуралы  жылытқьпптарға, сонан соң суретте  үзік сызықпен көрсетілгендей деаэраторға  келіп түседі. Тармақты сорғылар 17 жылумен  қамтамасыз ету жүйесіндегі ыстық  судың айналымын жүзеге асырады.

Бірінші коғтурдың зиянды радиоактивтігін арттыратын коррозия өнімдерінен реакторды тазалау  мақсатында су жылу таратушы химиялық - су әдісімен үздіксіз тазалау 19 процесіне  ұштастырылып, жабдықтаушы сорғы 6 арқылы реакторға түседі.

Атом электр станциясында электр энергиясын өндіру жылу электр станцияларының сұлбаларымен бірдей дерлік.

Экономикалық көрсеткіштері  жағынан атом электр станциялары  жылу электр станцияларына қарағанда  біршама төмен; алайда оларды жергілікті отын ресурстарымен жабдықтай алмайтын жерлерде салғанда, атом электр станциясындағы 1 кВт сағ энергия құны ЖЭС-тің құнынан артық емес.

Атом электр станцияларының өзіндік мұқтаждары жұмыс барысында  асқан сенімділікті талап етеді. Міне, сондықтан көпшілік мақұлдаған жылу электр станцияларының өзіндік  мұқтаж қондырғылары резервтеуден басқа, атом электр станцияларында резервті (сенімділік) дизель - генератор қондырғылары, ол кәдімгі өзіндік мұқтажды қамсыздандыру  жүйесін шапшаң түрде қосуға қол  жетпеген жағдайда іске қосылады. Сонымен  қатар, атом электр станцияларында аккумулятор  батареясын орнату ісі қарастырылды, ал ірі атом электр станцияларында тұрақты ток қозғалтқыштары бар  өзіндік мұқтаждың жауапты тұтынушыларын  жабдықтайтын екі батареяны қою  ісі жүзеге асырылады.

Атом электр станцияларының бірінші контурының өзіндік мұқтаждар  қондырғыларының ерекшеліктері - атом электр станциясы технологиялық  процесінің қарастырылған сұлбаларынан корінеді.

Ал, екінші контур бөлігінде  өзіндік мұқтаждар кәдімгі отынды қолданып, жұмыс істейтін жылу электр станцияларының механизмдерімен бірдей. Атом элекгр станцияларының ерекшеліктері:

1.Географиялық кез-келген  жерде, соның ішінде таулы жерде  салынады.

2.Сыртқы қатардағы факторлардан  тәуелсіз. Өзіндік режімі автономиялы.

3.Отынның шығыны аз  мөлшерде.

4.Тынушылардың ерікті  графигімен жұмыс істеуі мүмкін.

5.Режімнің өзгеруіне сезімтал, әсіресе АЭС-ның реакторы жылдам  нейтронмен жұмыс істейтін болса.

6.Атмосфераны бәсеңдеу  ластайды, радиоактивтік газдары  мен аэрозолы шамалы, санитарлық  мөлшерден (нормадан) асып түспейді. Осы тұрғыдан қарағанда АЭС-ы,  ЖЭС-нан көбірек болып шығуы  мүмкін.

Пайдалы қазбалар өндірісі  

Маңғыстау жері түрлі пайдалы  қазбаларға бай. Минералды шикізат  қоры олардың көптігі, шөгу қуаттылығы, оларды өңдеудің ыңғайлылығы жағынан  бірегей және әлемдік геологияда теңдесі жоқ болып табылады.

Пайдалы қазбалардың негізгі  түрлері мұнай мен газ.        

Мұнай мен газдың айтарлықтай  қоры Өзен кенорнында, алынатын қоры 500 млн. тонна, Жетібай кенорны –  мұнай-газ конденсаты қоры 150 млн. тонна  барланып, табылды.        

70 жылдардың ортасында  Бозащы түбегінде алынатын жалпыұлттық  қоры 350 млн. тонна Қаражанбас, Солтүстік  Бозащы , Қаламқас ірі мұнай-газ  кенорындары ашылды.        

Қазіргі таңда Маңғыстау  облысы аумағында мұнай мен газдың 59 кенорны белгілі. Облыс бойынша  мұнай қоры 3156,2 млн. тоннаны, алынатын шикізат – 1440,3 млн. тонна, жиналған олжа -382,7 млн. тоннаны құрайды.        

Маңғыстау облысы бойынша  мұнай мен газды іздестіру  –зерттеу мәліметтері жаңа ірі көмірсутегі  кенорындарының болашақта ашылу  мүмкіндігі ар екендігін көрсетіп отыр.         

Тереңдігі 60 метрге дейін  жерлердегі мұнай мен газдың болжамдық  қоры 500 млн. тоннаны құрайтын Солтүстік  Каспий қайраңындағы ірі кенорын  қорларының табылуы осының дәлелі болып  отыр.        

Өңірдің шамамен алғанда  аз ғана аумағында фосфориттер, минералды  және ас тұздары, темір рудалары кенорындары  барланды.        

50 жылдардың басында Маңғыстаудың  жер қойнауында уран мен жердегі  сирек элементтер шөгінділері  табылды.        

Аумақтың барлық жер бетінде  дайын құрылыс материалы -әктасты-ұлутас таралған.        

Жетібай поселкесінің солтүстік-шығысына қарай 40 км.бекітілген қоры шамамен 60 млн. тонна «Бекі» кир кенорны орналсқан. Бұл пайдалы қазбаны табиғи-құрылыс  жұмыстарына кең қолдануға болады. Кирлердегі битуминозды заттардың  болуы өте кең шекте – 80 пайызға  дейін жетеді.        

Облыс аумағында қоңыр  көмірдің бес түрі бар.        

1940 жылы Түпқараған ауданында  орналасқан Қызылқаспақ-Айыржал  кенорны барланып балансы бекітілген  болатын. Сол кездегі бекітілген  қор 34,7 млн. тоннаны құраса, 0,5 млн. тоннасы өңделді, қалғаны  балансқа қалдырылған. Қоңыр көмірдің  басқа түрлері Шетпе ауданында  орналасқан. Қоңыр көмір УЩР – қоңыр ерітінділері үшін химреагент дайындау үшін келешекті шикізат болып табылады.         

Болжалды есеп бойынша барлық кенорындардағы көмір қорлары 253 млн. тоннаны құрайды. Көмірлердің өзіндік ерекшелігі 20 дейінгі германия көтеріңкі шоғыры, ал кейбір сынамаларда 50 және 100 ж/т, сондай-ақ басқа да себінді элементер шоғыры болып табылады. Бұл осы көмірлерді осы элементтердің өнеркәсітік шөгінділерін іздестіруге қатысты келешекті болып табылады. Қоңыр көмірді мұнай және газ өндірісінде пайдаланудан басқа осы шикізатты мұнай саласының қажеттіліктері үшін өндірісін ашу болашағы бар.        

Маңғышлақ түбегі стронцивті минералдандырудың түрлі типтері кең таралған әлемдегі ең негізгі өңірлердің бірі болып табылады. Целистин мен целистин бариттің 20 жуық түрлері анықталды. Ауыртас, Үнқосын, Үш күй кенорындары барынша ірі кенорындар болып табылады. Белгілі болған рудаларда стронцияның болуы 20 пайызды құрайды. Рудаларды алғашқы зертеу тұйықталған әйнектер, жоғары сапалы балқымалар, металлургия өндіріснде, арнаулы техникалар шығаруда композициялық материалдар өндіруде оларды қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.         

Мұнай-газ саласында қоңыр ерітінділерді ауырлатушы ретінде барит қолданылады. Барит-целистин рудасы кенорны өңдеуге ашық қолайлы жағдайларымен сипатталатын Ауыртас стронций кенорны алыбы ретінде белгілі. Барит-целистин руда қоры барий тотығының орташа құрамы 8,4% айтарлықтай көлемін білдіреді. Ауыртас кеноны Шетпе селосының оңтүстік-батысынан 37 км. теміржолдан 15 км, және Ақтау-Бейнеу ЭТЖ 9 км орналасқан.         

Маңғыстаудың таулы бөлігінде фосфориттер мен темір рудаларының көірінісі белгілі.Қаңға баба, Тобажық, Жалбырт, Таушық және Жангелді фосфор кенорындары болжалды түрде барланған.        

Темір рудаларының барынша ірі кенорны – Шығыс Қарату қыратының орталық бөлігінде орналасқан Бескемпір кенорны. Оның қоры орташа темір құрамы 44,73 % болғанда шамамен 500 млн. тоннаны құрайды. Облыс аумағында бір марганец кенорны және бірнеше руда кенорындары бар. Барлау қоры 2,7 млн. құрайды. Марганец орташа құрамдылығы 12 пайыз.        

Шығыс және Батыс Қаратау мен Қаратаушық жоталарындағы біршама бөлігінде бағаланбаған 100 мыс рудалары белгілі.         

Маңғыстаудың жер қойнауы тұз шөгінділеріне де бай. Үш ірі ас тұзы кенорындары бар: Бұлақ 1, Қошқар Ата, Қарақия. Бұлақ1 кенорны Форт-Шевченко қаласы ауданында орналасқан. Ауданы 0,5 шаршы метр экваторияны алып жатыр. Құрамы Nа СІ 95,2%, қоры шамамен 300 мың тонна. Қошқар Ата кенорны Каспий теңізі жағалауына өте жақын орналасқан. 25,17 шаршы метр ауданды алып жатыр. Құрамы Nа СІ 97%, қоры есептелмеген, алайда ол Маңғыстаудағы ең ірі кенорын болып табылады.        

Минералды тұз түрлерінің ішінде мирабилт, тенардит, және де Өліқолтықтың төрттік сортаңды шөгінділеріндегі басқа да түрлері белгілі. Сусыз тұздағы натрий сульфаты 73-97 % құрайды.        

1982-1990 жж. Қоры 630 млн. тонна шикі тұз болатын Үстірт теміржол стансасының батысынан 20 км. орналасқан Жаманайрақты кенорны белгілі болды. Тұз мұнда 17 шаршы метр ауданда орналақан. Қолтық-Қайдақ ойпаты аумағындағы болжалды ресурстар 6,8 млн. тонна шикі тұзды құрайды. Оның ішінде 2,9 млрд. тоннасы натрий сульфаты.         

Маңғыстаудың ұлутас-әктасы ТМД елдерінде ғана емес алыс шетелдерде де әйгілі болды. Маңғыстаудың әктас-ұлутасы жарға және қаптау материалы ретінде қолданылады. Әктас механикалық-физикалық сапасы жағынан бетон плиталары мен шлакты бетон және күйдірілген кірпіш параметрлерінен асып түседі. Әрлеу материалындағы түстер гаммасы әртүрлі: алқызыл, ақсары және ақтүсті. Әктас-ұлутастардың божалды қоры бірнеше милиардтаған текше мтерді құрайды. Баланстық қоры 200 млн м3 30 кенорын барланды.        

Әктас-ұлутастан басқа облыс аумағында басқа да құрылыс материалдары кенорындары бар: щебень мен бут өндірісіне арналған тас, кірпіш шикізаты, құрылыс әктасы, ПГС, құрылыс құмдары және т.б. «Шетпе-1» кенорнынан алынатын 5 тен 40 мм дейінгі фракциялы щебень қолданыстағы барлық норматив талаптарына жауап беретін жоғары сапаға ие. Материал жол құрылысы және басқа да құрылыс жұмыстарында ауыр бетонды толықтырушы ретінде қолданылады. Тау шөгінділері қоры 16 млн. м3 құрайды.         

Облыс аумағында бекітілген жалпы қоры 10 млн. тоннадан астам 7 бор кенорны белгілі. Бор құрылыста, ауыл шаруашылығында жануарлар мен құстарды жемдеу үшін, сырлар , шпатлевкалар, қоңыр қоңыр ерітінділерін дайындау және басқа да мақсаттар үшін қолданылады. Бордың сапасы 95,1 ден 98,7% дейінгі көмір қышқылды кальцидің болуымен сипатталады.        

Қарақия ауданында мұнай мен газды іздестіру жүмыстарын жүргізгенде, Александр Черкасск шығанағының шығыс жағалауында аса үлкен жылу энергиясы потенциалы, тұзы 8,3% сульфат-натрий-хлорид құрамдас жоғары терминалды пласт сулы юра-төменгі бор дәуіріндегі қуатты артезиан бассейні табылды.        

Сулар өздерінің химиялық құрамының, температурасының, жекелеген компоненттерінің және биологиялық белсенді күкіртсутегінің арқасында бальнеологиялық қасиеттерге ие.        

Минералды сулардың басқа кенорны Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауында жоғарғы альба шөгінділерінің су жинағыш кешені көкжиегінде 978 м тереңдікте орналасқан. Судың минералдануы 9,9 л/ж. температурасы 60 градус. Химиялық құрамы бойынша әлсіз шырышты әлсіз сілтілі, құрамындағы бром терапевтіккондицияға дейін көтерілген хлорлы-нетрийлі (19-20 мг/л), кремний қышқылы (40 мг/л) және органикалық заттар (14-18 мг/л). Пайдалану қорлары тәулігіне 0,43 мың текше метр көлемінде немес 5 л. бекітілген.

Машина жасаудың экономикадағы  рөлі Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның кұрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуык салалар кіреді: 1)машина жасау (машиналар мен күрал-жабдықтар шығару); 2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу); 3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту). Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы.Машина жасау кешені - шаруашылыктың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің кауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты.Машина жасау кешені басқа да салааралык кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасауданэнергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын жөне басқа да құрал-жабдықтар, өр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін кеп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пенкаучук, бояу) жұмсалады. Оларды ендіру, керісінше,машина жасау өнеркәсібінсіз мүмкін емес.Машина жасау кешені мен агроөнеркәсіптік және көлік кешендерінің арасында қандай байланыстар бар? Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордыңрөлі артады. Ол әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыт- тарды орналастыруға мүмкіндік берді.Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық,трактор) оларды шығаратын металды тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мындай фактор - тұтыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталыктарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы дамыған аудандарда орналастырылады.Түрлі көліктерді шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек шығыны кажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп кажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде,еңбек корларымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында металлургтер каласы - Өскеменде конденсатор мен аспап шығаратын зауыттарды орналастырған. Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радиоэлектроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті кеп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттерімен бірігіп жүмыс істеу қажет. Бүл салалар өрі еңбекті, өрі гылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі калалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар құрастыруға, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығаруға («Алатау Сити») арналған технопарк Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған.Металды кеп қажет ететін енімдер (ірі кәлемді) шығаратын за- уыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады. Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі төн болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарында шоғырланған.   Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіредіКомбайндар, Питер Брейгель, 1565 жыл. Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары — егіншілікпен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.

Ауыл  шаруашылығы — шаруашылық салаларының  ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен  қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі  салаларымен айналыспайтын бірде-бір  ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге  таралуы оның алуан түрлілігіне  байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам  адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер  индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

Ауыл  шаруашылығында еңбек ететіндер  үлесі


Аймақтар

Жұмыс істейтіндер саны, млн адам

ЭБХ-тың ауыл шаруашылығында істейтін бөлігі, %

Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер санындағы жеке аймақтар үлесі, %

Азия

1034

57,5

79,1

Африка

190

58,7

14,5

Солтүстік Америка

21

9,2

1,6

Оңтүстік Америка

27

18,8

2.1

Еуропа (Ресеймен бірге)

33

9,3

2.5

Аустралия мен Мұхит аралдары

3

19,0

0.2

Дүниежүзі

1308

45,6

100.0


Жеке елдер  бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс  істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл  көрсеткіш — 8%, АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте  жоғары (44-сызбанұсқаға қараңдар).

Ауылшаруашылық  географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін  ауыл шаруашылығы климаттық факторларға  тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік  туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы; жылдық жауын-шашынның мөлшері  мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық  құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ  қатарына құрамында карашірігі мол  қара топырақ, минералды заттары  мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым мен  техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып отырған еллерде  климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда  төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық  қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа шығара бастады.

Аграрлық қатынастар

Дүниежүзінің  кез келген елінің ауыл шаруашылығы  өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың  арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының  көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының  ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.

Бүгінгі таңда  жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік  меншік. Ең көп таралғаны жерге  жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің  басым бөлігін өндіреді.

Жоғары дамыған  елдердің көпшілігінде жер қорының  біраз бөлігі ірі жер иеленушілердің — фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа жер мөлшері  — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде  аграрлық қатынастар түрліше сипатты  болып келеді. Азия мен Африканың  бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға  негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде  жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар  меншіктейді, оларға берілген орташа жер  мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы  ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде  меншіктің жаңа түрлері енгізілуде.

Ауыл шаруашылығының даму бағыттары

Ауыл шаруашылығы  өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады.

  • Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері — күріш, Африка елдері — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері — қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.
  • Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:

а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);

ә) егіншілік және егіншілік  пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына  тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік  ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;

б) көпсалалы тауарлы егіншілік  пен мал шаруашылығы — Еуропаның  кейбір елдері мен Азия және Латын  Америкасы елдеріне тән. Егіншілік  пен мал шаруашылыры бір-бірімен  тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.

  • Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылық түріне бөлінеді:

а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазақстан) аумақтары;

ә) интенсивті егіншілік (дәнді  дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс  және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстік  Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;

б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың  тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;

в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы  ірі қара, қой). Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия  аумақтары;

г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;

Техногендік авариалар