Түйе жоңышқа

Жоспар

Кіріспе

І. Азаматтық құқық теориясы

1.1.Азаматтық құқықтың жүйесі,қайнар  көздері.

1.2.Құқық қаблеттілігінің және  әрекет қаблеттілігінің түсінігі.

1.3.Мәміленің жалпы сипаттамасы.

ІІ. Азаматтық құқықтың жасалу тәртібі

2.1.Өкілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі

2.2.Сенімхат түсінігі және жасалу тәртібі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

   Азаматтық құқық – құқықтың бір саласы.Оның атауы ежелгі уақыттан белгілі.Оны Римдік заңгерлер Римдік азаматтарының құқығы- «Цивильді құқық»деп атады.Азаматтық құқық ҚР-ның құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс тіршілікпен, сондай ақ азаматтардың заңды тұлғалармен мемлекеттің өзімен оның әкімшілік аумақты бөліністерімен тығыз байланысты.ҚР азаматтық құқығының мәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген.Өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатнастар құрайды.

Азаматтық құқық жүйесі әдістері.- Мемлекеттегі құқықтық нормаларының жиынтығын  қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Азаматтық құқық ҚР-ғы құқықтық нормативтік құжаттар жағынан ең ауқымды күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді.Яғни, олар іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.ҚР-ның Азаматтық құқықтар жүйесі 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімнің 1 бөлімі: Жалпы ережелер. Жалпы бөлімнің 2 бөлімі: Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Жалпы бөлімнің 3 бөлімі: Міндеттемелік құқықтар. Ерекше бөлімнің 4 бөлімі: Міндеттемелердің жекелеген түрлері. Ерекше бөлімнің 5 бөлімі: Интелектуалдық меншік құқығы. Ерекше бөлімнің 6 бөлімі: Мұрагерлік құқық. Ерекше бөлімнің 7 бөлімі: Халқаралық жеке құқық.

Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықытық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады.

 

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ

1.1.Азаматтық құқықтың жүйесі,қайнар  көздері.

 

    Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды : 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.

Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық , өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.

Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері — Оларға ҚР-ның Конституциясы, Азаматтық құқық кодексі,нормативтік құқықтық актілер,Азаматтық құқық пәні,бағалы қағаздар жатады. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздерінде заңды фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байлансты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-бабына сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер: 1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілерден; 2) заңдарға сәйкес азаматтық –құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан; 3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленген сот шешімінен; 4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде; 5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интетеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде, 6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты  басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан; 7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан; 8) заңдар азаматық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.       Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықытың субъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатынасуының алғашарттары олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке және азаматық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.

Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз – азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі  бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттлігі барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқықтық  қабілеттілік азамат Қазақстан Республикасы шегінде  де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктеуге ; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс  жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналасуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу, өнербастыларға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интелектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интелектуалдық меншік құқығы болуға, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесініңң атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құққықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттерді көзделуі мүмкін; азамат тқрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері жеп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықты азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады.

Заңды тұғалардың құқықтық қабілеттілігі дегеніміз — олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.

 

1.2.Құқық қаблеттілігінің және  әрекет қаблеттілігінің түсінігі.

 

      Азаматтың әрекет қаблеттілігі дегеніміз – азаматтың өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, шектелген деген сияқты түрлері бар.

Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.

Жартылай әрекет қабілеттілігі – 6-14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық заңнамалар бойына олар үшін мәмілелерді, егер заң  құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әркекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанаға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интелектуалдық меншік құқығы  объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы.

Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеулі немесе ол құқықтан айырылуы мүмкін. Он төрт жастан он сенгіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің  әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді.

Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке  толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі  мойындалады. Бұл жерде мынадай  бір сәтті есімізге салып кеткеніміз жһн. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда,он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі  заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын  материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігі  сот Қазақстан Республикасының  Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне есірткі заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың  объектілері мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бла алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға заттар, ақша, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар,  тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүлктік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы,  қадір-қасиеті , абырой , игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтық қатынастарың түрлері  қатынастардың негізгі материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік, материалды игіліктер сипатында болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар. Мүліктік емес қатынастарға адамның, азаматтың өмірі, денсаулығы,еркіндігі, бостандығы, қаупсіздігі, ар-ожданы, намысы, аты-жөні т.с.с. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады. Мүліктік, материалды игіліктер бір жеке және заңды тұлғалардан екіншілеріне көшуі, қайтарылуы мүмкін. Ал мүліктік емес құбылыстар мен мүдделер екінші біреуге берілмейді, көшпейді.

 

1.3.Мәміленің жалпы сипаттамасы.

 

      Азаматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегенімз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары  мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.

Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері  бар: бірішіден, мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсатты жоқ әрекет – қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы; екіншіден , мәміле, көп жағдайда заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет, үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өщгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет; төртіншіден, мәміле азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарды азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.

Мәміленің түрпішіндері. Мәміле ауызша, жазбаша, не болмаса конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу сияқты түрпішіндерде болады.

Мәмленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жеде мәміле жасаушыларың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін. заңдармен немесе келісіммен жазбаша немесе өзге белгілері бар нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған мкезде атқарылған мәмілердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. ауызша мәміле адамның мінез құлқынан оның мәміле жасау еркі көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

Жазбаша мәмілелер 1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттерден басқа, кәсіркерлік қызметүрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында; 2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүзесептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс, 3) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуы тиіс

Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша  түрде жаслаған мәмілеге  тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға иіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерлік  білдіруінің мазмұнын айқындайтын  өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен  немесе тараптардың клісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.

Заңдармен және тараптардың келісімімен  қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларды осы тараптарды орындамау салдары көзделуге тиіс.

Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі  қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша  мәмілеге басқа азаат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сонрдай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс.      

Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тарапт ың да осындай құқығы бар. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.

Мәміленің конклюдетті түрпішіні мысалы жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Сонда, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген нетінің байқалып тұруы арқылы мәміленің жсалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы, банкоматта карточканы салып ақша алу, көшеде телефон –автоматқа карта салып сөйлесу, қоғамдық көлік кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерлі жатқызуға болады.

Үндемеу , заңдарда немесе тараптардың  келісімінде көзделген реттерде мәміле жасааға ерік білдіру деп танылады.

Мәміленің түрлері.  Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мысалы, мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты бір жақты, екі жақты, көп жақты деген мәмілелердің түрлерін көрсетуге болады.

Заңнамалар мен тарпатардың  келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп атаймыз. Бір жақты мәміледе басқа жақтардың келісімі, еркі міндетті емес. Бұндай мәмілелерге азаматтың өщіне берілген белгілі бір құқықтың бас тартуы, берілген сенімзхаттың мерзімінің бітуі, өсиет т.б. жатқызуға болады.

Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле      екі жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты мәміле деп аталады. Қазіргі кезде екі одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түрін шарт деп атайды. Сонымен екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім шарт деп аталады.

Бір жақ екінші жаққа  көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле делінді. Керісінше болса ақысыз мәміле.

Мәміленің жасалу уақытына байланысты нақты ( заттық, мүліктік) және келісімді (консенсуалды ) мәміленің түрлері бар.

Мәміленің талабына байланысты белгілі  бір заттың, мүліктің берілуіне байланысты жасалатын мәміленің түрін нақты мәміле дейді. Мысалы, бұндай мәмілеге жүк тасымалдау туралы шартты айтуға болады. Жүк жіберуінің жүкті тасымалаушыға беруі аталған мәміленің жасаалғандығын көрсетеді.

Келісімді мәміленің жасалуы үшін сол мәмілені жасау туралы тараптардың өзара келісімге келуі жеткілікті болады. Бұған мысал ретінде сауда-саттық шартын келтіруге болады. Аталған мәмілені жасау үшін мүлікті не затты берп, оның бағасын, құнын төлеу міндетті емес. Бұл әркетті жақтар шарттың орындалуы барысында іске асырылады. Тараптар ең алдымен мүлікті не затты бір-бірімен сату жөнінде өзара келісіп қойса, мәміле жасалды деп есептеледі. Мысалы, бір азамат екінші бір азаматқа өзінің пәтерін сатамын, ал анау аламын деп сөз байласса не шарт жасаса мәміле жасалды делінді. Ал ақшасын төлеп, пәтерді алу сөз байласудан кейін орындалады.

Мәміленің негізінің байланысты каузалды және абстрактілі мәмілелер болады.

Каузалды мәміле негізіне байланысты туатындықтан соған тәуелді болады. Сондықтан негізінің жойылуы бір жақты мәміленің әрекет етуінің заңды күшін жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алатын тауардың жарты құнын төлеп қойды, бірақ сатушы тауарды таба алмады. Сатушы сатып алушыдан тауардың қалған бағасын талап етуіне негіз жоқ, сондықтан, бұл жерде мәміленің негіз болып тауардың берілуі не сатып алушыға жеткізілуі табылады. Ондай негіз жойылып еді, мәміле өзінің заңдық күшін жойды.

Абстрактілі мәміледе  керісінше, мәміленің негізі есепке алынбайды, егер мәміле сол мәмілені жасаушының түпкілікті еркін білдірсе. Мысалы, сатып алушы сатып алынған тауардың құнына сәйкес сатушыға вексель беріп, соңынан, тауар сапасыз болып шақса, вексель қайта қайтарылмайды және  вексель весельді ұстаушы не вексельді төлеуші үшін болашақта векселге деген құқықтарын жоймайды.

Мерзімсіз және мерзімді мәмілелер болады. Мерзімсіз мәміледе оның күшіне ену не күшінің аяқталу мерзімдері көрсетілмейді. Сондықтан, бұндай мәмілелер жасалған сәтінен бастап күшіне енеді. Мерзімді мәміледе, мәміленің күшіне кіретін уақыты ғана не болмаса мерзімінің аяқталатын уақыты ғана немесе екі мерзімі де қатар көрсетілуі мүмкін.

Егер де мәміледе тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылу мерзімі көрсетіледі ол кейінге қалдырған мерзім делінді. Ал, керісінше мәміле жасалған сәтінде күшіне еніп, оның күшін жоятын уақыты көрсетілген мерзім жойылатын мерзім деп аталады.

Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу –ьасталмауы  белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, бұндай мәмілеге кейінге қалдыратын шартпен жасалатын шартты мәміле деп есептеледі.

Нысаны биржадағы айналысқа  жіберілген мүлік болып табылатын  және тиісті биржалар туралы Қазақстан  Республикасның заңдары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық жүргізуге қатысатындармен  жасалатын мәмілелер биржалық мәмілелер деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАСАЛУ ТӘРТІБІ

2.1 Өкілдік түсінігі және оның жасалу тәртібі

 

Мүліктік қатынастарда өкілдікті  жүзеге асыру Азаматтық кодекстің 5 тарауында қарастырылған. Соттық дауларда өкіл талапкер немесе жауапкер атынан әртүрлі іс-жүргізу әрекеттерін  жасай алады. Әсіресе, ол айғақтар, сотқа  ауызша және жазбаша түсінік бере алады, сот шешіміне шағым жасай  алады және бейбіт келісім жасауға  құқығы бар.

Өкілеттік деп басқа адамның  атынан бір адамның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа  негізделген өкілеттігі күшімен  жасалған мәмілесін айтамыз. Өкілдік  берушінің азаматтық құқықтары  мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда  жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).

Өкілдік институтының маңыздылығы  сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше  рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс  істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра  алатын мамандарды тартуға қолайлы  келеді.

Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң  бойынша кейбіреулер үшін оның өзі  қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді  өзі ғана жасауы керектігі заңда  айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға  өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада  ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді  орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).

Өкілдік институтының мазмұны  субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне  негізделеді. Аталған негізгі элементтердің  сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.

Өкілдіктің негізгі белгілері:

1. Өкілдіктің субъектілерінің  құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді  жасауды тапсырып, тиісті сенімхат  берген болса ғана немесе заңды  тұлғаның құжаттары бойынша істейтін  болса ғана өкілдің іс-әрекеттері  өкілдік беруші үшін құқықтар  мен міндеттер тудыра алады.  Азаматтық құқықтың кез келген  субъектілер, құқық қабілеттілігі  бар немесе жоқ адам да, заңды  тұлға да өкілдік беруші бола  алады. Өкілеттікті жүзеге асыру  кезінде екі бірдей құқықтық  қатынас жүзеге асырылады: өкілдік  беруші мен өкіл арасындағы  ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен  үшінші жақ арасындағы сыртқы  құқықтық қатынас. Алайда екінші  құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке  өз атынан түспейді.

Ал азаматтық құқық  субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі  бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар  мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, бұл  жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі  толықтай тән, ал заңды тұлғадағы  өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі  сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, істі қарауға қатысы бар  лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы бар тұлғалар.

Өкіл беруші кез-келген азаматтық  құқық субъектісі бола алады. Өкілеттік  берушінің әрекет қабілеттігі тек  ерікті түрдегі өкілдік үшін қажет.

Үшінші жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің  азаматтық құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.

2. Өкілдік шартсыз болуы  мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет  қабілетсіз азаматтар атынан  заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы  заңды өкіл туралы  ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы” Заңының 111 – бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.

Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы  адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім  береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін  атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан  ықтимал қиянаттардан қорғайды.

3. Өкілдіктің құқығы мен  міндетінен туындайтын қандайда  бір әрекеттер өкілдік беруші  үшін жасалады. Өкілдің барлық  әрекеттері  өкіл беруші үшін заңды салдарлар туғызады.

4. Өкіл өкілеттік негізінде  әрекет етеді. Өкілеттік бұл  - өкілдің жасай алатын әрекеттер  шеңбері, құқықтық қатынастардағы  өкілдің мәміле негізінде белгіленген  мүмкіндіктерінің шектері.Өкілдіктің  түріне қарай өкілеттік әртүрлі  тәсілдермен қалыптасады. Ерікті  өкілдікте өкілеттік екі жақтың  келісімімен жүзеге асырылатын  әрекеттер сипаты шарт немесе  сенімхат мәтінінде көрсетіледі.

Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі  жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатнасын асыра пайдаланған  екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып  табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа  бір адамның атынан немесе өкілеттігін  асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді  туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.

Өкілеттік туындауының негізі – заң фактісі болып табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері  бар: шартта немесе алдын-ала келісімде  көрсетілген өкіл ұстауға тілек  білдірген өкілдік берушінің  еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының  заңды өкілдері бола алады, әрі олардың  құқықтары мен міндеттерін кез  келген жеке және заңды тұлғалар алдында  қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік  міндетті атқаруды талап ететін лауазымға  тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).

Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей  заңнан туындайды, әрі ол өкілдік  берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме  капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк  иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің  немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін  өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге  билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік  деп атайды. Мұның өзі өкілдік  берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып  қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).

Заңды өкілділік сот шешіміне немесе әкімшілік актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелген туу куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының  өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне  жергілікті атқарушы органның әкімшілік  шешім-актісі негіз бола алады.

Азаматтық кодекске сәйкес әрекет қабілеті жоқ азаматтарға, әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға, жасөспірімдерге, психикалық ауыратын азаматтарға қамқоршы, ішімдікке салынған азаматтар мен  нашақорларға сот қорғаншы тағайындайды. Бұл өкілдердің өкілеттігі заңмен анықталады, сондықтан олар заңды өкілдер  деп аталады.

Түйе жоңышқа