Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз

 

ЕҢБЕК  ҚАТЫНАСТАРЫН  ҚҰЖАТТАУДАҒЫ       АҚПАРАТТЫҚ  ЖӘНЕ БАСҚАРУ  ҚҰЖАТТАРЫ

Түйіндеме (Резюме)

Резюме француз тілінен  алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.

Түйіндеме – белгілі бір  тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін  іс қағазының бір түрі.

Жазылған түйіндеме сіз  туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені  айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз  іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс  тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді  ұтымды көрсете  білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз  келетінін түйіндемені оқу барысында  бірден ұғатындай болу керек  Қалаған  мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі.

Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі  туралы мәліметтердің кері хронологиялық  тәртіпте берілуі.

 

 

Түйіндеменің  мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

  • аты-жөні;
  • туған жылы, күні, айы, туған жері;
  • ұлты;
  • жынысы;
  • мекен-жайы, телефоны;
  • отбасы жағдайы;
  • азаматтығы;
  • білімі;
  • бітірген оқу орындары;
  • кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;
  • тілдік дағдылары;
  • компьютерлік сауаттылығы;
  • жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.)
  • қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.)

                    Түйіндеме жазғанда  жадыңызда ұстаңыз!

        1. Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтініз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын.

Дайындаған құжаттар мен  жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін түйіндеме  жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы  ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз?

Егер ғылыми дәрежеңіз  болса оны қалыптасқан редакциямен  көрсетесіз. Мысалы, "техника ғылымының  кандидаты", "биология магистрі", т.б.

Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз.

Қызмет бабымен, саяхатшы ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі.

Жеңіл машина немесе көліктердің  басқа түрін жүргізе алатындығыңызды  көрсету де артық болмайды.

Айтылатын негізгі мәселелер  осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады.

2. Түйіндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп түруы кереқ, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден үғатындай болғаны дүрыс.

Жеке басыңыздың қасиеттерін  атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда  болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама  агенті болып орналасқалы келсеңіз, түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас  жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы  білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы  керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы  болғыңыз келсе, балаларды жақсы  көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы кереқ. Жиналған мәліметтерді түйіндемеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық (күнтізбелік және қызметтік тәсілдер).

Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дүрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.

Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды".

Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме  болса, оның бар екендігі резюмеде бір  сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Т Ү Й І Н Д Е М Е

Аты-жөні: Исина Аяужан Рахымжанқызы

Туған жылы, күні, жері: 1993 ж. 13-тамызда Астана қаласында тудым.

Мекен-жайым: Астана қаласы, 8 наурыз көшесі, 28, а.

Үй телефоны: 435186

Мамандығым: есепші, аудитор.

Сала:  АстанаЭнергоСбыт кассиры.

Білімі мен  қызмет жолы туралы мәлімет:

Менеджмент және бизнес колледжі 2008-2012 жж.

Ілияс Жансугіров атындагы  университеті  экономика  факулътетінің  оқытушысы   /2014-2016 жж.

Негізгі мәліметтер. Республика, қала, жоғары оқу орындары колемінде өткен конференцияларды баяндама жасадым. Жогары оқу орнында жұмыс істеген тәжірибем бар. Қоғамдық жумыстарға белсене араласамын.

Қосымша мәліметтер: Ана тілім — қазақ тілі. Ағылшын  және орыс тілін жақсы білемін. Компьютермен қолданушы ретінде жұмыс істей аламын. Туристік сапармен Туркия, Қытай, Корея мемлекеттерінде болдым. Жеңіл машина жургізе аламын (2012 жылдан). Көпшілікпен жумыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар. Тапсырған іске жауапкершілікпен қараймын.

Әуестіктері  Театрға, спорт жарыстарына барганды, кітап оқығанды ұнатамын.

12 наурыз 2017 жыл                 Рахымжанқызы.А.И.

ӨМІРБАЯН

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі  болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі  жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап  жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам  қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай  өмірбаяндар  көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды  тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай  тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім  менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның  осы түріне жатады.

Өмірбаянның үшінші түрінде  қоғамға белгілі қайраткерлердің  өмірі мен шығармашылық, саяси  қызметтері өз тарапынан емес, басқа  біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мүқанов - «Аққан жүлдыз»,

М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның  мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі  жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

Күнделікті   өмірде   ең   жиі   қолданылатын   құжаттың   біріншісі  - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.

 

Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1. Құжаттың аты (өмірбаян)

2.  Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері

3.  Ұлты

4.  Білімі, оқыған оқу  орындары

5.  Қоғамдық-саяси қызметі

6.  Ата-анасы, жұбайы, балалары  туралы мәлімет

7.  Қазіргі жұмысы, мекен-жайы

Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты  баяндап беруге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өмірбаян

 

Мен, Исина Аяужан Рахымжанқызы, 1993 жылы 13 тамызда Карағанды облысы, Нұра ауданы, Сарыөзен ауылында тудым.

Ұлтым – қазақ, 1993-2000 жылға дейін ата-анамынның қолында тәрбиелендім. 2000 жылдан 2008 жылға дейін Астана қаласындағы  №26 орта мектебінде оқыдым. 2008-2009 жылы Астана қаласындағы №61 орта мектебіне ауыстым. 2009 жылы Астана қаласындағы Менеджмент және бизнес колледжінде экономика факультетіне есеп және аудит мамандығында оқуға түстім.Қазіргі кезде сол колледжде 2 курсында оқып жүрмін.

Ата-анам бар: әкем – Рахымжан Белгібаевич –жүргізуші; анам – Альфия Агзамовна – есепші.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік  білімін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын  толық меңгергенмін. Интернетте жұмыс  істей аламын.

Мекен-жайым: Астана қаласы, 8 наурыз көшесі, 28а үйі.

         

               16 желтоқсан 2010жыл                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұхтар Омарханұлы Әуезов

 

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан  Республикасының Ғылым академиясының  академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының  Ғылымға еңбегі сіңген қайраткері, Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы туған. Туған жері – бұрынғы  Семей облысы.

М.О.Әуезов – қазақ әдебиетінің  дамуына елеулі үлес қосқан көптеген шығармалардың авторы. Оның 1917 жылы жазылған алғашқы туындысы «Еңлік-Кебек» трагедиясы қазақ театр өнерінің қалыптасуына негіз салды. Ұлттық опера  және балет театры автордың «Айман-Шолпан»  деп аталатын пьесасымен ашылды. М. Әуезов сондай-ақ «Абай», «Қарагөз»  деген драмалық шығармалар жазды.

М. Әуезов – «Абай жолы»  роман-эпопеясының авторы. Роман-эпопея әлем халықтарының 30 тіліне аударылған. М.Әуезов – сондай-ақ У. Шекспирдің, Л. Толстойдың, И. Тургеневтің, Н. Гогольдің  шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының, сондай-ақ «Өскен өркен», «Қилы  заман» деген шығармалары, абайтануға, манастануға қатысты, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті жөнінде жазылған ғылыми еңбектері бар. М. Әуезов 1961 жылы қайтыс болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕҢБЕК КІТАПШАСЫ

 

   Еңбек кітапшасы  – қызметкерлер мен жұмысшылардың  еңбек қызметін растайтын негізгі  құжат. Бұл құжаттың үлгісін,  жүргізу тәртібін және сақталуын  ЕтЗК және басқа да нормативті  актілер белгілейді. Еңбек кітапшасын  жүргізу кадрлар бөлімінің қызметкерлері  мен басшылардан үлкен жауапкершілік  қажет етеді. 

 

ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ

 

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда  толтырылатын арнаулы бланк түріндегі  ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл  сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық  хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.             

                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кадрлар жөніндегі  жеке іс парағы

  1. Тегі  Исина

Аты   Аяужан   Әкесінің аты Рахымжанқызы

  1. Жынысы әйел 3. Туған жылы, айы, күні 13 тамыз 1993ж.

4. Туған жері Карағанды обл. Нұра ауданы., Сарыөзен ауылы.

                                      ауыл,    аудан,    қала,    облыс

5. Ұлты  Қазақ    Азаматтығы Қазақстан Республикасы.

6. Әлеуметтік тегі студент

7. Білімі арнайы орта білім.

Есепші  аудитор.

8. Қандай тілдерді білесіз қазақ; орыс; ағылшын.                                     

қандай дәрежеде: орташа меңгергенмін, түсінемін, оқи аламын, сөздікпен аудара аламын, жаза аламын.

9. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні,   

туған жылы көрсетіледі) тұрмысқа шықпағанмын.

10. Мекенжайы: 8 наурыз көшесі, 28а үйі.

 

16.12.2010ж                                                       Қолы _________

 

 

 

 

 

Хабарлама (уведомления) – қандай да бір оқиғаның басталғандығы туралы екінші тарапты ескертетін ақпараттық құжат,

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының  азаматтары мемлекеттік ұйымдар  мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген  лауазымды адам немесе мемлекеттік  өкімет пен басқару органының  басшысы хабарламаны дер кезінде  қарауға, ол жөнінде тиісті шешім  қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.

Хабарламаның үш түрі: - өтініш, арыз және ұсыныс. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болып келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жұмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған байқалған кемшіліктерді атап жазады.

Арызда – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша іс-қимылы дұрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады.

Ұсыныс – белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің жұмысын жақсартуға, жетілдіруге назар аудартатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі.

Хабарламаның барлық  түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялық парақ  толтырылады.

 

 

 

 

 

 

ӨТІНІШ

 

Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат.

Өтініш  жазылатын негізгі жағдайлар  төмендегідей:

  • жұмысқа қабылдау
  • жұмыстан босату
  • басқа жұмысқа ауыстыру
  • кезекті демалыс сұрау
  • кезектен тыс демалыс сұрау
  • материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау
  • жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

                            

 

                                    

                                                           Астана қаласы №15

                                                         қазақ орта мектеп

                                                                       директоры А.Айбекұлына

                                                             есепші А. Исинадан

 

Өтініш

 

Сізден  отбасы жағдайыма  байланысты, қыркүйек айының 30-нан бастап кезектен тыс 10 күндік демалыс беруіңізді сұраймын.

 

2010 жылғы 16 желтоқсан                                                     А. Исина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арыз

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының  азаматтары мемлекеттік ұйымдар  мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген  лауазымды адам немесе мемлекеттік  өкімет пен басқару органының  басшысы хабарламаны дер кезінде  карауға, ол жөнінде тиісті шешім  қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.

Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмүны жағынан әртүрлі болъш келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеқе қүқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген қүқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жүмыс істейтін үжымдарда, мекемелерде, өзі түратын түрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.

Арызда -  азаматтардың заң  арқылы қорғалатын жеке қүқықтары мен  мүдделерінің бүзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына  келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарламаижасаушының ойынша іс-қимылы дүрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің қүқықтары мен мүдделерін бүзып  отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, үйымдардың, лауазымды  адамдардың атына сын айтылады.

Ұсыныс - белгілі бір мемлекеттік  органның, ұйымның, мекеменің жүмысын  жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары үсынылатын хабарлама  түрі.

Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялык парақ  толтырылады.

1.1.   Арыз (өтініш, кейде шағым).

Арыз - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына  белгілі бір ақпаратты, отінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын  іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.

Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен үжымның мүддесш көздейтін  үжымдық (коллективтік) арыз түрлері  де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана моселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы бар адам атына  жазылады.

Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым турінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын  арыз, констатация түрінде жазылатын  арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған  мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі  барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті бар: кімге  жолданғаны, кім жазганы, қүжат аты, мазмүны, қолы, датасы.

Арыз сиялы қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.

 

Арыздың құрылымы:

1)  құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);

2)  құжат аты;

3)  негізгі мәтін;

4)  қосымша болса оған  сілтеме;

5)  жазылу мерзімі;

6)  қолы;

7)  арыз мазмүнымен  келісушілер қолы,

Адресацияга лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда қөрсетілуі қерек. Мысалы, Петропавл қаласы сут заводының директоры Т.С.Пірімбетовке Көшірмесі: Петропавл қаласы СЭСмеңгерушісі Р.С.Садуовқа

Тақырыбы парақ ортасына адресациядан төмен жазылады. Мысалы, ШАҒЫМ, АРЫЗ

ТҮСІНІКТЕМЕ

Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, "Менін Сізге арыз беру себебім,". Ары қарай қүжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе  соз болады.   Мәтін соңында қүнделіқті қызмет этикасын  сақтау  сөздерін  қолдана отырып  адресаттан  қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы,  "Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сүраймын", "Нүсқау беруіңізді сүраймын" т.б. Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.

Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған күні, айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі. Жазылу мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парактың сол жақ бөлігінде орналасады. Мысалы,

24 наурыз 2000 жыл.

Қолы.  Арыз жазушының  атқаратын қызметінің толық ресми  аты жазылады, кол қойылады. Парақтың оң жағына фамилиясы, аты-жөні жазылады. Мысалы,

Қазақ техникалық университеті

саясаттану кафедрасының оқытушысы ________Бекенова А.К.

 

Егер арызға кол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық  тортіппен я болмаса алфавит  төртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса онда арызға қол қою парағы тіркелді.

Арыз мазмүнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша  ақпарат та жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде  де датасы жазылып, атқаратын қызметі  көрсетіледі.

Ескертулер:

1. Егер арыз бірнеше  адамның атына қатар жазылса,  олардың барлығының ресми қызметі,  аты-жөні адресацияда көрсетілуі  керек.

2. Егер арыз бірнеше  адамның атынан жазылса, олар  иерархиялық тәртіппен я болмаса  алфавит ретімен жазылады.

3. Арыз қолмен де, компьютермен  де қатесіз жазылуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Қарағанды қаласындағы

                                                         сүт зауытының директоры

                                                                            С.Н.Нұрымовқа

                                                   Қарағанды қаласының

                                                                    СЭС бас есепшісі А.С. Нұржанға

 

Арыз

Сізге арыз беру себебім, зауыттағы  санитарлық жағдайдың нашарлығы. Соның  нәтижесінде шығарылған өнім сапасының  төмендігі. Айтылғандарды ескеріп, шара қолдануыңызды сұраймын.

 

16.12.10 ж.                   

Қарағанды сүт  

зауытының еспешісі:                                             Р.А.Исинадан

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талап-өтініш (арыз) шағымданған сомаларды мәжбүрлі түрде өтеп алу туралы өтінішпен төрелік сотқа беріледі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              Ақмола  облысының

                                                               Астана қалалық (аудандық)

                                                               сотына

                                                              Талапкер: Исина Аяужан ,

                                                               Астана  қаласы, 8 наурыз 28а үй.

                                                                                                              (аты-жөнi,  тұратын жерi)

                                                               Жауапкер:        ЖШС «Исмагулов»

                                                                                                        (Ұйымның атауы және мекен-жайы)

Жалақыны өндіріп  алу тралы

ТАЛАП АРЫЗ

 

Мен               Исина Аяужан Рахымжанқызы, есепші                                        .        

                                   (қызметі, орындайтын жұмысы)

 

Мына                                      ЖШС «Исмагулов»                                               .

                                 (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы)

 

20 08 жылғы «01» шілдесінен бастап қызмет істеймін.

 

               Жалақы штат кестесіне сәйкес  төленбегеніне байланысты               .

 (қандай себептермен төлемдер жасалмағаны, оның мөлшері

_________________________________________________________________

себептері, әкімшілік іс-әрекеттің  заңсыздығы)

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына, 24-бабының 2-тармағын, 76-бабының 2-бабын, «Қазақстан Республикасындағы  еңбек туралы»  ҚР Заңының  76-бабын, ҚР АІК-нің 8, 24, 27, 150-баптарына басшылыққа ала отырып,

ӨТІНЕМІН:

Менің пайдама                                ЖШС «Исмагулов»                                    .

(Ұйымның атауы)

 

 200000( Екі жүз мың)  теңге жалақы.

Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз