Түрік дәуірінің кезеңделуі
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Орындаған: Нұрбай Шолпан
Группа: ММ-12-01
Қабылдаған: Қозыбақова.Ф.А
- Кіріспе
Бұл шығарма ерте ортағасырлық және дамыған ортағасырлық мемлекеттер туралы сыр шертпек.
Сол кезеңдерде өмір сүрген елдердің кейінгі құрылатын мемлекеттердің негізі болғанын және Қазақстан аумағында біртіндеп өркениеттің дамуына септігін тигізді.
Алғаш құрылған мемлекеттер әскер күшіне сенген феодаодық мемлекеттер болды.Билеушілер көп жағдайда ең жоғары тап өкілі,бүкіл жердің иесі саналды,әрбір құрылған мемлекеттер өздерінен әлсіз тайпалар мен елдерді саяси ықпал ету аймағына айналдырып отырды,бұл оларға мемлекеттік қазына үшін маңызды болды.Бұл мемлекеттер жайлы мәліметтер Қытай жылнамаларында,Махмұд Қашғаридің «Диуани-Лұғат-ат-түрік»,Жүсіп Хас-Хаджибтің «Құтадғу білік» шығармасында,Әл-Якубидің еңбектерінде,Руна жазуларында, т.б шығармаларда толық жазылған. Менің еңбегім солардың тамшысы арқылы ғана дайындалды.Осы мемлекеттер туралы қысқаша мәлімет алуға мүмкіндік береді.
- Негізгі бөлім:
А)Ерте ортағасырлық мемлекеттер (VI – Xғ.ғ)
- Этникалық құрамы
- Қоғамдық құрылысы
- Саяси тарихы
- Саяси нәтижелері
- Шаруашылығы
Ә)Дамыған орта ғасыр мемлекеттері (X – XIIғ.ғ)
- Этникалық құрамы
- Қоғамдық құрылысы
- Саяси тарихы
- Саяси нәтижелері
- Шаруашылығы
- Қала мәдениеті
ІІІ. Қорытынды
1Түрік дәуірінің кезеңделуі
Тарихта орта ғасырлардағы мемлекеттерді қағандықтар деп атаған. Бесінші ғасырларға қарай Солтүстік Монғолиядан Орта Азияға дейін (Әмударияға дейін) кейін тіпті Шығыс Еуропаға дейін Тирек деген атпен бірнеше тайпалар мекен етті.
Қытай деректерінде түркілерді «шонжарлар» деп атаған.Солардың ішінднгі ең ірісі түрік (түркі) тайпасы, олармен қатар үйсіндер, қаңлылар, түргештер т.б болған. Ең алғаш түрік деген ат 542ж яғни 6- ғасырда кездеседі. Ондай былай деп жазылған. Вей (Қытайдың солтүстік батысы) князьдігіне түрікткер шабуылды жыл сайын жасап отырды. Қытай деректерінде оларды сюнну ғұндар деп атаған. 546 жылы Теле тайпалары Монғолияның оңтүстігін мекендеген аварларға (чуань-чуань) қарсы жорық жасайды. Оларды жеңіп елумыңнан астам әскерін тұтқынға алып , өз армиясына қосады.Енді түріктер күшейіп, аварларға шарт қояды. Шарттары:
- Ханшасын әйелдікке беруін талап етеді
- Жеңілгендігін мойындасын дейді. Бірақ жауап болмайды. 552 жылы түріктердің билеушісі Бумын аварларға қарсы шабуыл жасап жеңіске жетеді. Ал олардың басшысы Анағұй қаған өзін-өзі өлтіреді.Осы жылы көктемде Бумын Түрік қағанатын құрады. Осылайша Түрік қағанаты құрылып, оның алғашқы қағаны Бумын болады.
Түрік қағанаты
Хронологиялық шеңбері |
552-603ж.ж |
Аумағы |
6-ғасырдағы Қазақстан жері, Солтүстік Монғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейін созылып, қоныс өрісі Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетеді |
Діні |
Түріктер Көкке(Тәңір )Жерге ,Суға табынды.Түрік қағанаты Көк тәңірінің желеуімен билік жүргізді.Түріктердің діни түсінігінде Көктен кейін отбасының және балалардың қамқоршысы Ұмай ана саналған |
Әлеуметтік -экономикалық дамуы |
Бумын 552ж өзін бүкіл түркілнрдің ханы «елхан»деп жариялайды.553ж шайқас кезінде қаза табады.553ж оның інісі Қара Еске билік басына келеді.Бірақ сол жылдың соңында олда қайтыс болады.Одан соң таққа Мұқан қаған отырады.Мұқан қаған 553-572ж.ж билік етеді.Оның кезінде Түрік қағанаты Орта азияда саяси үстемдікке ие болды.572ж Мұқан қаған қайтыс болады.Енді билікке әскери қолбасшы Естеми қаған келді.582жылға дейін билік етті.Естеми қайтыс болғаннан кейін билік үшін қырқыс басталады.Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік империясының өз тілінде 7-8ғ.ғ жазылған Орхон-Енисей жазбалары арқылы белгілі. |
Саяси тарихы |
553-554ж.жМұқан қаған қайларды,қидандарды(қарақытай) |
Саяси нәтижелері |
Өз ішіндегі қырқыстан соң Түрік қағанаты 603ж екіге бөлінеді.Батыс түрік қағанаты және Шығыс түрік қағанаты болып. Шығыс түрік қағанаты Қытай жерінде Шығыс Түркістанда қалып қояды.Ал Батыс Түрік қағанатының орналасқан жері Жетісу болады. |
Батыс түрік қағанаты
Хронологиялық шеңбері |
603-704ж.ж |
Аумағы |
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін, Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді жайлады. |
Діні |
Түріктер Көкке(Тәңір )Жерге ,Суға табынды.Түрік қағанаты Көк тәңірінің желеуімен билік жүргізді.Түріктердің діни түсінігінде Көктен кейін отбасының және балалардың қамқоршысы Ұмай ана саналған |
Әлеуметтік -экономикалық дамуы |
Орталығы – ЖетісудағыСуяб қаласы (Қазіргі Тоқымақтың маңындағы Ақбешім). Қағанаттың құрамында үйсіндер, түркештер,қаңлылар,т.б болды.Этникалық құрамы он тайпалы елден құралды. Бес тайпасы дулу, бес тайпасы нушеби немесе он ақ будундар немесе он оқ будундар. Жазғы орталығы – Мыңбұлаққаласы(Түркістан қаласы жанында).Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі әдісі басыңқы және отырықшы – егіншілік түрі қоса жүргізілетін бірегей жүйесі болып табылады.Елдің халқы бәрі бірдей сауда саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысып отырған.Орта Азия мен Қытай жерлерімен сауда жасасқан.Қалалар өркендеді.Қағанаттағы бірінші тұлға – бірінші тұлға, әскери қолбасшы,бәлкім күллі жердің иесі де –қағанболған.Жоғарғы лауазымдылар – жабғы, шад, елтебердеп қаған әулетіне тән адамдар аталған.Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарған.Халықтан салықты тудундаржинады.Қағанаттың негізгі халқы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды қара бұдұндеп атаған.Қоғамақсүйек және тәуелді тайпа деп екіге бөлінді. Тәуелді тайпа үнемі алым салық төлеп отырған.Түріктердің көрші тайпалар мен халықтарға шапқыншылық жасағандағы мақсаттарының бірі – құлдар әкету болған. Мәдениет, әдебиет дамыды, жазу пайда болды. Көне түрік жазуы Рунадеп аталды.Ол отыз бестайпаның алғашқы таңбасынан жинақталды.Бұл жазу Орхон Енисей немесе Күлтегін ескерткіштері деп аталды.Білге қаған жаздырған Тадас өзенінің бойындағы Тоныкөк батыр ескерткіші.Руна ескерткіштері бірнеше топқа бөлінді: Монғолия аумағындағы,Тува және Минусин аумағындағы ескерткіштер, Алтай тобының ескерткіштері, Шығыс Түркістан ескерткіштері,Жетісулық ескерткіштер. Қағанатты 610 —618ж.ж Жеғуй қаған басқарды.618 — 630 ж.ж елді Тонжабғы қаған билеген.Осы кездерде қағанат күш қуаты арта түсті.Түрік қағанаты жылқылар патшалығы деген атаққа ие болды. |
Саяси тарихы |
Олар Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды.Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.Жеғуй қаған мен оның інісі Тонжалебғы қаған билеген кезде қағанат күшейе түскен. Тохарстан мен Ауғаныстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның Солтүстік – батысына дейін кеңейтеді. |
Саяси нәтижелері |
Қарауындағы халықтар мен тайпаларды ұдайы бағынышты етіп ұстап отыруға Батыс түрік қағанаты Орталық өкіметінің әскери саяси рессурсы жетпейтін болып шықты. Қағанат ішінде өзара тартыс үздіксіз жүріп, билеушілер жиі – жиі ауысып жатты, бұл ыдыраушылықты асқындырып жіберді.Он алты жылға созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі әлеуеттік ішкі қырқыстар (640 – 657 ж.ж) Жетісуға Тан империясының баса көктеп кіруіне әкеліп соқты.Тан губернаторлары Батыс түрік тайпаларын қаған әулетінен өздері қалап сайлаған сыбайластары арқылы басқаруға тырысты.Алайда түріктердің Тан басқыншылығына және оның сыбайластарына қарсы жүргізген тынымсыз күресі түркештердің күшейіп көтерілуіне, сөйтіп 704ж. Жетісуда олардың саяси жетекші күш болып шығуына себепші болды. |
Түргеш қағанаты
Хронологиялық шеңбері |
(704 – 756ж.ж) |
Аумағы |
Түркеш қағанаты 704ж құрылды . Қағанаттың аумағы Орта азияның Оңтүстік – Шығысында Шаш(Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аумақты қамтыды. |
Діні |
Түрікт ер Көкке (Тәңір), жерге,суға(Иер
суб) табынды.Қағандар нақ осы көктің
еркімен билік құрып,олар “Көк тектестер
және Көкте туғандар” деп аталды. |
Әлеуметтік -экономикалық дамуы |
Қағанаттың негізін салушы – Үшелік қаған (704 – 706ж.ж) VI ғ ТяньШань таулы аймақтарында өмір сүрген түркештерVII ғ Жетісуға қонысаударып,Батыс түрік қағанатының сол қанатының құрамына енген,халқы ең көп тайпа болған. Халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрды. Саяси орталығы Суяб(Шу мен Талас өзеніне жақын) Күнгіт(Жазғы ордасыІле өзені бойында орналасты.Түркештердің ең қымбат өнімі мускус болды. Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы билеушісі қағанның қолында болды. Ел 20 ұлысқа бөлінді . Әр ұлыста 7мыңнан әскер болған. Сауда жақсы дамыды.
|
Саяси тарихы |
705ж Арабтар шабуыл
жасап Мауереннахрды басып
|
Саяси нәтижелері |
|
Қарлұқ қағанаты
Хронологиялық шеңбері |
(756-940ж.ж) |
Аумағы |
Қарлұқ қағанаты 756ж Жетуісуда билікке келеді. Қарлұқ тайпаларының орналасқан жері Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. 7-ғ аяғында Жетісу жеріне қарай ауысқан. 8-9ғ.ғ Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта аймағына дейінгі жерді мекендеген. Астанасы Қойлық қаласы |
Діні |
Қарлұқтарда ислам діні орнайды. |
Әлеуметтік -экономикалық дамуы |
Араб географы Ибн – Хаукаль Хғ былай хазды“Қарлұқтардың жерінің батысынан Шығысына жетуі үшін 30күн керек»Олар туралы Қытай деректерінде 581-618ж.ж Қарлұқтардың басты тайпасы бұлақ(болат)Ақтах(Алтай)жерін мекендеді. Қарлұқ бірлестігінің құрамы негізінен үш тайпалық бірлестік:Бұлақ , Шігіл, Талшық тайпаларынан тұрды. Кейбір деректерде 5ғ кездеседі.Шу аңғарын мекендеген Қарлұқтардың астанасы Баласағұн болды. Қарлұқтарда 25 қала мен қоныстар болған. Ең
ірі қалалары: Баласағұн,Тараз, Мерке,
Аталық,Тұзун, Балық,Барсхан,Сикуль,Талғар, Көсемдерін жабғу деп атаған. Ұлы жібек жолында жатқандықтан сауда дамыды.
|
Саяси тарихы |
.Олар көбінесе ұйғырлармен қырғыздармен соғысы отырды. Оларға IX ғасырдан бастап арабтар маза бермеді. 810ж Арабтар шабуыл жасап Құлан қаласын алады. 812ж Арабтар мен Қырғыздар Отырарға шабуыл жасап,басып алады. 840ж Енисей қырғыздары ұйғыр қағанатын құлатады,оның халқын Турфан,Ганчжоу ауданына көшіреді.Исмаил Ибн Ахмед Таразға жорық ұйымдастырады.Қарлұқ қағаны Таразды қорғағанымен қала құлап ислам діні қабылданады.
|
Саяси нәтижесі |
Сонымен қарлұқтар Жетісу жеріндегі түріктерді қолдай отырып, Жетісуға 200жылдай билік етті(170,180) 940ж көоші отырған Қарлұқ мемлекеті құлады. |
Оғыз мемлекеті
Хронологиялық шеңбері |
(9ғ соңы – 11ғ басы)
|
Аумағы |
Қашқаридың айтуына қарағанда оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмән жоқ. Олар Қазақстанның батысы Сырдарияның ортаңғы ағысын мекендеген |
Діні |
Оғыздар алғашында пұтқа
табынған.Кейін ислам дінін |
Әлеуметтік -экономикалық дамуы |
Оғыздарды Истархидің және Қашғаридің еңбегінде ОҚ жерінде,әсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз,қыпшақ, оғыз, шағма, чігіл, имек сияқты түркі тілдес тайпалардың өмір сүргендігі белгілі. Махмұд Қашқари оғыздар 22,кейбір деректерде 24тайпадан құралған дейді. Деректемелердің
айырмашылықтары оғыздардың екі
экзогамиялық фратрифға:бұзұқтар мен ұшұқтарға бөлінуімен сипатталады.Әрбір
топта 24тайпадан,бұлардың өзі тепе-тең
екіге бөлінді. Тайпалық
және рулық бөлімшелер “оба”,”бой”,”көк”
деп аталды. Оғыз мемлекеті билеушісінің титулы «Жабғу» деп аталған. Жабғудың кеңесшілері «күл-еркіндер” Жабғудың “инал” атты мұрагері және оны тәрбиелеуші “атабектер” болған. Оғыз әскерінің бастығы “сюбашы” деп аталған. Ақсақалдар кеңесі жұмыс жасаған Ірі Қалалары: Жент, Фараб,Сауран, Қармақ Сүткент, Сығанақ т.б
|
Саяси тарихы |
Оғыздар Хорезм,Жетісу,Мәуеренахрмен байланыс орнатқан.Еуразияда олар маңызды рөл атқарды. 10ғ соңында орыс деректерінде оғыздардың ұ,965ж.Киев князді Святославпен бірігіп хазарларды,985ж князь Владимрмен одақтасып,Еділ,Калма бұлғарларын талқандағны туралы айтылады. Шахмәлік тұсында мемлекет кұшейіп,1041ж. Хорезмді жаулап алады. Алайда оғыздардың соңғы жабғуы Шахмәлік салжұқтардың қолынан қаза табады. |
Саяси нәтижесі |
Селжұқтармен көп жылғы күрес нәтижесінде оғыздар әлсірейді. Осылайша,11ғ күшейіп келе жатқан қыпшақтар оларды Арал,Сыр бойынан ығыстырды. Оғыз
тайпалары қазақ,қырғыз,татар, |
Қарахан мемлекеті
Хронологиялық шеңбері |
(940-1212ж.ж)
|
Аумағы |
Мекендеген
жеолері:Қағанатқа шығыс Орталығы: Баласағұн қаласы |
Діні |
960ж. Мұса хан Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялайды. |
Әлеуметтік -экономикалық дамуы |
|
Саяси тарихы |
Астанасы:Баласағұн,Қашқар
Астанасы:Самарқанд
|
Саяси нәтижесі |
12ғ
ортасында қаптаған Осылайша құдіретті Қарахан мемлекеті 13ғ басында өмір сүруін тоқтатады.
|
Қимақ мемлекеті
Хронологиялық шеңбері |
(9 – 11ғ.ғ)
|
Аумағы |
Қимақ тайпалары 7ғ басында Монғолияның Солтүстік батысын мекендеген. 8ғ ортасында Алтайдың солтүстігі мен Ертістің бойына жақындаған. |
Діні |
Көк тәңірі ісіне ата баба аруағына табынды.Алғашында қимақтарда өлгендерді өртеп жіберді.Тіпті мүсінге де табынды.Ертіс өзенін қасиет тұтып,өзен адамның тәңірі деп сиынды. |
Әлеуметтік -экономикалық дамуы |
Кимек билеушісі
едәуір құдіретті болған.Кимек Кимектерде ертедегі түріктердегі :шад, ябғу, кіші қаған,ұлы қаған сияқты дәреже сатылары болған.
|
Саяси тарихы |
|
Саяси нәтижесі |
10ғ аяғы 11ғ басында Кимек мемлекеті ыдырайды. 11ғ қарай билікке қыпшақ
тайпалары келе бастайды .Қимақтар
қыпшақ тайпаларының құрамына
еніп қыпшақтар деп атала |
Қыпшақ хандығы
Хронологиялық шеңбері |
(XI-XIII ғасырдың басы)
|
Аумағы |
Қыпшақ хандығы XI ғ құрылды . Алтайдан Еділге дейінгі аралықты “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп атаған. |
Діні |
Жент пен Фараб арасындағы
қыпшақтар пұттық дінді ұстады.Көк
бөрімен көк аспанға табынды. |
Әлеуметтік -экономикалық дамуы |
Жалпы қыпшақтардың этникалық құрамы екі бөліктен тұрады:
11 тайпадан тұрады: елбөрілі, тоқсоба, йетиоба, дурут
16 тайпадан тұрады: 8 негізгі , 8 ұсақ тайпалық бөлімшелер. Ең беделдісі бөрілер болған. Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған.
Қарлұқтар,Жіліктер қосылған. Қытай тарихшысы Жүзжани бөрілерді хан әулиетінің тайпасы деп атаған. Хандық биліктің орталығын “орда” деп атаған. Әскери басқару жүйесі бойынша оң және сол қанат болып бөлінді. Ақсүйек-шонжарларға Хан , Ханның туыстары , тархандар ,басқақтар , бектер , байлар, ру-тайпа көсемдері Құлды “яланкуг” деп атаған
|
Саяси тарихы |
Қыпшақтар Хорезм елімен қатынасты жақсартуға тырысады. Хорезм билеушілері Текеш пен II Мұхаммед қыпшақ ханы Қадыр Букехан мен оның жиені Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып,Сығанақ қаласын басып алуды ойластырады. Текеш Отырарды билеп отырған Алып-Деректің әскерін өз жағына шығарып, қаланы жаулап алды. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады. |
Саяси нәтижесі |
Өз ішіндегі билік үшін
күрес қыпшақтарды ыдырата |
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қарахан және Қарақытай мемлекеті (Қазақстан тарихы І том, 398-408бет, 416-419бет, Алматы «Атамұра» 2010 жыл )
- Қимақтар (Қазақстан тарихы очерктер, 67 -70 бет, 1991 жыл, «Дәуір баспасы»)
- Қыпшақтар (Жолдасбайұлы, Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан, 119-144бет)
- Оғыз мемлекеті (kk.wikipedia.org/wiki/Оғыз_ме
млекеті) - Наймандар мен керейлер (kk.wikipedia.org/wiki/Найман,
6. Түрік қағанаты (ШЫҢ, 31-41бет, 2010 жыл )

- Түрік қағанаты
- Түрік қағанаты
- Түркия мемлекеті
- Түркі дәуіріндегі Қазақстан Көне Түркі, Түргеш және Қарлұқ қағандықтары кезіндегі мәдениет
- Түркілердің сәулет өнері және материалдық мәдениеті
- Түркі мәдениеті: ғаламдық өркениетке қосқан үлесі
- Түркі мемлекетінің мәдениеті
- Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз
- Түйіскісіз басқару аппараттары
- Түйсік, ес және қабылдау
- Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы
- Түйсік туралы материалисттер мен идеалисттер пікірі
- Түйсінудің физиологиялық негіздері
- Түрдің популяциялық құрылымы