Түркілердің сәулет өнері және материалдық мәдениеті
ЖОСПАРЫ
Кіріспе
1. Түркі халықтарының діни нанымдары
2. Жазу ескерткіштері
3. Археологиялық ескерткіштер
4. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтың 6-10 ғасырлардағы материалдық мәдениеті.
5. Ғалымдар мен ойшылдар, олардың мұраларының маңызы
6. Түркілердің сәулет өнері және материалдық мәдениеті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Түркілердің руханияты, дүниетанымы, менталитеті, салт-дәстүрлері көпшілікті көптен-ақ қызықтырып келеді. Бұл тақырыптар патшалық Ресей тұсында-ақ В. В. Бартольд, С. Е. Малов, А. Н. Бернштам, Н. Я. Бичурин, Ш. Уәлиханов, Б. Банзаров сияқты ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында бес бірдей түркі тектес одақтас республикалардың тәуелсіздігін жариялап тарихи аренаға шығуына байланысты бұрынғы қызығушылық одан да күшейе түсті.
ХІҮ-ХҮ ғасырлардан бастап тұтас түркі бірлігі ыдырап, көптеген бөлек-бөлек түркі ұлыстарының негізі қаланды. Олардың бір-бірінен тілдері де, түрлері де, діндері бөлектене бастады.
Тіл оғыз, қарлық, қыпшақ, сібір топтарына бөлінсе, антропологиялық кейпі монғолоидтық пішіннен евпропеоидтық кейіпке өтсе, діндері көк тәңірінен ислам, буддизм, христиан тіпті яһудиге бөлініп кетті, негізгі бөлігі отырықшылыққа өтті.
Түркілердің басым бөлігі Ресей қол астына, біраз бөлігі Қытайдың қол астына түсті, енді біраз бөлігі Иран құрамында қалды.
Жалғыз тәуелсіз түркі елі 1399 жылдан 1923 жылға дейін өмір сүрген Осман империясы құрған қазіргі түркі елі – Түркия ғана болды. 1923 жылы Батыс Еуропа мемлекеттері мен Грекия бірігіп Анатолия жерін де қол астына қаратуға тырысты. Бірақ кейін Ататүрік атанған түріктердің көсемі Мұстафа Кемальдің басшылығымен жеңіп шықты.
Қазір тәуелсіз жеті түркі мемлекеті: Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түрікменстан және Солтүстік Кипр Түрік жұмхұрияты өмір сүріп келеді.
Ресей қол астында
ондаған түркі елдерінің
Қазіргі кезеңде түркі тектес мемлекеттер басшыларының кездесулері өтіп тұрады. «Түріксой» жұмыс істеуде, түрік лицейлері мен университеттері жұмыс істеуде. Орталық латын әліпбиі қажет. Қазақстаннан басқалары латын әліпбиіне өтіп жатыр. Ортақ терминология және тіл қажет.
Меніңше бұл әлі аз. Араб елдерінің лигасы сияқты ұйым қажет. Экономикалық, әскери, мәдени т.б. байланыстар жүйелі, тұрақты және өрлемелі сипатта болуы қажет.
Орталық парламент, БАҚ, тіпті валюта болса да артықтық етпейді. Оның рухани астанасы – Түркістан. Түркі мемлекеттерінің достастығын құратын кез жетті.
1. Түркі халықтарының діни нанымдары
Түркі халықтарының діни-мифологиялық нанымдары тіпті бір тарихи кезеңнің өзінде де біркелкі болған жоқ. Оған бізге дейін келіп жеткен жазба ескерткіштері мен археологиялық материалдарға қарап көз жеткіземіз. Қазіргі кезде тәңір, шаман, будда, манихей, христиан туралы мәліметтер табылды.
Тәңірге табыну. Францияның белгілі дін зерттеушісі Жан Поль Рудың пікірінше, Алтай мен Оңтүстік Сібірде өмір сүрген түріктердің табыну объектісі – «адам-аспан», «адам-күн» -Тәңір болды. Қытай тарихшылары оларда Тәңір құдайының болуы б.з.д.5-3 ғ жатады деп есептейді. Діни ұғымды діни сюжеттермен тасқа түсірген суреттер қытай тарихшыларының мәліметтерін растай түседі. Араб географы Макдиси: «Түріктер «Бір тәңір» дейді, ол «Бір Құдай» дегенді білдіреді» деп жазды. Плано Карпини өзінің «Моңғол тарихы» деген кітабында былай дейді: «Олар бір Құдайға сенеді, оны көзге көрінетін және көрінбейтін дүниені жаратушы деп біледі, сондай-ақ бұл дүниедегі жарылқаушы әрі азаптаушы деп мойындайды». Түріктердің нанымдары бойынша Тәңір деген Аспанды білдіреді, ол дүниені жаратушы және ол өзі жаратқандардың бәріне –адамға, халыққа, мемлекетке билігін жүргізеді деп сенген. Ол дүниені жаратты және өзі де дүние. Түріктердің басқа халықтардан ерекшелігі Құдай жалғыз деп сенді. Құдай – қайырымды, қатал, құтқарушы әрі жазалаушы. Ол бәрін көреді, адамның тағдыры, ойлары мен іс-әрекеттері оған тәуелді. Тәңір дінінің мәні де осында, Құдай адамның еңсесңн түсірмейді, қайта оны жігерлендіріп, іс-әрекетке бастайды.
Қазақстанның әуелгі
орта ғасырлардағы көшпелі халқының
сондай-ақ қалалары мен қоныстары
тұрғындарының наным-сенімдері
Ежелгі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (Жерге-суға, Йер-Суб) сыйыну болды. Құдырет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып отыр деп санаған түріктер оларды «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп атады. Түрік қағандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады. Олар Көк, Жер, Су жұт жайлаған жылдары түрік халқын сақтап қалды деп сенген.
Өзінің мәні жағынан бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай-от басы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Сонымен бірге, Ұмай түріктер сыйынған құдыретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған. Ұмайға сыйынушылық Алтайдың кейбір түрік тілдес халықтарында 19 ғ аяғына дейін сақталып келді.
Әуелгі ортағасырлардағы барлық түрік тілдес тайпалардың наным-сенімінде қасиетті тауларға табынушылықтың маңызды мәні болды, бұл сенім Оңтүстік Сібірде өткен ғасырдың өзінде болды. Ежелгі түріктер «қасиетті Отүкен қара күшін» ерекше қастерлеген, олардың рухы қаған тегінің қамқоршысы деп есептелген. Онда «бабалардың үңгірі» болған, түрік аңыздары бойынша осы үңгірде қасқырдан құрбан шалып отырған.
Түріктердің ұғымы бойынша, жер мен суды, орман мен тауларды жайлайтын көптеген рухтар бар, оларға анда-санда тасаттық беріп, кәрін жұмсартып отыру қажет. Сенім бойынша дүние салғаннан соң адамдардың жаны қоныс аударатын жер асты патшалағын өлім тәңірісі мен жер асты дүниесінің әміршісі Ерікліг басқарады деп саналған. Оның аты Енисей руна жазбаларының бірінде аталады.
Осы сипатталған наным-сенімдер ежелгі түрік тайпаларына оның ішінде оғыздарға, қарлұқтарға, қимақтарға, қыпшақтарға ортақ болған. Араб географы әл-Макдиси Орта Азиядағы түріктердің діні туралы былай деп жазады: «Түріктер бір тәңірі, яғни «тәңір біреу» дейді. Олардың кейбіреулері тәңір дегеніміз зеңгір көктің атауы деп пайымдаса, енді біреулері тәңір деген көктің нақ өзі дейді».
Түріктердің отты пір тұтатыны және отпен аластайтыны жөнінде Византия елшісі Земарх хабарлайды. Арабтың көптеген авторлары сиқырлы күш арқылы үскірік аяз шақырып, жаңбыр жаудыра алатын түрік «сиқыршылары» туралы жазады. Түріктердің сиқырлы күшке, шман бақсы-балгарлеріне сенетіні жайлы парсы тарихшылары мен географтары да жазады.
Түріктер өлген
адамды ертедегі шаман
6-9 ғ Орталық Азиядағы, одан кейін Орта Азиядағы, Қазақстандағы түрік тілдес халықтар арасында өз наным-сенімдерімен бірге басқа цивилизациялар тудырған – буддизм, манихейлік, христиандық дін жүйелері тарала бастаған.
10 ғ бас кезінде
Орта Азия мен Шығыс
Барлық «ұлы діндердің» ішінде алғашқы Түрік қағанатындағы ақсүйектер ортасында неғұрлым ертерек танымал бола бастайды. Қағандықтың әміршілері буддизмді өзінің құрамы жағынан өте-мөте әр текті елде идеологиялық жағынан біршама ортақтық құруға жәрдемдесе алатын діннің бесаспап формасы деп білген.
6-9 ғ «ұлы жібек жолы» бойындағы қалаларда манихейлік және христиандық (несториандық және яковиттік) қауымдар болған. «Он жебе елінде», яғни Батыс түрік қағанатында, «діни сенімді ояту үшін» жазылған «Қос негіздің қасиеттігі кітабы» атты манихейлік шығармада «Аргу-Талас алтын шаһары» және Жетісудың манихейлік монастырлар бар тағы да 4 қаласы аталады.
Орта Азияда несториандықтың негізгі орталығы болған Мервте көптеген монастырлер болған және метрополит өмір сүрген. 7 ғ метрополия Самарқандта да болған. Тегінде несториандар Жетісуға, Қазақстанның оңтүстігіне осы жерден өткен болуы керек. Жетісудағы Ақбешім қала жұртынан археологиялық қазба кезінде әуелгі орта ғасырлық шіркеу қалдықтары шықты. Тараздағы соғды халықтарының бір бөлігі зароастризм дінін сақтап қалған, Тараздағы зароастриийлік бейіт осының айғағы. Зароастризмде отты өшірмей ұстау ғұрпының ерекше маңызы бар. Бейнелері Сасани әулетінің теңгелерінен жақсы таныс арнайы құрбандық ыдыстары – аташдандар осы үшін пайдаланылған.
Қала жұрттарын қазу кезінде әуелгі феодалдық қабаттардан түғырға орнатылған табақша іспеттес шырағдандар коллекциясы жасалды. Әуелгі орта ғасырлар дәуірінде Қазақстанның отырықшы және көшпелі халықтарының діни көзқарастары әр түрлілілігімен және синкретизмімен ерекшеленеді. Көнге заманнан мұра болып қалған наным-сенімдер мен ғұрыптар таптық қоғамға тән күрделі діни-мифологиялық жүйелермен өзінше бір үлгіде ұштасты.
2. Жазу ескерткіштері
6-8 ғ түрік қағанатына
бағынған Орталық және Орта
Азияның түркі тілдес
Шежіреде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға «қажетті адамдардың, аттардың, салық пен малдың санын» есептеу мақсатында ойықтар салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константинопольде ІІ Юстиниан императоры сарайына келген түрік елшісі соғды Маниах қағаннан «скиф жазуымен» жазылған хатты әкелген. «Мұның не жазу» екендігін Түрік қағанатының – Бугут көне жазуы ескерткішіне қарап білуге болады. Бағананың үш жағында соғды тілінде жазылған жазу бар. Оның бір жағындағы брахма жазуымен санскриттегі жазба толығымен өшкен. Түрік араснда буддизмді насихаттау мақсатында түрік тілінде жазылғаны будданың «Нирванасутра» шығармасында жазу сақталған. Сөйтіп, руна әрпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әліппесімін кеңінен қолданған, ол Түрік қағанатының бірінші ресми жазуы болды.
Жаңа жазба – көне түрік әліппесі – түріктердің арасында 7 ғ бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашқыда бір-бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға қолайлылығымен ерекшеленеді. Руна ғаріптері түркі тілінің ерекшеліктерін дәл бере білді.
Әдеби және тарихи тұрғыдан алғанда, руна ескерткіштері тіл мен әліппеге қатысты біркелкі емес. Аймақтық белгісіне орай ескерткіштер бірнеше топтарға бөлінеді.
- Моңғолияның ескерткіштері негізінен алғанда Орхан, тола және Селенга өзендері бассейндерінде шоғырланған. Бұл топқа Білге-қаған мен Күлтегінге арналған белгілі руна мәтіндері жатады: Кошо-Цайдам бағаналары, Чойрэн бағанасы, Тоныкөк ескерткіші, Онгин жазуы, Куличор құрметіне арналған бағана, Селенга тасы, Сэврэй тасы, Терхин бағанасы, Тэсинь бағанасы, Қарабалғасун жазуы, Суджа жазуы, Тайхир-чулудің 20 жазуы, Ихе-Асхеттің екі жазуы, Хэнтэй жазуы, Хангай мен гобаның ұсақ жазуы, сондай-ақ соғды тіліндегі Бугут жазуы. Жазудың бұл түрлерін «орхон ескерткіштері» деп атайды.
- Тува және минусин аймағындағы екі топқа бөлінетін Енисей ескерткіштеріне жататын құлпытастарда, тастарда, алтын және күміс ыдыстарды, теңгелерде қазіргі таңда белгілі болған жазудың 150 түрі кездеседі.
- Лена-Байкал жағалауындағы ескерткіштер тобында тұрмыс заттарына жазылған, әлі күнге дейін оқылмаған 16 қысқа жазу кездеседі.
- Алтай тобының ескерткіштері: бір тас бағана мен тасқа жазылған жазулар және молалардан табылған күміс ыдыстардағы жазулар (барлығы 50-ге жуық жазулар )
- Шығыс Түркістан ескерткіштері Түрфандағы көне құрылыстың қабырғасында жазылған төрт жазуды, үңгір ғимараттарындағы екі жазуды, Миран мен Дуньхуандағы қағазға түсірілген бірнеше мәтіндерді, қоладан жасалған қол айнадағы жазуды қамтиды.
- Жетісулық деп аталған орта азиялық ескерткіштер тобы – Талас алқабындағы құлпытастардағы, теңгелердегі, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқтардағы 12 жазуды, ал Ферғана ескерткіштеріне жататын қосалқы тобы – керамика мен металдағы 17 қысқа жазуды қамтиды. Шығыс Еуропаның ескерткіштері әдетте үш топқа бөлінген: Дон, Дунай, Еділ бойындағы.
Көне түркі мәдениетінің ең таңғаларлығы жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы дер едік, Білге-қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады.
3. Археологиялық ескерткіштер
Археологиялық ескерткіштер,
ал біздің заманымыздың
Орасан зор территорияда өте күрделі этникалық процестер жүріп, қазақ халқының этникалық тегінің негізі, тайпалар бірлестіктерінің, мемлекеттік құрылымдардың Орта Азия, Сібір, Урал және Шығыс Еуропа тұрғындарымен ежелгі замандағы және әуелгі орта ғасырлардағы сауда-экономикалық, саяси және мәдени байланыстары айқындалды.
4. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтың 6-10 ғасырлардағы материалдық мәдениеті.
Қазақстан территориясындағы түріктердің саяси үстемдігі орнағаннан кейін жергілікті тайпалардың барлығының дерік аттары жазба деректемелердің беттерінене енді қайтып кездеспейді. Оларға, әдетте, жеңіп шыққандардың есімі енгізіледі. Олар батыс түрік қағанаты халқының көпшілігі болған, археологиялық зерттеулердің дәлелдегеніндей, қоныстанған байырғы жерлерін, мәдениет пен өнер дәстүрлерін сақтап қалған. Шаруашылық кәсібі, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастары, тұрмыс салты бойынша, мәдениеті жөнінен түріктерге жақын болғандықтан, олар қағанаттың құрамын бойынша көп қиындықсыз сіңісіп кеткен. Түрік тілдес тайпалардың саяси, экономикалық және этникалық-мәдени жағынан қағанат құрамына бірігуі біртектес, бірақ бытыраңқы этностардың бірігу процесінің басы болды. Сонымен бірге түріктер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа түрлерін, тастан жасалған антропоморфты балбалдар тізбекті мүсіндерді алып келді. Олардың ықпалымен жерлеу ғұрпы өзгереді. Молалардың көпшілігінде адамның сүйектері жауға мінген аттарының сүйектерімен бірге жатыр. Материалдық мәдениет байиды, темір үзеңгілер, жебелердің темір ұштарының және қанжарларының, қылыштардың жаңа түрлері пайда болады. Мүсінді металл қаптырмалар жиынтығымен сәнделген жауынгерлік белдіктер, кеңінен тарайды.
Түрік заманындағы көшпелі және жартылай көшпелі халықтың ескерткіштері қорымдар, жекелеген қабірлер, кездейсоқ табылған заттар және тастан жасалған тұлғалар түрінде кездеседі. Қазіргі уақытта археологиялық ескерткіштерді нақты тайпалық топтармен теңдестіру үшін деректер әзірше аз болып отыр. Тайпаларды оқшаулап бөлу жөнінде қазіргі уақытта айтылатын пікірлердің кейбіреулерінің шартты сипаты бар. Ертісте қазып ашылған қабірлер тобын ғана азды-көпті сенімді түрде қимақтармен байланыстыруға болады. Жетісудағы, Шығыс Қазақстандағы және Алтайдағы түрік заманындағы обалар өздерінің құрылысы және одан табылған қалдықтар жөнінен бір-біріне өте ұқсас. Қабірлердің сыртқы белгілері – тастан не топырақтан үйген аласа үйінді, оның астындағы қаламалар тік бұрышты немесе шаршы бітімді болып келеді. Адамды жерден қазылған сопақша келген шұңқырға жерлеген. Өлген адаммен бірге киім-кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. Аттың өлігін қуысқа, шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салған. Кейде аттың орнына қабірге оның басы мен кесек еттерін немесе тұяқтарымен бірге терісін салған. Сол кезге тән нәрсе ретінде Жетісудағы Қызылқайнар қорымындағы бір қабірді сипаттауға болады. Обаның диаметрі 7 метр, биіктігі 0,3 метр; үйінді тастан тұрғызылған, оны белдеулей тас қаланған. Үйіндінің астында екі қабір бар. Олардың бірінен жүгенделген аттың қаңқасы шықты. Адамның қаңқасы терістік жағында созылған қалпында, шалқасынан жатыр. Оң қолы созылған күйінде жанына, сол қолы кеудесіне қойылып жерленген. Қабір шұңқырынан темір қанжар, темір тоғаның сынықтары, сдақтың сүйек қаптырмалары, жебенің ұштары, белбеудің түрлі қаптырмалары табылды.
6-10 ғ қабірлердің көбі Шығыс Қазақстанды және Ертіс аңғарында, Трофимовка І және ІІ, Покровка, Качира және Бобросо І және ІІ қорымдарынан зерттелді. Қормыдардағы обалардың бірінші тобының топырақ үйінділері бар. Обалар топ-топ болып орналасқан. Қабір үстіндегі үйінділердің диаметрлері 6 метрден 12 метрге дейін, биіктігі 0,5 метрге дейін. Қабірлер қайың бөренелермен жабылған. Еркектердің қабірлеріндегі заттар: қару-жарақ, ат-тұрман, әйелдер қабірлерінде – тұрмыс заттары, әшекейлер болып келеді. Қабірлерден сондай-ақ жылқы қаңқаларының жекелеген бөлшектері: бас, аяқ сүйектері табылды. Қой сүйектері және балшық ыдыстардың сынықтары ас беру әдет-ғұрпының болғандығын білдіреді. Обалардың екінші тобынан оба астында және қабір шұңқырында өліктердің өртелгенін көрсететін қалдықтар табылды. Оалардың бірінен өртенген сүйектердің қалдықтарымен бірге үш аттың қаңқасы, жауға ұстайтын қару-жарағы шықты.
9-10 ғ обаларда өлікті өртейтін ғұрып бойынша жасалған, үйілген тастың немесе топырақтың астында, не тастан қаланған қоршауда жекелей және бірнеше адам жерленген қабірлер бары анықталды. Қазақстанның оңтүстігіндегі, сырдарияның орта ағысындағы түрік тілдес көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардан қалған түрік уақытындағы қабірлердің өзіндік ерекшліктері бар. Бөріжар қорымын қазған кезде керамика, металдан жасалған бұйымдар шықты. Қабірлердің бірінен темір семсер табылды. Осыған ұқсас бейіт құрылыстары Шаға қорымында зерттелді. Түрік заманындағы осы сияқты зираттар Қаратаудың ретістік беткейінде де кездеседі.
Материалдық мәдениет. Қазылған қабірлерден алынған археологиялық заттар, ең алдымен сол уақыттағы қару-жарақтардың, ер-тұрман мен әшекейлердің сипаты жөнінде түсінік береді. Шығыс Қазақстандағы қабірлердің бірінен ағаш қынабымен бірге екі жүзді семсер табылды, оның сабы жүрек тәрізді және тік бұрышты кішкене қаптырмалармен сәнделген. Сондай-ақ қиындысы ромб тәрізді найзаның ұшы табылды. Кейбір қабірлерден киім-кешектің қалдықтары сақталған. Бобровское қорымындағы қабірден көкірекшесі былғары, етегі қысқа шекпен мен ұзын жібек желбегейдің қалдықтары табылды. Жазба деректемелер мен археологиялық материалдыр түрік киімінің қандай болғанын топшылауға мүмкіндік береді. Ол жүн және жібек маталардан, сырт киім теріден тігілген. Қабірлерде балшық ыдыстар кездеседі. Олардың бәрі қолдан жапсырылып істелген. Бөріжар қорымынан шыққан керамика шүмекшесі бар құмыра, сапты аяқтар болып келеді. Ежелгі замандағы және әуелгі орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихы бүкіл дүние жүзілік және отандық тарихтың ажырамас құрамдас бөлігі. Ежелгі мекендеушілер орасан зор өлкені бірте-бірте игеріп, еңбек құралдарын жетілдіріп, өздерінің төлтума материалдық және рухани мәдениетін жасады.
Қазақстанның ортағасырдағы қалалық мәдениеті
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер отырықшы егін шаруашылығымен тығыз байланыста болған көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделген еді. Көшпелі тайпалар мен отырықшы аймақтардың мәдениеті органикалық тұтастыққа бірыңғай жүйені құрады.
Батыс-түрік қағанатында ерте ортағасырлық
қалалық және егін шаруашылығы мәдениеті
соғдылардың тікелей
Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи- мәдени ірі аймақтар, ал орта ғасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб, (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран сияқты ірі қалалар бой көтерді. Испиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. Испиджаб, - деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі, - Түркістан шекарасындағы Мәуереннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол Алла елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар».
Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол 6 ғ өзінде белгілі еді. Тап осында түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан ІІ-ң дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештерлің, сосын қарлұқтар мен қарахандардың астанасы болды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жікіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақтас, Құл-Шуб, Жіль-Шуб, Құлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен. Тек 6-13 ғ Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірі-ұсақты 25 қала блған. Бұл Харан-жуан, Жуль, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатарына Тальхиз, Қоялық, Дунгене, Алмалық, Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.
7-13 ғ қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды. Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент, Сығанақ, Жент, Барлышкент және т.б. қалалар орналасқан. Орталық және Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Нұра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында 78 қаланың орны табылды. Нұра алқабында Ақсикент деп аталатын мейлінше ірі қала болған, Сарысу жағалауында Жұбаныш пен Ұлыбағыр, Торғайдың төменгі сағасында – Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында 16 қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын монументі құрылыстарының болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабадж-Хатун, Айша-бибі кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы Сырлытам, Орталық Қазақстандағы Домбауыл кеенесі ортағасырлық сәулеттік бұрынғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек көшпелі өркениет ғана дамып қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып, бір-бірін байытып, бір-біріне үлгі болған.
5. Ғалымдар мен ойшылдар, олардың мұраларының маңызы
Ұлы ғұламалар
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 ж.ж) – дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан философ, энциклопедист-ғалым, әдебиетші, ақын.
Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасында ежелгі Отырар қаласында туылған. Ежелгі түріктердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткен тарихтан жақсы мәлім. Отырар бір жағы мал шаруашылығымен, екінші жағынан отырықшы-егіншарушылығымен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстыратын буын іспеттес қала болған. Бұл шахарды арабтар Фараб деп атаған. Сол бойынша, ұлы ғалым әл-Фараби деп атанған.
Ұлы ғалымның толық аты: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн уғлаз Тархани – деп жазылатын болған. Мұндағы «тархан» сөзі екі нәрсені аңғартады, бірінші, әл-Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шыққанын білдіреді. Екіншіден, оның ата-бабасы дәулетті, қыпшақтар арасында беделді кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені қыпшақтар арасында атақтылар ғана дәстүр бойынша «тархан» деп аталатын болған.
Ежелден-ақ Отырар қаласын мекен еткен түркі тектес тайпалардың барлығы дерлік бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енгені көне тарихтан жақсы мәлім. Алайда, «әл-Фарабиді қазақ етіп көрсетуге тырысуда жасанды әрекет болды.
Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнреге мейлінше құштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдад, Қорасан, Дамаскі, Каир т.б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз зергерлерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады. әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін де жетік білген.
Ғұлама-ғалым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге юолады. Ол философия, логика, математика, астраномия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет т.б. ғылым салалары юойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Ұлы ғалым еңбектерінің дәл саны жоқ. Мәселен, неміс ғалымы Ш.Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш 160, ал совет ғалымы Б.Ғафуров 200 трактаттар бар деп жорамал жасайды. Ұлы ғалымның ұшаң-теңіз еңбекттерінен 40 шақтысы біздің ұрпаққа жетті.
Фарабидің «Ақылдың мәні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек?», «Ғылымдардың шығуы», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» сияқты зерттеулер оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
әл-Фарабидің философия, логика, тіл білімі, музыка т.б. ғылым салалары бойынша жазылған еңбектерін оқып-білудің өзі ұлы ғалымның әдебиет теориясы мәселесіне арналған трактаттарын тереңінен түсінуге мүмкіндік береді.
Әбу Насыр әл-Фараби туралы сол кездегі көптеген авторлар өздерінің ой-пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы ойшыл Әбу Әли ибн Сина (980-1037 ж.ж.), тарихшы ғалымдардан Захируддин әл-Байхакий (1169 жылы қайтыс болған), Жамулуддин ибн Әлкифтий (1172-1248), Ибн Әби Усайбиа (1203-1270) сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Насыр әл-Фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы ғалым А.Ирисов солардың бірқатарын араб тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен.
Махмұд Қашғари («Диуани Лұғат-ат-түрік»)
Махмұд Қашғари 11 ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен филолог, ауыз әдебиет үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, белгілі саяхатшы. Ол «Диуани Лұғат-ат-түрік» атты еңбек жазып, өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасын жасады. Автор түсіндірме сөздікке ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, өзі өмір сүрген орта ғасырдағы поэзиялық шығармалардан аса құнды материалдар, түрлі тақырыптағы өлең-жырлар, ертегі-аңыздар, қанатты сөздер, т.б. көркем сөз үлгілерін енгізді.
Сөйтіп, алғашқы қауым адамдарының өмірін, тұрмыс-тіршілігін, еңбегін, сана-сезімін бейнелейтні ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері бізге Махмұд Қашғаридың еңбегі арқылы жетті.
Махмұд ибн-ул Хұсайын ибн Мұхаммаділ Қашғари орта ғасырдағы мәдениет орталықтарының бірі болған Баласағұн қаласында туылған. Балалық шағы осы маңайдағы Үбіл және Әзіл деп аталатын қыстақтарда өткен. Ұлы ғалымның Қашғари деп аталып кетуінің себебі – оның бабасы Баласағұнға бір кезде Қашқардан көшіп келген.
Болашақ ғалым алғашта Баласағұн, Қашқар қалаларында, ал кейінірек, өсе келе Самарқан, Бұқара, Нишапур, Мерф және Бағдат шаһарларында оқиды. Ол араб философиясы мен араб-парсы тілдеріндегі шығыстың классикалық поэзиясымен көбірек айналысты. Оның ерекше зейін қойып, ұзақ жылдар бойы зерттеген мәселесі – түркі тектес түрлі ру-тайпалардың тіл-ерешеліктері, әдет-ғұрып, салт-санасы, ауыз әдебиет үлгілері, өткендегі тарихы, т.б. болды. «Диуани Лұғат-ат-түрік» қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра.
Жүсіп Баласағұни («Құтадғу білік»)
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн 11-ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы, энциклопедист ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.
Жүсіп Баласағұн өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген ұрпақтарға орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі т.б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мәлім болған.

- Түркі мәдениеті: ғаламдық өркениетке қосқан үлесі
- Түркі мемлекетінің мәдениеті
- Түркі мемлекеттері
- Түркістан
- Түркістан
- Түркістанның ислам әлеміндегі алатын орны
- «Түркістан уалаяты» газеті
- Түйсінудің физиологиялық негіздері
- Түрдің популяциялық құрылымы
- Түрік дәуірінің кезеңделуі
- Түрік қағанаты
- Түрік қағанаты
- Түркия мемлекеті
- Түркі дәуіріндегі Қазақстан Көне Түркі, Түргеш және Қарлұқ қағандықтары кезіндегі мәдениет