Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық

дүниесі. 

Мазмұны: 

     Кіріспе

1.   Тұран жазығының климатының жалпы  ерекшеліктері.............

2.   Ішкі сулары, топырағы................................................................

3.   Тұран жазығының органикалық  дүниесі....................................

4. Табиғат байлықтары және оларды пайдалануға байланысты туындаған түйінді экологиялық мәселелер................................................. 

Қорытынды....................................................................................... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

   Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы  ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішіндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды.  Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты  оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді. 

  1. Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері
 

     Тұран ойпатының климатының жалпы ерекшіліктері  факторлары. Тұран жазығынын климатының қалыптасуына төмендегі факторлар  әсер етеді.

    - біршама  төменгі және орта еңдіктерде  отналасуына    байланысты раациялық   баланстың мөлшерінің жоғары  болуы; 

  • атмосфералық циркуляциясының үрдістеріне әсер ететін жер бедерінің тегіс болуы. Құрлықтың орталық бөлігінде орналасуына дүниежүзілік мұхиттардан қашық болуына байланыстыклиматты шұғыл континентті болып келеді:

     - Орта және төменгі еңдіктерде  орналасуына сай күн радияциясының  қарқыны жоғары  әрі аумақтың  мол жылу алуына аридті шөл  ланшафтысының қалыптасуына ықпал  етеді. Жер бедерінің тегіс  болуына орай трансформатцияланған  қоңыржай ауа массаларының кедергісіз  өтіп кетіп жауын шашынның  аз түсуіне климаттың шұғыл  кантинентті болып күшеитіледі.

      Географиялық орынының ерекшелігіне  сай жазы өте ыстық ашық  әріқұрғақ, қысы суық аязды  болып келеді, температураның жылдық  амплетудасы 87-85 0С, орташа айлық температура 42-30 0С, құрайды.

     Тұран жазығының климатына жауын шашынның жылдық орташа мөлшерінің аздығы мен  жыл мезгілінде әркелкі таралуы,температура  ауытқуының тәуліктік және жылдық ауытқуының жоғарылығы, атмосфера ауасының құрғақтылығы  бұлтсыз ашық күндердің көптігі  тәң.

      Тұран оипатында ашық бұлтсыз  күндердің ұзақтығы 2400-3000 сағатқа  дейін созылады. Жылдық жиынтық  күн радиациясы оңтүстігінде 160 ккал /см² тең солтүстігінде 120 ккал/см²  аралығында ауытқыйды. Оңтүстіктегі  географиялық орыны қыстың өзінде  белгілі мөлшерде күн радиятциясының  енуіне мүмкіндік береді. Ашық  күннің көптігі мен жылудың   мол түсуі күн энергиясын пайдалануға  мүмкіндік береді .

      Тұран оипатының басым бөлігіне қыста Азия максимулының ықпалы күшті болатындықтан төменгі температура мен жоғарғы атмосфералық қысым бұлттың түзілуіне мүмкіндік бермейді. Жазда мол жылуасатындықтан  жердің ауамен әрекеттесетін беткі қабаты құрғап кетеді. Осыған орай ауа массаларыда құрғақшылығымен ерекшеленіп ауаның конвекциялық ағынын тудырып су буының конденсациясын күшейтеді. Табиғи кедергілер болмағандықтан қатпарлы  бұлттар өте биікте түзіледі. Сондықтан жазда жауын шашын өте аз түседі:

     Тұран жазығындағы бұлтсыз ашық күндер саны солтүстігінде 180 күннен оңтүстігінде 260 күнге дейін артады. Ашық күндердің көп, тура радиацияның жыл бойы басым болуына сай мүмкіндік береді .

     Тұран жазығының аумағындағы  қаңтардың изотермасы субендік бағытта оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжыған сайын біртіндеп кемиді  оңтүстігінде әр 100 шақырым жылжыған сайын 1,3-1,5ºс артады.

     Қыста Сібірден суық ауамассасы  енгенде  солтүстігінде-35º-40ºс, оңтүстігінде -20º-25ºс дейін төмендедейді.

          Жазықтың оңтүстігінде қыс қоңыржай  жылы,солтүстігінде қоңыржай суық. 

  1. Тұран жазығындағы атмосфера  циркуляциясының  үрдістері.
 

       Тұран жазығының үстінде жүретін  атмосфера циркуляциясының урдістері  жылумен ылғалдың таралана әсеретіп, ауарайының анықтайтын манызды  факторлардың бірі болып  табылады.

     Жазда аймаққа азор максимумының солтүстік шығыс тармағын, (1025 мб) қыста Азия (сібір) максимумының батыстарларға әсеретеді. (1030 мб) меридианальды бағытағы циркуляцияның Қыста солтүстік- батыстан және солтүстіктен ауа массалары енетіндіктен адвекциясының әсерінен аумақ біршама суынады. Суық фронтың енуінен күшті желдер тұрп қарлы боран болады. Батыстық еңдік бағыттағы церкуляция кезінде анти циклондық жүйелердін шығысқа қарай ығысуы байқалып төменгі қысымды жылға тұзіледі.

      Ендік бағыттағы циркуляция кезінде Тұран жазығының аумағында жауын – шашынның жетіспеуінен, температураның көтерілуі байқалады. Қиыр оңтүстік батыс бөліктен азор максимумының шығыс тариағынан жылы ауа массалары енеді суық ауа массалары солтүстікке қарай ығысып температураның көтерілуі байқалады. Желдін соғылуына церкуляция ұрдісімен тығыз байланысты.

     Батыстан шығысқа қарай қысымның  артуына байланысты жел шығыстан  батысқа бағытталып соғады. Оның  айлық орташа жылдамдығы 4-8 мин  дейін жетеді. Тұран ойпатында  жауын-шашынның таралуына атмосфера  церкуляциясы тікелей әсер етеді.

          Көктемде теріс және оң радиациялық  баланстың бір-бірімен алмасатын  кезеңінде ауа –райының режимі  жылдам өзгереді. Оңтүстігінде ақпанның  екінші жартысында біртіндеп  солтүстікке қарай тарала бастайды. Бұл кезенде ауа мен топырақтың  температурасы жылдам көтерілуі  байқалады Полярлық фронттың  Иран тармағы солтүстікке қарай  ығысады оның бойында салқын  қоныржай және жылы тропиктік  ауа массалары бірбірімен араласқанда  қалыптасқан қарқынды циклогенез  үрдісі жүріп жауын-шашынды ауа-райы  қалыптасады.

     Жазғы бұлтылық шамалы әрі  биік қатпарлы болатындықтан  күн сәулесін ұстап тұра алмайды.  Тұран жазығы.

     Географиялық  орны. Тұран – Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Манғыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш Алакөл аймағы түгел кіреді. Жер бедері мен оның пайда болу тарихы жағынан біркелкі емес.

        Жер бедері мен  геологиялық құрылысы. Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптасқан эпигерциндік платформалық  құрылым-Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ  жамылғысы палеогендік карбонаты терриген жыныстарымен неоген –антропоген дәуірлерінің құмды,малта тасты моласса үгінділерінен түзілген.

   Манғыстаудың аласа таулы өлкесі  мезозой дәуірінде пермь-триас  құмтастары мен әктастарынан,тағы  басқа жыныстардың қосындыларынан  түзілген. Ең биік тауы-биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын Қаратау. Оның ең биік нүктесі Бесшоқы (556м). Қаратау беткейлері шатқалдарымен, жыралармен тілімделген толқынды қырат түрінде көрінеді.Тау жотасы ғана тік, жалаңаш, жартасты. Қаратаумен  қатарласа оның солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстікжәне оңтүстік Ақтау созылып жатады.Олар жоғарғы бор дәуірінің әктасынан тұрады.Ақтау деп аталуы да осыдан.Биіктігі 300 м шамасында.

    Ақтаудан оңтүстікке қарай қыратты  жартылай шөлді дала басталады.  Ол түгелдей ұлу тасты-олитті  әктастардан, Каспий жағасына  таяу беті саз балшықтарынан  түзілген. Олардың астында пермь-триас  және одан да ежелгі  дәуірлердің  қатпарлығы жатыр (терендігі 2-3 км).Олардан төмен теңіз денгейінен аласа бірнеше тұйық қазаншұнқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені-Қарақиа ойысы теңіз денгейінен 132 м төмен орналасқан.Маңғыстау түбегіндегі суларының көбі өте ащы, тіпті тұзды (минералдылығы 10-200 г/л) болып келеді. Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыратты жазығы жатыр. Оның  биіктігі 200-300 м. Аудан 170 мың км². Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км. Үстірттің Қазақстанға батыс бөлігі ғана кіреді. Үстірттің жер бедері тегіс, ұлутасты-оолиттік әктасы мен тұзды мергель және саз араласқан ашық түсті әктастан түзілген. Әр жерінде көлді ойысты қазаншұңқырлар кездеседі. Олар құрғап,айналасынқұм (Сам, Асмантай-матай құмдары) басқан. Мұнда да өзендер жоқ.

     Торғай үстірті   Сарыарқа (Қазақстанның қатпарлы өлкесі) мен Мұғалжар аралығына орналасқан. Орташа биіктігі 200-300 м. Оның орталық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла жатқан кең ойыс бар.Оны Торғай қолаты деп атайды.Бұл кайназойда Батыс Сібір теңізін Торғай теңізімен жалғастырып тұрған бұғаз болған.                     

     Ойыстың батыс және шығыс беттері едәуір тілімделген жазық.

     Үстірт  негізінен,теңіз шөгінділері  мен  континенттік жыныстардан тұрады.Олардың  қалындығы 5000 м-ге жетеді.Қазіргі жер  бедері саздақты құмды жыныстардан  құралған.

    Арал  теңізі маңында ірі құмды аймақтар бар. Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығында жатқан Арал маңы қарақұмы биіктігі 100 м,

     Бұйраты төбелі жазық болып табылады. Бұл  құм жасы жағынан басқа құмдарға қарағанда салыстырмалы түрде ежелгі ішін аражел әрекетінен өзгерген. Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан үлкен және Кіші  Борсық құмдары  жер бедері жағынан Арал маңы Қарақұмына ұқсайды. Олар неогеннің құм шөгінділерінен құралған. Сырдария аңғары мен Арал теңізіне  қарай көлбеу жатқан жазықты Сырдария аллювилі жазығы деп атайды. Ол құмтасты және сазды,кей жерлерінде құмды шөгінділерден тұрады.

   Қызылқұм. Орта Азияның ең үлкен құмды шөлі Қызылқұмның Қазақстанға солтүстік бөлігі кіреді.Ол эолды,ішінара аллювийлік палеогеннің құмдарынан құралған.Жер беті құм төбелі, қырқалы боп келеді де,кен сайлармен кезектесіп отырады.

   Мойынқұм-Шу мен Сарысу өзендерінің төменгі ағысында жатқан құмды жазық. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс жатыр.Биіктігі оңтүстікте 500-600 м, орталық бөлігі-400 м, солтүстігі-300 м. Аллювийлі, эолды құмдардан құралған.

   Ал Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығындағы үстіртті шөл  Бетпақдала деп аталады. Орташа биіктігі 300 м. Көтеріңкі келген оңтүстік және шығыс бөліктерінде биіктігі 700 м, ең биік жері – Желтау жотасы 974 м-ге жетеді. Жер бедеріне қарай оңтүстік – батыс және солтүстік- шығыс болып екіге бөлінеді. Оңтүстік – батыс бөлігінің беті тілімделген тегіс жазықтық. Ол құмтас,саз және құм араласқан теңіз бен континенттің палеоген шөгінділерінен құралған. Солтүстік-шығыс бөлігі қыратты келеді. Кей жерлерде мүжіліп аласарған,тау қалдықтары (Жамбыл, Байқара және т.б.) кездеседі. Бұл жер палеозои тақтатасынан,құмтас пен магма жыныстарынан, сұрғылт және қызыл граниттен тұрады.Бетпақдаланың бұлт бөлігінің Сарыарқаға ұқсастықтары бар.

     Балқаш-Алакөл қазаншұңқыры Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы мен Алакөл көлдері тобын, Жоңғар Алатауы мен солтүстік Тянь-Шань жоталарынан аралығындағы құмды жазықты қамтиды. Қазаншұңқыр геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Мойынқұмға ұқсас. Бұл да неоген дәуірінің аллювийлі, эолды құмды шөгінділерінен құралған. Ол өзен аңғарлары бөліп жатқан бірнеше жалды құмды массивтерден тұрады.

   Климаты. Климаты жағынан Тұран жазығы құрғақ континентті өлкеге жатады. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -18°С, оңтүстікте -5°С. Қыста бұл аймаққа артктикалық ауа массасы мен Сібірдің суық ауасы жиі кіреді. Бұл кезде ауа температурасы -30°-40°С-қа жетеді, шілденің орташа температурасы солтүстікте +22°С,оңтүстікте+29°С. Аңызақ желдер жиі соғады.Көктем мен күз ылғалдырақ келеді. Жалпы жауын –шашын мөлшері аздау, жылдық мөлшері 80-100 мм. Климаттыңқуаншылығы Тұран жазығының шөл, шөлейтті табиғатымен тығыз байланысты.

   Өзендері мен көлдері.Тұран жазығында өзен жүйесі нашар дамыған. Сырдария өзені басын Қазақстаннан тысқары жерден алады да, жолшыбай суын Орта Азияреспубликаларының шексіз мақта плантациаларына тартып алынып, Арал теңізіне мардымсыз су барады. Сырдария кейінгі жылдары теңізге жетпей қалып жүр.

   Шу мен Талас өзендерінің жағдайы да осыған ұқсас оларда Қазақстан жеріне талмаусырап жетіп (суының көп мөлшерін Қырғыстан елі бөгеп алады), Мойынқұм мен Бетпақдаланың қажетін  өтей алмай отыр. Торғай үстіртінің өзендері Торғай, Ырғыз, Жыланшық жазда қарасуларға,ұсақ көлдерге бөлініп  тартылып қалады. Бұл өлкеде Обаған, Шалқар, Шалқартеңіз, Алакөл, Қопа сияқты көлдер бар. Бірақ олардың көбі тұзды. Жетісу өзендері- Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек қана тұщы. Бірақ олардың да жылдық ағыны жылдан-жылға кемуде.

   Тұран жазығы өзендері суының азаюы Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық жағдайын шиеленістіруде. Арал теңізі тартыла бастады. Балқаштың деңгейі де төмендеуде. Тұран жазығының су проблемасын шешуде жер асты суларының маңызы үлкен. Мұнда еспе су 20-50 м терендікте ғана жатыр. Ал, артезиан суы одан тереңдеу қабаттарда. Шөлді аймақтарда ауыз су да,шаруашылық үшін қажетті су да жер астынан өндіріледі. 
 

3. Тұран жазығының  табиғат зоналары  мен провинциялары. 

     Тұран жазығының табиғат зоналары. Тұран  жазығының қиыр солтүстігінен басқа  бөліктері толығымен шөл зонасында  орналасқан.

     Торғай  үстіртінің ені 100-150 шақырымнан аспайтын жіңішке алқабы ғана дала зонасына енеді. Дала зонасының ауданы 150 мың  шаршы шақырым шөлейт зонасының  ауданы 40-45 мың шаршы шақырым. [1]

     Дала  зонасы Торғай үстіртінің оңтүстік шеті мен Торғай қолатының Торғай өзенінің ендігіне дейінгі шағын жіңішке  алқапты алып жатыр. Зонаның шегіндегі  қаңтардың орташа температурасы -16...-18°С шілденікі +21...+23°С, жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 300-500мм. Оның 70% жылдың жылы кезеңдерінде түседі. Торғай дөңесті – қалдық үстірті мен Торғай қолатының беткі қабатын палеогеннің гипсті және тұзды сазды шөгінділері оның үстін төрттік дәуірдің жұқа шөгінділері жауып жатыр. Судың нашар сіңуіне байланысты сортаңды далалық ландшафтлар кешені кең тараған. Олар әсіресе Торғай қолатында көп кездеседі. Олардың негізін бетегелі – тарлаулы, Жусанды – бетегелі өсімдіктер бірлестіктері құрайды.

     Құмды сазды жыныстардағы күңгірт қызыл  қоңыр топырақта Бетегелі – бозды  дала өсімдіктері тараған. Олардың  ішінде мезоксерофитті және ксерофитті әртүрлі шөптесін өсімдіктер де кездеседі. Құм шауыт және Құмды жерлерде далаға тән псамморфитті қызыл бетегелі әртүрлі шөптесін өсімдіктер бірлестігі тараған. Зонаның басым бөлігі жыртылған. Торғай қолатында құмды алқаптағы  реликтілі Қарағайлы орманды  қорғау мақсатында Наурызым қорығы ұйымдастырылған.

     Шөлейт  зонасы Торғай, Ырғыз өзендерінің  орта және төменгі ағыстарын алып жатыр. Қаңтардың орташа температурасы -15...-16°С шілденікі +24...+25°С құрайды. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300мм. Зонаның аумағын дала зонасындағыдай палеоген мен төрттік дәуірлердің шөгінді жыныстарынан тұратын белесті – жонды, жонды жазықтар алып жатыр. Аумақтың басым бөлігін Сортаңды – сорлы жерлерде өсетін жусанды – сортаң шөпті галафитті өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Сортаңды ашық қызыл – қоңыр топырақта ақ, сұр жусаннан, Лессинг бетегесінен тұратын жусанды – астық тұқымдас өсімдіктер өссе, сортаңды қоңыр топырақта Қаражусан, Құмшауыт топырақтарда жусандар мен бұйырғындар таралады. Шөл зонасы 48°С солтүстік ендіктен Тянь – Шань, Памир, Копетдаг тауларының етегіне дейін собтүстіктен оңтүстікке 1500 шақырымға созылып жатыр. Зона қоңыржай және субтропиктік климат белдеулерінің шегінде орналасқан.

     Шөлге ылғалмен ылғалдың диспропорциясы құрғақ ыстық жаз бен суық қар аз түсетін  қыс тән. Жазда құрғақ жауын –  шашынсыз ауа райы басым болады. 0°С жоғары аязсыз күндердің саны 160-230 күнге дейін созылады. +10°С жоғары қарқынды температураның жиынтығы 3400-5600 жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 150-200мм, оңтүстігінде 100-150мм аспайды. Жауын – шашынның бір жыл ішіндегі таралуы Қоңыржай және субтропиктік белдеулерде әркелкі болуымен ерекшеленеді. Субтропиктік белдеуде қысы жұмсақ және қоңыржай жұмсақ әрі тұрақсыз қыста. Қаңтардың орташа температурасы - 4°Сдан +2...+4°С аралық тарында ауытқиды. Қоңыржай белдеуде қыс біршама тұрақты және ұзақ әрі салыстырмалы түрде суық. Қаңтардың орташа температурасы - 15°Стен 0°С аралығында ауытқиды. Жазғы температура субтропиктік шөлге қарағанда біршама төмен болады. Қоңыржай белдеуде + 26...+ 30°С субтропиктік белдеуде +30...+ 32°С. Климатының ерекшеліктеріне сай табиғат шөл табиғатындағы топырақ пен биокомпоненттерінің дамуында айырмашылықтар байқалады. Бұл солтүстік және оңтүстік зона тармақтарына бөлуге мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар Тұран ойпатының шөл зонасын Қоңыржай және субтропиктік белдеудің шөлдері деп екі бөлікке бөліп қарастырады. [2, 15]

     1983 жылы жарық көрген КСРО –  ның үлкен атласында Мильков  пен Гвоздецкий Тұран жазығының  қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің  шекарасын Қарабұғаз – Гол  мен Қаратау жотасының солтүстік  бөлігі арқылы жүргізеді. Жылу  ресурстарының молдығымен ылғалдың  жетіспеуіне байланысты шөлдің  аумағындағы экологиялық жағдай  климаттың зоналық ауысуына ғана  емес, жердің беткі қабатын түзетін  тау жыныстары субстраттық ылғалды  сіңіргіштігі, Капиллярлығы, ауадағы  аз ылғалды жұта білу қасиеттері  айқындайды. Сондықтан субстраттық  сипаты шөлдің аумақтық табиғат  кешендерінің орналасуымен таралуында  ерекше орын алады. Белгілі  ғалымдар Г.И.Борщов, А.Ф.Мидендорф,  А. Н.Краснов, Л.С.Берег Тұран  жазығының шөлдерін құмды, сазды,  тасты (қиыршық тасты) сортаң  және Лессті деп бес топқа  бөледі. Кейіннен 1934 жылы Е.Л.Коровин  ботаникалық белгілеріне қарай  эфемерлі, псаммофитті, гифсофитті  және галофитті деп төрт топқа  бөлді. Жоғарыда аталған екі  топтастыруды бір – бірімен  салыстыра отырып, субстраттың әрбір  түріне үш немесе төрт түрлі  өсімдіктер тобы басым болатыны  айқындалды. 

     Лессті  сазды шөлдерде – ксерофитті эфемерлі, құмды шөлдерде – псаммофитті, тасты  шөлдерде – гипсофитті, сорлар мен  сортаң шөлдерде – галафитті өсімдіктер бірлестіктері тарайды. Ұсақ түйіршікті Лессті жыныстардан тұратын жазықтарда (субстраттарда) оңтүстік зона тармағында эфемерлі және жусанды эфемерлі, солтүстік  зона тармағында жусанды – сортаң шөпті, сортаң шөпті – жусанды  шөлдер қалыптасады. Тұран жазығының  аумағында басқа шөлдерде геоботаникалық провинция негіздегі өсімдіктер бірлестіктерінде аздаған ауытсулар болғанымен сол қалпында сақталады. Солтүстік зона тармағында болғанымен оңтүстік зона тармағында эфемерлер мен эфемеройдтар басым болады.

     2.3.1. Лессті Эфемерлі шөлдер.

     Батхиз  Қарабел үстірті мен Мырза  шөлдегі Лессті, Лессті – сазды  және сазды жазықтарда эфемерлі шөлдер таралған. Шөлдің бұлтинының шегінде  оңтүстік субтропиктік шөлге тән  барлық белгілер сақталған. Эфемерлі шөлдер бір жыл ішінде жауын – шашынның біркелкі таралмауының нәтижесінде  түзіледі. Жауын – шашын мол  түсетін наурыз – сәуір айларында  жіңішке жапырақтың қоңырбастың, көкнәрдің, жауқазынның сарғалдақтардың жиі  өскен шүйгін шөпті кілемі жабады. Бұл кезеңде температура + 10…+18°С аралығында ауытқитындықтан булану онша жоғары емес. Жауған жауын – шашын суы топырақтың беткі қабатына сіңіп жақсы ылғалдандырады. Топырақтың бетіндегі жеңіл еритін тұздар мен корбинаттар сілтісізденіп немесе шайылып кетеді. Жоғарыда талған сазды, Лессті сазды шөлдерде сұр топырақ қалыптасады. Өсімдіктердің өсіп өнуі жақсы байқалатын көктемде шөл жануарларының да қарқындылығымен артады. Көптеген кемрушілер мен тасбақалар қарқынды тіршілік әрекетіне көшеді. Жыл құстары ұшып келеді. Эфемерлі шөлдерге тән жануарлардың қатарына сарысұртышқан, дала тасбақасы, Эверсманның құмтышқаны, дикобраз әртүрлі кесірткелер мен жыландар термиттер мен қоңыздардың жекелеген түрлері жатады. Эфемерлі шөлдердің көктемгі қарқындылығы 2-2,5 айдан аспайтын қысқа болады. Мамырда жауын – шашын тоқтайтындықтан эфемерлер мен эфемеройдтар күн қызуының артуына байланысты қурап қалады. Жауын – шашынның 95-98% көктемде түсетіндіктен жазда топырақ қатып қалады. Кейбір эфемерлер мен эфемеройдтар күзгі жаңбырдан соң қайта өсіп өне бастайды.  

     2.3.2. Сазды – Жусанды және Сортаң  шөпті – жусанды шөлдер.

     Солтүстік зона тармағына тән шөлдердің  қатарына жатады. Олар үстіртте, Арал маңының  солтүстік бөлігі мен Бетпақдалада таралған. Онда оңтүстік тармағындағыдай  көктемгі жауын – шашынды кезең  айқын байқалмайды. Маусым мен қыркүйек аралығындағы жылы кезеңде айына 10-15 милимертден жауын – шашынның біркелкі таралуы оңтүстік шөлге  қарағанда буланудың біршама  аз болуымен температураның аздап төмен  болуы вегатациялық кезеңде топырақта  аздаған мөлшерде ылғалдың сақталуы өсімдіктердің өсіп - өнуіне қолайлы  жағдайлар тудырады. Саздан жусанды, сортаң шөпті – жусанды шөлдерге жусан, бұйырғын көкпек байалыш итсигек  сияқты құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер тән. Онда жусандар басым болғандықтан жиырмадан астам түрі өседі. Камфосма және алабота тұқымдас өсімдіктерде кездеседі. Қар еріген кезде температура  төмен болып топырақтың беті қызып  үлгермейтіндіктен эфемерлер мен  эфемеройдтар аз болады. Жауын –  шашынның аздығы топырақтың қимасында  карбонаттардың мөлшерінің шамалы болуына  қарамастан беткі қабатының шайылуына, жылдам қозғалатын суда жақсы еритін тұздардан арылуына онша әсер етпейді. Сазды шөлдерде аз карбонатты қоңыр  – сұр топырақ басым болады. Суды нашар өткізуі мен капиллярлығының  жоғары болуы топырақ қабаттарының тұзданып, сортаңдар мен сорлардың дамуына қолайды жағдай тудырады. Бұл шөлге тән басты ерекшелік топырақ - өсімдік жамылғысының бір – бірінен айқын байқалатын кешенділігінде.

     Сазды шөлдерге тән жануарлардың қатарына жылдам жүгіретін бөкен, қарақұйрық сияқты тұяқты жануарлар мен кеміруші тышқандар басым болады. Құстардан  бұлдырық, қырғи, баурымен жорғалаушылардан тақыр және торлы дөңгелекбас  кесіртке кең тараған.  

     2.3.3. Құмды псаммофитті шөлдер.

     Құмды шөлдер Тұран жазығының басым  бөлігін алып жатыр. Оған Қарақұм, Қызылқұмның  басым бөлігі, Арал маңы Қарақұмы, Үлкен  және Кіші борсыққұм, Мойынқұм кіреді. Құмды шөлдердің өсімдіктер жамылғысында эндемиктердің үлесі үлкен роль атқарады. Өсімдіктер жамылғысының таралуы  мен дамуына субстраттың қозғалғыштығымен басқа шөлдерге қарағанда ылғалды  жақсы ұстайтын екі қасиеті әсер етеді. Ол құмның сулы – физикалық  қасиетімен тығыз байланысты. Құмның сусымалы болуымен борпылдақтығына  байланысты атмосфералық ылғал құмға  толығымен сіңіп кетеді де 1-1,5 метрге дейінгі қабатын сулайды. Капиллярлығының  аздығына байланысты құм қабаттарына  жиналған ылғалды тамыры арқылы өсімдіктер транспирациялайды. Температураның тәуліктік  ауытқуы жоғары болғандықтан түнде  ауадағы су буы конценсацияланып құмға сіңеді. Аталған белгілердің  барлығы 100-140 см-ге дейінгі құм қабаттарының тұрақты түрде ылғалды болуына  тікелей әсер етеді.

     Жоғарыда  көрсетілген құмды шөлдердің  ерекшеліктері шөлдің басқа типтеріне  қарағанда өсімдіктер жамылғысының мол болуына әсер етеді. Құмды  шөлдердің өсімдіктерін жүзгін, құм  қарағайы, тамарикс сияқты бұталар, Сексеуіл, эфемерлер мен эфемеройдты шөптесін өсімдіктер құрайды. Эфемерлердің кең  таралуына сазға қарағанда құмның жылдам жылынуы әсер етеді. Құмды  шөлдердің өсімдіктері субстраттың  қозғалғыштығына жақсы бейімделген. Мұндай қасиеттерге ие болған құм  сүйгіш өсімдіктер ерекше псаммофиттер тобын құрайды. Олар тез өсіп қосымша  өркендер түзуге, сабағында қосалқы  тамырдың болуымен ерекшеленеді. Құмды  жел үрлегенде жер бетіне шығып  қалатындықтан күн сәулесінің тіршілікті жоятын әсерінен сақтайтын тамырларында арнайы жабын қабығы болады. Тұқымдары  мен жемістерінде құм көміп қалудан  сақтайтын қабыршықты қанаттары  болатындықтан желмен жеңіл таралып, құмның бетіне бекіп қалуға бейімделген. Тұран жазығындағы құмдардың  беку дәрежесіне сай өсімдіктер дамудың  әркелкі сатысында болады. Желдің үрлеуі күшті байқалатын құм жолдарының төбесінде шым түзетін астық  тұқымдас өсімдік семн, құм қарағайы, жүзгін өседі. Құм жолдарының бекіген  ұсақ сазды жыныстардың бөлшектері кездесетін беткейлерінде ақ немесе құм сексеуілі, ағаш тәрізді шеркез, жүзгіннің кейбір түрлері, құм қоңырбасы  басқада эфемерлі шөптесін өсімдіктер өседі. Жаларалық ойыстарда құмдар біршама тығыз әрі жалаңаш  болып келеді. Онда көптеген бір  жылдық шөптесін өсімдіктер өсіп, тамырлары  шым түзеді.

     Құмды шөлдердің жануакрлар дүниесі алуан  түрлілігімен ерекшеленеді. Әрі басқа  түрлеріне қарағанда түр құрамына бай болады. Олардың көпшілігі  эндемиктер. Олардың қатарына жіңішке саусақты сұртышқан аяғы түкті тышқан, үлкен құм тышқаны, құлақты кірпілер, ешкілердің бірнеше түрі жатады. Құмдар құлақты және домалақбас құм кесірткесі, агама, ескек саусақты геккон, сұр варан, құм эфасы, құм айдаҺары, оқ жылан сияқты баурымен жорғалаушыларға бай. Жыландар мен кесірткелердің санының көп болуы құмды шөлдерге тән басты ерекшеліктердің бірі. Ірі бұталар мен аласа ағаштардың болуы сексеуіл торғайы, сексеуіл сойкасы, басқада құстардың ұя салуына қолайлы жағдай тудырады. Мұнда шөл бүркіті, үкі Қыран бөктері сияқты жыртқыш құстар да көптеп кездеседі.

     2.3.4. Тасты Галофитті шөлдер мен  тақырлар.

     Тасты шөлдер Қызылқұм мен Маңғыстаудың орталық  бөлігі мен Бетпақдаланың шығыс  бөлігінде, Сармат әктастарынан құралған үстірт пен Маңғыстау үстіртінің батыс бөлігінде тараған. Өсімдіктердің  таралуына әсер ететін басты жағдай топырақ қабаттарында гипстің жинауы. Топырақтың арнайы қабатындағы гипс топырақ құрамындағы саз бен  құмды жыныстардың ұсақ бөлшектерін  желімдеп қатырып тастайды. Топырақ  құрамындағы гипс көптеген өсімдіктердің  өсіп өнуіне мүмкіндік бермейтіндіктен  өте сирек болатындықтан біртұтас бірлестік түзбейді. Тасты шөлдерде сұр, тұран, майкара жусандары, жапырағы етженді суккуленттер сияқты гипсофиттермен қатар қылшалар, теріскендер өседі. Тасты шөлдерде 100-120 тарта эндемик  өсімдіктер өседі. Тасты шөлдердің  бетін қиыршық тастар мен бір  – бірімен желімделген сазды  жыныстар алып жатады. Тығыз қабыршақты тасты шөл топырағында кең  тараған өсімдіктердің қатарына баялыш пен көкпекті тасбұйырғынды  жатқызуға болады. Шөлдің бұл түрі жануарлар дүниесіне өте кедей.

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі