Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-не жалпы шолу
Кіріспе
Бұл оқу-тәжірибесі Алматы қаласындағы Жандосов-55 орналасқан Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де өтті. «Менеджмент» мамандығының 3-курс студенттеріне арналған оқу-тәжірибесі бір апта (6-11 маусым) уақыт аралығын қамтыды.
Оқу-тәжірибесінің
мақсаты – оқу процесі
Оқу-тәжірибесінің
негізгі міндеті болып
- Ұйым немесе мекеме қызметінің құрылымымен, нысандары, әдістерімен танысу;
- Ұйым қызметін сипаттайтын ұйымның негізгі функцияларымен танысу;
- Кафедраның оқу-әдістемелік ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерделеу;
- Зерттеу жұмысына деген дағды мен қабілеттілікті дамыту.
Бұл оқу-тәжірибесі туралы есеп 3 бөлімнен тұрады;
1-ші бөлімде оқу-тәжірибесі өткен ЖОО-на жалпы шолу, яғни ЖОО-ң тарихына, құрылымына, функцияларына сипаттама беріледі.
2-бөлімде негізгі бөлім, яғни арнайы тапсырманың орындалу барысына қатысты сұрақтар қарастырылады.
3-ші
бөлімде қорытынды, яғни
Дамыған инфрақұрылым мен кадрлар әлеуеті бар Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде білім алушыларды жан-жақты дамытуды басшылыққа алып, халықаралық білім беру кеңістігінде білім беру қызметі сапсының деңгейі бойынша көшбасшы болуға ұмтылуда және оған мүмкіншілігі жеткілікті.
Тұрар
Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Қазақстан
Республикасындағы экономикалық университеттердің
ең негізгі және көшбасшы университеттердің
бірі болып саналады. Бұл университетте
экономика және басқару саласында
сапалы, білімді, білікті кадрларды
даярлайды. Оқыту бірнеше деңгейден
тұруы мүмкін: колледж-бакалавриат,
магистратура-докторантура.
1.
Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-
Қазіргі Қазақ Экономикалық университеті 1963 жылдың мамыр айында Алматы қаласында Халық Шаруашылық университеті (АХШУ) деген атпен құрылған. Осы жылдары бәріне әйгілі Нархоздың негізі қаланған болатын.
Алғашқы жылдары АХШУ жоспарлы экономика, есептік-экономикалық және қаржы-несиелік факультеттері күндізгі және сырттай нысанда жұмыс істеді. 1964 жылы 10 мамандық бойынша аспирантура бөлімі ашылды. 1973 жылы ЖОО орнында 330 оқытушы, 7 ғылым докторы жұмыс істеді, сонымен қатар 125 адам кандидаттық қорғады. Осы жылдары Целиноград, Ақтөбе, Шымкент қалаларында АХШУ-ң филиалдары құрылды.
1981-1982 жылдары института 10 мамандық бойынша10205 студент, 12-111 аспирант білім алды; 540 оқытушы, оның ішінде 16 профессор және ғылым докторлары, 218 доцент пен ғылым кандидаттары, сонымен қатар ҚазССР-ң 2 еңбек сіңірген экономистері қызмет етті.
1991 жылы Алматы Халық Шаруашылық институты Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университеті болып қайта құрылды.Университеттің жаңа статусы аспирантура, магистратура және докторантура секілді білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік берді.
1993 жылы 25-ақпан айында “Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университетін Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясына өзгерту туралы” (ҚазМБА) елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің жарлығы шықты.
1994-жылдан бастап «Экономика» баспасы ашылып, біздің университтетегі және басқа да көптеген мұғалімдерге өз ғылыми жұмыстарының жарық көруіне мүмкіншілік туғызды.1996 жылы ғылыми «КазМБА Хабаршысы» деген журналдың ең алғашқы нөмері жарыққа шықты. Және КазМБА-ның ең алғашқы магистранттары оқуларын тәмәмдады. 2000 жылдың 23 мамырындағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 775 Қаулысымен Университетке қазақ халқының көрнекті мемлекеттік, саяси, қоғам қайраткері ең алғашқы ғалым - экономисті Тұрар Рысқұловтың есімі берілді.
2001жылғы 2 сәуірдегі Үкіметтің қаулысымен «Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті» жабық акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылды, яғни негізгі акция пакеті мемлекетке тиесілі болды. 2002 жылдың 2-қазаныңда әйгілі Тұрар Рысқұловтың құрметіне университтетің алдына оның мүсінін жасап қойды және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев университетке келіп, мемлекет басшысы университтегі Қазақ – Жапон адам ресурстарын дамыту орталығының ашылуына қатысты, университет оқытушыларымен, студенттерімен кездесті. 2003 жылы ҚР Ұлттық Банкімен бірігіп, МВА программасы бойынша магистратура ашылды. Мемлекетіміздегі экономикалық ВУЗ-дардың ең негізгісі болғандықтан 2003-2004 жылдары ҚР білім және ғылым министрлігінің шешімімен кредиттік технология енгізілді. Бұдан басқа 2003 жылы қосымша әскери кафедра ашылды.
2005-жылы университетке сапа менеджмент жүйесі енгізілген, ол МС ИСО 9001:2000 сай және «Русский Регистр» Ассоциациясымен сертификатталып, сонымен қатар халықаралық IQNet жүйе сертификатына сай болды. 2005-жылы ҚазЭУ–де Ресей мемлекетіндегі МГУ университетінің мұғалімдері сабақ беретін халықаралық жобалардың ең негізгісі РУДН ашылып, біздің студенттерге оқу бітірген кезде екі диплом алуға мүмкіншілігі туды. 2006-жылы басқару, экономика және қаржы факультеттерінде тек қазақ, орыс тілдерінде ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілінде де оқу бөлімдері ашылды. ҚазЭУ-де 2006 жылдың мамырынан бастап, жыл сайынғы «Рысқұлов оқулары» атты халықаралық ғылыми форум өтеді. Оған көптеген шетелдің ғылыми зерттеу орталықтарынан ғалымдар мен мамандар қатысады.
Тәжірибені өту барысында бірінші күні ҚазЭУ-дің құрылымымен, миссиясымен таныстым. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Уневерситеттің миссиясы – экономика және бизнес саласында үздіксіз білім беру жолымен осы салаларды бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз етіп, олардың талаптарын қанағаттандыру.
Осы бөлімде Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ өзінің миссиясын жүзеге асыру үшін тек студенттер мен мұғалімдер ғана емес, сонымен қатар
сапалы кадрларды даярлауға қажетті оның иелігіндегі мүлікі мен құрылымына тоқталдым.
«Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ» ААҚ құрылымына кіреді:
- Басты ЖОО - Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ;
- Еншілес ЖОО - – КазУЭФМТ ( Астана қ.);
- Халықаралық бизнес-мектеп IBS;
- ЖОО-ға дейін дайындау орталығы;
- Экономикалық колледж (Алматы қ.);
- Экономикалық колледждің филиалы (Талғар қ.);
- Білімді дамыту орталығы «Талапты»;
- Мәдениет және тәрбие орталығы;
- «Экономика» баспасы;
- «Еңбекші» шаруашылығы (Алматы обл.);
- стадион және спорт кешені;
- Тамақтану орталығы «СаМакс»;
- Балхаш және Қапшағай демалу орындарының бір бөлктері;
- Иссык-Куль «Carven Four Seasons» демалу орындары.
«Тұрар Рысқұлов атындағы
- 5-факультет
- 19-кафедра;
- 1000 астам мұғалімдер мен ғылыми қызметкерлер;
- 17-маманды
- 12000 астам студенттер;
- 25-компьютерлік класстар;
- мультимедиялық аудитория;
- лингафондық кабинет;
- Интернет-видео-зал;
- библиотекалық фонд - 1 млн. 300 мың. экз.,
- 4-абонимент, 6-оқу залдары;
- Ресей мемлекеттік библиотекасының вертуалдық оқу залы;
- әскери кафедра;
- ғылыми және теориялық тәжірибелер;
- 7 ғылыми мамандықтар бойынша 2 докторлық диссертациялық кеңес;
- Қазақстандық-Жапондық адами ресурстарды дамыту орталығы;
- Университет тарихының музейі;
- Жақсы жатақханалар;
- «Таң-Шолпан» қонақ үйі.
1-сурет
«Тұрар Рысқұлов атындағы
Қазіргі заманда кез келген дамыған мемлекет ең алдымен экономикасының дамуы мен технологиялардың жаңаруынан шет қалмауға тырысады. Сондықтан да біздің университет тек экономика саласындағы кадрларды ғана емес сонымен қатар экономика мен технологияны байланыстыру арқылы жан-жақты білікті кадрларды даярлайды.
Жоғарыда көрсеткендей ҚазЭУ-де бес факультет бар олар:
- Басқару факультеті(Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг, Туризм, Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету сервисі, Әлеуметтік жұмыс мамандықтары кіреді);
- Қаржы факультеті (Қаржы мамандығы кіреді);
- Инженерлік-экономикалық факультеті (Экология, Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы мен программалық қамтамасыз ету, Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтары кіреді);
- Есеп және статистика факультеті (Есеп және аудит, Бағалау, Статистика мамандықтарын қамтиды);
- Экономика факультеті (Экономика, Кеден ісі, Халықаралық қатынастар, Әлемдік экономика, Еңбекті ұйымдастыру және нормалау мамандықтары).
2. ҚазЭУ-дің білім беру жүйесіндегі сапа менеджмент
қызметінің
негізгі бағыттарына сипаттама.
ҚазЭУ-де тәжірибені өту
Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ
сапа менеджменті жүйесінің
Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ
басқару бөлігінің бірі болып
табылатын сапа менеджментінің
жүйесі білім беру қызметінің
сапасы мен бәсекеге
Әлем білім беру жүйелерімен
біріктірілген, инновациялы
Жинақталған тәжірибені талдау
білім сапасы саласындағы
Білімге ықпал ететін, ықшамдылықты,
жаңа тарихи кезең ақиқатына
барабар жауап бере алатын
және экономика дамуының
Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ
- Білім мен ғылымның инновациялық технологияларының егізінде білім беру ортасын құру және жітілдіру;
- Жеке өмірі мен қызметте жоғары жетістіктерге жетуге қабілетті мамандармен, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлармен өңірді қамтамасыз ету;
- Қ.Р мен өңірдің білім беру, ғылыми-техникалық, мәдени әлеуетін сақтау, көбейту.
Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ негізгі тұжырымдамалық қағидалары:
- Нарықтық экономика жағдайында тұрақты үдемелі даму траекториясы арқылы университет қызметінің сапалық деңгейін көтеру;
- Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді,инновациялық қызметті дамытып, терңдету;
- Университетте халықаралық деңгейде мәдени білімді орта құру. Оған Жылсайынғы өткізілетін «Рысқұлов оқуларын» жатқызуға болады;
- Білім мәртебесін, ойды еркін айтуды, идеяларды, білім алушыларды табысқа жеткізетін жол ашатын шығармашылақ қабілетті ардақтайтын қолайлы университет ішкілі орта құру. Қазіргі кезде осыған сай біздің университетте «Жастар кәсіподағы» қызмет атқарады.
- Озат өндіріс ұйымдарымен, үздік академиялық және білім беру мекемелерімен, орталықтармен тұрақты да өнімді байланыс орнату;
- Университетте корпаративтік мәдениет жасақтау.
2-сурет.
Универсиет үдерістерінің
3.
«Менеджмент» кафедрасының
«Менеджмент»
кафедрасы «Басқару»
Кафедра жас экономика мамандығы бойынша мамандарды, яғни 050507 «Менеджмент» (бакалавры) бойынша мамандар, 6N0507 «Менеджмент» мамандығы бойынша магистрлерді дайындайды.
Кафедра
ішінде аспирантура да бар. Кафедраның
қызметі нақты пәннің мемлекеттік
білім беру стандартына сай терең
теориялық білімі мен мықты кәсіби
тәжірибелік дайындығы бар
Кафедраның негізгі пәндері:
Кафедраның құрамында профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар қызмет атқарады, сонымен қатар доктаранттар мен аспиранттар, ізденушілер бар.
Кафедра өз қызметін оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарға сай жүргізіп отырады.
Кафедра қызметінің мәселелерін талқылау үшін және соған сәйкес шешім қабылдау үшін барлық профессорлық-оқытушылық құрам қатысатын кафедра мәжілісі өткізіледі (екі аптада бір реттен кем емес).
Кафедра оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарының мазмұны ұйымдастыру қызметі көрсетілген құжаттама жүргізеді. Іс құжаттары мен номенклатурасы университет ректорымен бекітілген іс жүргізу шартына сәйкес жүргізіледі.
Кафедра оқытудың барлық түрлері бойынша оқытушылық сапасын әрдайым тұрақты түрде жетілдіре отырып, келесідей негізгі функцияларды орындайды:
-
мемстандарт негізінде
-
студенттердің шығармашылық
-
кейс-әдіс, ситуациялық тапсырмаларды
шешу, «іскерлік ойындарды» қолдану
арқылы оқытудың қазіргі
-
өндірістік және зерттеу
-
кафедрада оқытылатын пәндерді
кешенді әдістемелік қамтуды
жүзеге асырады; оқу
Басқару органдары мен
-
студенттерде кәсіби
-
студенттер алдында жетекші
-
басқарудың мемлекеттік және
жергілікті органдарымен бірге
болашақ мамандардың жұмысқа
орналасуы жөніндегі
-
мамандардың біліктілігін
Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысады:
- кафедра профиліне сай әлеуметтік-экономикалық мәселелер, маңызды теориялық зерттеулер бойынша ғылыми зерттулер жүргізу, сонымен қатар мамандарды дайындау сапалылығын арттыру мақсатында жоғарғы мектеп педагогика мәселесі;
- басылымға шығару немесе оны тәжірибеге енгізуді ұсыну мақсатында аяқталған ғылыми зерттеу жұмыс нәтижелерін талқылау;
- докторанттар, аспиранттар мен ізденушілердің диссертациялық зерттеулерін орындауды ұйымдастыру;
- ғылыми – зерттеу мекемелері мен ұйымдарымен басқа да ЖОО шығармашылық әріптестік бойынша келісім шарт жағдайында қарастырлған ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу.
Студенттер мен абитуренттер контингентін қалыптастыру үшін жұмыс істейтін жастар мен оқитындар арасында профориентациялық жұмыс жүргізу және ұйымдастыруға қатысу.
Бекітілген тәртіп бойынша шетел оқу орындарының
кафедраларымен оқу және әдістемелік
қызмет, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
бойынша әріптестік қызметті жүзеге асырады.
4.«Менеджмент»
кафедрасының кредиттік
«Менеджмент»
кафедрасында Т.Рыскулов атындағы
ҚазЭУ әзірленген оқытудың кредиттік
жүйесінің ережесі мен тәртібі
бар. (14.09.06ж. № 2 хаттама, 04.10.06ж. № 3 хаттама,
11.10.06ж. № 4 хаттама, 19.06.07 №15 хаттама).
Кафедра мәжілісінде оқытудың кредиттік
жүйесінің мәні зерделенді, студенттердің
білімін бағалау (аралық және ағымдағы
бақылауды жүргізу), білім беру бағдарламалары
мен оқу жоспарын әзірлеу, оқитындардың
білімін бағалау, жазғы семестрді
ұйымдастыру деген сияқты ереже
сұрақтары жан жақты
Кафедра мәжілісінің 2008ж. 25 тамызындағы № 1 хаттамасында оқытудың кредиттік жүйесін енгізу процедурасына сәйкес кафедрада оқытылатын пәндер бойынша оқу әдістемелік кешен, силлабустар мен оқытушыларға арналған оқу жұмыс бағдарламасын әзірлеу, аралық бақылау өткізу, баға қою саясаты жөнінде мәселелер қарастырылды (оқытушылардың өзіндік жұмыстарын, глоссарий, дәрістің тақырыптық жоспары, СӨЖ және ОСӨЖ өткізу және тапсыру кестесі.
«Менеджмент» кафедрасында «Менеджмент» мамандығы бойынша ЖМБС сәйкес 2004, 2006 ж. 2008-2009, 2010 оқу жылына оқытылатын пәндер бойынша силлабустар әзірленді. Силлабустарды әзірлеу барысында аралас пәндер бойынша қайталануға жол берілген жоқ.
Есепті жыл барысында «Менеджмент» кафедрасының ПОҚ – мен 1және 2 жартыжылдыққа барлық оқытылатын пәндер бойынша (бакалавр, магистартура) ПОӘК әзірленіп, бекітілді. Кафедраның оқу процесіне дайындығын тексеруде университеттің сапа және мониторинг бөлімінің талаптарына сай кафедраның бакалавриат және магистратура бойынша оқытылатын барлық пәндерден толық ПОӘК дайын екендігі көрсетілді.
«Менеджмент» кафедрасында университеттің ОӘБ мен берілген ПОӘК жаңа құрылымына сәйкес кафедрада 2009-2010 оқу жылында қазақ және орыс тілдерінде келесідей пәндер бойынша ПОӘК әзірленді:
- Менеджмент теориясы мен тәжірибесі
- Менеджмент
- Персонал еңбегін ұйымдастыру
- Еңбек ресурстарын басқару
- Өндірістік менеджмент
- Персоналды басқару
- Әлеуметтік сфера мен саладағы менеджмент
- Басқару шешімдерін әзірлеу
- Бизнес-жоспарлау
- Экономикалық қауіпсіздік
- Уақытты басқару
- Салыстырмалы менеджмент
- Бизнесті ұйымдастыру
- Іскерлік қарым қатынас этикасы
- Экономиканы аймақтық басқару
- Қазақстан экономикасын басқару
- Корпоративтік менеджмент
- Ұйымдағы көшбасшылық.
Элективті пәндер каталогы әзірленді. Қазіргі нарықтық экономика талаптарына сай «Менеджмент» кафедрасында «Менеджмент» мамандығының студенттеріне арналған тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған және қазіргі күннің талаптарын қамтитын «Салыстырмалы менеджмент», «Бизнес жоспарлау», «Уақытты басқару», «Ұйымдағы көшбасшылық», «Корпоративтік менеджмент» пәндерінен тұратын элективті пәндер каталогы әзірленді.

- Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі
- Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын-алу жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру
- Тұрғындарды қорғау
- Тұрғындарды қорғау
- Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің статистикасы
- Тұрғын үй
- Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы
- Тұрақты ток машиналары
- Тұрақты токтардағы сызықты емес өтпелі процестер
- Тұрақты ток электр тізбегі
- Тұрақты тоқ Машиналары
- Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі
- Тұрар Рұсқылов
- Тұрар Рысқұлов