Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің статистикасы

                    Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің статистикасы

 

1. Тұрғындардың  өмір сүру деңгейі түсінігі  және оны құрайтын және әлеуметтік  нормативтер мен қажеттіліктер

            Тұрғындардың өмір сүру деңгейі  оларды қажеттті материалдық  игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету,тұтыну және рационалды қажеттіліктерді қанағаттандырумен түсіндіріледі.

Әлеуметтік  деңгейі де осы бойынша анықталады. Белгілі бір уақыт аралығындағы орташа үй шаруашылығының соған сәйкес қанағаттандыру деңгейінің игіліктері мен қызметтерінің ақшалай бағалануы өмір сүру құнын бейнелейді.

Тұрғындардың  өмір сүру деңгейінің 4 түрін бөліп  көрсетуге болады:

  • жеткілікті (игіліктерді қолдану,адамның жан-жақты дамуы үшін бар қажеттіліктердің болуы);
  • қалыпты деңгей (ғылыми негізделген нормаларға сәйкес рационалды тұтыну,яғни адамның физикалық және интеллектуалдық күшін қалпына келтіру үшін);
  • кедейлік (жұмыс күші шегіндегі жұмысқа қабілеттілік деңгейін сақтауға қажетті игілік):
  • жоқшылық (биологиялық крийтерилерге сәйкес игіліктер мен қызметтердің минималды көрсеткіші,яғни ол тек өмірге қажеттілікті ғана қамтамасыз ете алады).

     Өмір  сүру деңгейінің маңызды құраушы  көздері болып тұрғындардың кірістері  және оның әлеуметтік қамсыздандырылуы, материалдық игіліктер мен қызметтерді  тұтынуы, өмір сүру жағдайы, бос уақыты табылады. Өмір сүру жағдайын еңбек, тұрмыстық қажеттілік, бос уақыт деп жағдайдың жалпыланған түрлеріне бөліп қарастыруға болады.

  Еңбек жағдай  құрамына санитарлы-гигиеналық,психофизиологиялық, эстетикалық және әлеуметтік-психологиялық жағдай енеді. Тұрмыстық қажеттілік жағдайы- бұл тұрғындарды үймен, оның сапалылығымен, тұрмыстық қажеттілік желілерінің дамуымен (шаштараз, жөндеу шеберханалары, жалға беру пункті ж.т.б.), сауда жағдайы және медициналық қызметпен қамтамасыз ету болып табылады. Бос уақыт жағдайы-адамдардың бос уақытын пайдаланумен байланысты. Бос уақыт-жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі, яғни жекек адамның әлеуметтік-рухани, интеллектуалдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін.

   Өмір  сүру деңгейін зерттеудің 3 аспектісі бар: барлық тұрғындарға қатысты; оның ішінде әлеуметтік топтарға қатысты; әр түрлі көлемдегі табыс бойынша үй шаруашылығына байланысты.

   Тұрғындардың  өмір сүру деңгейін зерттеуде  ғылыми негізде бағыттылған, қоғамдық  әлеуметтік процестердің әлеуметтік нормативтері маңызды болып табылады.

   Әлеуметтік  нормативтер былайша ажыратылады:  әлеуметтік сфераның материалдық  базасының дамуы, тұрғындардың  материалдық игіліктер мен ақылы  қызметтерді тұтынуы, өмір сүру  жағдайы, қоршаған ортаның жағдайы  мен қорғалуы, тұтыну бюджеті, ж.т.б.

  Өмір сүру  деңгейіне бірден бір әсер  ететін көрсеткіші-ол тұтыну бюджеті,  яғни тұрғындардың материалдық  игіліктер мен қызметтерді тұтыну  нормасын олардың әлеуметтік  және жас ерекшеліктері бойынша  бейнелейтін, климаттық зонасына, еңбек ауырлығы мен жағдайына, тұрған жеріне ж.т.б.  байланысты сипаттайды.

      Тұтыну бюджетінің минималды  және рационалды түрлері ажыратылады:

   Адамдардың  игіліктер мен қызметтерді тұтынудағы  ғылыми негізделген номалары-жеке  адамдардың қажеттілігін құрайды. Жеке адамның қажеттілігіне физиологиялық, интеллектуалдық және әлеуметтік болып бөлінеді.

  Физиологиялық  қажеттіліктерге алғашқы қажеттіліктегі, яғни адамның биологиялық тұрғыдан  қажеттіліктері. Оған тамаққа, киімге, тұрғын үйге, демалысқа,ұйқыға, белсенді қозғалысқа ж.т.б. деген қажеттіліктер жатаады.

   Интеллектуалдық  қажеттілікке білім алу, біліктілікті  арттыру,шығармашылық қызмет сияқты  адамның ішкі рухани байлығын  арттыру жатады.

   Әлеуметтік  қажеттіліктерге адамның қоғамдағы  әлеуметтік-саяси қызметі, адамдармен арасласуы, әлеуметтік құқықты иемденуі ж.т.б. жатады.

  Жеке адамның  қажеттіліктерінің сыртқы формасы  ретінде тұрғындардың сұранысы  түсіндіріледі. Алайда, ол нақты  қажеттіліктен саны және сапасы  жағынан ажыратылады.

   Жеке  қажеттіліктермен қатар қоғамның әлеуметтік қажеттіліктері, яғни қажеттіліктермен қаматамасыз ету жағдайын реттеу және дамыту, оның ішінде өндірістік, басқарудағы қажеттіліктер, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау ж.т.б. болып табылады.

 

                         2. Өмір сүру деңгейін зерттеудің міндеті

  Өмір сүру  деңгейін зерттеудің міндетіне  мыналар жатады:

  • тұрғындардың жағдайындағы заңдылықтардың өзгерісін анықтау;

оның структуралық, динамикалық және қарқындағыкөрсеткіштердің  өзгерісін кешенді қарастыру;

  • тұрғындардың әр түрлі топтарының кірістері және тұрақты тұтынуы бойынша дифференцияциясы және өзгерістерге әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерін талдау;
  • тұрғындардың материалдық игіліктер мен әр түрлі қызмет түрлерін тұтыну деңгейін, жалпы өмір сүру деңгейінің рационалды белгіленген тұтыну нормаларымен салыстыра отырып бағалау.

Қойылған міндетті шешудіңі ақпараттық қайнар көздері  мыналар болып саналады: тұрғындарға  қызмет көрсетуші кәсіпорындар мен  ұйымдардың ағымдағы есебі және есептілігі; еңбектің, тұрғындардың жұмыспен қамтылуының, еңбекке орналасу мен еңбекақының, үй шаруашылығы бюджетінің, тұрғындарды тіркеудің статистикалық мәліметтері.

 

 

      Тұрғындардың өмір сүру деңгейін  кешенді зерттеуді статистикалық  көрсеткіштер жүйесі арқылы ғана  жүргізуге болады.

І.  Жалпы  көрсеткіштері.

1. Өмір сүру  деңгейі критерийі.

2. Өмір сүру  құнының индексі.

3. Жан басына  шаққандағы жалпы ұлттық өнім.

ІІ.  Тұрғындардың табысы.

1. Тұрғындардың  нақты жалпы табыстары.

2. Тұрғындардың  нақты мүмкіншілігіндегі табыстары.

3.Тұрғындардың жиынтық табысы.

4. Тұрғындардың  жеке табысы.

5. Тұрғындардың  жеке мүмкіншілігіндегі табысы.

6. Тұрғындардың  ақшалай табысы.

7. Жұмысшылардың  орташа табысы және орташа  еңбекақысы.

8. Нақты еңбекақының  орташа мөлшері.

9. Зейнетақының, жәрдемақының, шәкіртақының орташа мөлшері.

 

ІІІ.   Тұрғындардың тұтынуы мен шығыны.

1. Тұрғындардың  материалдық игіліктер мен қызметті  тұтынуының жалпы көлемі.

2. Тұрғындардың  ақшалай шығыны.

3. Тұрғындардың  тұтыну шығындары.

4. Тұрғындардың  негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы.

5. Орташа еңбекақының  сатып алу қабілеттілігі.

6. Орташа зейнетақының  сатып алу қабілеттілігі.

ІҮ.    Халықтың жинақ ақшасы.

1. Тұрғындардың  жинақ ақшасының сомасы.

Ү.  Жинақталған  мүлік және тұрғын үй.

1. Жинақталған  жеке мүліктің құны.

2. Тұрғындардың жеке меншігіндегі ұзақ мерзімді қолданылатын бұйымдардың саны мен мінездемесі.

3. Тұрғындардың  тұрғын үй жағдайы.

ҮІ. Тұрғындардың әлеуметтік дифференцияциясы.

1. Тұрғындарды  орташа және жан басына шаққандағы  табыс мөлшері бойынша бөлу.

2. Тұрғындардың негізгі азық-түлік өнімдерін, тауарлар мен қызметтерді тұтынудағы әр-түрлі деңгейіндегі орташа жан басына шаққандағы табыс мөлшері.

3. Тұрғындардың  әр түрлі деңгейіндегі жан  басына шаққандағы табыс мөлшеріне  сәйкес тұтыну шығындарының структурасы.

4. Тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік деңгейіндегі тұтыну корзинасының нормативті және нақты құнының динамикасы.

5. Табыстардың  концентрация индексі (Джини коэфиценті)

                   

 ҮІІ.  Тұрғындардың  аз қамтылған бөлігі.

1. Күнкөріс деңгейі  (кедейшілік сызығы).

2.Тұтынушы бюджетінің  ең төменгі деңгейі.

3. Ең төменгі  жалақы мөлшері.

4. Ең төменгі  зейнетақы мөлшері.

5.Ең төменгі  жалақы деңгейінің сатып алу  мөлшері.

6. Ең төменгі  зейнетақы деңгейінің сатып алу  мөлшері.

7. Кедейшілік  деңгейі.

8. Кіріс тапшылығы.

9. Кедейшілік  сызығы.

 

               Аталғандардың ішіндегі 12 маңызды көрсеткіш мыналар:

  1. Жұмысшылардың орташа еңбекақы деңгейі.
  2. Орташа зейнетақы және жалақы деңгейіндегі тұрғындардың сатып алу мүмкіндігі.
  3. Тұрғындардың негізі әлеуметтік-демографиялық топтарындағы тұтыну бюджетінің ең төменгі деңгейі.
  4. Тұрғындардың негізгі әлеуметтік-демографиялық топтарындағы күнөріс деңгейі.
  5. Тұтыну бюджеті мен күнкөріс деңгейінің ең төменгі деңгейінен де аз мөлшерде қамтылған тұрғындардың саны.
  6. Аз қамтылған тұрғындардың үй шаруашылығында азық-түлікті тұтынуы.
  7. Белгілі бір әлеуметтік-демографиялық топтардың ақшалай кіріс мен шығысы.
  8. Тұрғындар диференцияциясының көрсеткіші.
  9. Аз мөлшердегі табыстың 10% -дан жоғары және 10%-дан төмен мөлшері арасындағы қатынас.
  10. Тұрғындар табысының концентрация индексі (Джини коэфиценті)
  11. Тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарындағы тұтыну шығындарының құрылымы.
  12. Тұрғындардың қамтмасыз етілу деңгейі бойынша бөлінуі.

 

   Әдетте  тұрғындардың қолжетімді өмір  сүру деңгейі тұрғындардың қажеттіліктерінің қамтамсыз етілуі мен әр түрлі қызметтерді пайдалана алу мөлшерімен өлшенеді.

    Статистиканың  тәжірибелік қажеттіліктерін ескере  отырып,тұрғындардың өмір сүру  деңгейінің жинақтаушы есебінің  оңайлатылған нұсқасын ұсынуға  болады. Ол тұрғындардың материалдық игіліктерді және қызметтерді тұтыну деңгейінің орта есеппен алғанда бір адамға шаққандағы нормасын көрсететін орташа өлшем ретінде ұсынылады.

    Орта деңгейде әрбір нақты тұтыну көлемінің жалпы жиыны болып игіліктер мен қызметтердің нормативті тобы келтіріледі. Осыған сәйкес әрбір нақты тұтыну көлемі нормтивті деңгейден аспайды. Демек, норманың жоғарылауы 1,0-мен көрсетілуі керек және толық өлшенген жағдайда да 1,0-ді көрсетеді(бұл барлық жиынға да игіліктер мен қызметтер жеткілікті деңгейі кезінде).

 

 

 

 

         3. Адамдардың әл-ауқатының дамуын жалпылаушы  көрсеткіштер

 

  Адамның  әл-ауқат деңгейінің концептуалды  өсу схемасы мына басты 4 көрсеткіштерде  келтірілген:

 

  • Өнімділік. Адамдар әрқашан өзінің пайда әкеле алу қабілетін көтеріп отыруы қажет, пайда табуға толықтай қатысып,өз еңбегіне ақшалай сыйақы алып отыруы қажет. Сондықтан, адам дамуы ұшін экономикалық өсу мен жұмысбастылық,еңбекақы динамикасы қажет.
  • Теңдік. Барлық адамдарға бастапқыда тең мүмкіндіктер қарастырылады.
  • Тұрақтылық. Үлкен мүмкіндіктерге ұмтылғанда тек бүгінді ғана емес,болашақ кезеңді де қамтамасыз ету қажет. Бұл жерде әрбір кезең мен кезең ішіндегі даму мүмкіндіктері теңдей бөліп қарастырылады.
  • Мүмкіндіктерді кеңейту. Бұл адамдардың отбасы,мемлекет және адамзат алдындағы жауапкершілігінің жоғарылауын түсіндіреді.

1990 жылы БҰҰ-да  адами әл-ауқаттың даму индексі-АӘДИ  ұсынылды. Ол өмір сүрудің 3 негізгі  факторын бейнелейді:

-Ұзақ жасау (дүниеге  келген сәттен бастап күтілетін,өлшенетін  көрсеткіш),

-білімділік (ересек тұрғындардың сауаттылығымен, жастардың оқу орындарында білім алуымен анықталады),

-кіріс.

Фактілік деңгейдегі бөлек  индекстердің құрылу барысында анықталған минималды және максималды белгілер қолданылады. Олар реперлік нүктелер деп аталады.

Жалпыланған АӘДИ компоненті үшін бөлек индекстер мына формулалар арқылы есептеледі (туған сәттен бастап өмір сүру деңгейінің күтілетін ұзақтығы индексі, білімділік көрсеткішінің индексі)

 

формула 1

                                                                   

факт, min, max-көрсеткіштің ең аз және ең жоғары белгісі.

   Өмір сүру ұзақтығының ең жоғары деңгейі-85 жас, ең төменгі деңгейі-       25 жас, білімділік деңгейінің көрсеткіші индексі 0-100% аралығын қамтиды. Берілген формула бойынша АӘДИ-ң көрсеткіштері қатысты шамаға көшіріледі (орташалау алдында жүйеленеді),яғни ол өлшеудің ортақ шкаласына келтіріледі. Сатып алудың тепе-тең мүмкіндігі-40 долл.

    Сонымен  АӘДИ адам әл-ауқатының өсу деңгейін сипаттайтын теңдікке, яғни қарапайым арифметикалық орташамен анықталатын үш компонентті қосады.

   Индекс ауқымы 0 мен  1 аралығында өзгереді, 1-ге жақын  болған сайын адамдардың әл-ауқат  деңгейі жоғары және елдің  әлеуметтік анықталған межелерге  жету жолы да қысқарақ болады. АӘДИ деңгейі 0,8-ді құрайтын  мемлекеттер дамудың жоғары деңгейіндегі елдер қатарына жатады. Орташа деңгейлі елдер қатарына 0,5-0,8 аралығындағы көрсеткішті көрсететіндер кіреді. АӘДИ 0,5-тен төмен болса,бұлар дамудың төменгі деңгейіндегі мемлекеттер болып саналады.

4. Тұрғындардың  табыстары мен шығындарының статистикасы

 

  Тұрғындардың  табыстары мен шығыстары туралы  мәліметтің негізі мемлекеттік  және ведомствалық статистикалық  көрсеткіштер болып табылады.

  Тұрғындардың  және үй шаруашылығының табыстары  мен шығыстарын анықтаған жағдайда мыналарды ескеру қажет:

  • Үй шаруашылығы мен тұрғындардың табыстары мен шығыстарының көлемі мен құрамының сипаттамасы.
  • Ақшалай кірістер мен тұтыну көлемінің дифференциалдық талдауы;
  • Ақшалай кірістердің динамикасын үйрену;
  • Тұрғындардың табыстары мен шығыстарын және тұтыну көлемін модельдеу;
  • Тұтыну деңгейіне және басқа да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге табыстардың(шығыстардың) әсер ету деңгейін анықтау.

     Табыстардың  БҰҰ-ның 1993 жылғы, ДЖ. Хикстің концепциясына негізделген ҰШЖ-дегі методологиялық анықталуы. Оған сәйкес табыстар ретінде жеке тұлға бір апта мерзімде жұмсай алатын қордың максималды деңгейі,яғни болашақтағы түсімдердің ақшалай көрінісі капиталдық құнға сәйкес өткен мерзімдегі қалпын сақтап тұруы керек. Аталған концепцияның артықшылығы мынада: біріншіден, «табыс» және «актив» түсінігі айқын көрсетілген. Сондықтан, барлық түскен ақша сомасы табыс ретнде танылмайды, тек тұтынуға шығындайтын ақша сомасы ғана болуы керек. Осыған орай қолда бар капитал «актив) өзгеріссіз қалады. Бірақ, активтің өзгеруі, мысалы, жылжымайтын мүлік сатып алуға жиналған қаражат кіріс ретінде саналмайды. Екіншіден, жинақтау көлемі ақшалай қордың өсу сомасына тең болмайды, яғни қаржылық активтердің ұлғаюы активтік формалардың ауысуының нәтижесі болуы мүмкін. Үшіншіден, капиталдың кездейсоқ себептерден (инфляция, жер бағасының өсуі) өсуі кіріс ретінде танылмайды.

       Концепцияға сәйкес кірістер  туралы екі ұғым пайда болады:

Ex ante-алдын ала белгілі, күтілетін кіріс, яғни жұмсалуы мүмкін қаражаттың саны; осыған сәйкес жағдай жыл басындағыдай жақсы деңгейде қалады деп күтіледі;

Ex post-кіріс, яғни жағдаймен байланысты алдын ала белгісіз түсімдер мен шығындар.

    Жоспарлау,  анықтау, қайта анықтау және  кірістерді макродеңгейде пайдалануды   сипаттау үшін ҰШЖ-де келесі шоттардың құрылымы мен талдау көрсетіледі:

  • Табыстардың  бірінші реттті анықталуы:

-табыстардың  пайда болу есебі;

-алғаш түскен  табыстарды анықтау;

  • Табыстарды қайта анықтау:

-табыстардың  екінші реттік анықталуының есебі;

- табыстарды  табиғи деңгейде қайта анықтау есебі;

  • Табыстарды пайдалану:

-бөлінген табыстарды  пайдалану есебі

   Табыстардың  пайда болу шоты алғашқы табыстардың  төлемі ретінде бейнеленеді. Бірінші  ретті табыстар анықтайды:

1. өндіріс процесіне  қатысу нәтижесінде пайда болған инстуционды бірлік сипаттағы табыстар:

  • ауыл шаруашылығы саласына түсетін жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы,
  • мемлекеттік қызметкерлер жалақы ретінде алатын импторт пен өндіріске берілген салықтар,
  • үй шаруашылығы және қаржылық емес,қаржылық мекемелер алатын түсім және аралас пайда;

1. Басқа да  қаржылық активтердің институционды  бірліктерін пайдаланудан келетін  табыс,яғни жеке меншік әкелетін  табыс:

  • пайыздар,
  • кәсіпорынның (корпорацияның) бөлінген табысы:
  • дивиденттер,
  • кәсіпорынға түскен табыстардан басшылардың алатын үлесі,
  • тікелей шет елдік инвестициядан түсіп қайта инвестицияланатын түсімдер,
  • жеке меншіктен түсетін пайда, яғни сақтандыру полисі төлемі,
  • рента.

  Табыстардың пайда болуы есепшотында өндіріс қатысушыларының өндіруші-резиденттер төлейтін бірінші реттік табысы көрсетіледі.. Бірінші реттік табыстардың бөлінуі есепшотында олардың түсу жолы көрсетіледі., сонымен қатар жеке меншіктен түскен төлемдер мен түсімдер көрсетіледі.

Екінші реттік табыстардың қайта бөлінуі есепшотында  бірінші реттік табыстардың түсуі мен ақшалай формадағы әр түрлі трансфеттер басқаратын жеке меншіктен түскен бірінші реттік табыстардың сальдосы.

 Ағымдағы  трансферттедің ақшалай формаға  ауысқан сальдосы негізіндегі  бірінші реттік табыстар бөлінген  табысты анықтайды

БТ=БТ ±∆АТақш,

мұнда   БТ-бірінші  реттік табыстар;

             ∆АТақш- ақшалай формадағы ағымдағы трансферттердің сальдосы.

  Бөлінген  табыс табыстардың ақырғы сомасын  көрсетеді, ол берілген жылдың  есепшотына  жинақтау мен қолдануға  болатын табыстар.

    Әлеуметтік трансферттердің табиғи формада қайта бөлінуі бөлек есепшотта көрсетіледі, яғни үй шаруашылығы пайдасына түсетін мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдар тарапындағы шығындар. Табиғи деңгейдегі трасферттерге білім саласындағы тегін білім алу, денсаулық сақтау, мәдениет және басқа да әлеуметтік салалар жатады.

Бөлінген  ағымдағы трансферттер табиғи формада түзетілген бөлінген табысты бейнелейді.

 

ТБТ=БТ+ӘТтаб,

       ӘТтаб-табиғи формадағы әлеуметтік трансферттер.

  Сатып алу  мүмкіндігінің тең жағдайда есептелу тәсілі мынадай:

1. Әр елдің  ЖІӨ оны ақырғы реттік пайдалану  компаненттеріне сәйкес біртектес  өнімдер тобына (бірінші реттік  топтар) таратылады.

2. Әрбір тауарлық  топ шеңберінде эксперттік жолмен  ұлттық баға тіркелімдерін орындайтын  тауар үлгілері алынып тасталады.

3. Топтастырылағн  валюталық сатып алу қабілетінің  паритеті (ВСАҚП) сатып алу қабілетінің  паритеті (САҚП) жиынтығына біріктіріледі  (әр түрлі) әдістермен болуы  мүмкін), яғни орташа өлшем ретінде  соңғы тұтыну элементтерінің  шығындарының бір бөлігі алынады.

   Алғашқы  тауарлық топқа жеке ВСАҚП-ны  есептеу бағаға байланысты өлшенбеген  орташа геометриялық формуламен  жүргізіледі:

 

мұндағы Ip- Аелінің В еліне деген жалпы индексі; 

шығарылым, n-тұрғындар;

Ірі- А елінің В елінің бағасына деген дара индексі

n-топтағы тауар ұсыну саны.

 

  ВСАҚП біріктірілген  деңгейде алу үшін Пааше мен  Ласпейрестің индексі формуласы  қолданылады. Онда келтірілген  формулада сатып алу қабілетінің  топтық паритеті және ұлттық  валютадағы тауарлық топтың өлшенуі есепке алынады. Ласпейрис формуласы келесідей:

 

Wb-ұлттық валютадағы В елінің тауарлық көлемінің құны;

Ур А/В-  А елінің В елінің бағасына деген жалпы индексі.

Ал Паашет формуласы  бойынша ВСАҚП-ны есептеу келесідей:

 

 

WA-ұлтық валютадағы А елінің тауарлық көлемінің құны.

САҚП-ны есептеу  кезіндегі Пааше мен Ласпейрес  индексіндегі кедергілерді жою үшін оның орташа геометриялық әдісі бойынша  Фишер индексі қолданылады:

                                     Ip

 

ЖҰӨ құрылымы ВСАҚП-ны бағалауда әр түрлі бөліктері бойынша сипатталады: жеткілікті әрі дәл айқындама бойынша (нан, ет, аяқ-киім, транспорт, ж.т.б); біріктірілген айқындама бойынша (өнім, қызмет, ж.т.б.); ерекше жалпыланған айқындама бойынша (тұтынуға кеткен үй шығындары, мемлекеттік басқару орындарының ақырғы шығындары ж.т.б)

   Үй шаруашылығындағы  ақырғы тұтынуды жеке тауарлық  топтарға бөлу (тамақ өнімдері, киім  және аяқ-киім, білім және транспорт  қызметі ж.т.б) әрбір елдегі  өмір сүру деңгейін, өзге елдердің  тауарлық экспансиясынан ұлттық нарықтық қорғалуын бағалауға және төлем қабілетіне сәйкес жекелеген тауарларағ бағаны анықтауға және зерттеуді кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша сатып алу қабілеті паритетінің әр топтағы тауарларға бағаның өзгерісін өлшеуге мүмкіндік береді, ал ВАСҚП бойынша анықтау әр ел бойынша ЖҰӨ деңгейін және оның құрылымын айқындау үшін маңызды болып табылады.

5. Тұрғындардың  ақшалай кірістері мен шығыстарының  балансы, оның негізі бойынша  көрсеткіштері.

Тұрғындардың  ақшалай кірістері мен шығыстарының балансы кіріс пен шығыстың құрамы мен көлемін анықтаудағы негізгі ақпарат көзі болып саналады. Тұрғындардың ақшалай кірістері мен шығыстарынң балансын құру үшін мемлекеттік статистика, банктің қаржылық есептілігі және бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардың мәліметтері қолданылады.

   Ақшалай  кірістер мен шығыстар балансы  кіріс және шығыс бөлімдерінен  тұрады. Баланстың кіріс бөлімінде   үй шаруашылығын жеке тексеру  кезінде қаржылық және статистикалық  көрсеткіштер негізінде анықталған  әр қайнар көздің келіп түсуі бейнеленеді. Ал баланстың шығыс бөлімінде тұрғындардың тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда бойынша иемдену және тұрғындардың салық және міндетті төлемдерді төлегенін ескергенднгі жинағы және құнды қағаздардың қаржылық есептілік негізіндегі шығыстары сипатталады.

  

   Тұрғындардың  ақшалай кірістер мен шығыстарының  балансының кестесі

Кірістер

Шығыстары мен  жинақ

1. Еңбекті төлеу

2. Еңбекті төлеуден  басқа жалдамалы жұмысшылардың  өндіріс пен ұйымдардан алған  табысы

3. Дивиденттер

4. Ауыл шаруашылық өнімдерін сатудан түсім

5. Зейнетақы  мен жәрдемақы 

6. Шәкіртақы

7. Қаржы жүйесінен  түсім (сақтандыруды өтеу, салымдар  бойынша пайыздар, ұтыс ж.т.б)

8. Тұрғындардың  шетел валютасын сатудан түсімі.

9. Өзге де  түсімдер:

а) комиссиондық дүкендегі зат сатудан түскен түсім;

б) шикізат пен  металл сатудан, ж.т.б

10. Аударым бойынша  түскен ақша.

1. Материалдарды  сатып алу және еңбекті төлеу

2. Міндетті төлемдер  мен ерікті аударымдар.

а) салық және жинау;

б) сақтандыру бойынша  төлемдер;

в) қоғамдық және корпаративтік ұйымдарға аударымдар.

г) несие қайтару

д) ұтыс билеттерін алу;

е) тауарлық несиеге  пайыздар;

ж) зейнетақы  қорына аударымдар

3. Зейнетақы  қорындағы және бағалы қағазлағы  өсім.

4. Тұрғын үй  сатып алу

5. Тұрғындардың  шет ел валютасын сатып алу  шығындары

6. Аударым бойынша жөнелтілген ақша.

Барлық ақша кірістері

Шығындардың өсімі

Кірістер бойынша

Баланс

Барлық ақша шығыстары мен жинақ

Кірістердің өсімі

Шығыстар бойынша

Баланс


 

  Баланстың  «Кірістердің шығындар бойынша  өсімі» немес «Шығыстардың кірістер  бойынша өсімі» бабы тұрғындардың қолындағы қалған ақша қаражатының азаюын немесе көбеюін көрсетеді.

   Тұрғындардың  ақшалай кірістері мен шығыстары  балансы негізінде шығындар мен  кірістерді сипаттайтын келесі  статистикалық көрсеткіштер анықталады:

  • Тұрғындардың ақшалай кірістері, оған еңбекті төлеу, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан түсім; пайыз түріндегі кірістер, оған салым, бағалы қағаздар, дивиденттер; кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың кірістері; сақтандыру төлемдері; несиелер; шет ел валютасын сатудан түсетін түсім, ж.т.б;
  • Тұрғындардың ақшалай шығыстары мен жинағы, оған тауарларды сатып алу және қызметті төлеу, міндетті төлемдер мен жарналар негізінде анықталған;
  • Тұрғындардың нақты қолда бар ақшасы, яғни қолда бар ақшаны тұтыну бағасы индексі бойынша есептеу арқылы анықталады.

Осы көрсетілген  көрсеткіштерден басқа мемлекеттік  статистикалық есептілік негізінде  келесідей кіріс көрсеткіштерін анықтайды:

  • Өндіріс және ұйым қызметкерлері үшін есептелген орташа айлық номиналды еңбекақы экономикасаласы бойынша. Онда есептелген айлық еңбекақы төлеу қорын орташа айлық жұмысшылар санына бөлу арқылы. еңбекақы төлеу қоры мен орташа еңбекақыны төлеуден басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес бюджеттен тыс қорлардан еңбекақы алатын жұмысшылардың әлеуметтік жәрдемақысы;
  • Бір зейнеткердің бір айлық белгілегбеген зейнетақы мөлшері, ол зейнетақының белгіленбеген жалпы сомасын зейнеткерлердің санына бөлу арқылы анықталады;
  • Нақты есептелегн еңбекақы, есептелген еңбекақыны тұтыну бағасының индексін (ТБИ) бөлу арқылы анықталады;
  • Белгіленген ай сайынғы зейнетақының нақты мөлшері, белгіленген зейнетақыны ТБИ-не бөлу арқылы анықталады.

Көрсеткіштерді  өзара салыстыру талдау мүмкіндіктерін көбейтеді. нақты ақшалай кіріс  пен қолда бар нақты ақшалай  кірістің динамикасын салыстыру  арқылы салықтың тұрғындарға ауырлығын анықтауға болады.

Ақшалай кірістер мен шығыстардың балансы тұрғындардың кірісін есептеуде кең қолданылады, тұрғындардың орташа жан басына шаққандағы кедейлік деңгейі мен кірістің тапшылығы  айқындалады. Орташа жан басына шаққандағы ақшалай кірісті ақшалай кірістің жылдағы жалпы сомасын тұрғындардың орташа жылдық санына бөлу арқылы анықтаймыз.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің статистикасы