Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы. 2

Мазмұны

Кіріспе

I  Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы...............................................

 

1.1 Жиһаз түрлері және пайдалану мақсаты......................................................

 

1.2  Ас үйдің атқаратын  қызметі..........................................................................

 

1.3 Ас үй жиһазының стильдері  және жіктелуі..................................................

 

1.4 Ас үй жиһазын жобалау және құрастыру ерекшелігі.................................

 

1.5 Жиһаз өндірісіне қойылатын  талаптар.........................................................

 

1.6 Макеттеу..........................................................................................................

 

Қорытынды.........................................................................................................

 

Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті – Ұлт  Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы:«Білім беру жүйесін жаңғырту            барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден,оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технология-    ларды енгізу.Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Универ-             ситеті мен зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде.Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай,сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс».

         Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан.Мысалы,қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады.

Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.

Дизайн тарихы ХХ ғасырдың басында басталды. Сондықтан оның тарихы өте қысқа. Дизайн өнері адамдардың әдемілікке, қолайлылыққа ұмтылуларынан шыққан. Ал жақсы өмір сүруге адамзат пайда болғаннан бері ұмтылып келеді. Сол себепті дизайн өнері ХХ ғасырда басталғанымен, оның тарихын өте ертеден іздеу керек. ХХ ғасыр техника мен ғылымның өркендеп даму ғасыры болды. Ғылым мен техниканың дамуы дизайн өнерін де дамытты.Алғашқы дизайнер мамандарды даярлайтын жоғары мектеп 1919 жылы Германияда ашылды. Ол «Баухауз» деп аталды. Бұл мектепте сәулет өнері, сурет өнері шеберлері сабақ берді.Ғылыми тұрғыда дизайнның пайда болуы 1928 жыл, ал оның отаны АҚШ болып есептеледі. Онда осы уақытта бірнеше дизайнер фирмалары құрылды. Ресейде жоғары көркем – техникалық шеберханалар 1920 жылдардан бастап құрылды. Алғашқысы Мәскеудегі мемлекеттік жоғары көркем – техникалық шеберхана болды. Кейіннен осы шеберхана институт болып қайта құрылды. Дизайн бірнеше түрге бөлінеді.Олар-көлік құралдарын жобалау (көлік ұшақтары, су кемелері, автомобильдер,т.б.

- тұрмыс бұйымдарын; электр  аспаптарын, ыдыс, жиһаз, киімді, т. Жобалау; 
-интерьер және экстерьер дизайн;

-жарнама дизайн;

-фотодизайн. 
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі заман талабының ағымымен келе жатқан жас ұрпаққа жиһаз жасаудың технологиясы мен оның түрлерін білу арқылы

ой-өрісін,шығармашылық қабілетін дамытудағы нақты жағдайларда оларды шешуге,күнделікті тәжірибеде оларды іске асыру.

Мақсаты: Жиһаз жасау  қолөнердің бір түрі. Ол да шығармашылықты, ой-қиялды талап ететін жұмыс.Сондықтан оларды эстетикалық жағынан әдемілеп зерлей білу қажет. Бүгінде ауыстырылмалы, құрастырылмалы жиһаздардың түр-түрін жасауға әбден имкемделіп алған. Диван мен төсектің, шкаф пен шифоньердің, тумба, комодтардың,үстел, орындықтардың қай түріне, қай көлемде тапсырыс берсеңіз де, жиһаз жасайтын жігіттер ойыңыздан шығатын жиһаздарымен қуантады.

Міндеті: Ас үй жабдықтарын қолайлы топтастыру және орналастыру, барлық қажетті затқа әйелдің қолы еркін жететіндей болуы, тұрмыстық , техниканы кеңінен пайдалану жұмысты жеңілдетуге, дене еңбегін азайтуға мүмкіндік береді.Жұмысты тиімді ұйымдастыру, мақсаттылық принципін сақтау және тұрмыстық техниканы кеңінен қолдану тамақ әзірлеуге жұмсалатын уақытты 1,2—1,5 есе қысқартыл әйелдің еңбегін азайтады және оның көп шаршамауына септігі тиеді. Әрбір ас үйде қажетті жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Ас үйдегі жабдықтың жиынтығы пәтердегі бөлмелердін орналасуына және отбасы құрамына байланысты болуға тиіс. Ал олардың қайсысын қай жерге қою керектік ас үйдегі шаруашылық жұмыстарының қандай кезекпен атқарылатынына сәйкес келуі керек.

Зерттеудің объектісі: Жиһаз өнімдерінің құрылымын қарастыру ең алдымен ғылыми зерттеулерден және іс жүзіндегі тәжірибелер яғни олардың барынша көлемділігі мен құрама бөлшектерінің бөлме көлемімен, интерьерімен, адам денесімен үйлесімділігінен басталады. Жиһазды құрастыру ағаш өнімінің т.б. шикізаттардың экономикалық шығын есебімен сонымен қатар қайта жөндеуге жарамдылық есебінен барынша ыңғайлы және кең қолданыста пайдалануды қарастырады. Жиһаздың әр затын қарастыруда қойылатын басты мақсат, бөлшектерінің дәлме-дәлдігімен тазалығына сыртқы көрінісіне сонымен қатар түр-түсіне аса назар аударылады. Кез келген үйдің сәнін кіргізіп, ажарын ашатын дүние – жиһаз. Жарқырап тұрса жиһаздар үй иесінің де, қонақтардың да жанын жадыратып, көтеріңкі қөңіл күй сыйлайтыны рас. Жатын бөлме, ас үй, қонақ бөлме,балалар, жұмыс бөлмелері жиһаздары баспанаға керекті ең бірінші қажеттілігіміз. Сондықтан олардың сәнінен бұрын мәні зор. Ас үйді әсемдеу кезінде оның ауық-ауық ылғалды шүберекпен сүртіліп тұратынын ескеру қажет.Қабырғаларды сәндеу үшін кәдімгі майлы бояудан басқа поливинила-  цетатты,суэмульсиялы тағы басқа сырлар,ылғалға төзімді және гигиеналық қасиеттері жақсы пленкалы түсқағаздар қолданылады.

 

1.1.Жиһаз түрлері  және пайдалану мақсаты

 

 Жиһаз.Пайдаланылу мақсатына қарай ол қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, сондай-ақ балалар бөлмесі, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін. Пәтерді жиһаздағанда жиһаз отбасы қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес және оны тарылтатындай болуы керек.

      Жиһаздар:

  • тұрақты жиналмайтын;
  • тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;
  • әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше Жиһаз секцияларынан тұратын,
  • бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық Жиһаз түрлеріне бөлінеді.

     Үлдірікті жиһаздың негізі ағаштан немесе металдан өрнектеліп жасалған, әдетте, жіңішке тік ұстын-таяныштар. Олардың арасына жекелеген жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш элементтерді бекітеді, үлдірікті жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамасыз етеді.Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырып,көлденең орналас-тырылатын шкафтар,шкаф-қалқалар,құрастырмалы үстелдер,кереуеттер және т.б.жатады.Ауыстырмалы жиһаздың құралмасы бөлшектерінің орнын ауыстыру арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Жиһаздың бұл түріне кресло-кереует, диван-кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы бар үстел-тумба,қайырмалы қақпағы бар,ысырмалы тумбаны таяныш ететін секретер және сервант-үстел, т.б. жатады. Жиһаздың бұл түрі пайдалануға қолайлы, өйткені бөлмедегі жиһаз санын азайтып, бос орынды көбейтуге мүмкіндік береді.

     Жиһазды негізінен  ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе талшықты  тақташалардан, үйеңкіден, т.б.) жасайды. Сондай-ақ пластмассалар мен металдар  да қолданылады. Қаптама жабынды  ретінде табиғи және синтетикалық  шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз-қатпарлы пластиктерді және  т.б. пайдаланады. Жұмсақ жиһаз үшін созылмалы таспа: кеуек материал, пенополиуретан, табиғи не синтетикалық маталар, жасанды былғары және т.б. қолданылады. Кез келген үйдің сәнін кіргізіп, ажарын ашатын дүние – жиһаз. Жарқырап тұрса жиһаздар үй иесінің де, қонақтардың да жанын жадыратып, көтеріңкі қөңіл күй сыйлайтыны рас. Жатын бөлме, ас үй, қонақ бөлме,балалар, жұмыс бөлмелері жиһаздары баспанаға керекті ең бірінші қажеттілігіміз. Сондықтан олардың сәнінен бұрын мәні зор.

 

 

1.2.Ас үйдің  атқаратын қызметі

 

Ас үй.Қазіргі пәтерлердің ас үйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлер-ін атқаруға пайдаланылады.Негізінен ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу,киім тігу сияқты үйдің басқа да ұсақ-түйек істері сол бөлмеле атқарылады.Ас үй мақсатына, жабдықталуы мен пайдаланылуына қарай тамақ әзірленетін ас үй, тамақ ішетін ас үй, яғни асхана деп бөлінеді.

Тамақ әзірлейтін ас үй негізінен тамақ әзірлеуге және шаруашылық жұмыстарын істеуге есептелген. Мұндай ас үйде отбасы мүшелері тамақты әр кезде, бөлініп-бөлініп ішеді.

Тамақ ішетін ас үйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс.

Ас үйде атқарылатын барлық жұмыс түрінің ішіндегі ең негізгісі — уақытты көп алып, күштің де көбірек жұмсалатыны — тамақ әзірлеу және ыдыс-аяқты жинау.

Тамақ әзірлеуге әйел күніне орта есеішен 4 сағат уақыт жұмсап, бірнеше км жер жүреді екен. Оның үстіне ас үйдегі жұмыс жағдайынық қолайсыздығымен бірге (ыстық, ылғал, булану, шу, ауа құрамының өзгеруі) әйелдің тамақты негізінен тік тұрып әзірлейтінін де естен шығармау керек. Ас үйдегі жұмыстар тиімді түрде ұйымдастырылса, үй шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын уақытты қысқартып, еңбекті жеңілдетуге әбден болады.

Ас үй жабдықтарын қолайлы топтастыру және орналастыру, барлық қажетті затқа әйелдің қолы еркін жететіндей болуы, тұрмыстық , техниканы кеңінен пайдалану жұмысты жеңілдетуге, дене еңбегін азайтуға мүмкіндік береді.Жұмысты тиімді ұйымдастыру, мақсаттылық принципін сақтау және тұрмыстық техниканы кеңінен қолдану тамақ әзірлеуге жұмсалатын уақытты 1,2—1,5 есе қысқартыл әйелдің еңбегін азайтады және оның көп шаршамауына септігі тиеді.

Әрбір ас үйде қажетті жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Ас үйдегі жабдықтың жиынтығы пәтердегі бөлмелердін орналасуына және отбасы құрамына байланысты болуға тиіс. Ал олардың қайсысын қай жерге қою керектік ас үйдегі шаруашылық жұмыстарының қандай кезекпен атқарылатынына сәйкес келуі керек.

Ас үйді әсемдеу. Жабдықтар мен жиһаздардың түсін таңдауда бөлменің мақсаты мен табиғи жарығы ғана ескеріліп қоймай,сонымен бірге жарықтың әсері, материалдардың суреті мен фактурасы,қабырғалар болуының қанықты-ғы және бұлардың арақатынасы да ескерілуі керек. Әйтпесе ас үйде тамақ әзірлеуші тез шаршайды, тіпті көзге зиян болуы да мүмкін.Ас үйді әсемдеу кезінде оның ауық-ауық ылғалды шүберекпен сүртіліп тұратынын ескеру қажет.Қабырғаларды сәндеу үшін кәдімгі майлы бояудан басқа поливинила-  цетатты,суэмульсиялы тағы басқа сырлар,ылғалға төзімді және гигиеналық қасиеттері жақсы пленкалы түсқағаздар қолданылады.Еденге қойылатын және қабырғаға қағылатын шкафтар аралығындағы кабырғаны мықты, жылу мен суға,түрлі химиялық әсерлерге төзімді материалдармен (глазурленген керамикалық плиталар,сәнді қағаз қабаты пластиктер,ағаш талшықты эмаль-данған қатты плита)қаптау керек.Биіктігі 2,5—2,7 м ас үйлердің қабырғалары сырлаған дұрыс немесе еденнен төбеге дейін тұс қағаз жапсырыл тастаса да болады.Құрама әсемдеу әдісі де қолданылады. Ол үшін тамақ ішетін столдың тұсына ылғалға төзімді тұсқағаз жапсырылады да, қабырғаның қалған бөлігі түсі жағынан үйлесетіндей етіп сырланады. Ас үйдің еденіне тазалап тұруға ыңғайлы, аяқ таймайтын және дыбысты бәсеңдетуге септігі бар материалдар төсеуге болады.Көлемі шағын ас үйлерге суретті материалдарды көп қолдануға болмайтынын әрқашан есте ұстау керек. Бір түсті жабдықталған ас үй еденіне ұсақ суретті материал (теңбіл түсті линолеум, плиткалар) төсеуге, ал қабырғаларына ірі су ретті, анық көрінетін материал қаптауға болады. Егер еденге екі түсті плитка немесе әр түсті линолеум төселсе, ас үй мебелінің түсі едендегі сурет түрінің біріне ұқсас болуға тиіс немесе оның бейтарап, яғни табиғи ағаш түсті пленка болғаны дұрыс.Ас үйдің қандай түске сырланып, боялуы, оның орналасу бағытына байланысты болуға тиіс. Егер ас үй солтүстікке, солтүстік-шығысқа не солтүстік-батысқа қараған болса, бөлменің түсі жылы гаммалы, піл сүйегі, ашық лимон түстес, ал оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа, оңтүстік-батысқа қараса, салқын гаммалы (ашық сұр, ашық көк) болғаны дұрыс. Еденнің түсі қабырға түсіне қарағанда анағұрлым қанық, жалтырау коэффициенті мол (40—50%) болуға тиіс. Қабырға және төбеге ашық түс қолдану ас үйді кеңейтіп көрсетуге, сондай-ақ бөлмеге жарықтық жақсы түсуіне мүмкіндік береді.Ас үй мебелі — тұрақты және жылжымалы болып бөлінеді.Жылжымалы мебель құрамына тамақ ішетін стол, орындықтар, қосымша шағын шкафтар қосылады.Ас үйдің тұрақты мебелі еденге қойылатын, ыдыс жуатын, қабырғаға ілінетін шкаф тарлан тұрады.Тұрақты мебель жиынтығына сондай-ақ, плита, ыдыс жуғыш, тоңазытқыш, ауа тазартқыш, электр шамы,сағат, таймер т. Б. Енеді. Еденге қойылатын шкафтар қолданылуына және құрылысына қарай шкаф-стол, ыдыс жуатын шкаф, тоңазытқыш астына қойылатын шкаф, шаруашылық шкаф-колонкасы т. Б. Шкафтар деп бөлінеді. Қабырғаға ілінетін шкафтарға ыдыс-аяқ және азық-түлік шкафы, ыдыс кептіретін және сирек пайдаланатын заттар сақталатын антресоль шкафы жатады.

Ас үй жабдықтары мен мебель жұмыс түріне ғана емес, сонымен бірге әйелдің бойына да сәйкес келуі тиіс. Орта бойлы әйелдер (158—160 ем) үшін жұмыс істейтін тақтаның биіктігі 85 ем, ені 60 ем болғаны қолайлы. Қабырғаға ілінетін шкафтардың ені 30 см-ден аспауы керек. Жұмыс істеу орны мен қабырғаға ілінетін кез келген элементтің (шкаф, электр шамы) төменгі жағының арасындағы қашықтық 45 см-ден кем болмауы тиіс. Қабырғаға ілінетін шкафтардың үстіңгі сөресін еденнен 190 см-ден биік ілуге болмайды. Ас үй жабдықтарының ең дұрыс биіктігі 210 ем, одан биікке сирек қолданылатын заттар сақталынатын шкафтарды ғана орналастыру керек. Еденге қойылатын биіктігі 85 ем шкаф-столдар азық-түліктер өңдеуге, салқын тағамдар әзірлеуге; шкаф-столдардың төменгі бөлімдері үлкен ыдыстарды, ас үй машиналары мен аппараттарын, асханалық аспаптар мен ассулықтар сақтауға арналған.Шкаф-столдар,жылжымалы пластмасса жәшік-термен,бөлгіш тақтайлармен,алмалы-салмалы сөрелермен жабдықталған.От-ырып жұмыс істеу үшін шкаф-столдардың еденнен биіктігі 65см суырмалы тақтайы болады.Ыдыс жуғыш та сыртынан шкафпен қаралады; мұндай шкафтың төменгі бөлігіне, есігінің ішкі жағынан қалдықтарға арналған қақпағы автоматты түрде ашылып-жабылатын контейнер орнатуға болады. Шкафтың ауа бүйір қабырғаларына ыдыс тазалауға және ыдыс жууға арналған заттар қойылатын сымнан жасалынған ілгіштер бекітіледі. Биіктігі 210 немесе 240см шкаф-колонка консервіленген және бөлме температурасын да сақталынатын құрғақ азық-түлік және ас үй машиналары мен аппараттар-ын сақтауға арналған.Бұл шкафтың үстіңгі бөлігі алмалы-салмалы сөрелер-  мен,астыңғы бөлігі жылжымалы тор жәшіктермен жабдықталған.Тоңазыт-    қыш астына қойылатын шкаф көкөністер мен жеміс-жидектер сақтауға арнал ған;оның да жылжымалы тор жәшіктері болады.Еденге қойылатын шкафтар мықты да төзімді болуы керек және жылжытуға ыңғайлы болуы үшін артқы аяқтарына дөңгелек орнатылады. Қабырғаға ілінетін шкафтар құрғақ азық-түлік салынатың ыдыстар мен дәмдеуіш қоспалар сақталатын алмалы-салмалы сөрелермен жабдықталған. Ыдыс жуғыштың үстіне ілінетін қабырға шкафы ыдыс келтіруге арналған. Оның да сөрелері, пластикаланған сымнан жасалынған тұғырлары, табақша қойылатын ұялары бар. Ас үй мебелінің құрамына (сатып алушының қалауы бойынша) ыдыс жуғыш, ауа тазартқыш, белгілі бір жұмыс орнына жарық беруге арналған,қабырғаға орнатылған эл-      ектр шамы,электромеханикалық сағат,таймер және қалдықтар салынатын       контейнер енгізіледі.Ауа тазартқыш көбінесе қабырғаға ілінетін шкафпен бірге құрастырылады да, газ немесе электр плиткасының үстіне бекітіледі. Люминесцентті лампасы немесе қалпағы бар қабырға электр шайы қабырғаға немесе шкафтың астына қондырылады (Жарық беру мақаласын қараңыз). Әсем панельге бекітілген сағат пен таймер де ас үй мебелінің құрамына енеді. Оны қабырғаға қыстырылатын шкафтың астына, ас әзірлейтін столдың үстіне қондырған ыңғайлы. Ас үй мебелін әсемдеуге полимерлі әсемдеу материалдары — өрнекті қағаз қабатты пластик, текстуралы пленкалар, эмальдар мен лактар кең қолданылады. Еденге қойылатын шкаф-столдардың жұмыс істеуге арналған беті, алдыңғы жағы, олардың үстіңгі беті мен аяқтарын бекіткен кергіш жиектері өрнекті қағаз қабатты пластиктермен қайт алады. Алдыңғы жақтарының, сондай-ақ текстуралы пленкалармен — түрлі түсті суретті немесе нақты ағаш сияқты материалдармен де қайталаушы бар. Столдың бет жақ фурнитурасы үшін түсті металдардың қорыгпасы, пластмасса, ағаш қолданылады. Көкөніс және құрғақ азық-түліктер салуға арналған ыдыстар, сөрелер мен штангалар, жабдықтардың т. Б. Бөлшектері тез сына қоймайтын полистиролдан жасалынады. Ас үй мебелін әсемдеу үшін қанықтығы 40%- тен аспайтын, жалтырау коэффициенті 20— 50% ашық түс ұсынылады. Ас үйі асхана ретінде пайдаланылатын пәтерлерде беттің көлемі 60X110 немесе 80X120 стол мен бірнеше орындық болғаны дұрыс. Қолдан жасалынатын тақтай орындықтар (табуретка) пайдаланудың қажеті жоқ. Оған отыру, біріншіден, ыңғайсыз, екіншіден қатты шаршатады. Тар жерде аз орын алатындықтан, шағын ас үйлерде жайылмалы немесе қайырмалы столдар пайдаланған жөн.                   

 

1-сурет

 

1.3.Ас үй жиһазының  стильдері мен жіктелуі

 

Жиһаздың стилі деп тұрмыстық заттардың архитектурасында, өнерінде және безендіруінде көркемдік мәнерлік тәсілдері мен құралдарының тұрақты, тарихи қалыптасқан жүйесі түсініледі. Стиль халықтың белгілі тарихи кезеңдегі дәстүрлерін, әлеуметтік-экономикалық өмірінің ерекшеліктерін бейнеленетін көркем мәдениетінің өзіндік сипаттамаларымен іске асатын қоғам дамуының ауқымды этаптарын қамтиды. Қоғам дамуының әрбір кезеңінің стилі өзіндік ерекшеліктерге ие. Тарихи категория ретінде стильде заттың мазмұны мен тұрпатының байланысы және өзара-себептілігі көрініс табады. 

Стильдің ерекшеліктеріжиһаздың тұрпатында, пропорцияларында, сыртқы безендірілуінде және әрлеуінде жарқын көрініс табады. Стиль ерекшеліктері мен ұйқаспайтын жиһаз сұранысқа ие болмайды. Жиһаздың тұрпаты және безендірілуі архитектура стильдерін де, бірақ тек кіші тұрпаттарда ғана, өзіне алады.

Архитектурадағыдай жиһазда да стильдер үлкен өзгерістерге ұшырады. Жиһаз әртүрлі стильді болып келеді: романдық, готикалық, реннесанс, барокко, рококко, ампир, бидемайер.

Роман стиліндегі жиһаз (ХІ-ХІІ ғғ.) ауыр салмақты, мығым, жинақталған тұрпатты, жазық бедерлі терең оюлы болып келеді. Оны еменнен және шыршадан жасаған, сомдалкан металдан жасалған жапсырмалар қатайтылған. Негізінен олар – орындық, стул, керуеттер және сандықтар.

Готикалық стильдегі жиһаз (ХІV ғ. соңы – ХV ғ. басы). Ортағасырлық стилшьдегі жиһаз сымбаттылығымен және тұрпатының оқтәрізділігімен сипатталады. Оны қырлы бөренелерден жасап, металлмен сомдаған, алтын мен және оюмен безендірген. Ақсүйектерге арналған стул және креслолардың арқа сүйегіші биік болған және өсімдік түріндегі ою-өрнекпен безендірілген.

Қайта өрлеу кезеңінің жиһазы (ренессанс ХVІ-ХVІІ ғғ.) қатаң пропорцияларымен, көлемді оюлармен безендіруімен, ағашты бояумен ерекшеленеді. Негізгі материал – терек, талшын, ашық түсті жаңғақ, вяз ағаштары.

Күрделі құрылымдағы – шкаф, стол, сандық, орындық, буфет және т.б. сол сияқты заттар пайда болады.

  • Барокко стиліндегі (ХVІ ғ. екінші жартысы) жиһазда ренесанс стиліндегі жиһаз үлгісі де одан әрі дамыды. Алайда барокко жиһазы безендіргіштерінің, оюларының, мүсіндерімен, алтын жалатуымен және көркем суретімен ерекшеленеді. Бұл кезеңде суырма жәшіктері бар жазу столдары, екі есіктері шкафтар жасала бастады. Жиһаз үшін жаңғақ және қара тал ақаштарын қолданады.
  • Рококо стиліндегі жиһаз (ХVІІІ ғ.) симметрияның жоқтығымен, сазды желілерімен және ағашты жасыратын бақалшақтар, гүлдер, пальмалар түріндегі безендіргіштердің көптігімен смпатталады. Оны алтын және қола жалатумен, лактеумен әрлеген. Бұл кезде мата мен тігілген заттарды шығару басталады.
  • Людовик ХVІ (ХVІІ ғ.соңы) кезеңінің жиһазы құрылымының қажеттілігіне сәйкес келуімен ерекшеленеді. Оюдың орнына қымбат бакалы ағашпен инкрустациялау және бояумен көркемдетіп сызу пайдаланылады.
  • Ампир стилі (ХІХ ғ. соңы) антикалық рим архитектурасына, оның ерекшеліктері болып табылатын бағаналарына, пилястраларына, ернеулеріне, фриздарына оралу болды. Жиһазды қала жапсырмаларымен безендірді, тірек бөліктерін сфинкс, арыстан аяқтары түрінде жасады.
  • Модерн стиліндегі жиһаз (ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басы) ассиметриялығымен, майысқандығымен, өсімдік өрнекгі кең қолданғанымен және шашын жайған әйел маскаларын кең қолданумен ерекшеленеді. Майысқалы жиһазды және салон гарнитурасын бүк ағашымен жасайды.

Жиһазды қолданысына қарай, жасау материалына, эксплуатациялық, функционалдық ерекшеліктеріне, ықшамдалуына, өндіру сипатына және тәсіліне, жұмсақ элементтерінің деформациялану мөлшеріне, сондай-ақ құрылма-технологиялық сипаттары мен заттың түріне қарай жіктейді. Қолданысына қарай жиһаз тұрмыстық, конторлық (офистік), клубтық-театралдық, қоғамдық асханалық, саябақтық, санаторий прфилакторийлық, дачалық болып бөлінеді.

Фукционалдық сипаттары бойынша жзиһаз отыру үшін, жату үшін, жұмыс істеу үшін, ыдыс, кітап, киім-кешек т.б. заттарды сақтау үшін, тағы да басқалар болып бөлінеді. Ықшамдалуы бойынша жиһаз даналық, құрама-кешенді болып бөлінеді. Өндіріс сипаттарына қарай – эксперименталдық, сериялық, жалпыға арналған, өндіріс тәсіліне қарай – столярлық, майсықан, өрілген және пресстелген, құйылған болып келеді. Жұмсақ элементтерінің болуына және деформациялануына, икемделуіне байланысты жиһаз жұмсақ және қатты болып бөлінеді. Құрылма-технологиялық сипаттары бойынша жиһаз – қоса құрылған, қозғалмалы, трансформацияланатын, универсалдық-құрама, корпустық, шашылатын, шашылмайтын жиналатын, секциялық, стеллаждық, құрастырылған болып бөлінеді.

Ағаш жиһаз

Жасау тәсілі бойынша ағаш жиһазы столярлық, майысқан,  өрілген болып бөлінеді. Столярлық жиһаз. Отыруға арналған решеткалық жиһаз – столдар мен жұмыс креслолары. Олар каркасының және арқа сүйекгішінің құрылмасы бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Корпустық жиһаз: шкафтар, тумбалар және секциялары, жазу  және туалет столдары, трюмо, трельяждар, астық және журнал столдары. Жұмсақ жиһаз жұмсақ орындық және арқа сүйегіш орнатылған каркастан тұрады. Оған жамбастықтар тіркеледі. Жұмсақ жиһаз түрлеріне отыру және жатуға арналған дивандар, керует-дивандар, демалуға арналған креслолар, кереует-креслолар, тахталар, кушеткалар, банкеткалар, матрасты кереуеттер жатады.

Гарнитуралар – жиһаз заттарының жинағы. Олар бірінғай безендірілген және ұйықтау, астық, жұмыс бөлмелеріне арналған болып жасалады. Тамақтану бөлмесіне арналған жиһаз табуреткалардан, шкафтардан, столдар және полкалардан тұрады. Майысқақ жиһаз тек қана майысқан заттардан құралған, майысқан және жалпақ элементтері қоса желімделген аралас құрылмалы болады. Оларға негізінен орындық креслалар, табуреттер, гүл қондырғыштар жатады. Балаларға арналған жиһаз өзінің ықшам ауқымымен, қарапайымқұрылыммен, және ерекше түстілігімен және тақырыпты әрленуімен ерекшеленеді.

Металдан жасалған жиһаз

Металдан жасалған жиһаздарға металл кереует, негізгі қаңқасы металдан жасалған жиһаздарға – бүктемелі кереует, орындық, кресло, диван, стол және т.б. жатады.

Металлды кереует – қос, бір жарым, дара және балалар кереуеті болып бөлінеді.

Қос және бір жарым кереуеттің ұзындығы бірдей (1900 мм) және ендері әр түрлі, ол 700-1200 мм аралығында орналасады; балалар кереуетті – ұзындығы 1000 1600, және ені 550-700 мм-ге дейін. Құрылысына байланысты кереуеттер панцирлік және ромб тәрізді торлы болып бөлінеді. Ромб тәрізді торды рамаға спиралды созылу серіппе арқылы керілген. Панцирлік тор – домалақ спираль мен тоқылған – рамамен қосықан кезде оның төсемі бүйір жағынан вертикалды салбырап тұру қажет биіктігі 30-40 мм. Бұдан басқа панцирлік тор ортасы және шетті күшейту секциялары бар. Бұндай торды тарту үшін болтпен жасайды.

Металлдан жасалған кереует екі арқалықтан және тордан, немесе екі арқалықтан және арқалықты қосатын екі царгтан  тұрады. Соңғысында тор жоқ, ал олардың бұрыш царгтарына матрац орналастырады, кереуеттің арқалықтарын болат  немесе дюралюминий құбырынан жасайды.

Кейде кереуеттік арқалығына ағаш кедергі қолданады. Аяқтары металлдан, пластмасстан, резенкеден жасалған тіреу немесе роликпен аяқталады.

Жиһаздың негізгі қаңқасын шегендеумен қосады. Ағаш бөлшектер негізгі қаңқасына көрінбейтін бүркеншегімен қосылады.

Жиһаз өндіру материалдары

Қажеттілігі бойынша материалдар каркас үшін, жайылма, қаптама, әрлеу, серпімділі және майысқан, тіркеме, желімдеу, фурнитура болып ерекшеленеді. Табиғаты бойынша – ағаш, металл, тоқыма-мата, полимерлік, шиша талшықты болады. Ағаш материалдарынан өндірісте көп қолданылатындар тақтай және бөренелер, шпон және желімделген фанера, майыстырған желімделген детальдар, плиталар, жиһаз пластикалы, ұшталған ағаштан жасалған детальдар.

Металл материалдары – металл құбырлар, сымдар, бұрыштық болаттар, алюминий қоспа ерітінділерінен жасалатын погонажды элементтер, серпілдемелер, шегелер, бұрандалар, бұрамалар және фурнитура. Құбырлар, сымдар және бұрыштық болат жиһаз каркасын жасауда қолданылады. Жайылғыш материалдар ретінде талшықты өсімдік және жануарлар тектес материалдар, гуммирланған және полимерлі материалдар қолданылады. Жайылма материалдары жзиһаздың жатуға және отыруға арналған кейбір элементтеріне майысқақтық және сепімділік береді. Өсімдік тектес материалдар – мақта, теңіз шөбі, чий – талшығы. Жануар тектес материалдар – жылқы шашы. Гумирленген шаш (велафлекс) өсімдк тектес және синтетикалық талшықтардың қалдықтарынан жасалады. Полимерлі жайма материалдар-поролон, латекс, пепополивинилхлорид, майысқан винипар. Әрлеу материалдарды екіге бөлінеді. Біріншісі – жиһаз өңін қаптаманы жағуға дайындауға қажеттері, екіншісі – жиһазды толық әрлеуге арналған материалдар. Олар мөлдір және мөлдір емес болып та бөлінеді. Желімдеуіш заттар үзілмейтін құрылмаларды алу үшін, жеке детальдарда қосу үшін пайдаланылады. Фурнитураға жеке заттармен элементтердің бөлшектері жатады. Оларды жиһазды қолдану ыңғайлылығы үшін пайдаланады. Фурнитура - өңдік және ішкі болып бөлінеді. Өңдік және ішкі болып бөлінеді. Өңдік фурнитураның сәні мен дизайнына ерекше көңіл бөлінеді (ұстағыштар, кілт салғыштар т.б.)

2 сурет

1.4.Ас үй жиһазын  жобалау және құрастыру ерекшелігі

Жиһазды құрастыру бірнеше ізбе-із операциялардан тұрады: материалдарды дайындау және деталбдар мен әзірлемелерді өңдеу, беттерді жылтырату, әрлеу, жиһазды жинау және өңдік фурнитураны қондыру. Детальдар столярдық байланыс арқылы, болттармен, бұрандармен, тартпалармен байланыстырылады. Байланыстар үзілмелі және үзілмейтін болады. Үзілмелі байланыстар қатты және шарнирлі болып бөлінеді. Үзілмейтін байланыстар – желімдеумен немесе шегелеумен іске асады. Бұрыштық байланыстар – тесіп өтетін, тесіп өтпейтін, жалпақ жасырын. Майысқан жиһаз үшін бұран, тартпа, бұрыштық арқылы іске асырылатын тігіссіз байланыс қолданады. Металлдық байланыстар да кең қолданылады – бұрандалар, тартпалар.  Жатуға және отыруға арналған жиһаз жасауда каркасты жасау мен бірмезгілде жұмсақ элементтерге қажетті материалдарды дайындауы. Олар – серпімдеме, жабу және өңдеу маталары, жайма материалдар. Майысқақ негізді каркасқа тіркеген соң серпілдемелерге жайма материал қапталып, жабу матасы тігіледі. Паролон және латекс қолдануда жұмыс едәуір жеңілденеді. Майыспа жиһаз жасау ерекшілігі онда қисық сызықты материалдар және күрделі контурлы элементтер қолданылады. Олар таяқшалармен майыстыру әдісі арқылы жасалады.

3 сурет

1.5.Жиһаз өндірісіне қойылатын  талаптар

Біздің ортамыздың дамуының басты бір мақсаты – бұл өнеркәсіп өнімдерінің сапасын жақсарту және қазіргі заман талаптарына сай халық тұтынуына лайықты ету. Халық сұранысын қанағаттандыру үшін өнеркәсіп өз тауарларын барынша жаңартып, өнімдерінің түрлерін арттырып, жаңа тауарларды шығаруды ұйымдастырып және де сапасын арттыруы керек. Сонымен қатар техникалық күрделі тұрмыстық құрал-жабдықтар мен тұрмыс машиналарының сенімді және сапалы болуын қадағалауы тиіс. Тауарлардың сапасын жақсартуда және көптүрлілігін арттыруда, бейнелеп – құрастырушы маңызды рөл атқарады. Қорыта келе инженерлер мен бейнелеп құрастырушылар және көптеген мамандардың сонымен қатар жоспарлаушылардың бірлесіп еңбектенуінің арқасында, тұтынушының барлық талаптарын қанағаттандыратын өнім дайындалады.

Бейнелеп құрастыру барлық жағынан өндіріспен және қолданыспен тығыз байланысты болғандықтан көптеген талаптарды ескеруді қажет етеді. Бейнелеп құрастыру барысында болашақ өнімнің көптеген талаптарын ескеруді қажет етеді. Бейнелеп құрастыру барлық жағынан өндіріспен және қолданыспен тығыз байланысты болғандықтан көптеген талаптарды ескеруді қажет етеді. Мұндағы басты талаптар, бір жағынан заттың адаммен байланысы болып табылады. Енді оларды жеке қарастырайық.

Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы. 2