Тұрақты даму концепциясы. 2
Практикалық сабақ 8
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы.
1.«Тұрақты
даму» түсінігінің туындау
«Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақыт мұқтаждығын қанағаттандыратын және келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруды қауіпке қоймайтын даму түрі (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987 ж). Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді. Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жою.
Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз:
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру;
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру;
Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау .
«Тұрақты даму» термині
2.Рим клубы, Медоуздың (Өсу шектері, 1972) және Форрестердің (Әлемдік динамика, Әлемдік экономика 1972), Мессерович пен Пестельдің (Адамзат бұрылыс шегінде) еңбектері.
Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бас тама болған. Рим клубының мүшелері таяу болашақты болжауды және әлемдік қауымдастықты ғаламдық экологиялық-экономикалық қауіптің алдын алу қажеттігін мойындатуды өздеріне мақсат тұтты. Сонымен қатар әлеуметтік экологияның ғылым ретінде қалыптасуы орын алды. Әлеуметтік экология экотехника, экодаму, экологиялық тәрбие, экологиялық сана, экологиялық мәдениет, т.б. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік экология ғаламдық қауіптің алдын алатын ғылым саласы.
1971 ж Американдық ғалым Дж.
Әлемдік динамика кітабында әлемдік дамудың мүмкін нұсқалары туралы есптеу нәтижелері келтірілді.
1972 жылы Рим клубының алғашқы баяндамасы "Өсу шегі" жарияланды. Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің Тұрақты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі, тоқырау мерзімінің жақын қалғандығы, апатты жағдайлардың орын алатындығы көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жа бу басталды.
Бірақ осы еңбектердің ешқайсысында экологиялық – экономикалық компоненттер және биосферадағы көптеген факторлар, әлемнің ала-құлалығы жеткілікті ескерілмеді. Сондықтан Рим клубының М.Месерович пен Э.Пестельдің басшылығымен орындалған келесі еңбегі Адамзат бұрылыс шегінде экономикалық даму мен экологиялық жағдай болжамдарында әлемді экономикалық жағдайына байланысты аймақтарға бөлу арқылы ғаламдық мәселелерінің қарқындылығына қарай шара қолдануды ұсынды.
3.БҰҰ қоршаған
ортаға қатысты бірінші
1992 ж. 3-14 маусым аралығында Рио-де-Женейрода БҰҰ қоршаған орта және даму туралы конференциясы (КОСР—92) өтті. Оған 179 мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері және сарапшылар, сондай-ақ көптеген мемлекеттік емес үйымдардың өкілдері, ғалымдар және кәсіпкерлер қатысты. Конференцияда «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Тұрақты даму үшін адам қамын ойлау, адамның табиғатпен үйлесімдік тауып, салауатты және баянды өмір сүруге құқықтылығын көрсету оның қарастыратын талап-мүдделерінің өзегі болып табылады.
КОСР-92 ашылғанға дейін әлемде үлкен өзгерістер болды. 20 жыл бұрын Стокгольмде аталған ғаламдық қауіпті құбылыстар бірнеше есе күшейді. Адамзат Чернобыль оқиғасын басынан өткізді, Ұлы державалардың әскери текетіресі аяқталды, қарусыздану мен әскери бюджетті қысқартудың нақты мүмкіндігі пайда болды. Тағдырдың тәлкегімен тоталитарлық жүйенің ыдырап, қоғамда сондай тез тарихи бетбұрыс болатынын ешкім болжай алған жоқ.
Жаңа
тарихи жағдайда шекаралардың ашықтығы
қалың буқараның ақпараттануы, әлемдік
демократияның өсуі адамдар мен
елдердің экономикалық теңсіздігінің,
олардың планетамыздың
Сондықтан КОСР-92 ортақ идея ретінде төмендегі айқын жорамалдарды ұсынды:
- тұрақты даму және әділетті әлем жолында, әсіресе дамыған елдер тарапынан ымыра мен құрбандық сөзсіз болады;
-
дамушы елдердің игілікке
-
әлемдік қауымдастық ұзақ
-
осы жолға түсудің сөзсіз
Конференция бірнеше маңызды құжаттар қабылдады. Оның ішінде:
- қоршаған орта және даму жөнінде Рио ресми мәлімдемесі;
-
барлық түрдегі ормандарды
- XXI ғасырдың Күн тәртібі — таяу болашақтың экология-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге әлемдік қауымдастықты әзірлеуге бағытталған құжат;
-
климаттың өзгеруі және
Соның ішінде әсіресе Рамалық конвенция мен XXI ғасырдың Күн тәртібінің маңызы аса зор болды.
Конференция
Климаттың өзгеру мәселесін көтерді
және оны шешу қажеттігін мойындады.
Рамалық конвенция 1994 ж. күшіне енді
және 150 астам елде бекітілді. Конвенцияның
мақсаты — атмосферада парник
газдарының шоғырлануын климаттық
жүйеге қауіпті антропогендік әсер
болдырмайтын, табиғи экожүйелердің
климаттық өзгеруіне
Климаттың өзгеруі ғаламдық мәселе екені даусыз, оның салдары барлық елдерге, әр адамға ортақ. Біздің әрқайсымыз және барлығымыз бұл мәселені тудыруға себепші болдық. Сондықтан мәселені барлығымыз бірігіп шешуіміз керек. Ал ол өз кезегінде ғаламдық күштердің және әлемдік ынтымақтастықты талап етеді.
4.Иоханнесбург 2002 бүкіләлемдік саммиті.
XXI ғасыр күн
тәртібі баяндалған ұсыныстар
БҰҰ халықты орналастыру,
Орнықты даму планетаның барлық тұрғындарының өмір сапасын арттыруды, табиғи ресурстарды пайдалану көлемін Жердің экологиялық жүйе ретіндегі мүмкіншіліктерінен аспайтын шектен арттырмауды болжайды. Орнықты даму өмір салтын қалыптастыру бойынша күш салу үш басты саладағы қызметке кещенді әдісті қоладануды болжайды:
Экономикалық өсім және әділеттілік – ұзақ мерзімді экономиклық өсімді ынталандыруда кешенді әдістерді қолдану.
Табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау – ресурстарды тұтынудың азайту проблемаларын экономикалық тұрғыда қабылданатын шешімдерін іздеу, қоршаған ортаны ластауды тоқтату және өмір сүру ортасын сақтау.
Әлеуметтік даму – адамдарды жұмыс орындары, азық-түлік, білім, энергия, медициналық көмек, су, және санитария қажеттіктерін қанағаттандыру; бай мәдени және әлеуметтік әрікелкілікке деген ұқыпты қарау және еңбеккерлер құқықтарын сақтау; қоғамның барлық мүшелерінің олардың одан арғы тағдырына әсер ететін шешімдердің қабылдануына қатысу мүмкіншілігімен қамтамасыз ету.
5.Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг, Дания 1994). Қала тұрғысында даму
Орнықты даму принциптерін іске асырудың орталықтары ретіндегі қалалардың маңыздылығы 1994 жылы Алборгте өткен Ірі және кіші қалалардың орнықты дамуы бойынша Еуропалық конференцияда атап өтілді, онда «Орнықты даму үшін Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы)» қабылданды. Бұл құжатта «әрбір қала басқа қалаға ұқсас емес болғандықтан, біз бәріміз орнықты дамуға апаратын өз жолымызды табуымыз керек. Жергілікті саясаттың барлық бағыттарында орнықтылықтың принциптеріне негізделген жөн және әрбір нақты қаланың күшті жақтарына сүйене отырып жергілікті орнықты даму стратегияларын әзірлеу керек» делінген [3]. 1994 жылғы маусымда өткізілген Екінші «Қалалар және орнықты даму» проблематикасы бойынша әлемдік самитте (Манчестер, Ұлыбритания) көлік, кедейшілікті жеңу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қаржы және ресурстарды бөлу міндеттерімен байланысты қалалардың орнықты даму бағыттары талқыланды. Әлем қауымдастығының берілген проблематикаға назар аударуының нәтижесі БҰҰ елді мекендер орталығы қолдайтын «Қалалардың орнықты дамуы» арнайы бағдарламасының пайда болуы болып табылады. Бұл бағдарламада әлемнің 80 астам елдері қатысады.
БҰҰ анықтамасы бойынша «орнықты қала, онда қоғамдық, экономикалық және физикалық дамудағы жетістіктер тұрақты болып табылады. Орнықты қала, орнықты дамуы тәуелді болатын табиғи қазбалармен тұрақты қамтамасыз етілген. Орнықты қала тұрғындарының қауіпсіздігін, соның ішінде табиғи аппаттардан да ұзақ мерзім бойында сақтайды.». Басқа сөздермен айтқанда, қаланың орнықты дамуы оның халқының қауіпсіздігін және жоғарғы өмір сапасын қамтамасыз етеді.
Орнықты даму стратегиясы аясында қалалық деңгейде әртүрі қызмет салаларындағы, жекелеген аудандарғы проблемалар шешіледі.
Орнықты даму бағдарымен жүріп келе жатқан әлемнің барлық қалаларында онда миссия және/немесе қаланың көруі, орта немесе ұзақ мерзімді перспективаға анықталатын қаланың тіршілігінің барлық негізгі салаларын дамытудың жалпы тұжырымдамасы айқындалатын стратегияларды (стратегиялық жоспарларды) әзірлеу тәжірибесі қабылданған. Мұнымен бірге, қаланың жалпы жағдайының ерекшелігі ескеріледі.
Орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың мысалдары:
- «Оттава - 2020» Өсуді басқару стратегиясы
- 2. Канберра – 30 жылға арналған қаланы дамыту жоспары, үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады – Әлеуметтік жоспар, Аумақтық жоспар және Экономикалық даму жоспары
- 3.2006 жылға дейінгі Праганы дамытудың стратегиялық жоспары
- 4. Мельбурнды 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары
- 5. Софияның 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы.
- Әлемнің кейбір қалаларындағы онықты дамуды қамтамсыз ету бойынша жобаларды іске асыру мысалдары .
6.Тұрақты даму факторлары немесе аспектілері:
- Халық және тұрақтылық;
- Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту;
- Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация);
- Атмосфераны қорғау;
- Ормандарды жоюмен күрес;
- Шөлдену мен құрғақшылықпен күрес;
- Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану;
- Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану;
- Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру;
- Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою;
- Радиоактивті қалдықтарды жою;
- Балалар мен жасатардың тұрақты дамудағы ролі;
- Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру
- Экологиялық (өркениет дамуының шекаралық ауқымы),
- Экономикалық (нарықтық жүйенің қалыптасуы),
- Әлеуметтік (ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография) Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Бұл мәселелерді кешенді
БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.
Қазақстан Республикасының
Республика Президенті Н.Ә.
Қазіргі уақытта экологиялық,
экономикалық, әлеуметтік мәселелерді
интеграциялау саласындағы
- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
-
суды тиімді пайдаланудың
-
жерді пайдалану, ауыл
8. Киото Хаттамасы (Жапония)
1997 ж желтоқсанда Жапонияның
Киото қаласында әлемдік
Олардың негізінен дамыған елдердің атмосфераға шығарылатын парник газдарының шамасын 2000 жылдан 1990 жылғы деңгейіне дейін қысқарту туралы өз еріктерімен, заңмен міндеттелмейтін мәлімдемелері алынды. Бұл келісімнің берік экологиялық және экономикалық негізі болуы үшін үш негізгі міндеттер белгіленді:
1.
Қатысушы елдер үшін парник
газдарын шығаруды қысқартудың
нақты мерзімі мен
2.
«Міндетті сызбалар мен
3.
Дамушы елдердің байыпты
Киото хаттамасының міндетін орындау мысалын қарастырайық. Ол үшін АҚШ шығарады деп күтілген парник газдарының мәліметін пайдаланамыз. АҚШ-та базалық (1990 жылы) парник газдарын шығаруды 5,842 млрд т болды. 2010ж. болжам 7,241 млрд т. Киотода қабылданған міндетіне сәйкес АҚШ 2008-2012 жылдары парник газдарын шығару шамасын базалық жылдығының 93% жеткізеді, яғни жыл сайынғы парник газдарын шығару шамасы 5,433 млрд т (5,842 х 0,93) болады. 5 жылда АҚШ шығаратын парник газдары күтілген 36 млрд т орнына 27 млрд т (5,433 х 5) тең.
Сонымен, бірінші міндеттің орындалуы төмендегідей.
Атмосфераға шығарылатын эмиссия көлемін қысқартудың қатаң мерзімінің орнына АҚШ ұсынған ұзақ мерзімдік тұжырым алынды. Ұзақ мерзімдік график мемлекеттерге белгіленген көрсеткіштерді орындауға икемді мүмкіндік береді. Әр жылға емес бес жылға орташа көрсеткіш белгілеу, әсіресе экономикалық даму болашағы белгісіз екенін ескерсек, шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қатысушы елдер белгілі көрсеткіштерге 2008-2012 жылдары жетуі тиіс. Бұл оларға шығындарының тиімділігін арттыра отырып жаңа технологияларды біртіндеп қолданысқа енгізуге, сөйтіп компанияларға және жұмысшыларға ауырпашылығын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Басты өнеркәсіпті дамыған елдерге парник газдарын шығаруды базалық жылдарға (1990ж, 1995ж) қарағанда қысқартудың 6-дан 8%-ға дейін сараланған деңгейлері белгіленді. Кейбір әрекеттерді, мысалы, көміртек қос тотығын сіңіретін ағаш отырғызуды, яғни «табиғи тұтқыштарды» құруды шығарылымдарды қысқарту есебіне жатқызу туралы ұсыныс қабылданды. Бұл мәселені шешудің экономикалық әдістерін қолдануға жол бере отырып, пайдалы іс-әрекеттерді – ағаш отырғызуды ынталандырады.
Екінші міндеттің орындалуы келесідей көрініс табады. Киото хаттамасында нарықтық механизмнің негізгі элементі – компаниялар және елдер енді парник газдарын шығаруға квотасын бір-біріне сату және сатып алу мүмкіндігін алды. Яғни, квота – бағасы бар тауар. Квотаны сату және сатып алуды есептеу механизмі банк жүйесінде ақшаны есептеумен бірдей. Артық ақшасы бар банк оны басқа банкке өзі сатып алғаннан жоғарырақ өсіммен сатады. Алған табыстарын банк өз қажетіне жұмсайды. Оған керісінше, сатып алушы банк қарызын қайтару үшін қаржы алады. Нәтижесінде, банкаралық операцияларға қарамастан банк қаражатының жалпы шамасы өзгіріссіз қалады.
Енді квота сату мен сатып алу мысалын қарастырайық. Үш елді: А, В және С алайық. Хаттамамен белгіленген шығарылымдар лимиті жылына 150, 100 және 200 млн т.
Айталық
А елі 20 млн т парник газын сатады
және басқа бір себептермен 10 млн
т сатып алады. Нәтижесінде, А
елінің жол берілетін шығарылымы
жылына 140 млн т (150 – 20 + 10) болады. В
және С елдерінің жол берілетін
шығарылымдары да осылай есептеледі.
Сонымен, алғашқы үш елге лимит шамасы
450 млн т өзгеріссіз қалады. Бірақ
әр ел үшін жол берілетін шығарылымдар
алғашқы бөлінетін газ
Киото хаттамасының үшінші міндеті дамушы елдердің қатысуына байланысты.
1992жылдың маусым
айында Рио-де-Жанейро
Кедейлікпен күрес Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.
Тұтынудың құрылымын өзгерту Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----
Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:
- СПИД-пен күреске жұмылдыру;
- туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;
- бала өлімін кеміту;
- халық денсаулығын
бақылайтын тиімді ұйымдар
- еркектер
мен әйелдердің өздерінің
- халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;
- балалардың денсаулығын қорғау;
- қоршаған
ортаны денсаулыққа зиян
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) 2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.
Атмосфераны қорғау. Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану.Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.
Ормандарды жоюмен күрес.Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес .Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану.Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:
- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;
- өнеркәсіптік,
тұрмыстық шайынды суларды
- барлық ауылдық
аудандардың тұрғындарын
экологиялық қауіпсіз сумен
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.
Радиоактивті қалдықтарды жоюРадиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі.Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру.Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

- Тұрақты даму концепциясы. Қазіргі кездегі экологиялық проблемалар және тұрақты даму
- Тұрақты даму концепциясын талдауда В.И.Вернадскийдің негізін қалаушылық рөлі
- Тұрақты даму стратегиясы
- Тұрақты даму түсінігі
- Тұрақты есте сақтау құрылғыларының интегралды микросхемалары
- Тұрақты және айнымалы ток тахогенераторы
- Тұрақты өндіріс және тұтыну
- Тұңғйықтар тұқымдасы - кувшинковые (Nympheaceae Salisb)
- Тұрақтандырылған мұнай
- Тұрақты даму
- Тұрақты даму бойынша Стокгольм конференциясы
- Тұрақты даму деңгейлері – жергілікті, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, әлемдік деңгейлер
- Тұрақты даму концепсиясы
- Тұрақты даму концепциясы