Тұрақты даму стратегиясы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универститеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Тұрақты даму стратегиясы
Орындаған: Қалдасов А
Тексерген: Мұқанова Г.А
Алматы 2014
Жоспар:
1.Тұрақты дамудың деңгейлері
2.Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар
3.халықаралық экологиялық ынтымақтастық және Қазақстандағы экологиялық даму стратегиясын қалыптастыру.
Негізгі түсініктер: Тұрақты даму деңгейлері, экологиялық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар, экологиялық мәселелер, экологиялық дағдарыстар.
Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.
Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар.
Әлемдік экологиялық
проблемалардың негізі –
Адамзат баласының
экологиялық проблемаларды
1. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында адамзат баласының қолы тимеген және экологиялық тепе – теңдікті ұстап тұруға себебін тигізетін табиғи жүйелерді сақтау;
2. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде табиғи ортаның ассимиляциялық потенциалын қорғау;
1
3. Халықаралық экологиялық
жауапкершіліктің тиімді жүйелерін жасау
(соның ішінде, әскери қимылдар кезінде
қоршаған ортаны бүлдіргендегі жауапкершілік).
Аталған бағыттарды
іс жүзінде асыру, біршама шамаларды
қарастырады, олардың ішінде атап
көрсетсек, экономикасы дамыған
елдердің артта қалған
1. Парламента ралық ынтымақтастық,мемлекет
арасындағы экологиялық проблемаларды
шешуді қамтамасыз жасауға бағытталған,
бұнда заңдылық қызметін үйлестіреді.
Осында экологиялық заңдар модельдерін
жасау қарастырылған, бірақ ұсыныс ретінде.
2. Жекеленген мемлекеттердің атқарушы құрылымдарын, өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру, БҰҰ қамқорлығымен жүзеге асатын экологиялық бағдарламалар бағытын реттеп отырады.
3. Конвенциял ық (арнаулы
мәселе жөніндегі халықаралық шарт) жекеленген
территориялармен обьектілердің нақты
экологиялық проблемасын шешуге біркелкі
тәсілдер.
4. Ғылыми – техникалық ынтымақтастық ғылыми сипатта өзара мәліметтер алмасуға бағытталған. Бұнда бірігіп орындау қажет: табиғат қорғау зерттеулерін, кешенді түрде жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану, ғылыми жобалар мен сараптама жүргізуді.
Жоғарыдағы келтірілген
негізгі халықаралық
Екі жақты
және көп жақты келісімдер
мен халықаралық конвенциялар
әртүрлі елдердің табиғат
мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.
1987жылы БҰҰ-ның
Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).
1992жылдың маусым
Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция
- климаттың өзгеруінің
алдын алу, ормандарды қорғау
мен биологиялық алуантүрлілікті
сақтау мәселелері бойынша қабылданды.
Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.
БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:
- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.
Мәселе |
Мәселенің қысқаша мәні |
1 |
2 |
Кедейлікпен күрес |
Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу. |
Тұтынудың құрылымын өзгерту |
Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.----- |
Халық және тұрақтылық |
1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді. |
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту |
Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер: - СПИД-пен күреске жұмылдыру; - туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес; - бала өлімін кеміту; - халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру; - еркектер мен әйелдердің
өздерінің балалрының саны мен
туылу уақытын анықтауға - халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету; - балалардың денсаулығын қорғау; - қоршаған ортаны денсаулыққа
зиян қалдықтардан тазарту |
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) |
2000жылға қарай дүниежүзінің
халқының жартысы қалаларда |
Атмосфераны қорғау |
Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру. |
Жер ресурстарын тиімді пайдалану |
Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б. |
Ормандарды жоюмен күрес |
Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек. |
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес |
Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады. |
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану |
Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді. |
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану |
Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс: - қалалардың әрбір тұрғынын
бір адамға шаққанда ең - өнеркәсіптік, тұрмыстық
шайынды суларды - барлық ауылдық аудандардың |
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру |
Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астамхимиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ. |
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. |
Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін. |
Радиоактивті қалдықтарды жою |
Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі. |
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі |
Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет. |
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру |
Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты. |
Негізгі халықаралық ынтымақтастықтар қоғамдық ұйымдардың, іскер адамдардың, мемлекетаралық әртүрлі форумдар өткізулермен іске асып жалғасып отырады. Бұндай кездесулерде әр елдегі экологиялық жағдайын талқыға түсіп, оны шешудің экономикалық проблемасы көтеріледі, содан кейін ғана оны қаржыландыру жөнінде шешім қабылданады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 19-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі,
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдар, облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкімдері:
1) өз қызметтерінде Стратегиялық жоспарды
басшылыққа алсын және оны іске асыру
жөнінде қажетті шараларды қолдансын;
2) қабылданатын мемлекеттік, салалық
және аймақтық бағдарламалардың (жоспарлардың)
Стратегиялық жоспармен үйлесімділігін
қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2002 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігімен келісе отырып аймақтардың 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарларын әзірлеп, тиісті жергілікті өкілді органдардың бекітуіне енгізсін.
4. Қазақстан Республикасының
Дамушы
елдер халықтың өсiмiн төмендету жолдарын
iздестiрiп отырған кезде, туу алмастыру
деңгейiне жуық немесе төмен елдер халық
санының күрт төмендеуін тоқтатудың тәсілін
табуға әрекеттенуде. Адамзат тiршiлiгiнiң
бүкiл тарихында халықтың өсiмi тұралау
мен жұтаудың белгiсi емес, елдiң саулығы
мен әл-ауқатының көрсеткiшi деп есептелдi.
Дегенмен, халықтың өсiмiн әлеуметтiк-экономикалық
даму деңгейiне сәйкес тұрақтандыру көптеген
демографиялық стратегиялардың негiзгi
мақсаты болып саналады.
Әр түрлi елдердің
демографиялық саясатты зерделеуге кiрiсуiнiң
себептерiн былайша топтастыруға болады:
халықтың өсуiн экологиялық
себептерге және "өмiр сапасына" байланысты
себептер бойынша тұрақтандыру;
тууды саяси, экономикалық
және идеологиялық-психологиялық себептер
бойынша ынталандыру;
иммиграция процестерiн
және халықтық әр түрлi, әдетте, этникалық
топтарының әлеуметтiк теңсiздiгiн реттеу
халықтың ел iшiнде қайта бөлiнiп орналасуына
ықпал ету. Егер экологиялық факторлардың
денсаулыққа қалай терең әсер ететiнiн
ескеретiн болсақ, қоршаған ортаны сауықтыру
жөнiндегi iс-әрекеттер бiрiншi кезектегi
мiндеттер қатарына шығарылуға тиiс.
Атмосфераның, таза
судың ластану, радиациялық зарарлану
және сарқынды суларды өңдеу, кенеусiз
тамақ iшу проблемалары халық денсаулығының
жалпы деңгейiне айтарлықтай әсер етедi.
Қазақстандағы атмосфера
мен судың ықтимал ластануының өсуiн барынша
шектеу мақсатында, өнеркәсiптiң барлық
салалары үшiн заңмен бекiтiлген ластанудың
жол берiлетiн шектi нормалары енгiзiлуге
тиiс. Өнеркәсiптiң барлық салаларындағы
кәсiпорындар үшiн концентраттардың жол
берiлетiн шектi нормаларының сақталуына
бақылауды қатайту қажет. Бұл нормаларды
сақтамағаны үшiн оларға қатаң өндiрiп
алу шаралары жүйесiн көздейтiн арнаулы
мониторинг және есеп беру тетiгiн iске
қосу қажет. Осы өндiрiп алынған қаражаттың
бiр бөлiгiн медициналық қызметтер көрсетудi
жақсартуға бағыттаған жөн. Экологиялық
нормалар жүйесiн енгiзу мен олардың сақталуын
қадағалау жөнiндегі барлық шығындар өнеркәсiп
орындарына жүктелуге тиiс.
Қазақстанның барлық
халқы үшiн ауыз су сапасын жақсарту - су
ресурстарымен айналысатын органдардың
негiзгi мiндетi.
Халықтың таза ауыз
суға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету қажет.
Осы мақсаттағы бағыттардың бiрi сумен
жабдықтаудың қазiргi жүйесiн санитариялық
және гигиеналық нормалармен сәйкестендiру
болуға тиiс. Қажет болған жағдайда жаңа
құрылыстар жобалануға тиiс. Сумен қамтамасыз
ету жүйесi халықаралық стандарттарға
сәйкес келтiрiлмейiнше, қазiргi жүйе аурулардың
таралуына ықпал етуiн жалғастыра беретiн
болады.
Елдiң су ресурстары
мониторингi жүйесi енгiзiлуге тиiс.
Егер қайсыбiр елдегi
су қоры халықтың жан басына шаққанда
жылына 1000 текше метрге жетпесе, онда бұл
оның жеткiлiксiздiгiн бiлдiредi, мұның өзi
ел экономикасының дамуына және адамдардың
денсаулығына зиян келтiредi. 1990 жылы судың
жетiспеушiлiгiнен әлемде 20 ел немесе 132
млн. адам зардап шектi. Егер 2025 жылға қарай
дүние жүзiнiң халқы 8 млрд. адамға дейiн
өссе, онда су жетiспеу проблемасы туындайтын
елдердiң саны 30-дан асып кетедi және халықтың
өсу қарқынына қарай бұдан зардап шегетiндердiң
саны 600-900 млн. адамға дейiн жетедi. Осындай
елдердiң қатарына Қазақстанның да енiп
қалуы мүмкiн болатын жағдайды болдырмау
қажет. Табиғи монополиялар субъектiлерiнің
құрылымдық шығынын оңтайландыру, ресурстар
мен энергияны үнемдейтiн технологияны
енгiзуге бағытталған инвестициялық бағдарламаларды
iске асыру, ұсынылатын қызметтердің сапасын
арттыру.
Тауар нарығында үстемдiкке
ие өндiрушiлердiң, тұтынушылардың және
мемлекеттiң экономикалық мүдделерiндегi
тепе-теңдiктi сақтау базасында, табиғи
монополиялар субъектiлерi мен шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң қызметтерiне,
жұмыстарына тарифтердi (бағаларды) қалыптастыруға
арналған құқықтық және нормативтiк-әдiстемелiк
базаны жетiлдiру.
Нарыққа бiрдей қол
жеткiзуге жағдай жасау және отандық өндiрушiлер
шығындарын азайту мақсатында ТМД мен
Кеден одағы шеңберiнде табиғи монополиялар
субъектiлерi көрсететiн қызметтер мен
олардың тауарларына арналған тарифтердi
келiсу. Қазақстан жер ресурстарына бай.
Алдын ала суландырмай-ақ егiн шаруашылығына
жаратуға болатын алқап 39 млн. гектарды
құрайды. Табиғи жайылым алқабы мұнан
да көп, 179 млн. гектардан астам.
Табиғатты тиімді пайдалану. Табиғат қорларын сақтайтын, табиғатты
қорғайтын шаралардың мақсаты - адамзаттың
өмірінің әлеуметтік деңгейін жоғары
көтеру, өмір сүретін ортаны жақсарту.
Табиғатты пайдалану екі мақсатты көздейді.
Бір жағынан табиғатты сақтау, ал екінші
жағынан халықтың әлеуметтік жағдайын
жақсартуды көздейді. Табиғатты тиімді
пайдалану өндірісте және ауылшаруашылықта
табиғи қорларды сақтайтын технологияларға
көшуді талап етеді: 1) алынған табиғи қорларды
толық пайдалану (мысалы мұнай өндірісінде
45 пайыз мұнай; 36 пайыз көмір, көп рудалар,
қазба байлықтар төгіліп тасталады, шашылады,
т.б.) ; 2) өндіріс қалдықтарын қайтадан
пайдалану; 3) таза энергияны қолдану (жел,
күн, т.б.); 4) таза фильтрлер орнату, зиянды
шығымдарды шектетіп, оларды шектеуші
мөлшерден артып кетпеуі. Ал ең негізгісі
қалдықсыз технологияларды қолдану.
Табиғи қорлар экологиялық компоненттері
бірі-бірімен байланысты экожүйенің құрамына
кіретінін естен шығармау керек. Табиғи
қорлардың жағдайы бүкіл экожүйеге әсер
етеді. Мысалы суармалы егіншілікті қолдану
су қоймаларында су ресурстарын азайтып,
балық шаруашылығына, гидроэнергетикаға
әсерін тигізеді. Суару жерасты сулардың
деңгейін, топырақ микроорганизмдерінің
түрлік құрамын өзгертеді. Сондықтан да
қандай да бір табиғи қорлын пайдаланғанда,
оның жалпы экожүйеге, соның ішінде табиғи
қорларға келетін әсерін ескерген қажет.
Елдiң
астық өсiретiн белдеуi бидайдың әлемдiк
нарықта сұраныспен пайдаланылатын қатты
және күштi сортты дәндерiн өндiруге мүмкiндiк
бередi.
Аграрлық өндiрiстiң
көп салалы құрылымы, жоғары ғылыми-зерттеу
және тәжiрибе-экспериментальдық әлеует
қалыптастырылды. Салада ауыл шаруашылығы
өнiмдерiн дайындау, ұқсату және сақтау
жөнiнде жеткiлiктi қуаттар бар. Бiлiктi және
арзан жұмыс күшiнiң болуы аса маңызды
бәсекелестiк артықшылық болып табылады.
Iлгергi жылдарда аграрлық
секторда бағаны ырықтандыру және жер
реформасы жүргiзiлдi, мемлекеттiк және
ұжымдық меншiк жекешелендiрiлдi және ауыл
шаруашылығы кәсiпорындары қайта ұйымдастырылды.
Нәтижесiнде, жерде
шаруашылық жүргiзудiң көпукладты нысаны
құрылды және ауылда нарықтық қатынастар
дамыды. Өндiрiстiң жаңа нарықтық инфрақұрылымы
пайда болып, нығая түстi. Осының бәрi аграрлық
өндiрiстi тиiмдi жүргiзуге жағдай туғызады.
Мемлекеттiк органдар
нарық процесiне және тауар өндiрушiлердiң
шаруашылық қызметiн басқаруға араласуды
тоқтатып, экономикалық субъектiлерге
жанама ықпал ету әдiстерiне көше бастады.
Халық тiршiлiк ететiн негiзгi жерлерде қоршаған
ортаның жай-күйi қанағаттанғысыз болып
отыр және сапалы ауыз судың жетiспеушiлiгi
мен ауаның ластануы халықтың денсаулығына
терiс әсер ететiн негiзгi факторлар болып
табылады. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық
қалдықтардың, ластанған сарқынды сулардың
прогрессивтi жинақталуы бұл факторларды
едәуiр күшейтедi.
Елде Кеңес Одағы кезеңiнде
ескi технологиялармен салынған қуатты
өндiрiстердiң болуы ластанған заттардың
қоршаған ортаға тасталу эмиссиясының
азаймайтынын болжауға негiз қалайды.
Табиғат
қорғау заңдарының негiзi қаланды, қоршаған
ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар
халықаралық конвенцияларға қол қойылды,
табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi
құрылды.
Әскери полигондар
жабылды, ядролық қаруды сынау тоқтатылды,
үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың
қызметi жанданды.
Ластайтын барлық
көздердің мемлекеттiк кадастры және олардың
орналасу карталары жасалды.
Қоршаған ортаны ластағаны
үшiн төлем жасау жүйесi дамуда. Қоршаған
ортаны ластағаны үшiн жасалған төлемдерден
түскен қаражаттың шоғырландырылған көлемі
роялтиден алынған түсiмдермен шамалас
едәуiр соманы құрайды.
Қазақстандағы
су ресурстарының тапшылығы табиғи байлықтарды
игерудi, өндiрiстiк күштердiң дамуын және
тұтастай алғанда экономикалық өсудi тежейтiн
елеулi фактор болып табылады. Осындай
проблемалардың аймақтағы басқа мемлекеттерде
де орын алуы жағдайды ушықтыра түседi.
Қазақстан Еуроазия
құрылығындағы суға неғұрлым тапшы елдердiң
бiрi болып табылады. Жердiң үстiңгi қабатындағы
су ресурстарының барлық көлемiнiң жартысына
жуығы республикадан тысқары жерлерде
қалыптасады, үштен бiрi Қазақстан арқылы
көршi мемлекеттердiң аумағына өтедi. Халықаралық
өзендерге трансшекаралық әсер етудiң
өсе түсуiне орай Қазақстанда жердiң үстiңгi
қабатындағы табиғи су ресурстарының
қысқару үрдiсi байқалады.
Перспективада республиканың
және шектес мемлекеттердiң трансшекаралық
өзендер бассейнiнде, әсiресе су ресурстарын
қалыптастыру және басым пайдалану аймағында
шаруашылық қызметiнiң ұлғаюына орай су
жетiспеу проблемасы күшейетiн болады.
Осы ресурстың Орталық
Азия аймағында тапшылығын ескере отырып,
трансшекаралық су ағынының сапасы мәселесiн
де шешу қажет.
Бiрiншi кезекте, өнеркәсiп
пен ауыл шаруашылық қызметiнiң интенсивтiлiгiне
байланысты су көлемi мөлшерiнiң қысқаруы
және трансшекаралық су ағынының концентратпен
ластануының көбеюi республиканың оңтүстiгiндегi
аграрлық секторға әсер етедi.
Аралдың және Сырдария
мен Амудария бассейндерiндегi өзендердiң
экологиялық проблемалары, iрi халықаралық
гидротораптарды бiрлесiп пайдалану, суландыру
жүйелерiн технологиялық жарақтандыру
мәселелерi өткiр қойылып отыр.
Гидроресурстарды
тұрақты түрде ұтымды пайдалануды қамтамасыз
етудің мемлекетаралық деңгейде нақты
тұжырымдалған тетiгi әлi де жоқ.
Республиканың оңтүстiгi
мен шығыс бөлiгiн нәрлендiретiн өзендер,
негiзiнен елден тыс жерлерден бастау алады,
соның iшiнде Сырдария мен Ертiс тәрiздi
iрi өзендер бiрнеше мемлекеттердiң аумағы
арқылы өтедi және олар үшiн өмiрлiк маңызы
бар экономикалық күретамыр болып табылады.
Өзендер бассейндерiмен байланысты аймақтың
өндiрiстiк және салалық мамандануына қарай,
мемлекеттер үшiн олар маңызды стратегиялық
мәнге ие болады.
Қоғамда экология және табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану саласында
насихат пен оқу-ағарту жұмыстарын жүргiзуге
зор назар аудару.
Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық-насихат
жұмыстарын кеңейту.
Экологиялық бiлiм беру жүйесiн құру.
Оқу құралдарын әзiрлеу және шығару. Эколог-мамандарды
даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру
жүйесiн құру.
Экологиялық бiлiм берудiң және тәрбиелеудiң
нормативтiк құқықтық базасын жасау.
Үкiметтiк емес ұйымдар мен мемлекеттiк
органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы
өзара iс-қимылын күшейту.
Қоғамдық экологиялық қозғалыстардың,
ассоциациялардың, топтардың дамуына
жағдай жасау. Мәселені зерттеушілердің атап өткеніндей,
Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің
арасындағы ұлғайып бара жатқан алшақтық
әлемдік өркениеттің түрақтылығына қауіп
тудырады. Сондықтан Рио-92
декларациясынданашар дамыған елдердің жалпы кешеуілдеуін
тоқтатуға үлкен көңіл бөлінді. Әлем барған
сайын жалпы ғаламдық сипатқа ие болып
отыр. Жоғарыда аталған құжатта орнықты
дамудың мынадай басты алғышарттары аталып
өтеді:
адамдық — «үздіксіз дамудың түйінінде адамдар тұруы қажет»;
экологиялық — «қоршаған ортаны қазіргі және келешек ұрпақтар үшін сақтау міндет»;
экономикалық — «даму, тұтыну үшін мұқтаждық»;
Қазақстан жыл сайын бір адамға шаққанда 50 тонна табиғат затын өндіреді және технологиялық өңдеуден өткізеді. Олардың арасында қалдықтар 95 пайызын құрастырады және Қазақстан жерінде 19 миллиард тонна өнеркәсіптік қалдықтар қалған әр қазақстандыққа 1 тоннадан артық келеді. Әсіресе қауіпті жағдай елдің демографиялық жағдайында қалыптасқан — халықтың едәуір бөлігін экологиялық себептерден туындаған дерттер қамтыған және — осының салдарынан өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші төмендеп келеді. 1990—1995 жылдар арасында ол 68.6-дан 66.1-ге дейін төмендеген»
Егер жоғарыда аталған факторларға Қазақстандағы экологиялық зардап шеккен төтенше аймақтарын (Арал маңы, Семей полигоны, Байқоңыр космодромы аймағы, далалардың шөлденуі ж.т.б.) қоссақ, онда еліміздегі экологиялық жағдайдың аса қауіптілігі күмән туғызбайды. Сонымен қоса патерналистік ұстанымдағы тоталитарлық ділдің қалдықтарын да ескеру керек. Экологиялық апат себебін тек ғылыми-техникалық прогресс пен халық кедейлігінен іздемей, адамдардың санасындағы мәдени-ізгілік құлдырауды да экономикалық - экологиялық қиындықтарды тудыратынын ұмытпаған жөн. «Ноосфера — Жербесік: Орнықты даму» экологиялық аймағында осыған байланысты төмендегідей пікір айтылады: «Көптеген саясаткерлер, әлеуметтанушылар, заңгерлер мен экономистер, психологтар мен реформаларға қатысты сарапшылардың ортасында, елдің ұлттық мүдделері мен басым бағыттарына қайшы келетін мынадай стереотиптер мен мифтер кездеседі:
Қазақстанның табиғи ресурстарының арзан және таусылмайтындығы туралы;
биосфераның экологиялық заңдылықтарын елемесе де болады;
саясаттағы, құқықтағы, экономикадағы және табиғатты пайдалану технологияларындағы экономикалық талаптарды орындауды кейінге қалдыруға болады;
экологиялық зандар жүйесі ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық приоритетті бөлігіне жатпайды;
қоршаған ортаны қорғауға көп қаржы бөлу — бай және қаржылы елдердің үлесі;
халықтың экологиялық талаптарын мемлекеттік шешім қабылдағанда, онша елемесе де болады»
Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында, Осло қаласында (Норвегия), ол 2003 жылы БҰҰ «Еуропаның орнықты қаласы» болып танылған, 20 ғасырдың 90 –шы жылдардың бойында атмосфераға қатты заттардың, күкірт қышқылының, қорғасын және азот оксидінің шығарылыуын төмендету бойынша бағдарлама іске асырылды. Шығарылулар көлемін азайту қажеттігін туғызған себеп, ол жекелеген аудандардағы ауаның газдануы деңгейінің артуы салдарынан балалар арасында астама және басқа да тыныс өкпе ауруларының ұлғаю болып табылды. Ластанудың негізгі себебі қаладағы қарқынды автомобиль қозғалысы болып табылған. Берілген проблеманың неігзгі шешімі қоғамдық көлік жүйесін дамыту, атап айтқанда, пайдалануға трамвайларды, жерасты қоғамдық көлігінің жүйесін және электотоғымен жұмыс істейтін монорельсті поездарды енгізу болып табылды (тоқ көзі – гидроэнергетика). Сондай-ақ жеке автокөлікке шығыс газдарын каталитикалық өртеушілер орнату міндетті болды. Осло қаласындағы көлік қозғалысы жүйесін жақсарту үшін, атап айтқанда, метро желілерін кеңейту үшін қала әкімшілігі орталық үкіметтен қаржыландыру алады.Ал менің өз пікірім мен автокөлікте көп жүруге қарсымын себебі ауаны химиялык көмірқышқыл газ және сол сияқты химиялық басқа да проблемалар бар Алматы қаласында кунде кептеліс болып жатады бұл дегені автокөлікте жүретін халқ көп себебі олар жұмысына жаяау немесе велосипед арқылы баруға әдеттенбеген ал Кытай халқ Республикасында күн сайынғы кептелістерден халқ шаршаған олар жұмысына велосипед арқылы барады.Казакстан тұрақты даму стратегиясының негізгі міндеттері жалпы халқты экологиялық мәселелерді шешіп халққа барынша зиянсыз жағыдай жасау,жалпы адамзат өзінің тазалығын сақтай білсе,гигиеналық талаптарға сай болуымен бірге қоғамдық салауатты өмірде экологиялық проблемаларды шеше алатын еді.Жалпы тазалық сақтау елдін болашағына жоғары негізгі пайдалы талаптарды жеткізетін еді.
«География институты»ЖШС-нің барлық
құрыл ымдық бөлімдерінің Стратегияда қойылған
мақсаты мен міндетінің негізгі әсерімен
өзара байланысып жүзеге асуы.«География
институты»ЖШС-нің қызметін бағалау нәтижесі
бойыша Стратегия жүзеге асатын болады.Осы
Стратегияның болмаса соған сәйкес ережелер
есебімен «География институты» ЖШС-нің барлық
Адамның іс-әрекеті
нәтижесінде қоршаған ортаға
көптеген зардаптар тигізілді. әсіресе
біздің Қазақстанда бұл айқын
байқалады (Арал, Балқаш, Семей проблемалары,
тың, жайылым жерлердің
Ағзаның бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;
Табиғат ресурстары , оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;
Адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу:
Биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;
Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру;
Көпщілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін , әдет-ғұрпын қалыптастыру;
Экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады.
Сонымен қатар Қазақ Ұлттық Универститеті География факультеті профессорлары және білімді оқтушылары осы стратегиялық экологиялық даму сатыларына өз негіздерін салды,олардың міндеттері Казакстан тұрақты даму стратегиясына халққа экологиялық мәлімдемелер беру экологиялық крезисты жаксы жақтама тұжырымдау,химиялық атмосфераны ластаушы элементтер тағыда басқа осы ҚазаҚстандағы экологиялық мәселелерді шешу негізгі міндеттері болып табылады.
Мемлекеттiк саясаттың
қоршаған орта қорғау мен табиғатты тиiмдi
пайдалану төңiрегін дегi бас мақсаты келешек ұрпақтар
үшін табиғат ресурстарын сақтау, адамдардың
қолайлы ортада мекендеуімен қамтамасыздандыру,
2030 стратегиялық жоспарының қойылуы қоршаған
ортаның сапасының тұрақтандырудың 2020
стратегиясы болып табылады.

- Тұрақты даму түсінігі
- Тұрақты есте сақтау құрылғыларының интегралды микросхемалары
- Тұрақты және айнымалы ток тахогенераторы
- Тұрақты өндіріс және тұтыну
- Тұрақты ток машиналары
- Тұрақты токтардағы сызықты емес өтпелі процестер
- Тұрақты ток электр тізбегі
- Тұрақты даму бойынша Стокгольм конференциясы
- Тұрақты даму деңгейлері – жергілікті, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, әлемдік деңгейлер
- Тұрақты даму концепсиясы
- Тұрақты даму концепциясы
- Тұрақты даму концепциясы
- Тұрақты даму концепциясы. Қазіргі кездегі экологиялық проблемалар және тұрақты даму
- Тұрақты даму концепциясын талдауда В.И.Вернадскийдің негізін қалаушылық рөлі