Тропикалық африка
- Тропиктік Африканы қоныстанған халықтардың ерекшеліктері
Африка құрлығында 54 мемлекет бар. Олардың үшеуі монархия, біреуі Федеративті Республика. Негізінен олар Солтүстік, Батыс, Оңтүстік, Орталық, Шығыс Африка елдері болып бөлінеді. Африкада 1 млрд-қа жуық (985 млн) халық тұрады. Ол дүниежүзі халқының 13%-ын құрайды. Бірақ олардың құрылыққа таралуы біркелкі емес. Халықтың 70%-ы ауылдық елді-мекендерде қоныстанған және олардың 90%-ы ауыл шаруашылығында еңбекпен қамтылған. Орта есеппен әр шаршы шақырымға 22 адамға дейін орналасқан.
халықтың ұдайы өсуі бүкіл дүние жүзінде ең жоғары қарқынға жеткенін біздер білеміз. Бұл едәуір дәрежеде көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге байланысты. Оның үстіне, континенттегі елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, соңдықтaн мұнда бала туу көрсеткіші ең жоғары дәрежеде болып отыр. Кенияда, Бенинде, Угандада, Нигерияда, Нигерде, Танзанияда бала туу 1 мың тұрғынға 50 нәрестеден асады, яғни ол Еуропадағыдан төрт-бес есе жоғары.
Африка әлі де халықтың өлімі ең жоғары аймақ болып отырғанымен, оның халқы өте тез өсуде және болжам бойынша 2000 ж. қарай ол 900 млн. адамнан асты. Бұл балалар үлесінің өте жоғары болатынын, жұмысқа орналасу; білім беру, дeнcayлық сақтау проблемаларының одан әрі шиеленісетінін көрсетеді. Бұған қоса, Африкадағы халықтың "сапасы" да ең төменгі дәрежеде, өйткені ересектердің жартысынан астамы сауатсыз, СПИД – пен ауыратындар да көбейіп барады.
Аса сан алуандығымен көзге түсетін Африка халқының этникалық құрамына байланысты бірқатар проблемалар бар. Этнограф – ғалымдар континенттен 300-500 этносты бөліп көрсетеді. Олардың кейбіреулері, әсіресе Солтүстік Африкада қазірдің өзінде ірі ұлттарға айналған, бірақ көпшілігі әлі де ұлыстар деңгейінде қалған; рулық-тайпалық құрылыстың қалдықтары сақталуда.
Африканың азаттық алған елдері бір кезде этникалық ерекшеліктерді ескерместен жүргізілген отарлық шекараны мұра етіп алған. Оcының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараның түрлі жағыңда қалып қойған. Мұның өзі осы уақытқа дейін этникааралық жанжалдар мен жер дауын туғызып отыр, бұл кейде әскери қақтығыстарға (Африка Мүйісі) , "этникалық босқындар" санының артуына ұласуда. Әлі күнге дейін Африка елдерінің көпшілігінің мемлекеттік (ресми) тілі бурынғы метрополиялардың тілі - ағылшын, француз, португал тілдері болуы да өткеннің мұрасы екені айқын.
Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы (1 км-ге 22 адам) шетелдік Еуропа мен Азиядағыға қарағанда бірнеше есе кем. Азиядағы секілді, Африкада да халық өте әркелкі орналасқан. Сахарада адам мүлде қоныстанбаған дүние жүзіндегі ең үлкен территория бар. Ылғалды тропик ормандары зонасында да халық сирек орналасқан. Алайда халықтың айтарлықтай шоғырланған жерлері де бар, бұл әсіресе жағалауға қатысты. Кейбір елдерде халықтың орналасуы тіпті өзгеше болып келеді. Египет осы айтылғанға жарқын мысал болады. Іс жүзінде оның бүкіл халқы дерлік (55 млн. адам) Нілдің атырауы мен аңғарларында тұрады, ал бұл территория оның жалпы жер көлемінің не бары 4 %-ін құрайды.
Урбандалу деңгейі жөнінен Африка басқа аймақтан әлі де көп артта қалып отыр. Мұның қала халқының үлесіне де, үлкен қалалар мен "миллионер" қалалардың санына да (олардың барлығы 20) қатысы бар. Африкада қала агломерациялары жаңадан қалыптаса бастады. Алайда мұндағы урбандалу қарқыны дүние жүзінде ең жoғары дәрежеде; кейбір қалалардың халқы әрбір 10 жыл сайын екі есе өсуде. Бірақ қалалық жарылыстың мұндай көрінісінің бірқатар теріс зардаптары да бар. Өйткені негізінен астаналық қалалар мен "экономикалық астаналар" өседі, оның өзінде күнкөріс қаржысы жоқ қыстақ тұрғыңдары шеткі лас аудандар қатарына ұдайы келіп қосылуынан өсіп отыр.
Африканы ғылыми әдебиеттерде екі үлкен табиғи және мәдени-тарихи субрегион: Солтүстік Африка және Тропиктік Африка елдері деп бөліп қарастырады. Соның ішінде Тропиктік Африканың құрамына: Батыс, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африка енеді. Тропиктік Африканың жалпы аумағы 20 млн ш.ш, халық саны 650 млн астам. Сонымен қатар бұл аймақты халқының басым бөлігі экваториалдық (негроидтық) нәсілге жататындықтан «Қара Африка» деп те атайды. Алайда, этникалық құрамына қарай Тропиктік Африканың жеке бөліктері едәуір ерекшеленеді. Тропиктік Африкада жалпы Африка халқының 1/3 бөлігі қоныстанған, саны 10 млн асатын 10 ірі халық өкілдері тұрады, олар: арабы, хауса , фульбе, йоруба, игбо, амхара, оромо, руанда , малагасийлар (мальгаштар), зулустар.
Тропиктік Африка - дүниежүзі елдерінің дамуы жағынан ең кейін қалған бөлігі. Қазіргі саяси бөлініске байланысты құрамына 49 мемлекет кіреді. Бүгінде материалдық өндірістің негізгі көзі ауыл шаруашылығы болып отыр. Ауыл тұрғындарының жартысына жуығы натуралдық ауыл шаруашылығымен айналысса, қалған бөлігі аз тауарлы ауыл шаруашылығына бейімделген.
Тропикалық Африка – урбандалу деңгейі төмен аймақ. Құрамындағы елдердің тек сегізінде ғана «миллионер» қалалары бар. Оларға: Сенегалдағы – Дакка, Конго ДР-ғы - Киншаса, Кенияда – Найроби, Анголада – Луанда қалалары мысал бола алады. Тропикалық Африка транспорттық жол тораптарының дамуы жағынан да артта қалған. Көптеген елдерінде темір жол қатынасы мүлде жоқ, кеме қатынасы жоқ. Тағы бір қиындық туғызатын мәселе – құрғақшылық, ылғалдың жетіспеуі, шөлейт ацмақтарға айналу, өсімдік пен жануарлар дүниесінің азаюы. Әсіресе Сахель зонасының – Сахараның оңтүстігінен Маврики мен Эфиопия аралығында аумақтың шөл далаға айналуы.
Батыс
Тропиктік Африка халықтары. Гвинея
жағалауы мен Батыс Судан едәуір
этникалық сан алуандығымен ерекешеленеді.
Бұл аймақ тұрғындарының
Судан халықтарының көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Олардың йлері саз бен ағаштан жасалатын болған. Манде, хауса халықтары саздан салынған лашық үйлерде тұрса, гур халықтары кірпішпен өрілген үйлерде тұрады. Негізгі кимдері ерлерінде ұзын жейде мен шалбар, ал әйелдері ұзын матамен оранған жүрген. Негізгі діни сенімдері қауымдық рухқа, құдайларға сенетін болған. Ал кейбір Нигерия халықтары жануарларға табынады. Фетишизм қалдығы сақталған.
Эфиопия халқын амхара, галла, тиграл, сидамо этникалық топтары құрайды. Амхора, галла тайпалары ертеден жер және мал шаруашылығымен айналысқан. Агау деген аз халқында мал өсіру басым болған. Шығыс Эфиопияның шөлді аймақтарында көшпелі шаруашылық, түйе, қой, ешкі өсіру. Сонымен қатар кофе, бидай, мақта егу ісі жақсы дамыған. Негізгі шаруашылықтарының бірі зергерлік, құмыра, қыш ыдыстарын шеберлікпен жасаған. Бұл жер халқы христиан дінін ұстанады. Халықтарының киіміне тоқталсақ, ерлері тік жағалы көйлек, шалбар, шамма деп аталатын жамылғы киеді, ал әйелдері жеңі қысқа ұзын көйлек киген.
Банту
– Оңтүстік Африканың негізгі тұрғындары.
Алғашқы кездегі бұлардың мекені Конго
өзенінің солтүстігіндегі тропикалық
ормандар болған. Кейін пигмейлерді оңтүстікке
қарай ығыстырып, Африканың оңтүстігіне
кең тараған. Өздерінің шығыс, оңтүстік
шығыс көршілері болған бушмендер мен
готтентоттарды шығысқа ығыстырған. Бірақ
бантулардың оңтүстікке қарай жылжуының
қашан басталып, қашан аяқталғанын анықтау
қиын. Банту халықтары жөніндегі бірінші
деректерді VIII-IX ғасырда өмір сүрген араб
оқымыстылары береді. Тропикалық және
Оңтүстік Африкада тұратын банту ( коса, зулу, свази, ндебеле и
Егіншілікпен айналасушы бантулар Конго өзені бассейнінің тропикалық аймақтарын мекендейді. Міне, осы жерлерде алғашқы тропикалық өсімдіктер сезам,сорго, майлы пальма өсіру ісі ілгері дамыды. Қазіргі кезде оларда маниоко, ямс, арпа, жүгері, күріш дақылдары егіледі. Еуропалықтардың келуімен бірге бұлардың шаруашылығына мақта, кофе, шай, темек өсіру ісі қалыптасқан. Тропикалық Африканың мал шаруашылығы сан салалы. Конго бассейні халықтары қой, ешкі, шошқа, үй құстарын ұстайды. Бұл жерде ірі қара малын ұстау өте қиын, себебі ондағы кене шыбынынан жұғатын ауру сиыр малына өте қауіпті. Ал Шығыс тропикалық Африканың далалы аудандарында мал шаруашылығы дамыған. Мұнда қой, ешкімен қатар ірі қара малы да ұсталады. Бұлардың кейбір аудандарында көлік есебіне жылқы малы сирек пайдаланса, негізінен, есек ұстайды. Әсіресе, мал щаруашылығы орманды және жартылай құмды аудандарда, Замбези өзенінің оңтүстік жағында жақсы дамыған. Мұнда банту, коса, зулус, болуга, бечуан халықтары мекендейді. Оңтүстік-Батыс африкадағы банту халықтары жер шаруашылығымен де айналысқан. Мал шаруашылығының бұл аймақта төмендеп кетуінен отаршылдардың аборигендердің жерлерін тартып алуы себепші болған. Бантулықтардың қазірге дейінгі негізгі тіршілік көздері егіншілік болып есептеледі.
Бантулықтардың темір өндіруіне, мақта, мата тоқу, майдагерлік өнерлерінің дамуына отаршылдар біраз кедергі жасады. Соған қарамастан бүгінгі күні де олар тұтыну заттары, әшекей бүйымдарын дайындаумен айналысады. Қолмен тростник, пальма ағаштарының шыбығынан себеттер тоқиды, тіпті өте тығыз етіп тоқыған себетке сұйықтық құюға да болады екен.
Енді бантулардың үй құрылысына көз жіберсек, олар үйдің қаңқасын ағаштан тұрғызып, төбесін тростник және пальма ағаштарының жапырақтарымен жабады. Батыс тропикалық Африкада үйлердің көпшілігі төртбұрышты, шатырлап жабылған үйлер. Әрбір ауылдарда ерлер жиналатын үй немесе шатырлар болады. Оңтүстік бантуларда патриархалды әулет тұратын үлкен баспаналар крааль деп атайды. Оның ортасында мал тұратынаула болады да, оны қоршай әйелдердің лашықтары орналасады.
Ал олардың киім үлгісі теріден тігілген киімдер болатын. Мал шаруашылығымен айналысатын бантулар кароос деп аталатын сулық-желбегейді жамылады.
Банту тілінде сөйлейтін пигмейліктер тропикалық орманда, Конго, Огове, Тури өзендерінің бассейндерінде шашырап, топ-топ болып тұрады. Пигмейліктер негізінде аңшылықпен өмір сүреді, кейінгі кезге дейін садақты пайдаланып келді. Әйелдер мен жас балалар болса терімшілікпен айналысты. Ал пигмейліктер болса, темір өңдеу мен өндіруді білмеді. Егіншілікті үйренбеді. Олар қорек іздеу жолында бір жерден екінші жерге қоныс аударып отырды. Бірақ олар белгілі бір жердің шекарасынан асып кетпеген, тек өздеріне керекті құралдарды айырбастап алу үшін бантулармен араласып тұрды.
Қойсандық халықтар – бушмендер мен готтентоттар Африканың оңтүстігінде өмір сүреді. Готтентоттардың экономикалық және қоғамдық құрылысы еуропалықтар келгенге дейін өте жоғары болған. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Олардың малды күтетіні сондай, ауырған мал болмаса оны соймаған, қорек есебінде пайдаланбаған. Олардың құралдары темірмен ұшталған найза, садақ болып кетті. Бұлар темірді өздері өңдеп, әрі өздері шығарып отырды. Готтентоттардың қоғамдық құрылысында патриархалды рулық тайпалық құрылым өмір сүреді. Қазіргі кезеңде олардың бір қатарлары ауыл шаруашылығымен айналысып, еуропалықтардың фермаларында жұмыс істейді. Тау-кен өндірісінде де готтентотар жұмыс істей бастады. Готтентоттарға қарағанда бушмендердің тіршілік деңгейлері өте төмен. Оларды отаршылар Калахари шөліне ығыстырып тастады. Осы кейінгі кезге дейін олардың тұрмысы төмен жағдайда қалып келді. Аң аулау, жабайы өсімдіктер мен тамырларды терумен тіршілік етті. Бушмандар садақ пен найзаны пайдаланған, темір қаруларды готтентоттардан айырбас жолымен алып отырды. бушмендер аң аулау қиыншылығына өте шыдамды болып келеді. олар көбінесе аңдарды бірігіп қоршап алу арқылы да аулап, оған әйелдер мен жас балалар да жәрдем көрсеткен. Осы аңшылықпен айналысқан бушмендерде тұрақты қоныстар да болмаған. Сондықтан олар тез жинап, тез тігуге ынғайлы қос-күркелерде тұрады. Киім атаулардан тек бөксесін жауып тұратын лыпаны байлап жүретін болған.
Бушмендерде де тайпалар этникалық жағынан бірігіп, әке жағынан жақындар топ-топ болып, бірлесіпөмір сүрді. Әлі де болса бушмендердің жартысындайы бұрынғы дәстүрлерді ұстанады.
Бушмендердің діни сенімі табиғатпен тікелей байланысты. Аңшылар күнге, айға, жұлдызға, және т.б. өздері сәтті аңшылыққа себепші затқа бас иеді. Ғылымда олардың жартастарға салған. Олардың жартастарға салған сурет өнері үлкен орын алады.
Олардың діни сенімі де өндіріс жағдайына байланысты болып, Тотемизм сенімі қатты дамыған. Олар жануарлар мен өсімдік тотеміне сиынған.
Мадагаскар
аралының тұрғындары малагасилер болды.
Бұл халықтардың мәдениеті
Біз
жалпы Африка халықтарының негізгі
шаруашылығына, қоғамдық құрылысына тоқталып
өттік. Олардың қоғамдық қарым-қатынасына,
мәдениетіне, ауыл шаруашылығына отаршылық
саясаты көптеп әсер етті. Оның өзі көптеген
қиындыққа әкеліп соқты. Африка халқы
соған қарамай өздерінің мәдени дәстүрін
әлі де сақтап отыр. Олардың отаршылармен
үздіксіз күресінің нәтижесінде өздерінің
дербес болуларына қолдары жетті.
2. Тропиктік Африка халқына еуропалықтардың отарлау саясатының әсері
Ерте заманнан бері Африка құрлығы мәдениеттің ошағы болған. Бұл алғашқы адамдардың дамып, өздеріне тән мәдениетін өрістеткенмен, кейінгі кездерде өздерінің дамуы жөнінен артта қалған. Африка халықтарының көпшілігі еуропалық державалардың отарында болады. Еуропалықтардың африка жерлерін басып алуы мен халықтарын аяусыз құл ретінде пайдалануы халық дамуын тежеген тағы бір себеп. Құл саудасы ХV ғасырдың ортасына дейін Португалия, Англия, Голландия, Франция мемлекеттерінде жүрген болатын. Бұл африкалықтар тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Осы оқиғалар Африка халқының аоға қарай жылжуына кедергі болды. Құл саудасы кезінде жүз млн-дай африкалықтарды Америкаға апарып, құл ретінде сатты, кейбіреулері жолда өліп кетті. Міне, осындай географиялық және сыртқы күштер аборигендерді артта қалдырды.
Африка құрлығы Еуропа мемлекеттері үшін алтын, піл сүйегі, қызыл ағаш, кейіннен құлдар мен пайдалы қазбаларды өндіріп алу ошағы ретінде болып келді. ХХІ ғасырдан бастап европалықтар Африка жерлерін өзара бөлісіп, жаулап алынған жерлер есебінен байып отырды. Аумақтың басым бөлігін Ұлыбритания мен Франция жаулап алды. Отаршылдық саясатты жүргізушілер арахис, какао, мақта плантацияларында жұмыс үшін африкандықтардың арзан еңбек күшін пайдаланатын болды. ХХ ғасырдың ортасында Африканың саяси картасында тек төрт тәуелсіз мемлекет болды: Египет, Эфиопия, Либерия және қазіргі Оңтүстік Африка Республикасы. Отаршылдық езгінің әсері құрлық мемлекеттерінің барлық салаларының дамуын тежеді. ХІХ ғасырдағы Африкадағы ең үлкен отарлар Ұлыбританияның иелігінде болды, олар: континенттің оңтүстігі мен орталық бөлігінде: Ботсвана, Лесото, Зимбабве, Замбия. Ал шығысында Кения, Уганда, Занзибар, Британское Сомали. Сотүстік-шығысында: ағылшын-Египеттік Судан, батысында: Нигерия, Сьерра-Леоне, Гамбия и Золотой Берег. Үнді мұхитында - Маврикий и Сейшель аралдары .
Францияның иеліктеріне Батыс және Экваториялдық Африка аумағында: қазіргі Гвиней Республикасы, Мавритания, Нигер, Сенегал, Франциялық Судан (Мали), Габон, Чад, Среднее Конго (Республика Конго), Убанги-Шари (Орталық Африка Республикасы), Сомали (Джибути), Мадагаскар, Комор аралдары, Реюньон енді. Ал Португалия Ангола, Мозамбик, Гвинея-Бисау,), Сан-Томе және Принсипи аймақтарын өз отарына айналдырған еді. Германия Камерун, Того және Оңтүстік-Батыс Африка (Намибия).
ІІ-дүние
жүзілік соғыстан кейінгі жылдары ұлт-азаттық
күрестің өсуі нәтижесінде Африка құрлығындағ
- Африка халықтарының этникалық құрамы, діні
Негізінен Африкада 32 автохтондық тілдік семья бар, оның ішінде 7 оқшауланған, 9 топтастырылмаған тілдер бар. Африка тілдерінің көпшілігі ұлттық тілге айналған болса, кейбірі жекелеген тайпалар тілі деңгейінде қалған. Африка халықтарының тілдерін ерекшеліктеріне қарай ірі бес тілдік топқа біріктіруге болады: 1) семит-хамит немесе афроазиялық тобындағы тілдер; 2) судан тілі; 3) банту тілі 4) қойсан бөліміне жататын тілдер; 5) мальгаш тілі.
- Семит-хамит тілдер тобында сөйлейтін халықтар Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Африканы, Сахараны, Шығыс Суданды, Эфиопияны, Сомали жарты аралдарын мекендейді. Семит-хамит семьясындағы тілді: семиттік, кушиттік, берберлік және чад тобына бөлуге болады. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны семиттік тіл тобы: араб және эфиоп тілдеріне жіктеледі. Араб тілінің диалектерінде Солтүстік Африканы түгелдей дерлік, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко халықтары сөйлейді. Сонымен қатар араб тілі Мали, Чад, Нигер және көшпелі араб тайпаларында да кең таралған. Семит тобының екінші кіші тілдік тобына эфиоп, мұнда – амхар, тигре, тиграй және басқа халықтар сөйлейді.
Берберлік
тіл тобында Солтүстік-Батыс
Кушит тілдерінде Солтүстік-Шығыс Африканың тұрғындары сөйлейді. Эфиопияның оңтүстігі мен Сомали елдерінде тараған. Кушит тілдерінде сомали, галла, беджа, ираку, каффа, агау халықтары сөйлейді.
Чад тілдер тобы Нигерияны солтүстігі, Чад Республикасы, Камерун мемлекеттерінде таралған. Осы топтың тілдері ішінде хауса тобында Солтүстік Нигерия халқының көп бөлігі сөйлейді. Чад тобына: мандара, бадэ, ангас, анкве, тангале, бура, муби тілдері жатады.
Эфиопия мен Сомали халықтары тарихи жағынан тығыз байланыста және де төркіндес бір тілде - семит-хамит тіл семьясында сөйлейді. Ал бұл халықтарда ұлттардың қалыптасу процесі жүруде, солардың бірі эфиоптық ұлт. Ол амхараменс семиттік халықтар тигре-тиграл, сонымен қатар кушит тілінде сөйлейтін галла және сидамо тайпаларының негізінде құрылған.
Тропиктік
Африка халқының ¾ бөлігі нигер-конголық
тілде сөйлейді. Оның ішінде Орталық,
Шығыс және Оңтүстік Африка халықтарының
көпшілігі сөйлейтін банту
Тұтастай алғанда, Тропиктік Африка, Эфиопия, Орталық және Шығыс Судан халқының 15%-ы афразиялық тілдерде, 6%-ы ніл-сахара тілдік тобында сөйлейтді. Олар: сонгай, канури, канембу, загава, нилот, мурле, берта, гумуз халықтары сөйлейді.
Қойсан тілдерінде Оңтүстік Африканы мекендейтін бушмендер мен готттентот және Африканың шығыс бөлігіндегі сандаве мен хадза халықтар сөйлейді. Африканың басым бөлігін үндіеуропалық тілдерде сөйлейтін ағылшын, неміс, француз, испандықтар, гректер мен армяндар еуропалық халық өкілдері құрайды.Оңтүстік Африка аумағында дравидтік тілде сөйлейтін Оңтүстік Үндістан халықтары да кездеседі. Африка территориясында африкандық және еуропалық халықтардың араласуы нәтижесінде креоль халықтары: маврикийлер, реюньондіктер, сейшельдіктер, фернандино, гвинейліктер, криол, либерлержәне т.б. қалыптасты. Оңтүстік Африка Республикасында герман тілдер тобында сөйлейтін африкандықтар мен африканерлер халқы пайда болды. Мадагаскар аралдарының тұрғындары малагиліктер мальгаш тілінде сөйледі.
Қазіргі таңда Африка
Ислам діні –VII ғасырдағы Арабтардың Солтүстік Африка субрегионын жаулап алуы кезеңінен тарала бастады. Алғашында басқыншылар ислам діні таратуды әкімшілік-экономикалық шараларды қолдану арқылы жүзеге асырыды: исламды қабылдағандарауыр езгіден босатылып, өзге араб-мұсылмандар секілді құқықтарға ие болатын. Магриб елдерінің толық исламдануы XII ғасырда аяқталады. Кейін ислам діні IX-XI ғасырларда Судан елдеріне тарала бастады. Батыс Африкаға ислам дінін Азия елдерінен қоныс аударған мұсылман саудагерлері әкелген. ХVIII ғасырға дейін ислам діні Тропикалық Африка, Мадагаскар аралдары, Африканың солтүстік-батысына толығымен таралады.
Қазіргі Африканың мұсылман халықтары арасында исламның сунидтік бағыты басым. Мұнда суннизм барлық төрт мазхабымен таралған: маликит, шафиит, ханбалит және ханифиттік. Солтүстік және Батыс Африканың мұсылмадары маликиттік мазхабты ұстанушылар; Египет пен Шығыс Африка мұсылмандары шафииттік бағытты ұстанушылар ; Оңтүстік Африка Республикасындағы мұсылман халық ханифиттік бағытты ұстанушылар болып табылады. Африка халқының 41%-ы ислам дінін ұстанады. Ислам дінін ұстанушылардың жартысынан көбі - 47,2%-ы Солтүстік Африка халықтары, әсіресе Египетте африкалық мұсылмандардың 1/5 бөлігі шоғырланған. Батыс Африкада мұсылмандар жалпы халықтың 33%-ын, басым бөлігі Нигерияда. Ал Шығыс Африкада тұрғындардың 31%-ы мұсылмандар. Ислам дінін ұстанушылар Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Мавритания, Джибути, Сомалиде көптеп кездеседі.
Христиан діні бастапқыда ІІ ғасырдан бастап Египет пен Эфиопияда, Солтүстік Африка жағалауларында тарала бастады. Солтүстік Африкада VII ғасырдан бастап христиан дінін ислам ығыстыра бастады. Қазіргі таңда христиан діні Эфиопия халықтарының басым бөлігінде, Судан халқының кішігірім топтарында сақталған. Христиан дінінің екінші таралу кезеңі Африкаға португалдық жаулап алушылардың келуі тұсында болды. Осы кезде католиктік миссионерлердің Конго, Гвинея жағалауындағы әрекеттері нәтиже бермеді. -----
Қазір христиан дінін ұстанушылар саны 330 млн-нан асады. Олардың 8 млн Европа елдерінен келгендер мен олардың ұрпақтары. Христиандықтың жекелей бағыттарын ұстанғандар келесі: католиктер - 38%-дан астам (33млн), протестанттар - 37% шамасында (31 млн), монофизиты- 24% (20 млн), қалған бөлігі православие мен униаттар. Христиандардың басым бөлігі – Шығыс және Батыс Африка елдерінде (халықтың 35%-ы) шоғырланған. Ал Оңтүстік Африкада христиандар халықтың ¼ бөлігін құрайды. Әсіресе көп елдерде католиктердің саны протестанттардан асып түседі. Африка католиктерінің көпшілігі Заир, Нигерия, Уганда, Танзания, Бурунди да тұрады. Сонымен қатар Экваториялдық Гвинея, Сан-Томе, Лесото, Реюньон, Сейшель аралдарында католиктер тұрақтанған.
Индиузмді Африкада Индостан түбегінен шыққан халықтар мен олардың ұрпақтары ұстанады. Олар біркелкі орналаспаған. Халықтың жартысынан көбі индустер құрайтын Маврикий аралында, ОАР, Кенияның бір бөлігінде, Шығыс Африка елдерінде индуизм діні таралған.
Ал
иудаизмді Африка 270 мыңдай тұрғыны
ұстанады. Соның ішінде мистра –
Солтүстік Африка еврейлері (100мыңнан
астам), ашкенази - Оңтүстік Африкада
тұратын европалықтар (120 мыңдай), фалаша
- Эфиопияның аборигендік халықтарының
өкілдері (30 мыңдай).

- Тропические леса
- Тропічні грунти
- Тропы и риторические фигуры в выступлении
- Тропы и риторические фигуры в выступлении
- Тропы и фигуры в поэме А.А.Блока «Двенадцать»
- Тропы и фигуры речи
- Тропы и фигуры речи
- Троице-Сергиева Лавра
- Тройничный нерв
- Тройной прыжок
- Тройственный союз
- Тромбозы и эмболии магистральных артерий
- Тромбоцитоз. Тромбоцитопения. Замедление свертываемости крови
- Тромбоцитопеническая пурпура (болезнь Верльгофа)