Тіршілік эволюциясы. 2
- Кіріспе
Тіршілік өзі қалай дамыды? Тірі затты құрайтын элементтер бір-бірімен қалай бірікті? Қазіргі таңда бұл сұрақтар бойынша дәйекті жорамал құруға мүмкіндік беретін мәлімет көп және жеткілікті. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған “Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.
Жер бетіндегі тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым жалғыз клеткалы организмдерден бастап, түрлі вирустар болып табылатын жалғыз белокты молекулалардан құралған нысандардан құралған. Вирустар инертті кристалдық нысанда немесе қозғалмалы жағдайда өмір сүреді. Белоктық молекуланың өзі болса, оларға қарағанда қарапайым бөліктерден – бір-бірімен түрлі химиялық байланыстар арқылы байланысып, амин қышқылдарын құрайтын көміртегінің, сутегінің, азоттың, оттегінің, қосылыстарынан тұрады.
“Тіршіліктің басы қашан басталады”, деген сұраққа жауап беру үшін, “тіршілік дегеніміз не” деген сұраққа жауап беруіміз керек. Тіршілік дегеніміз - “кез келген организмнің өзінің орнына ұрпақ қалдыру, өзгеру және осы өзгерістерді қайта өндіру қасиеті” дегеніміз дұрыс болар. Бұл қасиеттер энергия мен информация беруді жүзеге асырады. Органикалық заттардың молекулалары органикалық емес заттарға қарағанда ірілеу және күрделірек, сондықтан олар түрлі өзгерістерге тез ұшырай алады. здіксіз өзгерістер мен осы өзгерістердің сақталып, жаңарып отыруы Жердегі тіршіліктің ерекше қасиеті болып табылады. Органикалық емес заттар болса өздерін - өздері қайта жасай алмайды.
Геологиялық жыныстардан табылған қазба қалдықтар осыдан 3.3 млрд жыл бұрын теңіздерде қарапайым өсімдіктер – көк-жасыл балдырлардың болғандығын көрсетіп отыр. Жердің базальтты литосферасының жасы 4.5 млрд жыл деп саналады. Сол кездерде де жоғарыда айтылғандай құрамында оттегі жоқ алғашқы атмогидросфера қалыптаса бастаған.
Басқа сөзбен айтқанда, бір клеткалы ядросыз организмдер пайда болғанға дейін 1 млрд жылдай үзіліс болған. Пайда болған алғашқы мұхит органикалық қосылыстардың химиялық реакциялары жүретін және тіршіліктің химиялық эволюциясы үшін қажетті тамаша орта болды. Оның үстіне, бос оттегі мен озон қабаты болмағандықтан Күннің ультракүлгін сәулелері құрлық пен мұхит беттеріне жақсы түсті. Бұл сәулелер мен найзағай жарқылдарынан алғашқы атмогидросферада аминқышқылдарының түзілуіне қажетті энергия бөлінді, ал үздіксіз түзілген аминқышқылдары алғашқы мұхитты “сорпаға”айналдырды. Түзілген амин қышқылдарының молекулалары бір-бірімен соғылысып, қосылып белок молекулаларын, ал олар одан да күрделі көмірсутектерді түзді. Дәл осылай химиялық эволюция биохимиялық эволюцияға ұласты деп жорамалдануда.
Ғалымдардың басым көпшілігі
белок молекулаларының
Алғашқы мұхиттағы заттарға қосылған көмірқышқыл газы организмдердің тіршілік ету ортасына жаңа қасиеттер беруі мүмкін.
Фотосинтез процесіне де мүмкіндік беруі мүмкін. Барлық жасыл өсімдіктерге тән бұл үрдіс су, көмірқышқыл газы мен өсімдіктер сіңірген күн сәулесінің энергиясынан түрлі органикалық қосылыстар түзеді. Алайда алғашқы фотосинтездеуші организмдер қазіргі кезде жер бетінде тіршілік ететін, шын мәнінде балдырлар емес, бактериялар болып саналатын көк-жасыл балдырлар сияқты болса керек. Біртіндеп олар фотосинтез процесінің нәтижесінде қоршаған ортаға бос оттегіні бөліп, өздерінің тіршілік ортасын өздерінен басқа тірі организмдердің пайда болып, тіршілік етуіне жағдай жасаған. Осы жаңа жағдайларда, бос оттегі пайда болған соң тыныс алу процесі мүмкін болды.
Қазіргі кездегі тіршілік ететін тірі организмдердің негізгі топтарының пайда болуына себеп болған процестердің теориялық реттілігі
Ферментация (Хемосинтез) |
Фотосинтез |
Тыныс алу |
Органикалық қосы- лыстар + энергия® орг.қосылыстар+СО2® |
®СО2 + Н2О + энергия = орган.қосылыстар + О2® |
® О2 + орган. қосылыстар = энергия + + Н2О + СО2 |
|
Оттексіз ортадағы организмдер |
Өсімдіктер |
Жануарлар |
Осылайша,
биотаның түзілуі химиялық
2.1. Тіршілік нысандарының эволюциясы
Химиялық эволюция ерте кезеңдерінде-ақ түрлі өзгерістерге ұшырап алдымен биохимиялық, кейін биологиялық эволюцияға айналды. Жер бетіндегі қазіргі тіршілік оттекті атмосферадан түзіле алмаған болар еді. Пайда болған тіршілік үздіксіз эволюция процесін басынан өткізген және өткізуде. Биологиялық эволюция ең алғашқы организмдер алғаш рет өздерін өздері жасай алған кезден басталды. Жерде тіршіліктің басталуы белок молекулаларын жасай алатын нуклеин қышқылдарының түзілуінен басталды.
Биохимиялық эволюция теориясын
төмендегі схема бойынша беруге
болады. Коацерваттар мен органикалық
заттардың түйіртпектерінің шекарасында
күрделі көмірсутектер
Ядросыз клетканың (прокариоттардың) эволюциясы 1 млрд тан астам жылға созылды. Алғашқы бір клеткалы ядросыз, бірақ ДНК жіпшелері бар организмдер қазіргі бактериялар мен көк-жасыл балдырларды еске түсіреді. Бұл ең ертедегі организмдердің жасы 3.3 млрд жылдан асады.
Келесі кезеңде (шамамен бұдан 2 млрд. жыл бұрын) клеткада ядро пайда болады. Бұл бір клеткалы ядросы бар организмдер эукариоттар деп аталады. Қазіргі кезде олардың 25-30 мыңдай түрлері бар.
Шамамен 1 млрд пен 2 млрд жыл арасында биологиялық эволюция жыныстық көбею процесінің пайда болуына байланысты тез қарқынмен дамыды. Осыған байланысты организмдердің оларды қоршаған ортаға бейімделу мүмкіндіктері ұлғайды.
1 млрд жыл бұрын
алғашқы көп клеткалы
Олар: 1) клетка құрылысы мен өсуге қабілеті; 2) қоректену типі; 3) қозғалуға қабілеттілігі бойынша үш топқа бөлінді.
Патшалыққа бір ғана белгісі бойынша емес, бірнеше ерекшеліктері бойынша бөлінді. Мысалы, кораллдар, моллюскалар мен өзен губкасы қозғалмай тіршілік ететіндер, дегенмен де олар жануарларға жатқызылды. Насеком қоректі өсімдіктер қоректену типі бойынша жануарларға жатады. Сонымен бірге ауыспалы типтер де бар, мысалы, жасыл эвглена өсімдік сияқты қоректенеді, ал қозғалуы жануарлар сияқты.
1 млрд жыл бұрын
көп клеткалы өсімдіктердің
Бұл кезең шамамен 400 млн жылға созылды да, бұдан 580 млн жыл бұрын мұхиттағы биотаның аса қарқындап дамуына әкеп соқты.
Органикалық дүние эволюциясының
осы кезеңінде атмосферада
Жануарлар дүниесінің дамуы
барысында жануарлар
Бұдан 65 млн жыл бұрын Жерге диаметрі 9 км алып аспан денесінің құлауы нәтижесінде экологиялық жағдай күрт өзгерді. Экологиялық катастрофаның нәтижесінде жануарлардың арасындағы сан жағынан басым болып саналатын динозаврлар жойылып кетті де, кейіннен Жерде көбірек үстемдік құрған сүт қоректілер қарқынды дамыды.
ХVІІІ-Х1Х ғасырларда ғалымдар өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің систематикасын жасау үшін көп жұмыстар жүргізді. Биологияда систематика деп аталатын бағыт пайда болды. Өсімдіктер мен жануарлар олардың структуралық ерекшеліктеріне қарай классификацияланды. Негізгі структуралық бірлік ретінде түр алынды, ал одан жоғары деңгейлер туыс, отряд, классты құрады.
Қазіргі кезде Жер бетінде өсімдіктердің 500 000 мыңдай, жануарлардың 1,5 млн түрлері бар, олардың ішінде омыртқалылар – 70 мыңдай, олардың 16 мыңы құстар, сүт қоректілердің – 12 540 түрі бар
Тіршілік формаларының дамуындағы оқиғалар мен негізгі даталардың геологиялық шкаласы
Стратиграфикалық және хронологиялық бөлімдер, радиометриялық даталар |
Тірі организмдердің эволюциясындағы Негізгі оқиғалар | ||
Эралар |
Кезең |
Дәуір | |
Кайназой, 65 млн жыл |
Төрттік, 2.5 млн жыл |
Голоцен Плейстоцен |
(Homo sapіens) Ақылды адам |
Үштік, 65-2.5 млн жыл |
Плиоцен 6-2.5 млн жыл |
Соңғы гоминидтер | |
Миоцен 22-6 млн жыл |
14 млн жыл бұрынғы
қарапайым гоминидтер – | ||
Олигоцен 36-22 млн жыл |
Злактар, шөпқоректі сүтқоректілер | ||
Эоцен 58-36 млн жыл |
Қарапайым жылқылар | ||
Палеоцен 65-58 млн жыл |
Сүт қоректі тышқан тәрізді жануарлар Cynognathus эволюциясының қарқынды дамуы | ||
Мезозой, 255-65 млн жыл |
Бор 145-65 млн жыл |
Бөлімдер мен кезеңдер |
Гүлді өсімдіктер; 65 млн жыл бұрын –динозаврлар жойылды, сүт қоректілер эволюциясы |
Юра 210-145 млн жыл |
Динозаврлардың жаппай көбеюі. 167 млн жыл бұрын алғашқы ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар, архиоптерикстер); 150 млн жыл бұрын алғашқы сүт қоректілер | ||
Триас 255-210 млн жыл |
Қылқан жапырақтылар, цикадалар, динозаврлар | ||
Палеозой |
Перм 280-255 млн жыл |
Динозаврлар: сүт қоректі Бауырымен жорғалаушылар. | |
Таскөмір 360-280 млн жыл |
Ормандар, насекомдар, амфибиялар, 290 млн жыл бұрын, динозаврлар, Бауырымен жорғалаушылар. | ||
Девон 415-360 млн жыл |
Жануарлардың құрлыққа
шығуы (алғашқы амфибиялар-ихтиостеги | ||
Силур 465-415 млн жыл |
Өсімдіктердің құрлыққа шығуы, және теңіз жануарларының активті тіршілігі | ||
Ордовик 520-465 млн жыл |
Хордалы жануарларда скелеттің пайда болуы; қарапайым балықтар. | ||
Кембрий 580-520 млн жыл |
Түрлі теңіз омыртқасыз дары | ||
Докембрий, магмалық және метаморфоздық жыныстар; бөлімдері мен кезеңдері жоқ |
1000 млн жыл |
Организмдердің жануар лар мен өсімдіктерге бөлінуі: қарапайым теңіз жануарлары, жасыл балдырлар. | |
2000 млн жыл |
Эукариоттар –ядролы бір клеткалы организмдер | ||
3300 млн жыл |
Прокариоттар – ядросыз бір клеткалы организмдер: бактериялар, көк-жасыл Балдырлар | ||
4500 млн жыл |
Тіршіліктің пайда болуы:
аминқышқылдары,белок тар, прокариоттар. | ||
4700 млн жыл |
Жердің түзілуі, салмағына Байланысты заттардың
түрлі агрегат күйлеріне | ||
2.2. Адам эволюциясы
Рамапитек Австралопитек Питекантроп
Адам эволюциясын антропология ғылымы зерттейді. Антропология Х1Х ғасырдың екінші жартысында Дарвиннің эволюциялық теориясы ашылғаннан соң күрт дами бастады. Археологиялық қаба кезінде табылған Ramapіthecus миоцен – плиоценде тіршілік еткен адам тәрізді маймылдың қалдықтары, гоминидтер тармағының бастапқы түрі, яғни олар адам мен оған туыстастардың арғы тегі деп саналды. Бұл маймылдың қалдықтары ндістан мен Пәкістаннан, Таяу Шығыс пен Неандерталдық Кроманьондық Homo sapіens
Балканнан, тіпті Африкаға
дейінгі континенттерден
1960 жылы ағылшын археологы Л.Лики
Шығыс Африкадан миының көлемі
670 см3, болып табылатын 18 – 2.5 млн
жылдар арасында тіршілік
Ғалымдар дәл осы Шығыс
ХХ ғасырдың 20 жылдарында Қытайдан “синантроп” (“қытайлық адам”) табылды, оның миының көлемі питекантропқа жақын болып және олар от жағып, ыдыстарды пайдалана білген, бірақ түсінікті сөз сөйлей алмаған.
1856 жылы Германиядағы Неандерталь жазығында 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды, олар неандерталдықтар деген атқа ие болды. Неандертальдықтардың миының көлемі қазіргі заманғы адамдардың миына жақын, бірақ маңдайы шығыңқы, қас үстіндегі доғасы, бас сүйегі төмен болып, мамонттарды аулап, үңгірлерде тіршілік еткен.
Ең соңында, 1868 жылы Францияның Кро-Маньон
үңгірінен бас сүйегінің
Біздің заманымыздың жаратылыстану ғылымы тұрғысынан алғанда, қазіргі адамдардың арғы тегінің тізбегі төмендегідей көрсетіледі: адам мен жоғары сатыдағы маймылдардың ғылымға белгілі ең ертедегі тегі – рамапитек – шамамен 14 млн жыл бұрын ндістаннан Африкаға дейінгі аумақта өмір сүрген. Олардан 10 млн жыл бұрын орангутангтің арғы тегі, Азияда тіршілік еткен – сивапитек бөлінген. Ғылымдағы мәліметтер бойынша, адам тәрізді тіршілік иелері басқа приматтардан 4 млн жыл бұрын бөлінген. Горилла, шимпанзе және адамның ортақ тегі – австралопитек – Африкада 2-4 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Австралопитектер зинджантроптың арғы тегі болуы мүмкін. Африкада қабілетті адамның қалдықтары – зинджантроп табылды, ол 2-2.5 млн жыл бұрын өмір сүрген, осы жерлерде 2.5 млн жыл бұрын пайдаланылған ертедегі еңбек құралдары және тұрмыстық заттардың қалдықтары табылды. Зинджантроптар адамдар сияқты тік жүріп, олардың қол сүйектері жақсы дамыған. “Шебер” деп аталуының себебі, олар алғашқы рет тастан жасалған еңбек құралдарын пайдаланған. Осыдан кейін, қазіргі заманғы адамдардың дамуы төмендегідей жүрді: 1.9-0.65 млн жыл бұрын питекантроп; 400 млн жыл бұрын синантроп және түрлі мәліметтер бойынша 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген (Homo sapіens – тің ертедегі түрі) неандерталдықтар. Homo sapіens 100 млн жыл бұрын ғана пайда болып, оның қазбалары кроманьондықтар деп аталды.
Бұл жерде, антропогенездің – түп түзу сызық бойынша жүретін үрдіс еместігін көрсету керек. Адам эволюциясының жануарлардан адамға дейінгі өту сатылары түзу сызық бойынша жүрген жоқ. Табиғатта гоминидтердің бір ғана емес, бірнеше тармақтары болған және олардың көпшілігі конкуренцияға шыдай алмай жойылып кетуі әбден мүмкін.
Кейбір ғалымдар адам эволюциясының белгілі бір тармағында пайда болған неандерталдықтар гибридтену процесінің немесе олардан гөрі күштірек жетілген тіршілік ортасына жақсырақ бейімделген қарсыластарымен тіршілік үшін күрес нәтижесінде жойылып кеткен деп жорамалдайды.
Ғалымдардың екінші бір тобы түрлі генетикалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген пікірді жақтап, үстін жүн басқан неандерталдықтардың арасында мутацияның әсерінен аналық адам - алғашқы Ева пайда болған, неандерталдық осы алғашқы Евадан және бірнеше аталық адамдардан қазіргі адам баласы пайда болды да, қалған неандерталдықтар эволюция процесінің барысында жойылып кетті деп түсіндіреді.
Сонымен адам эволюция процесінің нәтижесінде адам тәрізді приматтардан пайда болған. Адам организмінің клеткалық құрамы жануарлардағы сияқты нуклеин қышқылдары мен белоктардан тұрады. Адам организмінің көптеген құрылымдары мен функциялары да жануарлардағыдай.
Эволюциялық шкалада жануарлар неғұрлым жоғары сатыда болса, олардың адаммен ұқсастықтары да соғұрлым жақын. Барлық жануарлардың ішінде генетикалық аппараты жөнінен адамға ең жақыны шимпанзе. Адамның ұрықтық даму стадиялары басқа организмдердің эволюциясындағы даму стадияларымен бірдей. Адамдардың жануарларда өте маңызды функциялар атқаратын кейбір органдары рудимент түрінде сақталып қалған (мысалы, соқыр ішек, шаш, жүн). Дегенмен, адамның жануарлардан айырмашылығы ерекше.
Олардың ішіндегі ең маңыздысы – ақыл-ой. Жануарларда да қуану, ренжу, қайғыру сияқты сезімдер мен қызығушылық, көңіл аудару, есте сақтау сияқты қасиеттер бар. Бірақ, ең жоғарғы сатыдағы жануарлардың түсінікті ойлау қабілеті жоқ, яғни олардың белгілі бір заттар мен олардың негізгі қасиеттері туралы түсініктері жоқ. Адамның түсінікті ойлау қабілеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның санасы да жоғары болып саналады.
Адамның екінші ерекшелігі – оның сөйлеу қабілеті. Жануарларда өз кезегінде басқалармен қарым-қатынасты белгілердің көмегімен жүзеге асырады. Бірақ адамдарда, И.П.Павлов “белгілердің екінші жүйесі” деп атаған (жануарларда бірінші белгілік жүйе) сөз арқылы қарым-қатынас жүзеге асырылады. Адамзат қоғамы жануарлардан осы арқылы ерекшеленеді.
Үшінші ерекшелік – еңбек ету қабілетілігі. Әрине, барлық жануарлар белгілі бір жұмыс атқарады, ал жоғары сатыдағы жануарлар болса, оларда тіпті біршама күрделі жұмыс түрлеріне де қабілетті болады. Мысалы маймылдар ағашта өсіп тұрған жемісті таяқтың көмегімен түсіреді. Жалпы еңбек құралдарын жасай білетіндер тек қана адамдар. Жануарлар қоршаған ортаға бейімделе алады, ал адам оны өзгертеді, яғни адамдаы адам еткен еңбек деген тұжырымдарға осы негіз болады деуге болады. Адамның еңбек ету қабілетіне байланысты қалыптасқан тағы да басқа ерекшеліктері бар. Олар – тік жүру, соның нәтижесінде қолдың босанып дамуы, әсіресе бас саусақтың жақсы жетілуі және отты пайдалану.
Адамның жануарлардан ең басты ерекшектері: еңбек, түсінік бойынша ойлау мен сөйлеу – адамның жануарлардан бөліну жолдарында қалыптасқан ең маңызды белгілер болды.
Сөз жүйесінің алғашқы бастамасы қалыптасып келе жатқан қоғамдық және еңбек қатынастарының дамуына қызмет етуі қажет еді. Сөз дамып келе жатқан ойлау үрдісінің барлық функцияларын жүзеге асырып оның сыртқы көрінісін бейнелеуі қажет болды. Көптеген лингвистердің пікірі бойынша, ең алдымен, белгілі бір іс-әрекетті түйсіну, яғни тілдің дамуында бірінші етістіктіктің түбірлері пайда болды. Сол сияқты, сөздер ғылымда ортақ еңбек үрдісінде атқарылған жұмыстар кезіндегі айтылған дыбыстардан құралған деген гипотеза пайда болды. Бұл гипотеза бойынша, алдымен етістіктердің іс-әрекеттің белгілі бір түріне сәйкес болатын түбірі пайда болған да, кейіннен сөз бен сөйлемдердің басқа мүшелері пайда болған. Неміс антропологы М.Мюллердің гипотезасының мәні осылай еді. Дәл осындай жолмен қоғамдық еңбек үрдісінде бірте-бірте ақыл-ой қалыптасқан болуы керек.
Адамдарда түсінікті сөз сөйлеудің қалыптасуы адамды жануарлардан ажыратудың негізгі де шешуші үрдіс болды. Өйткені, сөздің пайда болуының нәтижесінде жануарларда жоқ түрлі функцияларды атқаратын адам миының үлкен жарты шарлары түбегейлі өзгерді. Бас миының әрбір жарты шарларының ерекшеленіп мамандануы жөнінде көптеген ғалымдар, америкалық нейрофизиологтар Р.У.Спери, Дж.Е.Боген, және М.С.Газзанигалар қыруар ғылыми жұмыстар жасады. Ең алдымен адамның сол көзі мидың оң жарты шарымен, ал оң көзі сол жарты шармен байланысты екендігі дәлелденді. Осыған қоса сол жақ жарты шар рационалдық қызметке де жауап беретіндігі анықталды. Ол есептеу, сөз сөйлеу, ережелер мен түрлі үрдістерді есте сақтаумен тікелей байланысты. Оң жақ жарты шар эмоцияларды басқарады. Ол дыбыстар, музыка, ерлер мен әйелдер дауыстарын ажырата білуге мүмкіндік береді..
Мидың үлкен жартышарларының
функционалдық ерекшеленуі
2.3.Сөйлеу мен ойлау эволюциясы
Өздерінің дауыс ырғақтарымен сөз мәнерлерімен өз тыңдаушыларында керемет эмоцияларын қоздыратын музыканттар, әншілер немесе шешендер баяғы замандарда жартылай адам қалыпты болған бабаларының бір-бірімен тайталасу немесе көңілінен шығу үшін қолданған әдестерін пайдаланғалы жүргенін сезіп те, біліп те жүрген жоқ.
Алғашқы қауымдық қоғам эволюциясының көптеген проблемаларының ішінде тіл эволюциясының құрылу үрдісі - ең негізгілердің бірі. Австралопитектер, питекантроптар мен неандерталдықтардың қауымдастықтарындағы өзара қатынас құралдарын анықтайтын ешқандай құжаттар мен дәлелдемелер жоқ. Адамның ойлауының пайда болуы мен дамуы жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ. Шын мәнінде барлық мәлімет қосымша сипатта, сондықтан біз бұл мәліметі тек шартты түрде ғана қабылдауымыз керек.
Адамның ойлау қабілеті қоғамдық ортаға тіл арқылы шығарылады. Тіл болмаса ешқандай ой да, ойлау үрдісі де болмайды. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс және ол коллективтік бірлескен еңбек үрдісін қалыптастыратын құрал болып табылады.
Барлық маймылдар, олардың ішінде адам тәріздестері де вокалданған жануарлар, олар үшін дыбыс шығару табиғи құбылыс. Бұл вокалдануда дыбыстардың екі түрі немесе дыбыстардың екі негізгі тобы болады. Осылардың ішіне қорқыныш, ашулану, т.б. сезімдерді білдіретін дыбыстар (олар әртүрлі жануарларда 20-дан 30-ға дейін болады). Сондай – ақ тіршілік шулары деп аталатын, маймылдардың үнемі шығаратын дыбыстары және олардың эмоционалдық күйлерімен байланысты дыбыстар.
Бұл айтылған жағдайлардың барлығы ертедегі гоминидтердің дыбыс коммуникацияларының әлсіз де болса алғашқы бастамалары болып саналатын дыбыстар шығара білгендіктерін дәлелдейді. Ертедегі гоминидтер аң аулау кезінде дыбыс шығарып аңды үркіте алмаған.
Сөз жүйесінің алғашқы бастамасы қалыптасып келе жатқан қоғамдық және еңбек қатынастарының дамуына қызмет етуі қажет еді. Сөз дамып келе жатқан ойлау үрдісінің барлық функцияларын жүзеге асырып оның сыртқы көрінісін бейнелеуі қажет болды. Көптеген лингвистердің пікірі бойынша, ең алдымен, белгілі бір іс-әрекетті түйсіну, яғни тілдің дамуында бірінші етістіктіктің түбірлері пайда болды. Сол сияқты, сөздер ғылымда ортақ еңбек үрдісінде атқарылған жұмыстар кезіндегі айтылған дыбыстардан құралған деген гипотеза пайда болды. Бұл гипотеза бойынша, алдымен етістіктердің іс-әрекеттің белгілі бір түріне сәйкес болатын түбірі пайда болған да, кейіннен сөз бен сөйлемдердің басқа мүшелері пайда болған. Неміс антропологы М.Мюллердің гипотезасының мәні осылай еді. Дәл осындай жолмен қоғамдық еңбек үрдісінде бірте-бірте ақыл-ой қалыптасқан болуы керек.
Сонымен қатар, іс-әрекетке қарағанда, объектіні айқындап белгілеу маңыздырақ. Олай болса, зат есімдік түбір, аз мөлшерде болса да, етістіктік номинациямен қатар қалыптасуы қажет болды. Лексиканың құрамын анықтау қиындау – оның гоминидтерде қорек ретінде пайдаланған өсімдіктердің, аулаған аңдарының, еңбек құралдарының аттары, жақын туыстық қатынастарының аталуы сияқты немесе аз ғана қажетті етістіктер жиынтығы болуы мүмкін екендігін жорамалдауға болады. Осы лексиканы пайдалану нәтижесінде белгілі бір іс-әрекеттердің бағытын білдіретін сөздер пайда болуы мүмкін. Алғашқы қоғамдағы ойлаудың жүйелі болмауы, түсініктердің кең мағынасын білдіре алған жоқ. Дегенмен, бірте-бірте тілдің сөздік құрамы ұлғайып, оның операциялық аумағы, яғни тілдің белгілі түсініктер арасындағы қатынастарды неғұрлым дәлірек білдіретін бөлігі дамып, жетіле түскендігін сенімді айтуға болады. Мустьерлік кезеңнің өзінде-ақ идеологияның алғашқы белгілері пайда болып, тілдің одан әрі байи түсуіне жағдай жасалды. Ең соңында, жалпыға бірдей түсінік бойынша, қазіргі заманғы адам түрінің пайда болуына байланысты тілдің дамуы ең жоғары деңгейіне жетіп, оның бүкіл әлем тілдерінің барлығына тән құрылымы түзіліп, қалыптасты.
Ертедегі аңшы, балықшылардың, т.б. бір кездері өте шектеулі болып есептелген лексиконының мұқият зерттеуден кейін өте кең ауқымды екендігі анықталды (Австралиялық аборигендерінің өздерінде ақ – 10 мыңнан аса сөз, яғни кез келген европалық тілдерден әлдеқайда көп). Грамматикаға байланысты да дәл осыны айтуға болады. Бір ғана етістіктің түрлерінің саны бірнеше жүзге дейін жететінін көптеп кездестіруге болады. Көптеген қарапайым тілдердің тағы бір ерекшелігі – олардың синтаксистерінің жеткіліксіз дамуы. Алайда, бұл мәдени даму деңгейінің төмендігін білдіреді деп тұжырымдау қиын. Өйткені, тіпті ең жоғары дамыған елдер халықтарының ауызша тілінде жеке сөз тіркестері жазба тілге қарағанда өте қысқа болып келеді. ХХ ғасырдың басында бір белгілі ғалым - лингвист Германиядағы бір кирханың сөздік қорын зерттеп, бір жыл ішіндегі олардың әртүрлі тіршілік жағдайларында пайдаланатын сөздерінің жалпы саны 400-ден аспайтынын анықтады.

- Ткани
- Ткани
- Ткани, их строение и функции
- Тканина
- Ткани растений
- Ткани растений
- Ткань и бумага в архитектуре
- Тіршілік ету ортасы және экологиялық факторлар
- Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы басқару органдарының құрылымы
- Тіршілік қауіпсіздік негіздері
- Тіршілік тану
- Тіршіліктану пәні бойынша клетканың химиялық құрылысына методикалық өңдеу
- Тіршіліктің пайда болуы
- Тіршілік эволюциясы