Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
Номер Акта: 274-IV
Вид Акта: Закон
Дата принятия: 04.05.2010
База данных по состоянию: 10.10.2010
Осы Заң
тұтынушылардың құқықтарын
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда
Осы Заңда мынадай
негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дайындаушы – өткізу үшін тауар өндіретін
жеке немесе заңды тұлға;
2) жарамдылық мерзімі – бітуіне қарай
тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз
деп саналатын уақыт кезеңі;
3) жұмыс – тұтынушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері
материалдық сипатқа ие қызмет;
4) кемшілік – тауардың (жұмыстың, көрсетілетін
қызметтің) техникалық регламенттердің,
стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың
міндетті талаптарына, шарттың ережелеріне,
сондай-ақ тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет)
туралы сатушы (дайындаушы, орындаушы)
ұсынған ақпаратқа сәйкес келмеуі;
5) кепілді мерзім – тауар (жұмыс, көрсетілетін
қызмет) тиісті түрде пайдаланылған және
сақталған жағдайда оның сапасына сатушы
(дайындаушы, орындаушы) кепілдік беретін
уақыт кезеңі;
6) көрсетілетін қызмет – тұтынушылардың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған,
нәтижелері материалдық сипатта болмайтын
қызмет;
7) қызмет ету мерзімі – тауарды мақсаты
бойынша пайдалану мүмкін болатын уақыт
кезеңі;
8) орындаушы – шарт бойынша жұмысты орындаушы
немесе қызмет көрсетуші жеке немесе заңды
тұлға;
9) сақтау мерзімі – сақтаудың белгіленген
талаптары орындалған кезде тауардың
сапасы сақталатын уақыт кезеңі;
10) сатушы – Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды
өткізуші жеке немесе заңды тұлға;
11) тауар – дайындаушы (орындаушы) қызметінің
өткізуге арналған өнімі;
12) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
қауіпсіздігі – тауарды пайдаланудың,
сақтаудың, тасымалдаудың, кәдеге жаратудың
әдеттегідей жағдайларында немесе жұмысты
орындау (қызмет көрсету) процесінде тұтынушының
өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне,
сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіру
мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін
қатердің болмауы;
13) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
сапасы – тауардың (жұмыстың, көрсетілетін
қызметтің) тұтынушы қажеттіліктерін
қанағаттандыру қабілетіне жататын сипаттамаларының
жиынтығы;
14) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет
көрсету) фактісін растайтын құжат – бақылау
(тауарлық) чегі не кассалық кіріс ордерінің
түбіртегі, жыртылатын талон түбіртегі,
тиісті түрде ресімделген техникалық
паспорт, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін
қызметтің) атауы, құны, сатып алынған
күні, сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы
мәліметтерді қамтитын өзге де құжат;
15) тұтынушы – өз қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке)
тапсырыс беру немесе иелену ниеті бар
не тапсырыс беретін, оларды иеленетін
және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға;
16) уәкілетті орган – тұтынушылардың
құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты
жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан
құқықтарын
қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан
Республикасының тұтынушылар
2. Тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік,
медициналық, туристік және өзге де көрсетілетін
қызметтер саласындағы құқықтары, сондай-ақ
оларды қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленеді.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен
өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық
шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ
3-бап. Тұтынушылардың құқықтар
саласындағы
мемлекеттік реттеу
Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау саласындағы
мемлекеттік реттеуді
4-бап. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің тұтынушылар
құқықтарын
қорғау саласындағы құзыреті
Қазақстан
Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік саясаттың тұтынушылар
құқықтарын қорғау саласындағы негізгі
бағыттарын әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында,
заңдарында және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде көзделген
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5-бап. Уәкілетті органның
Уәкілетті
орган:
1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз
етеді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне
тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының тұтынушылар
құқықтарын қорғау туралы заңнамасын
жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік
органдардың қызметін салааралық үйлестіруді
жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының тұтынушылар
құқықтарын қорғау туралы заңнамасын
жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;
5) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы
тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен,
қауымдастықтармен (одақтармен) өзара
іс-қимыл жасасады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында,
Қазақстан Республикасы Президентінің
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады.
6-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
Мемлекеттік
органдар өз құзыреті шегінде:
1) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
2) уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының
Үкіметіне Қазақстан Республикасының
тұтынушылар құқықтарын қорғау
туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде
ұсыныстар енгізеді;
3) жеке немесе заңды тұлғалардың тұтынушылар
құқықтарын қорғау саласындағы өтініштерін
қарайды;
4) Қазақстан Республикасының тұтынушылар
құқықтарын қорғау туралы заңнамасын
бұзушыларға жауапкершілік шараларын
қолданады;
5) Қазақстан Республикасының тұтынушылар
құқықтарын қорғау туралы заңнамасының
сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында,
Қазақстан Республикасы Президентінің
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады.
3-тарау. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ
7-бап. Тұтынушылардың
Тұтынушылардың:
1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін
қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;
2) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы
ақпаратқа қол жеткізуге;
3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы,
сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы)
туралы ақпарат алуға;
4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін
қызметті) сатып алуға;
5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті)
еркін таңдауға;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
тиісті сапасына;
7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды
айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;
8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне,
денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген
залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;
9) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан)
тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет
көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға;
10) ұтыс түрінде берілген (орындалған,
көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін
қызметтің) сапасы бойынша ойындардың
бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә
қоюға;
11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін
құруға;
12) моральдық зиянды өтетуге;
13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
14) осы Заңда және Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарында көзделген өзге де
құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
8-бап. Тауарларды (орындалатын
жұмыстарды және
көрсетілетін
қызметтерді) иеленуге еркін
шарт жасасу
құқығы
Тұтынушының
тауарларды (орындалатын жұмыстарды
және көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін шарт
жасасуға құқығы бар.
Тұтынушыны тауарларды (орындалатын жұмыстарды
және көрсетілетін қызметтерді) иеленуге
шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
9-бап. Тұтынушылардың
саласындағы
ақпаратқа қол жеткізу құқығы
Тұтынушының
тұтынушылар құқықтарын қорғау
саласындағы ақпаратқа қол
10-бап. Тұтынушылардың тауар
(жұмыс, көрсетілетін
қызмет)
туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы,
орындаушы)
туралы ақпарат алу құқығы
1. Тұтынушының
тауар (жұмыс, көрсетілетін
2. Егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет)
туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы,
орындаушы) туралы толық емес, дұрыс емес
және уақтылы емес ақпарат беру:
тұтынушыға қажетті қасиеттері жоқ тауарды
(жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып
алуға әкеп соқса, ол шартты бұзуға және
өзіне келтірілген залалды өтеуді талап
етуге құқылы;
сатып алынған тауарды (жұмысты, көрсетілетін
қызметті) мақсатына сай пайдалану мүмкіндігінің
болмауына әкеп соқса, тұтынушы тауарды
сатып алған (жұмыс орындалған, қызмет
көрсетілген) күннен бастап күнтізбелік
үш күн ішінде тиісті ақпарат беруді талап
етуге құқылы. Егер көрсетілген мерзімде
ақпарат берілмесе, тұтынушы шартты бұзуға
және өзіне келтірілген залалды өтеуді
талап етуге құқылы;
тұтынушының өміріне, денсаулығына және
(немесе) мүлкіне зиян келтіруге әкеп соқса,
ол сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға)
осы Заңның 16 және 31-баптарында көзделген талаптарды қоюға
құқылы.
11-бап.
Тұтынушылардың қауіпсіз
көрсетілетін
қызметті) иелену құқығы
Тұтынушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың және кәдеге жаратудың белгіленген шарттарына сай оның тұтынушы өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпсіз болуына құқығы бар. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті талаптар міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
12-бап.
Тұтынушылардың тауарды (
қызметті)
еркін таңдау құқығы
Тұтынушының азаматтық
айналымнан алынып қоймаған
13-бап.
Тұтынушылардың тауардың (жұмыстың,
көрсетілетін
қызметтің)
тиісті сапасына құқығы
1. Егер Қазақстан
2. Тұтынушының иеленетін тауардың (жұмыстың,
көрсетілетін қызметтің) сапасын, жиынтықталымын,
салмағын, көлемін, санын, мөлшерін тексеруге,
егер бұл тауардың сипатына қарай мүмкін
болатын болса, өзінің қатысуымен тауардың
қасиеттерін тексертуді немесе оның дұрыс
және қауіпсіз пайдаланылуын көрсетуді
жүргізуге құқығы бар.
3. Егер тұтынушы шарт жасасу кезінде сатушыға
(орындаушыға) тауарды иеленудің (жұмысты
орындаудың, қызмет көрсетудің) нақты
мақсаттары туралы хабардар етсе, оның
тиісті сападағы, осы мақсаттарға сәйкес
пайдалануға жарамды тауарды (жұмысты,
көрсетілетін қызметті) алуға құқығы бар.
4. Тауарды үлгісі және (немесе) сипаттамасы
бойынша сату кезінде тұтынушының үлгіге
және (немесе) сипаттамаға сай келетін
тауарды алуға құқығы бар.
14-бап.
Тұтынушылардың тиісті
айырбастау
немесе қайтарып беру құқығы
1. Тұтынушы азық-түліктік емес
тауар өзіне берілген кезден бастап он
төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы)
бұдан да ұзақ мерзім жарияламаған болса,
сатып алынған тауарды оның бағасында
айырма болған жағдайда сатушымен (дайындаушымен)
қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері,
нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жиынтықталымы
жағынан басқа, соған ұқсас тауарға айырбастап
алуға құқылы.
Айырбастау осы Заңның 30-бабына сәйкес жүргізіледі.
2. Сатушыда (дайындаушыда) айырбастауға
қажетті тауар болмаған жағдайда сатып
алушы сатып алынған тауарды сатушыға
(дайындаушыға) қайтарып беруге және оған
төленген ақшалай соманы қайтарып алуға
құқылы.
3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды
сатып алу орны айырбастау немесе қайтарып
беру орны болып табылады.
15-бап.
Тұтынушылардың тиісті емес
тауар сатылған
жағдайдағы құқығы
1. Тиісті емес
сападағы тауар сатылған
1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;
2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды
талап етуге құқылы.
Тиісті емес сападағы тауарды сатушы
оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда,
осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында
көрсетілген талаптар сатып алушының
таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға
қойылуы мүмкін;
3) тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған
өз шығыстарын өтеуді;
4) соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді)
тауарға ауыстыруды;
5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей
отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді)
сондай тауарға ауыстыруды;
6) шартты бұзуды және тауар үшін төленген
ақшалай соманы қайтаруды талап етуге
құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)-6) тармақшаларында
көрсетілген талапты таңдауына қарамастан,
келтірілген залалды өтету құқығы тұтынушыға
тиесілі болады.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұтынушы
тауарды сатып алу орны бойынша осы баптың
1-тармағында көрсетілген талаптарды қоюға
құқылы.
3. Тұтынушы, осы баптың 1-тармағында белгіленген
талаптар осы Заңда белгіленген мерзімде
анықталған жағдайда, осы талаптарды қоюға
құқылы.
16-бап. Тұтынушылардың
қызметтің)
кемшіліктері салдарынан өздерінің
өміріне,
денсаулығына және (немесе) мүлкіне
келтірілген
залалды (зиянды) толық көлемде
өтету құқығы
1. Тұтынушының
тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
құрастыру, рецептілік немесе
өзге де кемшіліктері
2. Сатушының (дайындаушының, орындаушының)
кінәсіне және тұтынушының онымен шарттық
қатынастарда тұрғанына немесе тұрмағанына
қарамастан, кез келген тұтынушының тауардың
(жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері
салдарынан келтірілген залалды (зиянды)
өтеуді талап ету құқығы танылады.
17-бап. Тұтынушының тауардағы
кемшіліктерге
қатысты
талаптар қою мерзімдері
1. Жарамдылық
мерзімі белгіленген тауарға қатысты тұтынушы
тауардағы кемшіліктер туралы, егер олар
тауардың жарамдылық мерзімі ішінде табылса,
талаптар қоюға құқылы.
2. Егер тауарға кепілді мерзім белгіленген
болса, тауардағы кемшіліктер кепілді
мерзім ішінде табылған жағдайда тұтынушы
тауардағы кемшіліктермен байланысты
талаптар қоюға құқылы.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілді
мерзім тауар сатып алушыға берілген кезден
бастап есептеледі.
Егер тауарға кепілді мерзім немесе жарамдылық
мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы
кемшіліктер, егер Қазақстан Республикасының
заңнамасында немесе шартта бұдан да ұзақ
мерзімдер белгіленбесе, тауар тұтынушыға
берілген күннен бастап екі жыл шегінде
табылған жағдайда тұтынушы тауардағы
кемшіліктермен байланысты талаптар қоя
алады.
Шартта көзделген кепілді мерзім екі
жылдан аз уақытты құрайтын және тұтынушы
тауардағы кемшіліктерді кепілді мерзім
өткеннен кейін, бірақ тауар тұтынушыға
берілген күннен бастап екі жыл ішінде
тапқан жағдайларда, егер тұтынушы тауардағы
кемшіліктердің тауар тұтынушыға берілгенге
дейін немесе сол кезге дейін туындаған
себептер бойынша туындағанын дәлелдесе,
сатушы (дайындаушы) жауапты болады.
Шартта жиынтықтаушы бұйымдарға кепілді
мерзімнің ұзақтығы негізгі бұйымға кепілді
мерзімнің ұзақтығынан аз болып белгіленген
жағдайда, тұтынушы жиынтықтаушы бұйымнан
кемшіліктер тапқан кезде ол жөнінде негізгі
бұйымға белгіленген кепілді мерзім ішінде
талаптар қоюға құқылы.
Егер жиынтықтаушы бұйымдарға кепілді
мерзімнің ұзақтығы негізгі бұйымға кепілді
мерзімнің ұзақтығынан артық болып белгіленсе,
тұтынушы, егер негізгі бұйымға белгіленген
кепілді мерзімнің өтіп кетуіне қарамастан,
жиынтықтаушы бұйымдағы кемшіліктер оған
белгіленген кепілді мерзім ішінде табылса,
тауардағы кемшіліктер туралы талаптар
қоюға құқылы.
Тауарларды үлгілері бойынша, почта арқылы
сату кезінде, сондай-ақ сатып алу-сату
шартын жасасу кезі мен тауарды тұтынушыға
беру кезі сәйкес келмейтін жағдайларда,
кепілді мерзім не тауардың кемшіліктерін
анықтауға арналған мерзім - тауардың
тұтынушыға берілген (жеткізілген) күнінен
бастап, ал егер тауар арнайы орнатуды
(қосуды) немесе жинауды қажет ететін болса,
оны орнату (қосу) немесе жинау күнінен
бастап есептеледі. Егер тұтынушы сатушыға
(дайындаушыға) байланысты мән-жайлар
бойынша тауарды пайдалану мүмкіндігінен
айырылса, кепілді мерзім не тауардың
кемшіліктерін анықтауға арналған мерзім
сатушы (дайындаушы) осындай мән-жайларды
жойғанға дейін есептелмейді. Егер тауарды
беру (жеткізу), орнату (қосу) немесе жинау,
соның салдарынан тұтынушы тауарды мақсаты
бойынша пайдалана алмайтын, сатушыға
байланысты мән-жайларды жою күнін анықтау
мүмкін болмаса, бұл мерзім сатып алу-сату
шартын жасасқан күннен бастап есептеледі.
18-бап. Тұтынушының сатушыдан
(дайындаушыдан,
орындаушыдан)
тауарды иелену (жұмысты
орындау,
қызмет көрсету) фактісін
растайтын
құжатты алу құқығы
Тұтынушының
сатушыдан (дайындаушыдан,
Тұтынушыда тауарды иелену фактісін растайтын
құжаттың болмауы оны шарттың жасалу фактісін
немесе оның талаптарын растауда куәлердің
айғақтарына сілтеме жасау құқығынан
айырмайды.
19-бап. Тұтынушының ойын
(ұйымдастырушысына)
ұтыс түрінде берілген
(орындалған,
көрсетілген) тауардың (жұмыстың,
қызметтің)
сапасы бойынша кінә қою құқығы
Егер ойын
бастамашысы (ұйымдастырушысы)
20-бап. Тұтынушылардың
бірлестіктерін
құру құқығы
Тұтынушылар
ерікті негізде тұтынушылардың
қоғамдық бірлестіктеріне
21-бап. Моральдық зиянды
Тұтынушының
Қазақстан Республикасының
22-бап. Тұтынушылардың
заңды мүдделерін
қорғау құқығы
Тұтынушылардың
құқықтары мен заңды
4-тарау. САТУШЫНЫҢ (
ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ
23-бап. Сатушының (
мерзімді
белгілеу жөніндегі құқығы
Егер Қазақстан
Сатушы дайындаушының (орындаушының)
белгілеген кепілді мерзімін ұзартуға
құқылы, бірақ оны азайтуға құқылы емес.
24-бап.
Сатушының (дайындаушының,
міндеттері
Сатушы (дайындаушы, орындаушы):
1) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы,
сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы)
туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат
беруге;
2) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті)
еркін таңдауды қамтамасыз етуге;
4) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
тиісті сапасын қамтамасыз етуге;
5) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауардың
ауыстырылып берілуін немесе қайтарылуын
қамтамасыз етуге;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
кемшіліктері салдарынан тұтынушының
өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне
келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде
өтеуге;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
көзделген тәртіппен және жағдайларда
бақылау-кассалық машиналарының болуына;
8) бақылау-кассалық машиналар орналастырылған
жерде тұтынушының бақылау (тауарлық)
чегін алу қажеттігі туралы және бақылау-кассалық
машиналарын қолдану тәртібі бұзылған
жағдайда оның салық органына (тиісті
салық органының телефон нөмірін көрсетіп)
жүгіну құқығы туралы қазақ және орыс
тілдерінде ақпарат орналастыруға;
9) тауарларды сату (жұмыстарды орындау,
қызметтер көрсету) жөніндегі қызметті
тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғада
оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда)
көрсетілген омырау карточкасының (бейджінің)
болуын және оның санитариялық ережелер
мен гигиеналық нормативтерді сақтауын
қамтамасыз етуге;
10) тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті
көрсету) кезінде тауарды иелену (жұмысты
орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын
құжатты беруге;
11) мәлімделген жұмыс режимін сақтауға;
12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарында көзделген өзге де
талаптарды орындауға міндетті.
Сатушы (дайындаушы) бағалар заттаңбасымен
ресімделген, сауда объектісінің ішкі
және сыртқы витриналарына қойылған тауардың
құнын көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау
жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Дайындаушы (орындаушы) жұмыстардың және
көрсетілетін қызметтердің құнын жазбаша
түрде көрсетуге міндетті.
Дайындаушы тауардың жарамдылық мерзімін,
сақтау мерзімін белгілеуге міндетті.
25-бап.
Сатушының (дайындаушының,
тауар (жұмыс,
көрсетілетін қызмет) туралы
ақпарат
беру жөніндегі міндеті
1. Тауар (жұмыс, көрсетілетін
қызмет) туралы ақпарат міндетті
түрде мыналарды:
1) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
атауын;
2) ұсынылатын жұмыстардың (көрсетілетін
қызметтердің) түрлері мен ерекшеліктерін;
3) егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет)
техникалық регламенттерде, стандарттарда
және өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға
сәйкестікті растау рәсіміне жататын
жағдайда сәйкестік белгісін;
4) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы,
азық-түліктің тағамдық, биологиялық және
энергетикалық құндылығы туралы мәліметтерді,
сондай-ақ кейбір аурулар мен сырқаттану
кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген жағдайларда және тәртіппен
оларды қолдануға болмайтындығы туралы
мәліметтерді;
5) тауардың құрамын, тамақ өнімдеріне
қатысты – олардың құрамы, оның ішінде
тамақ қоспаларының, азықтардың және азық
қоспаларының, тамаққа биологиялық активті
қоспалардың болуы және олардың мөлшері
туралы мәліметтерді;
6) егер мұндай компоненттегі генетикалық
түрлендірілген организмдер құрамы 0,9
және одан да көп процентті құрайтын болса,
тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген
организмдерден тұратын немесе соларды
қолдана отырып алынған компоненттердің
болуы туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Бұл ретте, оралған өнімдерде – заттаңбада,
оралмаған өнімдерде – өнім туралы нұсқамаларда
«Осы өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген
организмдер бар» деген сөздер жеке сөйлем
ретінде көрсетілуге тиіс;
7) дайындаушының тауарлық белгісін;
8) тауарды шығарған елді;
9) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті)
сатып алу құны мен шарттарын;
10) кепілді мерзімнің болуын немесе болмауын;
11) егер бұл тауарлардың ерекшелігіне
байланысты талап етілсе, тамақ өнімдерін
дайындау жөніндегі ұсынымдарды;
12) тауардың дайындалған күні мен орнын,
қызмет ету мерзімін және (немесе) жарамдылық
мерзімін және (немесе) сақтау мерзімін,
егер тауарды сақтаудың талаптары тиісті
тауарды сақтаудың әдеттегідей жағдайларынан
ерекшеленетін не арнайы сақтау талаптарын
қажет ететін болса, оларды сақтау талаптарын
көрсетуді, сондай-ақ, егер тауар көрсетілген
мерзімдер өткеннен кейін тұтынушының
өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне
және қоршаған ортаға қауіп төндіретін
болса немесе мақсаты бойынша пайдалануға
жарамсыз болса, көрсетілген мерзімдер
өткеннен кейін тұтынушының қажетті іс-әрекеттері
және мұндай іс-әрекеттерді орындамаған
кездегі ықтимал салдарлар туралы мәліметтерді;
13) сатушының (дайындаушының, орындаушының)
атауын (фирмалық атауын), орналасқан жерін
(заңды мекенжайын), сатушы (дайындаушы)
тұтынушыдан қойылған кінәларды қабылдауға
уәкілеттік берген және тауарды жөндейтін
әрі оған техникалық қызмет көрсететін
дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның
(оның филиалының, өкілдігінің) орналасқан
жерін;
14) егер мұның жұмыс (көрсетілетін қызмет)
сипатымен байланысты мәні болса, жұмысты
орындайтын (қызмет көрсететін) нақты
тұлғаны көрсетуді және ол туралы ақпаратты;
15) музыкалық туындыларды орындаушылардың
ойын-сауық қызметтерін көрсетуі кезінде
фонограммаларды, дыбыс-бейне жазбаны
пайдалануын көрсетуді;
16) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет)
массасының шамасын (нетто), көлемін, санын
және (немесе) жиынтықталымын;
17) тауардың мақсаты туралы және тиімді
әрі қауіпсіз қолданылу жағдайлары туралы
мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес тұтынушыға ұсынылуы
міндетті болып табылатын не тұтынушы
мен сатушы (дайындаушы, орындаушы) арасында
жасалған шартта көзделген өзге де мәліметтерді
қамтуға тиіс.
Егер тұтынушы иеленетін тауар пайдалануда
болса немесе ондағы кемшілік жойылған
болса, тұтынушыға ол жөнінде ақпарат
берілуге тиіс. Мұндай тауарды иеленген
жағдайда кемшіліктің болуы туралы мәліметтер
иелену фактісін растайтын құжатта көрсетілуге
тиіс.
2. Сатушы (дайындаушы) айырбастауға жатпайтын
тиісті сападағы тауар туралы уақтылы
хабарлауға міндетті.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген
ақпарат тауарға (жұмысқа, көрсетілетін
қызметке) қоса берілетін құжаттамада,
тұтыну ыдысында, жапсырмаларда немесе
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) жекелеген түрлері үшін
қабылданған өзге де тәсілмен тұтынушының
назарына қазақ және орыс тілдерінде жеткізіледі.
4. Дайындалған жерінен басқа жерде тұтыну
ыдысына бөлшектеп салынған және оралған
азық-түлік өнімдері мен басқа да тауарларда
осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпараттан
басқа, бөлшектеп салушы және ораушы (тегі,
аты және әкесінің аты (бар болғанда), сондай-ақ
бөлшектеп салынған және оралған күні
мен уақыты туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
26-бап.
Сатушының (дайындаушының,
(дайындаушы,
орындаушы) туралы ақпарат беру
жөніндегі
міндеттері
1. Сатушы (дайындаушы,
орындаушы) өзінің атауын (фирмалық
атауын), орналасқан жерін (заңды
мекенжайын) және жұмыс режимін
қазақ және орыс тілдерінде
аталған ақпаратты маңдайшаға
орналастырып, тұтынушының назарына
жеткізуге міндетті.
Дара кәсіпкер болып табылатын сатушы
(дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға өзінің
тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
туралы, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден
өткені және оны дара кәсіпкер ретінде
тіркеуді жүзеге асырған органның атауы
туралы ақпаратты да ұсынуға тиіс.
2. Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы)
жүзеге асыратын қызметтің түрі лицензиялауға
жатса, тұтынушыға қазақ және орыс тілдерінде
лицензия, оның қолданылу мерзімі, оны
берген мемлекеттік орган туралы ақпарат
берілуге, сондай-ақ тұтынушының талабы
бойынша лицензияның түпнұсқасымен немесе
нотариат куәландырған көшірмесімен танысу
мүмкіндігі берілуге тиіс.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген
ақпарат сауда-саттық, тұтынушыларға көрсетілетін
тұрмыстық және өзге де қызмет түрлері
сатушының (дайындаушының, орындаушының)
тұрақты орналасқан жерінен тысқары жерде,
уақытша үй-жайларда, жәрмеңкелерде, сөрелерден
және басқа да жағдайларда жүзеге асырылған
кезде тұтынушының назарына жеткізілуге
тиіс.
27-бап. Сатушының (дайындаушының,
орындаушының) тауардың
(жұмыстың,
көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін
қамтамасыз
ету жөніндегі міндеттері
1. Сатушы (дайындаушы)
тауардың белгіленген сақтау
мерзімі немесе жарамдылық
2. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға
ықтимал тәуекел туралы және тауарды (жұмысты,
көрсетілетін қызметті) қауіпсіз пайдаланудың
шарттары туралы хабарлауға міндетті.
Бұл ретте, егер тауарды (жұмысты, көрсетілетін
қызметті) қауіпсіз пайдалану, оны сақтау,
тасымалдау немесе кәдеге жарату үшін
арнаулы ережелерді сақтау қажет болса,
онда дайындаушы (орындаушы) оларды тауарға
(жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қоса
берілген құжаттамада, тұтыну ыдысында,
жапсырмаларда немесе тауарлардың (жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің) жекелеген
түрлері үшін қабылданған өзге де тәсілмен
көрсетуге міндетті.
3. Сәйкестігі міндетті расталуға жататын
тауарды, оның ішінде импорттық тауарды
сәйкестіктің тиісті сертификаттарынсыз
немесе сәйкестік туралы декларациясыз
өткізуге жол берілмейді.
4. Тұтынушы тауарды пайдаланудың, сақтаудың,
тасымалдаудың немесе кәдеге жаратудың
белгіленген ережелерін сақтаған кезде
тауар тұтынушының өміріне, денсаулығына
және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға
зиян келтірсе немесе келтіруі мүмкін
болса, сатушы (дайындаушы) зиянның себептері
жойылғанға дейін оны өндіруді (өткізуді)
дереу тоқтата тұруға міндетті. Егер зиянның
себептерін жою мүмкін болмаса, сатушы
(дайындаушы) мұндай тауарды өндірістен
(өткізуден) алуға және ол жөнінде тиісті
мемлекеттік органдарға уақтылы хабарлауға,
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыға
оның өміріне, денсаулығына және (немесе)
мүлкіне, қоршаған ортаға ықтимал қауіп
туралы уақтылы хабарлау, тауарды айналымнан
алып қою және тұтынушыдан қайтарып алу
жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдауға
міндетті.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыға
оның өміріне, денсаулығына және (немесе)
мүлкіне, қоршаған ортаға қауіп төндіретін
тауарлар туралы хабарлау сатушының (дайындаушының)
қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. Сатушы (дайындаушы) осы баптың 4-тармағында
көзделген міндеттерін орындамаған кезде
тауарды өндірістен алу, оны айналымнан
алып қою және тұтынушыдан қайтарып алу
тиісті мемлекеттік органның нұсқамасы
бойынша жүргізіледі. Тиісті мемлекеттік
органның нұсқамасын орындамау Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген
жауапкершілікке әкеп соғады.
Тауарды қайтарып алуға байланысты тұтынушыға
келтірілген залалды сатушы (дайындаушы)
толық көлемде өтеуге тиіс.
28-бап. Сатушының (
(жұмысты,
көрсетілетін қызметті) еркін таңдауды
қамтамасыз
ету жөніндегі міндеттері
1. Сатушы (дайындаушы,
орындаушы) тұтынушының өзіне ыңғайлы уақытта
тиісті сападағы тауарды (жұмысты, көрсетілетін
қызметті) сатушының (дайындаушының, орындаушының)
жұмыс режимін ескеріп, еркін таңдауын
қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны
тиісті емес сападағы тауарды (жұмысты,
көрсетілетін қызметті) өзіне қажетсіз
мөлшерде және (немесе) ассортиментте
сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады.
2. Сатушы тауарды сату кезінде Қазақстан
Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз
ету туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға
рұқсат етілген өлшем құралдарын пайдалануға
тиіс.
3. Тауардың (жұмыстың) салмағы, саны, ұзындығы
және өзге де өлшемдері тұтынушының күмәнін
туғызған жағдайларда сатушы (дайындаушы)
аталған сипаттамаларды Қазақстан Республикасының
өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы
заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының
аумағында қолдануға рұқсат етілген өлшем
құралдарының көмегімен дербес тексеруге
мүмкіндік беруге міндетті.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарды
(жұмысты, көрсетілетін қызметті) таңдау
кезінде қандай да бір артықшылықтарды,
тікелей немесе жанама шектеулерді белгілеуге
жол берілмейді.
29-бап. Сатушының (
тауардың
(жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
тиісті
сапасын қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттері
1. Егер шартта
тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
сапасына қойылатын міндетті
талаптар көзделсе, сатушы (дайындаушы,
орындаушы) тұтынушыға осы
2. Сатушы (дайындаушы, орындаушы), егер
бұл тауардың (жұмыстың, көрсетілетін
қызметтің) сипатына қарай мүмкін болса,
тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
қасиеттері мен оны пайдалануды көрсетуге
және тұтынушыға сапасы тауар (орындалған
жұмыс, көрсетілген қызмет) туралы берілген
ақпаратқа және шарттың талаптарына сай
келетін тауарды беруге (жұмысты орындауға,
қызмет көрсетуге), сондай-ақ тұтынушының
талабы бойынша оған тауардың(жұмыстың,
көрсетілетін қызметтің) сапасы мен қауіпсіздігін
және оның жиынтықталымын растайтын құжаттарды
ұсынуға міндетті.
3. Шартта тауардың (жұмыстың, көрсетілетін
қызметтің) сапасы туралы талаптар болмаған
кезде сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген талаптарға сай келетін және
осындай тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет)
пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауарды
беруге (жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге)
міндетті.
4. Егер тұтынушы шарт жасасу кезінде сатушыны
(дайындаушыны, орындаушыны) тауарды сатып
алудың (жұмысты орындаудың, қызметті
көрсетудің) нақты мақсаттары туралы хабардар
етсе, сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға
тиісті сападағы, осы мақсаттарға сәйкес
пайдалануға жарамды тауарды беруге (жұмысты
орындауға, қызметті көрсетуге) міндетті.
5. Тауарды үлгі және (немесе) сипаттама
бойынша сату кезінде сатушы тұтынушыға
үлгіге және (немесе) сипаттамаға сай келетін
тауарды беруге міндетті.

- Тұтынушылардың мінез–құлқы
- Тұтынушылардың мінез–құлқына әсер ететін ішкі факторлар
- Тұтынушылар нарығы
- Тұтынушылар талғамы
- Тұтынушы мінез-құлқы
- Тұтынушының іс-әрекет моделі
- ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ
- Тұрмыстық қызмет көрсету
- Тұтас орта механикасының элементтері
- Тұтыну бағалар индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесі
- Тұтыну тауарларындағы сұраныс пен ұсыныс
- Тұтыну тауарларындағы сұраныс пен ұсыныс
- Тұтынушыларға қызмет көрсету процесін басқару
- Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы