Тәуліктік наряд. Тәулік кезекшінің құқықтары мен міндеттері

Әскери жарғы-- әскери қызметті өтеу тәртібін белгілейтін және соғыс жағдайында әскери құрамалар мен әскери бөлімдердің бір-бірімен өзара іс-қимылдарын үйлестіру ретін анықтайтын ережелердің жиынтығы. Әскери жарғы әскери қызметшілер үшін бұлжытпай орындауға тиіс заң болып табылады.[1] Арнаулы мақсатына қарай жауынгерлік (соғыстық) әскери жарғы және жалпыәскерлік әскери жарғы. (ішкі қызметтік, тәртіптік, саптық, горнизондық және қарауылдық әскери жарғылар) болып бөлінеді. Жалпыәскерлік әскери жарғылар Қарулы Күштер түрлерінің бәріне ортақ ережелерді әскери қызметті өтеу тәртібін, әскери қызметшілердің міндеттері мен құқығын анықтайды.[2]

Әскери жарғылар (Воинские уставы) -- Қарулы Күштер әскерлерінің күнделікті басшынықка алатын, олардың қызметін белгілейтін ресми құжаттар. Әскери жарғылар Қарулы Күштердің ішкі қызмет жарғысы, Қарулы Күштердің гарнизон және қарауылдық қызмет жарғысы, Қарулы Күштердің саптық жарғысы, Қарулы Күштердің тәртіптік жарғысы болып бөлінеді. Әскери жарғыларда Ұлы Отан соғысының тәжірибелері, әскери ғылым жетістіктері, жауынтерлерді оқыту мен тәрбиелеудің көп жылғы тәжірибелері талданып, қорытындыланған. Олардың бүкіл мазмұны мемлекеттің, халықтың мүддесіне сай келеді. Әскери жарғылардың негізгі идеясы -- патриотизм, әрбір жауынгердің Отанды қорғаудағы жауапкершілігі, әскери борьпііына, әскери антына шексіз берілгендігі. Әскери жарғылар барлығы бір мақсатқа бағытталған. Олардың мақсаты: әскер қатарында темірдей берік тәртіпті сақтау, жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеуді бір жүйеде жүргізу, әскери істі казіргі әскери өнер мен ғылым талаптарына сай ұйымдастыру және жүргізу. ҚР Қарулы Күштерінің жарғылары 1998 ж. 27 қарашада бекітілді.[3]

ОбычныйТерминСписокопределенийАдресЦитатыФорматированныйҚазақстан Қарулы Күштері

Кіріспе

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.

Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз.

Қазір енді Отан қорғаушылар қатарында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлдары мен немерелері тұр. Олар әкелері мен аталарының үлесіне тиген қатал сыннан өткен жоқ. Әйтсе де олар армиямыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал, Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді.

Қазіргі армия жауынгердің ерік-жігері мен психологиялық төзімділігіне үлкен талап қояды. Ол әскери техникаларды, оның ішінде өте күрделі әскери машиналарды, ракета комплекстері мен радио электрондық жүйелерді, атомдық сүңгуір қайықтары мен дыбыстан жылдам ұшатын әуе кемелерін шебер меңгере білуі керек. Бұл жерде жауынгердің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Ал әскери тәртіпті білу, оны орындауға әзір тұру - өзіңнің жеке басыңды қалыптастыру мен әскери қызметке дайындалу жолындағы маңызды қадам деген сөз.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: " Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады”. Бұл сөздердің мәні қандай екендігі жайында өздеріңе ұсынылып отырған библиографиялық құралдағы материалдардан білулеріңе болады.

Қазақстан армиясы

Қазақстанның егемендігі күрделі геосаяси процестер жағдайында қалыптасты. Бұрынғы КСРО-ның оңтүстік шекаралары тұрақсыздық белдемі әрі әскери қақтығыстар болуы мүмкін аймақтар ретінде сипатталды. Ауғанстандағы соғыс мемлекеттік шекараларды аттап өтіп, айқын әскери қатерге айналды.

Қазақстан территориясында КСРО-ның оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауға арналған КСРО Қарулы Күштерінің жалпы саны 200 мың адамнан тұратын әсекери топтары орналасты. Оның құрамында стратегиялық ядролық күштердің, 40 жалпы әскери армияның бірлестіктері, құрамалары және бөлімдері, 73 әуе армиясының, 37 әуе шабуылынан қорғаныс күштері корпусы, 56 аралас авиациялық әскеи-әуе күштері корпусы, сондай-ақ тыл және техникалық жабдықтау құрамалары мен бөлімдері болды. Қалыптасқан жағдай Қазақстанда орналасқан әскерге жақсы жолға қойылған қатаң бақылау орнатылуын талап етті. Ел басшылығы бұл үшін барлық қажет шараларды қолданды. 1991 жылы 21 тамызда Қазақстан Президентінің " Қазақ КСР- інің Қауіпсіздік кеңесін құру туралы” Жарлығы шықты.

Жарияланған егемендікті қорғау үшін, сондай-ақ, елдегі және республикадағы әскери саясатқа іс жүзінде ықпал ету үшін республикалық қорғаныс мекемесін құру обьективті қажеттілікке айналды.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның мемлекеттік саясатын біртіндеп жүзеге асыра отырып, 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президенті " Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы” Жарлық шығарды. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болып генерал-лейтенант С.Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды.

Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті Азаматтық қорғаныс штабы мен Қазақ республикалық әскери комиссариатының негізінде құрылды. Оған "әскери жасақтарға бақылауды” жүзеге асыру, сонымен бірге әскерлердің орын алмастырып, әр түрлі әскери жаттығулар жүргізуін, әскери мүліктердің республикадан тысқары жерлерге тасымалдануын, армияның әскери қызметіндегі басқа да бағыттарды "назарда” ұстау міндеті жүктелді.

Қазақстанның Мемлекеттік қорғаныс комитеті әскери-кадрлық саясатын КСРО Біріккен Қарулы Күштері Бас қолбасшылығының келісімімен жүргізіп отырды. Мысалға, Қазақстанда тұрған бөлімдер мен құрамалардағы полк командирінен бастап жоғары қызметтерге офицерлердің тағайындалуы міндетті түрде республика басшылығымен келісілуі керек болды.

Тәуелсіз Мемлекекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы 1991 жылғы 21 желтоқсандағы ортақ әскери-стратегиялық кеңістікті және бірыңғай қолбасшылықты сақтау және қолдау туралы сөз болды. Алайда, сол жылғы желтоқсанның ортасында Украина президенті, одан соң Әзербайжан мен Молдова президенттері өздерін стратегиялық күштерден басқа, өз республикаларының территориясында тұрған әскердің бас қолбасшысы етіп жариялады. 1992 жылдың басында бірыңғай қолбасшылықты сақтау ғана емес, ТМД елдері Қарулы Күштерін біріктірудің өзі мүмкін емес екендігі белгілі болды. Бұл басқа да бұрынғы одақтас республикаларды дербес армия құруға мәжбүр етті.

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы”, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ.Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып қалды.

Республика армиясының негізгі құрамында бірнеше (оның ішінде бір танк) дивизиясы бар 40 жалпы әскери армия, авиация корпусы, радио және радиотехникалық барлау бөлімшелері, жабдықтау бөлімшелері және Байқоңыр ғарыш айлағын, Семей сынақ алаңын және Сарышағандағы, Ембідегі, Арал теңізінің Барсакелмес аралындағы сынақ алаңдарын арнайы жабдықтау бөлімдері, базалар, арсеналдар, қоймалар және басқа да бөлімдер мен мекемелер құрады. Қазақстанда барлығы 200 мыңнан астам әскери қызметшілер болды, олардың қарауында стратегиялық қарудың аталған түрлерінен басқа 1200 танк және брондалған машиналар, 1500 артиллериялық жүйе және 370 әскери ұшақ бар еді.

Бұрынғы Кеңес Армиясының аталған бірлестіктері, құрамалары және бөлімдері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің негізін құрады.

Тәуелсіз Қазақстан армиясын құруда қорғаныс мәселесі бойынша құқықтық негіз қалаудың маңызы зор болды. Бұл жұмысты Президент, Үкімет, Қорғаныс министрлігі белсенді әрі мақсатты түрде жүргізді. Жас республиканың Отан қорғау мәселелері жөніндегі алғашқы заңдары өз уақытында және тиісті деңгейде дайындалды. 1992 жылы 22 қыркүйектің өзінде-ақ Жоғары Кеңес " Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғаныс туралы” Заңды қабылдады. Төрт айдан кейін - 1993 жылы 19 қаңтарда "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы”, ал екі аптадан кейін - 1993 жылы 1 ақпанда " Әскери қызметшілердің және олардың отбасының мәртебесі әлеуметтік қорғалуы туралы” Заңдар күшіне енді. Сондай-ақ, 1993 жылы 11 ақпанда Президент бекіткен Қазақстан Республикасының алғашқы әскери доктринасы ұжымдық түрге дайындалды. Ол соғысты болдырмау, қорғаныс қуатының жеткіліктілігі, ТМД елдерімен өзара көмек одағы принциптеріне негізделді. Доктрина ережелері мемлекеттің сыртқы саяси және әскери қызметінде кеңінен пайдаланылды.

1992 жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) қатысушысы болды, ал сол жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Кеңестер Одағының шарттары мен міндеттемелерінің құқықтық мұрагерлігін мойындайтынын мәлімдей отырып, Қазақстан өзі қол қойған шарттар мен келісімдерді, оның ішінде қаруды шектеу мен қысқарту мәселелері жөніндегі міндеттерін де адал орындап келеді. Орташа және шағын радиусты аумақта әрекет ететін ракеталар келісімдерде көрсетілген мерзімдер ішінде біртіндеп жойылды. Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту және шектеу жөніндегі шарт негізінде құрлықаралық баллистикалық және қанатты ракеталар кезекшіліктен алынып, 1995 жылдың ортасына қарай Ресейге жеткізілді, бұл қарумен жабдықталған құрамалар біртіндеп республика аумағынан шығарылды. 1998 жылы 109 жауынгерлік және оқу шахталық іске қосу құрылғысы, 16 оқу және командалық пункт таратылды. Сол мерзімде Байқоңыр сынақ алаңында 10 сынақтық шахтаның іске қосу құрылғысы, Дегелең тауларындағы 12 құрылғы, 187 штольняның 181-і және Семей сынақ алаңының Балапан алабындағы 13 ұңғыма жойылды. 1991 жылы 29 тамызда жабылған ядролық сынақ алаңының негізінде 1992 жылы мамырда Ұлттық ядролық орталық құрылып, Курчатов қаласы республиканың ядролық физика және экология проблемаларын зерттеу саласындағы ғылыми әлеуетін шұғыл көтерді.

Қарулардың бір түрлерін жойып, енді біреулерін қысқарту жөніндегі шаралар шет ел бақылаушыларының қатысуымен немесе әскери техника мен қару орналасқан аудандарды одан әрі бақылауға алу арқылы жүзеге асырылды. Қазақстандық нысандарда инспекциялық сапармен 16 мемлекеттен келген 33 инспекторлар тобы болды. Өз кезегінде қазақстандық өкілдер Германия, Польша, Италия аумағындағы шарттарды жүзеге асыру жөніндегі көп ұлтты инспекцияларға қатысты.

Республиканы ядролық қарусыз мемлекетке айналдыру идеясын республика жұртшылығы әр түрлі қабылдады. Ядролық қуатты сақтау идеясын жақтаушылар да табылды, онсыз елдің қауіпсіздігі мен территориясының тұтастығына кепілдік жасау мүмкін емес деп сендірді олар. Президент Н.Ә.Назарбаевтың, Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің күш-жігерімен оларды тыныштандырып, оңтайлы нұсқаны таңдап алуға қол жетті. Біздің жерімізде сақталып келген ядролық қуаттан бас тарту 1994 жылы желтоқсанда Ресей, Англия және АҚШ-пен бірге "Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа Қазақстан Республикасының қосылуына байланысты Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға” қол қойылуы арқылы заңдастырылды. Біздің еліміздің қауіпсіздігіне кепілдікті Қытай мен Франция да берді.

Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстан Республикасы шет елдермен қарым-қатынасқа үнемі көңіл бөліп келеді. Ол ешбір елді жау ретінде санамайтынын және оларға территориялық та, басқа да ешқандай талап қоймайтындығын мәлімдеді. "Шанхай бестігі” Үкіметтерінің - Ресей, Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан және Қытайдың біріге күш жұмсауымен ҚХР-дың солтүстік көршілерімен арадағы шекарасы туралы ондаған жылдар бойы сақталып келе жатқан түсініспестік жойылды. Оның ішінде Қытайдың Қазақстанмен шекарасы делимитацияланды, одан соң бүкіл шекара бойында демаркация жүргізілді. Қазақстан Республикасының Ресеймен, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шекарасын делимитациялау басталды. Соның өзінде аталған мемлекеттер ортақ кедендік кеңістікті және адамдардың, көлік құралдары мен тауарлардың еркін қозғалысын сақтауға тырысып отыр. Тек қана есірткі заттарын, қаруды тасымалдауға және діни, саяси экстремизмге бөгет қойылады.

Барлық билік тармақтарының күш жұмсауымен Қазақстан өзінің бүкіл шекарасы бойында қауіпсіздік белдемін жасауға қол жеткізді. Республикадағы тұрақтылық жағдайы бүкіл әлемдегі өзгерістерге әсер етуде. Блоктардың бір-біріне текетіресі аяқталуымен бірге қырып жоятын ядролық және басқа да қару түрлерін қолдану арқылы дүниежүзілік соғыс тудыру қатері азайды. Қару-жараққа бақылау орнату жүйесі кеңінен өрістеуде, мемлекеттер арасындағы жанжалдарды болдырмау және өрістетпеу шаралары жиі қолданылуда. Алайда теріс бағыттар да жоқ емес. Ядролық қаруға тыйым салу ісі бәсеңдеп қана қалған жоқ, сонымен қатар, республикаға жақын орналасқан Пәкістан мен Үндістан - жаңа ядролық мемлекеттерге айналды. Мұның бәрі мемлекеттің өз армиясына үнемі көңіл бөлуін талап етті және талап етеді.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзі құрылған күннен бастап Құрлықтағы әскерден, Әскери - әуе күштерінен және Әуе шабуылынан қорғаныс әскерінен тұрды.

1993 жылы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің " Қазақстан Республикасының әскери-теңіз Күштерін құру туралы” Жарлығы шықты. Республиканың Әскери-Теңіз Күштері құрамына 1- рангілі капитан Исламовтың басшылығымен алғашқы болып кірген 8 теңіз офицері басты база ретінде Ақтау портын таңдап алды. 1- рангілі капитан Р.А. Қомратов әскери - теңіз базасының командирі, кейінірек Әскери-Теңіз күштерінің қолбасшысы болып тағайындалып, тұңғыш қазақ контр-адмиралы болды.

1995 жылы 6 америкалық катер, бір жылдан кейін Германиядан әкелінген 4 шағын күзет кемесі суға түсірілді. Флотты кемемен қамтамасыз ету ісіне республика өнеркәсібі қосылды, жетекші рөлді Оралдың "Зенит” зауыты өз мойнына алды. 1998 жылы кәсіпорын ұжымы елдің және ТМД-ның басқа қалаларынан қосылған салалас мамандармен бірлесе отырып, алғашқы күзет кемесі "Сұңқарды”, көп өтпей екіншісі "Батырды” суға түсірді. Қазақстан Республикасының Әскери Теңіз Күштері өзінің бесжылдығын 500 матрос, старшина және Офицері бар 17 кеме мен катер құрамында атап өтті.

1997 жылы 17 қарашада Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үш жақты құрылымға ауыстырылды Жалпы әскери күштер ( оған Құрлықтағы әскер және Жедел қимыл күштері енді), Әуе қорғанысы күштері ( Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылынан қорғаныс күштері біріктірілді) және Мемлекеттік шекараны қорғау күштері (олар Шекара әскерлерінің заставалары мен бөлімдерінен, Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз күштерінің кемелері мен жағалау қызметінен тұрады). Сонымен бір уақытта Бас штаб Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Штабы болып қайта құрылды. Көп өтпей, алайда, Шекара әскерлерінің Қорғаныс министрлігіне бағынуының негізсіздігі айқын болып, 1999 жылдың 2 шілдесінен бастап олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағына қайтарылды.

ТМД-ның әрбір елінде Қарулы Күштер құрылған кезден бастап, олардың басшылары өз қорғаныстарын ұжымдық негізде құрғысы келетіндерін мәлімдеді. Алайда, 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚШ) тек 6 ел ғана - Армения, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қол қойды. Келесі жылы оған Әзербайжан, Беларусь және Грузия қосылды. Небәрі бес жыл өткеннен кейін, 1999 жылы 4 ақпанда Әзербайжан, Грузия және Өзбекстан ҰҚШ-ға мүшеліктен шығу туралы шешім қабылдағанын мәлім етті. 2-3 аптадан кейін бұл үш елдің бірінің қабылдаған шешімінің қате болғанын сезінуіне тура келді. Ташкенттің орталығында ислам оппозициясы күштері ұйымдастырған жарылыс болды. Діни уағыздармен бүркемеленген мұндай күштер Тәжікстан және Қырғызстан Республикаларында жанданды. Ауған талибтерінің, Усама бен Ладеннің және басқа да халықаралық экстремистердің қолдауына сүйенген олар Ферғана жазығында және Тәжікстанның, Қырғызстанның оған көршілес аудандарында, Өзбекстанның Сурхандария облысында ислам мемлекетін құру идеясын көтерді. 1999 жылы үкімет әскерлерінің күшінен жеңіліске ұшыраған олар 2000 жылы өздерінің арандату әрекетін қайталап, бірақ тағы да қуылды. Алайда бүкіл ортаазиялық республикаларға, оның ішінде Қазақстанға да елеулі қатер төнгені айқын болды.

Біздің көршіміз - Қытай Халық Республикасы үшін де қауіп күшейді. Бұл бұрынғы КСРО-ның ортаазиялық республикалары мен Қытай кіретін "Шанхай бестігінің” қызмет ауқымын кеңейтуге негіз болды. Шекара мәселелерін және шекаралық белдемдердегі сенім шараларын шешуге негізделген "Шанхай бестігі” терроризм қатерімен күресте де бірлесе әрекет етуге шешім қабылдады. Осы мақсатпен олардың арасында әскери-саяси ынтымақтастық кеңеюде, халықаралық террористердің қауіпті әскери қимылдарын тойтару жөнінде біріккен жаттығулар өткізу, бітімгершілік шараларға қатысу көзделуде. Осы және басқа мәселелер бойынша келісімдер 2000 жылғы наурыздың соңында Астанада өткен Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қорғаныс министрлері кеңесінің қорытындысына негізделген Бірлескен коммюникеден өз көрінісін тапты.

Бір айдан соң Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, және Өзбекстан президенттерінің екі күндік кездесуінің қорытындысы бойынша, саяси және діни экстремизмге, транс-ұлттық ұйымдасқан қылмысқа және тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін басқа да қатерлерге қарсы күрестерге бірлескен қимылдар туралы шартқа қол қойылды. Көршілес мемлекеттер басшылары мұны "Қорғаныс Одағы” деп атады. Көрші елдегі "Баткен соғысы” деп аталған жағдайлар, оның біздің мемлекетіміздің оңтүстік аудандарына өтуінің тікелей қатері "қорғаныс одағы” - ҰҚШ-ға қатысушы елдердің өзара қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге бұрын басталған әскери реформаны жеделдетуді талап етті. 2000 жылы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жаңа Әскери доктринаны бекітті. Ол бұрынғыша қорғаныс сипатына ие және әскери қақтығыстарды болдырмауды, оларды дипломатиялық жолдармен шешуді басты міндеті санайды. Геосаясаттағы өзгерістер терең талдана отырып, жаңа әскери доктринада жаңа қауіп қатерлердің өскені, әсіресе, оның халықаралық терроризм, саяси және діни экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, қару-жарақ пен есірткіні заңсыз тасымалдау тарапынан болып отырғаны мәлімделді. Осыларды, сондай-ақ, қарулы күрес құралдары мен әскери өнердегі өзгерістерді ескере отырып, жаңа доктрина соғыстың сипаты, құрылымы және әскерлердің әскери іс-қимылдары туралы мәселелерді жаңаша түсіндіреді. Әскери қауіпсіздікті экономикалық жағынан қамтамасыз ету мәселесі де кеңінен қарастырылды. Әскери доктрина негізінде, 2000 жылы 7 шілдеде "Әскери реформа тұжырымдамасы” және "Әскери құрылыстың 2005 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы” бекітілді.

Қабылданған құжаттар толығымен іске асырылуда. 2000 жылы 7 тамыздағы ел президентінің нұсқауымен Жаңа әскери-әкімшілік құрылым - әскери округтер құру басталды. Қазіргі кезде округтерде құрамалар мен бөлімдерді толықтыру, оларды орналастыру жұмыстары аяқталуда, гарнизондар ретке келтірілуде, барлық керек жарақпен қамтамасыз ету жолға қойылуда, облыстық және жергілікті өкімет органдарымен байланыс орнатылуда.

Қазақстан армиясында бөлімшелердің, бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік оқулар Ауғанстандағы соғыстың, сондай-ақ әлемнің басқа елдерінің соңғы онжылдықтағы қарулы қақтығыстарының тәжірибелерін ескере отырып жүргізіледі. Оқу сыныптарындағы сабақтар далалық-роталық және батальондық жаттығулардағы жауынгерлік атыстармен, әр түрлі ауқымдағы командалық-штабтық жаттығулармен толықтырылады.

1994 жылы 14 мамырда Әуе шабуылынан қорғаныс және Әскери-әуе күштері әскерлерінің республикалық әуе кеңістігін қорғау кезіндегі олардың өзара біріккен қимылдары мәселесі бойынша командалық-штабтық жаттығуы болды. Сол жылдың 15 тамызында Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен гвардиялық гарнизон бөлімдерінің кешенді командалық-штабтық жаттығуы өтті. 1995 жылы 3-7 қыркүйек аралығында Гвардейский поселкесінде кешенді жазғы-тактикалық жаттығу болды. Бір жылдан соң, 1996 жылы 13 қыркүйекте Әскери-әуе күштері бөлімдерінің жауынгерлік дайындығын тексеру және авиацияның, әскердің басқа түрлерінің бөлімдерімен өзара үйлесімді қимылдарын байқау мақсатында жаңа жаттығу өткізілді. Оларға қатысқан Н.Ә.Назарбаев тиісті қолбасшыларға Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің туын және Әуе шабуылынан қорғаныс күштерінің жауынгерлік туын тапсырды.\

әСКЕРИ

ОбычныйТерминСписокопределенийАдресЦитатыФорматированныйӘскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер - осы Заңда айқындалатын мерзімге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;

2) әскерге шақыру жасына дейінгілер - әскери есепке алынғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;

3) әскерге шақыруды кейінге қалдыру - осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру;

4) әскерге шақырылушылар - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген және Қарулы Күштерге әскерге шақыруға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;

5) әскери атақ - әскери қызметшіге және әскери міндеттіге берілетін әскери айырым белгісі;

6) әскери билет - азаматтың әскери қызметке тиесілігін және әскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке есептік-әскери құжаты;

7) әскери бөлімнің штаты - жеке құрамның құрамын, ұйымдастыру-штаттық құрылымын, санын және қару-жарақ кадастрына сәйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен әскери техника санын айқындайтын құжат;

8) әскери есепке алу - әскери қызметшілер, әскерге шақырылушылар мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық және сапалық деректерді есепке алу және талдау жүйесі;

9) әскери жиындар - Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында әскери міндеттілерді әскери бөлімдерге шақыра отырып, оларды әскери даярлау, әскери білім алу және жетілдіру бойынша әскери басқару органдары жүргізетін іс-шаралар.

Әскери жиындар:

оқу-жаттығу жиындары - әскери міндеттілерді, әскери оқу орындарына (әскери факультеттерге) түскен кезде әскерге шақырылушыларды және жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттерін даярлау және қайта даярлау мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі;

тексеру жиындары - соғыс уақытының ұйымдастыру-штаттық құрылымында міндеттерді орындауға арналған әскери бөлімдердің дайындығын тексеру мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі;

арнайы жиындар - төтенше жағдайлар салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін әскери жиындар түрі болып бөлінеді;

10) әскери киім нысаны - Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге тиесілігін айқындайтын айырым белгілері бар нысанды киім (киім-кешек) және жабдық;

11) әскери қызмет - Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғауға байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;

12) әскери қызметтен шығару - әскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздемелер бойынша запасқа немесе отставкаға шығара отырып, әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару;

13) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт - уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азамат әскери қызмет өткерген кезеңде тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейтін ерікті түрде әскери қызмет өткеру туралы шарт;

14) әскери қызметшілер - Қарулы Күштерде әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

15) әскери лауазым - әскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер жүктелген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемесінің штаттық бірлігі;

16) әскери міндеттілер - әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

17) әскери міндеттілер запасы (запас) - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, Қарулы Күштерді және соғыс уақытының басқа да мемлекеттік органдарын толық жасақтау, жұмылдыра өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын осы Заңда белгіленген жастағы әскери міндеттілер;

18) әскери міндеттілік - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті;

19) бастапқы әскери даярлық - әскери іс және адамның қауіпсіздігі мен тіршілік әрекетін қамтамасыз ету негіздері бойынша міндетті оқыту пәні (оқу пәні);

20) еңбек сіңірген жылдары - әскери қызметшінің күнтізбелік те, сондай-ақ жеңілдікпен де есептеліп шығарылатын әскери қызметте болу ұзақтығы;

21) жалпыға бірдей әскери оқыту - Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс жағдайы енгізілген кезеңде әскери даярлыққа міндетті оқыту;

22) жеке құрам - Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;

23) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер - осы Заңда айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерге әскери қызметке ерікті түрде кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;

24) курсанттар - орта техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-жаттығу орталықтарында, оқу орындарының әскери факультеттерінде (бұдан әрі - әскери факультеттер), әскери оқу орындарында оқитын офицерлер құрамының әскери атағы жоқ әскери қызметшілері;

25) курстық даярлық - әскери қызметшілердің әскери білімін, практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған кәсіби деңгейін, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтитын кәсіптік оқыту нысаны;

26) қолданыстағы резерв - барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындайтын әскери қызметшілер;

27) мерзімді әскери қызмет - ер азаматтарды осы Заңда айқындалған тәртіппен Қарулы Күштерге қатардағы жауынгерлер және сержанттар құрамының әскери лауазымдарына әскерге шақыруға негізделген әскери қызмет;

28) отставка - әскери қызметтен босатылған немесе әскери есептен шығарылған, запаста болудың шекті жасына толған адамдардың немесе әскери есептен шығарылып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардың жай-күйі;

29) офицерлер - офицерлер құрамының тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;

30) психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер - адамның жеке физиологиялық реакцияларын арнайы техникалық құралдар көмегімен тестілеуді және тіркеуді қамтитын, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарында, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілер арсеналдарында, базаларында және қоймаларында қару-жарақты және оқ-дәрілерді сақтауға байланысты лауазымдарда әскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері мен азаматтарының жеке-психологиялық және психикалық-физиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған тексеру іс-шаралары жиынтығы;

31) ротация - әскери қызметшілерді Қарулы Күштердегі тең және өзге де лауазымдарға ауыстыру;

32) сарбаздар (матростар) - сарбаздар (матростар) құрамының әскери атақтары берілген әскери қызметшілері;

33) сержанттар (старшиналар) - бекітіліп берілген жеке құрамға қатысты басқару функцияларын жүзеге асыратын, жеке құрамды үйрету және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындайтын, сержанттар (старшиналар) құрамының әскери атақтары берілген командалық құрамның әскери қызметшілері;

34) тәрбиеленушілер - әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары;

35) тыңдаушылар - жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарында оқитын офицерлер құрамының әскери қызметшілері;

36) уәкілетті лауазымды адам - Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі - Әскери қызмет өткеру қағидалары) белгіленген тәртіппен келісімшарт жасасуға құқық берілген лауазымды адам;

37) уәкілетті орган - құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;

38) ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар - Қарулы Күштерде мемлекеттік мекемелерді және олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің құрамы мен штат санын өзгерту бойынша өткізілетін іс-шаралар.

ТәуЛІКТІК НАРЯД 
Тақырыбы: «Тәуліктік наряд. Тәулік кезекшінің құқықтары мен міндеттері». 
Сабақтың мақсаты: 
1. Тәуліктік наряд, оның құрамы, тағайындалу тәртібін және лауазымдық тұлғалардың негізгі міндеттерін оқып, білу. 
2. Оқушылардың әскери білімдерін арттыру. 
3. Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу, оқушылар арасында шынайы әскери достықты нығайту. 
Сабақтың жоспары: 
1. Тәуліктік наряд, оның құрамы 
2. Тәуліктік нарядтың тағайындалуы 
3. Тәуліктік нарядтың лауазымдық тұлғалардың негізгі міндеттері 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап. 
Көрнекіліктер: ҚР ҚК Жарғылары, проектор, MyTest орнатылған ноутбуктер. 
 
Тәуліктік наряд - әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке құрамын, қару-жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға арналған. 
Бөлімнің тәуліктік нарядының құрамы: 
-- бөлім бойынша кезекші; 
-- бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі; 
-- қарауыл; 
-- кезекші бөлімше; 
-- парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер, кезекші сүйреткіштердің механик-жүргізушілері; 
-- кезекші фельдшер және медпункт бойынша тәуліктік кезекшілер; 
-- бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның көмекшілері; 
-- бөлім штабы бойынша кезекші; 
-- өрт наряды 
Ротаның тәуліктік нарядына: 
- Рота бойынша кезекші 
- Рота бойынша тәуліктік кезекшілер тағайындалады. 
Ротадағы тәуліктік кезекшілердің ауысым санын бөлім командирі белгілейді. Жатақхана бойынша тәуліктік нарядтың құрамы, сондай-ақ олардың міндеттері ротаның тәуліктік нарядына сәйкестендіріліп белгіленеді. 
 
Бөлімшелер нарядқа өздерінің командирлерімен бірге тағайындалады. Бөлім офицерлерінің және бөлімшелерінің арасындағы кезектілікті бөлім штабының бастығы белгілейді. 
Тәуліктік наряд тағайындалатын бөлімшелердің командирлері жеке құрамды іріктеу және қызмет атқаруға, оқу сабақтарына және жұмысқа таратуға дер кезінде келуі үшін жауап береді. 
Ротаға нарядтардың кезектілігін ротаның старшинасы, ал взводта - взвод командирінің орынбасары белгілейді. 
 
Сарбаздардың, сержанттар мен офицерлердің арасында кезекті нарядтардың саны біркелкі және әділ бөлінуі керек. Нарядтың қағаздары жыл бойы сақталады, сонан соң жойылады. 
Тәуліктік нарядқа дайындалу 
Тәуліктік нарядка тағайындалатын бөлімшелердің командирлері жеке құрамды іріктеп және қызмет атқаруға даярлау үшін, оқу сабақтарына және жұмысқа таратуға дер кезінде келуі үшін жауап береді. 
Нарядтың алдындағы түні тәуліктік нарядқа тағайындалған адамдар барлық оқу сабақтарынан және жұмыстардан босатылуы тиіс. 
 
Нарядқа түсетін күні күн тәртібінде көрсетілген сағаттарда жеке құрамға қызмет өтеуге даярлануына, оның ішінде практикалық оқу сабақтарын өткізуі үшін кем дегенде үш сағат және тынығуға кем дегенде бір сағат уақыт берілуі керек. 
 
Тәуліктік нарядтың жеке құрамын даярлауды старшина немесе бөлімшеден тағайындалған басқа лауазымды адам жүргізеді. Дивизионнан немесе әскери бөлімнен тағайындалған тәуліктік нарядты даярлауды тиісті командирлер ұйымдастырады және олардың орынбасарлары жүргізеді. 
 
Жұмысқа таратуға шығуға 15 минут қалғанда тәуліктік наряд қызмет өткеруге дайын болуы және олар өз кезекшілері мен бөлімнің қарауыл бастықтарының қарамағына қабылдануы керек. 
Тәуліктік нарядты жұмысқа тарату оның қызмет өткеруге деген даярлығын тексеру, лауазымды адамдарға бағынуы, бұрынғы қарауылдарды ауыстыру құқығын беру болып табылады. Жұмысқа таратудың ұзақтығы 40 минуттан аспау керек. 
 
Жұмысқа таратудың басталуына 10 минут уақыт қалғанда бөлім бойынша кезекшінің офицерлер қатарындағы жаңа көмекшісі жұмысқа тарату орнына кезекші бөлімшеден басқа тәуліктік нарядтың жеке құрамын сапқа тұрғызып, түгел болуын тексеріп, ол туралы бөлім бойынша кезекші келген кезде баяндайды. 
 
Жұмысқа тарату кезінде тәуліктік наряд: оң қапталда - қарауылдар, сосын оңнан солға - парк бойынша кезекші, кезекші фельдшер, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші, бөлім штабы бойынша кезекші, бөлімшелер ретіндегі роталар бойынша барлық кезекшілер, шабармандар, асхана бойынша кезекші, өрт нарядының бастығы, кезекші белгі беруші-барабаншы; бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшілері, тәуліктік кезекшілер мен кезекші сүйреткіштердің жүргізушілері өз кезекшілерінің артына бір-бірден тізіліп, бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі қарауылдардың оң жақ қанатына тұрады. 
 
Бөлім бойынша кезекші бөлімнің басқару офицерлерінен, рота командирлері мен оған теңестірілгендерден тағайындалады. Ол бөлімшелер мен бөлім басқармаларының дабыл жарияланғандығы туралы дер кезінде құлақтануына, бөлімде ішкі тәртіпті ұстауға және тәуліктік нарядтың қызмет өткеруіне, бөлім штабы мен қызметтері офицерлерінің пистолеттері мен оқдәрілерінің сақталуы үшін жауапты болады. Бөлім бойынша кезекші бөлімнің командиріне бағынады. Оған бөлімнің барлық тәуліктік наряды бағынады. 
 
Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі кіші офицерлерден немесе әскери қызметті келісім шарт бойынша өткеруші іскери қызметкерлерден сайланып, бөлім бойынша кезекшіге бағынады, кезекшінің орнында қала отырып, оның міндеттерін орындауға міндетті. 
 
Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші сержанттардан тағайындалады. Ол бөлімге келген-кеткен адамдарды бақылау-өткізу пунктінен дұрыс өткізу-шығару мен қандай да бір болмасын мүлікті алып шығудың (алып кірудің) немесе әкетудің (әкелудің) дұрыстығына жауап береді. 
 
Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі сержанттардан немесе сарбаздардан тағайындалады. Ол бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшіге бағынады. Кезекшінің кезекті көмекшісі бақылау-өткізу пунктінде үнемі болуы керек және ол бөлім аумағында келген адамдарды өткізудің дұрыстығы мен қандай да бір болмасын мүлікті алып шығару не кіргізу немесе әкету не әкелу дұрыстығы үшін жауап береді. 
Бөлім штабы бойынша кезекші бөлім прапорщиктері мен сержанттарынан тағайындалады. Ол штабтың қызмет бөлмелерін күзету, штаб үй-жайларының тазалығы, шабармандардың қызметті дұрыс өткеруі және байланыс жіберілімдері мен телефонограммаларды дер кезінде қабылдау үшін жауап береді. Бөлім штабы бойынша кезекші бөлім бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне және бөлім штабының бастығына бағынады. Кезекшілікті тапсыру мен қабылдау жайлы бұрынғы кезекші мен жаңа кезекші бөлім штабының бастығына және бөлім бойынша кезекшіге баяндайды. 
 
Медициналық пункт бойынша кезекші фельдшер медпунктегі ішкі тәртіпке және дәрігер болмаған жағдайда - дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге жауап береді. Ол бөлім бойынша кезекшіге, көмекшісіне және медпунктің бастығына бағынады. Оған медпункт бойынша тәуліктік кезекшілер бағынады. Бұрынғы және жаңа кезекші кезекшілікті тапсыру және қабылдау жөнінде медпунктің бастығына баяндайды. 
 
Асхана бойынша кезекші кіші офицерлерден, прапорщиктерден немесе сержанттардан тағайындалады. Ол қоймадан азық түліктің дұрыс алынуына, олардың қазанға керекті мөлшерде толық салынуына, белгіленген норма бойынша тамақтың дер кезінде берілуіне, асханалық ыдыс аяқтың басы бүтіндігіне, санитариялық гигиеналық күйіне және ондағы тәртіп жағдайына жауап береді. Асхана бойынша кезекші бөлім бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне, тыл жөніндегі бөлім командирінің орынбасарына және бөлімнің азық түлік қызметінің бастығына бағынады. Оған асханада жұмыс істеуге белгіленген тәуліктік наряд және аспазшылар бағынады. 
 
Өрт наряды бөлімнің штаттық өрт командасынан құралады, оның құрамына: наряд бастығы, жүргізушілер және өрт сөндіруші машиналар немесе басқа автомобильдер (мотопомпалар)саны бойынша өрт тобының нөмірі, өрт посттардың саны бойынша постқа тұрушылар кіреді. Өрт наряды бөлім бойынша кезекшіге және өрт командасының бастығына бағынады. 
 
Рота бойынша кезекші сержанттардан не жақсы даярланған сарбаздар қатарынан тағайындалады. Ол рота әскери қызметшілерін алған дабылдар жайлы уақытылы хабардар етуге күн тәртібінің дәл орындалуына және ротадағы ішкі тәртіпті сақтау жөніндегі басқа да ережелерді орындауға, қарулардың, оқдәрі жәшіктерінің, рота мүліктерінің, сарбаздар мен сержанттардың жеке заттарының бүтіндігіне және тәуліктік кезекшілердің қызметті дұрыс өткеруі үшін жауап береді. Рота бойынша кезекші бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісіне, ал ротадағы ішкі қызмет тәртібі бойынша - рота командиріне және рота старшинасына бағынады. 
 
Рота бойынша тәуліктік кезекші сарбаздардан тағайындалады. Ол өзінің қол астында күкзетуге тұрған қару жарақтың, пистолеттер тұрған шкафтардың, оқдәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және сарбаздар мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады. 
 
Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді. 
Жұмысқа таратудан соң жаңа кезекші бұрынғы кезекшіден тізбе бойынша құжаттарды, бөлім штабы мен қызметтерінің офицерлерінің қару жарақтары мен оқ дәрілерін қабылдап алады. Қару жарақ номері мен жинақталуы бойынша бір-бірлеп жеке қабылданады. Сосын бұрынғы кезекшімен бірге хабарлау мен күзеттің техникалық құралдарының, радиациялық және химиялық барлау аспаптары дұрыс жұмыс істеуін тексереді. 
 
Кезекшілікті өткізгеннен кейін және қарауыл ауысымы туралы қарауыл бастықтарының баяндауынан кейін бұрынғы және жаңа кезекші бөлім командиріне баяндауға келеді. 
Мысалы: «Полковник мырза, лейтенант Омаров бөлім бойынша кезекшілікті тапсырды». «Полковник мырза, капитан Иванов бөлім бойынша кезекшілікті қабылдады». 
 
Мұнан соң бөлім бойынша жаңа кезекші кезекшілікті қабылдап алу кезінде аңғарылған және ауыстырылған тәуліктік наряд жоя алмаған барлық кемшіліктер туралы, қарауыл күзеткен объектілерді ашу және жабу туралы хабарлайды. 
 

Тәуліктік наряд. Тәулік кезекшінің құқықтары мен міндеттері