Туризмдегі классификацияның мәні, түрлері
Кіріспе
Туризм
қозғайтын мәселелердің ең
1.Туризмдегі
классификацияның мәні, түрлері
Туризмнің көптеген
классификациялары бар. Олар бір-бірінен
құрылым принципіне сәйкес ерекшеленеді.
Туризм түрлерін классификациялау ұлттық
мәдени элементтерді, экономикалық сала
нормативтерін пайдаланатын аумақтық,
белгілі мақсаты бар (территорияның жан
жақты дамуы, экожүйені қорғау, жергілікті
дәстүрлі өндірістің әсерін күшейту, халықтың
өмір сүру деңгейін жоғарылату мәселелерін
шешу) бағдарламаларды дайындауда өте
қажет. Сондай ақ ол басқа экономикалық
салаларда туризмнің алатын орнын,ЖІӨ
өндірудегі туризмнің үлесін нақты анықтауға
мүмкіндік береді. Туризмді функциясы
жағынан қарастырғанда бірнеше түрге
бөлуге болады. Туризм қоғамда атқаратын
белгілі бір рөліне байланысты төмендегі
топтарға бөлінеді: 1.
5. Велосипед туризмі – ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрдегі (1100км дейін) созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын, жорық кезіндегң өзіндік кедергілер бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар, жыралар, т.б.) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы.
6. Автомототуризм – арнайы дайындықты қажет ететін, маршрут өтетін жерлердің жағдайына байланысты өтетін (батпақтар, тасты, қарлы жерлер, құмдақ жерлер мен өткелдер, тау жолдары мен тау асулары жорықты күрделендіреді), үлкен қашықтықтарға созылатын, топтық құтқару құралдарының (от сөндіргіштер, аптечкалар, қорғаныс шлемдері, қауіпсіздік белбеулері, т.б.) болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастырып өткізу. Көлік құралы ретінде туризмнің бұл түрі бойынша автомобильдер, мотоциклдар, мопедтар, т.б. қолданылады. Автомототуризм бойынша жарыстар, чемпионаттар өтіп тұрады.
- Спелеотуризм – үңгірлерді, әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринтер жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру. Кейбір үңгірлер түбінде жер асты көлдері мен жер асты өзендері болады. Үңгірлер вертикальды және горизонтальды болуы мүмкін. Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын біріктіреді. Сондықтан арнайы дайындықты талап етеді. Алынып жүретін құралдар да ерекше (фонарь, примус, рация, барометр, т.б.). Спелеотуризм бойынша маршруттар 2 бөлімнен: жер үсті маршруты, яғни үңгірге дейінгі жүру маршруты және жер асты маршруттарынан тұрады. Көп жағдайда үңгір аймағында базалық лагерлер құрылады. Орналастыру әдісіне байланысты: стационарлы және қозғалмалы. Стационарлы туризм сапардың барлық кезеңінде туристердің тұрақты бір ғана жерде саяхаттауы. Қозғалмалы туризм – саяхатпен байланысты туризм (круиздер, турлар). Туристік жолдамалардың интенсивтілігіне байланысты: тұрақты және маусымдық.
Тұрақты – туристік орындарды (қалаларды, курорттарды) жылдың кезкелген маусымында аралау. Маусымдық туризм жылдың белгілі бір мезгіліне байланысты туристік орындарды аралау. Табиғи ресурстарды пайдалану мақсатына байланысты – емдік, экологиялық, олимпиадалық, тау, су, жаяу туризмі. Қаржыландыру көзіне байланысты: коммерциялық және қоғамдық.
Жоғарыда айтылған туризм түрлерімен қатар, қосымша кейде туризмнің кейбір түрлерін әр түрлі критерий бойынша бөлу ұшырасады. Олар: туристердің мақсаттары бойынша діни туризм – адамдардың қажылық мақсатта түрлі дін бойынша қасиетті жерлер мен орындарға баруы, конгрестік туризм – іскер адамдардың келісім шарттар жасауы үшін, тағы да басқа мақсаттармен жасайтын сапарлары мен осы мақсаттағы және ғылыми мақсаттағы симпозиумдар, конференциялар, т.б. қоғамдық орны бойынша кейде өз бетінше ұйымдастырылатын туризм деп те бөлінеді. Бұл қоғамдық топтардың, жеке адамдардың өз бетінше, бірігіп өткізетін жорықтары. Пайдаланылатын көлік түрлеріне және өткізілетін туристік жорық аумағына байланысты ат туризмі кейінгі кезде етек ала бастады. Туризмнің бұл түрінің ерекшелігі жорықтар кезінде арнайы дайындықты, ерекше құрал-жабдықтарды және аттарға деген күтім жағдайын талап етеді.
Экологиялық туризм Облыс аумағында ерекше қорғалатын
16 табиғат объектiсi, 3 000-нан астам көл бар. Туристер
үшiн орманды-далалы аймақ жануарларының
өмiр сүру ортасын көрсету объектiсi ретiнде
бұлан, елiк, қабан, жанат тәрiздi ит, түлкi,
борсық, қоян, тиiн және т.б. көптеп мекендеген
Согров және Мамлют қорықшалары, «Красный
бор» қорығы ұсыныла алынады.
Жазғы мерзiмде аққулар, бiрқазандар ұя
салады. Облыста орхидеяның кездеспейтiн
түрi өседi. Айыртау ауданында (Айыртау
с., Имантау с.) жергiлiктi туристiк қоғамдастықтар
құрылған. Туристiк бизнес саласына жоғарыда
айтылған селолардың тұрғындары тартылған,
тұру, тамақтану, экскурсиялық қызмет
көрсету жөнiндегi қызметтер ұсынылады.
Танымдық туризм Ботай, Бектеңiз, Ақ-Ирий археологиялық ескерткiштерi, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi, «Айғаным» мұражай-үй-жайы, зерттеушi ғалым Ш. Уәлиханов, жазушылар И. Шухов; С. Мұқанов, Ғ. Мүсiрепов, М. Жұмабаев, ғарышкер А. Викторенколардың мемориалдық мұражайлары, Қожаберген жырау мемориалы.
Спорттық туризм және демалыстың белсендi түрлерi Облыста спорттық туризм Спорттық туризм федерациясымен, «ҚР Альпинизм және құзға шығу федерациясы» ассоциациясының филиалымен, спорттық бағдар жөнiндегi федерациямен, «Планета» турорталығымен, «Спортландия» турорталығымен, «Ориентир» студенттiк турорталығымен ұсынылған. Облыста спорттық балық аулауды дамыту үшiн барлық жағдайлар бар. Қазiргi кезде 250-ден астам су қоймасы балықтың құнды түрлерiн тауарлық өсiрудi жүзеге асыру үшiн ұзақ мерзiмдi жалға берiлген. Үлкен Торанғұл көлiне белого амура и белого толстолобика шабақтары әкелiнген. Көптеген көлдерде тұқы, көлдiк пелядь, қара балық, лақа, табан; көлдерге сазан ұрықтарын жiберу жөнiндегi шаралар қабылданған (Петропавл балық питомникке сазанның жатырлық бастары әкелiнген және облыс көлдерiн балыққа толтыру үшiн зауыттық әдiспен алғаш рет 583 мың ұрық алынған).
Емдеу-сауықтыру туризмi СҚО аумағында тұщы және техникалық сулар табылған орындар зерттелген, минералдық сулар көздерi анықталған. Қазiргi кезде «Асанов» минералдық суының көзi пайдаланады. Становское және Пресное көлдерiнде емдiк балшықтар байқалған. Становское көлi Петропавл қ. батысында 55 шақырым және Мамлют станциясының оңтүстiгiнде 17 шақырым жерде орналасқан. Бұл су қоймасының ұзындығы 7.7 және енi 2.5 шақырым. Осы көлдiң балшығы 30-жылдары Омбы институтының ғылыми қызметкерi Успенскиймен зерттелген. Оның тұжырымдамасы бойынша көлдiң минералданған суы мен балшығы бальнеологиялық құндылықты бiлдiредi. Пресное көлi Петухов ст. 60
шақырым және Преснов станциясынан 2 шақырым жерде орналасқан, енi 3 шақырымға дейiн. Көл суы өткiр-ащы, балшығы қара түстi, икемдi. Тұзды су мен балшықтың емдiк қасиеттерi 30-жылдары доктор Брякинмен азғантай ғана емделушiлерге тексерiлген (балшық күн сәулелерiмен жылытылған), ол жақсы емдiк әсердi атап өткен.
Iскер туризм Облыстың географиялық
орналасуына байланысты Ресей Федерациясымен
сауда-экономикалық әрiптестiк жақсы дамыған,
сонда Омбы, Түмен және Қорған — шекаралас
облыстармен ынтымақтастық негiзгi үлестi
алады, олармен экономиканың әр түрлi салаларындағы
ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасалған
және iске асырылуда.
Ұдайы негiзде облыста мәдениет, денсаулық
сақтау, құқықтық тәртiп сақтау және т.б. —
әлеуметтiк-экономикалық қызметтiң әр
түрлi салаларындағы шекара маңы ынтымақтастығы
жөнiндегi бiрлескен iс-шаралар жүргiзiлiп
тұрады. Туризмді түрлеріне байланысты
жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері
ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын
қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде
саяхатқа адамды аттандырған негізгі
себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің
6 түрін анықтап береді.
1. Демалу мақсатындағы
туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге
немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді
физикалық немесе психологиялық тұрғыдан
қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады.
Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе
әл-ауқатын қалпына келтіруге климат,
теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын
курорттық демалысты да жатқызуға болады. 2.
Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм.
Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани
құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп,
білуге бағытталған және ол танымдық және
діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық
туризм тарихи, мәдени және географиялық
құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін
қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар
көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік,
экономикалық қатынастарына қызығушылық
білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм
ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы
орындалады.
3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде
саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын,
достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі.
(халықаралық терминологияда visiting friends
and relatives – деген атпен таныс). Сондай ақ
клубтық туризмді де жатқызуға болады.
Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы
саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды
мақсат етеді. 4. Спорттық туризм. Спорттық
туризм белгілі бір спорттық іс шараға
белсенді қатысуға бағытталған жолсапар,
сондай ақ пассивті немесе белсенді емес
сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу
мақсатындағы жол сапар болып табылады.
Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу,
мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық
жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы
мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері
өз футбол клубының ірі ойынына қатысып,
қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге
сапар шегуі мүмкін. 5. Экономикалық туризм
- бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта
жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады.
Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке
және тағы басқа іс шараларға қатысу. 6.Конгресстік
(саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық
және саяси іс-шаралармен байланысты туризм
болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм
белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік
жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе
өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге
асырылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаттары Москваға
Халықаралық Парламент отырысына қатысуы
үшін баруы мүмкін. Саяси туризм белгілі
бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы
бар саяси-қоғамдық шараларды ұйымдастыру,
талдау жасау, саяси баға беру мақсатында
жүзеге асырылады. Мысалы, Белгілі бір
мемлекет азаматы нақты бір саяси партияның
жарғылық мақсаттарына қызығушылық танытып,
сол партияның съезіне қатысу үшін жол
сапар кешуі мүмкін.[1] Жоғарыда айтылған
талдауларға байланысты туризм классификациясының
үлкен ғылыми және практикалық мағынаға
ие екені айқындалады. Әлемдік туристік
айналымның ұғымын терең анықтауға мүмкіндік
береді. Туристік қызметтердің сапасы
мен көлеміне қойылатын талаптардың өзгеруіне,
туристік кәсіптің жаңа формаларының
пайда болуына байланысты үнемі өзгерісте
болады. Соның дәлелі ретінде қазір халықаралық
туризм тәжірибесінде туризмнің жаңа
түрлері (парадорес, таймшер, ауылдық туризм)
қарқынды даму үстінде.
Мысал ретінде Жамбыл облысының туризм классификациялық сипаттамасы.
Бұл жұмысымның негізгі мақсаты – туристік фирмалардың клиент топтарының классификациясы және олардың қызмет көрсету ерекшеліктері. Басты назар клиенттерге қызмет көрсету сұрақтарына арналған. Қойылған талапқа сәйкес келесі тапсырмалар орындалады:
- Сатып алушылық тәртіптің моделін анықтау;
- Туристердің типологиясын сипаттау;
- Қызмет көрсету деңгейлерін және менеджерлердің клиентке ерекше қатынастарын талдау;
- Қызмет көрсету бағдарламасын ұсыну;
- Қызмет көрсетудің басты принциптерін белгілеу;
- Турфирманың клиент топтарының классификациясын және қызмет көрсету ерекшеліктерін қарастыру;
2.Туризмнің жұмыс істеу формалары Туризмнің жұмыс істеу формаларының негізгілерінің бірі – саяхаттар. Алыс жерлерге түрлі көліктер арқылы бару, түрлі мақсаттармен түпкі немесе соңғы пункте белгілі бір мерзім ішінде болу және бастапқы пункке қайту көлік түріне байланысты. Көлік (транспорт) түрлері бойынша теміржол, әуе, круиздық (теңіз,көл,өзен саяхаттары), автомобиль саяхаттары болып бөлінеді. Туризмнің екінші бір негізгі жұмыс істеу формасы – туристік жорықтар. Алдын-ала құрылатын белгілі бір маршрут бойынша, (танымдық, сауығу, спорттық, жаттығу т.б.) әр түрлі мақсатпен белгілі бір мерзімді, қозғалыстың активті түріне негізделген туристік іс-шара. Туристік жорықтар бір-екі күндік (көбінесе демалыс күнгі жорықтар деп аталатын), көп күндік, спорттық немесе категориялық деп және туризмнің жеке түрлері бойынша (тау, жаяу,су т.б.) бөлінеді. Туристік жорықтарға тән негізгі нәрселер: алғашқы денсаулық дайындығы, азық-түлікті, құрал-жабдықтарды дайындау, кедергілерді жеңу, жорықтар кезінде, дала жағдайында тамақтануды ұйымдастыру, демалыс орындарын дала жағдайында дайындау, қауіпсіздікті сақтау т.б. Жорық ұйымдастырылған кезде арнайы тіркеулерден өту керек. Жорық біткен соң ол туралы есеп беру. Туризмнің жұмыс істеу формасының келесі түрі – экскурсиялар. Экскурсиялар жеке түрде де және туристік саяхаттар құрамында да (әсіресе, круиздік саяхаттарда) қызмет ете береді. Экскурсанттардың қай жерден келгендігін, кәсіптік құрамын және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың талап-тілектері бойынша, белгілі бір экскурсиялық, тарихи-мәдени, туристік орындарда экскурсия жүргізушінің әңгіме өткізуі, көрсетуі экскурсиялардың түрлері қай жерлерде өткізілетініне байланысты табиғи тақырыпқа байланысты өткізілетінін, кәсіпорындарда өткізілетін, (геологиялық, музыкалық құралдар, музейлері, әдебиеттану, көркем сурет т.б.) тақырыптық, мұражайлық және қалалық болып көрінеді. Туристік іс-шаралар түрінде жүргізілетін туризмнің белгілі бір дәрежеде қолданатын формасы – туризм сферасы бойынша өткізілетін спорттық жарыстар. Туризм бойынша 4 түрде өткізіледі. Олар: 1.Туризмнің техникасы бойынша өткізілетін жарыстар. Бұл түрдегі жарыстар көбінесе тау, жаяу және су туризмі түрлері бойынша ұйымдастырылады. 2.Кросс-жорық. Шағын маршрутта (20-30км) жүріп өту және онда кездесетін кедергілерден өту мақсатында жеке командалар арасындағы сайыс. 3.Кедергілер жолағы. Ұзындығы метрмен есептелінетін белгілі бір маршрут бойынша кедергілерді және туристік әдіс-тәсілдерді белгілі бір уақыт ішінде өту,орындау. Сайыс түрінде командалар арасында болады. Кросс-жорық сияқты жеке дистанциялар мен жарыс участкелерінде жеке кезең төрешілері және жалпы жарыс төрешілері, оның ішінде бас төреші, төрелік коллегия қызмет атқарады. 4.Спорттық бағдарлау бойынша өткізілетін жарыстар. Жеке командалар арасында белгілі бір аумақтық кеңістікте бақылау пункттерді әр түрлі вариант бойынша, белгілі бір мерзімде табуға бағытталған іс-әрекет. Спорттық бағдарлау бойынша арнайы спорттық карталар,спорттық компас қолданылады, төрешілер болады. Спорттық бағдарлаудың алғаш шыққан аймағы – Скандинавия елдері. [2]
3.Қазақстандық туризм
классификациялары Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары
республика аумағында көптеп кездеседi.
Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан
қаласы., Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб
мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi,
т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге
тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан
басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд.) Арыстан
баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш
ана кесенесi, Тұраба а-нда — Ысмайыл-ата
мазары орналасқан. Жамбыл облысында —
Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi,
Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi,
Балқаш қаласы маңында — Тектау ата, Әуез
бақсы, т.б. киелi орындар бар.
Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы
батырларға, қолбасшыларға деген құрмет
белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде
көрсетiлдi. Бұларға Райымбек пен Қарасай
батыр ескерткiштерi (Алматы обл.) Қордайдағы
(Жамбыл обл.) Өтеген батыр, Ақтөбедегi
Есет батыр, Солт. Қазақстандағы Ағынтай
мен Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы
Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т.б.
жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының
жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын қосқан
жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және
Алаша хан кесенелерi, Алматыдағы тәуелсiздiк
монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi
қастерлi орындар санатында туристiк нысандарға
қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени
ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш —
Баян сұлу, Еңлiк-Кебек кесенелерi, Ш.Уәлиханов,
Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс,
Құрманғазы және Д.Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан,
Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, I.Жансүгiров,
С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелiк
орындар жатады. Республиканың әсем де
әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар
орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ”
шаңғы базасы, Павлодар облысының Жасыбай
көл жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды
облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”,
Шығ. Қазақстан обл. Бұқтырма бөгенi жағасындағы
“Алтай мүйiсi”, Орал қ. Жайық өз. маңындағы
“Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы
Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау
таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары
жатады. Қазақстанда белгiлi туристiк маңызы
бар зоол., ботан. қорықтар да жеткiлiктi.
Оларға Алматы қорығы (кешендi), Iле атырауы
(зоол.), Тарбағатай (зоол.), Жалтыркөл (зоол.),
Ұлытау (зоол.), Бетпақдала (зоол.), Қарақия-Қаракөл
(зоол.), Зерендi (зоол.) қорықшалары, Шарын
каньоны (ландшафты — палеонтол.) және
Шарын өз-ндегi “Шетен тоғайы” (ботан.),
Күмiс қылқанды орман (ботан.), Жаманшық
тауы (геморфол.), Айғайқұм, Әншiқұм (геоморфол.),
Жаңғақ тоғайы (ботан.), Бүркiттау шоқысы
және Тұма бастаулар (гидрол.), т.б. Қазақстандағы
алғашқы туристiк ұйымдар ХХ ғасырдың
20-30 - жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы
қаласында тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды.
Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған
17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы
төңiрегiнен басталып Есiк қорымында (62
км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы
жанында Пролетарлық туризм және экскурсия
қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей
бастады. Оның алғашқы төрағасы болып
В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы
қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен
(16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған)
Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына
дейiн барды. Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин,
А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов,
т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан
Зиминнiң бастауымен алғаш рет шаңғышылар
жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс”
эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан
8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкiнiң
сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан
шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы
эстафетаны Қырғызия командасына табыс
еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың
жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық туризм
мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi
бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен
Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой
туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы
Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер
үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы
ең алғашқы 50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының
шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында
(Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер
слетi өттi. Оған 200-дей туристер қатысты.
1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында
Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын
Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi орналасты.
Ұлы отан соғысынан кейiн “Горельник”
тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын
даярлайтын базаға айналды. Адамдардың
белсендi демалысы мақсатында 1952 ж. Қазақстанда
Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды.
1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды.
1960 ж. кәсiподақтардың Қазақ респ. кеңесi
жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма
ұйымдастырылды. 1962 ж. Туристiк-экскурсиялық
басқарма Туризм жөнiндегi кеңес болып
қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстанда респ.
және 5 обл. (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан,
Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста
экскурсиялық бюро ашылды. 1950 — 60 ж. Алматы
жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм
(шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады.
Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар
тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин,
Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б.
мамандар оқушылар мен студенттер арасында
туризмдi дамытуда үлкен үлес қосты. 1958
ж. Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның
спорт шеберi атағы берiлдi. 1970 ж. құрылған
Туризм және саяхатшылықтың респ. кеңесi
туризмнiң одан әрi дамуына әсер еттi.1971
— 75 жылдары Қазақстанда туризмнiң материалдық
базасын нығайып, саяхаттық-туристiк ұйымдар
көбейдi, жаңа туристiк базалар мен мейманханалар
пайдалануға берiлдi. 1978 ж. Қазақстанда
экскурсия мен туризмнiң респ. кеңесi және
14 обл. кеңес, 17 туристiк база мен мейманханалар,
26 саяхат, экскурсия бюролары және шет
ел туристерiне қызмет көрсететiн 3 бюро,
Алматы, Орал, Шымкент қ-ларында туристiк
автомоб. базалары құрылды. Туристiк базалар
мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға
жеттi. 1988 жылы туризм құрылымында бiршама
өзгерiстер болды. Жаңадан туристiк экскурсия
қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары
Қазақстан туризмiнiң дамуына Н.И. Самойленко,
С.Әбденбаев, Т.Жездiбаев, А.Чукреев, О.Мазбаев,
С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты.
Тәуелсiздiк алған Қазақстанда 1991 жылдан
туризм саласы дамудың жаңа сатысына көштi.
1993 ж. Қазақстан Дүниежүзiлiк туризм ұйымына
мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын
дамытуға арналған ұлттық бағдарлама
қабылданды. 1997 ж. Қазақстан Республикасының
Ұлы Жiбек жолының тарихи орталықтарын
қайта өрлету, түркi тiлдес мемлекеттердiң
мәдени мұралар сабақтастығын дамыту
тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының
стратегиясы жасалды. 2001 ж. 13 маусымда
“Қазақстан Республикасындағы туристiк
қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы
туристiк саланы дамытудың бiрiншi кезектегi
шаралары, туристiк қызметтi лицензиялау,
т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның
табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк
нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк
бередi, сонымен қатар экономиканың басты
тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет
етедi.
2002 жылы республикада 430 туристiк ұйымдар,
фирмалар мен әр түрлi бюролар жұмыс iстедi.
Оларда 6 мың адам, оның iшiнде 1500 кәсiптiк
экскурсия жүргiзушiлер (гидтер) қызмет
көрсетедi. Қазақстанның туристiк фирмалары
дүние жүзiнiң 80-ге жуық елiмен қарым-қатынас
жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5
облыс орталығы Үндiстанға, Түркияға, Бiрiккен
Араб Әмiрлiгiне, Пәкстанға, Корея Республикасына,
Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлiк
әуе рейстерiн жолға қойған.
Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi
(танымдық, ойын-сауық, этн., экол., денсаулық
сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау,
балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша
жүргiзiледi. Бұл үшiн Қазақстан аумағы
бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар
белгiленген. Оларға Қазақстанда жиынтық
сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы
қонақ үйлер қызмет көрсетедi. Мыс., Алматы
қ-нда қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”,
“Достық”, “Есiк”, “Отырар”, “Астана”,
“Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”,
т.б. қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi.
Астанада 30 туристiк фирма және 25 қонақ
үй орналасқан. Олардың iрiлерi: “Окан —
Интерконтиненталь Астана”; “Комформ
— Отель Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек
жолы”, “Алтын дала”, т.б. Туризм мамандары
Туризм және спорт академиясында, Қазақ
халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi
университетiнде, Алматы мемлекеттік университетiнде,
Қазақ Ұлттық университiнде, “Тұран”
университетiнде, т.б. жоғары оқу орындарында
дайындалады. Қазақстандағы қорықты аймақтарға
қызығушылық танытқан туристердің саны
барған сайын арта түсуде. Велосипедті
туризм, атты туризм және су туризмі сынды
туризмнің ұйымдасқан түрлері дамып келеді.
Арнайы ұйымдастырылған саяхаттардың
саны 2003-жылы 785 болса, 2004-жылы бұл көрсеткіш
1330 -ға дейін 1,7 есе өсті. Бұл туралы KZ-today
тішісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен
хабарлады. Туристік топтар үшін саяхаттар
ұйымдастырумен шұғылданатын қызметкерлер
1330 саяхат ұйымдастырып, оған 244,7 мың турист
қатысты. Зерттеуге қатысқан туристік
мекемелер жиҺанкездердің сапарынан 20
млн. теңге көлемінде пайда тапты. 2004-жылы
елімізде төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар
саны 20-ға жетіп, 2003-жылғымен салыстырғанда
11 процентке өсті. Олардың 10-ы (50%) - мемлекеттік
табиғи қорықтар, 8-і (40%) - мемлекеттік ұлттық
табиғи саябақтар, 2-і (10%) - мемлекеттік
табиғи резерваттар.[3]
Аудандарымызда да
мән беріліп, күш салынса туристік орталық
болғалы тұрған нышандар баршылық. Мысалы,
Жылыой ауданындағы «Қамыскөл», Индердегі
тұзды көл, оның шипалы балшығы, Еркінқала
ауылы жанындағы «Жасыл арал», Каспий
теңізінің ен жағалауы. Сонымен қатар
жұрттың көзайымына айналған Құрманғазы
ауданындағы Қиғаш өзені бойы. Тылсым
табиғат, арнасы ай нұрындай жарқыраған,
жағасында құба талдар шашын өріп, тұтасып
өскен орманы мүлгіген осы өлке біздер
үшін Швейцария емес пе? Қиғаштың «француздар
дем алатын жер» аталып кеткен сұлу тұсын
үлкейтіп, инфрақұрылымын жақсартса 5-10
күндік қысқа демалыстар үшін таптырмайтын
орталыққа айналар еді. Туризмнің түрлері
көп. Мысалы, мәдени-танымдық туризм, сауықтыру
туризмі, балалар-жасөспірімдер туризмі,
экологиялық туризм, спорттық-оқиғалық
туризм, экстрималды туризм, іскерлік
туризм, тағысын тағы болып бөлінеді.
Бүгінгі таңда келуші шетел азаматтарының
саны жыл сайын өсуде. Атырау өңірінде
шамамен әлемнің 50-ден астам елінен 480
ірілі-уақты компаниялар жұмыс жасауда.
Көптеген шетел және бірлескен компанияларды
материалдық-техникалық базалары жоғары
деңгейде, олардың облыс көлеміндегі туристік
нышандарға экскурсия жасайтын автобустары,
жеңіл көліктері бар. Сол себептен де шығар,
туристік нышандарға келушілердің 70%-ы
облыста қызмет бабымен жүрген шетел азаматтары.
Туризмнің негізгі атқаратын
4 мақсаты аталады, олар: 1.Сауықтыру (рекреациялық); 2.
Ал көлік
түрі бойынша автомобиль,темір жол,
4.«Туристік таңдау» атты сауалнама нәтижесі:
- Сіздің отбасыңыз жазғы демалысты қалай өткізгенді қалайды?
а) 10оқушы ешқайда бармайды (үйде болады); ә) жақын маңдағы елді мекенде (саяжайда,бақшада) жауабына 31 оқушы жауап беріп басым түсті.
2. Демалыстың қай түрін ұнатасыз? а) жауабына 34 оқушы белсенді туризм,саяхатын таңдады; ә) жауабына 4 оқушы белсенді емес-демалыс үйі (базасы), санаторий жауабын таңдады.
3. Егер сіз
немесе сіздің отбасыңыз
4. Қандай табиғат
кешенінде демалғанды ұнатасыз?
5. Өз саяхатыңызды қалай ұйымдастырасыз? а) өз бетімше жауабын 15 оқушы таңдады; ә) туристік ұйымдар жауабын 9 оқушы таңдады; б) жауабына 14 оқушы басқа жауап нұсқасын таңдады.
Қорытынды: көріп отырғанымыздай жас жеткіншектер танымдық туризм түрін таңдап, туған өлкесін, мәдениетін, салт-дәстүрін білуге-көруге ынтық оларды зерттеуге үлкен қызығушылық танытады. Туризм танымдық мақсатта ғана емес тәрбиелік мәні зор екенін көз жеткіздік. Сондықтан болашақ ұрпақты тәрбиелеуде экономиканың туризм саласының рөлі зор.[4]
Қорытынды
Жоғарыда
айтылған талдауларға байланысты туризм
классификациясының үлкен ғылыми және
практикалық мағынаға ие екені айқындалады.
Әлемдік туристік айналымның ұғымын
терең анықтауға мүмкіндік
Жоспар
Кіріспе
1.Туризмдегі
классификацияның мәні, түрлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Ердавлетов С.Р. География туризма. История, теория, методы, практика/ Алматы, 2003, 257 б.
- Дуйсенгалиев Т. Тернистый путь отечественного туризма // 2001, 177 б.
- «Туристік классификация»// http:Google.kz
- «Туристік таңдау»/ http://www.egemen.kz
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н.ГУМИЛЕВ
АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тексерген: Муканов А.Х.

- Туризмдегі маркетинг
- Туризмдегі маркетингтік ортаның ерекшеліктері
- Туризмдегі маркетингтік ортаның ерекшеліктері
- Туризмдегі сапаны маркетингтік басқару
- Туризмдегі шығындар есебі
- Туризм для людей с ограниченными возможностями. Состояние и перспективы развития
- Туризм для устойчивого развития общества
- Туризм в Чехии
- Туризм в Эстонии
- Туризм дамуы
- Туризмдегі есеп
- Туризмдегі жарнама ұғымы мен тарихы
- Туризмдегі жетістік
- Туризмдегі жетістік