Туризмдегі маркетинг
«Туризмдегі маркетинг»
Қазақстан үшін туризмнің
дамуы қазіргі таңда өте
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап және оны маркетинг тәжірибесінде қолдану қажет.
Туристік фирмадағы
Туризмдегі маркетингтің мәнін, маңызын, ерекшеліктерін талдай келе оның мазмұнын бөліп көрсетуге болады (сурет 1).
Туристік фирманың маркетингтік ортасын талдау
Туристік фирманың маркетингтік қызметін талдау
ЖОСПАРЛАУ
Стратегиялық: туристік фирманың тауар, баға, коммуникация, өткізу саясатын қалыптастыру.
Оперативтік: іс-әрекет бағдарламасын және маркетинг бюджетін қалыптастыру.
МАРКЕТИНГТІК БАҚЫЛАУ
Стратегиялық бақылау
Тактикалық бақылау
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Туристік фирманың маркетингтік қызмет жоспарларын жүзеге асыру
Туризмдегі маркетингтік қызмет
Сурет 1 – Туризмдегі маркетингтік қызметтің мазмұны
Ескертпе: Зерттеу нәтижесінде автор жасаған.
Осы орайда, «туризмдегі маркетинг» – пайда алу мақсатында туристік өнімді қалыптастыруды, баға белгілеуді, жылжытуды, өткізуді, турларды ұйымдастыруды басқарудың нарықтағы сұранысқа бейімделген, бәсекелік артықшылықтарын жоғарылатуға мүмкіндік беретін туристік қызмет әзірлеп, ұсынуға бағытталған үдеріс.
Шығыс Қазақстан облысының
туристік әлеуетін, онда әрекет
етуші туристік сала
Кесте 1 – Шығыс Қазақстан облысындағы 2005-2009 ж.ж. қызмет көрсетілген туристер, адам
Көрсеткіш |
2005 ж |
2006 ж |
2007 ж |
2008 ж |
2009 ж |
2009 ж. 2005 ж. салыстыр-ғанда, % |
2009 ж. 2008 ж салыстыр-ғанда, % |
Барлығы |
25299 |
27689 |
39960 |
59667 |
25130 |
99,3 |
42,1 |
Кіру туризмі |
1395 |
624 |
551 |
1313 |
1189 |
85,2 |
90,5 |
ТМД елдері |
697 |
454 |
394 |
918 |
944 |
135,4 |
102,8 |
ТМД-дан тыс |
698 |
170 |
157 |
395 |
245 |
35,1 |
62,0 |
Шығу туризмі |
3089 |
8155 |
10162 |
6340 |
6232 |
201,7 |
98,3 |
ТМД елдері |
136 |
490 |
91 |
133 |
56 |
41,2 |
42,1 |
ТМД-дан тыс |
2953 |
7665 |
10071 |
6207 |
6176 |
209,1 |
99,5 |
Ішкі туризм |
20815 |
18910 |
29247 |
52014 |
17709 |
85,1 |
34,0 |
Ескертпе: ШҚО Статистика Департаменті мәліметтері негізінде жасалған. | |||||||
1-кестені талдау облыстағы
туристік фирмалар 2009 жылы 25130 туристке
қызмет көрсетіп, 2008 жылға қарағанда
туристер саны 57,9% кемісе, 2005 жылғы
көрсеткішпен салыстырғанда 0,
Туристік қызметтер толық
көрсетілетін жолдамалар саны соңғы
жылдары азаюда. Бұл халықтың толық
кешенді туризмді сатып алу мүмкіндігінің
төмендігін білдіреді. Ал қызмет көрсетудің
жеке түрлері енетін жолдамаларға сұраныс
қарқынды түрде дамуда. Мысалы, 2008 жылы
2007 жылға қарағанда осындай
Туристерді тасымалдау құралдарына
тоқталсақ, ішкі туризмде 2008 жылы 2007 жылға
қарағанда әуе көлігімен
2009 жылы қонақ үйлер
мен басқа да орналастыру
Шығыс Қазақстанда туристік өнімдер ұсыну қызметімен «Экосистем», «Алтайские экспедиции», «Эл-тур-Восток», «Саяхат-Восток», «Рахман қайнарлары», «Көгілдір бұғаз», «Геотур», «Алтай», «Империя туризма», «Зүбәржат Алтай», «MARKA-TUR», «ВизаИнтур», «Алтай Альпілері» ЖШС-і және т.б. туристік фирмалар айналысады.
Аталған кәсіпорындар нарықта кең тараған, тұрақты сұранысқа ие, қол жетерлік бағадағы турөнім ұсынады.
«Экосистем» ЖШС-нің негізгі қызмет бағыттары: экологиялық туризм, хикаялық турларды ұйымдастыру, экологиялық қызметті насихаттау, табиғатты қорғау, ақпараттық-жарнамалық буклеттер мен Шығыс Қазақстан облысының табиғаты жайлы видеофильмдер шығару. Ол өз турларын Қазақстандағы және Еуропадағы агенттер көмегімен сатады.
«Рахман қайнарлары» 1995 жылдан бастап жұмыс істейтін жетекші туроператор болып табылады. Биік таулы, табиғаты әсем жерде орналасқандықтан шипажайдағы санаторлы-курорттық емдеу оның басты қызметі болып табылады. Сонымен қатар «Нұртау» тау-шаңғы курорты қысқы демалысты, «Порт Фортуна» қонақ үй кешенінде жағажайлық туризмді ұйымдастырумен, Қазақстандық Алтай тауларында белсенді турларды өткізумен (тау шыңына көтерілу, жаяу және атты турлар, рафтинг, авто-велотурлар, аралас маршруттар) айналысады.
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік
саясатының негізгі мақсаты нарықтық
жағдайларды тиімді пайдалана отырып
көрсетілетін қызметтер сапасын
жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу
және жылжыту үрдістеріне
Өнімді өткізуден түскен түсім 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 21,2% төмендесе де жалпы «Рахман қайнарлары» ЖШС-і рентабелді қызмет етеді (кесте 2).
Кесте 2 – «Рахман қайнарлары» ЖШС-нің 2007-2009 ж.ж. негізгі көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер |
2007 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. |
2009 ж. 2008 ж. салыстырғанда, % |
Өнімді өткізуден түскен түсім, мың тг. |
61152 |
67714 |
54040 |
79,8 |
Өнімнің өзіндік құны, мың. тг. |
47263 |
51636 |
37936 |
73,5 |
Түсімге қатысты өзіндік құн, % |
77 |
76 |
70 |
92,1 |
Өнімді өткізуден түскен пайда, мың тг. |
13889 |
16077 |
16104 |
100,2 |
Түсімдегі өткізуден түскен пайданың үлесі, % |
22,7 |
23,7 |
29,8 |
125,7 |
Рентабельділік деңгейі, % |
1,29 |
1,31 |
1,42 |
+ 0,11 |
Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг. |
2207 |
1381 |
2399 |
173,7 |
Өзге қызметтерден түскен табыс,мың тг. |
1284 |
53 |
2338 |
44 есе |
Таза табыс (шығын) мың тг. |
1780 |
1275 |
3391 |
2 есе |
Ескертпе: «Рахман қайнарлары» ЖШС-нің мәліметтері негізінде жасалған | ||||
Кестедегі мәліметтер бойынша 2009 жылы таза табыс 2008 жылмен салыстырғанда 2116 мың теңгеге, ал 2007 жылмен салыстырғанда 1610 мың теңгеге өскен. Рентабельділік деңгейі 2009 жылы 1,42 пайызды құрады, бұл 2008 жылдың көрсеткіші бойынша 0,11 пайызға және 2007 жылмен салыстырғанда 0,13 пайызға жоғары.
Талдаудың мәні нақты бір уақыттағы туристік қызмет нарығындағы жағдайды бағалаудан тұрады. Кестеден байқағанымыздай, «Алтай экспедициялары» ЖШС-де туристер санының үш есеге жуық өсуі оның қызмет тиімділігіне әсер еткен жоқ. Себебі «Алтай экспедициялары» ЖШС-де 2007-2008 жылдары шығынды болған. Фирманың шығынсыздығын талдау пайда алу үшін қанша туристке қызмет көрсетуі керек екендігін көрсетеді. Кестеге назар аударсақ, туристік қызмет көрсетудің шекті көлемі 20528 құрау керек.
4 кестенің жалғасы
Кесте 3 – 2008-2009 жылдары «Алтай экспедициялары», «Туризм империясы» ЖШС-де көрсетілген қызметтерге салыстырмалы талдау
Көрсеткшітер |
Жылдар | |||
2008 |
2009 | |||
Туризм импе-риясы |
Алтай экспеди-циялары |
Туризм импе-риясы |
«Алтай экспеди-циялары» | |
Бір тур қызметке орташа баға, теңге |
14500 |
32800 |
16200 |
28100 |
Қызмет көрсетілген туристер саны |
10000 |
7260 |
21168 |
20354 |
Ауыспалы шығындар, бір турқызметке орташа баға, теңге |
10100 |
24300 |
12700 |
22900 |
Тұрақты шығындар, мың теңге |
25680 |
63250 |
56400 |
106750 |
Таза пайда, мың теңге |
18320 |
-1530 |
17688 |
-909 |
Сатудың критикалық көлемі |
5837 |
7441 |
16114 |
20528 |
1 турқызметтен таза табыс |
1832 |
-210 |
836 |
-45 |
Турөнімнің критикалық көлемін өндіргеннен кейінгі фирмада қалатын пайда, мың теңге |
7626 |
0 |
4194 |
0 |
Жиынтық ауыспалы шығындар, мың теңге |
101000 |
176718 |
268834 |
466107 |
Жиынтық шығындар, мың теңге |
126680 |
239968 |
325234 |
572857 |
Рентабельділік деңгейі, пайыз |
14,5 |
- 0,8 |
5,4 |
-0,15 |
Өнімді өткізуден түсетін пайда, мың теңге |
145000 |
238128 |
345922 |
571947 |
Ескертпе: ШҚО туристік кәсіпорындарының есептік мәліметтері негізінде автор жасаған. | ||||
Шығыс Қазақстан облысындағы туристік фирмалардың маркетингтік қызметін талдау арқылы олардың кемшіліктері мен мәселелері анықталды. Бұл қызмет «Рахман қайнарлары» ЖШС-де функционалдық құрылымы болғандықтан жақсы жолға қойылған. Онда кәсіби көрмелер мен кездесулерге қатысу, ұлттық туристік ұйымдармен, шет мемлекеттердің сауда өкілдіктерімен жұмыс істеу, көрсетілімдер ұйымдастыру, демеушілік шараларын жүргізу, жарнама қызметтері атқарылады. Бірақ басқа турфирмаларда осы және жергілікті туристік өнімдер нарығын зерттеу, агенттік желімен жұмыс істеу, туристік қызмет көрсету қоржынын жоспарлау, жылжытуды тиімді шараларын ұйымдастыру сияқты әрекеттер қамтылмаған. Сондықтан туристік фирмалар маркетингтік қызметі жүйелі түрде әлі де дамымаған.
Облыстағы туристік қызметті
тұтынушылардың мінез-құлқына әсер
етуші факторларды анықтау
Кесте 4 – Туристік қызметтерді тұтынушыларға зерттеу жүргізу үшін іріктемені қалыптастыру үрдісі
Көрсеткіш |
Сипаттамасы |
Бас жиынтық |
ШҚО облысында тұратын туристік қызметті тұтынушылар |
Іріктеме бірлігі |
Туристік фирма қызметін пайдаланған клиент |
Іріктеме шеңбері |
Сұрау жүргізу кезінде туристік фирмалардың мәліметтер базасында тіркелген клиенттер тізімі |
4 кестенің жалғасы Іріктеме әдісі |
Кездейсоқ таңдау |
Іріктеме әдісінің типі |
Жүйелі таңдау |
Секіру аралығы |
32 адамнан кейін |
Ескертпе: Әдеби көздер негізінде автор жасаған. | |
Маркетингтік зерттеу
барысында алынған
Сурет 2 – Респонденттердің «Сіз саяхатқа қандай мақсатпен шығасыз?» сұрағының нәтижесі
Ескертпе: Зерттеу нәтижесінде автор жасаған.
Респонденттердің жауабын талдау барысында туризм мақсаты ретінде сұралғандардың 35%-ы демалыс, 15%-ы мәдени-танымдық, 12%-ы емделу, 11%-ы ойын-сауық және іскерлік мақсаттарды атады (сурет 2).
Респонденттердің ішкі, шығу туризмдері түрлері бойынша ара-қатынасын талдау сұралғандардың 60%-ы алыс-жақын шетелдерде болғандарын, 40%-ы ішкі саяхаттарда ғана болғандарын, егер табыс деңгейі жоғарылайтын болса, шетелдерге саяхаттауды қалайтындарын білдірді. Сапар бағыттары ішінде үлес салмағы ең жоғары 28%-ы ТМД елдері, екінші орынды 22%-ы Қытай, үшінші орынды 20%-ы Түркия мемлекеттері алып отыр. Осы аталған елдерде болған респонденттер бұл елдердің таңдауға ықпал етуші факторлар қатарында жоғары деңгейлі сервисті, қызметтердің сапалылығын, тиімді туристік объектілердің болуын, баға деңгейінің сәйкестігін атады.
«Сіз туристік фирманы
таңдауда қандай факторларды алға ұстайсыз?»
деген сұрақтың нәтижесін талдау
30%-ы тұтынушылар үшін бұрынғы
тұтыну тәжірибесінің аса маңызды
екенін, 27%-ы компанияның
Тұтынушылардың туристік
қызмет ұсынушы компанияларды
Сурет 3 – «Сіз туристік фирманы таңдауда қандай факторларды алға ұстайсыз?» деген сұрақтың нәтижесі
Ескертпе: Зерттеу нәтижесінде автор жасаған.
Респонденттердің жауаптарын талдау нәтижесі тұтынушылар үшін аса танымал 36%-ы «Көгілдір бұғаз», одан кейін 21%-ы «Рахман қайнарлары», 13%-ы «Эль-тур Восток», 7%-ы «Саяхат Восток», 7%-ы «Нұртау», 5%-ы «VEGA TUR» және басқалар орналасты. «Көгілдір бұғаз», «Рахман қайнарлары» туристік фирмаларының облыстағы танымалдылығының басты себебі нарықтағы өз орнының болуы, ұзақ жылдардан бергі тәжірибесі және тұтынушыларға ұсынатын қызметтерінің сапалылығы болатын болса, «Эль-тур Восток» фирмасының нарыққа келгеніне көп уақыт бола қоймаса да, жақсы маркетингтік қызметтің арқасында өзінің мақсатты аудиториясын таба білуі және тұтынушыларға ұсынатын қызметтерінің толық кешенді сипатта болуы оны тұтынушылар арасында танымал етті.
Ішкі туризмде тұтынушылардың 45%-ы емдік-сауықтыру, 27%-ы мәдени-танымдық, 15%-ы аң аулау туризміне сұраныс білдіретіндегі анықталды. Ал кіру туризмінде, яғни шетелдік туристер бірінші кезекте белсенді туризм түрлерін, екінші кезекте экологиялық туризмді, үшінші кезекте мәдени-танымдық туризмді қалайды екен.
Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 36%-ы саяхаттауға кедергі келтіретін басты фактор ретінде туристік жолдама бағасының жоғарылылығын, яғни туристік өнімді тұтынушылардың қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуін, 18%-ы қауіпсіздік деңгейінің төмен болуын, 15%-ы уақыттың шектеулілігін, 14%-ы ақпараттың жеткіліксіздігін, 9%-ы туристік өнімдердің мерзімділігін, 4%-ы жол-сапардың ұзақтығын, саяхаттауға қызығушылықтың болмауын атады.
Турөнімді қалыптастыру мақсатты нарыққа сүйенеді, яғни нарықты сегменттерге бөліп, тартымды сегментті таңдау және оның талаптарына сай маркетингтік кешеннің құрамдастарын анықтау қажет. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысында туристік қызметтер нарығын тұтынушылардың жасы мен тур мақсаты бойынша сегменттеу жүргізілді.
Кесте 5 – Туристік қызметтер
нарығын сатып алушылардың жасы
мен тур мақсаты бойынша
Тур мақсаты |
Сатып алушылардың жас
мөлшері бойынша нарық | ||||||
18-20 |
21-25 |
26-30 |
31-40 |
41-50 |
51-60 |
61-ден жоғары | |
Демалыс |
* |
*** |
*** |
** |
* | ||
Емделу |
* |
** |
*** |
*** | |||
Мәдени-танымдық |
* |
** |
*** |
** |
** |
*** |
|
Іскерлік |
* |
*** |
** |
||||
Орын ауыстыру |
* |
*** |
** |
||||
Спорттық |
*** |
** |
* |
||||
Ойын-сауық |
*** |
*** |
** |
* |
|||
Ескертпе – Зерттеу нәтижелері бойынша автор жасаған. Шартты белгілер: *** – қажеттілігі жоғары ** – қажеттілігі қанағаттанарлық * – қажеттілігі төмен | |||||||
5-кестеден көріп
Сегменттеу мәліметтеріне сүйене отырып туристік фирма жасы және туризм мақсаттары бойынша қажеттіліктері ұқсас тұтынушылар топтарына сәйкес маркетингтік жоспар құруы тиіс.
Сегменттеу нәтижесінде «Рахман қайнарлары» ЖШС үшін мақсатты сегменттер анықталды. Олар – емделу мақсатында саяхаттайтын табысы 100 мыңнан асатын 31-40, 41-50 және 51-60, 61 жастан жоғары жастағы, жоғары және арнайы кәсіптік орта білімі бар қызметкерлер немесе зейнеткерлер.
Белсенді туризм түрін қалайтын мақсатты сегментке 26-30 және 31-40 жастағы тұрақты қызметі бар, жоғары білімді, табыс мөлшері 70-80 және одан жоғары мөлшерді құрайтын спортқа жақын, салауатты өмір салтын ұстанатындар жатады.
«Рахман қайнарлары» ЖШС осы аталған екі мақсатты топ үшін өз қызметтерін нарықта оңтайлы жайғастыру мәселелерін шешуі керек.
Бәсекелестер мен фирма тауарларының позициясын сипаттау үшін жайғастыру немесе қабылдау картасы жасалынады. Позициялар картасы – бірнеше бағалау көрсеткіштерін қолдану арқылы жайғастыру үдерісін ұсыну тәсілі. Сондай көрсеткіштердің бірі «танымалдылық- сапа» қарым- қатынасы.
Туризм нарығындағы туристік фирмаларды жайғастыру картасын жасау барысында танымалдығымен «Рахман қайнарлары» ЖШС-і және «Туризм империясы» ЖШС-і, ал қызмет көрсету сапасының жоғарылығы бойынша «Экосистем» ЖШС-і және «Алтай экспедициялары» ЖШС-і анықталды (сурет 4).
Туристік фирманың танымалдылығы
жоғары
Туризм империясы
Рахман қайнарлары
Эл-тур-Восток
Қызмет көрсету сапасы
Экосистем
Paradise Travels
жоғары
төмен
Алтай экспедициялары
ВизаИнтур
MARKA-TUR
төмен
Сурет 4 - Туризм нарығындағы туристік фирмаларды жайғастыру картасы
Ескертпе: Зерттеу нәтижесінде автор жасаған.
Жалпы Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің дамуын талдау қабылданып, жүргізіліп жатқан мемлекеттік, облыстық деңгейлердегі бағдарламаларға қарамастан оның басқа елдермен салыстырғанда әлі де төмен дәрежеде екендігін көрсетті. Бұл саланың облыстың туристік-рекреациялық мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана алмай отырғандығының басты себептері:
- Көлік мәселесі. Туристердің басым бөлігі сервис және сенімділік жағынан шетелдік әуе тасымалдаушыларын таңдайды, соның салдарынан отандық әуе компанияларында жолаушылар ағысы төмен. Әуе билеттері құнының жоғары болуына байланысты турфирмалар өнімінің бағасы қымбат, соған орай халықаралық нарықта біздің турөнімнің бәсекеге қабілеттілігі төмен. Автокөлік шекаралас мемлекеттерге шоп-турларды ұйымдастыруда және экскурсиялық маршруттарда қолданылады. Бірақ оның дамуы облыс аймағындағы туристік объектілерге апаратын жолдардың жағдайына және туристік көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету деңгейіне байланысты артта қалып отыр. Шығыс Қазақстан облысындағы автобус паркі моральдық, физикалық тұрғыда тозған автобустар ғана ұсына алады. Облыстағы келешегі бар туристік объектілерге тікелей темір жол көлігімен жету мүмкін емес.
- Туристерді орналастыру орындары. Шетелдік туристерге облыс орталығының өзінде сапалы қызмет көрсетуге сәйкес қонақүйлер жоқ, барының материалдық базасы 80% тозған, өйткені олар 60-жылдары салынған. Көптеген зерттеу мәліметтері бойынша туристік классқа жататын 2-3 жұлдызды және шағын, орта қонақүйлердің қызметі рентабелді болып келеді. Облыс орталығының өзінде мұндай қонақүйлер саны 3-4 аспайды. Ал тікелей туристік объектілерде қонақүйлер құрылысы әлі күнге қолға алынбай отыр.
- Кадрлық қамтамасыз етілу. Туризм саласының кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейі осы уақытқа дейін қанағаттанарлықсыз болып отыр. Облыста туризм менеджерлерін дайындайтын бірқатар жоғары оқу орындары бар. Ал экскурсия жүргізушілер, гидтер, нұсқаушылар дайындайтын арнайы оқу орындары жоқ.
- Ішкі және кіру туризмін дамыту мәселелері. Облыста 2009 жылдың 1-қаңтарында 48 туристік фирма, оның ішінде 25 туроператорлық, 22 турагенттік және 1 экскурсиялық фирма әрекет еткен. Аталған туристік фирмалардың көрсететін қызметтерінің 80% жуық үлесін шығу туризмі құрайды. Бұл фирмалардың ішкі және кіру туризмін дамытуға ынта білдірмейтіндігінің басты себебі облыстағы туризм инфрақұрылымының төмен деңгейі және ішкі, кіру туризмін дамытуда мемлекет, жергілікті басқару органдары тарапынан жеңілдіктердің қарастырылмауы.
Осы мәселелерді шешу үшін туристік фирмалар қызметінде маркетингті жетілдіру маңызды.
Туризмнің дамуы көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Резидент емес туристер облыс аумағына көбінесе автожол немесе әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында автожол көлігі жиі пайдаланылады. Турлар мен экскурсиялық бағдарларды ұйымдастыру автомобиль жолдарының жағдайына байланысты.

- Туризмдегі маркетингтік ортаның ерекшеліктері
- Туризмдегі маркетингтік ортаның ерекшеліктері
- Туризмдегі сапаны маркетингтік басқару
- Туризмдегі шығындар есебі
- Туризм для людей с ограниченными возможностями. Состояние и перспективы развития
- Туризм для устойчивого развития общества
- Туризм для устойчивого развития общества
- Туризм в Эстонии
- Туризм дамуы
- Туризмдегі есеп
- Туризмдегі жарнама ұғымы мен тарихы
- Туризмдегі жетістік
- Туризмдегі жетістік
- Туризмдегі классификацияның мәні, түрлері