Туризмнің белсенді түрі

Жоспар 

I.Кіріспе..................................................................................................................3

II.Шетелдік  белсенді  саяхат  түрлерінің  ерекшелігі...................................4-12

а)Активті  туризмнің мәні және мазмұны...........................................................4-5

б)Шет  елдердегі активті туризмнің  түрлері  және  ерекшеліктері...............5-12 

в)Шет  елдердегі активті туризмнің  дамуы: мәселелері мен болашағы..12 III.Қорытынды.....................................................................................................13

IV.Қолданылған әдебиеттер............................................................................14 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

        

     Қазіргі таңда біз  туризмді адам  өміріндегі  маңызды құбылыс ретінде қарастырумен  қатар XX  ғасырдың   феномені  деп те  есептейміз.   Сонымен қатар туризм  жай ғана   саяхат  немесе  демалыс ғана  емес,   экономиканың  динамикаклы түрде дамитын ең  негізгі салаларының бірі  болып саналады. 

     Бүкіләлемдік  Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша  туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімінің оннан бір бөлігін, халықаралық  инвестицияның  11%-ын   және әлемдегі өндірістің  әрбір  жетінші    жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Қазіргі  туризм индустриясы ірі, жоғарғы  табысты және динамикалы түрде дамып  отырған халықаралық қызмет саудасының сегменті болып отыр. Туризімнен түскен табыс тұрақты түрде мұнайды  экспорттау, мұнай өнімдері   және автокөлік табысынан кейін 3-ші орында тұр.[1] Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриялды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризмнің   арқасында жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі, жергілікті инфрақұрылымның дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы байқалады.  Туризм индустриясы   тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымымен сипатталады. Басқаша айтқанда, туризм енді дамып келе жатқан елдердің экономикасына оң әсер етеді.

     Туризмнің  экономиканың  басқа  салалардан  ең  басты  ерекшелігі – оның  әр  түрлі  салаларды  біріктіре  алатындығында.     Жалпы,  туризмнің   бірнеше   түрлерін   белсенді  және  белсенді   емес  деп  үлкен  екі  топқа  бөлуге  болады.    Соңғы  кезде   салауатты  өмір  салтын    ұстанушылардың  көпшілігі  активті туризм   саласына  көбірек көңіл бөлуде.     Активті туризм – туризмнің   ең  жақсы  дамыған  салаларының  бірі  болып  саналады. 

     Жалпы  алғанда,   бұл  рефераттың  өзектілігі – активті  туризмнің   қазіргі  таңда  қоғам  үшін   салауатты  өмір  салтының  кепілі  болса,  мемлекет  үшін  экономиканың   негізгі  қаржы   көзі   болып  саналатындығында.    Рефераттың  мақсаты – активті  туризмнің  экономикадағы  рөлі  мен   маңызын  айқындау,  міндеті – алға  қойған  мақсатқа  статистикалық  көрсеткіштер  мен  талдаулар  арқылы қол  жеткізу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II.Шетелдік  белсенді  саяхат  түрлерінің  ерекшелігі

Активті туризмнің мәні және мазмұны 

     Активті   туризмнің  мазмұнын   ашып  түсіну  үшін,   алдымен,  «активті  туризм»   сөзінің  анықтамасын   біліп  алу  керек.

     Активті  туризм:

     1)туризмнің   адамның  физикалық  күшін   жұмсаумен  байланысты  болатын   барлық  түрлерін  қамтиды,  оған   тау туризмі,  су  туризмі,  альпинизм   т.б.  туризм түрлерін  жатқызуға   болады;

     2)халықаралық   туризмнің   валюта  түсімі  бойынша  алдыңғы   қатарлы   түрлерін  жатқызуға  болады;

     3)табиғат   аясына  жасалатын  белсенді  саяхаттар.[2]

     Алғашқы  кезде  ғалымдар   туризмді  ұйымдастырылған  және  өзіндік  деп    үлкен  екі  топқа бөлді. Өзіндік туризм  бұқаралық және  спорттық  деп бөлінді.   Спорттық өзіндік   туризм  қазіргі  таңдағы  активті  туризмнің  негізін  қалады. [3]  Активті туризм  сол кездің  өзінде  тау,   шаңғы,   жаяу  туризм  сияқты  күрделі,   әрі   қауіпті туризм  түрлерінен  тұрған  болатын.   Ал,  қазіргі кезде   бұлардың  қатарына    серфинг,   дайвинг,  спелеотуризм,   рафтинг т.б.   сияқты   танымдық,  әрі   экстремалды туризмнің жаңа  түрлері келіп қосылды.    Активті туризмнің негізгі мақсаты спорттық  жетістікке  жету  емес,   керісінше көңіл-көтеру,   демалу  болып табылады.                   Сондықтан,  ол  жаппай   халықтық  сипат  алады.  

     Активті  туризм   физикалық  (дене күші,  шыдамдылық)  және  интеллектуалдық (тактикалық  және  техникалық  тапсырмалар)   күштерді  қажет етеді.   Активті туризм   күрделілік  дәрежесіне  байланысты  3-ке,  ал  қиындығына  байланысты   6  категорияға бөлінеді. 

     1) Бірінші  дәрежелі – оңай  түрлері.   Адамның  дене  күшін   көп  қажет  етпейтін,   қиын  емес  маршруттарды  жатқызуға  болады. 

     2) Екінші   дәрежелі – орташа  күрделі.   Сақтану  үшін  арнайы  сақтандыру  құралдарын  қолдану  арқылы   жүзеге  асырылады. 

     3) Үшінші  дәрежелі – жеткілікті  күрделі.  Арнайы  сақтандыру  құралдарын  қажет  ететін,   топтық  емес  маршруттар.

     4) Төртінші  дәрежелі – өте   күрделі.    Маманданған,   жақсы  дайындалған   жолбастаушыны   қажет ететін   маршруттар.

     5) Бесінші  дәрежелі – ерекше  күрделі.  Топтың  әрбір  мүшесі   физикалық  жағынан   мықты,   жақсы  дайындалған  болуы  керек.

     6) Алтыншы дәрежелі – жоғарғы  дәрежелі  қиын  маршруттар.  Алдыңғы   жағдайлармен  қоса  сақтандыру  пунктерінің  көп  болуын  қажет  етеді.  Маршруттардың   бұл  категориясы  өте  сирек  кездеседі.  [5]

     Активті  туризмнің  күрделілік  категориялары  мынадай  3  жағдайға  байланысты  анықталады:

     1) активті  туризм  жүргізілетін  аймақтардағы  желдің  бағыты  мен  судың   ағысына  байланысты;

     2) аймақтың  географиялық  ерекшеліктеріне   байланысты;

     3) аймақтың  туристік  ерекшелігі,  халықтың  туристік  аймаққа байланысты  орналасу  ерекшелігі.

     Осыған  байланысты  активті  туризм дүние  жүзі  елдерінде  әр  түрлі  дамыған.  Келесі  бөлімде  активті  туризмнің  шетелдердегі  ерекшеліктері  жайлы  мағлұмат берілген. 
 

Шет елдердегі  активті туризмнің түрлері  және  ерекшеліктері 

     Активті  туризм  шетелдерде  кеңінен  таралған.   Сонымен  қатар олардың  түрлері  де  көп.  

     Тау түризмі – бұл  таулы  аймақтарға  жасалатын  саяхаттарды  қамтиды.   Тау туризмінің  экстремалды түрі – альпинизм болып табылады.    Альпинизм – тау шыңдарына шығумен байланысты   болып келетін   тау туризмінің  ең   күрделі түрі.   Тауға шығумен байланысты  активті туризмнің кең   таралған  түрлерінің  бірі – шаңғы туризмі.   Шаңғы   туризмі – белгілі бір қар жамылғысына байланысты   арнайы  құралдарды   пайдалана отырып,  шаңғы арқылы  жүзеге  асырылатын   туризмнің түрі.[6] Тау  туризмінде де  активті туризмнің   басқа түрлеріндегі  сияқты  күрделілігіне байланысты  6 категорияға бөлінеді.   Тау  туризмі  негізінен қыс мезгілдері   кезінде кеңінен таралады.  Тау  туризмі  мен  альпинизмнің   кеңінен   тараған   аймақтары: Альпі   таулары,   Тянь-Шань  таулы  аймағы,  Алтай  және  Кавказ   аймақтары. (1-сурет).   

1-сурет.  Альпинизм. 

      

     Су  туризмі – бұл  судың  ағынына  байланысты  арнайы   құралдар  арқылы   жүзеге  асырылатын  активті  туризмнің  бір  түрі.   Су  туризмінің  түрлері  өте   көп  және  кең  таралған: серфинг,  дайвинг,   рафтинг.  

     Серфинг – арнайы  тақта  үстінде  су    ағынымен   жүзеге  асырылатын   активті  туризм.    Серфингтің   бірнеше  түрлері  бар.   Виндсерфинг  – кеме  артында  тақтамен  сырғанау.  Бодисерфинг – толқында тақтасыз  сырғанау. (2-сурет). 

2-сурет.  Серфинг. 

     Дайвинг – су  астында  арнайы  құрал-жабдықтарды  пайдалану  арқылы  жүзеге  асырылатын  су  туризмінің  түрі.  Дайвинг  туризмге  қатыстылығына  байланысты  мынадай  3  түрге  бөлінеді (1-кесте).

     Дайвингтің   бұлардан  басқа  да  фри-дайвинг  деген  түрі  бар.   Ол – су  астында  ешбір  аппаратсыз,  демалмау  арқылы  жүзу.  Көбінесе  фри-дайвингтің  ұзақтығы  максималды  мәнінде  10-11  минутқа  созылады.

     Рафтинг – сарқырамалардан  рафт,  байдарка  немесе  катамаран  арқылы  түсу (3-сурет).   Рафт – үрлемелі,  тірексіз   қайық.   Катамаран – үрлемелі,   екіқабатты,  ескекті  қайық.   Байдарка – полиэтиленнен   жасалған  жеңіл  қайық.  Ең  ірі  рафтинг  дамыған  аймақтар  2-кестеде  берілген. 

3-сурет. Рафтинг. 

     Жалпы   алғанда,  су  туризмі  шетелдерде   жақсы  дамыған.   Тынық,  Атлант,  Үнді  мұхиттарының   жағалаулары  активті  туризмнің  негізгі  орталықтары  болып  саналады.

     Спелео-туризм – үңгірлерге   саяхат  жасаумен,  зерттеумен  байланысты  туризм  түрі.  Спелеотуризм,  негізінен  алғанда,  таулы аймақтарда  жүзеге  асырылады. (4-сурет).[1] 

4-сурет.Спелеотуризм. 

1-кесте.  Дайвинг  түрлері. 
 

     
Мемлекет  атауы

 1

Сарқырама

2

Сарқыраманың  жылдамдығы (км/сағ)

3

Түркия Даламан 3-5
Түркия Мелен 3-4
1 2 3
Непал Бхоте-Кости 4-5
Непал Марсианди 4-5
Уганда Ақ Ніл 4-5
Перу Апуримак 3-5
Абхазия Бзыбь 3-4
 
 
 
 
 
 
 

2-кесте.Рафтинг   дамыған  аймақтар. 

     Активті   туризмнің  дамуы,  ең  алдымен,  жергілікті  жердің   табиғатына,   географиялық   жағдайларына  және   экономикасына  тікелей  байланысты.   Соған  байланысты  әр  елде  активті  туризмнің  даму  жағдайы  әр  түрлі.  Шетелдердегі   активті  туризмнің  ерекшеліктері  мен  даму  жағдайларына  тоқталамын.

     Азиядағы  активті  туризм. Азия  дүние  жүзінде   табиғат  жағдайларының   алуан  түрлілігімен   ерекшеленеді.   Бұл,  ең  алдымен,  оның  алып  жатқан   аумағының   ауқымды  болуымен,   жер  бедері  мен   климаттық   жағдайының  күрделілігімен   түсіндіріледі.   Жер  бедерінің  75%-ын   таулар  мен  таулы  үстірттер  алып  жатыр.   Азияда  дүние  жүзіндегі  ең  биік   тау  шыңы  Джомалунгма (8848 м)  орналасқан.   Бұл   Азия  елдерінде  таулы  туризмнің  дамуының  ең  басты  алғышарты.     Ал   қалған  25%-ы   жазықтар.  Азиядағы  ең  ірі  Ұлы  Қытай,  Үнді-Ганг,  Месопотамия  сиқты   жазықтарда   сафари   жақсы  дамыған.  

     Непал – атақты  Гималай  тауының  орналасқан  жері.   Сондықтан  бұл   мемлекетте    тау   туризмі   мен  альпинизм  дамыған.   Аннапура  таулы  массивіне  жыл  сайын  әлемнің  80-ге   тарта мемлекетінен   арнайы  маршруттар  ұйымдастырылады.  

     Бутан  мемлекетінің  жеріне  тау  туризмімен  айналысушылар  ағыны  1974   жылдан  бастап   келе  бастады.  Қазіргі  таңға дейін  Бутан  жеріндегі  Шығыс  Гималайға  келушілер  ағыны  толастаған  емес.    

     Еуропадағы  активті  туризм.  Еуропа  жерінің басым   көпшілігін   жазықтар  мен қыраттар  алып  жатыр.   Биік  таулар  тек  оңтүстігенде  ғана  шоғырланған.

     Германия  – туризм  саласы  ең  жақсы  дамыған  елдердің  бірі.   Елдегі  туристердің 53%-ы шетелдіктер болып келеді.     Германиядағы  активті   туризм  дамыған   аймақтарға    солтүстік жағалау мен аралдар,  оңтүстігіндегі   таулы массивтер,   Боден көлі  мен    Бавариядағы    шағын көлдер     жатады.   Германияда   су  туризмі   және  оның   түрлері   жақсы дамыған.   Жалпы   алғанда,   ел  аумағында 80-ге  жуық   белсенді  туристік  саяхаттар   ұйымдастырылған.

     Италия  – туризм  күшті  дамыған  ел.  Бұл   салада  1 млн-ға  жуық   итальяндық  жұмыспен  қамтылған.   Жылына,   жалпы  алғанда,  Италияға   40  млн-ға  жуық   шетел  туристері  келіп,  ел  қазынасына  10  млрд  АҚШ   доллары  көлемінде  пайда  түседі.   Активті  туризм  саласында  негізгі  туристік  маршруттар  Жерорта  теңізі  алабында  ұйымдастырылатын   круиздік   туризмнің  итальяндық   бөлігін  және  Альпі   ауданын  қамтиды.

     Испания – туризмнен  түсетін  пайда  бойынша   алдыңғы қатардағы  ел.   Жылына  Испания  жеріне   50  млн-нан  астам  туристер  келеді.Туризмнен  түсетін   пайда  елдің   ұлттық  табыс   көлемінің   15%-ын  құрайды.    Ал,   активті  туризмнің   дамыған  аймақтары: Жерорта  теңізі  жағалауы,   Пиреней  таулары,   Андалусия  жазығы.      Жерорта  теңізі  жағалауында   теңіздік  круиз  бен   дайвинг,  серфинг  секілді  су  туризмі   жақсы  дамыса,   Пиреней    таулары   альпинизм  мен   тау  шаңғысының  негізгі  орталығы  болып  табылады.   Ал,   Андалусия   жазығы   жергілікті  халықтар  мен шетелдік  туристер  үшін   сафари  аймағы  болып  есептелінеді.

     Франция – халықаралық  туризм  орталығы.   Ол  елге  келетін   туристер  саны   бойынша   бірінші  орынды  алады.  Қазіргі  кезде  Франция  жылына  80  млн-дай  туристерді  қабылдайды.   Батыс  Еуропаның  басқа  елдеріндегі  сияқты  Францияда  да    Альпі  тауларының   мәңгі  қар  басқан  Орталық   массиві   негізгі  тау  туризмінің  орталығы  болып   табылады.  (5-сурет).

5-сурет.  Альпі таулары. 
 

     Америкадағы   активті  туризм.  Америка  аумағының  жер  бедеріне   айқын  ажыратылатын  бірнеше   ірі  орографиялық   бірліктер  тән.  Батысында   Кордильер  тау  жүйесі,   шығысында   Аппалач  тау  жүйесі,   ал  орталығында   Ұлы  және  Орталық  жазықтар  орналасқан.   Табиғаты  мен  географиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  Америка  елдерінде  активті   туризм  жақсы  дамыған. 

     АҚШ – туризм   қарқынды  дамыған  елдердің  бірі.  Мұнда  жылына   50  млн-нан  астам  туристер  қабылдайды.   Туризмнің  дамуына  қолайлы  табиғат  жағдайлары  мен  айрықша  табиғат  обьектілері  алғышарт  болды.   Активті  туризмнің  ең  жақсы  дамыған   аймақтарына  Йеллоустоун   ұлттық   паркі,   Ниагара   сарқырамасы  т.б.  жатады.  Гавай  аралдары  мен  Колифорния  жағалаулары  теңіз  туризмінің  басты  аудандары,  ал  тау  туризмінің  басты  аудандары – Сеңгір   тауларындағы  штаттар.  Таудағы  демалыс  орындарында  мыңдаған  адам  өз  демалысын   өткізеді,   қысқы спорт түрлерінен  жарыстар  өткізіледі.   Үлкен   Тұзды   көл маңындағы Солт-Лейк-Сити  қаласында 2002  жылы  қысқы  Олимпиадалық      ойындар өткізілді.  Сонымен қатар АҚШ-тағы  Гранд каньон  туристердің ең  көп баратын активті туризм  орталықтарының  бірі  болып табылады.  Оған  жыл сайын 5,5,  млн туристер  келеді (6-сурет). 

6-сурет.  Гранд  каньон. 

     Канадаға  келетін  активті  туризммен   шұғылданатын  туристердің   негізгі  баратын  жерлері – жазық  жерлер.   Канаданың  жазық   жерлері  сафаримен  айналысатын  туристер  үшін  өте  қолайлы.

     Бразилия  – активті  туризм  үшін  ең  қолайлы  аймақтардың  бірі.     Гвиана  және  Бразилия  таулы  үстірттері,  Амазонка ойпаты – активті   туризмнің  дамуына  қолайлы  аймақтар.  Мұнда  су  туризмі,   сафари  жақсы  дамыған. 

     Коста-Рика – тропикалық  ормандары,   ерекше  суларымен  ерекшеленетін  туристік  аймақтардың  орталығы.    Джунгли – сафари  мен  жаяу  туризмнің  басты  орталығы  болса,  Ареналь  өзені – рафтингпен  шұғылданушылардың  сүйікті  жері. (7-сурет). 

7-сурет.  Ареналь өзені. 

     Аргентина – атақты  Игуасу  сарқырамасының   орналасқан  жері.   Игуасу  сарқырамасы – әлемдік  рафтинг  дамыған  аймақ  болып  саналады.  (8-сурет).

8-сурет.  Игуасу  сарқырамасы. 
 

     Африкадағы  активті  туризм.  Африканың  жер  бедері  оның   көпшілік   бөлігінде біртектес,  қарапайым  болып  келуімен  ерекшеленеді.  Африка  аумағында  Килиманджаро  жанартауы  мен  Атлас  таулары,  әлемдегі  ең  ұзын – Ніл  өзені,  Мадагаскар  аралы,  Сахара  шөлі   орналасқан. 

     Африканың  Сахарасындағы  активті  туризмнің  дамуы – туризмнің  дамуына  өз  үлесін  қосуда.   Активті  туризмнен  түсетін  пайда  Африка  елдерінде   соңғы  5  жылда  орташа  есеппен  10%-ға  артқан.  Жекелеген  елдерде  бұл  дамушылық  мынадай көрсеткіштерге  ие:  Кения-26%,   Мозамбик-37%,  ОАР-11%,  Сейшелам-7%.   Африкадағы  негізгі сафари  аймақтары: Кения,  ОАР,  Танзания (9-сурет). 

       
 
 
 
 
 
 
 
 

9-сурет.  Кения. 

      Австралиядағы  активті  туризм.  Австралияның  табиғаты  ерекше  болғандықтан  және  көптеген  эндемиктердің орталығы  болғандықтан  да  бұл аймаққа туристер  жиі келеді.  Австралияда активті туризм  жақсы дамыған.  Мұнда  тек   дайвингпен  ғана  емес,  сонымен  қатар  серфингпен,  аң  және  балық  аулаумен,  ат  туризмімен  шұғылдануға  болады.[4] 

      Шетелдердегі  активті  туризмнің  түрлері  және  олардың  ерекшеліктерімен  таныстық,  енді  олардың  даму  барысына  тоқталып  өтем. 
 
 

Шет елдердегі  активті туризмнің  дамуы: мәселелері мен болашағы 

      Активті  туризм – туризмнің  динамикалы  түрде  дамығыш,   экстремалды  саласы.   Сол  себепті  де  активті  туризммен  айналысушылар  саны  жылдан-жылға  көбеюде.   

      Активті  туризмнің  дамуындағы  ең  бастысы  – дамыған  туристік  инфрақұрылым  емес,  керісінше,  табиғи  ресурстардың  болуы.   Бұл жағынан келгенде,  кез келген  елдің активті туризмді  дамытуға   шамалары  келген  болар еді.  Бірақ,  сонымен қоса  экстремалды туризм  сақтандыруды  қажет етеді.    Осы мәселеге  келгенде  көптеген  елдердің  шамасы  келе  бермейді.  Мұның өзі,  активті туризмнің әр  елде  әр  түрлі дамуына әсерін  тигізеді.

      Азия  және  Африка  елдері  қолайлы  табиғат  жағдайларына  қарамастан,   туристік  инфрақұрылымның  дамымауынан  зардап  шегіп  отыр.  Дегенмен,  соңғы  жылдары  бұл мәселелер,  әсіресе Африка  елдерінде өз  шешімін тапқан.   Ал,     Еуропа  елдері    активті туризм  бойынша келетін туристер  санынан және  одан  түсетін пайда бойынша бірінші орында.   Содан кейінгі орын  АҚШ-қа  тиесілі.  Ал  Американың  басқа елдерінде активті туризмнің даму  жағдайы әр  түрлі.

      Шетелдердегі  активті  туризмнің  даму  жағдайларын   талдай  келе  олардың  мынадай  ерекшеліктеріне  тоқталуға  болады:

     1) географиялық   ерекшеліктері – арнайы   активті  туризмнің  дамуына  жағдай  жасайтын  ағынды  сулар,  жазық дала,  биік  таулардың болуы;

     2) туристік   инфрақұрылым – активті  туризм  дамыған  аймақтарда  орналастыру,  тамақтандыру  орындары  мен  көлік  қатынасының  дамуы;

     3) елдің  экономикалық  жағдайлары  – активті  туризм  саласын   дамытуға  мемлекет  тарапынан   қаржының  бөлінуі;

     4)елдің   әлеуметтік  жағдайы – сол   аймақтарда  халықтың  орналасу  жағдайлары.

     Міне,  осындай  жағдайлар  активті  туризмнің  дамуына  әсерін  тигізеді. 
 
 

Қорытынды 

     Жұмысты  орындау  барысында  келесі  нәтижелерге  қол  жеткізілді:

     1) Туризмнің  экономиканың  басқа  салалардан  ең  басты  ерекшелігі – оның  әр  түрлі  салаларды  біріктіре  алатындығында.     Жалпы,  туризмнің   бірнеше   түрлерін   белсенді  және  белсенді   емес  деп  үлкен  екі  топқа  бөлуге  болады.    Соңғы  кезде   салауатты  өмір  салтын    ұстанушылардың  көпшілігі  активті туризм   саласына  көбірек көңіл бөлуде.     Активті туризм -  туризмнің   ең  жақсы дамыған салаларының бірі  болып саналады. 

     2) Активті туризм адамның  физикалық   күшін  жұмсаумен  байланысты  болатын  барлық  түрлерін  қамтиды,  оған   тау туризмі,  су  туризмі,  альпинизм  т.б.  туризм түрлерін  жатқызуға   болады.

     3) Активті  туризм  шетелдерде  кеңінен  таралған.   Сонымен  қатар олардың  түрлері  де  көп.  

     4) Активті   туризмнің  дамуы,  ең  алдымен,  жергілікті  жердің   табиғатына,   географиялық   жағдайларына  және   экономикасына  тікелей  байланысты.   Соған  байланысты  әр  елде  активті  туризмнің  даму  жағдайы  әр  түрлі.

     5) Активті  туризм – туризмнің   динамикалы  түрде  дамығыш,   экстремалды  саласы.   Сол   себепті  де  активті  туризммен   айналысушылар  саны  жылдан-жылға   көбеюде.   

     6) Активті  туризмнің  дамуындағы  ең  бастысы – дамыған  туристік  инфрақұрылым  емес,  керісінше,  табиғи  ресурстардың  болуы.   Бұл  жағынан  келгенде,  кез  келген  елдің  активті   туризмді  дамытуға   шамалары  келген  болар  еді.  Бірақ,  сонымен  қоса  экстремалды   туризм  сақтандыруды  қажет   етеді.    Осы  мәселеге  келгенде  көптеген  елдердің  шамасы  келе  бермейді.  Мұның   өзі,  активті  туризмнің   әр  елде  әр  түрлі  дамуына   әсерін  тигізеді.

     7) Активті  туризм – адамдардың  салауатты  өмір  салтын  ұстануына   септігін  тигізеді.  Сол  себепті   де  туризмнің  бұл  түрі  кез келген  елде  кеңінен  таралған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған  әдебиеттер: 

1) Yandex.ru

2)google.ru

3)Александрова А. Ю., «Международный туризм», М., 2001.

4)Гуляев В.Г. Организация туристической деятельности. М.: Нолидж, 1998.

5)Мышлявцева С.Э. Активные виды отдыха // Путеводитель. М.: «Авангард», 2004. С. 132 – 143.

6)Ремизов Л. П., «Отдых на горных лыжах» - М.: Профиздат, 2004.

 

Туризмнің белсенді түрі