“Туризмология негіздері” пәні бойынша



Жоспар

 

Кіріспе

1. Рекреация және рекреациялық іс-әрекеттің ғылыми түрде негізделуі

2. Рекреация және демалыс түсініктерінің мәні

3. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуындағы рекреациялық іс-әрекеттің даму аспектілері

Қорытынды              

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Туризм дегеніміз – ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи – мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы басқа жерлерге уақытша кетуі, туристтердің қажеттіліктерін өтеуге арналған қызмет көрсету сферасы. [1]

Туризм әлеуметтік-экономикалық салада қызмет ете отырып, оған өз әсерін тигізеді. Ол көптеген экономикалық салаларды қамтиды. Туризмнің дамуы елдің экономикасына ұсақ  кәсіпкерліктің, шағын бизнестің дамуына әсер етеді.

Туризм халықтың бос уақыттарын ұтымды да тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін демалыстың бір түрі болып табылады. Қазіргі таңда туризм  саласы экономиканың тез қарқынмен, динамикалы түрде дамып келе жатқан жас сала болып есептеледі. Туризмнің қарқындап дамуы халықтың әлеуметтік – экономикалық әл – ауқатының жақсаруына оң ықпалын тигізеді: жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі және т.б. Туризм саласының дамып келе жатқанының бір дәлелі – оған құйылып жатқан инвестициялардың көптігі және олардың жоғары деңгейде қайтарылуы.

Туризмнің дамуы ең біріншіден, дүние жүзіндегі рекреациялық ресурстарға бай аумақтарға демалушылардың көптеп келуімен сипатталады. Рекреация – туризмнің ажырамас бір бөлігі. Танымдық, тарихи – мәдени саяхаттарға қарағанда рекреациялық зоналарда, яғни, көл, бөген жағалауларында, жағажайларда, тау етектерінде, альпинизм, тау ішіндегі демалу түрлеріне туристердің қызығушылығы жоғары. Рекреацияның дамуы туризмнің дамуына оң әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Рекреация және рекреациялық іс-әрекеттің ғылыми түрде негізделуі

 

Қазіргі таңға дейін туризм саласындағы «рекреация» терминіне дұрыс анықтама, дұрыс түсінік берілмей отыр. Сол себепті әр түрлі терминологиялық сөздіктерде әр түрлі ғалымдардың, туризмтанушылардың жеке пікірлері көрсетіледі. Алайда, олардың көзқарастары бір нүктеде тоғысады.

Ресейлік Энциклопедиялық Сөздік бойынша, рекреация (поль тілінен аударғанда rekreacja – демалыс, латын тілінен аударғанда recreation – қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді) – бұл: 1) мейрамдар, демалыстар, каникулдар; 2) оқу орындарындағы демалысқа арнайы жабдықталған бөлмелер; 3) демалу, еңбек процессіне жұмсалған күшті қалпына келтіру. [2]

Аталмыш құбылысты зерттеуде көптеген түрлі саладағы арнайы мамандар ат салысады – географтар, биологтар, психологтар, экологтар, медицина саласындағы маман иелері, әлеуметтанушылар және экономисттер. Соған сәйкес, рекреациялық ұғымдарға анықтама беру үлкен қиындықтар тудырады. Рекреация – рекреациялық география, рекреология сияқты ғылым салаларының негізгі объектісі болып табылады.

Рекреациялық география – біріншіден, халықтың жұмыс уақытынан тыс айналысатын ұйымдардың территориалдық жүйе дамуын және географиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.; екіншіден, негізгі объектісі – территориалдық рекреациялық жүйелерді негіздейтін және зерттейтін географиялық дисциплина. [2]

Халықтың таңдайтыны, әрине, демалуға, жұмыстан бос уақытын тиімді өткізуге, жұмысқа жұмсаған физиологиялық күшін қалпына келтіруге қолайлы рекреациялық зона. Рекреациялық зоналардың орналасу заңдылықтары біркелкі емес. Осыдан шығатын түйін ондағы жағдай, яғни, дисциплиналарды қалыптастыру мен дамыту жолдары әр қилы болмақ.

Рекреология – бұл: 1) адам экологиясының парадигмаларына негізделген рекреациялық жүйелерді зерттеумен шұғылданатын жас ғалым саласы; 2) адамның күшін қалпына келтіру процестері мен әдіс – тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. [2]

Ғылыми әдебиеттерде рекреация термині XIX ғасырдың 90 – жылдардың соңғы кезеңінде АҚШ – та пайда болды. Жұмыс күнін нормаға келтіру, екінші демалыс күнін, жазғы демалыс айларын енгізумен ғана рекреация – термині пайда болды. Сонымен рекреация дегеніміз – жұмсалған күшті қалпына келтіру, сауықтырумен осы тынығу түрлері өткізілетін аймақтар.

Рекреация – адамдардың демалысы мен емделуін қамтамасыз ету арқылы олардың рухани және дене күшін қалпына келтіріп, дамыту, денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар. [2]

Рекреациялық ресурстарға табиғат компоненттері: климаттық жағдай, жер бедері, минералды және термальды бұлақтар, ыстық гейзерлер, өсімдік жамылғысы жатады. Осыған байланысты туристік рекреациялық зона деген ұғым қалыптасады. Туристік рекреациялық зона дегеніміз – ұзына бойы орналасқан, көрікті, көгалды жерлердегі, тау іші және тау етегі аумақтарындағы, көл, бөгендер, теңіз және мұхит жағалауларындағы, темір және автомобиль жолдарының бойындағы рекреациялық мүмкіндіктерге ие (жағажай, емделу және демалыс орындары, т.б.) қосымша туристік қызмет орындары мен экскурсиялық орындары бар адамдардың танымдық, демалыстық, емделу – сауықтыру қажеттіліктерін қамтамасыз ететін аумақтар. Аталмыш туристік рекреациялық зоналарға мысал ретінде Қазақстанның Іле Алатауы бойын, Шортанды – Бурабай аумағын, Ресейдің (Анападан Адлерге дейінгі аймағын) және Грузиялық (Леселидзеден Батумиге дейін) Қара теңіз жағалауын, Қырым жағалауларын, Краснодар өлкесі, Сочи, Ялта аудандарын, т.б. көрікті мұхит жағалауларындағы жағажайларды айтуға болады. Туристер көбіне бұл аймақтарға денсаулықтарын қалпына келтіруімен қатар демалыс уақытын көңілді өткізу үшін келеді. Соған сәйкестендіріліп бұл туристік – рекреациялық зоналарды емдеу орталықтары жұмыс жасайды, бағдарламаға сай қызмет көрсету сферасы да туристерге қызмет көрсетеді, осыған сәйкес мамандандырылады.

Туристік аудандастырудың таксономикалық рамгасының бірі – туристік – рекреациялық зонаға мысал ретінде Ресейдің Краснодар өлкесінің және Грузияның Қара теңіз жағалауының туристік – рекреациялық зонасы, Қырғызстанның Ыстық көл курортты аймағы, Қазақстанның Алакөл – Балқаш, Көкшетау, Алтай, Іле Алатауы туристік – рекреациялық аймақтарын айтуға болады.

Табиғи – рекреациялық ресурстар – адамдардың еңбек қабілеттілігі мен денсаулығын қолдау мен қалпына келтіру әдісі болып табылатын демалысты қамтамасыз ететін табиғи ресурстардың түрі, адамның рекреация мен туризм қажеттілігін қанағаттандыратын табиғи нысандар мен құбылыстар. [3]

Табиғи – рекреациялық ресурстар ұлттық мұра болып табылады. Ерекше зор мағынасы бар нысандар ЮНЕСКО тізіміне әлемдегі ерекше ескерткіштер ретінде енгізіледі.

В. А. Квартальнов өзінің соңғы бір еңбектерінде (энциклопедия туризма, 2000) рекреацияға төмендегідей анықтама береді.

Рекреация – бұл:

                       адамның физикалық, интелектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтірудің кең көлемді әдісі;

                       физикалық және моральдық күшті қалпына келтіруге арналған барлық ойын – сауық түрлері;

                       халықтың таза ауада өткізетін активті демалыс түрімен байланысты өте тез қарқынмен дамып келе жатқан туризм индустриясының сегменті;

                       түрлі жағдайларда, мінез – құлық пен қоршаған ортаның өзгеру жағдайында қоғамдық өмірге белсенді түрде араласуға мүмкіндік беретін ағза мен популяция көлеміндегі жаңару;

                       стационарлық жағдайда түрлі емдеу профилактикаларымен, экскурсиялық – туристік іс – шаралармен және физикалық жаттығулармен байланысты өркениетті демалыс. [2]

Міне осылайша, В. А. Квартальнов рекреация ұғымына сипаттама береді, яғни, рекреацияға мекен – жайды өзгертуді қажет етпейтін барлық демалу түрлері кіреді. Ал туризм – оқу (шет мемлекеттерде, басқа қалаларда), шоп – турлар, саяси туризм, іскерлік туризм, емдік – рекреация сияқты демалу әрекеттерін қамтиды. Рекреация мен туризмге ортақ нәрсе – сауықтыру, емдік мақсаттағы, саяжайдағы демалыстар мен экотуризм.

 

2.           Рекреация және демалыс түсініктерінің мәні

 

Туризм – бұл кездесулер мен қызықты, жайдарлы адамдармен әңгімелесу, тіл табысу, яғни демалу. Бұл туризмнің ең басты құндылығы. Біліп-тану, өзіне жаңалық ашу – адам өміріндегі негізгі

Туризм саласында демалыс және рекреация ұғымдары өте тығыз байланыста. Демалыс деп, адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатына қатысы жоқ барлық адамның іс - әрекетін айтамыз. Ол саяхат, хобби, коллекциялау, балық аулау ісі, аңшылыққа шығуды қамтиды. Яғни, бұл демалушы істердің барысында тек қана демалып тынығады.

Ал Т. В. Николаенконың пікірі бойынша, демалыс (рекреация) – бұл адамның күшін қалпына келтіру процесіне бағытталған қам – қарекеті, бірақ ол адамның тұрғылықты мекен – жайымен қатар одан тыс жерлерде де өткізілуі мүмкін. [2]

Демалушы демалу үшін өз аймағынан, өз мемлекет шекарасынан басқа рекреациялық зоналарға шығуы міндетті емес. Ол сонымен қатар өз саяжайында, бағында, бассейнында тыныға алады.

Сонымен, рекреация мен демалыстың ортақ ерекшелігі – еңбек процесіне жұмсалған күшті тынығу, сауығу, емделу әдістерімен қайта қалпына келтіру, ал ең басты негізгі айырмашылығы – оның өткізілу мекен – жайы аясында. Демалыс рекреация болу үшін тұрғылықты мекен – жайынан арнайы мамандандырылған, басты мақсаты - күшті қалпына келтіру болып табылатын орынға, курортты зонаға орналасу, уақытша бару.

Адам өзінің мінез – құлқы мен қызығушылықтарына байланысты демалыс түрлерін өзі таңдайды. Осыған негізделіп, демалыс кезіндегі адамның тынығу әдістерін төмендегідей жіктеуге болады:

1.     физикалық жіктемелерге байланысты іс - әрекет (физикалық жаттығулар, таза ауадағы серуен, туризм мен альпинизм);

2.     қызығушылық жаттығулары – саятшылық, балық аулау, саңырауқұлақ пен жеміс – жидек теру және т.б.;

3.     мәдениет саласындағы шығармашылық пен оған танытылған қызығушылық;

4.     интелектуалдық – кітап оқу, рухани мұрасын байыту және т.б.;

5.     өзінің таңдауы мен қызығушылығына байланысты қарым – қатынастар, әңгімелесу;

6.     активті және пассивті характердегі ойын – сауықтар (ойындар, би кештері, тамашалау);

7.     көтеріңкі көңіл – күй үшін жасалған саяхаттар мен экскурсиялар. [2]

Осыдан  шығатын қорытынды: адамның мінез – құлқы мен қызығушылығына байланысты демалу тәсілдері мен өткізілу орны әр қилы болуы мүмкін.

Қазіргі таңда рекреация адамның қалыпты жағдайдағы өміріне қажетті шартқа жатады деп есептелінеді. Ол жұмысқа қабілеттілікті жақсартып және қалпына келтіретін, сонымен қатар өндіріске жарамдығын арттыратын маңызды сала болып табылады.

Сонымен, оның негізгі міндеті – қоғамның кез келген мүшесінің физикалық және физикалық күшін қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан – жақты дамытып, арттыру. Осы айтылғандардың ішінен ең негізгісі болып адамның рухани жан дүниесінің дамуы, шығармашылық қабілеттерінің жалғасын табуы болып табылады. Ғылымда жалпы қолдау тапқан классификация болмаса да және ғылыми әдебиеттерде ешқандай анықтамамен жазылмаған болса да, рекреацияның функцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:

Медицина – биологиялық функция санаториялық – курорттық жағдайда емдеу мен сауықтыруды қамтиды. Туризм арқылы емделу – адамның өндірістік және өндірістік емес психикалық шаршауын басуын шешетін ең негізгі жолдардың бірі.

Әлеуметтік – мәдени функция – рекреацияның жетекші функциясы. Мәдени немесе рухани қажеттіліктер – қоршаған орта мен ондағы өз орныңды тану, өзіңнің дүниедегі орны мен мәнін танып білу. [2]

Туризм саласы демалушыға оның қоршаған ортаның табиғи, мәдени, тарихи және әлеуметтік байлықтарымен тығыз қарым – қатынаста болуына үлкен мүмкіндік береді. Ол тек өз аймағында емес, дүние жүзі шеңберінде жүзеге асырылады.

Экономикалық функция – жұмыс күшінің жай және кеңейтілген өндірісі. Рекреация қоғамның қажетті уақытын тиімді сақтап отырады. Рекреация көмегімен халықтың жұмысқа деген ынтасы, жұмыс қабілеттілігінің кезеңінің ұзақтылығы артады, осының нәтижесінде жұмыс өнімділігінің артуы байқалады. Ал жалпы алғанда аурушаңдылықтың төмендеуі, өмірлік тонустың жоғарлауы нақты байқалады. [2]

Жоғарыда аталғандардан басқа рекреация басқа да экономикалық функцияларды атқарады: мемлекет территориясындағы белгілі бөлігіндегі шаруашылық құрылымының тез қарқынмен дамуы; рекреациядағы қызмет көрсету сферасында еңбек ресурстарының жұмыспен көптеп қамтылуы; рекреациялық аймақтардағы елді мекеннің бюджетінің кірісі мен шығысына тура пропорционалды әсер етуі; шетел валютасының елге кіруімен байланысты шығу туризмінің эффектілігінің артуы.

Қазіргі уақытта рекреацияның дамуына байланысты ортақ тенденциялардың болуы маңызды – ақ. Ол төмендегідей тенденциялар:

                       рекреациялық сұраныс орталықтарына қарай демалыс орындарының жақынырақ орналасуы;

                       уақытша тынығуға келген қала тұрғындарының демалу жоспарын жүйелеу;

                       табиғат аясындағы барлық маусым кезеңінде ұлттық пен табиғи парктерді, сонымен қатар орман, су парктерін активті демалысқа сәйкестендіріп ұйымдастыру;

                       демалудың жаңа формалары мен түрлерін ұйымдастыру;

                       рекреациялық ұйымдар мен маршруттардың маусымдылығын жойып, орнына жыл бойы қызмет көрсетуіне ұмтылу.

Сонымен қатар рекреацияда «бос уақыт» ұғымы жиі кездеседі. Т. В. Николаенконың айтуы бойынша, бос уақыт дегеніміз – нақты қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты емес жұмыс уақытының бір бөлігі. Яғни, бос уақыт ұғымын еңбек пен міндетті емес жұмыстардан тыс бос уақыт деп түсінуіміз қажет. Субъект, яғни, демалушы өз уақытын өзі жоспарлайды. Бос уақыт кезінде адам телепрограммаларды тамашалуы мүмкін, радио тыңдап және көркем әдебиет, баспасөз беттерін оқуы мүмкін. Осы аталғандарды үйде өткізілетін пассивті демалыс түріне жатқызуға болады.

 

3.           Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуындағы рекреациялық іс-әрекеттің даму аспектілері

 

Туристік рекреациялық ресурстар комплексінің ішінде ең маңызды рөлді әлеуметтік – экономикалық ресурстардың орналасқан территориясы ойнайды. Олар экскурсиялық маршруттарының бағытын анықтауға негіз болады. Әлеуметтік – экономикалық ресурстарға тарихи – мәдени объектілерді, яғни ескерткіштерді, тарихи – мәдени құбылыстарды (этнографиялықі, саяси, әлеуметтік – экономикалық, өндірістік) жатқызуға болады. Олар сонымен қатар бір жағынан материалдық және рухани, ал екінші жағынан жылжитын және жылжымайтын болып бөлінеді.

Рекреациялық ресурстар, сонымен қатар рекреациялық іс – әрекет адамның немесе топтың, қоғамның рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандырады. Адамның рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыру дегеніміз – оның физикалық, интеллектуалдық және рухани құндылықтарына сәйкес физикалық және психикалық күшін қайтадан қалпына келтіру. Ал қоғамның, топтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға әлеуметтік еңбекті және әлеуметтік – мәдени потенциал қалпына келтіруді айтуға болады. Осындай қажеттіліктерге байланысты рекреациялық іс – әрекетті инвидивуалдық, топтық және қағамдық деп бөлуге болады. Сонда бұл байланыстар 3 деңгейде жүргізіледі:

қоғам  топ  индивид

Рекреациялық қажеттіліктерді ең басты мәселесі – рекреациялық қызметті пайдаланған халықтың көңілінен шығу деңгейін нықтау. Турист, яғни демалушы адам демалыс орнын, курорттық базаны, қонақ үйді өзі мүмкіндіктеріне, өз қызығушылығына, өз типологиясына сай тағдайды, ол міндетті құбылыс. Бұл оның таңдауы.

Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын – сауық, этникалық, экологиялық, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршрутта белгіленген.[1]

Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи – климаттық, тарихи, әлеуметтік – мәдени, сауықтыру нысандары, сондай – ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени – танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді. Қазақстандағы туристік нысандар табиғи – рекреациялық, тарихи – археологиялық т.б. топтарға бөлінеді.

Табиғи – рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау; Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Рахман бұлақтары; Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь – Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы; Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі; Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле – Алатауы ұлттық саябағы, Түрген – Шамалған өзендері аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді.

Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар обл. Жасыбай к. жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды обл-ндағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығ. Қазақстан обл. Бұқтырма бөгенi жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қ. Жайық өз. маңындағы “Орал”, Қостанай обл-ндағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. Қазақстанда белгiлi туристiк маңызы бар зоол., ботан. қорықтар да жеткiлiктi. Оларға Алматы қорығы, Iле атырауы, Тарбағата,  Жалтыркөл, Ұлытау,  Бетпақдала, Қарақия-Қаракөл, Зеренді қорықшалары, Шарын каньоны және Шарын өз-ндегi “Шетен тоғайы” , Күмiс қылқанды орман, Жаманшық тауы, Айғайқұм, Әншiқұм, Жаңғақ тоғайы, Бүркiттау шоқысы және Тұма бастаулар, т.б.

Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар. Осыдан да болар Қазақстандағы туризм кластерін дамытуға ең қолайлы аймақ ретінде жерұйығы Жетісу таңдап алынғаны. Бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Дегенмен, сыртқы елдерге шығатын туристер саны елiмiздiң iшiндегi демалушылардан басым түсiп отыр. Мұның себебiн олар бiздiң елдегi қонақ үй, туристiк қызмет бағасы шетелдегi туристiк қызмет бағасынан артық болмаса, кем еместiгiмен түсiндiредi. Сондай-ақ отандық туристiк қызмет қөрсету түрi де европалық стандарттан төмен дегендi естуге болады. Ал, табиғат аясында демалғысы келетiндер жолдардың жөндеуден өтпегендiгiнен ел iшiндегi Алакөл, Қапшағай, Балқаштан гөрi Ыстық көлге баруды жөн көретiндiгiн тiлге тиек етедi.

2004 жылдың шілде айында елімізде бәсекеге қабілеттілік пен кластерлік даму бағдарламасын жүзеге асыру үрдісі басталғаны белгілі. Қазақстанның Статистика агенттігінің деректері бойынша, жыл сайын елдегі туризм индустриясының қарқынды дамып келеді және сырттан келетін туристердің саны да едәуір көрсеткіште. Дегенмен, межелі көрсеткішке тоқмейілсуге тағы болмайды, керісінше, туризм саласын жандандыруға бағытталған бағдарламаларды жан-жақты іске асыру жолында табанды тірлік етуіміз қажет. Қазақстандағы туристік бизнестің негізгі табысын бүгінгі күнге дейін сыртқы туризм құрап келді. Бүгінде елімізде 876 туристік компания тіркеліп, әлемнің 90 елімен байланысын орнатқан. Осылардың тек 25 пайыздайы ғана елге тікелей туристер тартумен айналысатынын ескерсек, сырттан келетін саяхатшылардың үлесін өзіңіз топшылай беріңіз. Мұны ескерген ел үкіметі сырттан келетін туристердің санын арттыру үшін осы мақсатта жұмыс істейтін туроператорларды салықтан босатқан-ды. Бірақ, бұл амалдың да нәтижесі көңілден шықпай тұр.
Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді. Көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтып жүр. Туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға ыңғайлы жерлердің пайда болуына қатысты. Себебі, әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастаған. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның мол мүмкіндігі бар деп есептеледі және әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуі мүмкін. Туризм тікелей және жанамалы түрде экономиканың 32 саласы мен елдің инфрақұрылымының дамуына тигізетін әсері мол. Қазір әлемдік туризм өзінің ең бір сәтті кезеңін бастан өткеріп жатқан жоқ. Бұған бірінші кезекте елдердегі саяси тұрақсыздық пен терроризм, сепаратизм секілді жағымсыз әрекеттер әсер етуде. Алайда, бұл құлдырауларды сарапшылар «уақытша құбылыс деп қарастырған жөн» дейді.
Әрине, кемшіліктерімізді таразылаған жөн, дегенмен, еселі еңбекпен, төккен термен қол жеткізген жетістіктеріміз де барын ұмытпауымыз керек. Жарқын болашаққа жасалған басым бағыттар, нақты бағдарламалар бар. Ендігі жерде кемел келекшекте туризм еліміздегі мол индустриалы салалардың ішінде үздік үштікке енеді деген берік сеніммен сапалы жұмыс жасау керек. Иншаалла, бұл саланың кең қанат жаюына қомақты инвестиция тартылса, бұл болжамымыз да жүзеге асар. «Қазақстандағы туризмді дамыту мүмкіндіктері». Жаңа әлемдегі жаңарған Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр.

Келешекте елімізде халықаралық стандарттарға сай 3 ірі туристік орталық салынады. Солардың бірі – Ақмола облысындағы Щучье-Бурабай туристік аймағында орналасатын Бурабай-сити жобасы болмақ. Биылғы жылдың күз айында Шучье көлінің жағасынан әлемдік деңгейдегі «Бурабай-сити» туристік кешені салынбақ. Жобаны жүзеге асыруға он екі жыл мерзім белгіленген. Оның аясында гольф-клубтар мен ат спорты алаңдары ашылады. Қыста демалатындар үшін мұз айдындары мен шаңғы бағдарлары және тау шаңғысы жоларналары жасалады. Жобаның аясында мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Шынарбек Батырханов, Ақмола облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бастығының орынбасары: – Бурабай сити орталығын айтатын болсақ, бұл 12 жылдың арасында ішінде жалғыз демалатын орын емес, ем алатын оның ішінде мына спорттық боулинг центр одан кейін гольф-клуб сияқты сондай объектілер салынады. Бұл жобаның бағасы 3 млрд АҚШ долларынан асып тұр, сол ойлап отырмыз, бұл орталық салынғасын Ақмола облысына, Щучье Бурабай аймағына туристердің саны өседі. Туризм саласын дамыту бағдарламасының аясында өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге 40 млрд теңге бөлінді. Жылыту жүйесін электрлі нұсқаға ауыстыру жоспарланып отыр. Жаңа су құбыры салынып, суаттарды тазарту жобасы да қолға алынды. Жақын арада экологиялық электромобильдер мен мини-пойыздар іске қосылады. Тәулік бойына ұлттық паркті әуеден бақылаушылар қызғыштай қориды. Әзірге демалушылар Бурабайдағы қызмет көрсету сапасы кемшін түсіп жатқанын алға тартады. - Көкшетауда бұл жерде санаторийлер көп. Бұл жерде әлі тәжірибе аздау екен басқа елдермен салыстырғанда санаторий есебінде. Көп нәрсені үйрену керек деп есептеймін. - Боровой біздің өзіміздің жердің табиғаты, осы табиғаттан асқан жер әлі көрген жоқпын. Боровойда жақсы демаламыз, таза ауа шетелге ешқайда барып керегі жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Рекреациялық туризм кейінгі жылдары елімізде жанданып келе жатқан салалардың бірі. Бұл сала экономикамыздың әжептеуір пайда әкелетін тармағына айналып келеді. Қазақстанның туризмнің мүмкіндіктері өте көп. Бұл Қазақстан территориясында рекреациялық аймақтардың көптеп шоғырлануына байланысты. Рекреациялық туризм демалыс және емдік үшін болатын саяхат негізіндегі сапар шегетін туризм. Бұл – демалыс туризмі және организмнің физикалық және психологиялық түрде қысқа мерзімде және ұзақ мерзім аралығында күш жинау. Рекреациялық туризм туризмнің барлық түрлерімен қызмет атқарады. Туристер демалу арқылы бейтаныс елге барып немесе табиғи ем қабылдауға байланысты танымдық туризмді бірге тануы және экономикалық жағынан ел бюджетіне емделу арқылы ақша салу. ҚР – да рекрекациялық туризм барлық туризм түрлерінің қызмет жасауына септігін тигізеді. ҚР – да туристерді орналастырудың объекттері қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері, туристік базалар, мейманханалар, профилакториялар бар. Рекреациялық іс – әрекет демалушылардың сұранысына, яғни таңдауына байланысты дамиды. Сол себепті Қазақстан үшін туризм саласында, көркем табиғаты бар тынығу аймақтарында қонақжайлар мен қызмет көрсетуді дамыту, ол аймақтардағы байланыс пен жол мәселелерін шешу мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Жарқын болашаққа жасалған басым бағыттар, нақты бағдарламалар бар. Ендігі жерде кемел келешекте рекреациялық туризм еліміздегі маманданған индустриялы салалардың ішінде үздік үштікке енеді деген берік сеніммен жұмыс жасау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.     Мазбаев О.Б., Айтбеков Б.Н., Асубаев Б.К. Туризм және өлкетану негіздері / Алматы: ҚазҰПУ, 2006

2.     Кусков А.С., Голубева В.Л., Одинцова Т.Н. Рекреационная география / Флинта, 2005

3.     Әбішева З. М., Жұмаділов А.Р. Туризмнің географиялық ортасы / Алматы, 2007

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Экономика факультеті

“Туризм” кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Туризмология негіздері” пәні бойынша

 

Реферат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                   Орындаған: Бекова Ж..К

                                                                                   Тексерген: Муканов А.Х

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы, 2009ж



“Туризмология негіздері” пәні бойынша